"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 114 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 мамырда № 34418 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9305 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қызметкерлерінің жүзеге асырылатын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректерінің тізбесін осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 21 мамырдағы
№ 317 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 12 наурыздағы
№ 114 бұйрығымен
бекітілген

Жүзеге асыратын міндеттерді орындауы үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

Р/с №

Міндеттер, оның ішінде функциялар, өкілеттіктер, міндеттемелердің атауы

Жүзеге асырылатын міндет шеңберінде жинау және өңдеу мақсаттары

Белгілі бір мақсат үшін дербес деректердің атауы

Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге тікелей нұсқаулары бар құжаттарды немесе нормативтік құқықтық актілерді көрсету

1

2

3

4

5

1

Бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық ақпаратты дайындау; мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау және ұсыну

"Е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің "Қаржы және бюджеттік есептілікті жинау және шоғырландыру" кіші жүйесі (бұдан әрі – "е-Қаржымині" ИААЖ) арқылы республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржылық жағдайы, қаржы қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайының өзгерістері туралы толық және анық ақпаратты қамтамасыз ету мақсатында шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есептілікті қалыптастыру

Пайдаланушының логині

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі), "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелді), "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелді)

2

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджет шығыстарын жоспарлау; республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру

Пайдаланушыны тіркеу және авторизациялау, бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, мемлекеттік органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған шығыстары бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджетін нақтылау, түзету мақсатында мемлекеттік жоспарлаудың (бюджеттік жоспарлаудың) ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АЖ) құжаттарға қол қою

Пайдаланушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН); тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә. (бар болса)); телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) мәліметтері

Бюджет кодексі, "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелді)

3

Бюджеттік мониторингті жүзеге асыру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепті қалыптастыру, бюджет қаражатын пайдалану бойынша мониторинг рәсімдерін жүйелеу;
төлемдер мен төленген міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын салыстыру арқылы бюджет қаражатын игеруді талдау;
төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес төлемдердің уақтылы жүргізілмеуінің және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес міндеттемелердің уақтылы қабылданбауының себептерін анықтау

Т.А.Ә. (бар болса), "е-Қаржымині" ИААЖ пайдаланушының логині

"Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелді)

"Мемлекеттік органдардың бухгалтерлік операциялары деректерінің бірыңғай қоймасы" АЖ-ны және "Онлайн бюджеттік мониторинг" АЖ-ны пайдалана отырып, бюджеттік процесті оның барлық кезеңдерінде (жоспарлау, сатып алу, орындау және аудит) қадағалау арқылы мемлекеттік шығыстардың тиімділігіне бақылауды күшейту мақсатында бюджеттік мониторингті онлайн режимінде жүргізу

Қызметкердің табель нөмірі; ЖСН; Т.А.Ә. (бар болса); лауазымы; жұмысқа қабылданған күні; жұмыстан босатылған күні (бар болса); қызметкердің санаты; мәртебелері: зейнеткер, мүгедектігі бар адам; штатта болуы; жалақы бойынша деректер

"Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығы

4

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру

ЭЦҚ көмегімен электрондық форматта құжаттарға қол қою кезінде деректерді толтыру және "е-Қаржымині" ИААЖ-ның "Бухгалтерлік есеп" кіші жүйесі арқылы "Қазынашылық-клиент" АЖ-ке жіберу үшін төлем шоттарын қалыптастыру

Т.А.Ә. (бар болса); ЖСН; электрондық пошта мекенжайы; банк деректемелері; мекенжай деректері

"Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Бухгалтерлiк есеп туралы заң), "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелді)

5

Республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру; міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және "е-Қаржымині" ИААЖ арқылы бюджеттің шығыс бөлігін орындау мақсатында оларға өзгерістер енгізу

Пайдаланушының логині

"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелді) (бұдан әрі – № 540 бұйрық)

6

Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметтен өтуді қамтамасыз ету

Есептерді қалыптастыру және жалақы есептеу мүмкіндігін беретін қызметкерлердің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің персоналды басқару, оның ішінде кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, кадр мәселелері жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттік органда еңбек заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету

Т.А.Ә. (бар болса); ЖСН; тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мәліметтер; туған күні, туған жері; ұлты; жынысы; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың атауы; нөмірі; берілген күні; қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган); азаматтығы туралы деректер: азаматтығы (бұрынғы азаматтығы); Қазақстан Республикасының азаматтығын алу күні, негіздері; Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу күні мен негіздері; Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру күні мен негіздері; тіркелген (тіркелген) мекенжайы және нақты тұратын жерінің мекенжайы; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; портреттік мекенжайы ашық көздерден алынғандарды қоспағанда, сурет (цифрланған фотосурет); білімі, біліктілігі және арнайы білімі немесе арнайы даярлығы туралы мәліметтер, оның ішінде оқу орнына түскен күні (оқу орнынан шығарылған), дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім беру мекемесін бітіргені туралы басқа құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, білім беру мекемесінің атауы мен орналасқан жері; факультет немесе бөлімше; біліктілігі және білім беру мекемесін бітіргеннен кейін мамандығы; ғылыми дәрежесі; ғылыми атағы; арнайы тексеру нәтижелері; соттылығының болуы (болмауы) туралы мәліметтер; отбасы жағдайы туралы мәліметтер: некедегі жай-күйі; неке қию туралы куәліктің деректері; некені бұзу туралы куәліктің деректері; жұбайының Т.А.Ә. (бар болса); жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері; туыстық дәрежесі; басқа отбасы мүшелерінің, асырауындағы адамдардың Т.А.Ә. (ол болған кезде) және туған күні; балаларының (оның ішінде асырап алынғандардың, қарамағындағы) болуы және олардың жасы; баланың туу туралы куәлігінің деректері; жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәліктің деректері; әлеуметтік жеңілдіктер мен әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер, оның ішінде құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні және жеңілдіктер мен мәртебе беру үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы; мүгедектіктің себебі, мүгедектік тобы; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамға жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлік; Арал өңіріндегі экологиялық зілзаланың салдарынан зардап шеккен адамға жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлік; медициналық қорытындылар туралы мәліметтер; тәртіптік/әкімшілік жаза қолдану туралы (оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін), мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салу туралы, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер; бағалау нәтижелері туралы мәліметтер; әскери міндеттілерді және әскери қызметке шақырылуға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер, оның ішінде сериясы, нөмірі, берілген күні әскери билетті берген органның атауы; әскери-есептік мамандығы; әскери атағы; есептен қабылдау/шығару туралы деректер; әскери қызметтен босату негізі; банктік деректемелер; еңбек қызметі туралы мәліметтер; атқарушылық құжаттардың болуы; пайдаланушының ЭЦҚ мәліметтері

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, "Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелді), "Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 15 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14456 болып тіркелді)

7

Мемлекеттік органның қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету

Пайдаланушыны сотта белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіру үшін "е-Қаржымині" ИААЖ "Заңмен қамтамасыз ету" кіші жүйесінде тіркеу

ЖСН; Т.А.Ә. (бар болса); жынысы; туған күні

"Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органының заң қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысы

8

Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыш пен мемлекет алдындағы борышты басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету мониторингі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелері бойынша төлемдерді жүргізу және есепке алу; бюджеттік кредиттеу нәтижесінде туындайтын үкіметтік талаптар бойынша борыштық міндеттемелерді есепке алуды қамтамасыз ету

"е-Қаржымині" ИААЖ "Мемлекеттік қарыз алу және кредиттеу бөлігінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы" кіші жүйесінде пайдаланушыны сәйкестендіру және аутентификациялау

ЖСН; Т.А.Ә. (бар болса)

Бюджет кодексі

9

Кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру

"АСТАНА-1" АЖ-да мынадай құжаттарды қалыптастыра отырып, кедендік операцияларды жасау процестерін оңтайландыру және автоматтандыру:
1) алдын ала ақпарат (әкелінетін тауарлар туралы алдын ала хабардар ету мақсатында),
2) транзиттік декларация,
3) тауарларды сақтау құжаты,
4) тауарларға декларация берілгенге дейін шығару туралы өтініш,
5) тауарларға арналған декларация,
6) кедендік құн декларациясы,
7) кедендік тексеріп қарау/қарап тексеру актісі,
8) қамтамасыз ету мөлшерін есептеу нысаны,
9) жолаушылар кедендік декларациясы,
10) көлік құралына арналған кедендік декларация,
11) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының дербес шоттары,
12) тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру үшін тауарларға арналған декларация,
13) экспресс-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясы,
14) тауарлардың ЕАЭО (бұдан әрі – ЕАЭО) шегінен тыс жерлерге кетуін растау үшін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерлерге іс жүзінде кетуі туралы растау

Т.А.Ә. (бар болса); дара кәсіпкердің атауы (бұдан әрі – ДК); туған күні; ЖСН; бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) ДК; тұрғылықты жерінің мекенжайы; ДК заңды мекенжайы; жеке басты куәландыратын құжаттың деректері

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кеден кодексі), "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Ратификациялау туралы заң)

10

Салықтық әкімшілендірудің бизнес-процестерін жаңғыртуды және реинжинирингті жүзеге асыру

Салық есептілігі нысандарын (бұдан әрі – СЕН) қабылдау және өңдеу процесін автоматтандыру, есептеулер тізілімін қалыптастыру, қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі ( бұдан әрі – ҚҚС), "Салық есептілігін өңдеу сервистері" АЖ арқылы ҚҚС өтелуін бақылау

Т.А.Ә. (бар болса); ДК атауы; ЖСН; ДК БСН; тіркеу есебінің мәліметтері; ҚҚС бойынша мәліметтер; ұсынылған ҚҚС және салықтық өтініштер туралы мәліметтер; кеден одағы бойынша есептілік (СЕН 328.00); жазылған ілеспе жүкқұжаттар бойынша мәліметтер

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі)

СЕН ұсыну процесін автоматтандыру, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің дерекқорына қол жеткізуді ұсыну, "Салық төлеуші кабинеті" Web-қосымша" АЖ арқылы электрондық салық қызметтерін ұсыну

Т.А.Ә. (бар болса); ДК атауы; ЖСН; ДК БСН; тіркеу есебінің мәліметтері; электрондық пошта мекенжайы; ҚҚС бойынша мәліметтер; ұсынылған СЕН; салықтық өтініштер және жазылған ілеспе жүкқұжаттар туралы мәліметтер

Нысандар мен әдістерді жетілдіру, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнаманың сақталуын бақылауды автоматтандыру
"Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі" АЖ және "Интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйе" АЖ арқылы салық төлеушілерді, бақылау-кассалық машиналарды тіркеу

Т.А.Ә. (бар болса); туған күні; ЖСН; ДК БСН; салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН); тұрғылықты жерінің мекенжайы; ДК заңды мекенжайы; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері; жынысы; ұлты; туған жері; туған күні; азаматтығы, оның ішінде азаматтығы (бұрынғы Қазақстан Республикасының азаматтығында қалпына келтіру күні; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; ДК тіркеу (тіркеуден шығару) күні; қызмет түрі; салық төлеушінің тіркеу есебі жөніндегі салық органының коды; банктік шот; фискалдық деректер операторы

Салық кодексі, "Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 975 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығы

11

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың экспорттық-импорттық операцияларын жүзеге асыру үшін "Экспорттық-импорттық операциялар жөніндегі бірыңғай терезе" АЖ порталы арқылы бірыңғай кіру нүктесін қамтамасыз ету, кеден саласындағы экспорттық-импорттық операцияларды және мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру кезінде рұқсат құжаттарын беруге байланысты процестерді оңтайландыру және автоматтандыру, мысалы: сертификаттар мен растау туралы декларациялар беру тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының үлгілерін әкелуге арналған қорытындылар, балалар тағамы өнімдерін және өнімдер мен заттардың басқа да жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің белгілі бір түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге арналған рұқсаттар, мемлекеттік бақылау актілері, қауіпсіздік туралы куәліктер мен мақұлдаулар; әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша тауарды жіктеу туралы, тауардың шығу тегі туралы алдын ала шешімдер беру; кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттердің, кеден дела саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның және уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу; заңды тұлғаларды кедендік тізілімдерге енгізу

Т.А.Ә. (бар болса); туған күні; ЖСН; ДК БСН; тұрғылықты жерінің мекенжайы; ДК заңды мекенжайы; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы

Кеден кодексі, Ратификациялау туралы заңы, "Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" ұлттық механизмі эталондық моделінің сипаттамасы туралы" Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 6 шешімі

12

ЕАЭО бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу

"Электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйе" АЖ (бұдан әрі –ЭШФ АЖ) және шот-фактуралардың құжат айналымына байланысты операцияларды автоматтандыру арқылы электрондық шот-фактураларды жіберу және алу бөлігінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер мен сатып алушылар арасындағы өзара іс-қимыл процесін автоматтандыру

Т.А.Ә. (бар болса); ДК атауы; ЖСН; ДК БСН; тіркеу есебінің мәліметтері; ҚҚС сомасы туралы мәліметтер; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері; тұруға ықтиярхаттың нөмірі; телефон нөмірі; биометриялық сәйкестендірудің деректері

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығы, Салық кодексі, "Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 589 қаулысы, "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелді), "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы - Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32132 болып тіркелді)

13

Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымына, сапасына және мұнай өнімдері мен биоотын айналымы саласында мемлекеттік реттеу саясатын іске асыру және мемлекеттік бақылауды іске асыру

"Акцизделетін өнімнің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау" АЖ-да акцизделетін өнімнің кейбір түрлерін өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру арқылы акцизделетін өнімнің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау

СТН; ЖСН; ДК БСН;
ДК атауы;
ДК заңды мекенжайы;
салық төлеушіні тіркеу есебі бойынша салық органының коды

"Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10584 болып тіркелді), "Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12615 болып тіркелді)

14

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету,
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы хабардар ету

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметі туралы азаматтарды хабардар ету, телеконференцияларға қатысу мүмкіндігін беру, ақпараттық таратулар алу, өзге де мемлекеттік қызметтер мен қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Web-порталы" АЖ-да салық төлеуші және оның салық міндеттемелері, алдағы төлемдер туралы мәліметтерді жинау, салық төлеушіні, салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті іздеуді

Т.А.Ә. (бар болса); ЖСН; ДК БСН; СТН

Салық кодексі

15

Қазақстан Республикасының салық саясатын және кеден саласындағы саясатын іске асыру,
Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету

Салық төлеушілердің жеке шоттарын жүргізу, есептеулерді есепке алу және есептік нысандарын алу, төлемдерді қабылдау және өңдеу, өтініштер, есепке жатқызуға арналған өкімдер, аналитикалық АЖ үшін жинақталған деректерді құрылымдау және ұсыну; "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар" АЖ арқылы басқа мемлекеттік органдардың АЖ-мен және электрондық үкіметтің компоненттерімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау қоса алғанда

Т.А.Ә. (бар болса); ЖСН; ДК БСН; СТН; төленген салық сомалары туралы ақпарат; салық төлеушінің тіркеу есебі бойынша салық органының коды

Салық кодексі

"Интеграцияланған деректер базасы" АЖ және "Бірыңғай деректер қоймасы" АЖ (бұдан әрі – БДҚ АЖ) арқылы келесі процестерді автоматтандыру:
1) деректердің тарихилығын сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің жедел АЖ және уәкілетті мемлекеттік органдардың АЖ ақпаратын жинау, сақтау;
2) шешімдерді одан әрі талдау, болжау және қабылдауды қолдау мақсатында талдамалық АЖ үшін жинақталған деректерді құрылымдау және ұсыну;
3) ЕХД АЖ деректерін тұтынушылар болып табылатын АЖ үшін деректерді жариялау;
4) камералдық бақылау жүргізу;
5) хабарламалар беру;
6) талдамалық есептілікті қалыптастыру

Т.А.Ә. (бар болса); ЖСН; ДК БСН; СТН; салық төлеушінің тіркеу есебі бойынша салық органының коды

Салық кодексі

16

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу

Бұзушылықтарды анықтау мақсатында "Тәуекелдерді басқару жүйесі" АЖ-да салық операцияларын жасау процестерін оңтайландыру және автоматтандыру

Т.А.Ә. (бар болса); ЖСН; ДК БСН; СТН; салық төлеушінің тіркеу есебі бойынша салық органының коды; салықтардың төленген сомалары бойынша ақпарат

Салық кодексі

17

Кедендік әкімшілендіруді және кедендік бақылауды жүзеге асыру;
кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жетілдіру, ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуді жеңілдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау

Тауарларды алдын ала ақпараттандырумен, кедендік шекара арқылы өткізумен, тауарларды кедендік рәсімдерге орналастырумен, тауарларды шығарумен және кедендік бақылауды, оның ішінде тауарларды шығарғаннан кейінгі бақылауды, жүргізумен байланысты "Деректердің интеграцияланған қоймасы" АЖ, "Тәуекелдерді басқаруды бақылау жүйесі" АЖ, "Кедендік автоматтандырылған және ақпараттық жүйе" АЖ арқылы кедендік операцияларын жасау процестерін оңтайландыру және автоматтандыру

Т.А.Ә. (бар болса); туған күні; ИИН; тұрғылықты жері мекенжай; ДК заңды мекенжайы; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

Кеден кодексі, Ратификациялау туралы заң

18

Республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқықтарын іске асыру, жекешелендіру саласында басшылықты жүзеге асыру, оның ішінде бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруды жүзеге асыру, мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат беру

Мемлекеттік мүлік тізілімінің техникалық және бағдарламалық құралдарының жұмыс істеуі, жаңғыртылуы және мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын сүйемелдеу; пайдаланушыларға мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, АЖ қолдана отырып, мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға электрондық қызметтер көрсету; есепке алуды жүзеге асыру және есепке алу объектілері бойынша мемлекеттік мүлік тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу; жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын электрондық нысанда пайдалана отырып, сауда-саттықты өткізуге байланысты операцияларға қызмет көрсету үшін ақша төлемдері мен аударымдары бойынша тұлғалар

Т.А.Ә. (бар болса); ЖСН; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері; мүліктің мекенжайы; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; туған күні; жалға алушының деректері; тұрғын үй; деректемелер, шарттың қолданылу мерзімі (нөмірі, күні), өтініш берушінің мекенжайы; құжаттың берілген күні; жалдау төлемі; кадастрлық нөмірі

"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы, "Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелді), "Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 207 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10801 болып тіркелді); "Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 267 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11054 болып тіркелді), "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелді), "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33748 болып тіркелді)

19

Бағалау қызметі саласындағы аудиторлық және кәсіптік ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру; ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, аудиторлық қызмет, бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік реттеуді іске асыру

Ұйымдардың жылдық қаржылық есептілігі мен аудиторлық есептерін жинау; бағалаушылардың, бағалау компаниялары мен бағалаушылар палаталарының тізілімін, бухгалтерлердің кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдары мен бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының тізімдерін, аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың тізімдерін жүргізу; қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарына сәйкестігін тексеру кезінде тәуекелдерді басқару

Т.А.Ә. (бар болса); ЖСН; мекенжай деректері; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы

Бухгалтерлiк есеп туралы заң, "Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1228 қаулысы, "Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге тапсыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26686 болып тіркелді), "Бағалаушылар палатасы және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпарат нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 488 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16905 болып тіркелді), "Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылардың тізілімдері нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16906 болып тіркелді), "Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 467 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15614 болып тіркелді); "Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну кезеңдiлiгiн, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14818 болып тіркелді); "Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларын, Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17579 болып тіркелді)

20

Сәйкестік аудитін, қаржылық есептілік аудитін, қаржылық бақылауды, камералдық бақылауды жүзеге асыру

Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеуді жүргізу, аудиторлық іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша шешім қабылдау және құжаттар жасау; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қаржылық бақылау шеңберінде құзыреті шегінде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) есепке алу бойынша көрсету, нұсқамалардың орындалуы және кінәлі адамдарды жауапқа тарту, жүзеге асыру жолымен анықталған бұзушылықтар сомасы бюджетке өтеуді, қалпына келтіруді қамтамасыз ету; камералдық бақылау шеңберінде мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша мәліметтерді салыстыруды жүзеге асыру

Т.А.Ә. (бар болса); ЖСН; туған күні; қайтыс болған күні; туған жері туралы мәліметтер: ел, өңір, облыс/аудан; жынысы; ұлты; азаматтығы; тұлға мәртебесі; құжаттар туралы мәліметтер: туу туралы куәлік, қайтыс болу туралы куәлік, тұрғылықты жерінің мекенжайы туралы, жоғалған адамдар туралы мәліметтер азаматтарға жетекшілік ету; әрекет қабілеттілігі мәртебесі; кандас мәртебесі

"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 413 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16677 болып тіркелді), "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелді); "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелді)

21

Бюджетті атқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

Республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару, оларға кассалық қызмет көрсету үшін мемлекеттік ұйымдардың пайдаланушыларын "Қазынашылық-клиент" АЖ-да аутентификациялау және тіркеу

Т.А.Ә. (бар болса); ЖСН; логин; электрондық пошта мекенжайы

Бюджет кодексі, № 540 бұйрық

Мемлекеттік ұйымдардың төлемдерін жүргізу (зейнетақы жарналары бойынша, әлеуметтік аударымдар бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша және сақтандырудың жинақтаушы түрінің шарттары бойынша, жалақыны, стипендияларды және банкте ашылған ағымдағы немесе жинақ шоттарына басқа да ақшалай төлемдерді аудару)

Т.А.Ә. (бар болса); ЖСН;
жеке сәйкестендіру код; туған күні

22

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

Порталда шарт жасасу кезінде және порталда шартта пайдаланушының таңдауы үшін банктік деректемелер мен мекенжайларды алу және көрсету; порталда шартта көрсетілетін пайдаланушының байланыс телефонын пайдаланушымен шартта көрсетуі; "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған АЖ арқылы сатып алуға қатысушылардың тізілімін қалыптастыру

ДК БСН, ЖСК, телефон нөмірі, басшының ЖСН, электрондық пошта мекенжайы

"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелді)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады