"Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 желтоқсандағы № 822 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 17 желтоқсанда № 35480 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15266 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік кірістер органы және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қалыптастыратын мемлекеттік кірістер органдарында олар бойынша есепке алу жүргізілетін Салық және бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп (бұдан әрі – Жиынтық есеп) бюджетке есептелген салықтық түсімдерді көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады.

      "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ИААЖ) алынған түсімдер бойынша есептердің нысандары есептелген түсімдердің өзге санаттарын көрсету үшін бастапқы құжаттар болып табылады.

      Кедендік әкелу баждарының, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 26-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу туралы есептер бөлінген, бірақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер есепті күнге Қазақстан Республикасына аудармаған кедендік әкелу, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша дебиторлық берешекті көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Есептеу әдісі бойынша көрсетілетін бюджетке түсімдер салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттердің түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттер мен қарыздардың түсімдерін қамтиды. Тиісті бюджеттерге түсімдер Бюджет кодексінің 8-тарауына сәйкес көрсетіледі.";

      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Дебиторлық берешекті есепке алу үшін 1291 "Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетте есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шоты, кредиторлық берешекті есепке алу үшін 3280 "Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шоты қолданылады.

      Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша дебиторлық/кредиторлық берешектің деректері Жиынтық есептің анықталмаған түсімдері мен қайтаруларын шегергендегі салықтар (төлемдер) бойынша бересі/артық төлемдер берешегінің сальдосына сәйкес келеді.

      Дебиторлық берешектің құрамына банкроттардың және мәжбүрлеп таратылатын өзге де заңды тұлғалардың салық берешегінің, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік кірістер органдары республикалық бюджеттің салық түсімдері бойынша мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған берешек сомалары енгізілмейді.

      Бюджетке салық түсімдері бойынша дебиторлық/кредиторлық берешектің құрамына бөлінген, бірақ есепті күнге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аударылмаған кедендік әкелу, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек енгізіледі.

      31. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан асып кетуімен негізделген қайтарылуға жататын сома бойынша шығыстарды есептеу кезінде 7260 "Бюджетке түсетін түсімдерді азайту бойынша шығыстар" шоты қолданылады.";

      осы Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 822 бұйрығына қосымша
  Республикалық, облыстық
бюджеттің, республикалық
маңызы бар қала, Астана
бюджеттерінің, аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджетінің,
аудандық (облыстық маңызы
бар қала) бюджеттің, аудандық
маңызы бар қала, ауыл, кент,
ауылдық округ бюджеттерінің
атқарылуы туралы жылдық
шоғырландырылған қаржылық
есептілікте бюджет түсімдерін
көрсету қағидаларына
қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

_____ жылғы "__" ________ есепті кезеңге арналған Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп*

      Ұсынылады: Республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға** және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарға

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. minfin.gov.kz

      Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп* (бұдан әрі – Жиынтық есеп)

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЖЕ-1

      Кезеңділік: жылдық

      Есепті кезең: _____ жылғы "__" ___________

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Мемлекеттік кірістер органы және оның аумақтық бөлімшілері

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін

      Бизнес-сәйкестендiру нөмiрі


      Жинау әдісі: электронды түрде

      Бюджет түрі _______________________

      Өлшем бірлігі: теңге

Түсімдердің бюджет сыныптамасы коды

Бюджет сыныптамасы кодының атауы

Төлем түрі

Жыл басындағы сальдо

Есептелген салықтар (төлемдер)

Азайтылған салықтар (төлемдер)

Түскен (есепке жатқызылған) салықтар (төлемдер)

Қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтар (төлемдер)

Өзгертілген салық міндеттемесін орындау мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы

Жылдың соңындағы сальдо

салықтар (төлемдер) бойынша берешек

салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем

салықтар (төлемдер) бойынша берешек

салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


Жиыны











І бөлім. Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар



салық












өсімпұл












айыппұл












анықталмаған түсімдер

х

х

х

х



х

х

х


Жиыны











II бөлім. Жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдер бойынша операциялар



салық












өсімпұл

х

х

х

х



х

х

х



айыппұл

х

х

х

х



х

х

х



анықталмаған түсімдер

х

х

х

х



х

х

х


Жиыны











      Ескертпе: * Есеп кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларының есепке ала отырып ұсынылды.

      **Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган.

      Мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған банкрот салық төлеушілердің және өзге де мәжбүрлеп таратылатын, сондай-ақ заңды тұлғалардың дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп әкімшілік деректерді жинауға арналған "Жиынтық есеп" нысанына 1-қосымшаға сәйкес жасалады.

      Шоттардың корреспонденцияларын көрсеткен кезде мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған банкрот салық төлеушілердің және өзге де мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғалардың дербес шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есепте көрсетілген сомалар Жиынтық есептен алып тасталады.

      Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын сату бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуімен негізделген қайтарылуға жататын сомалар бойынша есеп әкімшілік деректерді жинауға арналған "Жиынтық есеп" нысанына 2-қосымшаға сәйкес жасалады.

      Өтеусіз негізде әкімшілік деректерін жинауға арналған "Жиынтық есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Жиынтық есеп" нысанына қосымшада берілген.

      Атауы ______________________ Мекенжайы__________________

      ___________________________________ ____________________________

      Телефоны________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы_____________________________________

      Орындаушы______________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон

      Бас бухгалтер немесе құрылымдық бөлімшеге басшылық ететін адам

      _______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған "Мемлекеттік кірістер
органдарында есебі жүргізілетін
салықтар мен бюджетке
төленетін төлемдердің
қорытынды операциялары
бойынша жиынтық есеп"
нысанына
1-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған банкрот салық төлеушілердің және өзге де мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғалардың жеке шоттарының қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп

      Есепті күн:

      Жыл басынан бергі кезеңділік:

      Өңірдің атауы: _____________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің

      Есепті қалыптастыру күні мен уақыты:

      Өлшем бірлігі: теңге

Бюджеттік сыныптама коды (бұдан әрі –БСК)

Төлемдердің атауы

Төлем түрі

Жыл басындағы сальдо

Есептелген

Азайтылған

Түскен (есепке жатқызылған)

Қайтарылған

Өзгертілген салық міндеттемесін орындау мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы

Жылдың соңындағы сальдо

бересі (-)

артық төлем (+)

бересі (-)

артық төлем (+)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (барлығы)













Банкрот деп танылған салық төлеушілердің жеке шоттарының қорытынды операциялары бойынша













БСК бойынша жиыны











Мемлекеттік кірістер органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қолданған салық төлеушілердің жеке шоттарының қорытынды операциялары бойынша

БСК бойынша жиыны











      Атауы ______________________ Мекенжайы__________________

      ___________________________________ __________________________

      Телефоны_____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы__________________________________

      Орындаушы___________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон

      Бас бухгалтер немесе құрылымдық бөлімшеге басшылық ететін адам

      _______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған "Мемлекеттік кірістер
органдарында есебі жүргізілетін
салықтар мен бюджетке
төленетін төлемдердің
қорытынды операциялары
бойынша жиынтық есеп"
нысанына
2-қосымша

Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан асып кетуімен негізделген қайтарылуға жататын сомалар бойынша есеп

      теңге

Бюджеттік сыныптама коды

Есепті кезең үшін қайтаруға жатады

Қайтарылды




Жиыны



      Атауы ______________________ Мекенжайы__________________

      _________________________________ ____________________________

      Телефоны_____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы__________________________________

      Орындаушы___________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон

      Бас бухгалтер немесе құрылымдық бөлімшеге басшылық ететін адам

      _____________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _____________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған "Мемлекеттік кірістер
органдарында есебі жүргізілетін
салықтар мен бюджетке
төленетін төлемдердің
қорытынды операциялары
бойынша жиынтық есеп"
нысанына қосымша

Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған "Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" нысанын толтыру бойынша түсініктеме (ЖЕ-1, жылдық)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" (бұдан әрі – Жиынтық есеп) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны, "Салық төлеушінің жеке шотын жүргізу, салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер, айыппұлдар, өсімпұл бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы есеп-қисаптар сальдосын есептеу, есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді қалыптастыру, сондай-ақ "Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.

      2. Жиынтық есепті мемлекеттік кірістер органы мен оның аумақтық бөлімшесі есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін қалыптастырады және республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға ұсынылады.

      3. Жиынтық есеп төлемдер журналы мен салық төлеушілердің жеке шоттарының деректері негізінде теңгеде толтырылады.

      Жиынтық есеп есепті жасау күніне салық төлеушілердің дербес шоттарында көрсетілген барлық жазбалар ескеріле отырып қалыптастырылады.

      4. Жиынтық есепке мемлекеттік кірістер органы мен оның аумақтық бөлімшелерінің орындаушысы мен басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдар қол қояды.

2-тарау. Жиынтық есепті толтыру бойынша түсіндірме

      5. Жиынтық есептің І "Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар" бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.

      6. Жиынтық есептің ІІ "Жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдер бойынша операциялар" бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.

      7. Жиынтық есептің 1-бағанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.

      8. Жиынтық есептің 2-бағанында БСК атауы көрсетіледі.

      9. Жиынтық есептің 3-бағанында төлем (анықталмаған салық, өсімпұл, айыппұл) түрі көрсетіледі.

      10. Жиынтық есептің 4-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.

      11. Жиынтық есептің 5-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем сомасы көрсетіледі.

      12. Жиынтық есептің 6-бағанында тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша есептелген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомаларын есептеуге (азайтуға) тізілім негізінде есептелген салық төлеушілердің салық есептілігінің деректері бойынша есептелген салықтардың (төлемдердің) сомалары көрсетіледі.

      13. Жиынтық есептің 7-бағанында уәкілетті Мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша азайтылған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомаларын есептеуге (азайтуға) тізілімнің, тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының хабарламалары негізінде азайтылған салық төлеушілердің салық есептілігінің деректері бойынша азайтылған салықтардың (төлемдердің) сомалары көрсетіледі.

      14. Жиынтық есептің 8-бағанында есепті жыл үшін төленген салықтардың (төлемдердің) сомалары және осы салықтарға (төлемдерге) есептелген республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi органнан алынған деректер көрсетіледі.

      15. Жиынтық есептің 9-бағанында бюджеттен қайтарылған және басқа салықтарға (төлемдерге) және басқа мемлекеттік кіріс органдарына есептелген жылдағы сомалары бойынша республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi органан алынған деректер көрсетіледі.

      16. Жиынтық есеп нысаны бойынша қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтарды (төлемдерді) алып тастағандағы (9-баған) салықтар (төлемдер) түсімдерінің қорытынды сомасы (8-баған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында есепке алынуға және бөлінуге жататын түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) республикалық бюджеттің, тиісті жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есептерде көрсетілген түсімдер бойынша деректерге сәйкес келеді.

      17. Жиынтық есептің 10-бағанында салықты (төлемді) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгертілген сомалар және кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) өтеу кестесі бойынша сомалар көрсетіледі.

      18. Жиынтық есептің 11-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.

      19. Жиынтық есептің 12-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлеу сомасы көрсетіледі.

      20. Жиынтық есепке 1-қосымшада банкроттардың және мәжбүрлеп таратылатын өзге де заңды тұлғалардың салық берешегінің есептелген, азайтылған, келіп түскен (есепке жатқызылған) және қайтарылған сомалары, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдары оған қатысты мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шараларын қабылдаған берешегі көрсетіледі

      21. Жиынтық есепке 2-қосымшада нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар жасалған салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуіне негізделген қайтарылуға жататын сомалар, сондай-ақ салықтардың басқа түрлері бойынша нақты қайтару сомалары көрсетіледі.

      22. Мемлекеттік кірістер органы мен оның аумақтық бөлімшелері:

      1) бюджет түсіміне әсер ететін негізгі факторларға;

      2) салықтық түсімдердің жалпы сомасына үлес салмағын көрсете отырып, БСК бөлінісінде неғұрлым ірі бюджетке салықтық түсімдердің есептелген және төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларына;

      3) бересі мен артық төлемнің пайда болу себептері;

      4) Жиынтық есептің салықтары бойынша берешекке енгізілген бересі сомасы себептеріне талдауды жүзеге асырады.

      Талдау бойынша деректер есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей, жартыжылдық үшін – ағымдағы жылдың 10 тамызынан кешіктірмей ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады