"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 4 наурыздағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 наурызда № 35785 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМС) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Ереже).

      МЖМС меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзімі қойылатын талаптарды айқындайды.

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы білім беру ұйымдарында, білім беру мазмұны мен оқыту технологиясы ерекше мәртебеге сәйкес, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушылар үшін дербес айқындалады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Магистратурада кадрлар даярлау білім беру бағдарламалары негізінде екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

      1) ғылыми-педагогикалық;

      2) бейінді.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны мыналардан тұрады:

      1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін зерделеуді қамтитын теориялық оқу;

      2) магистранттарды практикалық даярлау: кәсіптік практика;

      3) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін – магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы. ӘАОО үшін магистрлік диссертацияны немесе магистрлік жобаны орындау;

      4) қорытынды аттестаттау";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жоғары оқу орны компоненті және таңдау бойынша компонент пәндерінің тізбесін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды. Бұл ретте еңбек нарығы мен магистранттардың қажеттіліктері ескеріледі.

      ӘАОО-ны қоспағанда, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламаларының БП циклінің жоғары оқу орны компоненті ғылым тарихы мен философиясы, кәсіптік шет тілін меңгеру, психологиялық-педагогикалық цикл саласында құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейтін, оқыту әдістемесі мен әдістері мен оқыту технологиясын қамтитын пәндерді қамтиды, бейіндік бағыт үшін – кәсіптік шет тілін меңгеру саласындағы құзыреттерді, басқарушылық құзыреттер мен басшылық дағдыларын қалыптастыруды көздейтін пәндер.

      ЖЖОКБҰ БП циклінің жоғары оқу орны компонентінің пәндері бойынша пәнаралық бағдарламалар әзірлейді.";

      16-тармақ алып тасталсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытумен қатар немесе жеке кезеңде жүргізілуі мүмкін практиканың екі түрін қамтиды:

      1) БП циклінде педагогикалық – ЖЖОКБҰ-да (ӘАОО-ларда БП циклінде және ОҚТ);

      2) бейіндеуші пәндер циклінде зерттеу – диссертация орындалған жерде (ӘАОО-ларда МҒЗЖ шеңберінде немесе бейіндеуші пәндер циклінде).";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ (МЭЗЖ)) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті саладағы немесе қызмет салаларындағы ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан міндетті өту қарастырылады.

      Ғылыми тағылымдамадан өту орны білім беру бағдарламасының ғылыми бағытына және зерттеу тақырыбына сәйкес келеді.

      Тағылымдаманың ұзақтығы кемінде күнтізбелік 14 күнді құрайды.

      Тағылымдама бағдарламасы мен апталық жоспарын ЖЖОКБҰ тағылымдама өтетін ұйыммен бірлесіп бекітеді.

      МҒЗЖ (МЭЗЖ) оқу жұмысының басқа түрлерімен қатар немесе жекелеген кезеңде жоспарланады.

      ӘАОО-да ғылыми тағылымдама МҒЗЖ шеңберінде жүзеге асырылады, тағылымдамадан өту тәртібі Заңының 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес айқындалады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Магистрлік диссертацияның (жобаның) негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда және (немесе) ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Магистрант қабылданғаннан кейін екі ай ішінде ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ғылыми кеңестің шешімі негізінде магистрлік диссертацияның (жобаның) тақырыбы бекітіледі және ғылыми жетекші тағайындалады. МҒЗЖ (МЭЗЖ) нәтижелерін ескере отырып, магистрлік диссертация (жоба) тақырыбын түзетуге жол беріледі.";

      48, 49, 50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Магистратурада кадрлар даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Оқуға түсу кезінде магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білімнің білім беру бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда магистрантқа игеру үшін пререквизиттер белгіленеді.

      Қажетті пререквизиттер тізбесі мен оларды игеру мерзімдерін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды. Пререквизиттер ақылы негізде игеріледі.

      Пререквизиттер ретінде магистрант формальді емес білім беру арқылы алынған оқу нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 322 Бірлескен бұйрығымен бекітілген Кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес тануды ЖЖОКБҰ жүзеге асыратын тиісті деңгейдегі формальді емес білім беруді оқыту нәтижелерін ұсынады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33580 болып тіркелген).

      Жоғары арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелері бейіндік бағыт бойынша тиісті магистратура бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелеріне теңестіріледі.

      ӘАОО үшін жоғары арнаулы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелері түрлі академияның білімі болған кезде бейінді бағыттағы магистратураның тиісті бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелеріне теңестіріледі.

      49. МВА/ЕМВА білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға "іскерлік әкімшілендіру магистрі" дәрежесі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) бірге тегін беріледі.

      50. Оқу жүктемесі магистранттың оқу пәнін, модулін немесе магистратураның бүкіл білім беру бағдарламасын зерделеуіне кететін және оның оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажет болатын уақытпен өлшенеді.

      51. Оқу жүктемесі магистранттың барлық оқу қызметін қамтиды – дәрістер, семинарлар, топтық сабақ, топтық жаттығулар, практикалық сабақтар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, студиялық сабақтар, практика, ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименттік-зерттеу жұмысы), магистрлік диссертацияны (жобаны), өзіндік жұмысты, оның ішінде оқытушының жеткшілігімен орындау.";

      54 және 55 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Магистранттың оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жылы нысанын ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым дербес айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта, триместр – 10 апта, тоқсандық – 7-8 апта), қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұрады.

      Академиялық кезеңдерді ұйымдастырудың аралас нысандарын пайдалануға жол беріледі.

      55. Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі кемінде 60 академиялық кредитке және бір оқу жылында кемінде 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Магистратурада оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Магистр дәрежесін алу үшін академиялық кредиттердің белгіленген көлемі меңгеріліп, күтілген оқыту нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда, білім беру бағдарламасы толық аяқталған болып есептеледі.";

      64-тармақ алып тасталсын;

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Докторантурада кадрлар даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

      1) ғылыми-педагогикалық (PhD докторантура) – магистратураның білім беру бағдарламасы негізінде;

      2) бейінді – индустриялық PhD бағдарламасын және DBA бағдарламасын қоса алғанда, бейінді магистратураға теңестірілген магистратураның немесе жоғары арнаулы білімнің білім беру бағдарламасының базасында.

