Өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлеріне арналған лицензияларды берудің тәртібі мен шарттары туралы, түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сатуға арналған лицензияларды, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тысқары сатуға арналған ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрлігі 1999 жылғы 6 қыркүйек N 259 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 29 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 916. Қолданылуы жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Лицензиялау және рұқсат ету жүйесі жөніндегі қызметтерді қолданылып жүрген заңдарға сәйкестендіру мақсатында:

      Бұйырамын:

      1. Қосымшадағы:

      Өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлеріне арналған лицензияларды берудің тәртібі мен шарттары туралы ережелер.

      Түсті және қара маталдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сатуға арналған лицензияларды, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тысқары сатуға арналған ережелер бекітілсін.

      2. Экспорттық бақылау және лицензиялау департаменті (Тұяқов Ж.Ш.) Өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлеріне арналған лицензиялар берудің тәртібі мен шарттары туралы ережелерді және Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сатуға арналған лицензияларды, сондай-ақ түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тысқары сатуға арналған ережелерді белгіленген тәртіппен тіркеу үшін Әділет министрлігіне бағыттасын.

Министр



Өнеркәсiп саласындағы қызмет түрлерiне арналған
лицензиялар берудiң тәртiбi мен шарттары

      1. Қызмет түрлерiне арналған лицензиялар берудің тәртiбi мен шарттары туралы осы Ережелер (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 283 заңына , "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1997 жылғы 9 қаңтардағы N 25 қаулысына , "Өнеркәсiп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулысына сәйкес әзiрленген.

      Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнің Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi мен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнің құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiн қоспағанда Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінің құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiне лицензиялар берудің тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

2. Лицензиялаудың субъектiлерi

      2. Лицензиялау жүйесiнің субъектiлерi мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Лицензиар);

      2) меншiк түрiне және ұйымдық-құқықтық нысанына, тiркелген жерiне қарамастан Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары, шетелдiк заңды тұлғалар (бұдан әрi - Лицензиат).

      3. Берiлген Лицензия Лицензиаттың қызметтің лицензияланатын түрiнің құрамына кiретiн жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүзеге асыру құқығын заңды түрде бекiтедi.

3. Лицензиялауға қатысатын тараптардың мiндеттерi

      4. Лицензиар:

      1) нормативтiк құқықтық актiлердің, басшылық нұсқаулардың, нормативтiк-техникалық, әдiстемелiк құжаттардың жобаларын және қызметтің лицензияланатын түрлерiне арналған бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеуге;

      2) өтiнiш берушілердің бiлiктiлiк деңгейінің сараптық бағалауын жүргiзу үшiн ұйымдарды айқындауға;

      3) лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм қабылдауға;

      4) Лицензиаттардың тiзiмiн жүргiзуге;

      5) Лицензиаттармен ақпараттық-әдiстемелiк жұмыс жүргiзуге, Лицензиатты лицензия берудің шарттары өзгергенi туралы белгiленген тәртiппен хабардар етуге;

      6) лицензиялық iстердің архивiн жауапты сақтауды жүзеге асыруға;

      7) өтiнiш берушi мен Лицензиат туралы лицензиялау процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      5. Лицензиат:

      1) бiлiктiлiк талаптары параметрлерiнің белгiленген тәртiппен бекiтiлген қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;

      2) кәсiпорында сапаны, еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасын, метрологияны басқару жүйесiн құру және оны дамытуды қамтамасыз ететiн қызметтердi қалыптастыруға;

      3) біліктілiк деңгейінің сараптық бағалауын жүргiзу үшiн жағдайлар жасауға;

      4) лицензиялық шарттарды сақтауға;

      5) Лицензиарға лицензиялық шарттардың орындалуы туралы жыл сайын белгiленген тәртiппен есеп беруге;

      6) Лицензиарға лицензиялық шарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға кедергi болмауға;

      7) Лицензиарды құқықтық мәртебеде болған өзгерiстер туралы хабардар етуге мiндетті.

4. Бiлiктiлiк талаптары

      6. Бiлiктiлiк талаптарына өндiрiстiк және техникалық базаның сипаттамалары, баланстағы және жалға алынған үйлер, құрылғылар, машиналар, механизмдер, жабдықтар, дайын өнiмдi, жарылу, өртену қаупi бар күштi әсер ететiн улы заттар мен өртке қарсы материалдарды сақтауға арналған Қоймалар, үй-жайлар мен сыйымдылықтар, техникалық-экономикалық көрсеткіштер, экологиялық, санитарлық және тау-кен қадағалау органдарының қорытындылары, нұсқаулар, жұмыс регламентi, қоршаған ортаның, азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгi, тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің және т.б. сапасының кепiлдiгi және олардың қызметтiң лицензияланатын түрлерiне сәйкестiгi, сондай-ақ жоғары және орта бiлiмi (куәлiк, бiлiктiлiк алу туралы диплом), бар персоналдың болуы, практикалық қызметтi растайтын: (жеке тұлғалар үшiн: сертификаттар, куәлiктер, аттестаттар, қорытындылар, актiлер, оның iшiнде қызметтiң лицензияланатын түрлерiмен тiкелей айналысатын басшылар мен персоналдың бiлiктiлiк деңгейi кiредi.

      7. Қызметтің лицензияланатын түрiнің талаптарына жауап беретiн бiлiктiлiк деңгейi:

      1) өнiмнің, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн;

      2) технологиялардың, өндiрiстiк процестер мен жабдықтардың техникалық жобаларға сәйкестiгiн, технологиялардың сақталуын қамтамасыз етудi;

      3) өндiрiстiң қауiпсiз жағдайын және еңбектi қорғауды ұйымдастыруды;

      4) Лицензиаттың шаруашылық қызметiнің қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңды түрде белгiленген талаптарына сәйкестiгiн;

      5) Лицензиаттың кәсіпорнында өнiм сапасын бақылау, еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк техникасы, метрология жөнiндегi бөлiмшелердің болуы мен оның қызметiн дәлелдейдi.

5. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi

      8. Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия бiлiктiлiк деңгейi қызметтің осы түрi үшiн қойылатын талаптарға сәйкес келетiн субъектiге берiледi. Лицензиаттың бiлiктiлiк деңгейге сәйкестiгiн Лицензиардың айқындауы, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген заңды, жеке тұлғалар (сарапшы-аудиторлар) өткiзетiн дербес сараптамалық бағалау негiзiнде айқындалуы мүмкiн.

      9. Лицензия алу үшiн өтiнiш берушi және/немесе Лицензиат Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне:

      1) белгiленген үлгідегi өтiнiштi;

      Лицензиаттың қызметтiң қажетті түрi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

      2) Лицензиялық алымды төлегендiгiн растайтын құжаттарды;

      3) заңды тұлғалар үшiн Жарғының көшiрмесi мен мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi ұсынады.

      10. Лицензиар шаруашылық жүргiзушi субъектiнің лицензия алуға берiлген өтiнiшi Министрлiктiң Кеңсесiнде ол берiлген сәтте мiндетті түрде тiркейдi және барлық қажеттi құжаттар болғанда бiр ай iшiнде, ал шағын кәсіпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн ішінде қаралады.

      11. Лицензиялық алымның мөлшерi мен оны төлеудің тәртiбiн Қазақстан Республикасының салық заңдары айқындайды.

      12. Қызметтiң әр жеке түрiне жеке лицензия ресiмделедi. Лицензияның қызметтің лицензияланатын түрінің құрамына кiретiн жұмыстар мен қызмет көрсетулер түрлерiнің тiзбесi бар қосымшасы болуға тиiс.

      13. Лицензия иелiктен шығарылмайды, басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге жол берiлмейдi.

      14. Лицензия бiр данада ресiмделедi және Лицензиатқа қол қойылып не сенiмхатпен берiледi.

      15. Лицензия жоғалған (жойылған) кезде дубликат берiледi.

      16. Лицензия иесiнің Лицензиарды хабардар етiп лицензиядан бас тартуға құқығы бар.

6. Тараптардың жауапкершілігi

      17. Лицензиар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес:

      1) Лицензиаттың құқықтарын бұзғаны;

      2) Лицензиаттан алынған құпия ақпаратты жариялағаны;

      3) Мемлекеттiк лицензияны берудің мерзiмiн кешеуiлдеткенi үшiн жауапты.

      18. Лицензиат:

      1) лицензиялық шарттарды бұзғаны;

      2) ұсынылған ақпараттың шындығы, толықтығы және уақыттылығы;

      3) қызметпен тиiстi лицензиясыз айналысу (лицензиялық тәртiп белгiленген қызметтi жүзеге асырудан алынған кiрiс заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi бюджетке алынуға жатады);

      4) лицензия мен оған қосымшалардың сақталуы үшiн қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкте болады.

7. Лицензия беруден бас тарту

      19. Егер:

      1) субъектiлердің (өтiнiш берушiлердің) осы санаты үшiн белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыруға заң актiлерiмен тыйым салынса;

      2) осы ережелердің 5-тарауына және Өнеркәсiп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын бекiтiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмесе. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда өтiніштi қараудың мерзiмi құжаттар толық мөлшерде табыс етiлген уақыттан бастап саналады.

      4) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмесе;

      5) өтiнiш берушi осы Ережелердің 4-тарауына сәйкес бiлiктiлiк талаптарына жауап бермесе;

      6) өтiнiш берушi қатысында оған қызметтiң қажеттi түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса лицензия берiлмейдi.

      20. Лицензия беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дәлелденген жауап қайтарылады.

      21. Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз болып көрiнсе, ол бiр ай мерзiмде бұл әрекеттерге сот тәртiбiмен шағым жасауға құқылы.

8. Лицензияны қолданудың тоқтатылуы

      22. Лицензияның қолданылуы тек мына жағдайларда:

      1) лицензия берiлген мерзiм өткеннен кейiн;

      2) лицензия берiлген iс-әрекеттер жасалып, толық көлемiнде жүзеге асырылғанда;

      3) лицензия қайтарып алынғанда;

      4) лицензия берiлген азаматтың кәсіпкерлiк қызметi доғарылғанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда тоқтатылады.

      23. Лицензияны қолданудың тоқтатылуына байланысты даулар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешiледi.

9. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтату

      24. Лицензия мынадай жағдайларда:

      1) Лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаса;

      2) лицензия алған қызмет түрiмен Лицензиаттың айналысуына сот тыйым салса;

      3) Лицензиар лицензияның қолданылуын кідiртіп қойған себептер жойылмаса қайтарып алуы мүмкiн.

      25. Лицензиар кiдiрте тұрудың себебiн көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.

      26. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сотқа беру жолымен шағым жасауға құқылы.

      27. Лицензияның қолданылуын тоқтату себептерi жойылғаннан кейiн Лицензиардың шешiмi бойынша лицензия қайтадан қолданылады.

10. Есепке алу және бақылау

      28. Лицензияларды есепке алды, сондай-ақ лицензиялық ережелердің сақталуын Лицензиар жүзеге асырады.

      29. Лицензиаттардың бiлiктiлiк талаптарымен ережелердi сақтауын тексерудi Лицензиар заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзедi.

      30. Лицензиар Лицензиатқа лицензиялық ережелердің орындалуы туралы қажеттi құжаттар мен ақпаратты, қызметтің лицензияланатын түрi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiк жөнiндегi жылсайынғы есептi табыс етедi.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика индустрия
және сауда министрінің
1999 жылғы 6 қыркүйек
N 259 бұйрығымен бекітілді

Түстi және қара металдардың сынықтары
мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау,
өңдеу және сатуға арналған лицензияларды,
сондай-ақ түстi және қара металдардың сынықтары
мен қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тысқары
сатуға арналған рұқсаттарды ресiмдеудiң тәртiбi туралы
Ережелер

      Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 71 бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер:

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығына;

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 283-1 ҚРЗ заңына ;

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң:

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына ;

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы' Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 қаңтардағы N 25 қаулысына ;

      "Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың Тәртiбiн бекiту туралы" 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 969 қаулысына ;

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 969 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 98 қаулысына сәйкес әзiрленген және түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн өтiнiштердi қараудың және рұқсаттарды, лицензияларды берудiң тәртiбiн айқындайды.

2. Өтiнiштердi қараудың тәртiбi

      2. Лицензиат (өтiнiш берушi) лицензияны ресiмдеуге арналған құжаттардың пакетiн Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экспорттық бақылау және лицензиялау департаментiне (бұдан әрi - департамент) табыс етедi.

      3. Департаменттiң қызметкерлерi құжаттарды алдын ала сараптап және олар Министрлiктiң Кеңсесiнде тiркеуден өткеннен кейiн қабылдайды.

      Департаменттiң басшылығы орындаушыны белгiлейдi және ол бөлiм қызметкерлерi арасында мiндеттердi функционалды түрде бөлуге сәйкес Департамент бойынша бұйрықпен бекiтiледi.

      4. Департаменттiң қызмет түрлерiн лицензиялау бөлiмiнiң маманы, белгiленген тәртiппен бекiтiлген лауазымдық нұсқаулармен оған жүктелген функциональдық мiндеттерге сәйкес өтiнiш берушiлердiң құжаттарын лицензиаттарға қойылатын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 969 қаулысымен бекiтiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

      5. Лицензиялау бөлiмiнiң маманы лицензиат рұқсат алу үшiн табыс еткен дайындалған сынықтардың тегiн растайтын құжаттаманы талдайды, расталған мөлшерге қорытынды дайындайды. Қажет жағдайда сараптама жүргiзу үшiн Министрлiктiң басқа департаменттерiнiң мамандары тартылуы мүмкiн.

      Қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын сату үшiн рұқсат беруге арналған құжаттарды қарау кезiнде Департамент сынықтарды тапсырушылардан сынықтың тегiн растайтын бастапқы құжаттарды талап етуге құқылы.

      Қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтары тегiнiң болуы мен заңдылығын, оның ГОСТ-ға сәйкестiгiн жергiлiктi атқарушы және құқық қорғау органдары тартылып тексерiлуi мүмкiн. Тексерудiң нәтижелерi актiмен ресiмделедi.

      6. Өтiнiш берушi табыс еткен лицензия немесе рұқсат алуға арналған құжаттар оның құрамы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлген жұмыс тобының қарауына шығарылады.

      7. Жұмыс тобының шешiмi, жұмыс тобының мүшелерi оған қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.

      8. Лицензиялар барлық қажеттi құжаттар бар өтiнiш берiлген күннен бастап айлық мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - 10 күннен кешiктiрмей берiледi. Рұқсатты алуға берiлген өтiнiштi қарау мерзiмi 30 күннен аспайды.

      9. Ресiмделген құжаттарды Департаменттiң басшылығы Министрге қол қоюына ұсынады.

      10. Лицензия өтiнiш берушiге лицензиялық алым төленгеннен кейiн қол қойылып берiледi.

      11. Лицензиаттардың тiзiмiнде тиiстi жазу жазылады.

      12. Қазақстан Республикасының аумағында түстi және қараметалдардың сынықтары мен қалдықтарын сатуға Лицензиардың қосымша рұқсатынсыз лицензияның негiзiнде рұқсат етiледi.

      Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын республикадан тысқары сату ерекше шарттарда "сату: ҚР, ТМД елдерi, алыс шетел" деген жазу жазылған лицензияның негiзiнде рұқсат етiледi.

      Түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ сынықтарға жатқызылған пайдалануда болған рельстердi және темiр жол төсемiнiң элементтерiн республикадан тысқары сату үшiн рұқсат алу үшiн заңды тұлғаның түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, өңдеуге және сатуға арналған лицензиясы болуға тиiс.

      13. Өтiнiш берушiге лицензия беруден бас тартылса, Департамент белгiленген тәртіппен негiзделген жазбаша жауапты ресiмдейдi.

3. Құжаттардың тiзбесi

      14. "Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөнiндегi қызметiн лицензиялаудың тәртiбiнiң 5-тарауына сәйкес қызмет түрiне арналған лицензияны алу үшiн өтiнiш берушi:

      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

      2) лицензиаттың "Лицензиялау туралы" Жарлығының 15-бабының талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

      3) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алымды енгiзгенiн растайтын құжатты табыс етуi қажет.

      15. Түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасынан тысқары сатуға арналған лицензияны алу үшiн:

      өтiнiш;

      қызметтiң осы түрiне арналған лицензияның көшiрмесiн;

      металдардың сынықтарына жүргiзiлген жинау (дайындау), қайта өңдеу, туралы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тиiстi әкiмшiлiктерiмен расталған есептi;

      сынықтар мен қалдықтардың тегiнiң заңдылығын растайтын құжаттар, оның iшiнде: сатушының тиiстi лицензиясының көшiрмесiмен түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын сату-сатып алу шарты (сатушы мен сынықтардың иесiнiң қолы қойылған беру-қабылдап алу актiсiнiң болуы мiндеттi шарт болып табылады (актiде тараптардың деректемелерi, лицензияларының нөмiрлерi, өткiзiлетiн металл туралы мәлiмет көрсетiлуi қажет);

      есеп ведомiсiмен толтырылған негiзгi жабдықтар мен материалдардың (ақауы бар өнiмнiң ОС-4, МБ-8 нысаны) есептен шығару актiлерiн ұсыну қажет.

      16. Арнайы кәсiпорындардан сынықтарды алу арнайы кәсiпорынның ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне бұрын табыс етiлген қосымша есебiмен расталуға тиiс.

      17. Пайдалануда болған темiр жол төсемiнiң элементтерiн (п/б рельстер, п/б стрелкалы өткелдер) және қозғалмалы құрылымдардың пайдалануда болған элементтерiн ( п/б дөңгелек жұптары, белдiктер) республикадан тысқары сату үшiн лицензиат мыналарды ұсынуы қажет:

      еркiн нысандағы өтiнiш;

      мемлекеттiк лицензияның көшiрмесi;

      металдардың сынықтарына жүргiзiлген жинау (дайындау) қайта өңдеу, туралы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тиiстi әкiмшiлiктерiмен расталған есептi;

      сынықтар мен қалдықтардың тегiнiң заңдылығын растайтын құжаттар, оның iшiнде: қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сату-сатып алу шарты (сатушы мен сынықтардың алғашқы иесiнiң қолы қойылған беру-қабылдап алу актiсiнiң болуы мiндеттi шарт болып табылады (актiде тараптардың деректемелерi, лицензияларының нөмiрлерi, өткiзiлетiн металл туралы мәлiмет көрсетiлуi қажет);

      негiзгi жабдықтарды есептен шығару актiлерi; негiзгi құралдары бар кәсiпорындардан - меншiк иелерiнен жолдан алынған жолдың жоғарғы құрылымының ескi материалдарының жағдайы туралы өтiнiште көрсетiлген мөлшердi растайтын актiлер.

4. Лицензиялар мен рұқсаттарды берудiң тәртiбi

      19. Қызмет түрiне арналған лицензияға және түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге арналған рұқсатқа Министр қол қояды.

      20. Лицензиялар мен рұқсаттардың бланктерiнiң қорғалу дәрежесi бар және олар Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң елтаңбалы мөрiмен расталады.

      21. Лицензиялар мен рұқсаттар өтiнiш берушi растаған алуға арналған сенiмхат болғанда берiледi.

5. Жауапкершілiк

      22. Лицензияны және түстi және қара металдардың сынықтары мен

      қалдықтарын әкетуге арналған рұқсатты алу үшiн табыс етiлген құжаттардағы деректердiң дұрыстығы мен толықтығы үшiн жауапкершiлiк өтiнiш берушiге (лицензиатқа) жүктеледi.

      23. Лицензиялар мен рұқсаттарды беру мерзiмдерiнiң сақталуы үшiн жауапкершiлiк бөлiмнiң бастығы мен орындаушыға жүктеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады