РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат; 2012 ж., № 1, 2-құжат):
1) 3-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиіспеушілік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, хат-хабарларға, оларға тиесілі құжаттарға қолданылады. Тиіспеушілік Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қорына тиесілі мүлікке де қолданылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке, сондай-ақ оның қорының мүлкіне қандай да бір шектеу қойылмайды.»;
2) 4-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Кеңсесінің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы белгілейді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет туралы заңнама қолданылады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесін орналастыру үшін ұйымдастыру техникасымен (оның ішінде жалпы желіге де, барлық қолда бар құқықтық базалар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге де қосылған жеке компьютерлермен, көшіру-көбейту техникасымен, факсимильді байланыс аппараттарымен), байланыс құралдарымен, оның ішінде үкіметтік байланыспен, қажетті офистік жиһазбен жабдықталған жеке қызметтік үй-жай беріледі, сондай-ақ ол көліктік қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.»;
3) 9-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының жеке кітапханасы мен жеке мұрағаты ұлттық игілік болып табылады және мемлекет меншігінде болады.».
2. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 43-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеменің) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері»;
2) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеменің) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері
1. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiн, оның iшiнде өкiлдiк функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлiмшесi филиал болып табылады.
2. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және заңды тұлғаның мүдделерiн қорғауды және өкілдігін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге де құқықтық іс-әрекеттер жасайтын оқшауланған бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады.
3. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлға болып табылмайды. Оларға мүліктi өздерiн құрған заңды тұлға бередi және олар бекiткен ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi.
4. Заңды тұлға (мемлекеттік мекеме) функцияларының бір бөлігін орындайтын, өзінің орналасқан жері бойынша стационарлық жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеменің) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып танылады. Жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол стационарлық жұмыс орны болып есептеледі.
Заңды тұлғаның (мемлекеттік мекеменің) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі заңдарда тікелей көзделген жағдайларда құрылады.
5. Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады.
Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.
Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң басшыларын заңды тұлғаның уәкiлетті органы тағайындайды және олар соның сенiмхаты негiзiнде жұмыс iстейдi.»;
3) 167-баптың 4-тармағындағы «ауыл (село)» деген сөздер «ауыл» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 338-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«338-1-бап. Төтенше жағдай режимін бұзу»;
2) 96-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «Кісі өлтіру» деген сөздер «Адам өлтіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Кісі өлтіру» деген сөздер «Адам өлтіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
ж) және о) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;»;
«о) кәмелетке толмағандығы белгілі баланы өлтіру;»;
мынадай мазмұндағы п) тармағымен толықтырылсын:
«п) ұйымдасқан топпен адам өлтіру – »;
3) 241-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру –
айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
4) мынадай мазмұндағы 338-1-баппен толықтырылсын:
«338-1-бап. Төтенше жағдай режимін бұзу
1. Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, төтенше жағдай кезінде қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулерді бұзу, сол сияқты жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін орындамау –
айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттерді:
а) лауазымды адам;
б) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса –
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
4. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 37-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 13) тармақпен толықтырылсын:
«13) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі әрекетті қылмыс ретінде саралау соған байланысты болатын осы қылмыстық іс бойынша қолдануға жататын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп таныған жағдайда.»;
2) 39-баптың бірінші бөлігіндегі «1, 2, 5, 7, 8-тармақтарында» деген сөздер «1), 2), 5), 7), 8) және 13) тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 50-баптың 1-1-бөлігінің екінші абзацындағы «сот іс бойынша іс жүргізуді толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтата тұруға құқылы» деген сөздер «сот қорғаушы тараптың өтінішхаты болған кезде іс бойынша іс жүргізуді толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтата тұруға міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 58-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 (екінші бөлігінің п) тармағында), 162 (төртінші бөлігінде), 165, 166-1, 167, 171, 233 (төртінші бөлігінде), 235-1 (бесінші бөлігінде), 250 (төртінші бөлігінде), 259 (төртінші бөлігінде), 260 (төртінші бөлігінде), 261 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы істерді қарау айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судьяның және он алқабидің құрамында жүзеге асырылады.»;
5) 137-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«137-бап. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды қамауда ұстау тәртiбi
Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған әскери қызметшiлер және жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар да тиiсiнше гауптвахталарда және бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 65-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар анықтау органының бастығы айқындайтын арнайы ыңғайластырылған үй-жайларда ұсталады. Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар жергілікті жердің коменданты айқындайтын, осы мақсаттар үшін ыңғайластырылған үй-жайларда ұсталуы мүмкін. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстау тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
6) 192-баптың екінші бөлігіндегі «335 – 338,» деген цифрлар «335 – 338-1,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
7) 237-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «241-бабында (үшінші бөлік);» деген сөздер алып тасталсын;
8) 301-баптың 3-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Алдын ала тыңдау барысында судья Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 (екінші бөлігінің п) тармағында), 162 (төртінші бөлігінде), 165, 166-1, 167, 171, 233 (төртінші бөлігінде), 235-1 (бесінші бөлігінде), 250 (төртінші бөлігінде), 259(төртінші бөлігінде), 260 (төртінші бөлігінде) 261 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстарды қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған сотталушыдан өз ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы оның өтінішхатының бар-жоғын анықтайды.»;
9) 314-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі басқа соттың бастамасы бойынша қылмыстық іс бойынша қолдануға жататын заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің конституциялық екендігіне тексеру жүргізген жағдайда, төрағалық етуші бұл туралы қорғаушы тарапты хабардар етеді.»;
10) 367-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі басқа соттың бастамасы бойынша қылмыстық іс бойынша қолдануға жататын заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің конституциялық екендігіне тексеру жүргізген жағдайда, судья Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі шешім шығарғанға дейін үкімнің қаулысын кейінге қалдырады.»;
11) 391-баптың бесінші бөлігіндегі «дау-шарды» деген сөз «дауды (жанжалды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 543-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«543-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың қарауына жататын iстер
1. Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 (екінші бөлігінің п) тармағында), 162 (төртінші бөлігінде), 165, 166-1, 167, 171, 233 (төртінші бөлігінде), 235-1 (бесінші бөлігінде), 250 (төртінші бөлігінде), 259 (төртінші бөлігінде), 260 (төртінші бөлігінде), 261 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді, сондай-ақ көрсетілген әрекеттерді есі дұрыс емес күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейін жүйке ауруына ұшыраған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы істерді алқабилердің қатысуымен қарайды.
2. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған болса, егер қылмыстардың осындай жиынтығына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96 (екінші бөлігінің п) тармағында), 162 (төртінші бөлігінде), 165, 166-1, 167, 171, 233 (төртінші бөлігінде), 235-1 (бесінші бөлігінде), 250 (төртінші бөлігінде), 259(төртінші бөлігінде), 260 (төртінші бөлігінде), 261 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, жасалғаны үшін қылмыстық заңда өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісінің сотта алқабилердің қатысуымен қаралуына құқығы бар.
3. Егер iс бойынша бiрнеше адам айыпталса, оны соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы, егер сотталушылардың ең болмағанда бiреуi қылмыстық iстi алқабилердiң қатысуымен қарау туралы өтiнiшхатпен жүгінсе, олардың барлығына қатысты қарау осы бөлiмде көзделген қағидалар бойынша жүргiзiледi.».
5. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
30-баптың 1-тармағындағы «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдың, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж, № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 317-16-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«317-16-бап. Шығарып жіберу туралы сот актісін орындауды тоқтата тұру»;
2) бүкіл мәтін бойынша «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді», «дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің», «медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім» деген сөздер тиісінше «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің», «дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 46-баптың екінші бөлігіндегі «және прокурорды» деген сөздер «, сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша прокурорды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 170-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тараптардың кәсіби медиаторлар ұйымдарының медиация рәсімінің тәртібі мен қағидаттарының түсіндірмесін алуын қамтамасыз етеді;»;
5) 250-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер тараптар өздерінің сот отырысында болмауының дәлелді себептерін растайтын дәлелдемелер ұсынса, сот осы Кодекстің 249-бабының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша қуынушының немесе жауапкердің өтінішхаты бойынша арызды қараусыз қалдыру туралы өз ұйғарымының күшін жояды. Сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымның күшін жою туралы өтінішхатты ол сотқа келіп түскен кезден бастап он күн ішінде өтінішхатпен жүгінген адамның қатысуымен сот отырысында қарайды.»;
6) мынадай мазмұндағы 317-16-баппен толықтырылсын:
«317-16-бап. Шығарып жіберу туралы сот актісін орындауды
тоқтата тұру
Сот көрсеткен, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс болатын мерзімге дейін шағым немесе наразылық келіп түскен жағдайда, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот шешімі шағымды немесе наразылықты қарағанға дейін тоқтатыла тұрады.»;
7) 344-бапта:
төртінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұйғарымның күшiн толықтай немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселені мәні бойынша шешу;»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Істі одан әрі жылжыту мүмкіндігіне кедергі келтіретін ұйғарымдарды қоспағанда, апелляциялық сатының жеке шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді.»;
8) 383-3-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық істі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры не оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап ете алады. Сот прокурордың істі талап ету туралы сұрау салуын ол сотқа келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей және заңды күшіне енген сот актілерін орындау үшін іс жүргізу әрекеттері орындалғаннан кейін ғана орындайды. Сұрау салулар байланыс арналарын пайдалану арқылы жіберілуі мүмкін.
Істі талап еткен жағдайда кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатты прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарауға тиіс.».
7. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 131-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«131-1-бап. Егістіктерді, шөмелелерді таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау»;
206-2, 358, 421, 424, 425, 426, 427, 428, 430, 431 және 438-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«206-2-бап. Қаржылық бақылау шараларын бұзу»;
«358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы»;
«421-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кеден аумағынан тыс жерлерге әкетпеу не осы аумаққа қайтармау»;
«424-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн сақтамау
425-бап. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып, тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуi»;
«426-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу
427-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендік бақылаудан жасыру
428-бап. Құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу»;
«430-бап. Кеден одағының кедендік аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету
431-бап. Пайдалануға және (немесе) билік етуге шек қойылған тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және (немесе) оларға билiк ету тәртiбiн бұзу»;
«438-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарын орындамау»;
532-баптың тақырыбы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 554-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«554-2-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган»;
2) 69-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, кеден ісі саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, табиғи монополиялар туралы заңнамасы мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап үш жыл өткен соң, ал салық салу, кеден ісі саласында, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру, табиғи монополиялар туралы заңнамасы мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
3. Созылып кеткен әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде, сондай-ақ бюджеттік қатынастар саласында қоғамның және мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғылатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бес жылдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатады, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi ай өткен соң әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.»;
3) 122-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«122-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
1. Жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасасу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елуден екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) мынадай мазмұндағы 131-1-баппен толықтырылсын:
«131-1-бап. Егістіктерді, шөмелелерді таптау, ауыл
шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған
астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау
1. Ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа немесе фермер қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егістіктерін, шөмелелерін мал немесе құс жайып таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою не екпелерін зақымдау –
азаматтарға – айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер –
азаматтарға – айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жетпістен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 147-11-бап мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
«8. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бұзу –
аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Өтініш берушінің аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы мерзім өткен соң әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соқтырған аккредиттеу қағидаларын бұзушылықтарды жоймау – аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 163-баптың бесінші бөлігінің төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) спирт өлшейтін аппараттарсыз және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарынсыз не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарымен өндіру;
этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарымен өндіру;»;
7) 167-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-4-бөлікпен толықтырылсын:
«6-4. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін олардың біртекті түрлеріне қарай және (немесе) оларды жеткізу (орындау, көрсету) орнына қарай лоттарға бөлмеу –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
ескертуде:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«алтыншы бөлiкте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын;»;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«6-3-бөлікте – конкурстық комиссия төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссия мүшелерін;»;
мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«6-4-бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын түсіну керек.»;
8) 206-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«206-2-бап. Қаржылық бақылау шараларын бұзу
1. Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектісі болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана табыс етпеуі –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) 208-1-баптың екінші абзацындағы «немесе құқық бұзушылық жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуға» деген сөздер алып тасталсын;
10) 209-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға және шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомасының отыз пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуға» деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы бөліктің екінші абзацындағы «немесе құқық бұзушылықты жасауға септігін тигізген заттар мен құралдар және оны жасау салдарынан алынған мүлік тәркілене отырып, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға» деген сөздер алып тасталсын;
11) 231-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
қызметтiң тиiстi түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүзден тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
12) 232-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген конструкциялық элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соқтырған, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау –
қызметтiң тиiстi түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден сегiз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
13) 233-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
лицензиядан айыра отырып және жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
14) 330-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өздеріне қатысты әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер –
айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
15) 336-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өздеріне қатысты әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
16) 358-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Осы бөлiкте көрсетiлген органдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бюджетке аударуға жататын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi мемлекеттік органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық қызметi органдарына табыс ету үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың табыс етпеуi, уақтылы, анық немесе толық табыс етпеуі –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салықтық бақылау нәтижелері бойынша анықталған және бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарды орындамауы –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) –
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
17) 362-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер бұл іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, төтенше жағдай жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін мына бөліктерінде орындамау:»;
18) 373-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әкiмшiлiк жаза шаралары қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған не жиналысты, митингiні, шерудi, демонстрацияны ұйымдастырушы жасаған нақ сол iс-әрекеттер –
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.»;
19) 377-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша күнтізбелік он күннен астам мерзімде тiркеуден өтпей тұруы –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
20) 396-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылатын жағдайда, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осындай рұқсатты алмай Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы –
Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жібере отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
21) 403 және 405-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«403-бап. Авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері
жағдайында шаралар қолданбау
Авария немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi жағдайында Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органы белгілеген орынға жеткiзуге қабылданған немесе транзитпен өткізілетін тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, олардың қандай да болсын рұқсатсыз пайдаланылуына жол беру, Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына істің мән-жайы, осындай тауарлар мен көлік құралдарының орналасқан жері туралы хабарламау не оларды Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына тасымалдауды немесе осы органның лауазымды адамдарын тауарлар мен көлік құралдарының орналасқан жеріне жеткізуді қамтамасыз етпеу –
жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«405-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың
құжаттарын Қазақстан Республикасы кеден
органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе
Қазақстан Республикасының кеден органына
жеткiзбеу
1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органы белгілеген орынға жеткiзбеу –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып не онсыз, қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кеден органына тапсыру үшін қабылданған кедендiк немесе өзге де құжаттарын жоғалту немесе жеткiзбеу –
ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органы белгілеген жеткiзу мерзімін сақтамау –
ескерту жасауға не айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
22) 410-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, өздеріне қатысты тауарларды шығару туралы шешім қабылданбаған тауарлармен операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
23) 412, 414, 417 және 417-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«412-бап. Сәйкестендіру құралдарын өзгерту, алып тастау,
жою, зақымдау не жоғалту
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органы қолданған сәйкестендіру құралдарын қасақана өзгерту, алып тастау, жою, зақымдау не жоғалту –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«414-бап. Кедендік декларацияны, құжаттар мен
мәлiметтерді беру мерзiмдерiн бұзу
Осы Кодекстің 434-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың тауарларды кедендік декларациялау кезінде ұсынылатын кедендік декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi Қазақстан Республикасының кеден органына белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуі, қылмыс белгiлерi болмаған кезде –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«417-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн,
оларды сақтау және олармен операциялар жүргiзу
тәртiбiн бұзу
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн және оларды сақтау тәртiбiн, кеден қоймасында сақтау мерзiмдерiн, тауарларды бiр қоймадан екiншi қоймаға ауыстыру тәртiбiн бұзу, сол сияқты кеден қоймаларында, уақытша сақтау қоймаларында және еркін қоймаларда тауарлармен операциялар жүргiзу –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
417-1-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу
Осы Кодекстің 414 және 434-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген, тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
24) 421-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«421-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының
кеден аумағынан тыс жерлерге әкетпеу не осы аумаққа
қайтармау»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бұрын әкелiнген және (немесе) аяқталған кезiнде белгiленген мерзiмдерде әкету көзделетiн белгiлi бiр кедендiк рәсiм жүргізуге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ, егер мұндай әкету мiндеттi болған жағдайларда, Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерлерге әкетпеу, не бұрын әкетiлген және (немесе) аяқталған кезiнде белгiленген мерзiмдерде керi әкелу көзделетiн белгiлi бiр кедендiк рәсiм жүргізуге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ, егер мұндай әкелу мiндеттi болған жағдайларда, белгiленген мерзiмдерде Кеден одағының кедендiк аумағына қайтармау – »;
25) 423, 424, 425, 426, 427 және 428-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«423-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсiм жүргізуге
орналастырылған тауарлармен және көлiк құралдарымен
заңсыз операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн
өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға
билiк ету
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсiмiне сәйкес келмейтiн операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету, сол сияқты есеп жүргiзу және есептiлiктi ұсыну тәртiбiн және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген өзге де шектеулердi, кедендiк рәсiм талаптары мен шарттарын сақтамау –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
424-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының
кедендiк шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым
салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн сақтамау
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленетiн тыйым салулар мен шектеулердi қолдану тәртiбiн бұза отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
425-бап. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған
тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып, тауарларды
Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуi
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзу тәртібін бұза отырып, тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткiзуi, оның iшiнде «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлiк құралдарын мiндеттi жазбаша декларациялау жөнiндегi талаптарын, сондай-ақ тауарларды иесімен жөнелтілмейтін багажбен өткiзу тәртiбiн сақтамау –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«426-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының
кедендiк шекарасы арқылы кедендік бақылауға
соқпай өткiзу
1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу, яғни, тауарларды Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өткізудің Қазақстан Республикасының кеден органдары айқындаған орындарынан тыс жерлерден немесе көрсетiлген орындарда Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан жүз пайыз мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан екі жүз пайыз мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
427-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
өткiзiлетiн тауарларды кедендік бақылаудан жасыру
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендік бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа тәсiлдердi пайдалану арқылы жасыру немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылған тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен заттарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындарымен бірге тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
428-бап. Құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын
алдап пайдалана отырып, тауарлар мен көлiк
құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
өткiзу
Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды, анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсыну арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ жасанды сәйкестендiру құралдарын не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты түпнұсқалық сәйкестендіру құралдарын пайдалану, қылмыс белгiлерi болмаған кезде –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
26) 429-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жүз, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
27) 430-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«430-бап. Кеден одағының кеден аумағына кеден
қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар
мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып
алу, пайдалану немесе оларға билiк ету»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден одағының кеден аумағына кедендік бақылауға соқпай не осындай бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдалана отырып әкелiнген не декларацияланбаған немесе анық декларацияланбаған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету, сол сияқты кедендік төлемдер және салықтар бөлiгiнде кедендік жеңiлдiктер берiлген, осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иелiктен шығарылатын тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және сатып алу –
жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
28) 431, 434, 434-1 және 438-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«431-бап. Пайдалануға және (немесе) билік етуге шек
қойылған тауарларды, сондай-ақ шартты түрде
шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану
және (немесе) оларға билiк ету тәртiбiн бұзу
Пайдалануға және (немесе) билік етуге шек қойылған тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен өзге, оның ішінде оларға байланысты осындай жеңілдіктер берілген мақсаттарда пайдалану және (немесе) оларға билiк ету –
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«434-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу
мерзімдерін бұзу
Төлеушілердің, оның ішінде кеден өкілі, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар адамдардың кедендік төлемдерді және салықтарды белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты шартты түрде шығарылған тауарларды негізгі кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды, кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босатудың берілуіне байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану кезінде, сондай-ақ кедендік төлемдерді және салықтарды кезең-кезеңмен төлеуді көздейтін кедендік рәсімдерді жүргізуге тауарларды мәлімдеу кезінде кедендік декларацияны беру мерзімдері бұзылған жағдайда төлемеуі, қылмыс белгілері болмаған кезде –
жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға – кеден өкілдерінің немесе уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тастай отырып, кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайыз мөлшерінде, бірақ барлық жағдайларда кемінде екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
434-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік
төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге
тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу
туралы талаптарын орындамау
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету тәсілдері қолданылған кезде төлеуші кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамаған жағдайларда банктің, сақтандыру ұйымының, кепілгердің Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларын белгіленген мерзімдерде төлеу туралы талабын орындамауы –
дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – кедендік төлемдердің, салықтар мен өсімпұлдардың төленуге тиісті сомаларының сомасынан қырық пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу пайыз мөлшерінде, бірақ, барлық жағдайларда кемінде екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«438-1-бап. Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік
тексеру нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы талаптарын орындамау
Адамдардың Қазақстан Республикасы кеден органының кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, сол сияқты кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы талаптарын Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мерзімдерде орындамауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
29) 532-бап алып тасталсын;
30) 541-баптың бірінші бөлігінде:
«95 – 110-1,» деген цифрлар «95 – 110-1, 122,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«147-11,» деген цифрлар «147-11 (жетiншi және тоғызыншы бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«203,» деген цифрлардан кейін «206-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«218-1 (жетінші бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;
«336 (үшiншi бөлiгiнде),» деген сөздер «336 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 543-бапта:
бірінші бөлік «131,» деген цифрлардан кейін «131-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
2) және 4) тармақшалар «131,» деген цифрлардан кейін «131-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) осы Кодекстің 394-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін – көші-қон полициясының арнаулы атақтары бар қызметкерлері.»;
32) 554-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 123 (екінші бөлігінде), 175 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық тұрғыдан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 220 (бірінші бөлігінде), 240, 240-1, 241 – 246 (бірінші бөлігінде), 247 – 250, 261, 264, 265, 270 – 272, 275 (екінші бөлігінде), 276, 291, 294, 296, 301, 302 (бірінші бөлігінде), 303 (бірінші бөлігінде), 304 (бірінші бөлігінде), 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 306-1 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 306-3 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
33) мынадай мазмұндағы 554-2-баппен толықтырылсын:
«554-2-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган
1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 147-11 (бірінші – алтыншы, сегізінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) – баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;
34) 570-баптың бірінші бөлігіндегі «205 – 208,» деген цифрлар «205 – 206-1, 207, 208,» деген цифрлармен, «218-1 (бірінші – алтыншы, сегізінші бөліктерінде),» деген сөздер «218-1,» деген цифрлармен ауыстырылсын;
35) 570-1-баптың бірінші бөлігіндегі «206-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
36) 580-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) егер әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн немесе әрекеттi әкiмшiлiк құқық бұзушылық ретiнде саралау соған байланысты болатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы iсте қолданылуға жататын өзге де нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің конституциялық емес деп тануы;»;
37) 584-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Он сегіз жасқа толмаған адам жасаған не жасалуы әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік шығарып жіберу немесе адамға берілген арнайы құқықтан (көлік құралдарын басқару құқығын қоспағанда) айыру түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соқтыратын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде әкімшілік жауапқа тартылып отырған адамның қатысуы міндетті.»;
38) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
екінші абзацтағы «336,» деген цифрлар «336 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (122, 240-2, 246 (екiншi бөлiгi), 283 (бiрiншi бөлiгi) (бұл бұзушылықтар орман қорына кiрмейтiн аумақтарда жасалған кезде), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 306-1 (үшiншi бөлiгi), 306-3 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 317-1 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 356-баптар);»;
жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (231 (екінші бөлігі), 232, 233, 235 (екінші бөлігі), 235-1 (төртінші бөлігі), 237, 278 (бірінші бөлігі), 356, 357-1-баптар);»;
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органның (356-бап);»;
отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері), 213 (төртінші – алтыншы бөліктері), 214, 357-1, 357-2-баптар);
қаржы полициясы органдарының (140 (екінші бөлігі), 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 151, 151-1, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 158-4, 159 (үшінші және төртінші бөліктері), 162, 163 (үшінші және төртінші бөліктері), 176 (бірінші бөлігі), 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 200, 203, 211, 213 (бесінші және алтыншы бөліктері), 214, 217, 275-1, 306-2, 355, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-3, 357-5, 514 – 519, 521, 522, 529, 533 – 535, 537-1-баптар);
салық қызметi органдарының (154, 155, 156, 157, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері), 203, 206-2, 208-1, 209, 213 (төртінші – алтыншы бөліктері), 214, 357-1, 357-2, 357-5, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, жетінші, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 533 – 535-баптар);
кеден органдарының (140 (екінші бөлігі), 400-1, 400-2, 405 (бірінші бөлігі), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 – 430, 433-баптар), сондай-ақ осы Кодекстің 323 (екінші бөлігі), 357-1, 461 (3-1-бөлігі) – баптарында көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);»;
қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның (147-11 (жетінші және тоғызыншы бөліктері), 147-12 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын асырып жіберу бойынша), 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі)-баптар);»;
елу бірінші абзацтағы «336,» деген цифрлар «336 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 650-бап мынадай мазмұндағы 1-2-бөлікпен толықтырылсын:
«1-2. Өзіне қатысты іс қаралған адамның іс-әрекеттерінде осы Кодекстің басқа бабында немесе 2-бөлімі ерекше бөлімінің бабының бөлігінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, сот құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көздейтiн бабына немесе бабының бөлігіне өзгертуге құқылы.»;
40) 654-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған кезде, сондай-ақ әкімшілік заңнаманы бұзушылық болған кезде судья жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгізеді.».
8. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «ауылдар (селолар)», «ауылдардың (селолардың)», «ауылдың (селоның)», «ауылда (селода)»,» «Селодағы», «ауылдарды, селолар», «село», «селолық» деген сөздер тиісінше «ауыл», «ауылдық», «ауылдар», «ауылдардың», «ауылдың», «ауылда», «Ауылдағы», «ауылдар», «ауыл», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
90-баптың 7-тармағындағы «ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдарда, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
154-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдардың, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 18-баптың 2) тармақшасындағы «ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 238-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «Ауылдық (селолық)» деген сөздер «Ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын.
12. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «ауылдың (селоның)», «ауылдық (селолық)», «ауылдарда (селоларда)», деген сөздер тиісінше «ауылдың», «ауылдық», «ауылдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін пайдаланылады.»;
3) 42-баптың 3-тармағындағы «табиғи және техногендiк сипаттағы» деген сөздер «әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 53-баптың 1-тармағында:
2) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметтi ұйымдастыру;»;
5) тармақшаның төртінші абзацындағы «табиғи және техногендiк сипаттағы» деген сөздер «әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16,128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)», «Селолар (ауылдар)», «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «селолар, ауылдар» деген сөздер тиісінше «ауылдардың, ауылдық», «Ауылдар», «ауыл, ауылдық», «ауылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 456-баптың кестесінің 2.2. жолы алып тасталсын;
3) 557-баптың 3-тармағының 9) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді.
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді. Ұсынылатын салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және оларды беру тәртібін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;»;
«11) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтер бөлігінде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік органдарға береді.
Ұсынылатын салық құпиясын құрайтын мәліметтердің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және осы тармақшада көрсетілген мемлекеттік органдармен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;»;
4) 598-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алу үшін салықтық өтініш беруге құқылы.».
14. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) апаттар медицинасы - әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (бұдан әрі – төтенше жағдайлар) медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған, халық ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуді қамтитын медицина және денсаулық сақтау саласы;»;
2) 6-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек көрсетудің тәртібін, түрлері мен көлемін айқындайды;»;
3) 9-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;»;
4) 51-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек - әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде апаттар медицинасы қызметінің медициналық көмек көрсету нысаны.».
15. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті»;
мынадай мазмұндағы 221-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«221-1-бап. Кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау»;
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасындағы кеден саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;
2) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) өз құзыреті шегінде осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2) кеден органдарына басшылықты жүзеге асырады;
3) өзінің құрамына кіретін ведомствоның өкілеттіктерін айқындайды;
4) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарының жүйелерін әзірлейді және құрады;
5) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;
6) кедендік әкімшілік етуді жүзеге асырады;
7) тауарлар мен көлік құралдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;
8) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды уақтылы хабардар етуді, оның ішінде Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар етуді тұрақты негізде қамтамасыз етеді;
9) кедендік статистиканы жүргізеді;
10) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 4-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) Кеден саясаты саласындағы уәкілетті орган – кеден саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
50-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«50-1) уәкілетті заңды тұлға – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы заңды тұлға;»;
4) 221-баптың 18 – 28-тармақтары алып тасталсын;
5) мынадай мазмұндағы 221-1-баппен толықтырылсын:
«221-1-бап. Кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және
оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау
1. Кедендік тексеру аяқталғаннан кейін кеден органының лауазымды адамдары:
1) тексеру жүргізу орнын, акт жасау күнін;
2) кеден органының тексеру жүргізген лауазымды адамдарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);
3) тексерілетін адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) не тұлғаның толық атауын;
4) тексерілетін тұлғаның тұрған жерін, банктік деректемелерін, сәйкестендіру нөмірін;
5) тексерілетін тұлғаның басшысы мен кедендік және қаржылық есептілікті жүргізуге, кеден органдары алатын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);
6) алдыңғы тексеру және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
7) тексерілетін тұлға ұсынған құжаттар туралы мәліметтерді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, кеден ісі саласында анықталған құқық бұзушылықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасын;
9) тексеру нәтижелері, кедендік тексеру жүргізу кезінде қабылданған шешімдер туралы мәліметтерді;
10) кедендік тексеру жүргізген кеден органын;
11) кедендік тексеру нысанын көрсете отырып, кедендік тексеру актісін жасайды.
2. Кедендік тексерудің нәтижелері бойынша ресімделген, екі данада жасалатын және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын кедендік тексеру актісі жасалған күн кедендік тексеру аяқталған күн болып есептеледі.
Көшпелі кедендік тексеру актісін кедендік тексеруді жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітеді.
Кедендік тексеру актісінің бірінші данасы кедендік тексерудің материалдарына қоса тігіледі, екінші данасы кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілетін тұлғаға табыс етіледі немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтілімімен жіберіледі.
3. Егер кедендік тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған болса, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
4. Кедендік тексеру актісіне кеден органының лауазымды адамы жүргізген құжаттардың көшірмелері, есеп айырысулар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.
5. Тексеру актісі тексеру актілерін арнайы тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекітілуге тиіс.
6. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тексеру актісіне тиісті жазба жазылады.
7. Кедендік тексеруді жүргізу кезінде оның нәтижелері бойынша Кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешектерді өтеу туралы хабарлама шығарылады және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы талап қойылады.
Хабарлама кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайларда шығарылады.
Кедендік тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы талап кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер етпейтін бұзушылықтар анықталған жағдайларда қойылады.
8. Хабарлама осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіпке сәйкес тексерілетін адамға жіберіледі.
9. Бұзушылықтарды жою туралы талап тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру актісімен бір мезгілде табыс етіледі немесе жолданады.
Бұзушылықтарды жою туралы талапты орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға талап табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімді құрайды.
10. Тексерілетін тұлғаның тексеру нәтижелеріне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасауға құқығы бар.»;
6) 240-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеден органдары ұстаған және осы Кодекстің 238-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімдерде осы Кодекстің 239-бабында көрсетілген тұлғалар талап етпеген тауарлар уәкілетті заңды тұлғаның өткізуіне жатады, ал осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда, мұндай тауарлар жойылуға немесе өзгеше пайдалануға жатады.»;
7) 479-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тиісті лауазымдарды атқару үшін денсаулық жағдайына қойылатын арнайы талаптар біліктілік талаптарында белгіленген жағдайларда, лауазымдық өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін аурулардың жоқ екені туралы медициналық мекеме қорытындысының болуы;».
16. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат):
179-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «Ауыл (село)», «ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауыл, «ауылдық», «Ауыл», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 2, 8-құжат):
1) 12-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдары мен мекемелерi әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдайды енгізу кездерінде Ішкi әскерлердің әскери бөлiмдері мен бөлiмшелері өз мiндеттерiн орындаған кезде оларды басқару үшiн байланыс желілерi мен арналарын тегiн бередi.»;
2) 26-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жаппай тәртiпсiздiктің жолын кесу кезінде, оның ішінде түзеу мекемелерiнде, тергеу изоляторларында, түрмелерде жолын кесу кезінде, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдайды енгізу кезінде.».
18. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 923-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 5-баптың екінші бөлігіндегі «ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 6-баптың екінші бөлігіндегі «ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын.
19. «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат; 1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 18, 111-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат):
3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Қалалар мен басқа да елдi мекендердiң санаттары
Қалалар мен басқа да елдi мекендер мыналарға бөлінеді:
1) республикалық маңызы бар қалалар, оларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады;
2) облыстық маңызы бар қалалар, оларға iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер жатады;
3) аудандық маңызы бар қалалар, оларға аумағында өнеркәсiп орындары, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектiлерiнiң дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын, халқының жалпы санының үштен екiсiнен астамын жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер жатады;
4) кенттер, оларға өнеркәсiп орындарының, құрылыстардың, темiр жол стансаларының және басқа да экономикалық тұрғыдан маңызды объектiлердiң жанындағы, халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын, олардың кемiнде үштен екiсiн жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер жатады;
кемiнде 2 мың халқы бар, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi; оларға қала тұрғындарының жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;
5) ауыл – халқының саны кемінде 50 адам болатын, олардың кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылық шаруашылығымен, бал ара шаруашылығымен, балық аулау мен балық өсіру шаруашылығымен айналысатын қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары құрайтын елді мекен;
6) халқының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елдi мекеннiң құрамына енгiзiледi.».
20. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
1) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Төтенше жағдайлар кезінде көлiк жұмысын ұйымдастыру
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізген кезде төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою үшiн көлiк кәсiпорындарының шарттық қатынастары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның, жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Көлiк кәсiпорындары әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі кезінде көлік жұмысын ұйымдастыру үшін көлiк құралдарының иелеріне бірінші кезекте қызмет көрсету жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай енгізілген кезде көлiк кәсiпорындарының жұмылдыру дайындығы іс-шараларын, азаматтық қорғаныс және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етумен байланысты тасымалдарды жүзеге асыру бойынша шығыстары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражатынан өтеледi.
Көлiк кәсiпорындары дүлей зілзалалар мен авариялардың, сондай-ақ төтенше сипатқа ие өзге де мән-жайлардың зардаптарын жою жөнiнде дереу шаралар қолдануға мiндеттi.»;
2) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
«22-1-бап. Құқық қорғау органдарына және арнаулы
мемлекеттік органдарға көлік беру міндеті
Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін көлікті пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.
Осы бапта көзделген жағдайларда көлік құралдары иелеріне олардың көлігін пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.».
21. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж.,№ 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат):
1) 5-баптың 4-тармағындағы «олардың әскери қызметшiлерiнiң және қызметкерлерінің» деген сөздер «олардың қызметкерлерінің, әскери қызметшiлерiнiң және жұмыскерлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының жүйесi
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi – Ұлттық қауiпсiздiк комитетi), оның ведомстволары, ұлттық қауiпсiздiктiң аумақтық және өзге де органдары, арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелерi және басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құрайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның ведомстволары, ұлттық қауіпсіздіктің аумақтық және өзге де органдары өздері тұрған жерден тыс жерлерде уәкілетті органда есептік тіркелуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құра алады.
Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ұлттық қауіпсіздік органдары функцияларының бір бөлігін орындайды.»;
3) 17-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 г., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат):
29-баптың 2-тармағындағы «, селода» деген сөз алып тастылсын.
23. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 г., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
19-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы «ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын.
24. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж, № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 2-баптың 44-1) тармақшасындағы «оны» деген сөз «арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан оны» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 101-1-бапта:
4-тармақтағы «не қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын жаймен» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы «Әскери қызмет өтілі» деген сөздер «Әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет өтілі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 101-3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 101-4-бабының 1), 3), 4), 5) және 7)тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері орындамаған жағдайларды қоспағанда, олар тұрғын үйге мұқтаждар мәртебесінен айырылған;»;
4) 101-6-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінен айырылған, сондай-ақ осы Заңның 101-4-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезде бұл туралы қызмет өткеріп жатқан арнаулы мемлекеттік органды тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінен айырылған және осы міндеттемелер орындалған күннен бастап он күннен аспайтын мерзімде хабардар етуге;»;
5) 101-8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қаза табуы (қайтыс болуы):
1) өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзетін жағдайларды қоспағанда, өзiне-өзi қол жұмсауы салдарынан;
2) қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде;
3) алкогольдік, есiрткiлік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйде болуын туындататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) тұтыну салдарынан;
4) бiржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатымен өзiне қасақана қандай да бiр дене зақымын келтіру (дене мүшесiн зақымдау) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтiру салдарынан;
5) қызмет өткеру туралы келісімшарт талабын бұзған қызметкердің іс-әрекеттері салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.».
25. «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 87-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 15, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат):
78, 79 және 80-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«78-бап
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы – Қазақстан Республикасының аумағында жай және аударым коммерциялық вексельдерiн шығаруға, вексельдер, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шығарылғандары бойынша талап ету құқығын басқаға беруге, осындай вексельдер мен оларға байланысты операциялар жөнiндегi мiндеттемелерді орындауға, оларды есеп кеңселерiнiң есепке алуына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта есепке алуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының жай және аударым вексельдерiн шығаруына байланысты қалыптасатын қатынастар жиынтығы.
Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі негізінде жай және аударым вексельдерiн шығарады.
79-бап
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы жөнiндегi қатынастар Женева вексель конвенцияларымен, сондай-ақ осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң соларға сәйкес шығарылған нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұратын Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
80-бап
Вексельдiк мiндеттеме вексель берушiнiң тиiстi дәрежеде ресiмделген вексельдi берген кезінен бастап пайда болады. Коммерциялық вексель сатып алу-сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету (қаржылық қызметтер көрсетудi қоспағанда) шарттары бойынша төлемдi кейiнге қалдыру үшiн берiледi.
Егер вексель осы Заңның 1 – 9-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес жасалса, вексельдiк мiндеттеменiң күшi болады.».
26. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):
1) 1-баптың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қолдану, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын қолдану, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшiн қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;»;
2) 9-баптың тақырыбы мен 3-тармағындағы «ауыл (село), ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауыл, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жағдайда және тәртіппен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қолдану, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз етудің бірінші кезектегі шараларын қолдану, гуманитарлық көмек көрсету үшін бейбіт уақытта пайдаланылуы мүмкін.».
27. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «ауылдардың (селолардың)», «ауылдық (селолық)» «ауылдың (селоның)», «ауылдар (селолар)» деген сөздер тиісінше «ауылдардың», «ауылдық», «ауылдың», «ауылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды нотариус талап еткен кезден бастап күнтізбелік он күн мерзiмнен кешiктiрмей оларды нотариусқа ұсынуға мiндеттi.»;
3) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Лицензияның қолданылуы мұндай шешiм нотариустың назарына жеткiзiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде нотариус тоқтата тұруға себеп болған мән-жайларды жойғаны туралы мәліметтерді назарға жеткізген күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзімде лицензиар лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы шешiм шығарады.»;
4) 24-баптың 2-тармағындағы «жауапқа тартуы мүмкiн» деген сөздер «жауапқа тартады» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 32-бап мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) нотариустың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін белгілейді;»;
6) 38-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 37-бабында санамаланған лауазымды адамдар өсиет куәландырылған күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде, ал егер бұл дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, осындай мүмкiндiк пайда болған кезде куәландырылған өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының тұрақты тұрғылықты жерiндегi нотариусқа сақтауға дереу беруге мiндеттi.»;
7) 41-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Басқа бiр мүдделi адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактінi сотта даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi бойынша нотариаттық iс-әрекет жасау күнтізбелік он күннен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылады. Егер осы мерзiм iшiнде соттан өтiнiштiң келіп түскенi туралы хабар алынбаса, нотариаттық iс-әрекет жасалуға тиiс.»;
8) 48-бапта:
1-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамға нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылған кезде, нотариус нотариаттық iс-әрекет жасауға ол өтiнiш берген күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде жазбаша түрде бас тартудың себебi көрсетiлген дәлелдi қаулыны бередi.»;
9) 95-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдемеде баяндалған мән-жайды растау ретінде кеме капитаны сауда мақсатында теңiзде жүзуді реттейтiн заңнамаға сәйкес нотариусқа қарап шығу үшiн кеме журналын және кеме журналынан капитан куәландырған үзiндiнi мәлiмдемемен бiр мезгілде не портқа кiрген кезден немесе, егер оқиға портта орын алса, ол болған кезден бастап күнтізбелік жетi күннен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.».
28. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат):
1) 5-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шарт жасасу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен заң көмегіне ақы төлеу қағидаларында белгіленеді.»;
2) 8-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматы адвокаттың тағылымдамадан өтушісі болып табылады.»;
3) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Лицензия беруден бас тарту
Лицензия беруден «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негiздер бойынша бас тартылады.»;
4) 17-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттiк қызметшiлер және мемлекеттiк емес ұйымдардың басшылары адвокаттың нақты iс бойынша заң көмегiн көрсетуiне байланысты өтiнiшiне он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге мiндеттi.»;
5) 20-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында адвокаттардың бiр ғана алқасы құрылып, жұмыс iстеуге тиіс, ол басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы емес.»;
6) 33-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (құрылтайшылары) мемлекеттiк тiркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасын жазбаша хабардар етуге және адвокат кеңсесiнiң құрылтай құжаттарын оның иелігіне ұсынуға мiндеттi.».
29. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат):
1) 1-баптың 8), 11) және 14) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, баспа және электрондық-цифрлық нысандағы нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерімен және толықтыруларымен бірге) жиынтығы, олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледі;»;
«11) нормативтiк құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат, сондай-ақ жазбаша ресми құжатпен бірдей және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат;»;
«14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау – нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаларға толық сәйкес келетін графикалық форматта жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;»;
2) 2-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген нормативтік актілер құқық нормаларын қамтымауға тиіс.»;
3) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Мерзімдерді есептеу
1. Заңнамада белгіленген мерзім күнтізбелік күнмен немесе басталуы сөзсіз болатын оқиға көрсетіле отырып айқындалады. Мерзім жылдармен, тоқсандармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетін уақыт кезеңі ретінде де белгіленуі мүмкін.
2. Жылдармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
Айлармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде (күн санында) аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
Апталармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және мерзімнің соңғы аптасының тиісті күнінде аяқталады.
Күндермен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған күнтізбелік күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады.
Сағаттармен есептелетін мерзім оның басталуы айқындалған оқиға басталған минуттан басталады және белгіленген кезеңнің соңғы минутында аяқталады.»;
4) 21-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ, жақша ішінде – «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» жинағында олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не егер нормативтік құқықтық акт көрсетілген жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланған жылы, күні, айы және ресми жарияланымның өзге де дереккөзінің атауы көрсетіледі.»;
5) 21-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған жылы, күні, айы, тіркеу нөмірі, сондай-ақ, жақша ішінде – «Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы» жинағында олардың алғашқы жарияланған жылы, нөмірі және құжаты не егер нормативтік құқықтық акт көрсетілген жинақта жарияланбаса, осы Заңға сәйкес ресми жарияланған жылы, күні, айы және ресми жарияланымның өзге де дереккөзінің атауы көрсетіледі.»;
6) 30, 33 және 34-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми
жариялаудың міндеттілігі
1. Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, сондай-ақ, қазақ тілінде – «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және орыс тілінде – «Вестник Национального Банка Республики Казахстан» ресми басылымдар болып табылады.
2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарында және осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты ресми жариялау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын инитернет-ресурста жүзеге асырылады.
3. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау олар күшіне енгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.
4. Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және олар жариялайтын мәтіндер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкес келуіне сараптамадан өткізілген жағдайда жүзеге асырады.
Нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң кейiннен ресми жариялануының белгiленген тәртiбiнiң сақталуын бақылауды әдiлет органдары жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртібі осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау қажеттігі туралы шешімді дербес қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды.
5. Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуға тиіс.
6. Нормативтік құқықтық актілердің бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі.»;
«33-бап. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
және өзге де орталық мемлекеттік органдарының
нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау
1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында айқындалатын тәртіппен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаға толық сәйкес келетін графикалық форматта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.
2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оларды осындай тіркеуге ұсынған органдар күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жібереді.
34-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін,
әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын және
әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми
жариялау
1. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында айқындалған тәртіппен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаға толық сәйкес келетін графикалық форматта, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.
2. Мәслихаттардың тіркелген нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің тіркелген нормативтік құқықтық қаулыларының және әкімдердің тіркелген нормативтік құқықтық шешімдерінің елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелері Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оларды осындай тіркеуге ұсынған органдар күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жібереді.»;
7) 36-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы «жарияланғаннан» деген сөз «жарияланған күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «олар қабылданған күннен бастап» деген сөздер «олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтiк құқықтық актiлер ресми түрде қазақ және орыс тiлдерiнде бiр мезгiлде жариялануға тиiс.»;
8) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық
мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың,
әкімдіктердің және әкімдердің нормативтiк құқықтық
актiлерiн олардың күшiне енуінің шарты ретiнде
мемлекеттiк тiркеу
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын және мемлекеттік құпияларды қамтитын актілерді қоспағанда, мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген нормативтiк құқықтық актiлері Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады. Мұндай тiркелу олардың күшiне енуінің қажеттi шарты болып табылады.
Әділет органдарына ұсынылған актiлердiң мемлекеттік тіркелуі құқық нормасының болуы, актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі нысанасына заң сараптамасын жүргізу және мемлекеттік тіркеу нөмірі беріле отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заңдық күші болмайды және оларды шығарған орган, егер әділет органдарының шешіміне белгіленген тәртіппен шағым жасалмаса, олардың күшін жоюға тиіс.
2. Егер нормативтiк құқықтық акт:
1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірсе;
2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзса;
3) жоғары деңгейде тұрған нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;
4) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған орган құзыретiнің шегiнен тыс болса;
5) мүдделі органдармен келiсiлмесе;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түріндегі қосымшалары болмаса;
7) мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіпті, сондай-ақ мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу мен келісу тәртібі бұзыла отырып қабылданса, әділет органдары мұндай актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
3. Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартылуына сот тәртiбiмен шағым жасауы мүмкiн.
4. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу және мемлекеттiк тiркеу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.»;
9) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алуы және жүйелендіруі тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
30. «Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» 1998 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 26-құжат; № 24, 178-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат):
6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі және 7-тармағындағы «ауылда (селода)» деген сөздер «ауылда» деген сөзбен ауыстырылсын.
31. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат):
1) 8-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі жоғары лауазымдардың тізбесі мен оларды анықтау әдістемесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексеруді жүзеге асыру тетігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2) 9-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдарды қоспағанда) осы бапта санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы, егер жасалған әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiктер беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады не заңда көзделген тәртiппен тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.»;
3) 18-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызметтің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда прокурордың, салық қызметi органдарының не заңмен бұған уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың қуынымы бойынша соттың шешiмiмен мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Аталған органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сот шешiм шығарғанға дейiн сақтау жөнінде шаралар қолданады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, салық қызметінің органдары не заңмен бұған уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың мемлекетке заңсыз алынған мүлікті қайтару немесе оның құнын немесе заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын төлеу бойынша міндеттері туындаған кезден бастап бір айдан кешіктірмей заңсыз алынған мүлiктi мемлекет кірісіне айналдыру және (немесе) заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алу туралы қуыныммен сотқа жүгінеді.».
32. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат):
1) 20-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді құпияландыру мерзімі отыз жылдан аспауға тиіс. Айрықша жағдайларда бұл мерзім мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы бойынша ұзартылады.»;
2) 30-баптың 1-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«оның тексеру шараларынан жалтаруы және (немесе) оның өзі және жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы негіз болып табылады.».
33. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат):
1) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес алыс сапардағы теңіз кемелерінің капитандары, шекара отрядтарының бастықтары, жергілікті жердің коменданты жүзеге асырған жағдайларда күдіктілер аталған лауазымды адамдар айқындаған және күдіктілерді ұстау үшін арнайы ыңғайластырылған үй-жайларда ұсталады.»;
2) 9-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төтенше жағдай енгізілген кезде санитариялық талаптарға сай келетін және орынды өз еркімен қалдыру мүмкіндігін болғызбайтын, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарды ұстау үшін ыңғайластырылған өзге де үй-жайлар жергілікті жер комендантының шешімімен қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары ретінде пайдаланылуы мүмкін.».
34. «Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
7-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндірген кезде:
1) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) спирт өлшейтін аппараттарсыз және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарынсыз не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарымен өндіруге;
2) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарымен өндіруге;
3) алкоголь өнімін (шарап материалдарынан басқа) ауыз су қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкес келмеген кезде суды кондициялаушы жабдықпен жарақтамай өндіруге тыйым салынады.».
35. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 84-құжат; № 15, 97-құжат):
23-1-баптың 3-тармағындағы «ауыл (село), ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауыл, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
36. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат):
1) 9-2-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік органның функциялары стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функциялары болып бөлінеді:»;
2) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер мәселе белгiленген құзырет шегiнен тыс болса, уәкiлеттi лауазымды адам өтiнiштi үш жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде өтiнiш берушіні мiндетті түрде хабардар ете отырып, құзыреттi мемлекеттiк органға немесе лауазымды адамға жiберу туралы шешiм қабылдайды.»;
3) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Мерзімдерді есептеу
1. Заңнамада белгіленген мерзiм күнтiзбелiк күнмен немесе басталуы сөзсiз болатын оқиға көрсетiле отырып айқындалады. Мерзiм жылдармен, тоқсандармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетiн уақыт кезеңi ретiнде де белгiленуi мүмкiн.
2. Жылдармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айы мен күнiнде аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзiм сол айдың соңғы күнiнде аяқталады.
3. Айлармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және мерзiмнiң соңғы айының тиiстi күнiнде (күн санында) аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзiм сол айдың соңғы күнiнде аяқталады.
4. Апталармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және мерзiмнiң соңғы аптасының тиiстi күнiнде аяқталады.
5. Күндермен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және белгіленген кезеңнің соңғы күнiнде аяқталады.
Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс емес күнге тура келсе, одан кейінгі таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.
6. Сағаттармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған оқиға басталған минуттан басталады және белгіленген кезеңнің соңғы минутында аяқталады.».
37. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар):
1) бүкіл мәтін бойынша «ауылдық (селолық)», «ауыл (село)», «ауылдың (селоның)», «ауылдарда (селоларда)», деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауыл», «ауылдың», «ауылдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасы – мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою бойынша құзыреті шегінде жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар кешені;»;
3) 25-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары жұмыстарының жылдық жоспары облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен, оның ішінде олардың әкімшілік-аумақтық бірлігінде есепті жылдағы атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті облыстың құрамына кіретін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен қаржыландырылатын бақылау объектілерін, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылы түсуін қамтамасыз ететін салық органдарын қамтуға тиіс.»;
4) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;»;
5) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан, облыстық маңызы бар қала аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;»;
6) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органды кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу үшін уәкілетті орган ретінде айқындайды;».
38. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
15-баптың 4-тармағындағы «ауыл (село), ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауыл, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
39. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 1-баптың 8) тармақшасындағы «селолық», 9) тармақшасындағы «ауылды (селоны)» және 25) тармақшасындағы «селолық» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылды» және «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «ауылдарды (селоларды)», «ауылдар (селолар)» деген сөздер тиісінше «ауылдарды», «ауылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 47-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «ауылды (селоны)» деген сөздер «ауылды» деген сөзбен ауыстырылсын.
40. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат):
5-2-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацындағы «ауылдарды (селоларды)» деген сөздер «ауылдарды» деген сөзбен ауыстырылсын.
41. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «селолық» деген сөздер тиісінше «ауыл, ауылдық», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
42. «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 34-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тасымалдаушы, Инфрақұрылымның ұлттық операторы, тармақ иеленушi әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды шұғыл түрде қолдануға мiндеттi.»;
2) 35-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде тасымалдаушының шарттық қатынастары әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуды (анықтауды, жолын кесуді) және жоюды өз құзыретіне қарай жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жергілікті жер комендантының ұсынысы бойынша уәкілетті органның шешімдері негізінде тоқтатыла тұруы мүмкiн.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген немесе әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде және тасымалдауға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайлар кезiнде Инфрақұрылымның ұлттық операторы темiр жол қатынасының белгілі бір бағыттарында тасымалдауға байланысты қызметтер көрсетудi уақытша тоқтату не шектеу туралы шешiм қабылдай алады.»;
3) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:
«35-1-бап. Темір жол көлігін құқық қорғау органдары мен
арнаулы мемлекеттік органдарға беру міндеті
Темір жол көлігінің иелері (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға оқиға, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару үшін және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін осы Заңның 35-бабында көзделген тәртіппен темір жол көлігін беруге міндетті.
Темір жол көлігінің иелеріне осы бапта көзделген жағдайларда көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.»;
4) 86-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еңсерілмейтін күштiң, сондай-ақ әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың;».
43. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 2, 16-құжат; 2004 ж., № 20, 116-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 11, 36-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат):
1) 69-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде жүктi қабылдау уәкiлеттi органға дереу хабарлана отырып, порттың теңiз әкiмшiлiгiнің өкiмiмен уақытша тоқтатылуы немесе шектелуi мүмкiн, уәкілетті орган тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсуi бойынша тасымалдауға жүк қабылдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудiң қолданылу мерзiмiн белгiлейдi.»;
2) 114-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда;»;
3) 115-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер жөнелту портындағы (пунктiндегi), межелі порттағы (пункттегi) немесе жолаушы тасымалдау маршрутымен жүрiп келе жатқан жолдағы әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан, сондай-ақ тасымалдаушыға байланысты емес басқа да мән-жайлардың салдарынан тасымалдаушы кеменiң кетуiн кiдiрте тұруға, жолаушыны тасымалдау маршрутын, жолаушыны отырғызу және (немесе) түсiру орнын өзгерту қажет болса, осындай әрекеттер жасауға құқылы.».
44. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
6-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қаржы полициясы органдары қызметiнiң басым бағыттарын іске асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi;».
45. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдық (селолық)», «ауыл (село), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдың, ауылдық», «ауылдық», «ауыл, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
46. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):
1) Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерiнде төтенше жағдайды енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін белгілейдi.»;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай – адам шығындарына, денсаулыққа зиян келтiруге, елеулi мүліктік шығындарға немесе тұрғындардың тiршілiк әрекетi жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан әлеуметтік қатынастар саласындағы белгілі бір аумақта қайшылықтар мен жанжалдардың туындауымен байланысты төтенше жағдай;
2) жергiлiктi жердiң коменданты – Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдарды бiртұтас басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;
3) жергiлiктi жердiң комендатурасы – төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган;
4) коменданттық сағат – арнайы берiлген рұқсаттамасыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда не үйлерiнен тыс жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулiк мезгiлi;
5) төтенше жағдай – азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн, мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiнің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара;
6) төтенше жағдай енгiзiлетiн жергілікті жердiң шекаралары – Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң аумағы;
7) Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия – төтенше жағдай енгiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiсiмен құрылатын арнаулы мемлекеттiк басқару органы.»;
3) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
«1-1-тарау. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі
3-1-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі төтенше жағдайды енгізуге негіз болып табылатын, әлеуметтік сипаттағы төтенше мән-жайлардың алдын алуды және оларды жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың шұғыл ден қоюы мен жұмыс істеуінің айрықша режимін білдіреді.
2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі жекелеген жергілікті жерлерде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша енгізіледі, ал осы Заңның 3-2-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша жергілікті атқарушы орган енгізеді.
3. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі кезінде шұғыл ден қою және басқару жүйесінің жұмыс органы жедел штаб болып табылады.
4. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған кезде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органға жәрдемдесуге және қажетті көмек көрсетуге міндетті.
5. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою мақсатында әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган:
1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалануға;
2) мемлекеттік материалдық резервті пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқылы.
6. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимінің қолданылу мерзімі оны енгізуге негіз болған мән-жайларды жою мерзімінен аспауға тиіс.
3-2-бап. Мемлекеттік органдардың әлеуметтік сипаттағы
төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою
жөніндегі құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп ұстап тұруға бағытталған іс-әрекеттерден; диверсиялардан; қарулы бүліктен туындаған төтенше жағдайларды анықтайды, олардың алдын алады және жолын кеседі.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті атқарушы орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жаппай тәртіпсіздіктерден; ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан; жекелеген жергілікті жерлерді, аса маңызды және стратегиялық объектілерді қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдардың ұйымдасуынан және әрекетінен туындаған төтенше жағдайлардың алдын алады және оларды жоюды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болған арандатушылық іс-әрекеттерден; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзудан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысады.
3-3-бап. Жедел штабтар
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және өңірлік (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жедел штабтар құрылады.
Осы Заңның 3-2-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда жергілікті атқарушы орган жедел штаб құрады, оның құрамына жедел штаб басшысының орынбасары ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Терроризмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жедел штабтар «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылады.
2. Жедел штабтар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3-4-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою
жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар мемлекеттік органдардың кешенді күштері мен құралдары пайдаланыла отырып, мемлекеттік органдардың бұрын бекіткен жоспарларына сәйкес, ал осы Заңның 3-2-бабының 1-тармағында көзделген әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу (анықтау, жолын кесу) жөніндегі мемлекеттік органдармен бұрын келісілген және жергілікті атқарушы органдар бекіткен жоспарларға сәйкес ұйымдастырылады.
2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар кезінде жедел штаб басшысының шешімі бойынша мынадай уақытша шектеулер:
1) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуді тоқтата тұру және (немесе) байланыс желілерін және құралдарын пайдалануды шектеу;
3) қоғамдық тәртіптің сақталуын, мемлекеттік күзетуге жататын объектілерді және халықтың тыныс-тіршілігі мен көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді, сондай-ақ ерекше материалдық, тарихи, ғылыми, көркем немесе мәдени құндылығы бар объектілерді күзетуді күшейту;
4) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіру;
5) қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, күшті әсер ететін химиялық және улы заттардың саудасына шектеу қою немесе тыйым салу, дәрілік заттардың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттар мен прекурсорлардың, этил спиртінің және алкоголь өнімінің айналымына ерекше режим белгілеу қолданылуы мүмкін.
3. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарының шекараларын жедел штабтың басшысы айқындайды.»;
4) 4-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билiктi күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттерден; жаппай тәртiпсiздiктерден, ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан; жекелеген жергілікті жерлердi, аса маңызды және стратегиялық объектiлердi қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдарды дайындаудан және олардың әрекетінен; қарулы бүліктен; диверсиядан; қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан жасалатын арандатушылық iс-әрекеттерден туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар;»;
5) 11-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Комендатураның қызметі Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен үлгі ереже негізінде жүзеге асырылады.»;
6) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жер комендантының өкiлеттiктерi
1. Төтенше жағдай енгiзiлген жергiлiктi жердiң комендатурасы өзiнiң төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегі қызметiн жергілiкті атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
Жергілiкті жердiң комендатурасын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын комендант және жергілікті жер комендатурасының аппараты құрайды, оның құрамы төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлар негізге алына отырып айқындалады.
Комендант – Қазақстан Республикасының Президентіне, ал Мемлекеттік комиссия құрылған кезде Қазақстан Республикасының Президенті мен Мемлекеттік комиссияның төрағасына бағынады.
Жергілікті жердің коменданты болып:
шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай өту кезінде; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттену кезінде; терроризм актілері; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып билікті күшпен ұстап тұруға бағытталған іс-әрекеттер кезінде; қарулы бүлік; диверсия кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің;
жаппай тәртіпсіздік; ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдар; экстремистік топтардың жекелеген жергілікті жерлерді, аса маңызды және стратегиялық объектілерді қоршап алуы немесе басып алуы; заңсыз қарулы құралымдардың дайындалуы және әрекеті кезінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің;
қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан жасалатын арандатушылық іс-әрекеттер; Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу кезінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі тағайындалады.
2. Төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жердiң коменданты:
1) өз өкiлеттiктері шегiнде барлық жеке және заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ iшкi iстер органдары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның бөлiмшелерi, төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде орналасқан (дислокацияланған) және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн қосымша тартылатын әскери құралымдар бастықтарының (командирлерiнiң) тиiстi аумақта орындауы мiндеттi төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;
2) жеке тұлғалардың белгiленген мерзiмде белгiлi бiр жерден кетiп қалуына шектеулер енгiзедi, сол жергілікті жердiң тұрғындары болып табылмайтын қоғамдық тәртiптi бұзушы адамдарды солардың есебiнен өздерінің тұрақты тұратын жерлерiне немесе төтенше жағдай жарияланған жергілікті жерден тыс жерлерге шығарып жiбередi, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады;
3) қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы мекемелерде орын жеткіліксіз болған жағдайда төтенше жағдай режимін бұзған, ұсталған адамдарды ұстаудың қосымша орындарын айқындайды;
4) ұйымдардың басшыларын өз мiндеттерiн, коменданттың бұйрықтары мен өкiмдерiн тиiсiнше орындамауына байланысты төтенше жағдайдың қолданысы кезеңiнде жұмысынан шеттетедi;
5) төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде осы Заңда көзделген қосымша шаралар мен уақытша шектеулердi қолдану қажеттiгi туралы ұсыныстармен Қазақстан Республикасының Президентiне жүгінеді және осы шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қосымша қаржыландыру туралы ұсыныстар енгізеді;
7) тиiстi жергілікті жердiң тұрғындарын төтенше жағдай кезiнде қолданылатын, енгiзiлген шаралар мен уақытша шектеулердi орындау қажеттiгi туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етедi;
8) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың барлық отырыстарына қатысуға және өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзуге құқылы;
9) төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жердің комендатурасы жанынан журналистердi аккредиттеуді жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Жергілікті жердің комендатурасы жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
4. Төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жердiң комендатурасын құру көрсетілген аумақта жұмыс iстейтiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың қызметiн тоқтатпайды.
5. Төтенше жағдай енгізілген аумақта төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жердің коменданты өз өкімімен жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, орталық мемлекеттік органдардың төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайларды жоюға кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерінің қолданылуын режим кезеңінде тоқтата тұруға құқылы.»;
7) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Төтенше жағдай кезінде байланыс желілерін басқару
1. Төтенше жағдай кезінде мемлекеттiк органдардың, үкiметтiк байланысты қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар.
2. Байланыс желілері мен құралдарын беру және байланыс операторының байланыс желiлерi мен құралдарын пайдаланған кезде олардың шеккен шығындарын өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
3. Байланыс желiлерi мен құралдарының иелерi адамдар өмiрiнiң теңiздегi, жердегi, әуедегі, ғарыш кеңiстiгiндегi қауiпсiздiгiне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау саласында кезек күттірмейтін iс-шараларды жүргiзуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға абсолюттік басымдық беруге тиiс.»;
8) 15-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жиналыстарды, митингiлер мен демонстрацияларды, шерулер мен тосқауылдарға тұруды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды, сондай-ақ туумен, үйлену тойымен, қайтыс болумен байланысты отбасылық салт-жораларды өткізуге тыйым салу немесе шек қою;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде ол қолданылатын бүкiл кезең iшiнде сайлау және республикалық референдумдар өткiзуге тыйым салу;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) үкiметтiк байланысты қоспағанда, байланыс желiлері мен құралдарының қызметін тоқтата тұру көзделеді.»;
9) 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төтенше жағдай кезінде қолданылатын қосымша шаралар мен уақытша шектеулер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.».
47. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын.
48. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Автомобиль көлігінің жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту
Автомобиль көлiгiнің жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі iс-шараларды қамтамасыз етуге байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңнамалық актiлерімен реттеледi.
Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығыстарды кейiннен өтей отырып, өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы.»;
2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік
органдарға автомобиль көлігін беру міндеті
Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн автомобиль көлігін пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті уәкілетті органның ұсынуы бойынша төтенше жағдайдың алдын алуға және оны жоюға тартылған күштер мен құралдарды тасымалдауды ұйымдастырады.
Осы бапта көзделген жағдайларда автомобиль көлігінің иелеріне көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.».
49. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат, № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 7-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желілеріне қойылатын талаптарды бекiту;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту;»;
14-9) тармақша алып тасталсын;
2) 9-1-баптың 1-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін техникалық сүйемелдеуді;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) уәкілетті орган байланыс операторлары көрсететін қызметтердің сапасына бақылау жүргізген кезде жұмыстарды техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.»;
3) 10-баптың 2-тармағындағы «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдың, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай
енгізілген кезде байланыс желілерін басқару
1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқаруды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі және төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар айқындайтын тізбе бойынша мемлекеттік органдардың байланысын басқару орталықтарымен, сондай-ақ қарауында телекоммуникация желілері бар уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік органдардың әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар басталған кезде, үкіметтік байланысты қоспағанда, байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.
Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдары пайдаланылған жағдайда олардың шеккен шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Байланыс желiлерi мен құралдарының иелерi адамдар өмiрiнiң теңiздегi, жердегi, әуедегі, ғарыш кеңiстiгiндегi қауiпсiздiгiне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау саласында кезек күттірмейтін iс-шараларды жүргiзуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы хабарламаларға абсолюттік басымдық беруге тиiс.»;
5) 33-баптың 2-тармағындағы «ауыл (село), ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауыл, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
50. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат, 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз
ету және оны төтенше жағдайларды жоюға тарту
1. Iшкi су көлiгiнiң жұмылдыру дайындығын, азаматтық қорғаныс, авариялық-құтқару жұмыстары және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шығыстарды кейіннен тең құнымен өтей отырып, тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы.»;
2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік
органдарға ішкі су көлігін беру міндеті
Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық жәрдемге мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін ішкі су көлігін пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті.
Осы бапта көзделген жағдайларда кеме иесіне көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.»;
3) 53-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еңсерiлмейтiн күштiң, соғыс iс-қимылдарының, әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың немесе тасымалдаушыға байланысты емес өзге де себептердiң салдарынан жолаушыны межелі портына тасымалдау мүмкiн болмаған;»;
4) 60-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тасымалдауға қабылданған жүктi еңсерiлмейтiн күш, соғыс iс-қимылдары, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың акт шығаруы (жария акт), дүлей сипаттағы құбылыстар, әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар немесе тасымалдаушыға байланысты емес өзге де себептер салдарынан межелі портқа жеткiзу немесе оны көлiктiк жүкқұжатта көрсетiлген тұлғаға беру мүмкiн болмаған кезде тасымалдаушы жүктi жеткiзуге кедергi келтiретiн себептердi көрсете отырып, ол туралы жүк жөнелтушiге, жүк алушыға, жөнелту порттары мен межелі порттарда тиеу-түсiру жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарға хабарлайды және жүктi не iстеу керектiгi туралы жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының өкiмiн сұратады.»;
5) 93-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еңсерiлмейтiн күштiң, сондай-ақ әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың;».
51. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 95-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат):
6-баптың 10) тармақшасындағы «ауыл (село)», «ауылдың (селоның)» деген сөздер тиісінше «ауыл», «ауылдың» деген сөздермен ауыстырылсын.
52. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат):
9-бапта:
3-тармақтағы «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «ауылдық (селолық), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауыл, ауылдық» «ауылдық, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын.
53. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауыл, ауылдық», «ауылдың, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
54. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат: 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 6-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 26-2) тармақшамен толықтырылсын:
«26-2) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге асыру;»;
2-тармақтың 4), 5), 6) тармақшалары алып тасталсын;
2) 7-баптың 5-тармағындағы «ауылдар (селолар), ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдар, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
55. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу – тараптардың бір тарап тұрғын үй салуды және нәтижелері бойынша екінші тарапқа тұрғын үй-жай түрінде үлесін беруді міндетіне алатын қатынастары;»;
2) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заң, мемлекеттік сатып алуды және мемлекет қатысатын компаниялар тұрғын үйдің жүз пайызын сатып алу бойынша жүргізетін және екінші деңгейдегі банктер ашық кредиттік желі негізінде жүз пайыз қаржыландыруды жүзеге асыратын сатып алуды қоспағанда, тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысуға жататын барлық қатынастарға қолданылады.».
56. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат):
1) 7-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Өтiнiште қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн субъектiге немесе лауазымды адамға келiп түскен өтiнiш субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi субъектiлерге жiберiледi, бұл туралы өтініш берушiге хабарланады.»;
2) 8-баптың 1, 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектіге, лауазымды адамға келіп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.
2. Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды адамға келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.»;
«4. Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтініш берушiге хабарланады.»;
3) 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын өтініштерді қоспағанда, өтiнiштердi қарау үшiн маңызы бар актiлер, құжаттар мен басқа да материалдар өтiнiштердi тiкелей қарайтын субъектiлерге немесе лауазымды адамдарға өтініш келіп түскен күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде ұсынылады.»;
4) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтініштерді қарауды тоқтату туралы шешімді субъектінің басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды.».
57. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; 2013 жылғы 25 мамырында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметі мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның)» деген сөздер тиісінше «ауыл», «ауылдың, ауылдық», «ауылдың» деген сөздермен ауыстырылсын.
58. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
1) 14-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны не салыстырмалы тауар нарығын айқындау, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде айқындау мүмкін болмаса, нарық субъектісінің шығыстарына және пайдасына талдау жүргізіліп, тауардың негізделген бағасы айқындалады.»;
2) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының реттеуші, құқық қорғау органдарымен және басқа мемлекеттердің монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы»;
3) 47-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауар нарығын талдау статистикалық ақпарат және мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын есептіліктің өзге де нысандары негізінде, сондай-ақ осы баптың 10-тармағына сәйкес ұсынылатын ақпарат негізінде жүргізіледі.»;
9-тармақ «Монополияға қарсы орган» деген сөздерден кейін «мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 52-баптың 8-тармағы бірінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
5) 67-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тергеу нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күніннен кешіктірілмей тергеу объектісіне тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.».
59. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
13-баптың 2-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтары тиісінше 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен нөмірленіп, 3) тармақшадағы «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдың, ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
60. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 5, 22-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 1-баптың 2) тармақшасындағы «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдың, ауылдық»» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-баптың 2) тармағындағы «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)» деген сөздер «ауылдың, ауылдық»» деген сөздермен ауыстырылсын.
61. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 24-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде көмек көрсету, ғарыш аппараттары мен олардың экипаждарын iздестiру және эвакуациялау;»;
2) мынадай мазмұндағы 76-1-баппен толықтырылсын:
«76-1-бап. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай
енгізілген кезде әуе көлігін пайдалану
Әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде әуе көлігі төтенше жағдайларды және олардың зардаптарын жою бойынша шаралар қолдану үшін пайдаланылады.
Авиакомпаниялар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың жеке құрамын оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге тасымалдау және шұғыл медициналық жәрдемге мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге міндетті.
Осы бапта көзделген жағдайларда авиакомпанияларға көрсеткен қызметтері үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.».
62. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат):
1) 16-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Прокуратура органдары тағайындайтын тексерулерге қатысуға тартылатын жағдайларды қоспағанда, бірнеше бақылау және қадағалау органдарының тексерілетін субъектіге бір мезгілде тексеру жүргізуі қажет болған кезде осы органдардың әрқайсысы тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.»;
2) Заңның қосымшасының 1-тармағының 106) тармақшасындағы «сақталуына жүзеге асырылады.» деген сөздер «сақталуына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 107) тармақшамен толықтырылсын:
«107) қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларының сақталуына жүзеге асырылады.».
63. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қатынастардан туындайтын дауларға (жанжалдарға), егер мұндай даулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса, медиация рәсімі қолданылмайды.»;
2) 16-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің кәсіпқой емес медиаторлар тізілімін жүргізуі
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының аумағында медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыратын кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.»;
3) 24-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер медиацияны жүргізу кезінде тараптардың бірі кәмелетке толмаған адам болса, педагогтің немесе психологтің немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің қатысуы міндетті.».
64. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат, № 15, 97-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган – телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
2) 5-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 24-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында және 31-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады, оларды бақылауды тиісінше уәкілетті орган және телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
«4. Осы Заңның 31-бабында көзделген талаптардың сақталуы бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізуді мемлекеттік техникалық қызметті тарта отырып, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
1. Уәкілетті орган:
1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың телерадио хабарларын тарату мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді;
3) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын бақылауды және оның мониторингін жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді;
4) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының еркін қолжетімді теле-, радиоарналарының таратылуын қаржылай қамтамасыз ету (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ аналогтік телерадио хабарларын тарату арқылы) бөлігіндегі қызметін үйлестіреді;
5) телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;
6) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;
7) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;
8) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
9) лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады;
11) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтер көрсету қағидаларын бекітеді;
12) көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындайды;
13) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады;
14) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
15) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді;
16) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді;
17) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлейді;
18) Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін әзірлейді және оның құрамына ұсыныстар енгізеді;
19) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган:
1) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының цифрлық эфирлiк хабар таратуды енгізу бөлігіндегі қызметiн үйлестiредi;
2) мемлекеттiк техникалық қызметтiң жұмысын үйлестiредi;
3) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерiнiң және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) өз құзыретi шегiнде телерадио хабарларын тарату саласында нормативтiк құқықтық және нормативтiк техникалық актiлердi, оның iшiнде телерадио хабарларын тарату жүйесiн техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргiзу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желiлерiне қосу қағидаларын бекiтедi;
5) телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптардың сақталуы бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
6) өз құзыретi шегiнде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
7) телерадио хабарларын тарату саласындағы көрсетілетін қызметтер нарықтарында басым жағдайға ие нарық субъектiлерiне көрсетілетін қызметтердің бағаларын реттейдi;
8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
4) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты), өзге де ғимараттар мен құрылыстарды абаттандыру саласындағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген үлгі қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы тұрғын үй кешендерінде дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын, кабельдік коммуникацияларды орналастыру бойынша талаптарды белгілейді.»;
5) 9-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк техникалық қызмет – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметтi бақылауын техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға.»;
2-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның жиiлiктi, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арналарын) iрiктеу бойынша жұмыстарды жүргiзуiн техникалық сүйемелдеу;
7) телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның теле-, радиоарналарды халықтың қабылдауының сапасына бақылау жүргiзуі кезiнде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету;»;
6) 15-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн жиiлiк белдеулерiн, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арналарын) пайдалануға рұқсатты Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелерi жөнiндегi комиссияның шешiмi негiзiнде телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi орган бередi.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Телерадио хабарларын тарату мақсаты үшiн радиожиiлiктi есептеудi, оны радиожиiлiк органдарымен келiсудi және халықаралық үйлестiрудi телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.»;
7) 42-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға толық көшу мерзiмiн цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға толық көшкенге дейiн кемiнде алты ай бұрын айқындайды. Цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға толық көшу мерзiмi туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жарияланады.».
65. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат):
1) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнаулы атағы төмендетілген қызметкердің бұрынғы арнаулы атағы, атқарып жүрген лауазымына қарамастан, арнаулы атағы төмендетілген күннен бастап алты ай өткен соң уәкілетті басшының бұйрығымен қалпына келтіріледі.
Арнаулы атақтағы еңбек сіңіру мерзімі арнаулы атақты төмендету түрінде тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрық шыққан күннен бастап үзіледі және арнаулы атақты қалпына келтіру туралы бұйрық шыққан күннен бастап қайта жалғасады.
Қызметкердің бұрынғы арнаулы атағын қалпына келтіргенге дейін және оған кезекті арнаулы атақ берілгенге дейін арнаулы атақты қайтадан төмендетуге жол берілмейді, бірақ ықпал етудің өзге де шарасы қолданылады.»;
2) 49-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «бірнеше» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 63-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың 2), 3), 5), 6), 9) және 10) тармақшаларында көзделген көтермелеулерді қолдану тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.»;
4) 70-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «оған» деген сөздің алдынан «осы Заңның 28-бабы 2-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
66. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат):
бүкіл мәтін бойынша «ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдардың, ауылдық», «ауылдың, ауылдық», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерінің:
1) 1993 жылғы 9 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 510-құжат; 1995 ж., № 1-2, 18-құжат);
2) «Қазақ ССР заңдарын және Қазақ ССР Жоғарғы Советі мен оның органдары, Қазақ ССР Президенті қабылдаған басқа да актілерді жариялау және күшіне енгізу тәртібі туралы» Қазақ ССР Заңына өзгерістер енгізу туралы» 1991 жылғы 15 маусымдағы Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1991 ж., № 25, 319-құжат);
3) «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» 1991 жылғы 27 маусымдағы Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1991 ж., № 27, 360-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3-бап. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13-тармағының 4) тармақшасын, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 29-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев