"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 214, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 605 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 307 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 13, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 140 және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 166 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 7 сәуірде № 35947 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 214, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 маусымдағы № 605 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 307 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17195 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 246) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау жөніндегі әдістеме осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев
     
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2025 жылғы 4 сәуірдегі
№ 166,
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 140 мен
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 26 наурыздағы
№ 13 Бірлескен бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 13 маусымдағы
№ 214
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 18 маусымдағы
№ 605 және
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 26 маусымдағы
№ 307 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 246) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді (бұдан әрі – Зерттеулер) және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді (бұдан әрі – Бірлескен зерттеулер) іріктеу, сондай-ақ талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау тәртібін белгілейді және Зерттеулерді және Бірлескен зерттеулерді іріктеу кезінде оны мемлекеттік органдар қолданады.

      2. Осы Қағидалар сыртқы саясат мәселелері бойынша зерттеулерді қоспағанда, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын қорғаныс және жұмылдыру дайындығы саласындағы, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы зерттеулерге қолданылмайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) әлеуметтанушылық зерттеу – зерттеу нысанасын жан-жақты талдаумен сипатталатын әлеуметтік процестер мен құбылыстарды зерделеуге, сондай-ақ оларды кейіннен орын алған проблемаларды шешуде пайдалану үшін анық деректер алуға бағытталған зерттеу;

      2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;

      3) зерттеу нәтижесінің түпнұсқалық дәрежесі – зерттеу нәтижесінің тұтас көлеміне қатысты өзге көздерден алмай орындалған зерттеу нәтижесі үлесін (жаңашылдық және қайталанбау деңгейі) көрсететін зерттеу нәтижесінің сапасын бағалау көрсеткіші (пайызбен);

      4) талдамалық зерттеу – талдамалық әдістер негізінде экономиканың нақты сегментінде мемлекеттік міндеттерді шешу және мемлекеттік саясатты іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеуге бағытталған зерттеу;

      5) шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеу – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықта жүргізетін зерттеуі.

2-тарау. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді іріктеу тәртібі

      4. Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулердің тақырыптарын іріктеу Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының тапсырмаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген талаптарға сәйкес негізделеді.

      5. Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулерді іріктеу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу үшін бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің құрылымдық бөлімшесі.

      6. Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулердің тақырыптарын іріктеу мынадай:

      елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды ағымдағы міндеттерін шешу кезінде Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулердің уақтылылығы мен өзектілігі, сондай-ақ мақсаттары мен міндеттерінің, бастамашылық етілетін тақырыптарының орындылығы;

      Зерттеу мен Бірлескен зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етілуінің болуы және зерттеуде пайдалануға жоспарланған деректердің түпнұсқалығы (деректердің ресми көздерін көрсете отырып);

      Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулердің стратегиялық мақсаттармен интеграциялануы, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі – МЖЖ) құжаттарының нысаналы индикаторларына және/немесе нәтижелерінің көрсеткіштеріне, оның ішінде мемлекеттік органның даму жоспарына қол жеткізуге бағдарлануы;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметіне Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулердің жоспарланған нәтижелері мен ұсынымдарын имплементациялау;

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің функцияларымен, оның ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулердің тақырыптары арасында Зерттеу мен Бірлескен зерттеулер тақырыптарының мақсаттары мен міндеттерінің қайталануын болдырмау өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылады.

      7. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 20 наурыздан кешіктірмей тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің жоспарланған/өзгертілген/қосымша тақырыптарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидарларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және оны бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органға қарауға жолдайды. Тізбеге әрбір зерттеу бойынша тиісті негіздемелермен бірге түсіндірме жазба қоса беріледі.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулердің тақырыптарын айқындауы мемлекеттік саясатты іске асыру қажеттіліктеріне талдау жүргізу және зерттеуді іске асыру мүмкіндіктерін алдын ала бағалау негізінде жүзеге асырылады.

