Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 11-66 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 сәуірде № 34244 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 1-тармағының үшінші бөліміне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің 21-тармағының 82) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Кадр жұмысы, жауынгерлік және арнаулы даярлық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің интернет-ресурсында орналастыруын.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы
С. Исабеков

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет
қызметінің Бастығы
2024 жылғы 9 сәуірдегі
№ 11-66 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабының 1-тармағының үшінші бөліміне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің 21-тармағының 82) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (бұдан әрі – МКҚ) қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету тәртібін анықтайды.

      Осы Қағидалардың қолданысы мыналарға таралады:

      1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында МКҚ-да қызметтің жалпы ұзақтығына қарамастан басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдар мен бітімгершілік операциялардың қатысушыларын;

      қызметте болудың шекті жасына жеткен, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқартылуына байланысты қызметтен шығарылған, жалпы қызмет ұзақтығы жиырма бес және одан көп жылдары бар адамдарға;

      жалпы қызмет ұзақтығына қарамастан терроризмге қарсы операцияларға қатысушыларына.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) құрмет эскорты – МКҚ қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету үшін тағайындалған қызметкерлер командасы;

      2) құрмет қарауылы – қаралы іс-шараға шығарылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына құрмет көрсету және МКҚ қызметкерлерін жерлеу кезінде салютті ату үшін тағайындалған қызметкерлер тобы;

      3) ту ұстаушы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын немесе МКҚ туын қаралы іс-шара өткізу орнына шығаруға тағайындалған қызметкер.

      3. Мынадай жағдайларда құрмет көрсетілмейді:

      1) егер қаза тапқан (қайтыс болған) адам құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасаған кезде қаза тапса (қайтыс болса);

      2) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның жолдасының (әйелінің), туыстарының немесе заңды өкілінің қалауы бойынша оны жерлеу құрмет көрсету рәсімін өткізбей-ақ жүзеге асырылады.

2-тарау. Құрмет көрсетуді ұйымдастыру

      4. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген адамдарға құрмет көрсетуді ұйымдастыру, МКҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, әскери бөлімдердің командирлеріне жүктеледі.

      5. МКҚ Бастығының немесе уәкілетті лауазымды адамның бұйрығымен құрмет көрсету үшін құрмет эскорты тағайындалады, олар мынадан тұрады:

      1) құрмет қарауылынан;

      2) мәйітті шығару және оны қабірге (мәйіті бар табытты) түсіруге арналған топтан;

      3) қаза тапқанның (қайтыс болғанның) ордендері мен медальдарын бар болса, алып жүруге тағайындалған.

      Қажет болған жағдайда құрмет қарауыл құрамынан жұп сақшылары мен чехолсыз және қаралы лентасы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын немесе МКҚ туын ұстаушылар қойылады.

      Бұйрықта құрмет эскортының құрамы, арнаулы киім нысаны, қару-жарағы мен құрмет эскортының басшысы, сондай-ақ көлік құралдары (қажеттілік болса) көрсетіледі.

      Құрмет эскортының арнаулы киім нысаны – салтанатты. Жылдың суық мезгілінде күнделікті-далалық киім нысанын киюге рұқсат етіледі.

      6. Салютті ату үшін құрмет қарауылына бос патрондар беріледі, оларды алу және есептен шығару қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Құрмет эскорты жерлеу кезінде сәлемдесуді орындамайды.

      8. Қайтыс болған адамның мәйітін (мәйіті бар табытты) тасымалдау үшін қажеттілік болса автомобильдік көлік бөлінеді.

      9. Қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың ордендері мен медальдарын алып жүру үшін ордені немесе медальдары бар әрбір жастықшаға бір адамнан тағайындалады.

      Қаза тапқанның (қайтыс болғанның) ордендері мен медальдары периметрі бойынша алтын жиекпен көмкерілген өлшемі 15х15 сантиметр болатын қызыл (қызылкүрең) түсті мата жастықшаға қыстырылады.

      Әрбір орден бөлек жастықшаға бекітіледі. Медальдар бірнешеден бір жастықшаға қыстырылуы мүмкін.

      Қаза болған (қайтыс болған) адамды арнаулы киім нысанында жерлеу туралы шешім қабылданған жағдайда, қабір қақпағында бас киім (фуражка) бекітіледі.

      10. Қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерді басқа жергілікті мекенде жерлеу кезінде, МКҚ бастығының орынбасарының санкциясымен қайтыс болған адамның мәйітін (мәйіті бар табытты) жерлеу орнына дейін еріп жүру және жерлеу үшін қызметкерлерге қатысуға жол беріледі.

      11. Қайтыс болған адамның мәйітіне (мәйіті бар табытқа) құрмет қарауылын қою уақытын құрмет эскортының басшысы анықтайды.

      12. Қажеттілік болса құрмет қарауылы өз құрамынан екі сақшы жұбын қояды. Бір сақшы жұбы мәйіттің (мәйіті бар табыттың) бас жағында, одан екі қадам жерде екі жағынан тұрады, екінші жұп – қайтыс болған адамның аяқ жағына тұрады. Сақшылардың әрбір жұбы басқа жұптарға бетімен тұрады және сапты тұрысты қабылдайды.

      Сақшылар сол жақ жеңінде қаралы белгі шүберекті тағады.

      13. Мәйітті (мәйіті бар табытты) шығару орнына келісімен құрмет эскорты мәйіт (мәйіті бар табыт) шығарылатын есікке алдымен қаратылып сапқа тұрғызылады.

      14. Мәйітті (мәйіті бар табытты) ғимараттан шығару кезінде, құрмет эскорты мынадай тәртіпте қозғалады: алдында қайтыс болған адамның портретімен қызметкер жүреді, одан кейін үш-бес қадам қашықтықта бірінің артынан бірі – қайтыс болған адамның ордендері мен медальдарын наградаларының үлкендігіне байланысты ұстап жүретін қызметкерлер, олардан кейін тура сондай қашықтықта – гүлдесте ұстаған (қажет болса) қызметкерлер жүреді.

      15. Қайтыс болған адамның мәйітін (мәйіті бар табытты) шығару кезінде құрмет эскортының бастығы сапта өз орнын қалдырмай мынадай команда береді: "Тік тұр", бұл ретте оң қолын бас киімге қояды. Сапта тұрған барлық қызметкерлер, мәйіт (мәйіті бар табыт) жаққа басын бұрады.

      Саптан тыс тұрған қызметкерлер мәйітті (мәйіті бар табытты) шығару кезінде саптық тұрысты қабылдайды және оқ қолын бас киімге қояды.

      16. Мәйітті (мәйіті бар табытты) жерлеу орнына жаяу тасымалдау кезінде жұп сақшылары мәйіттің (мәйіті бар табыттың) екі жағынан жүріп отырады.

      Мәйітті (мәйіті бар табытты) жерлеу орнына автомобиль көлігінде тасымалдау кезінде, жұп сақшылары мәйітті (мәйіті бар табытты) сол немесе артынан келе жатқан автомобиль көлігінде еріп жүреді.

      17. Жерлеуге келген қызметкерлер бір немесе екі сапқа мәйіт (мәйіті бар табыт) орнында және өлікті құрметтеп жерлеу салты болатын жолдың екі жағына тұрғызылады.

      18. Жерлеу орнына келісімен қызметкерлер гүлдестемен, ордендермен және медальдармен, сондай-ақ жұп сақшылары қабір жанында тұрады.

      19. Қайтыс болған адамның мәйітін (мәйіті бар табытты) қабірге түсірер алдында қаралы митинг өткізіледі.

      Мәйітті (мәйіті бар табытты) түсіру кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы немесе МКҚ туы төмен түсіріледі. Құрмет қарауыл құрамынан тағайындалған қызметкерлер үш рет дүркіндетіп салют атады.

      Сақшылар жерлеу салты аяқталысымен алынады.

      20. Қайтыс болған адамның мәйітін өртеген жағдайда құрмет эскорты крематория алдына, сапқа жерлеу салты қозғалысының бағытына параллель тұрғызылады.

      Қаза болғанның мәйітін (мәйіті бар табытын) өртеу үшін түсіру кезінде құрмет эскорты басшысының сигналдары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен МКҚ туы түсіріледі және үш рет дүркіндетіп салют атылады.

      21. Жерлеу кезінде құрмет көрсету рәсімі әрбір жағдайда туыстарының немесе қаза болған (қайтыс болған) адамның жерлеуін ұйымдастыратын адамдардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады