Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 153-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):

      1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде:

      2) тармақша "жинақ төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1) тармақша "жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 741-баптың екінші бөлігінде:

      2) тармақша "жинақ төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1) тармақша "жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

      161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы:

      "жинақ төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

      156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы:

      "жинақ төлемдеріне" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдеріне немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдеріне" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі:

      "жинақ төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:

      2) тармақша "жинақ төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1) тармақша "жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:

      "1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

      1. Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүддесінде Қазақстан Республикасының тарихи-құжаттамалық мұрасының сақталуын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздер құру осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) архив ісін және басқарудың құжаттамалық қамтамасыз етілуін реттеу;

      2) Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, қалыптастыру, жинақтау, сақтау мен пайдалану, ретке келтіру және есепке алу;

      3) қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыру.

      3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) архив ісін ұтымды басқару;

      2) заңдылық;

      3) пайдаланушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз Ұлттық архив қорының құжаттарына тең қол жеткізуі;

      4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.";

      2) 18-баптың 2-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;";

      2-3), 2-7), 3), 7), 9) және 18) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту;".

      6. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      14-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, оның күштері, құралдары және әдістері туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы экс-Президенттерінің және олардың отбасылары мүшелерінің денсаулық жағдайы және жеке өмірі туралы мәліметтер;".

      7. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-баптың 8-тармағының екінші бөлігі:

      "жинақ төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қағидаларда" деген сөзден кейін ", не ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларында" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 5-баптың 1-тармағы 6) тармақшасындағы "жүргізу тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады." деген сөздер "жүргізу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызу үшін ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады.".

      8. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

      1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды ұсыну және сыйлықақылар беру үшін құқықтық негіздер құру осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыру;

      2) үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;

      3) үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету;

      4) азаматтық бастамаларды қолдау;

      5) мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығын дамыту.

      3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) заңдылық;

      2) үкіметтік емес ұйымдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінің жариялылығы мен ашықтығы.";

      2) 4-1-бапта:

      1) тармақша "нәтижелерін бағалау" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік гранттар ұсыну және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      6), 8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды ұсыну және сыйлықақылар беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;".

      9. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) кіріспе алып тасталсын;

      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері

      1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) Қазақстан халқының мәдениетін қайта жаңғыртуға, сақтап қалуға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау;

      3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

      4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      5) халыққа мәдени қызмет көрсетудің мемлекеттік ең төмен стандарттарын белгілеу;

      6) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

      7) дарынды адамдарды қолдауды қамтамасыз ету;

      8) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдау;

      9) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуі мен әкелінуіне, оларға меншік иесі құқығының заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға қатысты шараларды қабылдау;

      10) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;

      11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шет елдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелікті қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;

      12) мәдениет саласында ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қолдау;

      13) Қазақстан халқының ұлттық мәдени игілігі мен мәдени мұрасын қорғауға және дамытуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени кеңістігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ оларды қолдау.";

      3) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-3) креативті индустрияны дамытуға жәрдем көрсететін заңды тұлғаны айқындайды;";

      4) 7-бапта:

      1-1) тармақшадағы "органдарды үйлестіруді және оларға" деген сөздер "органдардың қызметін үйлестіруді және оған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет, креативті индустриялар, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;";

      3) және 3-1) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 3-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-5) креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      9) тармақша алып тасталсын;

      11-1) тармақшадағы "әзірлейді және бекітеді" деген сөздер "айқындайды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21-1), 23-5) және 23-8) тармақшалар алып тасталсын;

      25) тармақшадағы "меншік нысандарына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын;

      35-1) тармақшадағы "тауарлардың шығарылған жерлерінiң атауларын", "тауарлардың шығарылған жерлерінiң атаулары" деген сөздер тиісінше "географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын", "географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35-2), 35-3), 35-4), 35-5), 35-8), 35-9) және 35-14) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 35-15) тармақшамен толықтырылсын:

      "35-15) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;";

      36) тармақшадағы "функцияларды" деген сөз "өкілеттіктерді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 8-бап мынадай редакциядағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;".

      10. "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

      1. Жыныстық белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін еңсеруге, еңбек жолының, қоғамдық және жеке өмірдің барлық саласында ерлер мен әйелдердің қабілеттерін барынша толық іске асыру үшін саяси алғышарттар мен қажетті әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамдағы ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу үшін құқықтық негіздерді құру осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

      2) ел халқы арасында ерлер мен әйелдердің тең құқылық мәдениетін тәрбиелеу және насихаттау, жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу;

      3) халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын және халықаралық міндеттемелерді орындау;

      4) саясатты, әлеуметтік-еңбек және отбасы қатынастарын қоса алғанда, тыныс-тіршіліктің барлық саласында жыныстар теңдігін қамтамасыз ету үшін қоғамның құқықтық және саяси мәдениетінің деңгейін арттыру.

      3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) жыныстық тиесілілігіне қарамастан барлық экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық және саяси құқықтарды пайдаланудың теңдігін қамтамасыз ету;

      2) гендерлік сана-сезімді қалыптастыру, қоғамдағы гендерлік стереотиптер мен теріс түсініктерді түбегейлі жою;

      3) гендерлік зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік;

      4) қауіпсіздікті қолдау және бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесу жөніндегі барлық күш-жігерге екі жыныс өкілдерінің тең құқылы қатысуы.".

      11. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:

      2) тармақша "жинақ төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша "жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:

      2) тармақша "жинақ төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақша "жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 98-баптың бірінші бөлігінде:

      14-1) тармақша "жинақ төлемдерінен" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерінен немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерінен" деген сөздермен толықтырылсын;

      18-1) тармақша "жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. "Медиация туралы" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері

      1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

      1) дауды (жанжалды) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып шешу үшін жағдайлар жасау;

      2) тараптардың жанжалдасу деңгейін төмендету.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) тараптарға дауды (жанжалды) медиация арқылы реттеу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      2) медиация тараптарына дауды (жанжалды) шешудің медиация тараптарын қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізуге жәрдемдесуді қамтамасыз ету.";

      2) 8-1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медиация саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;";

      3), 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) осы Заңның мақсаттарына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;".

      13. "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:

      "1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері

      1. Ар-ождан бостандығына құқықты қамтамасыз ету, сондай-ақ діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дінге көзқарасына қарамастан, өздерінің ар-ождан бостандығы құқықтарын іске асыруы үшін діни нанымдарды мәжбүрлеп таңуға жол бермей, тең жағдайлар жасау;

      2) конфессиялар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, қоғамда діни толеранттылықты қамтамасыз ету;

      3) ар-ождан бостандығына құқықты қамтамасыз ету кезінде зайырлы мемлекеттік құрылысты сақтау;

      4) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, діни бірлестіктердің Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету.";

      2) 4-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;";

      1-1) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады және оны үйлестіреді;";

      7), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) осы Заң мен Қазақстан Республикасы заңнамасының мақсатына, міндеттеріне қол жеткізу үшін діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;";

      3) 5-баптың 7) тармақшасындағы "бекітеді" деген сөз "келіседі" деген сөзбен ауыстырылсын.

      14. "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бастапқы білім беру капиталы – салымшының білім беру жинақтау салымына немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша есептеу сомасына есепке жатқызылатын, бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) білім беру жинақтау сақтандыруы – сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде, оның ішінде білім беру жинақтау сақтандыруы шартында белгіленген кезең өткеннен кейін, қайсысы бірінші басталатынына қарай, сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтау мақсатында жүзеге асырылатын өмірді жинақтау сақтандыруы;";

      2) тармақша "оператор" деген сөзден кейін "бастапқы білім беру капиталын," деген сөздермен толықтырылсын;

      4) тармақшадағы "қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақылары мен мемлекет сыйлықақысын" деген сөздер "бастапқы білім беру капиталын, мемлекет сыйлықақысын және қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақыларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақша "оператор" деген сөзден кейін "бастапқы білім беру капиталын," деген сөздермен толықтырылсын;

      7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) білім беру қызметтері – жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған көрсетілетін қызметтерді білім алушыға ұсыну жөніндегі қызмет;

      8) білім беру саласындағы уәкілетті орган – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      9) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) қатысушы білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан заңды тұлға;";

      17) тармақшадағы "(жарналарды) тартуына және" деген сөздер "(сақтандыру жарналарын) тартуына және бастапқы білім беру капиталын есепке жазуға, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) тармақшадағы "білім беру саласындағы уәкілетті органдардың" деген сөздер "ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган мен білім беру саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) тармақшадағы "білім беру ұйымы" деген сөздер "қатысушы білім беру ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасы – сақтандыру сыйлықақылары (сақтандыру жарналары), бастапқы білім беру капиталы, инвестициялық кіріс, өткен кезеңдердегі есепке жазылған мемлекет сыйлықақылары ескеріліп, сақтандыру шарты бойынша қалыптасқан сақтандыру резерві негізге алына отырып айқындалатын мемлекет сыйлықақысын есептеу үшін қабылданатын сома;

      22) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі (бұдан әрі – сақтандыру төлемі) – сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде не сақтандыру шартында айқындалған мерзім басталған кезде, пайдасына сақтандыру шарты жасалған пайда алушының білім алу қызметтеріне ақы төлеу үшін сақтандыру шартында көзделген, оның ішінде сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын), бастапқы білім беру капиталын, инвестициялық кірісті, мемлекет сыйлықақысын қамтитын және қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін ақша сомасы;";

      23) тармақшадағы ", қамқоршысы" деген сөз "немесе басқа жақын туысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

      1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.

      2. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) қоғамда білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін ақша жинау мәдениетін дамыту;

      2) қоғамда болашақ кәсіпті немесе мамандықты саналы түрде таңдауды қалыптастыру.

      3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласын мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) заңдылық;

      2) жариялылық;

      3) білім беру жинақтау салымы мен білім беру жинақтау сақтандыруының нысаналы мақсаты;

      4) азаматтардың, қатысушы банктердің және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуға қосылуының еріктілігі;

      5) халықтың Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысуын мемлекеттік тұрғыдан көтермелеу.

      4-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган:

      1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

      2) жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп білім беру ұйымдарының типтері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлейді;

      3) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп үлгілік салым және сақтандыру шарттарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

      5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп оператор мен қатысушы банк, оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы, оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімдерді әзірлейді және бекітеді;

      6) бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

      7) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      3) 5-бапта:

      1-тармақта:

      "(магистратура)" деген сөз алып тасталсын;

      "білім беру бағдарламалары" деген сөздер "білім берудің білім беру бағдарламалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "білім беру ұйымы, білім беру саласындағы уәкілетті органдар" деген сөздер "қатысушы білім беру ұйымы, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган және білім беру саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 6-бапта:

      2) тармақшадағы "білім беру" деген сөздер "қатысушы білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшада:

      "білім беру ұйымынан" деген сөздер "қатысушы білім беру ұйымынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "және пайда алушыдан" деген сөздер "және (немесе) пайда алушыдан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сыйлықақысын" деген сөз "сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "сыйлықақысы" деген сөз "сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақша "сыйлықақылары" деген сөзден кейін "мен бастапқы білім беру капиталының" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) тармақшада:

      "сыйлықақысы" деген сөзден кейін ", бастапқы білім беру капиталы" деген сөздермен толықтырылсын;

      "білім беру" деген сөздер "қатысушы білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) тармақшада:

      "білім беру" деген сөздер "қатысушы білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мемлекет сыйлықақысы" деген сөздер "бастапқы білім беру капиталының, мемлекет сыйлықақысының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) тармақшадағы "білім беру" деген сөздер "қатысушы білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) тармақша "ақшасын" деген сөзден кейін ", салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының (бар болса) есепке жатқызылған сомасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      13-1) тармақшадағы "сақтандыру шарты бойынша есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы сомасын" деген сөздер "сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының (бар болса) есепке жатқызылған сомасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 7-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салым шарты осы Заңның талаптарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және үлгілік салым шарты негізінде қатысушы банк пен салымшы арасында жазбаша нысанда жасалады.

      2. Салым шартының қолданылу мерзімі тараптардың келісімі бойынша айқындалады.";

      6) 8-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қатысушы банк белгілейтін бастапқы жарна мөлшері;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бастапқы білім беру капиталының (бар болса) мөлшері және оны қайтару шарттары;";

      3-тармақ алып тасталсын;

      7) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қатысушы банктің тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең төмен мөлшері:

      1) қоса алғанда бір жылға дейінгі мерзімге жасалатын салым шарты үшін – салым шартын жасасу немесе ұзарту күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген, екі жүз базистік тармаққа төмендетілген базалық мөлшерлеме деңгейінен төмен;

      2) бір жылдан астам уақытқа жасалатын салым шарты үшін – салым шартын жасасу немесе ұзарту күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген, үш жүз базистік тармаққа төмендетілген базалық мөлшерлеме деңгейінен төмен болмауға тиіс.";

      8) 11-бапта:

      1-тармақ "қатысушы банкке" деген сөздерден кейін "не қатысушы банктен қатысушы-сақтандыру ұйымына" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "Салымшыға білім беру гранты берілген" деген сөздер "Бастапқы білім беру капиталы жоқ салымшыға білім беру гранты берілген немесе салымшының білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру жинақтау салымына" деген сөздер "пайдасы үшін білім беру жинақтау салымына немесе сақтандыру шартына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "білімнің басқа деңгейлерін" деген сөздер "басқа да техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "алуға құқылы." деген сөздер "алуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру жинақтау салымының қаражатын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалануға құқылы.";

      екінші бөліктің 3) тармақшасындағы "білімнің басқа деңгейлерін меңгеру" деген сөздер "басқа да техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Бастапқы білім беру капиталы бар салымшыға білім беру гранты берілген немесе оның білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі білім туралы құжаттың ұсынылуы шартымен қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысы, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы ескерілген білім беру жинақтау салымының қаражатын алуға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес білім беру жинақтау салымына билік етуге құқылы.";

      3-тармақта:

      "Білім беру ұйымына шарттық негізде түскен" деген сөздер "Салымшы қатысушы білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "(барлық оқу мерзімі үшін)" деген сөздер "(бүкіл оқу мерзімі үшін) қатысушы білім беру ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:

      1) тармақшадағы "кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру жинақтау салымына жібереді (қайта ресімдеу)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасы үшін білім беру жинақтау салымына немесе сақтандыру шартына жібереді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша "сыйлықақысы" деген сөзден кейін ", бастапқы білім беру капиталы (бар болса)" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақта:

      "сыйлықақысымен" деген сөзден кейін "және бастапқы білім беру капиталымен (бар болса)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "салымына" деген сөзден кейін "бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларында көзделген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Салымшы шетелдік білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен кезде салымшының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілінің өтініші бойынша салымшының жинақталған қаражатынан оқуға ақы төлеуді қатысушы банк салымшыны шетелдік білім беру ұйымына қабылдау туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысын, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталын (бар болса) ескере отырып, үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (бүкіл оқу мерзімі үшін) жүзеге асырады. Бұл ретте, кейіннен қаражат шетелдік білім беру ұйымына аударылған кезден бастап мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы тоқтатылады.

      Салымшы шетелдік білім беру ұйымына грантқа қабылданған жағдайда салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында танылған шетелдік білім беру ұйымының білім туралы құжатының ұсынылуы шартымен қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысы, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы (бар болса) ескерілген білім беру жинақтау салымының қаражатын алуға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес білім беру жинақтау салымына билік етуге құқылы.";

      9) 11-1-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру шарты осы Заңның талаптарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және үлгілік сақтандыру шарты негізінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын пайда алушының пайдасына қатысушы-сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасында жазбаша нысанда жасалады.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бастапқы білім беру капиталының (бар болса) мөлшері және оны қайтару шарттары;";

      10-тармақта:

      "шарт негізінде білім беру ұйымына" деген сөздер "қатысушы білім беру ұйымына шарттық негізде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "төлемі білім беру ұйымына" деген сөздер "төлемі қатысушы білім беру ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Пайда алушы шетелдік білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен кезде қатысушы-сақтандыру ұйымдары сақтанушының немесе пайда алушының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілінің өтініші бойынша сақтандыру төлемін пайда алушыны шетелдік білім беру ұйымына қабылдау туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде инвестициялық кірісті, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталын (бар болса) ескере отырып, үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (бүкіл оқу мерзімі үшін) жүзеге асырады.

      Пайда алушы шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушының банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, шетелдік білім беру ұйымына білім беру қызметтеріне ақы төлеу мақсатында ғана осы адамның атына "эскроу-шот" режиміндегі банктік шот ашады және сақтандыру төлемінің сомасын осы шотқа аударады.

      Қатысушы-сақтандыру ұйымы "эскроу-шот" режиміндегі банктік шотқа сақтандыру төлемін аударған кезден бастап мемлекет сыйлықақысын есепке жазу тоқтатылады.

      Пайда алушы шетелдік білім беру ұйымына грантқа қабылданған жағдайда сақтанушы немесе пайда алушы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында танылған шетелдік білім беру ұйымының білім туралы құжатының ұсынылуы шартымен инвестициялық кіріс, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы (бар болса) ескерілген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға, сондай-ақ осы баптың 13-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдеріне билік етуге құқылы.";

      12-тармақта:

      "Шарт негізінде білім беру ұйымына оқуға түсу кезінде" деген сөздер "Пайда алушы қатысушы білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жағдайларда білім беру ұйымына" деген сөздер "жағдайларда қатысушы білім беру ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "Пайда алушыға білім гранты тағайындалған" деген сөздер "Бастапқы білім беру капиталы жоқ пайда алушыға білім гранты тағайындалған немесе пайда алушының білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) басқа да техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мақсатында сақтандыру шартының қолданылу мерзімін ұзартуға және (немесе) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға;";

      3) тармақшада:

      "сатып алу сомасын" деген сөздер "сақтандыру төлемін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "пайдасына жасалған (жасалатын) сақтандыру шартына ақы төлеуге аударуға құқылы." деген сөздер "пайдасы үшін сақтандыру шартына немесе білім беру жинақтау салымына ақы төлеуге аударуға;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық кіріс пен есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы ескерілген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға аударуға құқылы.";

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "1) және 3) тармақшаларында" деген сөздер "1), 3) және 4) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Бастапқы білім беру капиталы бар пайда алушыға білім беру гранты берілген немесе оның білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда пайда алушы, сақтанушы, сақтанушы қайтыс болған жағдайда – пайда алушы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі білім туралы құжаттың ұсынылуы шартымен инвестициялық кіріс, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы ескерілген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға, сондай-ақ осы баптың 13-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдеріне билік етуге құқылы.";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) инвестициялық кіріс, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы және бастапқы білім беру капиталы (бар болса) ескерілген сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын алуға құқылы.";

      16-тармақта:

      "және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы" деген сөздер ", есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы және бастапқы білім беру капиталы (бар болса)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қатысушы-сақтандыру ұйымына" деген сөздерден кейін "не қатысушы-сақтандыру ұйымынан қатысушы банкке" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 12-баптың 5-тармағындағы "білім беру саласындағы уәкілетті органдар бекіткен" деген сөздер алып тасталсын;

      11) 13-баптың 4-тармағындағы "Білім беру саласындағы уәкілетті органдар" деген сөздер "Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 14-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақшадағы "нысаналы" деген сөз "осы Заңның 11 және 11-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы "білім беру ұйымына", "білім беру ұйымынан" деген сөздер тиісінше "қатысушы білім беру ұйымына", "қатысушы білім беру ұйымынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтағы "білім беру ұйымынан", "білім беру ұйымы" деген сөздер тиісінше "қатысушы білім беру ұйымынан", "қатысушы білім беру ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 14-1-бапта:

      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен," деген сөздер алып тасталсын;

      6-тармақтың 2) тармақшасындағы "білім беру ұйымынан", "білім беру ұйымына" деген сөздер тиісінше "қатысушы білім беру ұйымынан", "қатысушы білім беру ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың 2) тармақшасындағы ", Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен" деген сөздер алып тасталсын;

      14) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

      "3-1-тарау. Бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану және қайтару

      14-2-бап. Бастапқы білім беру капиталы

      1. Бастапқы білім беру капиталы тіркелген салым шарты немесе сақтандыру шарты бойынша есепке жазылады.

      2. Ағымдағы күнтізбелік жылы бес жасқа толған салымшыға салым шарты бойынша немесе пайда алушыға сақтандыру шарты бойынша бастапқы білім беру капиталын есепке жазу жүзеге асырылады.

      3. Салымшы немесе сақтанушы ең төмен жарнаны бастапқы білім беру капиталы есепке жазылған күннен бастап және салымшы немесе пайда алушы қатысушы білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына қабылданғанға дейін не салымшы немесе пайда алушы он сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын енгізіп отырады.

      Жыл сайынғы ең төмен жарнаның мөлшерін айқындау және бастапқы білім беру капиталын есепке жазу тәртібі бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      14-3-бап. Бастапқы білім беру капиталын пайдалану және қайтару

      Есепке жазылған бастапқы білім беру капиталы мынадай:

      1) осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салымшының немесе сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде және мерзімдерде жыл сайынғы ең төмен жарнаны енгізбеу фактісі анықталған;

      2) салымшы немесе пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

      3) осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы мақсаты сақталмай, салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;

      4) осы Заңның 11-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы мақсаты сақталмай, сақтандыру шарты сақтанушының, сақтанушы қайтыс болған жағдайда – пайда алушының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған жағдайларда қайтарылуға жатады.

      Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі немесе сақтанушы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдайдың жариялануы, шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің енгізілуі кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған не ол қайтыс болған жағдайда жыл сайынғы ең төмен жарнаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, бастапқы білім беру капиталы қайтарылмайды.

      2. Қатысушы банк немесе қатысушы-сақтандыру ұйымы бастапқы білім беру капиталын операторға қайтаруды бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      3. Қайтарылған бастапқы білім беру капиталын пайдалануды оператор бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.";

      15) 15-бапта:

      1-тармақтағы "білім беру саласындағы уәкілетті органдар бекіткен" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақта:

      "білім беру ұйымымен" деген сөздер "қатысушы білім беру ұйымымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бекітілген" деген сөз алып тасталсын;

      16) 16-бапта:

      1-тармақ "салым шартының" деген сөздерден кейін "және салымшы мен пайда алушы сол бір адам болып табылатын пайда алушының пайдасына жасалған сақтандыру шартының" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ "сыйлықақысының" деген сөзден кейін ", бастапқы білім беру капиталының (бар болса)" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 17-бапта:

      1 және 2-тармақтардағы "білім беру саласындағы уәкілетті органдарға" деген сөздер "ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Білім беру саласындағы уәкілетті органдар" деген сөздер "Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "білім беру саласындағы уәкілетті органдардан" деген сөздер "ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органнан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 18-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      2-тармақта:

      "білім беру" деген сөздер "қатысушы білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қатысушы банкке және операторға" деген сөздер "қатысушы банкке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Білім беру" деген сөздер "Қатысушы білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақшада:

      "білім беру" деген сөздер "қатысушы білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде" деген сөздер алып тасталсын;

      "қатысушы банкті және" деген сөздер алып тасталсын;

      3) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақшада:

      бірінші бөлікте:

      "білім беру ұйымына", "білім беру ұйымының" деген сөздер тиісінше "қатысушы білім беру ұйымына", "қатысушы білім беру ұйымының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "операторды үш жұмыс күні ішінде" деген сөздер "оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімде көзделген тәртіппен операторды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Білім беру ұйымы" деген сөздер "Қатысушы білім беру ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 18-1-бапта:

      1-тармақтағы "білім беру саласындағы уәкілетті органдар бекіткен" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақ "сыйлықақысының" деген сөзден кейін ", бастапқы білім беру капиталының (бар болса)" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын;

      9-тармақта:

      "білім беру" деген сөздер "қатысушы білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде", "және операторға" деген сөздер алып тасталсын;

      10-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Білім беру" деген сөздер "Қатысушы білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1) тармақшада:

      "білім беру" деген сөздер "қатысушы білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қатысушы-сақтандыру ұйымын және" деген сөздер алып тасталсын;

      "олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде" деген сөздер алып тасталсын;

      3) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақшада:

      "білім беру ұйымына", "білім беру ұйымының" деген сөздер тиісінше "қатысушы білім беру ұйымына", "қатысушы білім беру ұйымының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "операторды, қатысушы-сақтандыру ұйымын үш жұмыс күні ішінде" деген сөздер "оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімде көзделген тәртіппен операторды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақтағы "Білім беру ұйымы" деген сөздер "Қатысушы білім беру ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақтағы "білім беру ұйымынан", "білім беру ұйымы" деген сөздер тиісінше "қатысушы білім беру ұйымынан", "қатысушы білім беру ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 19-бапта:

      2-тармақтағы "білім беру ұйымында" деген сөздер "қатысушы білім беру ұйымында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қатысушы білім беру ұйымы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысатын салымшыға немесе пайда алушыға тараптардың келісімінде айқындалатын мөлшерде оқуға ақы төлеу үшін жеңілдік беруге құқылы.".

      15. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-қосымшаның 53-жолының 3-бағаны мынадай мазмұндағы 36-тармақпен толықтырылсын:

      "36. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінің жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашуы және жүргізуі.".

      16. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      6-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырады және іске асырады;";

      6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      8) тармақшадағы "және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу" деген сөздер алып тасталсын;

      9), 10), 11), 11-1), 12-3) және 13-1) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;".

      17. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-1-бапта:

      1-тармақтағы "Мемлекет" деген сөз "Қоғамдық кеңестердің қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық кеңестердің қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;";

      3), 4) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық кеңестердің қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;".

      18. "Қайырымдылық туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      7-1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайырымдылық саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайырымдылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;".

      19. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 27-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "жинақ төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақтың үшінші бөлігінде:

      2) тармақша "жинақ төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-1) тармақша "жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтың екінші бөлігі:

      "жинақ төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 46-баптың 7-тармағының 5) тармақшасы:

      "жинақ төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жинақ төлемдері түріндегі" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі" деген сөздермен толықтырылсын.

      20. "Волонтерлік қызмет туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      9-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;";

      2), 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес волонтерлік қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;".

      21. "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) кіріспе алып тасталсын;

      2) 2-тараудың тақырыбындағы "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаттары, мемлекеттік реттеу, қоғамдық бақылау мен" деген сөздер "Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу, қоғамдық бақылау және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

      1. Балалардың ақпаратты алу және тарату құқықтарын іске асыруға байланысты туындайтын, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн олардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету;

      2) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

      3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) психологиялық жас ерекшеліктерін, ақпараттық ортаның теріс ықпалына осалдығын ескере отырып, мемлекеттің балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуі;

      2) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралардың жүйелілігі мен кешенділігі;

      3) балаларды тиісінше тәрбиелеу және толыққанды дамыту мақсатында тарихи және өзге де дәстүрлерді, қоғам мен мемлекеттің мәдени құндылықтарын ескеру;

      4) балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты еркін алу және тарату құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарымен шектеуге жол берушілік.";

      4) 6-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;".

      22. "Кинематография туралы" 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:

      "2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері

      1. Ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде кинематографияны сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздер құру, кинематографиялық қызметті регламенттеу осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) кинематография саласында мемлекеттік қолдау көрсету;

      2) елімізде және шет елдерде ұлттық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, киноиндустрияның инвестициялық тұрғыдан тартымды болуы үшін жағдайлар жасау;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау мен көрсетуді реттеу;

      4) Мемлекеттік фильмдер қорының сақталуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.";

      2) 5-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;";

      3) және 13) тармақшалар алып тасталсын;

      14) тармақшадағы "және басқа да іс-шараларда" деген сөздер "және кинематография саласындағы өзге де іс-шараларда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) осы Заңның мақсаттарына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кинематография саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;";

      3) 13-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға фильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде отыз пайызы мөлшеріндегі мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін қаражатты қоспағанда, ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну;".

      23. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) кіріспе алып тасталсын;

      2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері

      1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, оларды қайта жаңғыртуды, сақтауды және кеңінен танытуды қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды және пайдалануды қамтамасыз ету;

      2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      3) тарих және мәдениет ескерткіштерін халықаралық деңгейде кеңінен таныту;

      4) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету.";

      3) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:

      "2-1-бап. Осы Заңның негізгі қағидаттары

      Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану үшін жағдайлар жасау;

      2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және сақтау;

      3) тарихи-мәдени мұра объектілерін ғылыми тұрғыдан сүйемелдеуді қолдау;

      4) ғылыми, білім беру, туристік, ақпараттық және тәрбиелік мақсаттар үшін тарихи-мәдени мұра объектілерінің жалпыға бірдей қолжетімді болуы.";

      4) 10-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;";

      9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-1) осы Заңның мақсаттарына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;";

      5) 31-бап алып тасталсын;

      6) 32-бапта:

      тақырып "және оларды жоспарлау" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.

      Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді.

      Уәкілетті орган тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспарын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға қалыптастырады.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      7) 33-бап алып тасталсын;

      8) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-бап. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру және оларды жоспарлау

      1. Қазақстан Республикасының аумағында археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия болған кезде, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жол беріледі.

      Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілетін, бұл жөнінде уәкілетті органға хабар берілетін жұмыстарды қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына археологиялық жұмыстардың басталатыны туралы оларды бастағанға дейін хабар беруге міндетті.

      2. Археологиялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.

      Археологиялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді.

      Уәкілетті орган археологиялық жұмыстар жоспарын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға қалыптастырады.

      3. Археологиялық жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды жүргізген жеке және заңды тұлғалар объектіні консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге, археологиялық жұмыстар жүргізу салдарынан бұзылған жер учаскелері мен басқа да табиғи объектілерді қалпына келтіруге міндетті.

      4. Қазақстан аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары тапқан барлық материалдар мен олжалар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі.".

      24. "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) кіріспе алып тасталсын;

      2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт түрде жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеуді өткізу құқығын іске асыруға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы;

      2) іс-шараларды өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау;

      3) жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулер мен пикеттеуді ұйымдастыру және өткізу үшін жағдайлар ұсыну.

      3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің күш қолданылмайтын сипаты;

      2) заңдылық;

      3) мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету;

      4) қатысу еріктілігі;

      5) бейбіт жиналыстар өткізу пайдасына презумпция;

      6) тараптардың жауапкершілігі.".

      2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1, 2, 3, 4, 7, 11, 14, 15 және 19-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады