2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 31 мамырдағы № 16-V Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Хаттама қолданысын тоқтатты - ҚР 24.12.2014 N 266-V Заңымен.

      2011 жылғы 10 қазанда Бішкекте жасалған 2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. НАЗАРБАЕВ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕС ШЕШІМ

2011 жылғы 10 қазан            № 561            Бішкек қ.

2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық
Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттама туралы

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесі (мемлекеттер басшылары деңгейінде) шешті:
      1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттама (қоса беріледі) қабылдансын.
      2. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауды 2011 жылғы 1 желтоқсанға дейін аяқтасын.

ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің мүшелері:

      Беларусь            Қазақстан           Қырғыз
      Республикасы        Республикасы        Республикасы
      үшін                үшін                үшін

      Ресей               Тәжікстан
      Федерациясы         Республикасы
      үшін                үшін

2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық
Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер
      халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
      2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Соты статутының 29-бабын басшылыққа ала отырып;
      2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттан туындайтын халықаралық міндеттемелерді ескере отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына (бұдан әрі - Статут) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. Статуттың 14-бабы 2-тармағының в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «в) шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініші бойынша қарайды».
      2. Статуттың 14-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шаруашылық жүргізуші субъектілер Сотқа 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартқа сәйкес жүгінеді».
      3. Статуттың 24-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

«24-бап

      1. Осы Статуттың 14-бабы 2-тармағының а) және б) тармақшаларында көзделген субъектілердің өтініштерін қарау үшін Сот Регламентте белгіленген тәртіппен құрамына Кеден одағына мүше мемлекеттер Сотының барлық судьялары кіретін Сот Алқасын құрады.
      Сот Алқасының шешімі Соттың шешімі болып табылады.
      2. Статуттың 14-бабы 2-тармағының в) тармақшасында көзделген субъектілердің өтініштері бойынша Кеден одағы шеңберінде істерді қарау және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері, сондай-ақ өзге де, оның ішінде Сот шешімдерін шығаруға және орындауға байланысты мәселелер 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартпен реттеледі.
      3. Сот осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініштер бойынша істерді қарау шеңберінде Регламентке сәйкес ерекше жағдайларда Сот орналасқан жерден басқа жерде бір немесе бірнеше көшпелі отырыс өткізуі мүмкін».
      4. Статуттың 25-бабының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сот өтініш бойынша шешімді Сот өтінішті алған күннен бастап 3 айдан аспайтын мерзімде шығарады».
      5. Статуттың 30-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Статут қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады, ратификациялауға жатады және депозитарий үшінші ратификациялық грамотаны алған күннен бастап күшіне енеді. Осы Статут оны кешірек ратификациялаған Тараптар үшін депозитарий ратификациялық грамоталарды алған күннен бастап күшіне енеді».

2-бап

      1. Осы Хаттама ратификациялауға жатады және депозитарий үшінші ратификациялық грамотаны алған күннен бастап күшіне енеді. Осы Хаттама оны кешірек ратификациялаған Тараптар үшін депозитарий ратификациялық грамоталарды алған күннен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тіркелуі тиіс.
       2011 жылғы 10 қазанда Бішкек қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Беларусь            Қазақстан           Қырғыз
      Республикасы        Республикасы        Республикасы
      үшін                үшін                үшін

      Ресей               Тәжікстан
      Федерациясы         Республикасы
      үшін                үшін

      Осымен бұл мәтін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің 2011 жылы 10 қазандағы № 561 шешімімен (мемлекет басшылары деңгейінде) қабылданған 2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы хаттама түпнұсқасының толық теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады.

Барлығы тігілген, қол қойылып,
мөрмен бекітілген 4 парақ

      ЕурАзЭҚ ИК Хатшылығы
      Құқықтық департаментінің
      басшысы                                          B.C. Князев
      10.10.2011 ж.

      Осымен бұл мәтіннің 2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының статутына өзгерістер енгізу туралы 2011 жылғы 10 қазандағы техникалық сипаттағы түзетулер енгізілген хаттаманың теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады.

Барлығы тігілген, қол қойылып,
мөрмен бекітілген 3 парақ

      ЕурАзЭҚ ИК Хатшылығы
      Құқықтық департаментінің
      басшысы                                          B.C. Князев
      28.11.2011 ж.

      Хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі мәтінге теңтұпнұсқалы болып табылады.

      Мемлекеттік тілді
      дамыту және аударма
      басқармасының бастығы                      А. Төлеуханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады