Алматы қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXII сессиясының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 212 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 19 қаңтарда № 1708 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 50 шешiмiмен.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 15.09.2023 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен..
      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 21.02.2024 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысымен бекітілген Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы С. Канкуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады