N 768 тіркелген, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 10 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3056. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 84 бұйрығымен.

      Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 84 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын.
      ...
       6) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3056 нөмiрiмен тiркелген) бұйрығы...
      2. Осы бұйрық қол қойған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тіркеу қызметі комитеті
      Төрағасының м.а.      
-----------------------------

      "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында, бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі  N 202 , (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 917 тіркелген), 2000 жылғы 27 қаңтардағы  N 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1062 тіркелген) 2000 жылғы 11 сәуірдегі  N 61 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1119 тіркелген), 2003 жылғы 7 қаңтардағы  N 01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2111 тіркелген) бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің Ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі  N 66 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 768 тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың атауында, кіріспесінде, бұйрықтың бірінші абзацында "тіркеудің" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің" деген сөздермен толықтырылсын;
      кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар 1995 жылғы 17 сәуірдегі Жарлығы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу ережесінде:
      Ереженің атауындағы "тіркеудің" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің" деген сөздермен толықтырылсын;
      мәтіндегі "заңдарына" деген сөз тиісінше "Қазақстан Республикасының заң актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 тармақта "басқарма" деген сөз алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
      заңды тұлғаны құру, қайта ұйымдастыру және тоқтату, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктерді құру және тоқтату фактісін растау;
      Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және өзінің қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар, сондай-ақ құрылған және өзінің қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу;
      заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;
      заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы ақпаратты (қызмет немесе коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпаратты қоспағанда) монополияға қарсы орган белгілеген тарифтер бойынша өткізу мақсатында жүзеге асырылады."

      7-тармақтың бірінші абзацында "құрылтай" деген сөзден кейін "және басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      "құрылатын заңды тұлғалардың" және "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздер "мемлекеттік тіркеуге ұсынылған" және "Қазақстан Республикасының заң актілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8-тармақта "қатысушылардың" деген сөзден кейін "(мүшелердің)" деген сөзбен толықтырылсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін тіркеуші орган:
      ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын және олардың дұрыс құрастырылғанын, дайындалғанын және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестігін тексереді;
      құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес болған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрық шығарады (бұйрық жобасын заңды тұлғаның құжаттарын қарастырған тіркеу қызметінің маманы үш данада дайындайды және осы маман, сондай-ақ тіркеу бөлімінің бастығы қол қояды, содан соң тіркеуші органының бастығына немесе оның орынбасарына қол қоюға ұсынады);
      Тіркелімге, сондай-ақ электрондық дерекқорға заңды тұлға туралы мәлімет енгізеді;
      тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика органына заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені туралы хабарлама жібереді;
      есеп журналына статистикалық карточканың алынған уақыты мен күнін тіркейді;
      "Салық төлеушінің куәлігін тіркелген заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке беру үшін салық органының әділет органына жіберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 2 маусымдағы N 314 бұйрығымен бекітілген тізімдемесі бойынша салық органы жіберген салық төлеушінің куәлігін алады; (тізімдемеге салық органының және әділет органының жауапты орындаушысы қол қояды және әрбір қол қойған тараптардың бір бір данасы сақталады, сонымен қатар әділет органы алынған салық төлеушінің куәліктерін есепке алу журналына жазба енгізеді);
      салық төлеушінің куәлігін алғаннан кейін заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының үшінші данасын және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені туралы бұйрықты салық органына береді, ол жөнінде тиісті жазба енгізіледі;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы белгіленген үлгідегі куәлікті, сондай-ақ салық төлеушінің куәлігін және статистикалық карточкасын береді;
      құрылтай және басқа құжаттары бір данадан тұратын істі рәсімдейді, істі рәсімдеп болғаннан кейін (тиісті штамптар мен мөр қойылғаннан кейін) құрылтай құжаттарының түпнұсқасы құрылтайшыға немесе оның өкіліне қайтарылады.".

      11-тармақта "Комитеттің кестесі бойынша", "статистика органдарын (2 Қосымша)", сол сияқты "(3 Қосымша)" деген сөздер алып тасталсын.

      12-тармақтың үшінші абзацында:
      "ережелердің" деген сөз "құжаттардың" деген сөзбен ауыстырылсын.
      "филиалдар (өкілдіктер) туралы" деген сөздерден кейін ", есептік тіркеуге ұсынылған" деген сөздермен толықтырылсын.

      13-тармақта:
      алтыншы абзацта "коммерциялық емес ұйымдар" деген сөздер алып тасталсын;
      жетінші абзац "(өкілдікті) басқару" деген сөздерден кейін "және филиал (өкілдік) басшысының құзыреті" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "қызметінің мәні, филиал (өкілдік) құратын заңды тұлғаны тіркеу туралы деректер";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін тіркеуші орган:
      ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын және олардың дұрыс құрастырылғанын, дайындалғанын және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестігін тексереді;
      құжаттары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес болған жағдайда филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бұйрық шығарады (бұйрық жобасын филиалдың (өкілдіктің) құжаттарын қарастырған тіркеу қызметінің маманы үш данада дайындайды және осы маман, сонымен қатар тіркеу бөлімінің бастығы қол қояды, содан соң тіркеуші органының бастығына немесе оның орынбасарына қол қоюға ұсынады);
      Тізілімге, сондай-ақ электрондық дерекқорға филиал (өкілдік) туралы мәлімет енгізеді;
      тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика органына филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені туралы хабарлама жібереді;
      есеп журналында статистикалық карточканың алынған уақыты мен күнін тіркейді;
      салық органы "Салық төлеушінің куәлігін тіркелген заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке беру үшін салық органының әділет органына жіберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 2 маусымдағы N 314 бұйрығымен бекіткен, тізімдемесі бойынша жіберген салық төлеушінің куәлігін алады; (тізімдемеге салық органының және әділет органының жауапты орындаушылары қол қояды және әрбір қол қойған тараптардың бір бір данасы сақталады, сонымен қатар, әділет органы алынған салық төлеушінің куәлігін есепке алу журналына жазба енгізеді);
      салық төлеушінің куәлігін алғаннан кейін филиалдың (өкілдіктің) құжаттарының үшінші данасын салық органына береді;
      филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы белгіленген үлгідегі куәлікті, сондай-ақ салық төлеушінің куәлігін және статистикалық карточкасын береді;
      бір данадан тұратын ережелер істерін ресімдейді, істі ресімдеп болғаннан кейін (тиісті штамптар мен мөр қойылғаннан кейін) ережелерінің түпнұсқасы басшысына немесе оның өкіліне қайтарылады.".

      16-тармақта "Комитеттің кестесі бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      17-тармақтың 1) тармақшасында "мемлекеттік кәсіпорынның, шаруашылық серіктестігінің", "және акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері" деген сөздер алып тасталсын;
      17-тармақтың 3) тармақшасында:
      "және жабық акционерлік қоғамдарындағы" деген сөздер алып тасталсын;
      "қатысушылардың" деген сөзден кейін "(саны жүз және одан да көп қатысушылары бар шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      18-тармақтың алтыншы абзацында:
      "түпнұсқасы" деген сөз "түпнұсқалары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "көшірмесі" деген сөз "және салық төлеушінің куәлігінің түпнұсқалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19-тармақта "және жабық акционерлік қоғам", "құрылтайшылар құрамынан (акцияның ауысуы, үлестің кемуі) қатысушының шыққандығын дәлелдейтін құжат ұсынылады." деген сөздер "саны жүз және одан да көп қатысушылары бар шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негiздемесi бойынша қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететiн қатысушының, мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелiгiнен шығарылғанын (басқа бiреуге берiлгенiн) немесе басқаға ауысқанын растайтын құжат ұсынылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақта:
      төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика органына заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені туралы хабарлама жібереді";
      алтыншы абзацта "көшірмесімен" деген сөз ", салық төлеушінің куәлігінің түпнұсқаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жетінші абзацта "заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелгені туралы статистика органдарына (5 қосымша) және", "(3 қосымша)" деген сөздер алып тасталсын.

      23-тармақта:
      төртінші абзацта "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесінші абзац "құжаттарының" деген сөзден кейін "(мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің, статистикалық карточкасы мен салық төлеушінің куәлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;

      24-тармақта:
      төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "тіркеген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика органына заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістермен толықтырулардың тіркелгені туралы хабарлама жібереді;
      есеп журналында статистикалық карточкасын алған уақытын және күнін тіркейді;";
      алтыншы абзацта "(3 қосымша)", "сондай-ақ тұрған жері өзгерген жағдайда - статистика органына (6-қосымша)" деген сөздер алып тасталсын;

      25-тармақта:
      төртінші абзац "заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы белгілі үлгідегі куәлікті" деген сөздерден кейін "және статистикалық карточканы" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы абзацта:
      "түпнұсқасы" деген сөз "түпнұсқалары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "карточкасының" деген сөзден кейін ", салық төлеушінің куәлігінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      жетінші абзацта "статистика органдарына (6 қосымша), сол сияқты", "(3 қосымша)" деген сөздер алып тасталсын;
      сегізінші абзацта "Бұрынғы мекен-жайдағы тіркеуші орган заңды тұлғаның бұл облыс аумағында қызметін тоқтатқаны туралы статистика органдарына 10 күн ішінде хабарлайды (7 қосымша)" деген сөздер алып тасталсын;

      25-1-тармақта:
      төртінші абзацта "мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік" деген сөздерден кейін "және статистикалық карточканы" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші абзацта "бұрынғы куәліктің түпнұсқасы" деген сөздер "бұрынғы статистикалық карточкасының түпнұсқалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацта "статистика органдарын (6 қосымша), сонымен қатар", "(3 қосымша)" деген сөздер алып тасталсын;

      27-тармақ "есептiк қайта тiркеу туралы куәлiк" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ салық төлеушінің куәлігі және статистикалық карточкасы" деген сөздермен толықтырылсын;

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Заңды тұлғаның өтініші бойынша тіркеуші орган үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы куәліктердің дубликаттарын береді.
      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы куәліктердің дубликаттарын беру үшін Қазақстан Республикасының Салық  кодексі белгіленген тәртіппен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым алынады.";

      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "31. Заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асырушы орган, заңды тұлғаны тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешімді алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тарату немесе қайта ұйымдастыру тәртібінің сақталуын тексереді.
      Заңды тұлғаның таратылу негіздемесі бойынша қызметінің тоқтатылуын тіркеу үшін:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша таратылуды тіркеу туралы өтініш;
      2) заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрі басылған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берген заңды тұлға органының шешімі;
      3) құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік пен статистикалық карточка;
      4) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлімдеудің тәртібі мен мерзімдері туралы баспасөз басылымдарында ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
      5) таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы, кредиторлар мәлімдеген талаптардың тізбесі туралы мәліметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері;
      6) тарату балансы;
      7) заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе заңды тұлғаны тарату туралы, заңды тұлғаның мөрі басылған аралық және тарату баланстарын бекіту туралы шешімді қабылдаған өзге органның шешімі;
      8) заңды тұлғаның мөрінің жойылғаны туралы құжаты;
      9) таратылатын заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің (олар болған жағдайда) есептен шығарылғанын растайтын құжат;
      10) салық берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама;
      11) кеден органдарының кедендік төлемдер бойынша берешектері мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмілелерінің жоқ екендігі туралы анықтама;
      12) акция шығарылымдарының (акционерлік қоғамдар үшін) күші жойылғандығы туралы уәкілетті органның хабарламасы;
      13) заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.
      Соттың шешімі бойынша таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеу, сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
      Тиісті тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің қызметінің тоқтатылуын тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады. Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастырған жағдайда тіркеуші органға, уәкілетті органның осы акционерлік қоғам акцияларының барлық шығарылымының күшін жою туралы хабарламасы қосымша табыс етіледі.
      Заңды тұлғаны таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзушылық анықталған жағдайда тіркеуші орган тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.";

      34-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері бойынша салық органының салық берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "36. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш қоса берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "38. Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртібін бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмеуі, сондай-ақ табыстау актісiн немесе бөлу балансын, ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы, заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.
      Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға филиалды (өкілдікті) құрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібі бұзылған жағдайда, есептік тіркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болмаған жағдайларда жол беріледі.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "41. Құрылтай құжаттарына мемлекеттік қайта тіркеуге әкеліп соқпайтын өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуін тіркеу мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады: шағын кәсіпкерлік субъектілері және олардың филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс, ал өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылып немесе оларда заңға қайшылықтар болған жағдайда құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден бас тартылады.";
      Тіркеуге ұсынатын құжаттардың барлық тізбесіне ЕСКЕРТПЕ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Заңды тұлғаны тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтініш берiледi, мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылып, үш дана етiп берiлетiн құрылтай құжаттары қоса тапсырылады.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызмет мәні банк және сақтандыру қызметi болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты, ал банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын есептiк тiркеу үшiн аталған органның келiсiмi қосымша талап етiледi.
      3. Банктердiң, филиалдар және өкiлдiктер болып табылмайтын аумақтық оқшау бөлiмшелерi банк заңдарында белгiленген тәртiппен құрылады және есептiк (мемлекеттiк) тiркелуге жатпайды.
      4. Қызметінің мәні зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның оны ашуға рұқсаты қосымша талап етіледі.
      5. Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда тiркеуші органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бiрге құрылтайшыда-заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы салық органының анықтамасы табыс етiледi.
      6. Тиісті тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.
      7. Өтінішке құрылтайшы немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса тіркей отырып, құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды.
      8. Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:
      1) құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа да заңы құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса;
      2) құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.
      9. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу " Қоғамдық бірлестіктер туралы ", " Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      10. Сонымен бiр мезгiлде тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiн куәландыратын құжат табыс етіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттары: жалдау, сатып алу-сату шарттарының нотариалдық куәландырылған көшірмесі, үй-жайға құқығының тіркелгені туралы куәлігі және азаматтық заңдарда көзделген өзге де құжаты болуы мүмкін. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болған жағдайда, онда жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде бергені туралы нотариалдық куәландырған келісімі табыс етіледі. Шағын кәсіпкерлік субъектілері өздерінің орналасқан жерін куәландыратын құжат табыс етпейді.
      11. Бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшiн табыстау актісi немесе бөлу балансы, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға кредиторларының осындай қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабардар етiлгенiн растайтын құжат та ұсынылады.
      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңында және өзге де заң актілерінде көзделгеннен басқа қандай да болсын құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.";

      2, 3, 5, 6-қосымшалар алып тасталсын;

      4-қосымшаның 2-тармағында:
      төртінші, бесінші абзацтарда:
      "куәландырылған" деген сөз "куәландырылған" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "немесе орыс тілінде" деген сөздер "және орыс тілінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      алтыншы, жетінші абзацта:
      "куәландырылған" деген сөз "куәландырылған" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "мемлекеттік немесе орыс тіліне" деген сөздер "мемлекеттік және орыс тіліне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

      Тіркеу қызметі
      комитетінің Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады