"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен оны пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Исатай ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. "Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды өткізу туралы" Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 330-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4745 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылау Исатай аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Рахметов |
Исатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 шілдедегі № 102-VIII шешіміне 1 қосымша |
Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен оны пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1. Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1) Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі бойынша орналасқан, "Тәуелсіздік" алаңы;
2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты:
Аққыстау ауылындағы Жазғы стадионнан бастап Егемен Қазақстан көшесі бойымен "Тәуелсіздік" алаңына дейін.
2. Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
3. Арнайы орындар "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің санитарлық нормалары мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.
4. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
5. Исатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:
1) Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі бойынша орналасқан, "Тәуелсіздік" алаңы, шекті толу нормасы 300 адам;
2) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Аққыстау ауылындағы Жазғы стадионнан бастап Егемен Қазақстан көшесі бойымен "Тәуелсіздік" алаңына дейін, шекті толу нормасы 300 адам.
6. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
7. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
8. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.
9. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.
10. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні сағат 09:00-ден ерте бастауға және сағат 20:00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Исатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 шілдедегі № 102-VIII шешіміне 2 қосымша |
Исатай ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
1. Исатай ауданының аумағында іргелес аумақтардың шекарасында 800 метрден пикет өткізуге:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінің және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жол берілмейді.