"Жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 410 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 245 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 19 шілдедегі № 272 және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 365 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 24 шілдеде № 34800 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 410 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 245 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17065 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 212-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек
     
      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 23 шілдедегі
№ 365 мен
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
міндетін атқарушысының
2024 жылғы 19 шілдедегі
№ 272
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 30 мамырдағы
№ 410 және
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 мамырдағы
№ 245 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 212-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының шығыстарын шегерімге жатқызу тәртібіне қолданылмайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен алынған және кез келген ақпараттық тасығышта тіркелген жаңа білімдер немесе шешімдер, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ модельдер, макеттер, жаңа бұйымдардың, материалдардың және заттардың үлгілері;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      3) ғылыми-зерттеу жұмысы – бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс;

      4) ғылыми зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

      5) ғылыми қызмет – зерделенетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау мақсатында қоршаған болмысты зерделеуге және алынған білімді практикада пайдалануға бағытталған қызмет;

      6) ғылыми-техникалық қызмет – технологиялық, конструкторлық, экономикалық пен әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылымның, техниканың және өндірістің барлық саласында жаңа білім алуға және оны қолдануға, осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технологияның және өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;

      7) "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері - іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді өзара бірлесіп пайдалану, білім мен тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыруға арналған инновациялық кластер қатысушыларының бірлестігі;

      8) "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері қатысушысының жобасы - белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құруға бағытталған іс-шаралар кешені;

      9) Қордың коммерциялық емес ұйымы – құрылтайшысы Қор болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      10) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – өнімді жасау немесе жаңғырту кезінде орындалатын жұмыстар кешені, тәжірибелік үлгілерге арналған конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау;

      11) Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) – "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған ұлттық басқарушы холдинг;

      12) іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алу – Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы заңнамасына сәйкес ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық ресурсын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетінің серпінін мониторингілеу мақсатында ғылым саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын есепке алу.

      4. Жер қойнауын пайдаланушы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды өндіруге арналған лицензия қолданысының екінші жылынан бастап жыл сайын жүзеге асырады.

      Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Қорға тиесілі жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушыға ғылыми зерттеулерді қаржыландыру шеңберінде Қордың құрылтайшысы болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қор жанындағы коммерциялық емес ұйымға (бұдан әрі - Қор жанындағы Коммерциялық емес ұйым) ақша жібереді.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды өткен жылы жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жұмсаған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде жүзеге асырады.

      6. Жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша өндіруге жұмсаған шығыстардың бір пайызынан артатын мөлшерде ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі жер қойнауын пайдаланушының келесі жылы тиісті міндеттемелерді орындауы есебіне жатқызылады.

      7. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді есептеу мақсатында алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушы өндіруге жұмсаған шығындарды айқындау жер қойнауын пайдаланушылар Кодекстің 215-бабына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17063 болып тіркелген) бекітілген Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларына сәйкес пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ол бекітетін тәртіппен ұсынатын пайдалы қатты қазбалар саласындағы жер қойнауын пайдаланушы үшін лицензиялық-келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есептің деректері негізінде жүзеге асырылады.

      8. Тау-кен жұмыстарының жоспарын, жою жоспарын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу – Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға көзделген міндеттемелер шеңберінде ғылыми зерттеулерге жатпайды.

      9. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 412-бабы 1-тармағының 1), 8) тармақшаларына сәйкес шот-фактура жер қойнауын пайдаланушылардың осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында көзделген ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжат болып табылады.

      Жер қойнауын пайдаланушылардың осы Қағидалардың 10-тармағында және 11-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжат "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 59) тармақшасына сәйкес төлем тапсырмасы болып табылады.

      10. Өткен жылы жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жұмсаған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау шеңберінде есепті кезеңнің қорытындылары бойынша берешекті жіберуді мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын аудару немесе "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорына жер қойнауын пайдаланушыларды цифрландыру жобалары және ғылыми зерттеулер бағдарламалары мен пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның жанындағы Ғылыми-техникалық кеңеспен (бұдан әрі – ҒТК) келісілген жобаларды іске асыру жолдарымен жүзеге асырады.

2-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қатты қазбалар өндіру кезеңінде ғылыми зерттеуді қаржыландыру тәртібі

      11. Жер қойнауын пайдаланушының нақты шеккен шығыстары ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау деп танылады:

      1) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін әзірленген ҒТК басым салалық бағыттардың тізбесіне сәйкес ғылыми зерттеулерге бағытталған;

      2) пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның жанындағы ҒТК келісілген жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми зерттеулер жобалары мен бағдарламаларын және цифрландыру жобаларын іске асыру үшін "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорға жіберілген;

      3) "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының инновациялық кластерінің ҒЗТКЖ жобаларын қаржыландыру үшін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның жанындағы ҒТК келісілген жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми зерттеулері мен цифрландыру жобаларының жобалары мен бағдарламаларын іске асыру үшін дербес білім беру ұйымына жіберілген;

      4) Қор жанындағы Коммерциялық емес ұйымға ғылыми зерттеулерге жіберілген ақшалай қаражат.

      12. Жер қойнауын пайдаланушы тиісті көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүргізілгенге дейін жыл сайын 25 (жиырма бесінші) қазаннан кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша келесі есепті кезеңге қаржыландыруға жоспарланған ғылыми зерттеулер бағдарламасын ҒТК-ға келісуге жібереді.

      ҒТК ғылыми зерттеулер бағдарламасын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ҒТК әзірлеген ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған басым салалық бағыттар тізбесіне сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.

      13. ҒТҚ жер қойнауын пайдаланушыдан ғылыми зерттеулер бағдарламасын алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 11-тармағының екінші бөлігіне сәйкес келмейтін қаржыландыруға жоспарланған ғылыми зерттеулер бағдарламасын келіседі не пысықтауға жібереді.

      Ғылыми зерттеулер бағдарламасын пысықтауға жіберген кезде ҒТҚ ұсынымдар бар ҒТҚ отырысын өткізу хаттамасын қоса береді.

      14. Жер қойнауын пайдаланушы ҒТК ұсынымдарын алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ҒТК өткізген отырыстың хаттамасына қоса берілген ұсынымдарға сәйкес ғылыми зерттеулер бағдарламасын пысықтайды.

      ҒТК ұсынымдарымен келіспеген кезде жер қойнауын пайдаланушы ғылыми зерттеулер бағдарламасына ұсынымдарды қабылдамау туралы дәлелді негіздемені қоса береді.

      15. Жер қойнауын пайдаланушының тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын субъектілерді айқындауды жер қойнауын пайдаланушы "Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17064 болып тіркелген) сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қатарынан жүргізеді және ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын субъектілерді айқындау "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қатарынан Қордың Коммерциялық емес ұйымы жүргізеді.

      16. Жер қойнауын пайдаланушы ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық ресурсын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуеті динамикасының мониторингі мақсатында 15 (он бесінші) ақпаннан кешіктірмей ҒТК-ға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері туралы ақпарат береді.

      17. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын субъектілер ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық ресурсын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуеті динамикасының мониторингі және қаржыландырудың қайталануын болдырмау мақсатында осы Қағидалар шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке ұсынады.

      18. Жер қойнауын пайдаланушылар және Қордың коммерциялық емес ұйымы ғылыми зерттеу жүргізу жөніндегі қызметке мониторинг жүргізу мақсатында жыл сайын 1 (бірінші) қаңтардан кешіктірмей ҒТК-ға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептер ұсынады.

  Жер қойнауын
пайдаланушының
алдыңғы жылы өндіруге
арналған шығыстарының бір
пайызы мөлшерінде
ғылыми-зерттеу, ғылыми-
техникалық және (немесе)
тәжірибелік- конструкторлық
жұмыстарды қаржыландыру
қағидаларына
қосымша

Ұсынылады: пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/mps

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми зерттеулерінің _____жылға арналған бағдарламасы

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 1- ҒЗТКЖ-ПҚП

      Кезеңділік: жыл сайын

      Есепті кезең: 20 ______ жыл бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: 25 (жиырма бесінші) қазаннан кешіктірмей

Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми зерттеулерінің _____жылға арналған бағдарламасы

р/с №

Ғылыми зерттеудің атауы

Орындау мерзімдері

Мақсаты

Аннотация

Өзектілігі

Күтілетін нәтижелер

Болжалды құны (теңге) және іске асыру жоспары

1

2

3

4

5

6

7

8









      Атауы ____________________________________________________________

      Мекенжайы________________________________________________________

      Телефоны __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________

      Орындаушы _____________________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)       қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға

      _________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)                   қолы

"Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми зерттеулерінің _____жылға арналған бағдарламасы" толтыру бойынша түсініктеме (нысанның индексі: 1-ҒЗТКЖ-ПҚП және кезеңділігі: жыл сайын)

      1. 1-бағанда жұмыстың реттік нөмірі көрсетіледі;

      2. 2-бағанда ғылыми зерттеу жобасының атауы, ғылыми зерттеу жобасының қысқаша мәні көрсетіледі;

      3. 3-бағанда ғылыми зерттеу жобасының басталған күні – аяқталған күні көрсетіледі;

      4. 4-бағанда ғылыми зерттеу жобасының мақсаты көрсетіледі. Бағдарламаның тақырыбына сәйкес қол жеткізуге болатын және жобаны іске асыру нәтижесінде күтілетін шешімнің сипатын көрсететін қысқаша және нақты баяндалады;

      5. 5-бағанда ғылыми зерттеу жобасының жалпы пайымы, орта мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелері көрсетіледі. Аннотация мына сұрақтарға жауап береді: сіз қандай мәселелерді шешесіз, ұсынылған шешімнің жаңалығы қандай, алынған нәтижелер кімге пайдалы болады;

      6. 6-бағанда ғылыми зерттеу жобасының өзектілігі, ғылыми зерттеу жобасының кемшіліктері/артықшылықтары, ғылыми зерттеу жобасы шешуге бағытталған қазіргі проблема көрсетіледі.

      7. 7-бағанда ғылыми зерттеу жобасын іске асырудың негізгі тікелей (қандай жұмыстар жүргізіледі) және жанама (ғылыми зерттеу жобасын іске асыру неге алып келеді) нәтижелері көрсетіледі. Әсерді өлшеу үшін қандай көрсеткіштер пайдаланылады, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте осы ғылыми зерттеу жобасының (тікелей немесе жанама) әсер ету ауқымы қандай, ғылыми зерттеу жобасын іске асыру неге әкеледі.

      8. 8-бағанда әрбір іс-шараның болжалды құны, сондай-ақ ұсынылатын қаржыландыру жоспары көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады