"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсына орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2024 жылғы 9 тамыздағы № 314 Бұйрығына қосымша |
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне.
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/kgovch.
Әкімшілік деректер нысанының атауы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер.
Индекс: 1-(АҚ).
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20__ жыл
Ұсынады: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері
Әкімшілік деректер нысанының ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнің 20-30 қазан (қоса алғанда).
______________________________ облысы (қаласы)
р/с № | ЖСН / БСН | Субъектінің атауы | Объектінің атауы | Заңды мекен-жайы | Нақты мекен-жайы | Тәуекел дәрежесі | Кәсіпкерлік санаты | Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күні | Объективті критерий | Санат | Санатқа жатқызу себебі | Есептерді ұсыну |
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1 | ||||||||||||
2 | ||||||||||||
3 |
Атауы __________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________
Телефоны _______________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _____________________________________
Орындаушы ___________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсініктеме (бұдан әрі - Түсініктеме) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарынан сұратылатын азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілер туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Департамент) толтырады және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсынады.
3. Нысанға Департамент басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып қол қояды.
4. Нысан есепті кезеңнің 20-30 қазан аралығында ұсынылады.
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
6. "ЖСН/БСН" 1-бағанында заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр немесе жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр толтырылады.
7. "Субъектінің атауы" 2- бағанында азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектінің атауы толтырылады.
8. "Объектінің атауы" 3- бағанында азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы объектінің атауы толтырылады.
9. "Заңды мекен-жайы" 4- бағанында азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектінің ресми орналасқан жерінің мекенжайы толтырылады
10. "Нақты мекен-жайы" 5- бағанында азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектінің нақты мекенжайы толтырылады.
11. "Тәуекел дәрежесі" 6-бағаны келесі дәрежелердің бірін таңдау арқылы толтырылады:
1) жоғары;
2) орташа;
3) төмен.
12. "Кәсіпкерлік санаты" 7-бағаны келесі санаттардың бірін таңдау арқылы толтырылады:
1) ірі;
2) орташа;
3) шағын;
4) микро.
13. "Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күні" 8-бағаны "01.01.2021" форматында толтырылады:
14. "Объективті критерий" 9-бағаны келесі критерийлердің бірін таңдау арқылы толтырылады:
1) жергілікті атқарушы органдар;
2) азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар;
3) ең көп жұмыс істейтін ауысымы бар азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар;
4) табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалу орындары бекітілген ұйымдар;
5) азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар;
6) азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылмаған, қорғаныс құрылыстары және азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкі бар ұйымдар;
7) базасында эвакуациялық пункттер құрылған азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылмаған ұйымдар.
15. Бір субъект (объект) бірнеше "Объективті критерийлерге" сәйкес келуі мүмкін. Бұл жағдайда толтыру келесі басымдыққа сәйкес келеді:
1) жергілікті атқарушы органдар;
2) ең көп жұмыс істейтін ауысымы бар азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар;
3) азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар;
4) азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар;
5) табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалу орындары бекітілген ұйымдар;
6) азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылмаған, қорғаныс құрылыстары және азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкі бар ұйымдар;
7) базасында эвакуациялық пункттер құрылған азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылмаған ұйымдар.
16. "Санат" 10-бағаны келесі санаттардың бірін таңдау арқылы толтырылады:
1) аса маңызды;
2) санатталған.
17. "Санатқа жатқызу себебі" 11-бағаны келесі себептердің бірін таңдау арқылы толтырылады:
1) аумағында стратегиялық объектілер орналасқан ұйымдар;
2) жұмыс істеуінің бұзылуы елеулі әлеуметтік-экономикалық салдарға, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін ұйымдар;
3) мемлекеттік меншіктің аса маңызды объектілері;
4) өнеркәсіптің қолданыстағы, салынып жатқан, реконструкцияланатын және жобаланатын қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар;
5) көлік-коммуникация кешенін ұйымдастыру;
6) маңызды мемлекеттік және экономикалық маңызы бар ұйымдар;
7) аумағында тіршілікті қамтамасыз ету объектілері орналасқан ұйымдар;
8) яд өндірумен, өңдеумен, тасымалдаумен, сатып алумен, сақтаумен, өткізумен, пайдаланумен және жоюмен айналысатын ұйымдар;
9) энергетика ұйымдары.
18. "Есептерді ұсыну" 12-бағаны келесі санаттардың бірін таңдау арқылы толтырылады:
1) ұсынады;
2) ұсынбайды.
19. 1-9, 12-бағандарды толтыру міндетті.
20. 9-бағанда "Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар" немесе "Ең көп жұмыс істейтін ауысымы бар азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар" толтырылған жағдайда 10, 11-бағандарды толтыру міндетті.