      8. Комиссияның жұмыс органы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған Тізбелерге сәйкес жоспарланған кезеңнің алдындағы жылғы 30 наурызға дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жоспарлы кезеңге республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер тақырыптарының жиынтық тізбесінің жобасын (бұдан әрі – Жиынтық тізбе жобасы) қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің экономиканың тиісті салалары мен аяларының дамуына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімшелер) және "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – ҚСЗИ) жолдайды.

      9. Құрылымдық бөлімшелер мен ҚСЗИ Жиынтық тізбе жобасы қарауға келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Комиссияның Жұмыс органынан осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық тізбе жобасына қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) ұсынады.

      Құрылымдық бөлімшелер мен ҚСЗИ Қорытынды берген кезде Зерттеулер және Бірлескен зерттеулер тақырыптарының осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін қарайды.

      10. Жиынтық тізбе жобасында Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бастама жасаған Зерттеудің және/немесе Бірлескен зерттеудің тақырыбы осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда, Құрылымдық бөлімшелер мен ҚСЗИ еркін нысанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мәлімдеген тақырып бойынша Зерттеуді және/немесе Бірлескен зерттеуді жүргізудің орынсыздығы туралы дәлелді негіздеме дайындайды.

      11. Комиссияның жұмыс органы Құрылымдық бөлімшелердің және/немесе ҚСЗИ Қорытындысын алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Құрылымдық бөлімшелердің және/немесе ҚСЗИ Қорытындысын қоса бере отырып, Құрылымдық бөлімшелердің және/немесе ҚСЗИ мақұлдауын алмаған Зерттеу және/немесе Бірлескен зерттеу тақырыбына бастама жасаған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне хабарлама жібереді.

      12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Комиссияның Жұмыс органының хабарламасын алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде осы тақырып бойынша зерттеу жүргізудің орынсыздығы туралы қорытындының тұжырымын Құрылымдық бөлімшелермен және/немесе ҚСЗИ-мен пысықтайды және Комиссияның Жұмыс органына электрондық пошта арқылы Зерттеудің және/немесе Бірлескен зерттеудің пысықталған тақырыбын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің пысықталған Зерттеу және/немесе Бірлескен зерттеу тақырыбын ұсынбауы осы тақырыпты Жиынтық тізбе жобасынан алып тастау үшін негіз болып табылады.

      13. Комиссияның Жұмыс органы Құрылымдық бөлімшелер мен ҚСЗИ қорытындыларын ескере отырып, Жиынтық тізбенің жобасы негізінде 10 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жоспарлы кезеңге республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер тақырыптарының жиынтық тізбесін (бұдан әрі – Жиынтық тізбе) қалыптастырады.

      14. Комиссияның жұмыс органы жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 25 мамырдан кешіктірмей осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Жиынтық тізбені Комиссияның қарауына енгізуді қамтамасыз етеді.

      15. Комиссия Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулердің тақырыптарын іріктеу, сондай-ақ Жиынтық тізбені қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу кезінде олардың осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін қарайды.

      Комиссияның Жиынтық тізбені қарауының қорытындысы бойынша Жұмыс органы Комиссия отырысының хаттамасын жасайды.

      16. Комиссияның жұмыс органы Комиссия Жиынтық тізбені мақұлдағаннан кейін жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылғы 1 маусымнан кешіктірмей мақұлданған Жиынтық тізбені қоса бере отырып, Комиссия отырысының хаттамасын бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жібереді.

      17. Мақұлданған Жиынтық тізбені нақтылау мақұлданған Зерттеулер және Бірлескен зерттеулер тақырыптарының атауы өзгерген және/немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Зерттеулердің және Бірлескен зерттеулердің қосымша тақырыптарын ұсынған кезде осы Қағидаларда белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоспарланатын кезеңнің бірінші жылындағы 20 наурыздан кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органға өзгертілген және қосымша Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулер тақырыптарының тізбесін ұсынады.

      18. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – Зерттеулерге тапсырыс беруші Зерттеулерді сатып алуды:

      1) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес мемлекеттік тапсырма шеңберінде;

      2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде;

      3) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырады.

      19. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылғы 20 наурыздан кешіктірмей бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органға зерттеулердің стратегиялық мақсаттармен интеграциялануы және зерттеулер нәтижелерінің МЖЖ құжаттарының нысаналы индикаторларына және/немесе нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарлануы, зерттеулердің тиімділігін бағалау, алынған тікелей және жанама нәтижелер, зерттеу ұсынымдарының практикалық қолданылуы көрсетілген еркін нысандағы түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша өткен жыл бойынша іске асырылған Зерттеулер және Бірлескен зерттеулер жөнінде есептік ақпаратты ұсынады.

      20. Зерттеулер және Бірлескен зерттеулердің бастама жасалатын тақырыптарының орындылығы мен негізділігін, олардың елдің жалпы ұлттық басымдықтары мен стратегиялық әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне сәйкестігін, жүргізілген зерттеулердің нәтижелілігін, қолданылу дәрежесін және жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алынған талдамалық деректер негізінде шешімдер қабылдауды, сондай-ақ зерттеулер жүргізу кезінде бюджет қаражатын тиімді және ұтымды пайдалануды Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісі, жүргізілген Зерттеуге және Бірлескен зерттеуге бастама жасаушы қамтамасыз етеді.

      21. Бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылғы 25 мамырдан кешіктірмей Зерттеулердің және Бірлескен зерттеулердің нәтижелерін қолданбаған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша ақпаратты Комиссияның қарауына енгізуді қамтамасыз етеді

      22. Комиссияның Жұмыс органы Комиссия Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулердің нәтижелерін қолданбаған мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдағаннан кейін келесі жоспарлы кезеңге арналған Жиынтық тізбені қалыптастыру және/немесе мақұлданған Жиынтық тізбені нақтылау кезінде есепке алу үшін талап етілмеген Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулердің тізбесін қалыптастырады.

      23. Зерттеулерді және Бірлескен зерттеулерді жүргізу аяқталғаннан кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 10 жұмыс күні ішінде Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулердің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 461 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15034 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорына, сондай-ақ "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, зерттеулер нәтижелері туралы деректерді ресми интернет-ресурста орналастырады.

3-тарау. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер нәтижелерінің түпнұсқалық дәрежесін айқындау тәртібі (плагиатқа тексеру)

      24. Зерттеулердің сапасын арттыру, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мақсатында оның ішінде шет мемлекеттердің нормативтік-құқықтық актілерін, стандарттарын зерделеумен және талдаумен байланысты зерттеулерден басқа, Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулер нәтижелерінің түпнұсқалық дәрежесін айқындауға (плагиатқа тексеру) міндетті сараптамадан өтеді.

      25. Зерттеу және/немесе Бірлескен зерттеу тақырыбын жариялаған бюджеттік бағдарламалар әкімшісі және тікелей көрсетілетін қызметтердің өнім берушісі Зерттеулердің және Бірлескен зерттеулердің анықтығы мен түпнұсқалығын қамтамасыз етеді.

      26. Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулер нәтижелерінің түпнұсқалық дәрежесін айқындауға арналған тексеруді (плагиатқа тексеру) көрсетілетін қызметтің өнім берушісі Зерттеу және/немесе Бірлескен зерттеу нәтижелерін мәтінді пайдалануды (плагиатты) айқындаудың лицензиялық жүйеcі арқылы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – тапсырыс берушіге ұсынғанға дейін жүзеге асырады.

      27. Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулер нәтижелерінің түпнұсқалық дәрежесін айқындауға арналған тексеру (плагиатқа тексеру) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулер нәтижелері бойынша жүргізіледі.

      28. Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулер нәтижелерінің түпнұсқалық дәрежесіне қойылатын ең төменгі талаптар (плагиатқа тексеру) зерттеу нәтижесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бірегейлігінің кемінде 70% деңгейінде белгіленеді.

      29. Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулер нәтижелерін мәтінді пайдалануды (плагиатты) айқындаудың лицензиялық жүйеcі арқылы плагиатқа тексергеннен кейін көрсетілетін қызметтің өнім берушісі жүйенің түпнұсқалық, мәтінді пайдалану және дәйексөз келтіру пайызы көрсетілген есебін алады, бұл Тапсырыс беруші Зерттеу мен Бірлескен зерттеу нәтижелерін қабылдаған кезде орындалған көрсетілетін қызметтер актісіне міндетті қосымша болып табылады.

      30. Мәндер аса төмен болған кезде көрсетілетін қызметтердің өнім берушісі Зерттеу мен Бірлескен зерттеу нәтижесін міндетті түрде қайта өңдейді және бекітілген тақырып сақталған кезде көрсетілетін қызметтерді орындау туралы шартта белгіленген түпкілікті мерзімнің 10 жұмыс күніне дейін Зерттеулер мен Бірлескен зерттеулер нәтижелерінің түпнұсқалық дәрежесін айқындауға (плагиатқа тексеру) қайта тексеруге ұсынады.

      31. Зерттеулердің және Бірлескен зерттеулер нәтижелерінің түпнұсқалық дәрежесін айқындауға қайта тексеруді (плагиатқа тексеруді) орындаушы өз қаражаты есебінен жүргізеді.

4-тарау. Талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер шығындарының құрылымын айқындау тәртібі

      32. Зерттеулердің құны (баға белгілеу) Зерттеулерді жүргізуге тікелей байланысты мынадай шығындарды:

      1) зерттеуді жүзеге асыратын ұйымдар персоналының жалақысын;

      2) әлеуметтік салықты, Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдарды, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілердің аударымдарын;

      3) қосылған құн салығын;

      4) зерттеуді жүзеге асыратын ұйымдар персоналының іссапар шығыстарын (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);

      5) сыртқы сарапшыларды тартуды;

      6) зерттеу жүргізуге арналған материалдар санының пайдаланылғанын растайтын есеп-қисаптармен бірге материалдар (шығыс материалдары; кеңсе тауарлары; материалдық қор) сатып алуды;

      7) жүрген жолы көрсетілген көлік қызметтерін;

      8) полиграфиялық шығыстарды (бланк өнімдерін: сауалнамаларды, маршруттық парақтарды, карточкаларды, зерттеулер есептерін, тест тапсырмаларын тираждау, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);

      9) курьерлік көрсетілетін қызметтерді (материалдарды жіберу);

      10) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу үшін жалдау төлемақысын;

      11) банктің көрсетілетін қызметтерін;

      12) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді (талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижелерін плагиатқа тексеруді, байланыс қызметтерін (қалааралық телефонмен сөйлесуді, телефондарға абоненттік төлемді, пошта-телеграф шығындарын, факсты, электрондық поштаны, интернетті) қоса алғанда);

      13) растайтын есеп-қисаптар бар және аударма беттерінің саны көрсетілетін аударма қызметтерін қамтиды.

      Өзіндік құнды қалыптастыру кезінде ұқсас шығындар бойынша www.goszakup.gov.kz порталынан орташа нарықтық баға ескеріледі.

      Зерттеулердің өзге де шығындары туындаған кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері зерттеулердің құнын Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес белгілейді.

      33. Зерттеулердің құнында (баға белгілеу) мынадай шығындар:

      1) ықтимал залалдарға резервтер қалыптастыру;

      2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;

      3) ақпараттық ілгерілету шығыстары (жарнама);

      4) демеушілік көмек;

      5) айыппұлдар, өсімпұлдар мен тұрақсыздық айыптары қамтылмайды.

  Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын
талдамалық және
әлеуметтанушылық зерттеулерді
және шетелдік ұйымдармен
бірлескен зерттеулерді іріктеу,
сондай-ақ талдамалық және
әлеуметтанушылық зерттеулер
шығындарының құрылымын
айқындау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      ____________________________________бойынша_______ жылдарға арналған

                  (мемлекеттік органның атауы)

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің жоспарланған/өзгертілген/қосымша тақырыптарының тізбесі

Р/с

Зерттеу тақырыбының атауы

Іске асыру жылдары

Жүргізілетін зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, өзектілігі және уақтылылығы, экономикалық орындылығы мен негізділігі

Зерттеу әдіснамасы және зерттеуде пайдалануға жоспарланатын деректер

Зерттеуден күтілетін нәтижелер, ұсынымдар және жоспарланатын оларды мемлекеттік органның қызметіне имплементациялау, зерттеудің стратегиялық мақсаттарымен интеграциялануы және зерттеудің Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына және/немесе нәтижелер көрсеткіштеріне бағдарлануы

Өткен есептік кезең үшін жалғасатын және/немесе жыл сайын жүргізілетін зерттеулер бойынша нәтиже




1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









2









Барлығы








  Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын
талдамалық және
әлеуметтанушылық зерттеулерді
және шетелдік ұйымдармен
бірлескен зерттеулерді іріктеу,
сондай-ақ талдамалық және
әлеуметтанушылық зерттеулер
шығындарының құрылымын
айқындау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

_______ жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер тақырыптарының жиынтық тізбесінің жобасы

Р/с №

Зерттеу тақырыбының атауы

Іске асыру жылдары

Жүргізілетін зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, өзектілігі және уақтылылығы, экономикалық орындылығы мен негізділігі

Зерттеу әдіснамасы және зерттеуде пайдалануға жоспарланатын деректер

Зерттеуден күтілетін нәтижелер, ұсынымдар және оларды мемлекеттік органның қызметіне жоспарланатын имплементациялау, зерттеудің стратегиялық мақсаттармен интеграциялануы және зерттеудің Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына және/немесе нәтижелер көрсеткіштеріне бағдарлануы




1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








Барлығы







  Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын
талдамалық және
әлеуметтанушылық зерттеулерді
және шетелдік ұйымдармен
бірлескен зерттеулерді іріктеу,
сондай-ақ талдамалық және
әлеуметтанушылық зерттеулер
шығындарының құрылымын
айқындау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

_______жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер тақырыптарының жиынтық тізбесінің жобасына қорытынды _______________________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі құрылымдық бөлімшесінің атауы/ҚСЗИ)

Р/с №

Зерттеу тақырыбының атауы

Іске асыру жылдары

Жүргізілетін зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, өзектілігі және уақтылылығы, экономикалық орындылығы мен негізділігі

Зерттеу әдіснамасы және зерттеуде пайдалануға жоспарланатын деректер

Зерттеуден күтілетін нәтижелер, ұсынымдар және оларды мемлекеттік органның қызметіне жоспарланатын имплементациялау, зерттеудің стратегиялық мақсаттармен интеграциялануы және зерттеудің Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына және/немесе нәтижелер көрсеткіштеріне бағдарлануы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қорытындысы
(қолдау табады немесе қолдау таппайды). Мәлімделген тақырыптар қолдау таппаған жағдайда негіздеме ұсынылуға тиіс




1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









2









Барлығы








  Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын
талдамалық және
әлеуметтанушылық зерттеулерді
және шетелдік ұйымдармен
бірлескен зерттеулерді іріктеу,
сондай-ақ талдамалық және
әлеуметтанушылық зерттеулер
шығындарының құрылымын
айқындау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын талдамалық және әлеуметтанушылық тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізудің орындылығын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның қорытындысын қалыптастыру үшін_______ жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер тақырыптарының жиынтық тізбесі

Р/с

Зерттеу тақырыбының атауы

Іске асыру жылдары

Жүргізілетін зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, өзектілігі және уақтылылығы, экономикалық орындылығы мен негізділігі

Зерттеу әдіснамасы және зерттеуде пайдалануға жоспарланатын деректер

Зерттеуден күтілетін нәтижелер, ұсынымдар және оларды мемлекеттік органның қызметіне жоспарланатын имплементациялау, зерттеудің стратегиялық мақсаттармен интеграциялануы және зерттеудің Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына және/немесе нәтижелер көрсеткіштеріне бағдарлануы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қорытындылары
ескерілген Комиссия қорытындысы




1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









2









Барлығы








  Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын
талдамалық және
әлеуметтанушылық зерттеулерді
және шетелдік ұйымдармен
бірлескен зерттеулерді іріктеу,
сондай-ақ талдамалық және
әлеуметтанушылық зерттеулер
шығындарының құрылымын
айқындау қағидаларына
5-қосымша

      1-нысан

  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан орналастырылған интернет-ресурс: www.gov.kz./memleket/economy

      Әкімшілік нысанның атауы: Іске асырылған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер бойынша есептік ақпарат

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-АСИ

      Кезеңділік: жылдық

      Есептік кезең: 20__ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыптарын мәлімдеген орталық мемлекеттік органдар/бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылғы 20 наурызға дейін

БСН



      Жинау әдісі: электронды түрде

Р/с

Зерттеу тақырыбының атауы

Зерттеудің құны, мың теңге, зерттеуді сатып алу тәсілі
(мемлекеттік тапсырма, әлеуметтік тапсырыс, конкурс)

Жүргізілген зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, өзектілігі және уақтылылығы

Алынған ұсынымдар, зерттеу нәтижелері

Алынған ұсынымдар мен нәтижелерді мемлекеттік органның қызметінде қолдану, зерттеудің стратегиялық мақсаттармен интеграциялануы және зерттеудің Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына және/немесе нәтижелер көрсеткіштеріне бағдарлануы

Алынған ұсынымдар мен нәтижелердің мемлекеттік органның қызметінде қолданылмау себептері

"Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі базасындағы
республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік,әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің бірыңғай дерекқорында орналастыру туралы, сондай-ақ зерттеудің түпнұсқалық дәрежесі туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








Барлығы







      Атауы                                           Мекенжайы

      Наименование ____________________             Адрес___________________________

      _______________________________                   __________________________

      Телефоны

      Телефон ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы/ Адрес электронной почты _

      _____________________________________________________________

      Орындаушы

      Исполнитель___________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, телефон

      фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) қолы

      фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись

      Мөрдің орны

      Место для печати ___________________________________________

  "______(мемлекеттік органның
атауы) бойынша 20 жылы іске
асырылған республикалық
бюджеттен
қаржыландырылатын
талдамалық және
әлеуметтанушылық зерттеулер
және шетелдік ұйымдармен
бірлескен зерттеулер бойынша
есептік ақпарат" нысанына
қосымша

"Іске асырылған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер бойынша есептік ақпарат" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөнінде түсіндірме (1-АСИ индексі, кезеңділігі жылдық)

      1. "_____________(мемлекеттік органның атауы) бойынша 20 жылы іске асырылған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулер бойынша есептік ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанының (бұдан әрі – Нысан) 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      2. Нысанның 2-бағанында зерттеу тақырыбының атауы көрсетіледі.

      3. Нысанның 3-бағанында зерттеудің құны, мың теңге, зерттеуді сатып алу тәсілі (мемлекеттік тапсырма, әлеуметтік тапсырыс, конкурс) көрсетіледі.

      4. Нысанның 4-бағанында жүргізілген зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, өзектілігі және уақтылылығы көрсетіледі.

      5. Нысанның 5-бағанында алынған ұсынымдар, зерттеу нәтижелері көрсетіледі.

      6. Нысанның 6-бағанында алынған ұсынымдар мен нәтижелерді мемлекеттік органның қызметінде қолдану, зерттеудің стратегиялық мақсаттармен интеграциялануы және зерттеудің Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына және/немесе нәтижелер көрсеткіштеріне бағдарлануы көрсетіледі.

      7. Нысанның 7-бағанында алынған ұсынымдар мен нәтижелердің мемлекеттік органның қызметінде қолданылмау себептері көрсетіледі.

      8. Нысанның 8-бағанында "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі базасындағы республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің бірыңғай дерекқорында орналастыру туралы, сондай-ақ зерттеудің түпнұсқалық дәрежесі туралы ақпарат көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады