"Мемлекеттік жалпыға қолжетімді кітапханалар қызметінің нәтижелері туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 270-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34639 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы Ережесінің 15-тармағының 314) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес "Мемлекеттік жалпыға қолжетімді кітапханалар қызметінің нәтижелері туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшлік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 270-НҚ Бұйрыққа
қосымша

  Әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысан

_____________________ 20__ жылғы есептік кезең бойынша Мемлекеттік жалпыға қолжетімді кітапханалар қызметінің нәтижелері туралы мәліметтер

      Ұсынылады: Кітапхана қызметі саласындағы уәкілетті органға.

      Нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.mam.gov.kz.

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: "_____________________ 20__ жылғы есептік кезең бойынша Мемлекеттік жалпыға қолжетімді кітапханалар қызметінің нәтижелері туралы мәліметтер".

      Нысанының индексі: МЖҚКҚНМ-1.

      Кезеңділік: жылдық, жылына бір рет.

      Есепті кезең: 20___ жыл.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Астана, Алматы және Шымкент қалаларының және облыстардың кітапхана қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұлттық кітапханалары мен мемлекеттік жалпыға қолжетімді кітапханалары.

      Ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 25 ақпанға қарай.

      кесте

_____________________ 20__ жылғы есептік кезең бойынша Мемлекеттік жалпыға қолжетімді кітапханалар қызметінің нәтижелері туралы мәліметтер

1. Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету және кітапхана қорын пайдалану


р/с

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

Барлығы

1

2

3

4

1

Оқырмандардың жалпы саны

адам


2

Кітапханаға және оқу залдарына бару

бару


3

Интернет-ресурсқа (порталға) кіру

жүгіну


4

Құжаттарды беру

дана


5

Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету

анықтама, консультациялар


6

Мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу

іс-шара


6.1

Мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу

адам


2. Құжаттардың түрлері мен типтері бойынша кітапхана қорының жай-күйі

Жол коды

Көрсеткіштердің атауы

Барлығы

Кітап

Электрондық басылымдар

Мерзімді

Басқа да әдебиеттер

Атауы

Дана

Газеттер

Журналдар

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

1

20____жылдың басында









оның ішінде:

х


х

х

х

х

х

1.1

қазақстандық басылымдар, оның ішінде








1.1.1

қазақ тілде








2

Жыл ішінде келіп түскені









оның ішінде:

х


х

х

х

х

х

2.1

қазақстандық басылымдар, оның ішінде








2.1.1

қазақ тілде








3

20____ жылдың соңында









оның ішінде:

х


х

х

х

х

х

3.1

қазақстандық басылымдар, оның ішінде








3.1.1

қазақ тілде








3. Кітапхана қорының сақталуын қамтамасыз ету және цифрлау

Жол коды

Көрсеткіштердің атауы

Барлығы

атауы

дана

А

Б

1

2

1

Құжаттарды қалпына келтіру (консервациялау, реставрациялау және түптеу)



2

Баспа басылымдарын цифрлау



2.1.

Оның ішінде: қазақстандық мазмұндағы басылымдарды цифрлау



      Атауы _____________________________ Мекенжайы ________________________

      ___________________________________

      ___________________________________

      Телефоны

      _____________________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы

      __________________________________________

      Орындаушы ___________________________________________

      _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________________

      _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны

      (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  "___________________________
20__ жылғы есептік кезең
бойынша
Мемлекеттік жалпыға
қолжетімді кітапханалар
қызметінің нәтижелері
туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"20__ жылғы есептік кезең бойынша Мемлекеттік жалпыға қолжетімді кітапханалар қызметініңнәтижелері туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі осы түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) "Мемлекеттік жалпыға қолжетімді кітапханалар қызметінің нәтижелері туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды Астана, Алматы және Шымкент қалаларының және облыстардың кітапхана қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұлттық кітапханалары мен мемлекеттік жалпыға қолжетімді кітапханалары толтырады және кітапхана қызметі саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      3. Нысан жыл сайын, есепті кезеңнен кейін, келесі жылдың 25 ақпанға дейін ұсынылады.

      4. Нысанға жауапты тұлға және кітапхана басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), сондай-ақ толтырылған күнін көрсете отырып қол қояды.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      "1. Кітапхана-ақпараттық қызмет көрсету және кітапхана қорын пайдалану" бөлімінде:

      1) 1-бағанда "№" нөмер реттік саны бойынша толтырылады;

      2) 2-бағанда көрсеткіштердің атауы көрсетіледі;

      3) 3-бағанда өлшем бірлігі көрсетіледі;

      4) 4-бағанда көрсеткіштердің саны көрсетіледі;

      5) "Оқырмандардың жалпы саны" деген жолдың 4-бағанында кітапханада тіркелген және оқырман билеті немесе сәйкестендіру нөмірі бар оқырмандардың жалпы саны көрсетіледі;

      6) "Кітапханаға және оқу залдарына бару" деген жолдың 4-бағанында кітапхананың есептік құжаттарында тіркелген кітапханаға және оқу залдарына нақты бару саны көрсетіледі;

      7) "Интернет-ресурсқа (порталға) кіру" деген жолдың 4-бағанында кітапханалардың интернет-ресурсына (порталына) бару саны көрсетіледі. Пайдаланушының кітапхананың ақпараттық ресурстарына жүгінуі кітапхананың интернет-ресурсына (порталына) бару болып табылады. Кітапхана сайтына бір жүгіну кітапхананың интернет-ресурсына (порталына) баруды есепке алу бірлігі болып табылады;

      8) "Құжаттарды беру" деген жолдың 4-бағанында кітапханалардың барлық қорларынан пайдаланушыларға сұраныс бойынша берілген әдебиеттер мен құжаттардың жалпы саны көрсетіледі;

      9) "Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету" деген жолдың 4-бағанында пайдаланушының сұранысы бойынша кітапханада, кітапхана сайтында, электрондық пошта, телефон және басқалар бойынша орындалған анықтамалар мен консультациялардың саны көрсетіледі;

      10) "Мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу" деген жолдың 4-бағанында кітапханада және кітапханадан тыс, сондай-ақ қашықтан өткізілетін іс-шаралар саны көрсетіледі;

      11) "Мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу" деген жолдың 4-бағанында кітапханада және кітапханадан тыс, сондай-ақ қашықтықтан өткізілетін іс-шараларға қатысқан адамдардың саны көрсетіледі.

      "2. Құжаттардың түрлері мен типтері бойынша кітапхана қорының жай-күйі" бөлімінде:

      2-бөлімде кітапхананың есепке алу құжаттарында тіркелген басылымдардың түрлері мен типтері бойынша кітапхана қорының жай-күйі туралы мәліметтер көрсетіледі. Кітапхана қорын есепке алу бірлігі болып басылымдардың атауы мен данасы, басылым түрлері бойынша – данасы болып табылады.

      1) А-бағанында жолдың коды толтырылады;

      2) Б-бағанында көрсеткіштердің атауы көрсетіледі;

      3) 1-бағанда құжаттардың атаулары көрсетіледі;

      4) 2-бағанда құжаттардың данасы көрсетіледі;

      5) 3-бағанда кітап басылымдары көрсетіледі;

      6) 4-бағанда электрондық басылымдар көрсетіледі;

      7) 5-бағанда газеттер көрсетіледі;

      8) 6-бағанда журналдар көрсетіледі;

      9) 7-бағанда басқа да әдебиеттер көрсетіледі;

      10) 1-жолдың 1-бағанында есепті жылдың басындағы кітапхана қорының атауы бойынша саны көрсетіледі;

      11) 1-жолдың 2-бағанында есепті жылдың басындағы кітапхана қорының данасы бойынша саны көрсетіледі;

      12) 1-жолдың 3-бағанында есепті жылдың басындағы кітап қорының саны көрсетіледі;

      13) 1-жолдың 4-бағанында есепті жылдың басындағы электрондық басылымдардың саны көрсетіледі;

      14) 1-жолдың 5-бағанында есепті жылдың басындағы газеттердің саны көрсетіледі;

      15) 1-жолдың 6-бағанында есепті жылдың басындағы журналдардың саны көрсетіледі;

      16) 1-жолдың 7-бағанында есепті жылдың басындағы басқа да әдебиеттердің саны көрсетіледі;

      17) 1.1-жолдың 1-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақстандық басылымдардың атауы бойынша саны көрсетіледі;

      18) 1.1-жолдың 2-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақстандық басылымдардың данасы бойынша саны көрсетіледі;

      19) 1.1-жолдың 3-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақстандық кітап басылымдарының саны көрсетіледі;

      20) 1.1-жолдың 4-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақстандық электрондық басылымдардың саны көрсетіледі;

      21) 1.1-жолдың 5-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақстандық газеттердің саны көрсетіледі;

      22) 1.1-жолдың 6-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақстандық журналдардың саны көрсетіледі;

      23) 1.1-жолдың 7-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақстандық басқа да әдебиеттердің саны көрсетіледі;

