Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті 1999 жылғы 21 қыркүйек N 202. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 84 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 84 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын.
      ...
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 917 нөмiрiмен тiркелген) бұйрығы
      2. Осы бұйрық қол қойған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тіркеу қызметі комитеті
      Төрағасының м.а.
-----------------------------

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Z952198_ заң күші бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы ауылдық тұтыну кооперациясы туралы" Z990450 Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 21 шілдедегі Заңының және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының қабылдануына байланысты бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66  V990768_ бұйрығына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу ережесінде: 
      13-тармақтың тоғызыншы абзацындағы "және оның басшысының қолы қойылады" деген сөздер алынып тасталсын; 
      17-тармақта: 
      бірінші абзацта "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 42 бабы 6-тармағына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын; 
      1) тармақшасындағы "жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің" деген сөздер "мемлекеттік кәсіпорынның, шаруашылық серіктестігінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      23-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "бұрынғы құрылтай құжаттарына қосымша ретінде немесе құрылтай құжаттары жаңа редакция түрінде рәсімделуі мүмкін болатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың екі данасы. Егер заңға сәйкес құрылтай құжаттарды нотариалды куәландыру қажет болса, онда оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар да нотариалды тәртіпте куәландырылуы қажет."; 
      24-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: 
      "өзгерістер мен толықтырулар рәсімделгеннен (тиісті штамптар мен мөр қойылғаннан) кейін бір данасы заңды тұлғаның өкілетті тұлғасына қайтарылады, ал өзге құжаттар заңды тұлғаның тіркеу істеріне тігіледі. Құрылтай құжаттары жаңа редакцияда тапсырылған жағдайда, бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары қайтарылуға жатпайды;
      10 күн ішінде мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғаларға қатысты реестрұстаушыға (3 қосымша), сондай-ақ тұрған жері өзгерген жағдайда - статистика органына (6 қосымша) хабарлайды.";
      26-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 42 бабы 6 тармағына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      27-тармақтағы "филиалға (өкілдікке)" деген сөздерінен кейін "белгіленген үлгідегі" деген сөздермен толықтырылсын;
      31-тармақта:
      үшінші абзацтағы "шешімнің көшірмесі" деген сөздер "шешім" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "тарату балансын бекіту туралы шешім;";
      оныншы абзацтағы "заңды тұлға мөрі немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "32. Осы ереженің 31-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган 10 күн ішінде;
      заңдарда және заңды тұлғаның жарғысында қарастырылған тарату тәртібінің орындалуын тексереді;
      заңды тұлғаның таратылуын тіркеу туралы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің күшін жою туралы және оны Регистрден шығару туралы бұйрық шығарады. Заңды тұлғаны таратудың белгіленген тәртібі бұзылған жағдайларда тіркеуші орган таратуды тіркеуден бас тарту туралы бұйрық шығарады; 
      Регистрге және электронды деректер банкіне заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер енгізеді; 
      заңды тұлғаның таратылуы аяқталғаны туралы статистика органдарына және реестрұстаушыға (мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғаларға қатысты) хабарлайды (7 қосымша). 
      Ұйымдардың кейбір түрлерін (банк және т.б.) тарату заңдарда қарастырылған ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады. 
      Құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік және статистикалық карточканың түпнұсқалары, сондай-ақ таратуды тіркеуге ұсынылған өзге де құжаттар тіркеуші органда сақталады."; 
      34-тармақта: 
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: 
      "таратуды тіркеу туралы белгіленген үлгідегі өтініш;"; 
      сегізінші абзацтағы "мөрі немесе заңды тұлғаның" деген сөздер алынып тасталсын; 
      39-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Бас тартылған жағдайда өтініш, заңдарға қайшылығы бар құжаттар және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін төленген алым қайтарылуға жатпайды."; 
      40-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Үзілістен кейін мерзімнің өтуі қайтадан басталады: үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді."; 
      мынадай мазмұндағы 41-тармақпен толықтырылсын: 
      "41. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына мемлекеттік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу қажетті құжаттармен қоса арыз берген күннен бастап 15 күн ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 3 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады. Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылып немесе оларда заңдарға қайшылықтар болған жағдайда, өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден бас тартылады.";
      көрсетілген Ережеге 1 қосымшада:
      10-тармақта:
      бесінші абзацтағы "бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерін құру туралы" деген сөздер "бірлестікті құру туралы облыстардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ескертудің 2-тармағы алынып тасталсын;
      16-тармақта:
      ескертудің 5-тармағы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Ауылдық тұтыну кооперативі:
      тіркеу туралы өтініш;
      құрылтай жиналысының хаттамасы;
      жарғы;
      тұрған жерін растайтын құжат;
      тіркеу үшін алым төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
      азаматтар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері, және заңды тұлғалар үшін - атауы, тұрған жері, тіркеу нөмірі туралы мәліметтер көрсетілген жарна салушылардың тізімі."; 
      "Тіркеуге ұсынатын құжаттардың барлық тізіміне Ескертулерде" 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Пәні банктік қызмет болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің оны ашуға рұқсаты, ал сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары үшін уәкілетті мемлекеттік органның оны ашуға рұқсаты талап етіледі.";
      көрсетілген Ережеге 4 қосымшадағы ескертудің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Пәні банктік қызмет болып табылатын филиал немесе өкілдікті есептік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің оны ашуға келісімі, ал сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалы немесе өкілдігін есептік тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органның оны ашуға рұқсаты талап етіледі.";
      көрсетілген ережеге 6 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

Заңды тұлғаларды мемлекеттік  
тіркеу Ережесіне        
6 қосымша            

  Заңды тұлғаның (филиал немесе өкілдіктің)
тұрған жерінің өзгергені туралы
Хабарлама

     ______________________________________________________________
                     тіркеуші органның атауы

     ______________________________________________________________
                     тіркеуші органның атауы

     ________________________________________________ тіркелген
          тіркеу нөмірі, тіркеу күні ҚҰЖК коды

     ______________________________________________________________
          заңды тұлғаның (филиалы немесе өкілдіктің) атауы

     _______________________ тұрған жерінің өзгергені туралы

     хабарлайды.

     Заңды тұлғаның (филиал немесе өкілдіктің) жаңа тұрған жері ___

     ______________________________________________________________

     _____________   ________________    _________________
       жетекші            қолы                аты-жөні

     көрсетілген Ережеге 8 қосымша алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық нормативтік құқықтық актісі ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлігінің
      Тіркеу қызметі
      комитетінің төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады