Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті және оның органдары туралы" заң күші бар Жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 9 желтоқсан N 307-I


      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. "Ішкі істер органдары қатардағы және бастықтар құрамының арнаулы атақтары туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 6, 122-құжат; N 18, 443-құжат; 1993 ж., N 17, 420-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 185-құжат):
      1) Заңның мәтініндегі "милицияның", "милиция" деген сөздер "полицияның", "полиция" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 2-тармақтың екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қатардағы және бастықтар құрамының қызмет атқаруы туралы ережемен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және бастықтар құрамындағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ережемен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында Z922200_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 13-14, 205-құжат).
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
                              ішкі әскерлері
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері (бұдан әрі - ІІМ ішкі әскерлері) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған әскери құрама болып табылады.
      Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің жалауы және рәмізі болады. Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады.";
      2) 4-баптың екінші бөлігіндегі "ІІМ-інің жүйесіне" деген сөздер "ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-баптағы "мемлекеттік тілде және ұлтаралық қатынас тілінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 13, 28, 39-баптардағы "моторландырылған милиция бөлімдері", "милицияның арнайы моторландырылған бөлімдерін", "милицияның оперативтік бөлімдері мен арнайы моторландырылған бөлімдері" деген сөздер тиісінше "моторландырылған полиция бөлімдері", "полицияның арнайы моторландырылған бөлімдерін", "полицияның оперативтік бөлімдері мен арнайы моторландырылған бөлімдері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 13-бапта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы ішкі істер басқармаларының бастықтары";
      бірінші бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Облыстар, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы ішкі істер басқармаларының бастықтары.";
      6) 17-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ішкі әскер адам құрамымен "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шақыру бойынша, сондай-ақ аумақтан тыс және аумақтық принциптер ұштастырылған жағдайда келісім-шарт бойынша жасақталады.";
      7) 21-баптың төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      " - сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің әскер күзететін еңбекпен түзеу мекемелерінен айырбастау пунктеріне және одан кері, сондай-ақ өндірістік объектілерге айдап апару және одан кері әкелу, бұл объектілерді оларда сотталғандар жұмыс істеген уақытта күзету;
      - сотталған және қамауға алынған адамдарды, егер әскери қызмет атқару пункттерінде осы мақсат үшін айдап апаруға арналған арнаулы әскер бөлімшесі болса, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және соларға теңестірілген соттардың, сондай-ақ әскери соттардың сот отырысына олардың өтінімі бойынша айдап апару.";
      8) 22-бапта:
      бірінші бөліктің 4) тармақшасындағы "ұстау" деген сөзден кейін "және қамауға алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөліктегі "офицерлері" деген сөз "әскери қызметшілері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) 25-баптың 5) тармақшасындағы "милицияға" деген сөз "ішкі істер органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 33-бапта:
      төртінші бөлігінде "күнтізбе есебімен 20 және одан да көп жыл еңбек сіңірген" деген сөздер алып тасталсын;
      жетінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Асыраушысынан айрылған әскери қызметшінің отбасы мүшелері оларға қолданылып жүрген нормаларға сәйкес тұруға қолайлы басқа тұрғын үй-жай тегін берілмейінше тұратын тұрғын үй-жайынан шығарылмайды.";
      11) 34-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ішкі әскерлер әскери қызметшілері мен олардың отбасына сауда қызметін көрсету Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
      12) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
    "36-бап. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін медициналық-санитариялық

                              жағынан қамтамасыз ету"
      ІІМ ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ оларды медициналық- санитариялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.";
      13) 39-бапта:
      екінші бөлігіндегі "белгіленген тәртіп бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлігіндегі "төтенше жағдай режимі енгізілген кезде" деген сөздерден кейін "бұқаралық қоғамдық-саяси, спорт және өзге де шараларды жүргізу кезінде" деген сөздермен толықтырылсын".

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 заң күші бар Жарлығында Z952200_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Z980259_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Бағалы металдарға байланысты қатынастарды реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Z980276_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 17 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Z980280_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 28 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Z980283_ Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 28 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Z980282_ Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 9-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы "күзет-өрт" деген сөздер "күзет, өрт" деген сөздермен ауыстырылсын; "жасау" деген сөзден кейін "өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғану құралдарын өндіру мен сату" деген сөздермен толықтырылсын:
      2) 10-бапта:
      3) тармақшадағы "және күзет" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы.".

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 U952707_ заң күші бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 жылғы 28 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мәртебесі
      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер органдары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.";
      2) 2-баптың 1-тармағында:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;";
      3) тармақша "құзыреті шегінде" деген сөздерден кейін "алдын ала тергеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) - 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
      8) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау;
      9) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, терроризм актілерінің жолын кесуге, кепілге алынғандарды босатуға қатысу;";
      мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2 және 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "11-1) өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғат қорғау шараларын жүргізуге қатысу, табиғат қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету;
      11-2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;
      11-3) Қазақстан Республикасының айрықша маңызды және айрықша режимді объектілерінде, аумақтарында режимдік және күзет шараларын жүзеге асыру;";
      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Ішкі істер органдарының жүйесі
      Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Ішкі істер министрлігі), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер басқармалары, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.
      Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.
      Криминалдық, әкімшілік және өзге де полиция қызметтерінің бөлімшелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары мен әскери полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
      Ішкі істер органдарының үлгілік ұйымдық құрылымы мен шекті штат санын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
      4) мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4-баптармен толықтырылсын:
      "4-1-бап. Криминалдық полиция
      Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.
      Криминалдық полицияны жедел-іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
      4-2-бап. Әкімшілік полиция
      Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, төлқұжаттық жұмыстар мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
      Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция, төлқұжаттық қызмет, жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
      Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті бюджет пен бюджеттен тыс қаражаттың есебінен әкімшілік полиция бөлімшелерінің қосымша штат санын ұстай алады.
      4-3-бап. Әскери-тергеу органдары
      Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады.
      Әскери-тергеу органдарын әскери-тергеу департаменті, әскери-тергеу басқармалары мен тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өздерінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелерден тұратын гарнизон бойынша бөлімдер құрайды.
      Әскери-тергеу органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы өз құзыреті шегінде ішкі істер органдарының барлық құқықтарын пайдаланып, солардың міндеттерін атқарады.
      Әскери-тергеу органдары Қарулы Күштер есебінен қызметтік үй-жаймен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі, оларды пайдалану мен ұстау шығындарын да солар көтереді.
      4-4-бап. Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы
      Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы арнаулы орган болып табылады және ішкі әскерлердегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар бойынша, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жасаған басқа да қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған.
      Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы жүктелген міндеттерді өз құзыреті шегінде орындау үшін ішкі істер органдарының өкілеттігін пайдаланады. Бұл орайда әскери қызметшілердің және әскери қалашықтар, ішкі әскерлердің әскери бөлімдері мен құрамалары бөлімшелерінің аумағында жүрген өзге де адамдардың құжаттарын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар.
      Әскери полиция Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері есебінен қызметтік үй-жайлармен, автокөлікпен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі, оларды пайдалану мен ұстау шығындарын да солар көтереді.
      Әскери полицияның әскери қызметшілері әскери атақтарына сәйкес айырым белгілері бар әскери нысандағы киім киіп жүреді. Бұл орайда киімнің әскери полицияның белгіленген үлгідегі кеудеге, жеңге тағатын арнаулы айырым белгілерімен толықтырылуы мүмкін.";
      5) 5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Ішкі істер министрлігінің жалауы, туы және рәмізі болады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі ішкі істер басқармаларының, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі оқу орындарының туы болады.
      Ішкі істер министрлігі жалауының, туының және рәмізінің, оған бағынатын органдар туларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";
      6) 6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Ішкі істер министрлігі департаменттерінің бастықтарын, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Республика астанасының, көліктегі ішкі істер басқармаларының, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің, оқу орындарының бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің басқа да санаттарын қызметке тағайындау және қызметінен босату тәртібін белгілейді";
      7) 8-баптың 2-тармағындағы "алдын алу мен жолын кесуде" деген сөздер

"алдын алуда, анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеуде" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     8) 10-баптың 1-тармағында:
     3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "3) қылмыстың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және ашуға;";
     5) тармақша "алдын алуға" деген сөздерден кейін "анықтауға" деген 
сөзбен толықтырылсын;
     6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "6) алдын ала тергеуді жүзеге асыруға, анықтама жүргізуге;"
     9) тармақшада:
     "іздестіруге қатысуға" деген сөздер "іздестіруді жүзеге асыруға" 
деген сөздермен ауыстырылсын;
     "сондай-ақ ұрланған мүлікті іздестіруге қатысуға" деген сөздер 
"сондай-ақ ұрланған мүлікті іздеуді жүзеге асыруға" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "10) заңдарда белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру және тосқауыл қою 
шараларын, қылмыс жасаған адамдарды ұстау жөніндегі операцияларды 
жүргізуді жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де құқық қорғау органдары мен 
арнаулы мемлекеттік органдарға оларды жүргізуде және жүзеге асыруда жәрдем 
көрсетуге;";
     11) тармақшадағы "тергеушінің" деген сөзден кейін "және 
анықтамашының" 
деген сөздермен толықтырылсын;


      18) тармақшадағы "оларды" деген сөзден кейін "оның ішінде сенімхат және заңдарда көзделген өзге де құжаттар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына меншіктің барлық нысандарындағы объектілерде өрт қауіпсіздігі жай-күйіне бақылау жасауды жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге;";
      20) тармақшадағы "қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш, әсерлі күшті химиялық, есірткі, психотроптық, улы және радиоактивтік материалдар мен заттарды пайдалану мен қолданудың белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауға;" деген сөздер "қару мен оқ-дәрілердің (жауынгерлік оқ-дәрілерді қоспағанда) сатып алынуына, сақталуына, оларды тасымалдауға, алып жүруге, әкелуге, әкетуге және пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, қару мен оқ-дәрілерді, жарылғыш және күшті әсер ететін улы заттарды, есірткілік құралдарды, психотроптық заттарды, солар тақылеттестерді, прекурсорларды, радиоактивті материалдар мен заттарды ұстаудың және олардың жұмыс істеуінің белгіленген ережелерінің сақталуын бақылауға;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "21) заңдарға сәйкес ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялар және рұқсаттар беруді жүзеге асыруға;";
      23) тармақшадағы "іздестіруге" деген сөз "іздестіруді жүзеге асыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "30-1) кәмелетке толмағандардың арасында қылмыскерліктің алдын-алу мақсатында: жазаның бас бостандығынан айырумен байланысты емес түрлеріне сотталғандардың; бас бостандығынан айыру орындары мен жабық үлгідегі арнаулы оқу орындарынан босатылғандардың; қылмыс жасаған кезінде заңға сәйкес жасы толған соң қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін жасқа толмағандардың; спиртті ішімдіктерді, есірткілік құралдар мен уытты заттарды қолданатындардың; әкімшілік жазалау шараларын қолдану көзделген өзге де құқық бұзушылықтар жасағандардың есебін жүргізуге және оларға ықпал ету шараларын қолдануға міндетті.";
      9) 11-бапта:
      1-тармақта:
      4) тармақша "ашу" деген сөзден кейін "және тергеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақшада "жүзеге асыруға" деген сөзден кейінгі қос нүкте нүктелі үтірмен ауыстырылсын;
      8), 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) егер оларды жедел оқшаулау қажет болса, он сегіз жасқа толмаған және құқық бұзған, сондай-ақ арнаулы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберілетін кәмелетке толмағандарды заңда белгіленген тәртіппен ұстауға және Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстап отыруға: 3-тен 16 жасқа дейінгі қадағалаусыз, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерді Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына жеткізуге және онда ұстап отыруға, ода әрі қорғаншылық және қамқоршылық орындарына беруге;";
      10) тексеру материалдары, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қажетті зерттеулер жүргізуге;";
      16) тармақша "есепте тұратын адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;" деген сөздермен толықтырылсын;
      17) тармақша "бұзу істері жөнінде" деген сөздерден кейін "алдын ала тергеу," деген сөздермен толықтырылсын;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуға келісім білдірген азаматтармен жария және жария емес негізде ынтымақтастық орнатуға;";
      22) тармақшада "анықтама алудан және соттан" деген сөздер "тергеуден, анықтама алудан және соттан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23) тармақша "үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған" деген сөздерден кейін "және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау түрлеріне сотталған" деген сөздермен толықтырылсын;
      30) тармақшада "заңдарда көзделген негіздер бойынша уақытша сақтау үшін көлік құралдарын ұстауға және арнаулы алаңдарға жеткізуге;" деген сөздер "заңдарда көзделген негіздер бойынша көлік құралдарын ұстауға және Ішкі істер министрлігі белгілейтін мәжбүрлеу тәртібімен оларды жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жасалған арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға уақытша сақтау үшін жеткізуге, сондай-ақ көлік құралдарының жүріс бөліктерін жауып тастауға;" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "31) қажет болған жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын тексеруде мемлекеттік өрттен қорғау қызметіне жәрдем көрсетуге";
      32) тармақша:
      "және басқа да материалдық-техникалық құралдарды" деген сөздерден кейін "меншік нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс және химиялық қорғану құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "төтенше жағдайларда" деген сөздерден кейін "барлық тұрғын, өндірістік және басқа да үй-жайларға бөгетсіз кіруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға бағытталған өзге де шаралар қолдануға," деген сөздермен толықтырылсын;
      33) тармақшада:
      "қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш, күшті әсері бар химиялық, есірткі, психотроптық, улы және радиоактивті материалдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға" деген сөздер "қару-жарақ, оқ-дәрі, түрлі-түсті бейнедегі көбейткіш-көшіргіш техниканы жарылғыш, күшті әсері бар химиялық, есірткі, психотроптық, улы және радиоактивті материалдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ал азаматтарға - қару-жарақ пен оқ-дәріні сатып алуға, өзімен алып жүруге және сақтауға" деген сөздерден кейін "әкелуге, әкетуге" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 33-1), 33-2), 33-3) және 33-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "33-1) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ сотталған адамдарды және бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшін тергеу жүргізетін оқшау бөлмелер мен уақытша ұстайтын оқшау бөлмелер болуға;
      33-2) әуе кемелері ұшуының, сондай-ақ жолаушылар поездарының, теңіз және өзен кемелерінің қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында авиажолаушыларды, поездардың, теңіз және өзен кемелерінің жолаушыларын және олардың теңдеме жүктерін тексеруді, оның ішінде үстеме тексеруді жүзеге асыруға; заңда белгіленген тәртіппен қаруды, оқ-дәрілерді, есірткілерді және алып жүруге тыйым салынған өзге де заттар мен нәрселерді алуға;
      33-3) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, азаматтардың табиғат қорғау және малдәрігерлік заңдардың талаптарын, санитариялық нормалар мен ережелерді орындауын, ұйымдардың табиғат қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотияға қарсы шаралар жүргізуін бақылауға; ұйымдар әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен бұл талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге; қоршаған ортаға қауіп төндіретін тәртіп бұзушылықтар, індеттер мен эпизоотиялар пайда болған кезде ұйымдардың, жекелеген өндірістер мен учаскелердің жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруға;
      33-4) түзеу мекемелерінің тіршілігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;";
      35) тармақшада "заңды және жеке тұлғаларға" деген сөздерден кейін "орындауға міндетті" деген сөздермен толықтырылсын;
      39) тармақшада "меншік иелерімен шарт жасасу негізінде оларға тиесілі мүлікті күзетуді жүзеге асыруға" деген сөздер "шарттар негізінде жеке адамдарды, меншік иелерінің мүлкін күзетуді жүзеге асыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында поездарда ілесіп жүруді жүзеге асыратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің арнаулы ұйғарымдамасы болған жағдайда бүкіл қызмет көрсету учаскесі бойынша құрастырылған жерлеріне қарамастан жүрдек, жолаушылар және жүк поездарында, сондай-ақ локомотивтерде бөгетсіз және тегін жүруге құқығы бар.";
      10) 17-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі болуына байланысты;";
      11) 20-бапта:
      2-тармақта "ішкі әскерлерінің" деген сөздер "әскери-тергеу органдары мен әскери полициясының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ алып тасталсын;
      12) 22-бапта:
      2-тармақтағы "Ішкі істер органдарының учаскелік уәкілі, милицияның желілік пунктінің бастығы" деген сөздер "Полицияның учаскелік инспекторы, ішкі істер органы желілік пунктінің бастығы, патрульдік учаскенің бастығы, полицияның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жол полициясы департаментінің бастығы қызметі бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік автомобиль инспекторы болып табылады.";
      13) 28-баптың 3, 4, 5 және 6-тармақтарындағы "қызметтік міндеттерін" деген сөздерден кейін "немесе қызметтік борышын" деген сөздермен толықтырылсын;
      14) 34-баптың 2-тармағындағы "ішкі істер органдарының учаскелік уәкілдеріне" деген сөздер "полицияның учаскелік инспекторларына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Z952710_ заң күші бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат):
      1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі
      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі органдарының бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жанындағы үкіметтік байланыс органы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Барлау" қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы бойынша аумақтық органдары және оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери қарсы барлау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскерлері, арнаулы мақсаттағы бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері және өзге де ұйымдар құрайды.";
      2) 8-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасында "басқармаларын" деген сөз "аумақтық органдарын," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті ұлттық қауіпсіздік органдарының рәміздерін, айырым белгілері мен ведомостволық наградаларын бекітеді.";
      3) 9-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстары, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы бойынша аумақтық органдары мен оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдері, бөлімшелері) тиісті аумақтарда ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру үшін құрылады.
      2. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы бойынша аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың нақтылы және шартты атаулары, мөрлері мен мөртабандары, банктерде шоттары, негізгі қорлары, әлеуметтік-мәдени және медициналық мақсаттағы объектілері болады.";
      4) 12-бап мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
      "20) мемлекеттік қызметке кіретін және мемлекеттік қызметте тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына заңдарда белгіленген шекте және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуге міндетті.".

      6. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Z960019_ Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат):
      11-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      " - мемлекеттік өртке қарсы қызметке басшылық етеді, өрттердің алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды үйлестіреді;".

      7. "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Z960048_ Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж, N 18, 368-құжат);
      1) 6-бапта:
      бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өрт қауіпсіздігі саласында мемлекет уәкілеттік берген орталық атқарушы орган болып табылады" деген сөздер "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы мемлекет өрт қауіпсіздігі саласында уәкілдік берген орган болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
      екінші бөлігінде:
      сегізінші абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қатардағы және бастықтар құрамындағы адамдарды қызметке қабылдауды, қызмет бойынша ауыстыруды, қызметтен босатуды, арнайы атақтар беру мәселелерін шешуді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.";
      2) 10-бапта:
      баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, оның қызметкерлерінің құқықтары мен мәртебесі";
      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өрт қауіпсіздігі саласындағы құқықтарына мыналар жатады:
      мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру, әкімшілік өкілдерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі талаптарының, стандарттарының, нормалар мен ережелерінің орындалуына тексеру жүргізу, ұйымдардың басшыларына, басқа да лауазымды адамдарға және азаматтарға анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою және өртті болдырмау жөнінде шаралар қолдану туралы ұйғарымдама жолдау;
      барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың, азаматтардың орындауы үшін міндетті өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін және өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту;
      мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың есебінен өрттердің себептерін анықтау үшін өткізілуге міндетті сараптамалар, сондай-ақ құрал- жабдықтарға, бұйымдарға, заттарға, материалдарға олардың өрт қауіптілігі дәрежесін айқындау үшін бақылау сынақтарын белгілеу;
      заңды және жеке тұлғаларға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензиялар және заңдарда белгіленген тізбелер бойынша өнімге өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік сертификаттарын беру;
      өрттен және өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы туралы істер бойынша анықтамаларды жүзеге асыру;
      заңда белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді жүзеге асыру;
      өрт қаупін туғызатын өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзған кезде, сондай-ақ ұйымдарды, объектілерді, ғимараттарды, үйлерді салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникамен қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған жағдайда ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндіріс учаскелерінің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұру, үйлерді, ғимараттарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қауіпі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салу;
      елді мекендер мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан объектілердің өртке қарсы бөлімшелерінің өртпен күресуге дайындығына, ұйымдарды, үйлер мен ғимараттарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезінде стандарттарда, нормалар мен ережелерде көзделген өртке қарсы талаптарды жобалау және құрылыс ұйымдарының орындауына бақылау жасау;
      жер учаскелерін таңдау және ұйымдарды, үйлер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдап алу жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
      өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын, сондай-ақ бұл нормалар мен ережелер жоқ объектілердің құрылысына арналған жобалық шешімдерді келісу;
      мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыруға әзірлеу және жұмылдыру, олардың бейбіт уақытта төтенше жағдайлар пайда болған кездегі және соғыс уақыты жағдайындағы жұмысының тұрақтылығын арттыру жөніндегі шараларды жасау мен жүзеге асыру, мемлекеттік өртке қарсы қызметтің арнаулы бөлімшелерінің толық жұмылдыруға үнемі әзір тұруын қамтамасыз ету;
      төтенше жағдайларда өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын, көлік және басқа да материалдық-техникалық құралдарды тарту, адамдарды, материалдық қазыналарды қауіпті аймақтан көшіруге өкімдер беру болған жағдайда құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу мен төтенше жағдайларды жою кезеңінде цехтар мен объектілердің жұмыстарын тоқтата тұру;
      табиғи зілзалалар, апаттар, авариялар және өрттер кезінде азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, азаматтарды құтқаруға, оттың өршуін болдырмауға және өртті жоюға бағытталған шаралар қолдану үшін азаматтардың тұрғын үйлері мен өзге де үй-жайларына, ұйымдарына, оларға тиесілі жер учаскелеріне, дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды өкілдіктерінен басқа, аумақтар мен үй-жайларға бөгетсіз кіру;
      табиғи зілзалалар, апаттар, авариялар және өрттер кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың жеке учаскелерге, аумақтарға, үйлердің бөлмелеріне кіруін шектеу немесе оған уақытша тыйым салу; адамдарды құтқару және өртті өшіру үшін қажет болған жағдайларда жабық есіктер мен терезелерді, сондай-ақ қоршау конструкцияларын ашу; кез келген су объектілерінен өртке қарсы қажеттер үшін су алуды жүзеге асыру;
      адамдарды құтқару үшін және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдай аймақтарындағы ұйымдардың байланыс құралдарын, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын, көлікті оларға нұқсан келтірілген ретте иелеріне зиянды өтеп, олардың меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен пайдалану;
      халықтың өртке қарсы ерікті құрамаларының өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмысына жәрдемдесу, өртті сөндіруде көзге түскен азаматтарды көтермелеу.
      Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлеріне: ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативті құқықтық актілерінде белгіленген қызмет өткеру, еңбекке ақы төлеу, арнайы атақтар беру, заттай мүлікпен қамтамасыз ету, зейнетақымен қамтамасыз ету, медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жағдайлары мен құқықтық ережелер қолданылады.";
      3) 11-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік өрт қадағалау мемлекет өрт қауіпсіздігі саласында уәкілеттік берген орган - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының мемлекеттік өртке қарсы қызметі құрамына кіреді.".

      8. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Z970100_ Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат):
      1) 1-баптың бесінші абзацындағы "жедел-құтқару отрядтары" деген сөздерден кейін "мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері;" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 12-баптың бірінші бөлігі "жедел-құтқару отрядтарынан" деген сөздерден кейін "өртке қарсы мемлекеттік қызмет бөлімшелерінен" деген сөздермен толықтырылсын;

      9. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Z970206_ Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат):
      1) 192-бапта:
      бірінші бөлігі:
      "331-бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздерден кейін "367-бабында (үшінші және бесінші бөліктерінде), 368-бабында (үшінші бөлігінде), 369- бабында (үшінші бөлігінде), 372-бабында (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 373-бабында (үшінші бөлігінде), 374-бабында (үшінші бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "376 және 386-баптарында" деген сөздер "376-баптарында, 380-бабында (үшінші бөлігінде), 381-бабында (үшінші бөлігінде), 382-бабында (екінші бөлігінде), 383-386-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігінде:
      "176-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 177-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)", "180", "182-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)", "189, 193-207", "210-213, 215-220-баптарында, 223-бабында (екінші бөлігінде)", "225-226" деген сөздер мен сандар алып тасталсын;
      "367-бабында (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздер "367-бабында (екінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "368-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "368-бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "369-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "369- бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "372-бабында (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)" деген сөздер "372-бабында (төртінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "373-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "373- бабында (екінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "374-бабында" деген сөздер "374-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "380-385-баптарында" деген сөздер "382-бабында (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 190-бабында (екінші бөлігінде), 191-205, 207- баптарында, 209-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 210-213- баптарында, 214-бабында (екінші бөлігінде), 215-220-баптарында, 221-бабында (екінші бөлігінде), 222-бабында (екінші бөлігінде), 223-бабында (екінші бөлігінде), 225-бабында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді салық полициясының тергеушілері жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183-бабында (екінші және үшінші бөлігінде), 184, 228, 229, 231, 232, 307-310-баптарында, 311-бабында (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 312-316-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер олардың тергеуі салық полициясы органдарының тергеушілері тергейтін қылмыстарды тергеуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізуі мүмкін.";
      төртінші бөлігінде:
      "209-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 214-бабында (екінші бөлігінде), 223-бабында (екінші бөлігінде), 224, 227-баптарында" деген сөздер мен сандар алып тасталсын;
      "348-баптарында" деген сөздерден кейін "380-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде), 381-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2 бөліктермен толықтырылсын:
      "4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 180-бабында, 182-бабында (екінші және үшінші бөліктерінде), 189, 206, 226-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық істі қозғаған ішкі істер немесе салық полициясы органы жүргізеді.
      4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 224, 227-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қылмыстық іс қозғаған ішкі істер немесе салық полициясы немесе ұлттық қауіпсіздік органы жүргізеді.";
      2) 285-бапта:
      екінші бөлігінде "176 (бірінші бөлігінде), 177 (бірінші бөлігінде)", "182 (бірінші бөлігінде)", "223 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Салық полициясының органдары анықтауды 176 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде), 192, 208, 221 (бірінші бөлігінде), 222 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша анықтауды, егер салық полициясының органдары тергейтін істер бойынша анықтау жүргізуге тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөлу мүмкін болмаса, салық полициясының органдары жүргізуі мүмкін.";
      мынадай мазмұндағы 8-1-бөлікпен толықтырылсын:
      "8-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 (бірінші бөлігінде), 182 (бірінші бөлігінде), 223 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық іс қозғаған ішкі істер немесе салық полициясы органы жүргізеді.".

      10. "Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 207-1 Заңы Z970207_ (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат):
      мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
      "5-1-бап. Осы Кодекстің өзінің шағымын немесе сотталғандардың пайдасына шығарылмаған прокурор наразылығын қарау кезінде кассациялық сатыдағы соттың отырысына өзі қатысуға тілек білдірген сотталған адамның қатысуының міндеттілігі туралы ережелері бұл талапты іске асыру үшін қажетті жағдайлардың жасалуына қарай, бірақ 2003 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей күшіне енгізіледі.".
      2-бап. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 1995 жылғы 6 қазандағы N 2512 заң күші бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 20, 122-құжат).
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының

мемлекеттік тергеу комитеті және оның органдары туралы" 1995 жылғы 21 
желтоқсандағы N 2706 заң күші бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 153-құжат; Қазақстан Республикасы 
Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 181-құжат).
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.)
          (Қобдалиева Н.М.)
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады