Деректер өнімінің меншік иелерін немесе иеленушілерін деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 20 тамыздағы № 25 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 тамызда № 34965 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Деректер өнімінің меншік иелерін немесе иеленушілерін деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2024 жылғы 20 тамыздағы
№ 25

Деректер өнімінің меншік иелерін немесе иеленушілерін деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізу қағидалары

      1. Осы Деректер өнімінің меншік иелерін немесе иеленушілерін деректер өнімдерін берушілер тізіліміне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және деректер өнімдерін берушілер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Деректер өнімдерін берушілер тізіліміне деректер өнімдерінің меншік иелері немесе иеленушілері кіреді.

      3. Деректер өнімдерін берушілер тізілімін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде қалыптастырады.

      4. Тараптардың жасасқан әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректерді олардың меншік иелері немесе иеленушілері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға өтеусіз негізде ұсыну туралы келісімі деректер өнімдерін берушілердің тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады.

      5. Деректер өнімдерін берушілер тізілімін жүргізу мыналарды қамтиды:

      1) деректер өнімінің меншік иелері немесе иеленушілері туралы мәліметтерді қосу;

      2) деректер өнімдерін берушілер туралы мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту);

      3) деректер өнімдерінің сипаттамалары туралы мәлімет.

      6. Деректер өнімдерін берушілер тізіліміндегі мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту) төменде келтірілген жағдайлардың бірі орын алған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) Тараптардың бұрын жасасқан әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректерді олардың меншік иелері немесе иеленушілері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға өтеусіз негізде ұсыну туралы келісіміне қосымша келісім жасасу (бұдан әрі - келісім);

      2) бұрын жасалған келісімнің қолданылуын тоқтату;

      3) деректер өнімдерін берушілер тізілімінің атрибуттарын өзгерту (деректер өнімінің меншік иелерінің немесе иеленушілерінің атауы, келісім нөмірі және күні, деректер өнімдерінің атауы, деректер өнімдерін өндіру уақыты мен кезеңділігі, деректер өнімдерін пайдалану нысаны).

      7. Деректер өнімдерін берушілер туралы мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту) тараптардың әкімшілік дереккөздерге жатпайтын балама деректерді олардың меншік иелері немесе иеленушілері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға өтеусіз негізде ұсыну туралы келісім жасалған (өзгертілген) күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      8. Деректер өнімдерін берушілер тізілімі мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында орналастырылады.

  Деректер өнімінің меншік
иелерін немесе иеленушілерін
деректер өнімдерін берушілер
тізіліміне енгізу қағидаларына
қосымша
Нысан

Деректер өнімдерін берушілер тізілімі

р/т №

Деректер өнімінің меншік иесінің немесе иеленушісінің атауы

Келісім нөмірі және күні

Деректер өнімдерінің атауы

Деректер өнімдерін өндіру уақыты мен кезеңділігі

Деректер өнімдерін пайдалану нысаны

1

2

3

4

5

6

1.






2.






3.






4.






5.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады