"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Нұр-Сұлтан қаласының көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 356/45- VI шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1210 болып тіркелген).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Е. Каналимов |