      24) 1.1.1-жолдың 1-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақ тілдегі қазақстандық басылымдардың атауы бойынша саны көрсетіледі;

      25) 1.1.1-жолдың 2-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақ тілдегі қазақстандық басылымдардың данасы бойынша саны көрсетіледі;

      26) 1.1.1-жолдың 3-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақ тілдегі қазақстандық кітап басылымдарыцның саны көрсетіледі;

      27) 1.1.1-жолдың 4-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақ тілдегі қазақстандық электрондық басылымдардың саны көрсетіледі;

      28) 1.1.1-жолдың 5-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақ тілдегі қазақстандық газеттердің саны көрсетіледі;

      29) 1.1.1-жолдың 6-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақ тілдегі қазақстандық журналдардың саны көрсетіледі;

      30) 1.1.1-жолдың 7-бағанында есепті жылдың басындағы жалпы қордағы қазақ тілдегі қазақстандық басқа да әдебиеттердің саны көрсетіледі;

      31) 2-жолдың 1-бағанында жыл ішінде кітапхана қорына келіп түскен құжаттардың атауы бойынша саны көрсетіледі;

      32) 2-жолдың 2-бағанында жыл ішінде кітапхана қорына келіп түскен құжаттардың данасы бойынша саны көрсетіледі;

      33) 2-жолдың 3-бағанында жыл ішінде кітапхана қорына келіп түскен кітап басылымдарының саны көрсетіледі;

      34) 2-жолдың 4-бағанында жыл ішінде кітапхана қорына келіп түскен электрондық басылымдардың саны көрсетіледі;

      35) 2-жолдың 5-бағанында жыл ішінде кітапхана қорына келіп түскен газеттердің саны көрсетіледі;

      36) 2-жолдың 6-бағанында жыл ішінде кітапхана қорына келіп түскен журналдардың саны көрсетіледі;

      37) 2-жолдың 7-бағанында жыл ішінде кітапхана қорына келіп түскен басқа да әдебиеттердің саны көрсетіледі;

      38) 2.1-жолдың 1-бағанында жыл ішінде келіп түскен қазақстандық басылымдардың атауы бойынша саны көрсетіледі;

      39) 2.1-жолдың 2-бағанында жыл ішінде келіп түскен қазақстандық басылымдардың данасы бойынша саны көрсетіледі;

      40) 2.1-жолдың 3-бағанында жыл ішінде келіп түскен қазақстандық кітап басылымдарының саны көрсетіледі;

      41) 2.1-жолдың 4-бағанында жыл ішінде келіп түскен қазақстандық электрондық басылымдардың саны көрсетіледі;

      42) 2.1-жолдың 5-бағанында жыл ішінде келіп түскен қазақстандық газеттердің саны көрсетіледі;

      43) 2.1-жолдың 6-бағанында жыл ішінде келіп түскен қазақстандық журналдардың саны көрсетіледі;

      44) 2.1-жолдың 7-бағанында жыл ішінде келіп түскен қазақстандық басқа да әдебиеттердің саны көрсетіледі;

      45) 2.1.1-жолдың 1-бағанында жыл ішінде келіп түскен қазақ тілдегі қазақстандық басылымдардың атауы бойынша саны көрсетіледі;

      46) 2.1.1-жолдың 2-бағанында бір жыл ішінде келіп түскен қазақ тілдегі қазақстандық басылымдардың данасы бойынша саны көрсетіледі;

      47) 2.1.1-жолдың 3-бағанында жыл ішінде келіп түскен қазақ тілдегі қазақстандық кітап басылымдарының саны көрсетіледі;

      48) 2.1.1-жолдың 4-бағанында жыл ішінде келіп түскен қазақ тілдегі қазақстандық электрондық басылымдардың саны көрсетіледі;

      49) 2.1.1-жолдың 5-бағанында жыл ішінде келіп түскен қазақ тілдегі қазақстандық газеттердің саны көрсетіледі;

      50) 2.1.1-жолдың 6-бағанында жыл ішінде келіп түскен қазақ тілдегі қазақстандық журналдардың саны көрсетіледі;

      51) 2.1.1-жолдың 7-бағанында жыл ішінде келіп түскен қазақ тілдегі қазақстандық басқа да әдебиеттердің саны көрсетіледі;

      52) 3-жолдың 1-бағанында есеп беру жылының соңындағы кітапхана қорының атауы бойынша саны көрсетіледі;

      53) 3-жолдың 2-бағанында есепті жылдың соңындағы кітапхана қорының данасы бойынша саны көрсетіледі;

      54) 3-жолдың 3-бағанында есепті жылдың соңындағы кітап басылымдарының саны көрсетіледі;

      55) 3-жолдың 4-бағанында есепті жылдың соңындағы электрондық басылымдардың саны көрсетіледі;

      56) 3-жолдың 5-бағанында есепті жылдың соңындағы газеттердің саны көрсетіледі;

      57) 3-жолдың 6-бағанында есепті жылдың соңындағы журналдардың саны көрсетіледі;

      58) 3-жолдың 7-бағанында есепті жылдың соңындағы басқа да әдебиеттер саны көрсетіледі;

      59) 3.1-жолдың 1-бағанында есепті жылдың соңындағы жалпы қордың ішіндегі қазақстандық басылымдарlың атауы бойынша саны көрсетіледі;

      60) 3.1-жолдың 2-бағанында есепті жылдың соңындағы жалпы қордың ішіндегі қазақстандық басылымдардың данасы бойынша саны көрсетіледі;

      61) 3.1-жолдың 3-бағанында есепті жылдың соңындағы жалпы қордың ішіндегі қазақстандық кітап басылымдарының саны көрсетіледі;

      62) 3.1-жолдың 4-бағанында есепті жылдың соңындағы жалпы қордың ішіндегі қазақстандық электрондық басылымдардың саны көрсетіледі;

      63) 3.1-жолдың 5-бағанында есепті жылдың соңындағы жалпы қордың ішіндегі қазақстандық газеттердің саны көрсетіледі;

      64) 3.1-жолдың 6-бағанында есепті жылдың соңындағы жалпы қордың ішіндегі қазақстандық журналдардың саны көрсетіледі;

      65) 3.1-жолдың 7-бағанында есепті жылдың соңындағы жалпы қордың ішіндегі қазақстандық басқа да әдебиеттердің саны көрсетіледі;

      66) 3.1.1-жолдың 1-бағанында есепті жылдың соңындағы қазақ тілдегі қазақстандық басылымдардың атауы бойынша саны көрсетіледі;

      67) 3.1.1-жолдың 2-бағанында есепті жылдың соңындағы қазақ тілдегі қазақстандық басылымдардың данасы бойынша саны көрсетіледі;

      68) 3.1.1-жолдың 3-бағанында есепті жылдың соңындағы қазақ тілдегі қазақстандық кітап басылымдарының саны көрсетіледі;

      69) 3.1.1-жолдың 4-бағанында есепті жылдың соңындағы қазақ тілдегі қазақстандық электрондық басылымдардың саны көрсетіледі;

      70) 3.1.1-жолдың 5-бағанында есепті жылдың соңындағы қазақ тілдегі қазақстандық газеттердің саны көрсетіледі;

      71) 3.1.1-жолдың 6-бағанында есепті жылдың соңындағы қазақ тілдегі қазақстандық журналдардың саны көрсетіледі;

      72) 3.1.1-жолдың 7-бағанында есепті жылдың соңындағы қазақ тілдегі қазақстандық басқа да әдебиеттердің саны көрсетіледі.

      "3. Кітапхана қорының сақталуын қамтамасыз ету және цифрлау" бөлімінде:

      3-бөлімде консервациядан және реставрациядан өткен қалпына келтірілген құжаттардың саны, сондай-ақ есепті кезеңде цифрланған және электрондық форматта сақталған құжаттардың саны көрсетіледі. Құжаттарды есепке алу бірлігі - атауы және данасы.

      1) А-бағанында жолдың коды толтырылады;

      2) Б-бағанында көрсеткіштердің атауы көрсетіледі;

      3) 1-бағанда құжаттардың атаулары көрсетіледі;

      4) 2-бағанда құжаттардың данасы көрсетіледі;

      5) 1-жолдың 1-бағанында қалпына келтірілген құжаттардың атауы бойынша саны (консервациялау, реставрациялау және түптеу) көрсетіледі;

      6) 1-жолдың 2-бағанында қалпына келтірілген құжаттардың данасы бойынша саны (консервациялау, реставрациялау және түптеу) көрсетіледі;

      7) 2-жолдың 1-бағанында цифрландырылған баспа басылымдарының атауы бойынша саны көрсетіледі;

      8) 2-жолдың 2-бағанында цифрландырылған баспа басылымдарының данасы бойынша саны көрсетіледі;

      9) 2.1-жолдың 1-бағанында қазақстандық мазмұндағы цифрландырылған басылымдардың атауы бойынша саны көрсетіледі;

      10) 2.1-жолдың 2-бағанында қазақстандық мазмұндағы цифрландырылған басылымдардың данасы бойынша саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады