Ескерту. ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 9 көкектегі N 28 Қаулысының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 175 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Бюджет жүйесi туралы"
Z990357_
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 01 көкектегi заңының шығуына байланысты, оның 1-бабының он екiншi бөлiгiнде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары шығарылған бағалы қағаздардың мемлекеттiк бағалы қағаздар ретiнде айқындалуына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 17 наурызда 707
V980707_
нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларының 24 тармағына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1) тармақша "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе Ұлттық Банкi шығарған" деген сөздермен толықтырылсын; "эмисссияланған" деген сөзден кейiн (осы тармақша Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 06 көкектегi N 28 қаулысымен толықтырылған) деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұнды 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдар шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздары, оның iшiнде басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес эмиссияланған (осы тармақша Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 06 көкектегi N 28 қаулысымен енгiзiлген);".
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген сәттен бастап күшiне енгізiлетiндігі белгіленсiн.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны олардың мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қаржы министрлiгінiң назарына жеткiзсiн;
2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізгеннен кейін) бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушы қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері