2024 жылға арналған Атырау қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 95 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 наурызда № 5145-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 33110 болып тіркелді) Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласы
Мәслихатының төрағасы
Н. Құрман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады