"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 427 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 қарашада № 35381 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережесінің 15 тармағының 229-30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 15 қарашадағы
№ 427 бұйрыққа
қосымша

"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережесінің 15-тармағының 229-30) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі адамдардың қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      5) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) электрондық өтініш – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      7) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жері бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын талаптар) көзделген құжаттармен қоса, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті:

      1) Мемлекеттік корпорация;

      2) көрсетілетін қызметті беруші;

      3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы ұсынады.

      Үшінші тұлғалардың өтініші Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес сенімхат бойынша беріледі.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптарды осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.

      6. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері немесе көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорация қызметкері құжат иесінің порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен берілген келісімі болған кезде цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар туралы мәліметтер осы Қағидарларға 4-қосымшаға сәйкес сұрау салу арқылы "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке құжаттар қоса беріледі.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

      8. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын беру кезінде:

      көрсетілетін қызметті берушіде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;

      порталда – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызмет алуға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартады және жоқ құжатты көрсетіп қолхат береді.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының өзі жүзеге асырады.

      Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ-мен электрондық өтінішті куәландырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы талап етілетін құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) жүгінген адамның өтінішінен деректерді енгізеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы жүгінген кезде өтініштен алынған деректер автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі".

      12. Өтініш қабылдағаннан кейін және құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде тұрғын үйге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуға ниет білдірген адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін (бұдан әрі – акт) жасайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы мен қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж азамат бір елді мекен шегінде тұруы қажет.

      Мұқтаж азамат арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында (бұдан әрі – АӘҚКО) тұрған жағдайда, актіні жасау талап етілмейді.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші актіні алғаннан кейін және қажетті құжаттар өңделгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау туралы бұйрық (бұдан әрі – бұйрық) шығарады.

      14. Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 19 (он тоғыз) жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орнын жібереді.

      Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-тің 74-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", жеке өзіне немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

      15. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" жіберіледі.

      16. Дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе электрондық цифрлық құжаттама қызметінен электрондық құжаты, өкіл сондай-ақ өкілдің тиісті өкілеттілігі көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      17. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрық құжаттар немесе мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік мекеменің (ұйымның) ақпараттық жүйелерінен келіп түскен мәліметтердің негізінде, атап айтқанда:

      1) қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабiлеттi деп тану немесе қорғаншының немесе қамқоршының не қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өтініші бойынша оның әрекет қабiлетi шектелуiнiң күшiн жою туралы сот шешiм шығарған;

      2) қамқоршының және/немесе әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адам қайтыс болған;

      3) қорғаншының және/немесе әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адам Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Осы Қағидалардың 17 тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 9-қосымшадағы нысанға сәйкес қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы шешімді шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.

      18. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, АӘҚКО тұратын адамға қорғаншы ауысқан кезде "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы мәліметі бойынша бірінші басшы туралы мәліметтер негізінде көрсетілетін қызметті беруші "Е-Собес" ААЖ-да өзгерістер енгізеді.

      19. Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығын, Мемлекеттік корпорацияны, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын және көрсетілетін қызметті берушілерді енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету сауалдары бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Заңға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      21. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      23. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      24. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      25. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдану нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Қағидаға
1 қосымша
  Нысан
  Басшысына _________________
(органның атауы)
азаматтан(шадан) ____________
____________________________
  (Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болса) және жеке
сәйкестендіру нөмірі)
Мекен-жайы бойынша тұратын:
___________________________
Телефон ____________________

Өтініш

      Сізден ______________________________ мекенжайы бойынша тұратын,

      кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі (керегінің

      астын сызу) _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілсін)

      қорғаншылық (немесе қамқоршылық) белгілеуді сұраймын.

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізуге қарсы емеспін.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің және қорғаншылық белгіленетін адамның дербес деректерін жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 129-бабының 3-тармағына сәйкес қорғаншы (қамқоршы) міндетін пайдақорлық мақсаттарды көздемей орындауға міндеттенемін!

"___" ____________ 20__жылы

__________________________________


азаматтың (шаның) қолы

  Қағидаға
2 қосымша

Өтініш

      Сізден _____________________________________ мекенжайы бойынша

      тұратын, кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі

      (керегінің астын сызу)

      _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілсін)

      қорғаншылық (немесе қамқоршылық) белгілеуді сұраймын.

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларға тексеру жүргізуге қарсы емеспін.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің және қорғаншылық белгіленетін адамның дербес деректерін жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 129-бабының 3-тармағына сәйкес қорғаншы (қамқоршы) міндетін пайдақорлық мақсаттарды көздемей орындауға міндеттенемін!

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      Үй телефоны ___________________ ұялы телефоны ____________________

      Электрондық пошта _______________________________________________

      ЭЦҚ ____________________________________________________________

      ЭЦҚ ____________________________________________________________

      Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты: ____.____________._______ жылы

      ____ сағаты ____ минуты ____секунды

  Қағидаға
3-қосымша

"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жергілікті атқарушы орган

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) көрсетілетін қызметті алушы
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 19 (он тоғыз) жұмыс күні;
2) Мемлекеттік корпорацияның құжаттарын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

4

Көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананының, әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органының қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрығы не мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жіберіледі және сақталады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша немесе қамқоршылыққа мұқтаж кәмелетке толмаған адамның тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы "брондауға" болады.
3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;
2) www.egov.kz. порталда жарияланған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыда қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе "Электрондық үкімет" порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі;
4) неке қию немесе бұзу туралы куәлік;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын (қамқоршылық белгіленген жағдайда);
6) "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамалар;
7) 18 жастан асқан отбасы мүшелерінің әлеуетті қамқоршысымен бірге тұратын барлық адамдарға қамқоршылық белгілеуге жазбаша келісім (егер қамқоршы қамқоршымен бірге тұрады деп болжанған жағдайда) (еркін түрде).
Көрсетілетін қызмет алушының әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп тану туралы, кәмелетке толған қамқоршылық тағайындалатын адамның әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген туралы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бірінші басшысы туралы туралы (Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының мамаманы өтініш білдірген жағдайда) және жоғарыда аталған 2, 3, 4, 5, 6 тармақшалардағы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. 18 жастан асқан әлеуетті қамқоршысымен бірге тұратын барлық адамдарға қамқоршылық белгілеуге келісім электрондық сұраным "электрондық үкімет" порталы арқылы жеке кабинетке жолданады.
Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке тиісті құжаттар қоса ұсыналады.
Құжаттарды "электрондық үкімет" порталы арқылы жолдаған жағдайда құжаттар электорндық көшірме түрінде ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгілену;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 122-бабында бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

1. Мемлекетті көрсету орындарының мекенжайы мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрліктер – www.enbek.gov.kz. "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz.
2. Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
3. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.

  Қағидаға
4-қосымша

Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салулар

      "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мынадай:

      1) ЖТ МДБ-дан жеке басын куәландыратын;

      2) ЖТ МДБ-дан қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін тұлғаның жеке басын куәландыратын;

      3) ЖТ МДБ-дан көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;

      4) ЖТ МДБ-дан көрсетілетін қызметті алушының қамқорлығы белгіленетін адамды тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;

      5) ЖТ МДБ-дан қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленетін кәмелетке толған адамның әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулігі туралы;

      6) ЖМЖ МДБ - дан көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер;

      7) АХАЖ АЖ-дан көрсетілетін қызметті алушының неке (ерлі-зайыптылық) жасасуын, бұзылуын тіркеу туралы;

      8) ЖТ МДБ-дан көрсетілетін қызметті алушыны әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп тануы фактісінің болмауы туралы;

      9) ҚР ДСМ-нің АЖ-дан көрсетілетін қызметті алушының психикалық денсаулық орталығында есепте жай-күйі фактісінің болмауы туралы;

      10) ҚР ДСМ-нің АЖ-дан көрсетілетін 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      11) ҚР ДСМ-нің АЖ-дан көрсетілетін "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы;

      12) ЗТ МДБ-дан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы туралы.

      Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның АЖ-дан сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ЭЦҚ-мен, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның, көрсетілетін қызметті берушінің немесе көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын жүзеге асырған ЭЦҚ-мен куәландырылады.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЖ – ақпараттық жүйе;

      АЖ АХАЖ – "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі;

      ДСМ АЖ – "Денсаулық сақтау министрлігі" ақпараттық жүйесі;

      ЖМЖ МДБ – "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасы

      ЖТ МДБ – "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік Деректер Базасы;

      ЗТ МДБ – "Заңды тұлғалар" Мемлекеттік Деректер Базасы;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

  Қағидаға
5-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабын және 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті атқарушы орган, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ….

      ұсынуыңызға/көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты ___________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      ______________________________________________________________

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

      Орындаушы: __________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Телефон: _____________________________________________________

      Алды: _______________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      20__ жылғы "___" _________

  Бұйрығына
6 қосымша
  Нысан
  Бекітемін
Басшы
____________________________
(ұйымның атауы)
____________________________
Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болса)
  "____" _____________ 20___жылы
күні, қолы, мөр орны

Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуға ниет білдірген адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру АКТІСІ

      Тексеру жүргізілген күн _______________________________________________

      Тексеру жүргізілді ____________________________________________________

                        (өткізген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

      тексеру _____________________________________________________________

      Әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті органының мекенжайы мен телефоны:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      1. Өмір сүру жағдайларына зерттеу жүргізілді

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы) __________________________

      ____________________________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат ______________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тұрғылықты жері (тіркелген жері бойынша) ______________________________

      Білім _______________________________________________________________

      Жұмыс орны _________________________________________________________

      2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлардың жалпы сипаттамасы

      Тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат _________________________

      ____________________________________________________________________

      тұрғын үй иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________

      ____________________________________________________________________

      Жалпы ауданы ___________ (шаршы метр) тұрғын үй алаңы ____________

      (шаршы метр)

      Қонақ бөлмелерінің саны _________ тіркелген ______( тұрақты, уақытша)

      Тұрғын үйді абаттандыру ______________________________________________

                  (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара ыңғайлы)

      ___________________________________________________________________

      (жалға берілетін тұрғын үй, мемлекеттік / жекешелендірілген тұрғын үй, жеке үй, пәтер)

      Санитариялық-гигиеналық жағдайы

      ____________________________________________________________________

      (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

      Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер (қамқоршыға арналған жеке бөлменің болуы, т.б)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Бірге тұратын басқа отбасы мүшелері:

тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Туған күні

Оқу, жұмыс орны,
лауазымы

Туыстық
қатынас

ескертпе

      4. Қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу себептері) _____________

      ____________________________________________________________________

      5. Қорытынды (қорғаншылықты белгілеу үшін шарттардың болуы немесе

      қамқоршылық) _______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ________________ ____________________________________ (қолы) (аты-жөні, тегі)

      _______________( күні)

      Таныстым:___________________________________________________________

      (қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуға ниет білдірген адамдардың тегі,

      аты, әкесінің аты (ол болған кезде), күні, қолы)

  Қағидаға
7-қосымша

Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрық ________________________________________________ (органның атауы)

№ ____________

20__ жылғы "___" _______

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 119 және 121-баптарына сәйкес, "Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысын басшылыққа ала отырып,

      ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20__ жылғы "___"______өтініші және ұсынылған құжаттар негізінде

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленсін:

р/с №

Қорғаншы (қамқоршы)

Қамқоршы

Қорғаншылық пен қамқоршылықты ресімдеудің негізі


тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы


      Басшы ______________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ________________________________________ ___________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Мөр орны

  Қағидаға
8-қосымша

      Нысан

  ____________________________
көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)

Дәлелді бас тарту

      ________________________________________________________________________

      (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жергілікті атқарушы орган),

      сіздің ________ жылғы № __________ өтінішіңізді қарап, "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартқаны туралы хабарлайды.

      _________________________________________________________________________

                        (Бас тартудың негіздемесі).

      Басшы ____________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ________________________________________ _________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Мөр орны

  Қағидаға
8-қосымша

Шешім № ____ 20 ____ жылғы "_____" ________ ___________________________________________ (органның атауы)

      Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты тоқтату туралы

      Азамат(ша) _____________________________________________________

      Жынысы________ туған күні _____ жылғы "_____" ________

      Негіздеме______________________________________________________

      (себебін көрсету)

      20 ___ жылғы "_____"___________________ бастап қорғаншылық немесе

      қамқоршылық тоқтатылсын.

      Басшы _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Маман _________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады