ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау қағидаларында, сондай-ақ көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында Медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарында:
5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында Медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған көрсетілетін қызметті алушылар "орта, техникалық және кәсіптік туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрықтарына сәйкес білімі және (немесе) біліктілігі танылған жағдайда сертификаттауға жіберіледі, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) және "білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) (бұдан әрі - тану қағидалары).";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті алушы сертификаттаудан өту және қолданыстағы маман сертификатын растау үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.
Медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы осы қағиданың 2-қосымшасына сәйкес "Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттар мен мәліметтерді ұсынады (бұдан әрі – № 1тізбе).
Фармацевтикалық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы осы қағиданың 3-қосымшасына сәйкес "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттар мен мәліметтерді ұсынады (бұдан әрі – № 2 тізбе).
Осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттары көрсетілген бұйрықпен 2, 3, 6 және 8-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері. |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкімет" веб-порталы (www. egov.kz, www. eli cens e. kz). |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні. |
4 | Көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты (бұдан әрі - маман сертификаты) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушының маман сертификатын (алғаш рет мәлімделген мамандыққа немесе мамандандыруға) алу үшін мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. |
"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкімет" веб – порталы (www. egov. kz, www. elicense. kz) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Маман сертификатын алу үшін фармацевтикалық білімі бар жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті не резиденті емес) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мынадай құжаттар мен мен мәліметтерді ұсынады: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлкеттік қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. |
"Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "электрондық үкімет" веб-порталы (www. egov. kz, www. elicense. kz) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші –демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Шетелдік маман сертификатын алу үшін медициналық білімі бар жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті емес) (алғаш рет мәлімделетін мамандыққа немесе мамандандыруға) медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. |
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері | "электрондық үкімет" (ww. egov. kz, www. eli cens e. kz) веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Маман сертификаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Сертификатты бастапқы беру үшін: |
9 | Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov. egov. kz. интернет-ресурсында орналастырылған. |