Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 94-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      1) 131-баптың екінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін" деген сөздер "масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 147-баптың бесінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, оның ішінде Интернет арқылы" деген сөздер "масс-медиада, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 161-баптың екінші бөлігіндегі "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін" деген сөздер "Масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 174-баптың бірінші бөлігіндегі "жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын" деген сөздер "жария түрде немесе масс-медианы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 179-баптың екінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін" деген сөздер "масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 180-баптың екінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін" деген сөздер "масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 217-1-баптың бірінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды" деген сөздер "масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 256-баптың екінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялар желілері" деген сөздер "масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн-платформалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 274-баптың екінші бөлігінің 3) тармағындағы "бұқаралық ақпарат құралдарын" деген сөздер "масс-медианы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 299-1-баптың екінші бөлігінің 4) тармағындағы "бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды" деген сөздер "масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 316-баптың үшінші бөлігінің 5) тармағындағы "бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін" деген сөздер "масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 375-баптың екінші бөлігіндегі "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін" деген сөздер "Масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 376-баптың екінші бөлігіндегі "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін" деген сөздер "Масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 378-баптың екінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін" деген сөздер "масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 402-баптың бірінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін" деген сөздер "масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне:

      1) 41-баптың үшінші бөлігіндегі "баспасөзде жарияланса, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылса" деген сөздер "масс-медиада, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы жарияланса" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 180-баптың бірінші бөлігінің 3) тармағындағы "бұқаралық ақпарат құралдарындағы" деген сөздер "масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 183-бапта:

      тақырыптағы "Қылмыстық құқық бұзушылық туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы" деген сөздер "Масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы қылмыстық құқық бұзушылық туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөлікте:

      "Бұқаралық ақпарат құралдарындағы" деген сөздер "Масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "газетте немесе журналда жарияланғанда не радио, теледидар немесе телекоммуникациялық желілер арқылы таратылғанда" деген сөздер "масс-медиада, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда жарияланғанда немесе таратылғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "бұқаралық ақпарат құралында" деген сөздер "масс-медиада немесе онлайн-платформада" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      138-бапта:

      49) тармақшадағы "бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      50) тармақша алып тасталсын.

      4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      1) 302-баптың бірінші бөлігінің 17) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпаратты қамтитын шетелдік бұқаралық ақпарат құралының" деген сөздер "шетелдік масс-медианың Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпаратты қамтитын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 48-тараудың тақырыбындағы "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпаратты қамтитын шетелдік бұқаралық ақпарат құралының" деген сөздер "шетелдік масс-медианың Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпаратты қамтитын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 379-баптағы "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпаратты қамтитын шетелдік бұқаралық ақпарат құралының", "бұқаралық ақпарат құралының" деген сөздер тиісінше "шетелдік масс-медианың Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпаратты қамтитын", "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 380-баптағы "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының" деген сөздер "шетелдік масс-медианың Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпаратты қамтитын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 381-баптағы "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының", "бұқаралық ақпарат құралы" деген сөздер тиісінше "шетелдік масс-медианың Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпаратты қамтитын", "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      132-баптың 4-тармағындағы "бұқаралық ақпарат құралдарын" деген сөздер "масс-медианы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тiл – бiлiм беру, ғылым, мәдениет және масс-медиа саласында";

      2) 18-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Масс-медиа тілі";

      бірінші бөліктегі "баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздер "масс-медиада" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 4-1) тармақшасындағы "бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 34-баптың 3-тармағындағы "бұқаралық ақпарат құралдарын" деген сөздер "масс-медианы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      104-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң актiсiне" деген сөздер "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      9-баптың үшінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралын" деген сөздер "масс-медианы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 12-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұдан бұрын конкурстық негізде берілген жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру жағдайларын қоспағанда, телевизия және радио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар арасында бөліп беру олардың телерадио хабарларын тарату үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалану мақсаттары өзгертілмей Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде өткізіледі.";

      2) 41-1-бапта:

      1-тармақта:

      "ақпаратты тарату үшін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының масс-медиасы саласындағы қызметпен айналысуға құқығы жоқ тұлғаның теле-, радиобағдарламаларды және (немесе) теле-, радиоарналарды таратуы үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "интернет-ресурстарға" деген сөздер "бағдарламалық қамтылым мен интернет-ресурс түріндегі ақпараттандыру объектілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-1, 1-2 және 2-тармақтардағы "бұқаралық ақпарат құралдары", "Бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер тиісінше "масс-медиа", "Масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 1) тармақшасындағы "бұқаралық егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, бұқаралық ақпарат құралдары құралдары" деген сөздер "егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-1, 4, 5, 6 және 7-тармақтардағы "Бұқаралық ақпарат құралдары", "бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер тиісінше "Масс-медиа", "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      6-баптың 2) тармақшасындағы "бұқаралық ақпарат құралдары iстерi жөнiндегi" деген сөздер "масс-медиа саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 4-2) тармақшасындағы "бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      16-бапта:

      тақырыптағы "Бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "Масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші абзацтағы "Бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "Масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-баптың 1-тармағының 8-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1) масс-медиа саласындағы уәкілетті орган – масс-медиа саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;".

      15. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 15) тармақшасындағы "бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-қосымшада:

      1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия

1. Аналогтік эфирлік радиохабарларды тарату.
2. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату.
3. Спутниктік телерадио хабарларын тарату.
4. Кабельдік телерадио хабарларын тарату.
5. Телерадио хабарларын телекоммуникация желілерін пайдалана отырып тарату

Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып

      ".

      17. "Кәсiптiк одақтар туралы" 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      22-бапта:

      тақырыптағы "Бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "Масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мәтіндегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" деген сөздер "Масс-медиа туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      7-баптың 46) тармақшасындағы "бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. "Мемлекеттiк жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      18-баптың тақырыбындағы, бірінші абзацындағы және 2) тармақшасындағы "Бұқаралық ақпарат құралдары", "бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер тиісінше "Масс-медиа", "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      3-баптың 4-тармағындағы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" деген сөздер "Масс-медиа туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      21. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 35-баптың 7-тармағындағы "бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 66-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

      22. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      34-баптың 2-тармағының төртінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      23. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 14-бапта:

      3-тармақтағы "бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 15-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасында таратылатын, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы" деген сөздер "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес масс-медиа саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      24. "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" 2018 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 7-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "Масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "бұқаралық ақпарат құралдарының өніміне" деген сөздер "масс-медиаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздер "масс-медиада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацындағы "бұқаралық ақпарат құралдарын" деген сөздер "масс-медианы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 14-баптың 1) тармақшасындағы "суицид" деген сөз "өзін-өзі өлтіру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 15-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Телеарналарда ақпараттық өнімді тарату кезінде жас санаты белгісі оны таратудың бүкіл кезеңіне қойылады.";

      4) 16-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "суицидке" деген сөз "өзін-өзі өлтіруге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      25. "Кинематография туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің үшінші абзацындағы "суицидтің" деген сөз "өзін-өзі өлтірудің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 9-баптың 3-тармағының төртінші бөлігіндегі "телерадио хабарларын тарату" деген сөздер "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 13-баптың 8-тармағындағы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" деген сөздер "Масс-медиа туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      26. "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      5-баптың 3-тармағындағы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" деген сөздер "Масс-медиа туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      27. "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" 2023 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:

      14-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "суицидті" деген сөз "өзін-өзі өлтіруді" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады