Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 309-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 шілдеде № 34754 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 314) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік жастар саясаты саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жартыжылдық негізінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жылдық негізде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 15 шілдедегі
№ 309-НҚ Бұйрыққа
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылады

      Әкімшілік деректердің нысаны: www.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: "Жартыжылдық негізінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы мәліметтер"

      Нысанның индексі: 2-ЖС

      Кезеңділігі: жартыжылдық

      Есепті кезең: 20 _ _ жылғы жартыжылдық

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: құзыретіне мемлекеттік жастар саясатын іске асыру кіретін облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері.

      Әкімшілік деректердің нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын 1 шілдеге дейін және 1 қаңтарға дейін.

      кесте

Жартыжылдық негізінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы мәліметтер

Р/с №

Өңірдің атауы

"Zhas Project" жобасы шеңберінде жұмысқа орналастырылған жастардың саны, адам

Жастар ресурстық орталықтарында консультация алған жастардың саны, адам

1

2

3

4

1

Астана қ.



2

Алматы қ.



3

Шымкент қ.



4

Абай облысы



5

Ақмола облысы



6

Ақтөбе облысы



7

Алматы облысы



8

Атырау облысы



9

Шығыс Қазақстан облысы



10

Жамбыл облысы



11

Жетісу облысы



12

Батыс Қазақстан облысы



13

Қарағанды облысы



14

Қостанай облысы



15

Қызылорда облысы



16

Маңғыстау облысы



17

Павлодар облысы



18

Солтүстік Қазақстан облысы



19

Түркістан облысы



20

Ұлытау облысы



      Атауы _____________________________ Мекенжайы ___________________________

      ____________________________             ____________________________

      Телефоны ________________________________________________________________

      Электрондық поштасының мекенжайы ________________________________________

      Орындаушы __________________________________________ ___________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)       қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _____________________________________________________ ___________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)             қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      _____________________

  "Жартыжылдық негізінде
мемлекеттік жастар саясатын
іске асыру туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Жартыжылдық негізінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы мәліметтер" мемлекеттік жастар саясатындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсінік

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсінік "Жартыжылдық негізінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - есептің нысаны) толтырудың бірыңғай талаптарын айқындайды.

      2. Есептің нысаны мемлекеттік жастар саясаты саласындағы статистикаға мониторинг жүргізу мақсатында әзірленген.

      3. Есепті жергілікті атқарушы органдар бекітілген нысанға сәйкес береді.

      4. Есептің нысанына тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, мемлекеттік органның басшысы немесе оның міндеттерін атқарушы адам қол қояды.

      5. Есеп қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсінік

      6. "Жартыжылдық негізінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы мәліметтер" мемлекеттік жастар саясатындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның (бұдан әрі - Нысан) 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында Әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышына сәйкес өңірдің атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында адаммен алғанда "Zhas Project" жобасы шеңберінде жұмысқа орналастырылған жастардың саны көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында адаммен алғанда жастар ресурстық орталықтарында консультация алған жастардың саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 15 шілдедегі
№ 309-НҚ Бұйрыққа
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылады

      Әкімшілік деректердің нысаны: www.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: "Жылдық негізде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы мәліметтер"

      Нысанның индексі: 1-ЖС

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20 _ _ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: құзыретіне мемлекеттік жастар саясатын іске асыру кіретін облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері.

      Әкімшілік деректердің нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын 1 наурызға дейін.

      кесте

Жылдық негізде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы мәліметтер

Р/с №

Өңірдің атауы

Өңірлердегі Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамына кіретін жастардың жалпы саны, адам

Өңірлердегі Қоғамдық кеңестердің құрамына кіретін жастардың жалпы саны, адам

Ғылыммен, өнермен, спортпен және қоғамдық қызметпен айналысатын жастардың саны, адам

Волонтерлік қызметпен, қайырымдылық және экологиялық іс-шаралармен қамтылған жастардың саны, адам

Цифрлық сауаттылықты арттыру жөніндегі оқытудан өткен жастардың саны, адам

"Жасыл ел" бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастырылған жастардың саны, адам

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Астана қ.







2

Алматы қ.







3

Шымкент қ.







4

Абай облысы







5

Ақмола облысы







6

Ақтөбе облысы







7

Алматы облысы







8

Атырау облысы







9

Шығыс Қазақстан облысы







10

Жамбыл облысы







11

Жетісу облысы







12

Батыс Қазақстан облысы







13

Қарағанды облысы







14

Қостанай облысы







15

Қызылорда облысы







16

Маңғыстау облысы







17

Павлодар облысы







18

Солтүстік Қазақстан облысы







19

Түркістан облысы







20

Ұлытау облысы







      Атауы __________________________ Мекенжайы ______________________________

      _________________________________ ________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________________

      Электрондық поштасының мекенжайы _______________________________________

      Орындаушы ___________________________________________ ___________________

                        тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)       қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)             қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      _______________________

  "Жылдық негізде мемлекеттік
жастар саясатын іске асыру
туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Жылдық негізде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы мәліметтер" мемлекеттік жастар саясатында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсінік

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсінік "Жылдық негізде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - есептің нысаны) толтырудың бірыңғай талаптарын айқындайды.

      2. Есептің нысаны мемлекеттік жастар саясаты саласындағы статистикаға мониторинг жүргізу мақсатында әзірленген.

      3. Есепті жергілікті атқарушы органдар бекітілген нысанға сәйкес береді.

      4. Есептің нысанына тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, мемлекеттік органның басшысы немесе оның міндеттерін атқарушы адам қол қояды.

      5. Есеп қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсінік

      6. "Жылдық негізде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы мәліметтер" мемлекеттік жастар саясатындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанның (бұдан әрі - Нысан) 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес өңірдің атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында адаммен алғанда өңірлердегі Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамына кіретін жастардың жалпы саны көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында адаммен алғанда өңірлердегі Қоғамдық кеңестердің құрамдарына кіретін жастардың жалпы саны көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында адаммен алғанда ғылыммен, өнермен, спортпен және қоғамдық қызметпен айналысатын жастардың саны көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында адаммен алғанда волонтерлік қызметпен, қайырымдылық және экологиялық іс-шаралармен қамтылған жастардың саны көрсетіледі.

      12. Нысанның 7-бағанында адаммен алғанда цифрлық сауаттылықты арттыру жөніндегі оқытудан өткен жастардың саны көрсетіледі.

      13. Нысанның 8-бағанында адаммен алғанда "Жасыл ел" бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналастырылған жастардың саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады