БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 желтоқсандағы № 995 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12553 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әрбір полиция департаментінде ұсынымдық сипатта шешім шығаратын бір консультативтік-кеңесші орган құрылады.";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. консультативтік-кеңесші органның жұмыс органы полиция департаментінің уәкілетті бөлімшесі болып табылады.
11. Консультативтік-кеңесші органның бірінші құрамы азаматтық қоғам және полиция департаменттері басшылары ұсынған кандидаттар қатарынан жұмыс органы болып құралады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Консультативтік-кеңесші органның құрам саны тоғыз адамнан аспайды, полиция департаментінің басшылары бекітеді.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Консультативтік-кеңесші органның жылдық жұмыс жоспары оның мүшелерінің, жұмыс органының ұсыныстары бойынша қалыптыстырылады және полиция департаментінің басшыларымен келісіледі.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Консультативтік-кеңесші органның кезектен тыс отырысы төрағаның шешімі бойынша, полиция департаменті басшыларының ұсынысы бойынша немесе консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша өткізілуі мүмкін.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Төраға Полиция департаменті басшыларының келісімі бойынша кезектен тыс отырыстың жұмыс тәртібін анықтайды және оның күнін тағайындайды.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Полиция департаментінің басшысы не оның орынбасарлары консультативтік-кеңесші органның кез келген отырыстарына қатысады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Хаттамаға төраға және полиция департаментінің басшысы қол қояды. Отырыста төраға болмаған жағдайда, хаттамаға отырысқа төрағалық етуші қол қояды.";
45-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45-2. Қараудың мәні ресми мінез-құлыққа, іскери әдепке, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексінде көзделген қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына, сондай-ақ қоғамдық резонансқа әкеп соқтырған, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланған әдеп нормаларын бұзуға қатысты әдеп нормаларын бұзу болуы мүмкін.";
51, 52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің өкілеттігін тоқтатқан жағдайда төраға консультативтік-кеңесші органның жаңа мүшесінің кандидатурасын бекіту туралы шешім қабылдауға өтінішпен полиция департаментінің басшысына жүгінеді.
52. Жаңа мүшенің кандидатурасы консультативтік-кеңесші органы мүшелерінің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың, полиция департаменті басшылығының ұсыныстары бойынша отырыстарда қаралады.
53. Жаңа мүшенің кандидатурасын енгізу туралы шешім, егер оған отырысқа қатысқан консультативтік-кеңесші орган мүшелердің жартысынан көбі дауыс берсе қабылданған деп саналады. Сайланған мүшесін полиция департаментінің басшысы бекітеді.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Консультативтік-кеңесші орган жыл сайын 25 желтоқсанынан кешіктірмей полиция департаментінің басшысы атына өз қызметінің қорытындылары, ішкі істер органдарындағы пен құқықтық тәртіпті, тәртіпті күшейту, олардың беделін және абыройын арттыру, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасуының жай-күйі туралы баяндама ұсынады.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |