8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушы (балалары және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсына отырып) өздері көрсетілетін қызметті алушыға және Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген кезде:
1) осы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауланама;
2) көрсетілетін қызметті алушының шетелдік паспортының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс.
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 531 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33001 тіркелген) өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы не "Халықтын көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 4) тармақшасына сәйкес төлем қабілеттілігін растаудан босатуға арналған негіздердің болуын куәландыратын құжат;
4) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар адамдарды және Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
6) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне кемінде күнтізбелік 180 күн қою туралы жеке және заңды тұлғамен (Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілеттігін растайтын көрсетілетін қызметті алушылар үшін)нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған өтініш.
7) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 тіркелген) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттарының бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы (028/у медициналық анықтама);
8) мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;
9) мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат.
10) сұранысқа ие кәсіптер тізбесінің талаптарына жауап беретін, оларға қатысты "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелген) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар берудің жеңілдетілген тәртібі белгіленетін адамдар – Қазақстан Республикасының ұлттық жұмыстар жіктеушісінің (бұдан әрі - ҰЖЖ) тобын және ҰЖЖ талаптарына (кәсібі, дағдыларының деңгейі мен мамандануы, диплом, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, біліктілік деңгейі) сәйкестігін көрсете отырып, салалық мемлекеттік органның қолдаухатын.
11) "Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегi № 730 бұйрығымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелген) Ішкі істер органдары айқындайтын тәртіпте берілетін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялаудан өткені туралы анықтама.
3), 4), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 күннен аспауы тиіс.
Өзге мемлекеттің азаматтығын, Қазақстан Республикасында орналасқан дипломатиялық өкілдік және консулдық мекеме арқылы ресімдеген және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар көрсетілетін қызметті алушы 1), 2), 8), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ата-анасымен не ата-анасының бірімен келген жасы он сегізге толмаған көрсетілетін қызметті алушы, не оның заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы, қорғаншысы) Қазақстан Республикасының азаматы не шетел азаматы, немесе Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам болып табылған жағдайда 1), 2), 5), 6), 8), 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ он алты жасқа толмаған баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке басын куәландыратын басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін); Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрған жағдайда, екінші ата-анасынан (ата-анасының екеуінен де) нотариалдық расталған өтініш-келісім ұсынады.
Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландырады.
Егер Қазақстан Республикасы заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетел мемлекеті биліктерінің қатысуымен немесе сол билік тарапынан шыққан құжаттар мен актілер "Қазақстан Республикасы Елшілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған кезде қаралуға қабылданады.
|