Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 262 "Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 49 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қаңтарда № 4668-12 болып тіркелді

      Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №262 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3495 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 2 қосымшада:

      қазақ тіліндегі реттік нөмірі 3-жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      "

3

Жетібай ауылы

Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық орталық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық кітапханасы ғимаратының жанындағы тақта

      ".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия ауданының әкімі С. Төретаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарақия аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады