"Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 қыркүйекте № 35126 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10716 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      5-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жыл сайын тиісті жылғы 1-10 қараша аралығында ағымдағы жылы азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді (бұдан әрі - есеп) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандарға бойынша (Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес растайтын материалдарды қоса бере отырып):

      базасында облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне;

      азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған және олардың базасында облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық төтенше жағдайлар басқармаларына (бөлімдеріне) ұсынылады.";

      6-1-тармақ алып тасталсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Азаматтық қорғаныс жоспары:

      республикалық деңгейде – уәкілетті органы;

      салалық кіші жүйеде – орталық атқарушы органның азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі тиісті құрылымдық бөлімшесі мен аумақтық деңгейде оның аумақтық бөлімшелері;

      аумақтық деңгейде – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын және соғыс уақытында жұмысты жалғастыратын атқарушы органдармен бірлесіп;

      объектілік деңгейде – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған және базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйымдар әзірлейді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Азаматтық қорғаныс жоспарлары тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарымен бекітіледі және жоспарланатын жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл сайын түзетіледі.

      Азаматтық қорғаныс жоспарын түзету үшін қажетті ақпаратты орталық және жергілікті атқарушы органдар, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша береді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Азаматтық қорғаныс жоспарларына құпиялық белгі:

      орталық атқарушы органдар үшін – құпия;

      азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған облыстар, қалалар үшін – құпия;

      азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалық және ауылдық аудандар, қалалар үшін – "қызмет бабында пайдалану үшін";

      азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған және базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйымдар үшін – мемлекеттік құпиялар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйым басшысының шешімі бойынша құпиялық белгісі белгіленеді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесі:

      республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасының Үкіметі;

      аумақтық деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімі айқындайды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Азаматтық қорғау қызметтері өздерінің қызметінде азаматтық қорғаныстың тиісті деңгейлердегі жоспарларын басшылыққа алады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Күштер топтарының бірінші эшелоны қарсылас шабуыл жасаған сәтте қаладағы өндірістік қызметті жалғастырып жатқан объектілерде, сондай-ақ адамдар болуы мүмкін басқа да орындарда авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды өрістетуге және жүргізуге арналған. Бірінші эшелон құрамына азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және өндірістік қызметті жалғастырып жатқан объектілердің авариялық-құтқару құралымдары кіреді. Ахуалға байланысты бірінші эшелонға, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың маңында орналасқан аудандардың азаматтық қорғау күштері де кіреді.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Халықты таратуды және эвакуациялауды жоспарлау мен жүргізуді тікелей жүзеге асыру үшін эвакуациялық органдар құрылады:

      эвакуациялық комиссиялар (орталық және жергілікті атқарушы органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда);

      эвакуациялық қабылдау комиссиялары (эвакуацияланатын және таратылатын халықты қабылдау мен орналастыруды жүзеге асыратын ауылдық аудандарда, қалаларда);

      эвакуациялық жинау пункттері (бұдан әрі - ЭЖП);

      эвакуациялаудың аралық пункттері (бұдан әрі - ЭАП);

      эвакуациялық қабылдау пункттері (бұдан әрі - ЭҚП);

      зардап шеккен халықты қабылдау пункттері (баспанасыз қалған, санитариялық шығындар, қайтарылмайтын шығындар) (бұдан әрі - ЗШХҚП).";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. ЭЖП эвакуацияланатындарды жинауға және тіркеуге және оларды отырғызу пункттері мен қозғалыстың бастапқы пункттеріне жіберуге арналған. ЭЖП әкімшілігі алдын ала жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, ұйымдар бойынша бұйрықтармен тағайындалады. ЭЖП өз қызметінде эвакуациялық комиссияларға бағынады.

      Әр ЭЖП реттік нөмір беріледі. Барлық ЭЖП міндетті түрде тиісті эвакуациялық комиссиялармен, жаяу эвакуациялау бағыттарының бастапқы пункттерімен, отырғызу пункттерімен және эвакуацияланатындарды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік органдарымен тікелей байланыспен қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда ЭЖП халыққа газқағарларды беру пункттері құрылады.

      ЭЖП әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-3-қосымшада айқындалған.";

      мынадай мазмұндағы 48-1, 48-2 және 48-3 тармақтармен толықтырылсын:

      "48-1. Егер тұрақты орналасу аудандары бір тәуліктен астам уақыт көшетін жерде, ықтимал қираулардан тыс аймақтарда, жол қатынастарының жанында орналасса, онда ЭАП ашылады. Олар эвакуацияланатын халықтың қысқа уақытқа орналасуына (демалуына), оларды қайта тіркеуге, қажет болған кезде дозиметриялық, химияға қарсы бақылауға, адамдарды санитариялық өңдеуге және оларды қауіпсіз аймақта орналастыру орындарына жіберуге арналған.

      ЭАП әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-4-қосымшада айқындалған.

      48-2. ЭҚП түсіру пункттерінде өрістетіледі және эвакуацияланатындарды қабылдау және оларды орналастыру орындарына жіберу үшін арналған.

      ЭҚП әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-5-қосымшада айқындалған.

      48-3. ЗШХҚП төтенше жағдайлар түріне қарай төтенше жағдайлар салдарларын жою кезеңінде зардап шеккен халықты тікелей қоныстандыруды ұйымдастыруға арналған.

      ЗШХҚП орналастырылатын халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін ғимараттар (медициналық ұйымдар, санаторийлер, демалыс үйлері, балалардың сауықтыру лагерлері, қонақ үйлер, білім беру мекемелері, адамдар көп болатын объектілер) бөлінеді.

      ЗШХҚП саны және қабылдаушы халықтың көлемі бойынша есептеуді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеу кезінде жүзеге асырады.

      ЗШХҚП әкімшілігінің штатын, құрылымын, функционалдық міндеттерін және құрамын қабылдаушы халықтың санына қарай ЗШХҚП басшысы айқындайды.

      ЗШХҚП өз қызметінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияға бағынады.

      ЗШХҚП аумақтық деңгейде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасының немесе төтенше жағдайды жою басшысының өкімі бойынша төтенше жағдайлардың туындау немесе туындау қаупі төнген кезде бейбіт уақытта өрістетіледі.

      Өкімді ала отырып, ЗШХҚП басшысы ЗШХҚП зардап шеккен халықты қабылдау және орналастыру бойынша жұмысын дереу ұйымдастырады.

      Өкімді алғаннан кейінгі алғашқы үш сағатта жергілікті атқарушы орган мүлікті ЗШХҚП жеткізуді қамтамасыз етеді.

      ЗШХҚП аумақтық деңгейде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасының немесе төтенше жағдайды жою басшысының ерекше өкіміне дейін халықты қабылдауды және орналастыруды қамтамасыз етеді.

      ЗШХҚП әкімшілігінің үлгі құрылымы осы Қағидаларға 1-6-қосымшада айқындалған.";

      49, 50 және 50-1 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. ЭЖП, ЭАП, ЭҚП мына құжаттар:

      1) пунктің лауазымдық тұлғалардың міндеттері;

      2) пунктің жеке құрамының тізімі, құлақтандыру тәртібі (мекенжайы, телефон нөмірлері);

      3) пунктті ұйымдастыру және жеке құрамды тағайындау туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімінен үзінді;

      4) пункттан жіберілетін ұйымдар, эвакуациялық комиссиялар (қалалық, аудандық), көлікке отырғызу пункттері телефондарының тізімі;

      5) пункттің аумағындағы ұйымдар тізімі және оларды жіберу мерзімдері;

      6) пункттің аумағының және олардың мақсаты бойынша үй-жайлар схемасы (жоспары);

      7) пунктке бекітілген жақын арадағы қорғау құрылыстарының тізбесі (ЭЖП және ЭҚП);

      8) эвакуациялық жинау пунктіне қызмет көрсететін автоколонналардың келу және оларды жіберу кестесі;

      9) тасымалдауға өтінім үлгісі;

      10) эвакуациялау куәлігінің үлгісі мен оны беру туралы ақпарат (ЭЖП және ЭҚП) әзірленеді.

      50. ЭЖП, ЭАП және ЭҚП құрылымын және санын эвакуацияланатын (келіп жатқан) халықтың санын және оны қамтамасыз етумен байланысты іс-шаралардың көлемін есепке ала отырып, эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссиялардың төрағалары бекітеді.

      50-1. Эвакуацияланатын халықты қабылдау, орналастыру үшін қосарланған мақсаттағы объектілер пайдаланылады.

      Қосарланған мақсаттағы объектілерге ЭЖП, ЭАП, ЭҚП, ЗШХҚП ретінде пайдаланылатын әлеуметтік саладағы, адамдар жаппай болатын объектілер жатады.

      Қосарланған мақсаттағы объектілер тізбесін эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссиялары анықтайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен бекітіледі.";

      50-2 және 50-3 тармақтар алып тасталсын;

      53-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Азаматтық қорғаныс жоспарының "Эвакуациялау іс-шаралары" бөлімінде:";

      54 және 55 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған қаланың (қалалық ауданның) азаматтық қорғаныс жоспарының "Эвакуациялау іс-шаралары" бөлімінде:

      1) әр қалалық аудан, ұйым, пәтер иелерінің кооперативі бойынша тарату мен эвакуациялауға жататын халық саны;

      2) қауіпсіз аймақта халықты орналастыру аудандары мен пункттері;

      3) тарату мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);

      4) тарату мен эвакуациялаудың басталуы және мерзімдері туралы жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ жұмысшыларды, қызметшілерді және қалған халықты құлақтандыру тәртібі;

      5) эвакуациялық органдар құрамы және оларды әзірлікке келтіру мерзімдері;

      6) жаяу тәртіппен шығарылатын және көліктің барлық түрлерімен апарылатын халық саны;

      7) халықты шығару және әкету бағыттары; бастапқы пункттері, аялдайтын орындар, реттеу пункттері, жаяу тәртіппен эвакуациялаудың әр бағдарындағы ЭАП;

      8) халық көлікпен әкету және жаяу тәртіппен шығару кезектілігі;

      9) ЭЖП;

      10) халықты көлікке отырғызу пункттері;

      11) оны қауіпсіз аймақта түсіру пункттері;

      12) халықты қауіпсіз аймақта қабылдауды және орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар;

      13) жасырын паналарды дайындау, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі мен мерзімі және қауіпсіз аймақта таратылатын және эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;

      14) ЭАП және түсіру пункттерінен оны орналастыру орнына дейін халықты тасымалдау үшін аудандар көліктерін пайдалану;

      15) эвакуациялық іс-шараларды өткізу кезінде қадағалауды, басқару мен байланысты ұйымдастыру;

      16) қауіпсіз аймақтағы орналастыру аудандарынан қалаға және кері объектілерге жұмысшылар ауысымын тасымалдау тәртібі көрсетіледі.

      55. Эвакуациялық комиссиялар таратылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймаққа орналастыру азаматтық қорғаныс жоспарының картографиялық бөлігінде эвакуациялық іс шараларды, тарату және эвакуациялау бойынша деректері бар қалалар жоспарларын, халықты әкету және оны жаяу тәртіппен шығару есептерін, қауіпсіз аймақта халықты қамтамасыз ету бойынша есептерді әзірлейді.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Жаяу қозғалыс бағыттарында реттеу пункттері, аялдайтын орын аудандары мен ЭАП белгіленеді, ол жерлерде медициналық пункттер, жылыну мен тамақтандыру пункттері құрылады.

      Аялдайтын орын аудандары мүмкіндігінше халықтың демалуы мен тіршілігін қамтамасыз етуге арналған орындардың болуын есепке ала отырып, таңдалуы тиіс. Соғыс уақытына аялдайтын орындарда халықты паналату үшін аялдайтын орындарда қарапайым жасырын паналар әзірленеді, жарықтық бүркеніш және демалу бойынша іс-шаралар қамтамасыз етіледі.

      Егер тұрақты орналастыру аудандары тәуліктен артық жүретін қашықтықта болса ЭАП құрылады. Олар келетін халықты өмір сүру үшін ең аз қажетті жағдайлармен (тамақтандыру, сумен жабдықтау, медициналық қызмет көрсету) қамтамасыз етеді.";

      62 және 63 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Эвакуациялау бағыттары үшін мыналар:

      1) лектер тізбесі, олардың құрамы мен нөмірленуі;

      2) қозғалыс бағыты;

      3) лектердің бастапқы пункті, реттеу пункті және олардың өту уақыты, аялдайтын орын аудандары мен ұзақтығы;

      4) ЭАП немесе халықты орналастыру аудандары және оларға лектердің келу уақыты;

      5) қосып берілген көлігі бар медициналық пункт және жылыну пункттері;

      6) қадағалау бекеті;

      7) бағытта және жоғары тұрған бастықпен байланысты ұстау тәртібі;

      8) соғыс уақытында бағытта, аялдайтын орындарда және ЭАП халықты паналату үшін пайдаланылатын жасырын паналар мен жер қатпарлары;

      9) басқару және құлақтандыру сигналдары көрсетіле отырып, схема әзірленеді.

      63. Лектер бастықтарына марш схемаларынан үзінділер беріледі, онда:

      1) лектің нөмірі мен құрамы;

      2) қозғалыс бағыты;

      3) бастапқы пункт, реттеу пункттері және оларды өту уақыты;

      4) аялдайтын орын аудандары мен ұзақтығы;

      5) ЭАП немесе халықты орналастыру ауданы және лектің оларға келу уақыты;

      6) соғыс уақытында бағытта, аялдайтын орындарда және ЭАП халықты паналату үшін пайдаланылатын жасырын паналар мен жер қатпарлары;

      7) медициналық пункттер және жылыну пункттері;

      8) қадағалау бекеттері;

      9) бағыт бастығымен байланысты ұстау тәртібі;

      10) басқару және құлақтандыру сигналдары көрсетіледі.";

      65-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын;

      "65. Эвакуацияланатын халықты қабылдау және орналастыру үшін ауылдық ауданның азаматтық қорғаныс жоспарының "Эвакуациялау іс-шаралары" бөлімінде:";

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ЭҚП, оларды орналастыру және әкімшілік құрамы, оларды әзірлікке келтіру мерзімдері мен тәртібі;

      5) ЭҚП келіп жатқан халықты жеке-жеке орналастыру орындарына жеткізу тәртібі мен мерзімдері; тасымалдауға арналған көлік құралдары (кім және қанша бөлген, бөлу уақыты);";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Бөлімді әзірлеуге арналған бастапқы деректер мен техникалық талаптарды жобалау ұйымының қатысуымен жобаға тапсырыс беруші әзірлейді.

      Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жобаның жоспарланған ауданының жай-күйі туралы бастапқы деректер, сондай-ақ бөлім мазмұны бойынша ұсыныстар береді.

      Жобаның аяқталуы туралы ақпаратты тапсырыс беруші уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Мемлекеттік органдардың азаматтық қорғанысының қорғаныш құрылыстары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен күтіп-ұсталады.

      Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған, сондай-ақ жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары ұйымдардың қаражаты есебінен күтіп-ұсталады. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары неғұрлым көп жұмыс істейтін ауысымға есептеледі және азаматтық қорғау мақсатында пайдаланылады.

      Азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкі бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкін әзірлікте ұстап тұру және нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттер, сондай-ақ оларды құру мен жинақтау жөніндегі тапсырмалар азаматтық қорғаныс объектілер мен мүлкінің жаңа меншік иелеріне немесе коммуналдық меншікке өтеді.";

      мынадай мазмұндағы 72-1 тармақмен толықтырылсын:

      "72-1. Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 510 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11587 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тексеру кезінде мынадай құжаттаманың:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жерлер (радиацияға қарсы жасырын паналар) паспорты;

      жылжымайтын мүлік объектісі кадастрлық паспорты;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын тексеру журналы;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын тексеру журналы;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жердегі (радиацияға қарсы жасырын панадағы) микроклиматтың және ауадағы газ құрамының көрсеткіштерін тіркеу журналы;

      азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының жоспары;

      азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын әзірлікке келтіру жоспары;

      азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарындағы жабдықтар, құрал-саймандардың және мүліктің тізбесі;

      басқару органдары телефондарының тізімі;

      азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамының тізімі;

      тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін (желдету, сумен жабдықтау мен кәріз, қорғаныш құрылыстарын электрмен жабдықтау) пайдалану схемасы;

      азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының дизельді электр станциясына, сүзу-желдету жабдығына (болған жағдайда) қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар болуы қажет.

      75. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын кешенді тексерудің нәтижелері азаматтық қорғаныс объектісін тексеру журналына енгізіледі және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін жіберіледі.";

      1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық, даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрі
2024 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 362 Бұйрығына
қосымша
  Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтерімен ұсынылатын әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: базасында облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне, базасында облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық төтенше жағдайлар басқармаларына (бөлімдеріне).

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/kgovch.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауы туралы есеп.

      Индекс: 2-(АҚ).

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: базасында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар.

      Әкімшілік деректер нысанының ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнің 1-10 қазан (қоса алғанда).

р/с №

Азаматтық қорғаныс іс-шаралары

Бар / орындалды

Жоқ / орындалмаған

А

1

2

3

1

Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болуы



2

Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы



3

Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының талап етілетін санының болуы және әзірлікте ұстап тұру



4

Ұйымда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын құру туралы құқықтық актінің болуы



5

Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы



6

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттарының болуы



7

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның оқу орындарында даярлықтан немесе қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттардың болуы



8

Азаматтық қорғаудың негізгі құралымдарының, оның ішінде шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін құралымдардың әзірлігі



      Атауы __________________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi _______________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Қызмет саласы ___________________________________________________

      Кәсіпкерлік санаты _______________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы _____________________________________

      Орындаушы ___________________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)       қолы

  Облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың және
астананың, ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) азаматтық
қорғау қызметтерімен
ұсынылатын әкімшілік
деректерді жинауға
арналған нысанына
қосымша

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-8-жолдарда "Бар/орындалды" немесе "Жоқ/орындалмаған" деген белгі қойылуы тиіс.

      2. 2-бағанда тиісті жолдың азаматтық қорғаныс іс-шарасы болған/орындалған жағдайда "бар/орындалды" қойылады.

      3. 3-бағанда тиісті жолдың азаматтық қорғаныс іс-шарасы болмаған/орындалмаған жағдайда "жоқ/орындалмаған" қойылады.

      4. Бір жолда "Бар/орындалды" және "Жоқ/орындалмаған" толтыруға жол берілмейді.

      5. 1-8-жолдар міндетті түрде толтырылады.

      6. 1, 2, 4, 6, 7 жолдарды "Бар/орындалды" толтыру кезінде жоспарлардың, құқықтық актілердің, сертификаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.

Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдарымен ұсынылатын әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық төтенше жағдайлар басқармаларына (бөлімдеріне).

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/kgovch.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардың азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындауы туралы есеп.

      Индекс: 3-(АҚ).

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдары.

      Әкімшілік деректер нысанының ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнің 1-10 қазан (қоса алғанда).

р/с №

Азаматтық қорғаныс іс-шаралары

Бар / орындалды

Жоқ / орындалмаған

А

1

2

3

1

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшені немесе жекелеген қызметкерлерді құру туралы құқықтық актінің (бұйрық, қаулы, шешім) болуы



2

Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығымен бекітілген азаматтық қорғаныс жоспарының болуы



3

Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы



4

Эвакуациялық комиссия құру туралы құқықтық актінің болуы (бұйрық, қаулы, шешім)



5

Эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы тиісті құжаттың (бұйрық, қаулы, шешім) болуы



6

Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының талап етілетін санының болуы және әзірлікте ұстап тұру



7

Ұйымда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын құру туралы ұйым басшысының құқықтық актісінің болуы



8

Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы



9

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттардың болуы



10

Талап етілетін, жарамды құлақтандыру жүйесінің, оның ішінде локалды құлақтандыру жүйесінің болуы



11

Азаматтық қорғау бойынша сабақтар өткізуге арналған құралдар жиынтығының және азаматтық қорғау бойынша бұрыштың болуы



12

Әрбір әкімшілік және өндірістік ғимаратта көп бейінді кабинеттің немесе бір-бірден азаматтық қорғау бұрышының болуы



13

Ұйым басшысы бекіткен оқу топтары, сабақ жетекшілері тізімінің және сабақ өткізу кестесінің болуы



14

Азаматтық қорғау саласында өткізілген сабақтарды есепке алу журналының болуы



15

Ұйым қызметкерлерінің азаматтық қорғау саласында оқытудан өткені туралы анықтамаларының болуы



16

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұйымдастырушылық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізу туралы ұсынылған ақпараттың болуы



17

Азаматтық қорғаудың негізгі құралымдарының, оның ішінде шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін құралымдардың әзірлігі



18

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қорының болуы, оларды жұмысқа әзірлікте ұстау



19

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы



      Атауы __________________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi _______________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________

      Қызмет саласы ___________________________________________________

      Кәсіпкерлік санаты _______________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы _____________________________________

      Орындаушы ___________________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _________________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)       қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

  Азаматтық қорғаныс бойынша
санатқа жатқызылған
ұйымдарымен ұсынылатын
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанына
қосымша

"Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардың азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындауы туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. 1-19 жолдарда "Бар/орындалды" немесе "Жоқ/орындалмаған" деген белгі қойылуы тиіс.

      2. 2-бағанда тиісті жолдың азаматтық қорғаныс іс-шарасы болған/орындалған жағдайда "Бар/орындалды" қойылады.

      3. 3-бағанда тиісті жолдың азаматтық қорғаныс іс-шарасы болмаған/орындалмаған жағдайда "Жоқ/орындалмаған" қойылады.

      4. Бір жолда "Бар/орындалды" және "Жоқ/орындалмаған" толтыруға жол берілмейді.

      5. 1-10, 13-17, 19 жолдар міндетті түрде толтырылады.

      6. 1-7, 9, 13-16 жолдарды "Бар/орындалды" толтыру кезінде жоспарлардың, бұйрықтардың, қаулылардың, шешімдердің, сертификаттардың, тізімдердің, журналдардың, анықтамалардың, тауарларды босатуға арналған жүкқұжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.

      7. 11-жол қызметкерлер саны қоса алғанда 100 адамға дейінгі азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін толтыруға міндетті.

      8. 12-жол қызметкерлер саны 100 адамнан асатын азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін толтыруға міндетті.

      9. 18-жол ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысымы, сондай-ақ медициналық ұйымдардың тасымалдауға келмейтін науқастары болған кезде толтыруға міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады