БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Турлубаев |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 1 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер бағасының индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 124 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12063 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдердің баға индекстерін құру әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Әдістеме халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылған және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген статистикалық әдіснамаға жатады.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:";
4) тармақша алып тасталсын;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Экспорттық жеткізілімдер, импорттық түсімдер тауарларына, өнімдеріне бағаны тіркеу базалық объектілердің тауарлардың, өнімдердің экспорттық жеткізілімдері мен импорттық түсімдерінің бағалары туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруы арқылы ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Кеден статистикасының әкімшілік деректері және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы деректер салмақтау сызбасын құру үшін ақпарат көзі болып табылады.".
2. "Көтерме саудада сату бағасының индексін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 16 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13452 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көтерме саудада сату бағасының индексін құру әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Көтерме саудада сату бағасының индексін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелері тауарларды, өнімдерді көтерме саудада сату бағаларына жалпымемлекеттік статистикалық байқау жүргізуде және көтерме сауда бағасының индексін құру кезінде қолданады.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:";
3) тармақша алып тасталсын.
3. "Өнеркәсіптегі өндірушілер бағаларының индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 31 мамырдағы № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13845 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптегі өндірушілер бағаларының индекстерін құру әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Өнеркәсіптегі өндірушілер бағаларының индекстерін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:";
3) тармақша алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) және оның аумақтық бөлімшелері өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдеріне (тауарлары, көрсетілетін қызметтері) бағасына, өндірістік-техникалық мақсаттағы сатып алынған өнімдердің бағасына жалпымемлекеттік статистикалық байқау жүргізуде және өнеркәсіпте өндірушілер бағасының индексін құру кезінде қолданады.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Деректерді таратудың Халықаралық Валюталық Қоры әзірлеген Арнайы халықаралық стандартына сәйкес өндірушілер бағасының индексі ақпаратты шығарудың белгіленген мерзіміне сәйкес ай сайын жарияланады. Ақпарат Бюроның интернет-ресурсында орналастыру арқылы барлық пайдаланушылар үшін бір мезгілде таралады. Пайдаланушыларға көмек ретінде баға индексінің жарияланымы қысқаша әдіснамалық түсіндірмелермен бірге беріледі.".
4. "Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13869 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылған және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген статистикалық әдіснамаға жатады.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Әдістемеде "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы", "Теміржол көлiгі туралы", "Автомобиль көлiгі туралы", "Ішкі су көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мәндердегі ұғымдар мен мынадай анықтамалар қолданылады:";
3) тармақша алып тасталсын.
5. "Пошталық, курьерлік және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 23 тамыздағы № 170 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14251 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошталық, курьерлік және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстерін құру әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Пошталық, курьерлік және байланыс қызметтері тарифтерінің индекстерін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Әдістемеде Заңда, сондай-ақ "Пошта туралы", "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалған мәндердегі ұғымдар мен мынадай анықтамалар қолданылады:";
11) тармақша алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес экономиканың зерттеліп отырған сегменттері әртүрлі шарттарда хаттар мен сәлемдемелерді жинау, тасымалдау және жеткізу қызметтері сияқты пошталық және курьерлік қызметтерді қамтитын пошта және курьерлік қызмет салаларын және телекоммуникациялық және дауыстық, мәтіндік, дауыс және видео деректерді беру сияқты басқа да ілеспе қызметтерді қамтитын телекоммуникацияларды қамтиды.".
6. "Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14726 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индекстерін құру әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индекстерін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:";
2) тармақша алып тасталсын;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге баға индексі Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жарияланады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында барлық пайдаланушылар үшін бір уақытта таратылады. Пайдаланушылар үшін баға индексінің жарияланымы қысқаша әдіснамалық түсіндірмелермен бірге беріледі.".
7. "Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне баға индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 308 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14663 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне баға индекстерін құру әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өніміне баға индекстерін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:";
4) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қызмет түрi – қызмет түрлері жіктелімінің едәуір ірілендірілген санаттарын сипаттайтын, өнімнің (тауарлар және көрсетілетін қызметтердің) біртектес жинағын құру үдерісі. Негізгі қызмет түрі - қосылған құны шаруашылық субъектісі жүзеге асыратын кез-келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асып түсетін қызмет түрі. Қосалқы қызмет түрі - үшінші тұлғалар үшін өнімдерді (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді) өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі;";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Бірінші кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикалық тізбесіне өткізу әртүрлі кезеңдерде, Қазақстан Республикасының барлық аумағында өндірілетін:
1) жыл ішінде үнемі өндірілетін (мал шаруашылығы өнімі);
2) жылына бірнеше ай өндірілетін, бірақ жыл ішінде өткізілетін (астық және көкөніс дақылдарының жекелеген түрлері);
3) өндірістің маусымдылығы басым (ашық топырақтағы қызанақтар мен қиярлар, қант қызылшасы, мақта, темекі және маусымдық өнімнің басқа да түрлері) өнім түрлері (түртармақтары) қосылады.
Балық аулау және балық өсіру өнімінің бағаларын байқау үшін Қазақстан Республикасындағы өндірілетін немесе өсірілетін балықтардың түрлері анықталады. Мұхит және жағалау суларынан аулау нәтижесінде алынған балық түрлері теңіз балықтары ретінде көрсетіледі, ішкі сулардан ауланған балық және шаянтәрізділер, тұщы су балықтары ретінде көрсетіледі.";
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Халықаралық Валюта Қоры әзірлеген деректерді таратудың Халықаралық арнайы стандартына сәйкес ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдеріне өндірушілердің баға индексі ақпаратты шығарудың белгіленген мерзіміне сәйкес ай сайын, тоқсан сайын жарияланады. Ақпарат электрондық кестелер түрінде Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыру арқылы барлық пайдаланушылар үшін бір мезгілде таралады. Тауарлар топтары, кластары және түрлері бойынша неғұрлым нақтыланған бағаның өзгеруі туралы ақпарат "Талдау" Ақпараттық-талдамалық жүйесінде жарияланады.
Пайдаланушыларға өндірушілердің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдеріне баға индексінің жарияланымы қысқаша әдіснамалық түсіндірмелермен бірге беріледі.
Қоғамның индекске деген сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында бағаны тіркеу рәсімдерін және баға индексін есептеу тәртібін сипаттау Ұлттық статистика бюросының сайтында қолжетімді буклеттер, кітапшалар және басқа да басылымдар түрінде жарияланады.
Орташа бағаларды жариялау өңір және Қазақстан Республикасы бойынша есептелген орташа бағаның репрезентативтілігін сақтау кезінде жүзеге асырылады.".
8. "Құрылыс ұйымдары сатып алатын құрылыс материалдары, бөлшектер мен конструкцияларға бағаның өзгерісін байқау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12940 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыс ұйымдары сатып алатын құрылыс материалдары, бөлшектер мен конструкцияларға бағаның өзгерісін байқау әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Құрылыс ұйымдары сатып алатын құрылыс материалдары, бөлшектер мен конструкцияларға бағаның өзгерісін байқау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылады:";
2) тармақша алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бағаны тіркеу базалық объектілердің сатып алынған құрылыс материалдары, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын ай сайынғы толтыруы арқылы жүзеге асырылады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Бастапқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін Заңның 12-бабы 17) тармақшасына сәйкес базалық объектінің мамандары бір жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшелерге жөнелтпе құжаттар, шот-фактуралар, сәйкестік сертификаттары, сынақ хаттамаларын ұсынады.
Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың бағасы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген құрылыс материалдарының жекелеген түрлері бойынша растау құжаттары статистикалық нысанмен бірге ұсынылады.".
9. "Құрылыстағы баға индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14694 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыстағы баға индекстерін құру әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құрылыстағы баға индекстерін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелері құрылыс құнын және баға индекстерін (бұдан әрі – құрылыс индекстері) қалыптастыру кезінде пайдаланады.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Құрылыстағы баға индексі Статистикалық жұмыстар жоспарының мерзімдеріне сәйкес ай сайын жарияланады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсына орналастыру арқылы барлық пайдаланушылар үшін бір мезгілде таратылады. Пайдаланушылар үшін баға индекстерін жариялау қысқаша әдіснамалық түсініктемелермен бірге беріледі.".