      Бұл ретте индустриялық PhD бағдарламасы "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (техникалық физика), "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" сияқты білім беру салаларында іске асырылады.

      Оқуға түсу кезінде докторантураның білім беру бағдарламасының бейіні магистратура бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда докторантқа игеру үшін пререквизиттер белгіленеді (ӘАОО-да пререквизиттер белгіленбейді), олар алдыңғы білім деңгейі бағдарламасының бейінін оқытудың негізгі нәтижелерін жабуға тиіс.

      Қажетті пререквизиттердің тізбесі мен көлемін және оларды игеру мерзімдерін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.

      Магистратураның бейінді бағыттағы магистрі PhD докторантурасына түскен кезде оған ӘАОО-ны қоспағанда, педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасы пререквизиттер ретінде қосымша белгіленеді.

      Пререквизиттер ӘАОО-ны қоспағанда, ақылы негізде игеріледі.

      Пререквизиттер ретінде докторант тиісті деңгейдегі формальді емес білім беруді оқыту нәтижелерін ұсынады, оларды тануды ЖЖОКБҰ белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасы ұлттық экономика, әлеуметтік салалар: білім беру, медицина, құқық, өнер, экономика, бизнес-әкімшілендіру, инженерия, жаратылыстану, ақпараттық технологиялар, қауіпсіздік және әскери іс салалары үшін ғылымның тиісті бағыттары бойынша тиісті кәсіптік қызмет саласында эксперименттік-зерттеу жұмысын, іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды..";

      71, 72, және 73 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Практика ғылыми, ғылыми-педагогикалық және кәсіптік қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

      Докторантураның білім беру бағдарламасы:

      1) педагогикалық және зерттеу практикасын – PhD бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін;

      2) өндірістік практиканы – бейінді докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін қамтиды.

      Педагогикалық практика кезеңінде докторанттар қажет болған жағдайда бакалавриат және магистратурада сабақ өткізуге тартылады.

      Докторанттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін зерделеу, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану, диссертациялық зерттеулерде эксперименттік деректерді түсіндіру бойынша практикалық дағдыларды бекіту мақсатында өткізіледі.

      Докторанттың өндірістік практикасы оқыту және кәсіби деңгейін арттыру процесінде алған теориялық білімді бекіту мақсатында өткізіледі.

      Докторанттың "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" білім беру салаларындағы бейінді докторантура бағдарламасы бойынша практикасы докторанттарда іргелі интеграцияланған ғылыми білім мен кәсіби құзыреттерді қалыптастыру, индустрияны дамытудың стратегиялық көзқарасын, ғылыми қолданбалы инновацияларды құру, жаңа инженерлік шешімдерді қалыптастыру мақсатында әріптес кәсіпорын базасында жүргізіледі.

      Зерттеу және өндірістік практикалардың мазмұны докторлық диссертациялар тақырыбымен айқындалады.

      72. Докторантураның білім беру бағдарламасының ғылыми құрамдасы докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысынан (бұдан әрі – ДҒЗЖ) немесе эксперименттік-зерттеу жұмысынан (бұдан әрі – ДЭЗЖ), ғылыми жарияланымдарынан, докторлық диссертацияларды жазу мен қорғаудан құрылады.

      Докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының көлемі докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 123 академиялық кредитті құрайды.

      ЖЖОКБҰ ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) ұйымдастыру нысанын, орны мен мерзімін дербес айқындайды.

      ӘАОО-ларда докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының көлемі докторантураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен 123 академиялық кредитті құрайды.

      73. ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) шеңберінде докторанттың жеке жұмыс жоспарында инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салалардың немесе қызмет салаларының ұйымдарында, оның ішінде шетелде міндетті түрде тағылымдамадан өту көзделеді.

      Докторанттың шетелдік тағылымдамадан өту мерзімін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды, тағылымдаманың ұзақтығы кемінде күнтізбелік 30 күнді құрайды.

      Тағылымдама бағдарламасының мазмұны докторанттың зерттеу бейініне сәйкес келеді.

      Тағылымдама бағдарламасын ЖЖОКБҰ базасында тағылымдама ұйымдастырылған ұйыммен бірлесіп бекітеді.

      Тағылымдаманы зерттеу тақырыбы бойынша зерттеулердің және (немесе) жарияланымдардың алдын ала нәтижелері бар адамдар жүзеге асырады.

      Тағылымдама нәтижелері ЖЖОКБҰ-ның ғылыми семинарында қарастырылады.

      ӘАОО-да ғылыми тағылымдамадан өту тәртібі Заңның 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес айқындалады.";

      75 және 76 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша білім алушының ДЭЗЖ-на қойылатын талаптар:

      1) докторлық диссертация қорғау бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының негізгі проблемаларына сәйкес келеді;

      2) өзекті және ғылыми жаңалық пен практикалық маңыздылықты қамтиды;

      3) ғылымның, технологияның және өндірістің қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделеді және кешенді, функционалды сипаттағы басқару мәселелеріне арналған нақты практикалық ұсынымдарды, тәуелсіз шешімдерді қамтиды;

      4) озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады;

      5) негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерін қамтиды.

      ДЭЗЖ "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" білім беру салаларындағы бейіні бойынша доктор бағдарламалары бойынша әріптес кәсіпорынның базасында жүргізіледі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, дайындық деңгейлерін айқындау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35634 болып тіркелген) Технологиялардың әзірлігі мен ұйымдардың технологиялық әзірлігі денгейін айқындау әдістемесіне сәйкес танылатын техникалық шешім түрінде рационализаторлық ұсыныс әзірлеуге бағытталған.

      76. Оқу жылы аяқталғаннан кейін жыл сайын докторант жеке жұмыс жоспарын орындау бойынша аттестаттаудан өтеді.

      Докторантураның аттестациясын өткізу тәртібін ЖЖОКБҰ дербес анықтайды.";

      80 және 81- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Докторлық диссертацияның тақырыбы бірінші семестрде айқындалады және ғылыми кеңестің шешімімен бекітіледі.

      ДҒЗЖ (ДЭЗЖ) нәтижелерін және (немесе) алынған ғылыми (эксперименттік) нәтижелерді немесе диссертациялық зерттеудің (research proposal (ресорч пропозал)) ғылыми негіздемесін қайта бекітуді ескере отырып, докторлық диссертация тақырыбын түзетуге жол беріледі.

      Егер диссертациялық зерттеудің мазмұны қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді немесе мемлекеттік құпияларды, сондай-ақ коммерциялық құпияны құрайтын материалдарды қамтитын болса, тақырыпқа және диссертациялық зерттеуге заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті белгі беріледі.

      81. Диссертациялық зерттеудің мазмұны ұлттық басымдықтарды, іргелі немесе қолданбалы зерттеулерді іске асыруға бағытталған.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖМС-ға 7-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Бейінді докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖМС-ға 10-қосымшаға сәйкес, ӘАОО-да 11-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      ӘАОО-лар үшін ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы осы МЖМС-ға 8-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Докторантураның білім беру бағдарламалары модульдік оқыту қағидаты бойынша құрылымдалады.";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты докторанттың ғылыми-теориялық және зерттеу-аналитикалық деңгейін, қалыптасқан кәсіби және басқару құзыреттерін, кәсіби міндеттерді өз бетінше орындауға және кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламалар талаптарына сай дайындығын бағалау болып табылады.

      "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" білім беру салаларында бейінді докторантураның білім беру бағдарламаларын қорытынды аттестаттаудың мақсаты докторанттың әріптес кәсіпорынды зерттеу және (немесе) инновациялық дамытуға қосқан үлесін, инженерлік-техникалық шешімді және кәсіби және басқарушылық шешімдердің қалыптасу деңгейін бағалау болып табылады. құзыреті, кәсіби міндеттерді өз бетінше орындауға дайындығы және оның дайындығының докторантураның кәсіптік стандарты мен білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігі.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. DBA білім беру бағдарламасында докторанттың зерттеулерінің нәтижелері кемінде 7 (жеті) ғылыми басылым мен журналдарда, оның ішінде алыс шетелдердегі кемінде 3 (үш) ғылыми басылымдарда және халықаралық ғылыми конференцияларда жарияланады.

      Докторанттың зерттеу нәтижелері қоғамдық талқылаудан өтеді.";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. DBA бағдарламаларында оқытуды философия докторы PhD/бейіні бойынша доктор дәрежесі немесе дәрежесі бар немесе DBA дәрежесі бар немесе басқару, консалтингтік жұмыс тәжірибесі бар, даярлық бағыты бойынша кәсіби білімі мен дағдылары бар профессорлар-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді.";

      96 және 97-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Оқу жүктемесі докторанттың оқу пәнін, модулін немесе докторантураның бүкіл білім беру бағдарламасын зерделеуіне кететін және оның оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажет болатын уақытпен өлшенеді.

      97. Оқу жүктемесіне докторанттың оқу қызметі, ғылыми-зерттеу жұмысы (эксперименттік-зерттеу жұмысы), докторлық диссертация жазу және қорғау кіреді.

      Бұл ретте, "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" білім беру салаларында бейінді докторантураның білім алушысы докторант, ЖЖОКБҰ және кәсіпорын арасындағы үшжақты шарт негізінде оқытумен жұмысты біріктіреді, оның шеңберінде докторант әріптес кәсіпорынның өндірістік жағдайларында нақты өндірістік міндеттерді шешеді.";

      100 және 101-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Докторанттың оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жылы нысанын ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта, триместр – 10 апта, тоқсан – 7-8 апта), қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіруші курста) тұратындығы ескеріледі.

      Академиялық кезеңдерді ұйымдастырудың аралас нысандарын пайдалануға жол беріледі.

      101. Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі 60 кредитке тең және бір оқу жылында 1800 академиялық сағатқа сәйкес келеді.";

      108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Мамандандырылған тақырып бойынша ғылыми білімді тереңдету, ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешу үшін бейіні бойынша PhD докторы дәрежесін алған тұлғалар докторантурадан кейінгі бағдарламаны орындайды немесе ЖЖОКБҰ таңдаған жетекші ғалымның немесе тиісті саланың немесе қызмет саласының жоғары білікті маманының басшылығымен ғылыми (эксперименттік) зерттеулер жүргізеді.";

      111 және 112-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Докторантурада оқу мерзімі меңгерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін академиялық кредиттердің белгіленген көлемі меңгеріліп, күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізілген жағдайда білім беру бағдарламасы толық аяқталған болып есептеледі.

      112. Докторантурада кадрлар даярлау магистратураның білім беру бағдарламалары базасында:

      1) кемінде үш жыл оқу мерзімімен ғылыми-педагогикалық;

      2) кемінде үш жыл оқу мерзімімен индустриялық PhD және DBA бағдарламасын қоса алғанда бейінді.";

      113-тармақ алып тасталсын;

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1, 3, 5, 6 және 11 - қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3, 4, 5 және 6 - қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті заңнамада белгіленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін және бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндеттін атқарушы Т. Ешенкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 90
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрнінің 2022 жылғы
20 шілдедегі № 2 бұйрығына
1-қосымша

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМС) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Ереже).

      МЖМС меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзімі қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. МЖМС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс саласында және тиісті лауазымда кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;

      2) ӘАОО-дағы кәсіби құзыреттер – ұлттық қауіпсіздік жүйесінде және құқық қорғау органдарында тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағды;

      3) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;

      4) білім алушылардың білім срезі – білім алушылардың академиялық оқу кезеңіндегі оқу жетістіктерін бағалау;

      5) дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы;

      6) дипломдық жоба – жобалау элементтерін қолдана отырып және (немесе) бизнес-жобаларды, модельдерді, сондай-ақ шығармашылық сипаттағы жобаларды дайындау түрінде орындалған білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін қолданбалы міндеттерді дербес шешуді білдіретін студенттің бітіру жұмысы;

      6-1) дипломдық жұмыс – білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес студенттің өзекті проблеманы өз бетінше зерделеу нәтижелерін жинақтауды білдіретін бітіру жұмысы;

      7) Еуропалық трансферт (аудару) және кредиттер жинақтау жүйесі (ECTS (еситиэс)) – студенттің шетелде алған кредиттерін өзінің білім беру ұйымына оралғаннан кейін олардың дәреже алуы үшін есептелетін кредиттерге аудару, сондай-ақ білім беру бағдарламалары шеңберінде кредиттер жинақтау тәсілі;

      8) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім беру бағдарламасы және элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;

      9) жоғары арнаулы білім (специалитет) – кемінде 300 академиялық кредит міндетті түрде меңгерілетін тиісті білім беру бағдарламасы бойынша маманның біліктілігін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім деңгейі;

      10) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ЖЖОКБҰ айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;

      11) кеңейтілетін дәрежелер (Stackable degree (стакэбл дегри)) – әртүрлі салалардан немесе кәсіби қызметтің салаларынан формальды және формальды емес білім арқылы алынған дағдылар мен құзыреттер жиынтығы;

      12) құзыреттілік – оқу процесінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті;

      13) микробіліктілік – қысқа мерзімді оқыту кезеңінде алынған кәсіптік стандарт бойынша (немесе тиісті кәсіп шеңберінде) бір жеке еңбек функциясын орындау үшін жеткілікті білім, дағдылар мен құзыреттер көлемі;

      14) міндетті компонент – МЖМС-да белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті академиялық кредиттердің ең төменгі көлемінің тізбесі;

      15) нано-кредит – дербес және аяқталған сипаттағы оқу материалының шағын көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;

      16) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру бағдарламасы және студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде ЖЖОКБҰ дербес әзірлейтін оқу құжаты;

      17) таңдау компоненті – ЖЖОКБҰ ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең аз көлемінің тізбесі;

      ӘАОО-дағы ОЖЖ – білім беру бағдарламасы және біліктілік талаптары, сипаттамалары негізінде АӘОО дербес әзірлейтін оқу құжаты;

      18) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) Ереженің 15-тармағының 13) тармақшасына сәйкес ұсынылатын әдебиеттің мазмұнын, көлемін, айқындайтын білім беру бағдарламасының міндетті компонентіндегі пәннің оқу құжаты;

      19) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша алған, көрсететін білімдерінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қатынастар.

2-тарау. Оқу нәтижелеріне бағдарлана отырып жоғары білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

      3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелерін ескере отырып әзірленеді, оларды тұжырымдау кезінде Еуропалық трансферт (аудару) жүйесіне және кредиттердің жинақталуын (ECTS) басшылыққа ала отырып, ЖЖОКБҰ мынадай шарттарды ұстанады:

      1) оқыту нәтижелері бағдарламаның мәнмәтінін, деңгейін, көлемін және мазмұнын көрсетеді;

      2) оқыту нәтижелерін тұжырымдау қысқа және тым егжей-тегжейлі болып табылады;

      3) оқыту нәтижелері өзара байланысты сипатталады;

      4) оқыту нәтижелері түсінікті болып табылады және білім алушының оқу процесінде алған құзыреттерімен верификацияланады;

      5) оқыту нәтижелері оқу жүктемесінің белгіленген көлеміне сәйкес қолжетімді болып табылады;

      6) оқыту нәтижелері тиісті оқу қызметіне, бағалау әдістері мен өлшемшарттарына байланысты;

      7) білім алушыларға игеруге ұсынылатын оқыту нәтижелерінің саны осы МЖМС 35 - тармағында ұсынылған дискрипторларға сәйкес келеді.

      3-1. Жоғары білім беру бағдарламасының құрылымы үш цикл пәнінен тұрады – жалпы білім беретін пәндер (бұдан әрі – ЖБП), базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер және осы МЖМС-ға 1 және 2-қосымшаларда келтірілген.

      ЖБП циклі міндетті компонент (бұдан әрі – МК), жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) және (немесе) таңдау компоненті (бұдан әрі – ТК) пәндерін қамтиды. БП және бейіндеуші пәндер циклдері ЖК және ТК пәндерін қамтиды.

      ӘАОО-ларда ЖБП циклі міндетті және жоғары оқу орны компоненті пәндерінен, БП және бейіндеуші пәндер циклдері жоғары оқу орны компоненті пәндерінен тұрады, олардың құрылымы осы МЖМС-ға 3-қосымшада келтірілген.

      4. ЖЖОКБҰ мазмұны ҮОБ-мен айқындалатын ЖБП циклінің тізбесіндегі міндетті компонент пәндерінің көлемін қысқартпайды. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары ерекшелік болып табылады.

      ЖББ циклінің "Қазақстан тарихы" және "Философия" оқу пәндерінің мазмұны тиісті бейіндегі білім беру бағдарламаларын қоспағанда, ҮОБ-мен айқындалады.

      Кәсіптік даярлау сапасын арттыру және ЖЖОКБҰ кадрларын даярлау бағыттарының ерекшеліктерін есепке алу үшін ҮОБ айқындайтын "Шет тілі", "Орыс тілі", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Дене шынықтыру" пәндерінің мазмұнына дербес өзгерістер енгізеді.

      ЖЖОКБҰ ҮОБ-мен айқындалатын "Қазақ тілі" пәнінің және әлеуметтік-саяси білім модулінің мазмұнына 50% - ға дейін өз бетінше өзгерістер енгізеді.

      Қазақстан Республикасының аумағында "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 65-бабының 4-тармағына сәйкес құрылған шетелдік ЖЖОКБҰ филиалдары және (немесе) шетелдік ЖЖОКБҰ "Қазақстан тарихы", "Қазақ тілі" және "Философия" пәндерін қоспағанда, ҮОБ айқындайтын ЖБП циклі пәндерінің мазмұнына дербес өзгерістер енгізеді және (немесе) ЖБП циклінің пәндерін ауыстырады.

      ЖЖОКБҰ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқитын адамдарға ЖББ циклінің оқу пәндері бойынша бұрын игерілген оқу нәтижелерін тануды жүзеге асырады. Бұл ретте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқитын адамдар "Қазақстан тарихы" пәнін оқиды.

      ӘАОО-да ЖББ циклінің оқу пәндерінің мазмұнын ӘАОО-лар дербес айқындайды.

      5. ЖК және ТК пәндерін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды және еңбек нарығының қажеттілігін, жұмыс берушілердің күтуін және білім алушылардың жеке мүдделерін ескереді.

      ӘАОО-да жоғары оқу орны компоненті нақты ӘАОО-да қалыптасқан ғылыми мектептер, біліктілік сипаттамаларына, біліктілік талаптарына қойылатын ӘАОО талаптарының ерекшелігін ескереді.

      6. ЖБП циклінің көлемі 56 академиялық кредитті құрайды. Олардың 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Дене шынықтыру, Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология).

      Бұл ретте бакалавриат деңгейіндегі барлық білім беру бағдарламалары және (немесе) кадрлар даярлау бағыттары бойынша ЖЖОКБҰ білім алушылары "Қазақстан тарихы" пәнінен оны оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.

      ЖБП цикліндегі міндетті компонент пәндері:

      1) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру негізінде бәсекеге қабілетті болашақ маманның дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыруға, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде коммуникация бағдарламаларын құруға, салауатты өмір салтына бағдарлауға, өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби табысқа бағдарланған;

      2) дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдардың қалыптасуы негізінде болашақ маман тұлғасының әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ететін негізгі құзыреттілік жүйесін құрайды;

      3) қазақ, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытады;

      4) өз өмірі мен қызметіндегі барлық салаларда заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру және пайдалану арқылы цифрлық сауаттылықты дамытуға ықпал етеді;

      5) өзін-өзі дамыту және өмір бойы білімін жетілдіру дағдыларын қалыптастырады;

      6) қазіргі әлемде ұтқырлыққа, сыни ойлау мен физикалық өзін-өзі жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.

      ЖЖОКБҰ мемлекеттік бақылаудан өту кезеңінде білім алушылар ЖБП циклінің міндетті компонентінің пәндері бойынша білім алушылардың біліміне срез қорытындысы бойынша қол жеткізген оқу нәтижелерін растайды.

      7. ЖБП циклінің міндетті пәндерін оқып бітіргеннен кейін білім алушы:

      1) ғылыми және философиялық таным әдістерімен табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми ұғыну мен зерделеуді қамтамасыз ететін философия негіздерін білумен қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған болмысты бағалайды;

      2) мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін түсіндіреді;

      3) әлеуметтік және өндірістік салаларда болып жатқан барлық жағдайларға өз бағасын береді;

      4) Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын танытады;

      5) Қазақстан тарихы оқиғаларының себептері мен салдарларын талдау үшін тарихи сипаттаудың әдістері мен тәсілдерін пайдаланады;

      6) әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психологияның негізгі білімін ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалайды;

      7) интегративті процестердің заманауи өнімі ретінде осы ғылымдардың білімін синтездейді;

      8) нақты ғылымды, сондай-ақ бүкіл әлеуметтік-саяси кластерді зерттеудің ғылыми әдістері мен тәсілдерін қолданады;

      9) өзінің адамгершілік және азаматтық ұстанымын дамытады;

      10) қазақстандық қоғамның қоғамдық, іскерлік, мәдени, құқықтық және әдеп нормаларымен жұмыс істейді;

      11) жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді;

      12) әлемде танылған қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімді практикада қолданады;

      13) әдіснама мен талдауды таңдауды жүзеге асырады;

      14) зерттеу нәтижелерін қорытындылайды;

      15) жаңа білімді синтездейді және оны гуманитарлық қоғамдық маңызы бар өнім түрінде ұсынады;

      16) тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіптік) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға түседі;

      17) грамматикалық білім жүйесі негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын пайдалануды жүзеге асыру; қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпаратты талдау;

      18) коммуникацияға қатысушылардың іс-әрекеттері мен іс-әрекеттерін бағалайды;

      19) жеке қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін: интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату жөніндегі бұлтты және мобильді сервистерді пайдаланады;

      20) өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойы жеке білім беру траекториясын құру, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіптік қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағдарланады;

      21) Қазақстан тарихының негізгі заңдылықтарын, философиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық және құқықтық білім негіздерін, қазақ, орыс және шет тілдеріндегі ауызша және жазбаша нысандағы коммуникацияларды біледі және түсінеді;

      22) игерілген білімді өзгеріп жатқан әлеуметтік-мәдени жағдайларда тиімді әлеуметтендіру және бейімдеу үшін қолданады;

      23) әлеуметтік құбылыстарды, процестер мен проблемаларды сандық және сапалық талдау дағдыларын меңгереді.

      8. ЖБП циклінің ЖК және (немесе) ТК пәндері кемінде 5 академиялық кредитті құрайды.

      9. ЖЖОКБҰ ЖББ циклінің пәндері бойынша және білім алушылардың экономика және құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық саласындағы құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған пәнаралық оқу бағдарламаларын әзірлейді.

      10. ӘАОО-да ЖБП циклінің көлемі 56 академиялық кредитті құрайды. Олардың 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстан тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, дене шынықтыру, әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология).

      ӘАОО-да ЖБП циклінің ЖК пәндері кемінде 5 академиялық кредитті құрайды.

      11. БП және бейіндеуші пәндер циклі оқу пәндерін, кәсіби практикалардың түрлерін оқуды қамтиды және кемінде 176 академиялық кредитті құрайды.

      ӘАОО-лар үшін БП және бейндеуші пәндер циклдары оқу пәндерін, практиканың барлық түрлерін зерделеуді қамтиды және кемінде 178 академиялық кредитті құрайды.

      ӘАОО-да практика түрлері Заңының 5-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      12. Білім алушылар жеке оқу жоспарын қалыптастыру кезінде жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті аясында негізгі (Major) білім беру бағдарламасы пәндерін және (немесе) қосымша (Minor) білім беру бағдарламасы пәндерін таңдай алады.

      13. Қорытынды аттестаттау жоғары білімнің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде кемінде 8 академиялық кредитті құрайды.

      Қорытынды аттестаттауды өткізу нысандары мен рәсімін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.

      14. ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау жоғары білімнің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде кемінде 6 академиялық кредитті құрайды.

      Қорытынды аттестаттауды өткізу нысандары ӘАОО қарамағында болатын мемлекеттік органдар бекітетін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау қағидаларында айқындалады.

      15. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты жоғары білімнің білім беру бағдарламасын зерделеу аяқталғаннан кейін қол жеткізілген оқыту нәтижелерін бағалау болып табылады.

      16. ЖЖОКБҰ және ӘАОО оқытудың қосымша түрлерін дербес айқындайды.

      17. Әскери дайындық мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде немесе оқытудың қосымша түрлері шеңберінде ақылы негізде қамтамасыз етіледі.

      ӘАОО-ны қоспағанда, қосымша оқытудың басқа түрлерін игеру ақылы негізде қамтамасыз етіледі.

      18. Үш тілде білім беру бағдарламаларын енгізетін ЖЖОКБҰ білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды үш тілде: оқыту тілінде, екінші және ағылшын тілдерінде жүзеге асырады.

      Оқыту тілінде, екінші және ағылшын тілдерінде оқытылатын пәндердің пайыздық арақатынасын ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.

      Үш тілде білім беру бағдарламаларын енгізетін ӘАОО-лар оқытуды үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырады. Екі тілде білім беру бағдарламаларын енгізетін ӘАОО-лар оқытуды екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырады. Әртүрлі тілдерде оқытылатын пәндердің пайыздық арақатынасын ӘАОО дербес айқындайды.

      19. Дуальды оқыту жүйесінің элементтерін енгізетін ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 361 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33206 болып тіркелген) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес теориялық оқытуды өндірістегі практикалық даярлықпен ұштастыру негізінде білім беру қызметін жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      20. ЖЖОКБҰ инклюзия, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құндылықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми зерттеу дағдыларын дамытуға, тіршілік қауіпсіздігі мен экологияны қамтамасыз етуге бағытталған МЖМС талаптарына және кәсіптік стандарттарға (бар болса) сәйкес жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.

      ЖЖОКБҰ жасанды интеллектіні қолдану бойынша құзыреттерді игеруге бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.

      ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламаларын әзірлеумен ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен құрылатын академиялық комитеттер айналысады, олардың құрамына академиялық персоналдың, жұмыс берушілердің, білім алушылардың өкілдері кіреді.

      Білім беру бағдарламаларының негізінде оқу жоспарлары (оқу жұмыс жоспарлары, білім алушылардың жеке оқу жоспарлары) қалыптастырылады және оқу пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) әзірленеді.

      ЖБП циклінің пәндерін қоспағанда, білім алушылар білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған жеке оқу жоспарын дербес қалыптастырады.

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын ЖЖОКБҰ модульдік оқыту қағидаты бойынша әзірлейді. ӘАОО-ларда білім беру бағдарламаларын әзірлеу қағидаты дербес айқындалады.

      21. Жоғары білімі бар кадрларды даярлау жалпы орта білімнің, техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ екінші жоғары білім алған кезде жоғары білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламалары базасында жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының базасында оқуға түсу кезінде екінші жоғары білімді алу барысында жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бейінінің жоғары, техникалық және кәсіптік білімнің немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасымен сәйкес және (немесе) мәндес келген жағдайда, формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады, меңгерілген академиялық кредиттер саны мен оқу мерзімі қысқартылады.

      Оқыту нәтижелері пререквизиттер ретінде сәйкес келген кезде формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің жекелеген пәндері, сондай-ақ тиісті деңгейдегі формальды емес білім берудің оқыту нәтижелері қайта оқылады.

      22. ЖЖОКБҰ формальды емес білім берудің оқыту нәтижелерін, оның ішінде микробіліктіліктерді, нано-кредиттерді және арттырылатын дәрежелерді (Stackable degree (стакэбл дегри) тануды дербес жүзеге асырады.

      22-1. Аяқталған сипаттағы білім беру бағдарламаларын, пәндерін оқыту нәтижелері "Кәсіби біліктілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оларды сертификаттау жолымен танылады.

      23. ЖЖОКБҰ білім беру мазмұнын, оқытудың кредиттік технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу тәсілін жоспарлауды жүзеге асырады.

      24. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының бейіні оның білім берудің тиісті саласына қатыстылығын, оқу саласының сипаттамасын, даярлау деңгейін, оқу нәтижелерін, кәсіптік қызметтің негізгі түрлерін білдіреді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышымен сәйкес айқындалады:

      1) "Педагогикалық ғалымдар" – педагогикалық жоғары білім;

      2) "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" – жоғары өнертану немесе жоғары гуманитарлық білім;

      3) "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" – әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғары білім немесе PR саласындағы жоғары білім;

      4) "Бизнес, басқару және құқық" – экономикалық білім немесе жоғары заңгерлік білім;

      5) "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – жоғары жаратылыстану білімі немесе жоғары математикалық білім;

      6) "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" – АКТ саласындағы жоғары білім;

      7) "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – жоғары инженерлік білім;

      8) "Ауыл шауашылығы және биоресурстар" – жоғары ауылшаруашылық білім;

      9) "Ветеринария" – жоғары ветеринарлық білім;

      10) "Денсаулық сақтау" – жоғары медициналық білім;

      11) "Қызмет көрсету" – қызмет көрсету саласындағы жоғары білім;

      12) "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" – ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы жоғары білім.

      Білім беру салалары мен деңгейлері бойынша берілетін дәрежелердің атауы осы МЖМС-ға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.

3-тарау. Студенттердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар

      25. Оқу жүктемесі студенттің оқу пәнін, модульді немесе бүкіл жоғары білім беру бағдарламасын зерделеуіне кететін және оның оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажет болатын уақытпен өлшенеді.

      26. Оқу жүктемесі студенттің барлық оқу әрекетін қамтиды – дәрістер, семинарлар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, студиядағы жұмыстар, өндірістегі практика (дуальды оқыту кезінде), кәсіптік практика, дипломдық жұмыс (жоба), өзіндік жұмыс, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін жұмыс.

      27. Студенттің оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жылы нысандарын жоғары және (немесе) ЖЖОКБҰ дербес айқындайтын академиялық кезеңдерден (семестр – 15 аптадан кем емес, триместр – 10 аптадан кем емес, тоқсан – 7-8 аптадан кем емес) аралық аттестаттау, практика, каникул кезеңдерінен, қорытынды аттесттау кезеңінен (бітіруші курста) тұратынын ескеру қажет.

      ӘАОО-да курсанттың оқу жүктемесін айқындау кезінде ӘАОО дербес айқындайтын академиялық кезеңнің ұзақтығы негізге алынады.

      Академиялық кезеңдерді ұйымдастырудың аралас нысандарын пайдалануға жол беріледі.

      28. Бір оқу жылының толық оқу жүктемесі кемінде 60 академиялық кредитті немесе 1800 академиялық сағатты құрайды.

      ЖЖОКБҰ және ӘАОО-ларда академиялық кредиттердің көлемін семестрлер (триместрлер, тоқсандар) бойынша дербес бөледі.

      29. Бір академиялық кредит 30 академиялық сағатқа сәйкес келеді.

      30. Осы МЖМС-ның 27, 28-тармақтарында көрсетілген оқу жүктемесі типтік оқу жүктемесін білдіреді. Студенттің бір семестр ішінде академиялық кредиттердің аз немесе көп мөлшерін меңгеруіне рұқсат беріледі. Оқытудың нысандары мен технологиясына байланысты студенттердің жекелеген санаттары үшін оқу нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты әртүрлі болуы мүмкін және оны ЖЖОКБҰ дербес есептейді.

      31. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемі студенттің оқу қызметінің барлық түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың барлық оқу кезеңінде кемінде 240 академиялық кредитті игеруі болып табылады.

      "Ветеринария" бағыты бойынша кадрларды даярлау ерекшелігіне, сәулет және дизайн, ядролық физика саласындағы білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіптік білімге бағдарланған жоғары білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтаудың, сондай-ақ екі сабақтас мектеп пәні бойынша педагогтерді даярлаудың негізгі өлшемшарттары білім алушылардың кемінде 300 академиялық кредитті игеруі болып табылады.

      32. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасының немесе орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасының немесе жоғары білім беру бағдарламасының базасында, жоғары білім беруді оқытудың қысқартылған мерзімдері бар білім беру бағдарламалары бойынша немесе жалпы орта білім беру бағдарламасының базасында оқуға түскен білім алушыларға академиялық кредиттердің саны және жоғары білімнің білім беру бағдарламасының қажетті көлемі, формальды және формальды емес білім беруді оқытудың бұрын қол жеткізілген нәтижелерін тануды ескере отырып "Формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 322 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 33580 болып тіркелген) сәйкес, ЖЖОКБҰ-мен дербес айқындалады.

      33. ЖЖОКБҰ білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның жарамдылығының бүкіл кезеңі ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 33892 болып тіркелген) сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.

4-тарау. Студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар

      34. Студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білімнің бірінші деңгейіндегі (бакалавриат) Дублин дескрипторлары негізінде айқындалады және оқу кезінде қол жеткізілген нәтижелерден байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетіледі.

      Оқыту нәтижелері барлық жоғары білімнің білім беру бағдарламасы деңгейінде де және жеке модульдер немесе оқу пәні деңгейінде де тұжырымдалады.

      35. Дескрипторлар студенттердің мынадай қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді:

      1) осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету;

      2) кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешу;

      3) әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру;

      4) оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану;

      5) оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары;

      6) ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану;

      7) оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну;

      8) академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну.

      ЖЖОКБҰ-да оқыту нәтижелерін бағалау мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде білім алушылардың біліміне срез арқылы жүргізіледі.

      36. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған адамдарға ЖЖОКБҰ дипломға (Diploma Supplement (диплом саплэмент) қосымшасы және (немесе) жалпыеуропалық қосымшасы бар білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты тегін береді.

5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар

      37. Бакалавриатта оқу мерзімі игерілген академиялық кредиттердің көлемімен айқындалады. Академиялық кредиттердің белгіленген көлемін игеру және бакалавр дәрежесін алу үшін күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізу кезінде жоғары білімнің білім беру бағдарламасы толық аяқталған болып табылады.

  Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
1-қосымша

Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы

Пәндер мен циклдердің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

Қазақстан тарихы

150

5

Философия

150

5

Шетел тілі

300

10

Қазақ (Орыс) тілі

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

150

5

Әлеуметтік-саяси білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)

240

8

Дене шынықтыру

240

8

2)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті

150

5

2

Базалық және бейіндеуші пәндер циклі (БП, БП)

кемінде 5280

кемінде 176

1)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті



2)

Кәсіптік практика



3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



1)

Таңдау компоненті



4

Қорытынды аттестаттау

кемінде 240

кемінде 8


Барлығы

кемінде 7200

кемінде 240

  Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
2-қосымша

Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы

Пәндер мен циклдердің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

Қазақстан тарихы

150

5

Философия

150

5

Шетел тілі

300

10

Қазақ (Орыс) тілі

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

150

5

Әлеуметтік-саяси білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)

240

8

Дене шынықтыру

240

8

2)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті

150

5

2

Базалық және бейіндеуші пәндер циклі (БП, БП)

кемінде 7080

кемінде 236

1)

Жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті



2)

Кәсіптік практика



3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



1)

Таңдау компоненті



4

Қорытынды аттестаттау

кемінде 240

кемінде 8


Барлығы

кемінде 9000

кемінде 300

  Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
3-қосымша

ӘАОО-да жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы

Пәндер мен циклдердің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы



академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1

Жалпы білім беретін пәндер (ЖБП) циклі

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

Қазақстан тарихы

150

5

Философия

150

5

Шетел тілі

300

10

Қазақ (Орыс) тілі

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

150

5

Әлеуметтік-саяси білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)

240

8

Дене шынықтыру

240

8

2)

Жоғары оқу орны компоненті

150

5

2

Базалық және бейіндеуші пәндер циклі (БП, БП)

кемінде 5340

кемінде 178

1)

Жоғары оқу орны компоненті



3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



4

Қорытынды аттестаттау

кемінде 180

кемінде 12


Барлығы

кемінде 7200

кемінде 240

  Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
4-қосымша

Білім беру салалары мен деңгейлеріне сәйкес берілетін дәрежелердің атауы

р/н

Білім беру саласының атауы

Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже

Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша (ғылыми-педагогикалық бағыт/ бейіндік)берілетін дәреже

Философия докторы (PhD) / бейіні бойынша доктор білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже

1.

Педагогикалық ғылымдар

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі/ білім магистрі

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) /білім докторы

2.

Өнер және гуманитарлық ғылымдар

1. "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавры/
2. "Білім беру бағдарламасының атауы және код" білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры
3. "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры

1. "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі/ өнер магистрі
2. "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі/ гуманитарлық білім магистрі
3. "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдары магистрі/ тіл білімі магистрі

1. "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/Өнер докторы
2. "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы
3. "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

3.

Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі/әлеуметтік білім магистрі

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

4.

Бизнес, басқару және құқық

1. "білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша экономика бакалавры немесе бизнес және басқару бакалавры
2. "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры

1. "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдары магистрі/ бизнес және басқару магистрі немесе МВА
2. "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша заң ғылымдарының магистрі/құқық магистрі

1. "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/ докторы немесе "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша DВА
2. "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/құқық докторы

5.

Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры/ "Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ядролық физика маманы

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі/жаратылыстану магистрі

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/ индустриялық докторы

6.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі/техника және технология магистрі

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/ индустриялық докторы

7.

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі/техника және технология магистрі

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/ индустриялық докторы

8.

Ауыл шауашылығы және биоресурстар

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі/ауыл шаруашылығы магистрі

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

9.

Ветеринария

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ветеринария маманы

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша жоғары ветеринария ғылымдарының магистрі/ветеринария магистрі

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

10.

Денсаулық сақтау

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау бакалавры

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша медицина ғылымдарының магистрі/ денсаулық сақтау магистрі

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/медицина докторы

11.

Қызмет көрсету

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі/ қызмет көрсету саласының магистрі

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

12.

Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры

"Білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі

"Білім беру бағдарламаларының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы/әскери ісі және ұлттық қауіпсіздік докторы

  2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 90
2-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына
1-қосымша

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

р/с №

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1.

Теориялық оқыту

2640

88

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

1050

35

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК):

600

20


оның ішінде ғылым тарихы мен философиясы, кәсіптік шет тілін меңгеру, психологиялық-педагогикалық цикл саласында құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейтін, оқыту әдістемесі мен әдістерін және оқыту технологиясын қамтитын пәндер




Педагогикалық практика



2)

Таңдау компоненті (ТК)

450

15

1.2

Бейіндеуші пәндер циклі (БП)

1590

53

1)

Жоғары оқу орны және (немесе) таңдау компоненті



2)

Зерттеу практикасы



2

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы

720

24

1)

Тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы

720

24

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

кемінде 240

кемінде 8

1)

Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ)

240

8


Барлығы

кемінде 3600

кемінде 120

  2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 90
3-қосымша
  Жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
3-қосымша

Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы

р/с№

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

1 жылдық типтік оқу мерзімімен

1,5 жылдық типтік оқу мерзімімен

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

5

6

1.

Теориялық оқыту

кемінде 1170

кемінде 39

1920

64

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

кемінде 300

кемінде 10

450

15

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)

180

6

180

6


оның ішінде кәсіптік шет тілін меңгеру саласындағы құзыреттерді қалыптастыруды, басқарушылық құзыреттер мен басшылық дағдыларын көздейтін пәндер





2)

Таңдау компоненті (ТК)

кемінде 120

кемінде 4

270

9

1.2

Бейіндеуші пәндер циклі

кемінде 870

кемінде 29

1470

49

1)

Жоғары оқу орны және таңдау компоненті (ЖК)





2)

Өндірістік практика





2

Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

кемінде 390

кемінде 13

540

18

1)

Тағылымдамадан өту мен магистрлік жобаны орындауды қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы

кемінде 390

кемінде 13

540

18

3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)





4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

кемінде 240

кемінде 8

кемінде 240

кемінде 8

1)

Магистрлік жобаны ресімдеу және қорғау (МЖРҚ)

кемінде 240

кемінде 8

кемінде 240

кемінде 8


Барлығы

кемінде 1800

кемінде 60

кемінде 2700

кемінде 90

  2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 90
4-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына
5-қосымша

Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының құрылымы

р/с №

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1.

Теориялық оқыту

900

30

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі

600

20

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК):




оның ішінде ғылым тарихы мен философиясы, психологиялық-педагогикалық цикл саласында құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейтін, оқыту әдістемесі мен әдістерін және оқыту технологиясын қамтитын пәндер




Педагогикалық практика



2)

Таңдау компоненті (ТК)



1.2

Бейіндеуші пәндер циклі (БП)

300

10

1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)



2)

Таңдау компоненті (ТК)




Барлығы

кемінде 900

кемінде 30

  2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 90
5-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына
6-қосымша

МВА және ЕМВА білім беру бағдарламасының құрылымы

р/с№

Блоктар мен пәндердің атауы

Жалпы сыйымдылығы

МВА

ЕМВА

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

академиялық сағат бойынша

академия-лық кредит бойынша

1

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру бойынша пәндер блогы

1740

58

600

20

1)

Жоғары оқу орны компоненті:

180

6

180

6


Стратегиялық менеджмент

90

3

90

3


Бизнес-зерттеу

90

3

90

3

2)

Таңдау компоненті

1320

44

1320

14


Оның ішінде көшпелі модуль/тағылымдама





3)

Өндірістік практика

кемінде 240

кемінде 8



2

Жеке даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндері блогы

600

20

300

10

1)

Жоғары оқу орны компоненті





2)

Таңдау компоненті





3

Эксперименттік-зерттеу жұмысы, магистрлік диссертацияны/жобаны орындау

900

30

540

18

4

Қорытынды аттестаттау (магистрлік диссертацияны/жобаны жазу және қорғау)

360

12

360

12


Барлығы

кемінде 3600

кемінде 120

кемінде 1800

кемінде 60

  2025 жылғы 4 наурыздағы
№ 90
6-қосымша
  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына
11-қосымша

ӘАОО-ғы докторантураның бейіндік докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы

№ р/с

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

академиялық кредит бойынша

1

2

3

4

1.

Теориялық компоненті

кемінде 1350

кемінде 45

1.1

Базалық пәндер (БП) циклі



1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)



1.2

Бейіндеуші пәндер циклі (БП)



1)

Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)



2)

Кәсіптік практикасы



2

Докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (ДЭЗЖ)

кемінде 3690

кемінде 123

1)

Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың эксперименттік-зерттеу жұмысы



3

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



4

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

360

12

1)

Докторлық диссертацияны жазу және қорғау




Барлығы

кемінде 5400

кемінде 180


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады