Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 05 маусымдағы N 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 14 қазан N 47. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 151 қаулысымен.

  ------------Қаулыдан үзінді------------------

      Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) ...
      2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Төрағасының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 5 маусымдағы N 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 14 қазандағы N 47 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізiлiмiнде N 936 тiркелген);
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. .....

      Төраға

      Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу және инвесторлардың мүдделерін қорғау, сондай-ақ "Ақпараттық технологияларды 2000 жылға сәйкес келтіру проблемасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 572  P990572_  қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) 

                       Қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 06 тамызда 563  V980563_  нөмірмен тіркелген "Тіркеушілерге қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 05 маусымдағы N 5 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Тіркеушілерге мынадай техникалық-технологиялық талаптар белгіленсін: 
      1) 2000 жылы проблемалардың туындауының алдын алатын және оның туындалуы мүмкін салдарларын төмендететін ақпараттық технологияларды пайдалану; 
      2) сыртқы электр көздерін пайдаланусыз, оның ішінде электрмен жұмыс істейтін құралдар мен приборларды пайдаланусыз толық қағаз технология бойынша бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізуді және сақтауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдық-техникалық ресурстардың болуы; 
      3) бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу және сақтау жүйелерімен бағалы қағаздар ұстаушылардың кемінде 5.000.000 (бес миллион) жеке шоттарын ұстап тұру; 
      4) бағалы қағаздар ұстаушыларының барлық тізілімде бір бағалы қағаздар ұстаушыға арналған бір жеке шот ашуға негізделген бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу технологиясын пайдалану."; 
      2) 3-тармақта ", бағдарламалық-технологиялық кешендер" деген сөздер алып тасталсын; 
      3) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "3-1. Тіркеушілер өз қызметтерін (бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті реттейтін ішкі құжаттарды қоса): 
      1) осы Қаулының 2-тармағынның 1) және 2) тармақшаларының талаптарына 1999 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі мерзімде; 
      2) осы Қаулының 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарына 2000 жылғы 01 көкекке дейінгі мерзімде сәйкес келтіруге міндеттелсін.". 
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін. 
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін. 
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының лицензиялау және қадағалау басқармасы: 
      1) осы Қаулыны бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін;
      2) осы Қаулыны бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

       Комиссияның Төрағасы

      Комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады