БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында:
1-тармақ орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ақпараттық парақ – таңдаған бейіндік пәндер комбинациясына сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) сайтында жарияланатын парақ;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) базалық ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиясы – ҰБТ-ны өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанынан құрылған комиссия;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) тестілеу администраторы – Ұлттық тестілеу орталығы айқындайтын ҰБТ өткізу пунктінде ҰБТ-дағы тәртіп сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын жауапты тұлға;";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) ҰБТ өткізу пункті (бұдан әрі – ҰБТӨП) – тестілеуді өткізу үшін Ұлттық тестілеу орталығының жанынан құрылған аймақтық тестілеу орталығы;";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қағаз және (немесе) электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ҰБТ-ға өтініш берудің бағдарламалық жасақтамасына жүктейді және көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар үшін ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекші және (немесе) көру функциялары бұзылған мүгедектігі бар балалар және мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілін білетін маманның көмегі қажет екенін қосымша көрсетеді.
5. ҰБТ қағаз немесе электрондық форматта Ұлттық тестілеу орталығымен ЖЖОКБҰ базасында немесе базалық ЖЖОКБҰ-да немесе Ұлттық тестілеу орталығы айқындайтын ұйымдарда өткізіледі.
ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау (қағаз және электрондық форматта) Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайты арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін (ағылшын) меңгергенін растайтын: Test of Englishas a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС) халықаралық сертификаттары бар адамдар өз қалауы бойынша "Шет тілі (ағылшын)" бейіндік пәнін немесе арнайы пән бойынша тестілеу тапсырудан Үлгілік қағидалармен бекітілген балл аудару шкаласына сәйкес бейіндік пәнді немесе ағылшын тілі бойынша "Шет тілі (ағылшын)" арнайы пәнін тапсырудан өз қалауы бойынша босатылады.
Шет тілін (ағылшын тілін) меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ), TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ). IELTS (АЙЛТС) бар тұлғалар ҰБТ-ға және/немесе конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде мәліметтерді енгізуі қажет.
Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығын республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына өтініш берген немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде ЖЖОКБҰ тексереді.";
13-тармақтың сегізінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"SAT, ACT, IB және A-Level, TOEFL ITP, TOEFL IBT, IELTS халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар қағаз форматтағы ҰБТ үшін осы Қағидалардың 20-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мерзім аралығында және электрондық форматтағы ҰБТ үшін осы Қағидалардың 74-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мерзім аралығында ҰБТ-ға өтініштер қабылдау базасына мәліметтер мен сертификаттардың көшірмелерін (SAT, ACT, IB, A-Level үшін) енгізуі қажет.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Түсушіге ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш білдіріп, көрсетілген күні тестілеуге қатыспаған болса, тестілеу өткізілетін күндері аудиторияда (қағаз форматта тестілеу тапсыру тіліне сәйкес) орын болған жағдайда және келесі дәлелді себептер бойынша ҰБТ-ны өткізу кезеңінде келесі күндердің бірінде қатысу мүмкіндігі беріледі:
1) денсаулық жағдайы бойынша "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 026/у нысанға сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы не амбулаториялық картадан немесе тестілеу өткізілетін күнмен сәйкес келетін ауру тарихы көрсетілген үзінді көшірмесімен медициналық карта болған кезде;
2) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес айқындалған жақын туыстарының қайтыс болуын растайтын құжаттар тізбесі болған кезде;
3) "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстар), орындаушылар конкурстарына, кәсіби шеберлік конкурстарына және спорттық жарыстарға қатысқан кезде;
4) төтенше жағдайлар кезінде.
Бұл ретте:
қағаз форматтағы ҰБТ кезінде түсуші тиісті құжаттарын қоса бере отырып, мемлекеттік комиссия төрағасының атына ҰБТ-ны қайта тапсыруға өтініш береді;
электрондық форматтағы ҰБТ кезінде түсуші тиісті құжаттарын қоса бере отырып, Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына ҰБТ-ны қайта тапсыруға өтініш береді.
17. Ұлттық тестілеу орталығы айқындайтын ұйымда ҰБТ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін тестілеу әкімшілері, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатарынан байқаушылар жіберіледі.";
20-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. ҰБТ-ны қағаз форматта өткізген кезде түсушілер ҰБТӨП ғимаратына бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте түсушінің жеке басын көлемдік-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы сәйкестендіру жүргізіледі және жеке басын куәландыратын құжат не түсушінің цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты ұсынылады. Он алты жасқа толмағандар осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымын ағымдағы жылы аяқтайтыны туралы анықтама береді.
Тестілеуге кіргізу кезінде қолды және рамалық типтегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа мынадай тыйым салынған заттарын: фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, смарт көзілдірік, фитнес білезіктер (трекерлер), диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ мынадай стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кірмеу үшін жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, мынадай заттарды тестілеу ғимаратына кіргізуге тыйым салынады: шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор, барлық түрдегі және нысандағы қағаздар.
Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар табылған жағдайда, тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰБТ өткізу пункттерінің ғимаратына кіреберісте, металліздегіш құралды қолдану кезінде тестілеуге тыйым салынған заты табылған түсушіні ғимараттан шығару туралы Акт жасайды және түсуші осы тестілеуге жіберілмейді.";
35-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) 38-қосымшаға сәйкес аудиторияның (компьютерлік сыныптың) ауданына сәйкес рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын беретін құрылғыларды пайдалануды, сондай-ақ электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасын алуды ұйымдастырады;";
38-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"38. ҰБТ-ны қағаз форматта өткізген кезде түсушілер аудиторияға бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте түсушінің жеке басын көлемдік-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы сәйкестендіру жүргізіледі және жеке басын куәландыратын құжат не түсушінің цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты ұсынылады. Он алты жасқа толмағандар осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымын ағымдағы жылы аяқтайтыны туралы анықтама береді.";
2-тараудың 3-параграфының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. Қағаз форматтағы ҰБТ-да апелляцияға өтініш беру және қарау тәртібі";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Электрондық форматтағы ҰБТ-ны өткізу рәсімі";
3-тараудың 1-параграфының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-параграф. Электрондық форматтағы ҰБТ-ға құжаттар қабылдау және оны өткізу процесі";
74 және 74-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін құжаттар қабылдау онлайн режимде осы Қағидаларға 3-қосымшаға немесе № 502 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгіге сәйкес мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) күнтізбелік жылғы 20 желтоқсан мен 30 желтоқсан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес өтініш беруге мүмкіндік беріледі;
2) күнтізбелік жылғы 15 ақпан мен 25 ақпан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес өтініш беруге мүмкіндік беріледі;
3) күнтізбелік жылғы 10 сәуір мен 25 сәуір аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 2 (екі) реттен артық емес өтініш беруге мүмкіндік беріледі;
4) күнтізбелік жылғы 25 шілде мен 5 тамыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін, бұл ретте түсушілерге көрсетілген кезеңде 1 (бір) реттен артық емес өтініш беруге мүмкіндік беріледі.
Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн режимде өтініш беру кезінде түсуші тестілеу күнін және уақытын, ҰБТӨП-ті таңдай алады.
74-1. Электрондық форматтағы ҰБТ мынадай мерзімдерде өткізіледі:
1) күнтізбелік жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі;
2) күнтізбелік жылғы 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 3), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін ҰБТ тапсыруға мүмкіндік беріледі;
3) күнтізбелік жылғы 10 мамыр мен 10 шілде аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін (бұл ретте ҰБТ нәтижесі республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін жарамды);
4) күнтізбелік жылғы 10-20 тамыз аралығында осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік беріледі.
Күнтізбелік жылғы 10 мамыр мен 10 шілде аралығында ҰБТ тапсыратын тұлғалар үшін бейіндік пәндер комбинациясын өзгертуге жол берілмейді.";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. ҰБТ-ны электрондық форматта өткізу кезінде оқуға түсушілер ҰБТӨП ғимаратына бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте оқуға түсушінің жеке басын көлемді-кеңістіктік нысандағы сканер арқылы сәйкестендіру жүргізіледі және жеке басын растайтын құжат немесе түсушінің цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты ұсынылады. Он алты жасқа толмағандар осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымын ағымдағы жылы аяқтайтыны туралы анықтама береді.
Тестілеуге кіргізу кезінде қолды және рамалық типтегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ҰБТӨП ғимаратына мынадай тыйым салынған заттарын: фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, смарт көзілдірік, фитнес білезіктер (трекерлер), диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, микрофондар, сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ мынадай стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кірмеу үшін жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, мынадай заттарды ҰБТӨП ғимаратына кіргізуге тыйым салынады: шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор, барлық түрдегі және нысандағы қағаздар.
Тестілеуге жіберу барысында металл іздегішпен тексеру жүргізу кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар анықталған жағдайда, тестілеу әкімшілері осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰБТӨП ғимаратына кіреберісте тестілеуге тыйым салынған зат табылғаны туралы және түсушіні ғимараттан шығару туралы акт (электрондық формат) жасайды және түсуші осы тестілеуге жіберілмейді.
Тестілеуге кіргізу барысында бөгде адам анықталған жағдайда тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге кіргізу барысында бөгде тұлғаның анықталғаны туралы акт жасайды, оқуға түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.
Ұлттық тестілеу орталығы түсушіні сайттағы жеке кабинеті арқылы тестілеуге жіберілмейтіні туралы қосымша хабардар етеді.";
80 және 81-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Электрондық форматтағы ҰБТ-ны өткізу барысында түсушіге академиялық адалдық принциптерін бұзуға, оның ішінде:
аудиториядан (компьютерлік сыныптан) тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз 10 минуттан артық шығуға;
Бұл ретте төтенше, форс-мажорлық жағдайларды және/немесе түсушілердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға;
сөйлесуге, орын ауыстыруға;
құжаттармен, кез келген тыйым салынған заттармен және түсушіге жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парағымен алмасуға;
тестілеу материалдарын, құжаттарды және тест тапсырмаларымен жұмыс үшін берілген А4 форматындағы парақты аудиториядан (компьютерлік сыныптан) алып шығуға, бүлдіруге;
ҰБТӨП ғимаратына, аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) Қағидалардың 75-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттарды алып кіруіне және/немесе қолдануына;
тестілеу алдында немесе тестілеу кезінде шулауға;
тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;
тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
тестілеу жүйесіне араласуға және тестілеуден өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға рұқсат берілмейді.
Тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.
Осы Қағидалардың 74-1 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мерзімде ҰБТ тапсыратын тұлғаларға Менделеев кестесі мен тұздардың ерігіштігі кестесі қосымша қағаз нұсқада беріледі.
Түсуші аудиториядан шыққан жағдайда аудиторияға қайта кірген кезде металл іздегішпен тексеріліп кіргізіледі.
81. Түсуші осы Қағидалардың 80-тармағын бұзған жағдайда, тестілеу әкімшісі бақылаушылармен (бар болған жағдайда) бірлесіп, ҰБТӨП-те, аудиторияда тыйым салынған заттың анықталғаны және тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті үшін түсушіні аудиториядан, ҰБТӨП-тен шығару туралы актіні осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды және тестілеудің барлық кезеңдерінде, оның ішінде тестілеуді аяқтағандардың да тестілеу нәтижелері жойылады.
Ұлттық тестілеу орталығы түсушіні сайттағы жеке кабинеті арқылы тестілеу нәтижесінің жойылғандығы туралы қосымша хабардар етеді.";
83-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"83. ҰБТ өткізу үшін жергілікті жерлерде Ұлттық тестілеу орталығымен бекітілетін ҰБТ ұйымдастыру жөніндегі аймақтық мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі – аймақтық мемлекеттік комиссиялар) құрылады.";
87-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 1 және 2-қосымшалары осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 4-қосымшасы алып тасталсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидасы 7-1-қосымшамен толықтырылсын;
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 34 және 35-1-қосымшалары осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 156 Бұйрығына 1-қосымша |
|
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 1-қосымша |
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі | Білім беру бағдарламалары тобы | Бейіндік пәндер | |
1 бейіндік пән | 2 бейіндік пән | ||
В001 | Педагогика және психология | Биология | География |
В002 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | Биология | География |
В003 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | Биология | География |
В004 | Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В005 | Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В006 | Музыка мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В007 | Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В008 | Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау | Дүниежүзі тарихы | География |
В009 | Математика мұғалімдерін даярлау | Математика | Физика |
В010 | Физика мұғалімдерін даярлау | Физика | Математика |
В011 | Информатика мұғалімдерін даярлау | Математика | Информатика |
В012 | Химия мұғалімдерін даярлау | Химия | Биология |
В013 | Биология мұғалімдерін даярлау | Биология | Химия |
В014 | География мұғалімдерін даярлау | География | Дүниежүзі тарихы |
В015 | Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау | Дүниежүзі тарихы | География |
В016 | Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | Қазақ тілі | Қазақ әдебиеті |
В017 | Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | Орыс тілі | Орыс әдебиеті |
В018 | Шет тілі мұғалімдерін даярлау | Шетел тілі | Дүниежүзі тарихы |
В019 | Әлеуметтік педагогтарды даярлау | Биология | География |
В020 | Арнайы педагогика | Биология | География |
В120 | Кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау (сала бойынша) | Физика | Математика |
В021 | Орындаушылық өнер | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В022 | Музыкатану | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В023 | Режиссура, арт-менеджмент | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В024 | Өнертану | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В025 | Дирижирлеу | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В026 | Композиция | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В027 | Театр өнері | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В028 | Хореография | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В029 | Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В030 | Бейнелеу өнері | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В031 | Сән, дизайн | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В099 | Аспаптық орындау | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В100 | Вокалдық өнері | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В101 | Дәстүрлі музакалық өнері | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В102 | Эстрада өнері | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В103 | Кино және теледидар режиссурасы | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В104 | Сахналық өнерлердің және цирк режиссурасы | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В105 | Анимациялық режиссура | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В106 | Операторлық және фото өнері | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В107 | Медиаөнер және сандық технологиялар | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В108 | Сценография | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В109 | Сәндік өнері | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В110 | Фэшн дизайны | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В032 | Философия және этика | Дүниежүзі тарихы | География |
В033 | Дінтану және теология | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В034 | Тарих | Дүниежүзі тарихы | География |
В234 | Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В134 | Археология және этнология | Дүниежүзі тарихы | География |
В035 | Түркітану | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В135 | Шығыстану | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В036 | Аударма ісі | Шетел тілі | Дүниежүзі тарихы |
В037 | Филология | Қазақ/Орыс тілі | Қазақ/Орыс әдебиеті |
В038 | Әлеуметтану | Математика | География |
В039 | Мәдениеттану | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В040 | Саясаттану | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В140 | Халықаралық қатынастар және дипломатия | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В141 | Халықаралық экономикалық қатынастар | География | Шетел тілі |
В041 | Психология | Биология | География |
В042 | Журналистика және репортер ісі | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В142 | Қоғаммен байланыс | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В043 | Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі | Қазақ/Орыс тілі | Қазақ/Орыс әдебиеті |
В044 | Менеджмент және басқару | Математика | География |
В045 | Аудит және салық салу | Математика | География |
В145 | Мемлекеттік аудит | Математика | География |
В046 | Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі | Математика | География |
В047 | Маркетинг және жарнама | Математика | География |
В048 | Еңбек дағдылары | Математика | География |
В049 | Құқық | Дүниежүзі тарихы | Құқық негіздері |
В050 | Биологиялық және сабақтас ғылымдар | Биология | Химия |
В051 | Қоршаған орта | Биология | География |
В052 | Жер туралы ғылым | Математика | География |
В053 | Химия | Химия | Биология |
В054 | Физика | Физика | Математика |
В055 | Математика және статистика | Математика | Физика |
В056 | Механика | Математика | Физика |
В057 | Ақпараттық технологиялар | Математика | Информатика |
В157 | Математикалық және компьютерлік модельдеу | Математика | Информатика |
В058 | Ақпараттық қауіпсіздік | Математика | Информатика |
В158 | Криптология | Математика | Информатика |
В059 | Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар | Математика | Физика |
В060 | Химиялық инженерия және процестер | Химия | Физика |
В061 | Материалтану және технологиялар | Математика | Физика |
В161 | Материалдар инжинирингі | Математика | Физика |
В062 | Электр техникасы және электроэнергетика | Математика | Физика |
В162 | Жылу энергетикасы | Математика | Физика |
В063 | Электр техникасы және автоматтандыру | Математика | Физика |
В064 | Механика және металл өңдеу | Математика | Физика |
В065 | Көлік техникасы және технологиялар | Математика | Физика |
В066 | Теңіз көлігі және технологиялары | Математика | Физика |
В067 | Әуе көлігі және технологиялары | Математика | Физика |
В167 | Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану ********** | Математика | Физика |
В165 | Магистральды желілер және инфрақұрылым | Математика | Физика |
В265 | Темір жол көлігі және технологиялары | Математика | Физика |
В166 | Көліктік имараттар | Математика | Физика |
В068 | Азық-түлік өнімдерінің өндірісі | Биология | Химия |
В069 | Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш) | Математика | Физика |
В070 | Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары | Математика | Физика |
В071 | Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру | Математика | Физика |
В171 | Металлургия | Математика | Физика |
В172 | Материалдарды қысыммен өңдеу | Математика | Физика |
В072 | Фармацевтикалық өндіріс технологиясы | Химия | Биология |
В073 | Сәулет | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В173 | Гидромелиорация | Математика | Физика |
В175 | Сумен қамтамасыз ету және суды бұру | Математика | Физика |
В074 | Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс | Математика | Физика |
В126 | Көлік құрылысы | Математика | Физика |
В176 | Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарын басқару | Математика | Физика |
В075 | Кадастр және жерге орналастыру | Математика | География |
В076 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) | Математика | Физика |
В077 | Өсімдік шаруашылығы | Биология | Химия |
В078 | Мал шаруашылығы | Биология | Химия |
В079 | Орман шаруашылығы | Биология | География |
В080 | Балық шаруашылығы | Биология | Химия |
В081 | Жерге орналастыру | Математика | Физика |
В082 | Су ресурстары және суды пайдалану | Математика | Физика |
В183 | Агроинженерия | Математика | Физика |
В083 | Ветеринария | Биология | Химия |
В091 | Туризм | География | Шетел тілі |
В092 | Тынығу | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В093 | Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі | География | Шетел тілі |
В094 | Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар | Математика | Физика |
В095 | Көлік қызметтері | Математика | География |
В090 | Әлеуметтік жұмыс | Биология | География |
В098 | Спорт | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В084 | Мейіргер ісі | Биология | Химия |
В085 | Фармация | Биология | Химия |
ВМ086 | Медицина | Биология | Химия |
ВМ087 | Стоматология | Биология | Химия |
ВМ088 | Педиатрия | Биология | Химия |
В089 | Қоғамдық денсаулық сақтау | Биология | Химия |
ВМ089 | Медициналық-профилактикалық іс | Биология | Химия |
В096 | Құқық қорғау қызметі | Дүниежүзі тарихы | Құқық негіздері |
В097 | Өрт қауіпсіздігі | Математика | Физика |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 156 Бұйрығына 2-қосымша |
|
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 2-қосымша |
Оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің жалпы кәсіптікжәне арнайы пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
Дайындау бағытының атауы және нөмірі | Білім беру бағдарламаларының тобы | Жалпы кәсіптік пән | Арнайы пән |
В001 | Педагогика және психология | Педагогика және психология негіздері | Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы |
В002 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | Мектепке дейінгі педагогика және психология негіздері | Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы |
В003 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | Педагогика және психология негіздері | Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы |
В004 | Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Педагогика және психология негіздері |
В005 | Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Педагогика және психология негіздері |
В006 | Музыка мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Педагогика және психология негіздері |
В007 | Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Педагогика және психология негіздері |
В008 | Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау | Педагогика және психология негіздері | Құқық және экономика негіздері |
В009 | Математика мұғалімдерін даярлау | Педагогика және психология негіздері | Математика |
В010 | Физика мұғалімдерін даярлау | Педагогика және психология негіздері | Физика |
В011 | Информатика мұғалімдерін даярлау | Педагогика және психология негіздері | Информатика |
В012 | Химия мұғалімдерін даярлау | Педагогика және психология негіздері | Химия |
В013 | Биология мұғалімдерін даярлау | Педагогика және психология негіздері | Биология |
В014 | География мұғалімдерін даярлау | Педагогика және психология негіздері | География |
В015 | Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау | Педагогика және психология негіздері | Қазақстан тарихы |
В016 | Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | Педагогика және психология негіздері | Қазақ тілі |
В017 | Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | Педагогика және психология негіздері | Орыс тілі |
В018 | Шет тілі мұғалімдерін даярлау | Педагогика және психология негіздері | Шетел тілі |
В019 | Әлеуметтік педагогтарды даярлау | Педагогика және психология негіздері | Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы |
В020 | Арнайы педагогика | Педагогика және психология негіздері | Биология |
В023 | Режиссура, арт-менеджмент | Шығармашылық емтихан | Өнер тарихы |
В024 | Өнертану | Шығармашылық емтихан | Өнер тарихы |
В027 | Театр өнері | Шығармашылық емтихан | Театр тарихы |
В028 | Хореография | Шығармашылық емтихан | Хореография тарихы |
В029 | Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс | Шығармашылық емтихан | Қазақ тілі/Орыс тілі |
В030 | Бейнелеу өнері | Шығармашылық емтихан | Қазақстан бейнелеу өнері тарихы |
В031 | Сән, дизайн | Шығармашылық емтихан | Бейнелеу өнері тарихы |
В032 | Философия және этика | Қазақстан тарихы | Әлеуметтік-гуманитарлықғылымдар негіздері (Философия, мәдениеттану, әлеуметтанужәне саясаттану негіздері) |
В033 | Дінтану және теология | Шығармашылық емтихан | Қазақстан тарихы |
В034 | Тарих | Қазақстан тарихы | Дүниежүзі тарихы |
В134 | Археология және этнология | Қазақстан тарихы | Дүниежүзі тарихы |
В035 | Түркітану және шығыстану | Қазақ тілі/Орыс тілі | Дүниежүзі тарихы |
В036 | Аударма ісі | Қазақ тілі/Орыс тілі | Шет тілі |
В037 | Филология | Қазақ тілі/Орыс тілі | Қазақ әдебиеті/Орыс әдебиеті |
В038 | Әлеуметтану | Қазақстан тарихы | Әлеуметтік-гуманитарлықғылымдар негіздері |
В039 | Мәдениеттану | Қазақстан тарихы | Әлеуметтік мекемелердің жұмысын ұйымдастыру |
В040 | Саясаттану және азаматтық құқықтану | Қазақстан тарихы | Әлеуметтік-гуманитарлықғылымдар негіздері (Философия, мәдениеттану, әлеуметтану және саясаттану негіздері) |
В041 | Психология | Қазақстан тарихы | Психология негіздері |
В042 | Журналистика және репортер ісі | Шығармашылық емтихан | Қазақ тілі / Орыс тілі |
В043 | Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі | Қазақ тілі / Орыс тілі | Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру |
В044 | Менеджмент және басқару | Экономика негіздері | Менеджмент |
В045 | Аудит және салық салу | Қаржы және несие | Ұйым экономикасы |
В046 | Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі | Қаржы және несие | Ұйым қаржысы |
В047 | Маркетинг және жарнама | Экономика негіздері | Маркетинг |
В048 | Еңбек дағдылары | Экономикалық теория негіздері | Қаржылық және экономикалық есепті талдау |
В049 | Құқық | Мемлекет және құқық теориясы | Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы |
В050 | Биологиялық және сабақтас ғылымдар | Химия | Биология |
В051 | Қоршаған орта | Химия | Биология |
В052 | Жер туралы ғылым | География | Физика |
В053 | Химия | Биология | Химия |
В054 | Физика | Математика | Физика |
В055 | Математика және статистика | Қаржы және несие | Математика |
В056 | Механика | Математика | Физика |
В057 | Ақпараттық технологиялар | Математика | Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері |
В058 | Ақпараттық қауіпсіздік | Математика | Информатика |
В059 | Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар | Физика | Электроника және схемотехника негіздері |
В060 | Химиялық инженерия және процестер | Химия | Жалпы химиялық технология |
В061 | Материалтану және технологиялар | Физика | Материалтану негіздері |
В062 | Электр техникасы және электроэнергетика | Электротехниканың теориялық негіздері | Еңбекті қорғау (электр қауіпсіздік негіздері) |
В162 | Жылу энергетикасы | Жылу техникасының теориялық негіздері | Еңбекті қорғау (электр қауіпсіздік негіздері) |
В063 | Электр техникасы және автоматтандыру | Математика | Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру |
В064 | Механика және металл өңдеу | Материалтану | Еңбекті қорғау |
В164 | Аспап жасау | Автоматика негіздері | Технологиялық өлшем және бақылау өлшем жабдықтары |
В065 | Көлік техникасы және технологиялар | Физика | Еңбекті қорғау |
В165 | Магистральды желілер және инфрақұрылым | Физика | Еңбекті қорғау |
В265 | Темір жол көлігі және технологиялары | Физика | Еңбекті қорғау |
В066 | Теңіз көлігі және технологиялары | Кеменің теориясы, құрлысы және пайдалану мерзімін арттыру үшін күрес | Кеменің энергетикалық қондырғылары |
В166 | Көліктік имараттар | Физика | Еңбекті қорғау |
В067 | Әуе көлігі және технологиялары | Физика | Авиациялық қауіпсіздік |
В068 | Азық-түлік өнімдерінің өндірісі | Химия | Микробиология |
В069 | Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш) | Физика | Материалтану негіздері |
В070 | Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары | Химия | Тігін өндірісінің материалдары |
В071 | Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру | Жалпы геология | Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау |
В171 | Металлургия | Металл тану | Металл өндіру негіздері |
В271 | Мұнай-газ ісі | Гидравлика | Еңбекті қорғау және өндірістік экология негіздері |
В072 | Фармацевтикалық өндіріс технологиясы | Химия | Жалпы химиялық технология |
В073 | Сәулет | Шығармашылық емтихан | Сызу |
В074 | Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс | Құрылыс материалдары | Еңбекті қорғау |
В126 | Көлік құрылысы | Құрылыс материалдары | Еңбекті қорғау |
В174 | Геодезия және картография | Физикалық география | Геодезия |
В075 | Кадастр және жерге орналастыру | География | Геодезия |
В076 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) | Физика | Стандарттау |
В077 | Өсімдік шаруашылығы | Биология | Агрономия негіздері |
В078 | Мал шаруашылығы | Биология | Мал шаруашылығы |
В079 | Орман шаруашылығы | Ормантану | Дендрология |
В179 | Аң шаруашылығы жәнеаң аулау | Құстар мен аңдардың биологиясы | Аң шаруашылығы |
В080 | Балық шаруашылығы | Биология | Табиғатты қолданудың экологиялық негіздері |
В081 | Жерге орналастыру | Физика | Ауылшаруашылық машиналары |
В082 | Су ресурстары және суды пайдалану | География | Биология |
В083 | Ветеринария | Биология | Жануарлар анатомиясы мен физиологиясы |
В084 | Мейіргер ісі | Биология | Мейіргер ісі негіздері |
В085 | Фармация | Химия | Фармакология негіздері |
В090 | Әлеуметтік жұмыс | Қазақстан тарихы | Әлеуметтік мекемелердің жұмысын ұйымдастыру |
В091 | Туризм | География | Туристік қызметті ұйымдастыру |
В092 | Тынығу | Шығармашылық емтихан | Қазақстан тарихы |
В093 | Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі | Қазақстан тарихы | Мейрамхана мен қонақ үй шаруашылығындағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру |
В094 | Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар | Электротехника | Материалтану негіздері |
В095 | Көлік қызметтері | Физика | Еңбекті қорғау |
В096 | Құқық қорғау қызметі | Мемлекет және құқық теориясы | Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы |
В097 | Өрт қауіпсіздігі | Математика | Физика |
В098 | Спорт | Шығармашылық емтихан | Педагогика және психология негіздері |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 156 Бұйрығына 3-қосымша |
|
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 7-1-қосымша |
Анықтама
Күні: __________________ | |
______________________________________________________ | |
Сериясы _________________ Туу туралы куәлікті ұсынушы | |
"__" _______ _______ жылы ______ № _______берілді | |
оқиды немесе орта білім туралы аттестат берілді | |
_________________________________________________________ | |
_______________оқу жылы | |
Білім беру ұйымының басшысы __________________Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | |
Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне ұсыну үшін берілді |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 156 Бұйрығына 4-қосымша |
|
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 34-қосымша |
ҰБТӨП-те, аудиторияда тыйым салынған заттың анықталғаны және тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті үшін түсушіні аудиториядан, ҰБТӨП-тен шығару туралы АКТ _____________________________________________________________________________ (Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінің коды мен атауы)
Күні: "_____" ____________ 202 ____ жыл
Уақыты: "____" сағат "_____" минут
Бұл акт жасалды
Тестіленушіде: Т.А.Ә (бар болған жағдайда) ____________________________________
__________________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру номері (бұдан әрі - ЖСН) ____________________________
тестілеу барысында (аудитория ______, орын________) тыйым салынған зат табылды:
__________________________________________________________________________
(табылған заттың атауы, маркасы, саны) немесе тестілеу жүйесіне араласуы немесе әрекеті және/немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалардың 75, 80-тармақтарында көрсетілген өзге де бұзушылықтар)
Осы фактіні ескере отырып, шешім қабылданды: жоғарыдағы түсушіні аудиториядан немесе ҰБТӨП-тен шығару және тестілеу нәтижесін жою.
Қол қоюшылар:
__________________________________________________________________________
(тестілеу администраторлары тобы жетекшісінің қолы және (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
__________________________________________________________________________
(тестілеу администраторының қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
__________________________________________________________________________
(тестілеу бақылаушысының (қатысқан жағдайда) қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Актімен таныстым __________________________________________________________
(түсушінің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)).
Ұлттық тестілеу орталығы филиалының М.О.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 156 Бұйрығына 5-қосымша |
|
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына 35-1-қосымша |
Аудиторияда тыйым салынған зат пайдаланған және тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережесін бұзған және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу немесе әрекеттер жасаған тестіленушіні анықтау және тестілеу нәтижесін комиссия шешімі арқылы жою туралы АКТ
Күні "_____" ____________ 202 ____ жыл
Уақыты "____" сағат "_________" минут
Тестілеудің бейнебақылау жазбаларын және тестілеу логтарын тексеру нәтижесінде түсушілерде төмендегідей бұзушылықтар тіркелгендігі туралы акт жасалды:
№ | түсушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | ЖСН | ТЖК | Тестілеу өткізу пункті | Тестілеу күні | лек | Аудитория | Орын | ҰБТ балы | ҰБТ сертификатының № | Тәртіп бұзу түрі | Білім беру гранты туралы мәлімет | ||
БББТ | ЖЖОКБҰ | Куәлік№ | ||||||||||||
Осы фактіні ескере отырып, Комиссия шешім шығарды: жоғарыдағы тестіленушілердің тестілеу нәтижелерін жою және олардың жеке кабинеттері арқылы тестілеу нәтижелерінің жойылғандығы туралы хабарлама жіберу.
__________________________________________________________________________
(Комиссия төрағасының қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
__________________________________________________________________________
(Комиссия мүшесі қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
__________________________________________________________________________
(Комиссия мүшесі қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
__________________________________________________________________________
(Комиссия мүшесі қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
__________________________________________________________________________
(Комиссия хатшысы қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
М.О. Ұлттық тестілеу орталығы