2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылайтын есеп комитеті)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
       392 393-қосымшаларға  сәйкес Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн. 

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына        
392-ҚОСЫМША        

406 - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету" 
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 310 993 мың теңге (үш жүз он миллион тоғыз жүз тоқсан үш мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.   N 597  қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi  Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы Ереженi бекiту туралы" 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917  Жарлығы ; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370  Заңы ; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы N 412  Заңы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыру: республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi мемлекеттiк қаржылық бақылау объектілерiнің қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгін тексеру, олардың атқарылуын, есеп пен есептiлiктi жүргiзуiн, бюджет қаражатын, байланысты гранттарды, мемлекет активтері, мемлекет кепілдiк берген займдарды пайдалануын бағалау; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес республикалық бюджеттің мақсатсыз, негізсіз және тиiмсiз пайдаланылуын анықтау және жол бермеу бойынша шаралар қабылдау.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : республикалық бюджет қаражаттарының, мемлекет кепiлдiк берген займдардың, байланысты гpанттарына, активтерiне, республикалық бюджеттен мемлекеттiң мiндеттемелерiн өтеуге берілген қаражаттардың мақсатты және тиімді пайдалануын, республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердің толықтығы мен дер кездiлiгiн, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың Бюджет кодексiнің және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің талаптарына сәйкес қайтарылуын бақылау; өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын білiктiлiк талаптарға сәйкес кәсiптiк қызмет саласында бiлiм беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдi, iскерлiктi және кәсiби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Мемлекеттiк қаржылық бақылау мәселелерi бойынша бақылау және талдау iс-шараларын, семинар кеңестер өткiзу. Есеп комитетiнің отырыстарын өткiзу. Есеп комитетiнiң бюджеттің атқарылуы жөнiндегі есебiн бұқаралық ақпарат  құралдарына жариялау.
Нормативтiк құқықтық актiлер, стандарттар мен ережелер әзiрлеу.
Есеп комитетiнің Бюллетенi мен әдістемелiк ұсынымдар  шығару. Бақылау жүргізуге аудиторлық ұйымдардың мамандары мен тәуелсіз сарапшыларды тарту.
Қаржылық бұзушылықтарды ескерту жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ұйымдардың қызметтерін сатып алу.

Жыл бойы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi

3

  

007

Мемлекеттiк қызметшiлердiң біліктiлігiн арттыру

Мынадай тақырып бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөнiндегi қызметтердi сатып алу:
- халықаралық стандарттар мен қаржылық есептілiк аудитi.
Мемлекеттiк тілдi үйрету.

Жыл бойы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi

4

  

017

Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Есептеу техникасын сатып алу. 
Ақпараттық жүйелер мен жергілiкті мiндеттердi сүйемелдеу, есептеу  техникасы құралдарына және жүйелерге жүйелiк-техникалық қызмет көрсету.
Лицензиялық бағдарламалық өнiмдердi сатып алу.
Интернет желiсiне кiруге рұқсат беретiн қызметтердi сатып алу. Веб-сайтты және басқа да жүйелердi сүйемелдеу. Шығыс материалдары мен толықтыратын қосалқы бөлшектер сатып алу.

Жыл бойы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
Тiкелей нәтиже:
- республикалық бюджетке түскен түсiмдердiң толықтығы мен дер кездiгiн, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың бюджеттік заңнаманың және өзге де нормативтiк құқықтық актілердiң талаптарына сәйкес қайтарылуын, бюджет қаражаттарының, мемлекет кепiлдiк берген займдардың, байланысты гранттарына, активтерiне, республикалық бюджеттен мемлекеттiк мiндеттемелерiн өтеуге берiлетін қаражаттардың мақсатты және тиiмдi пайдалануына бақылау және сараптамалық iс-шараларын жүргiзу;
- халықаралық ұйымдармен және жоғары мемлекеттiк қаржы бақылаудың  шетелдiк органдарымен өзара пайдалы ынтымақтастықты жалғастыру, өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруда оң ұсынымдарды пайдалану;
- 20 адамның кәсiби деңгейiн арттыру, 30 адамға мемлекеттiк тiлдi үйрету.
Түпкiлiктi нәтиже:
- республикалық бюджеттi атқару кезiнде жол берiлген бұрмалаушылықтардың жойылуын бақылау;
- республикалық бюджеттің атқарылу мәселесiн реттейтiн нормативтiк  құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiнде, сондай-ақ жол берiлген бұрмалаушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiгi туралы ұсыныстар әзiрлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне, орталық мемлекеттiк органдарға жiберу;
- өзiнің мазмұны жөнiнен Қазақстан Республикасы Үкiметiнің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебiнiң қорытындысы болып табылатын аяқталған қаржы жылының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебiн Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыну және оны Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау;
- сыртқы қаржы бақылаудың әдiснамасын жетiлдiру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- бiр мемлекеттiк қызметшінің бiлiктiлiгiн арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 33,6 мың теңге;
- бiр мемлекеттiк қызметшiге мемлекеттiк тілді үйрету үшiн жұмсалатын орташа шығын - 67,1 мың теңге.
Уақтылығы:
- жоспарланған бақылау және талдау iс-шараларын белгiленген мерзiмде орындау;
- бақылау және талдау iс-шараларының қорытындылары бойынша Есеп комитетiнің қаулысын қабылдау немесе оны белгiленген мерзiмде ұсыну;
- Есеп комитетiнiң республикалық бюджеттi атқару жөнiндегi бюллетенiн тоқсан сайын шығару;
- жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту.
Сапасы:
- қаржылық бақылау объектілерiнің жауапкершiлiгi мен қаржылық тәртiптiлiктің деңгейiн және бюджет заңнамасы мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын бақылауға алуды арттыру;
- қаржылық бақылау объектiлерiнің жол берiлген бұрмалаушылықтар мен  кемшiлiктердi жою, сондай-ақ оның қайталануына жол бермеу;
- есепке алу мен есептілiктi, сондай-ақ бюджеттiк рәсімдердi жүргiзудi жетiлдiру;
- мемлекеттiк қызметшiлердің кәсiби деңгейiн кәсiби мемлекеттiк қызметтің талаптарына сай, осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес арттыру; мемлекеттiк тiлге үйрету курсынан өткеннен кейiн iс-қағаздарын мемлекеттiк тілде жүргiзуге көшетiн мемлекеттiк қызметшілердің үлесi 15%; бiлiктiлiктi көтеру курсынан өткеннен кейiн жоғары тұрған лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшiлердің үлесi 5%.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына         
393-ҚОСЫМША         

406 - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi  ақпараттық дерекқорын дамыту"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның 
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 4001 мың теңге (төрт миллион бiр мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi N 548 Бюджеттiк  кодексi ; "Қазақстан Республикасындағы республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуын бақылау жүйесiнiң даму тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1208  қаулысы ; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370  Заңы , "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы N 412  Заңы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің ақпараттық деректер базасын дамыту.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : басқа ведомстволардан автоматтандырылған және жедел ақпарат алу үшiн Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің ақпараттық деректер базасын құру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi ақпараттық дерекқорын дамыту

Жобалау алдындағы зерттеу.
Техникалық тапсырманы әзiрлеу.

Жыл бойы 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi

        7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
Тiкелей нәтиже:
- республикалық бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге асыру кезiнде материалдық және еңбек шығындарын қысқартады;
- республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау объектiсi бойынша шешiм қабылдау үшiн қажетті ақпаратты алудың уақытын қысқартады. 
Түпкi нәтиже:
- республикалық бюджеттің атқарылуына сапалы, экономикалық, өнiмдi, тиiмдi және уақтылы бақылау жүргiзіледi.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2006 жылғы 15 желтоқсандағы    
N 1220 қаулысына         
393-1-ҚОСЫМША         

       Ескерту. 393-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.   N 597  қаулысымен.

406 - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2007 жылға арналған
003 "Қаржылық тәртіп бұзушылықты зерттеу орталығы" РМК-ның жарғылық капиталын қалыптастыру"
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

        1. Құны : 10920 мың теңге (он миллион тоғыз жүз жиырма мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі :   Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 96 қаулысы.
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі :   республикалық бюджет қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   мемлекеттік мекемелерге сыбайлас жемқорлық қылмыстарды және құқық бұзушылықтарды туындататын жағдайларды зерделеу, алдын алу және азайту, қаржылық бұзушылықтардың себептерін жою бойынша қызметтер көрсету мақсатында Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығын құру.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері :   жарғылық капиталды қалыптастыру.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар :

Рет N

Бағ- дар- лама- ның  коды

Кіші бағ- дар- лама коды

Бағдарлама- ның (кіші бағдарла- маның) атауы

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

 1 

003

  

"Қаржылық тәртіп бұзушылықты зерттеу орталығы" РМК-ның жарғылық капиталын қалыптастыру

"Қаржылық тәртіп зерттеу орталығы" РМК-ның бұзушылықты жарғылық капиталын қалыптастыру

шілде- желтоқ- сан

Республика- лық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер :   тікелей нәтиже: "Қаржылық тәртіп бұзушылықты зерттеу орталығы" РМК-ның жарғылық капиталын қалыптастыру.
      Түпкілікті нәтиже: қаржылық тәртіп бұзушылықты зерттеу Орталығын құру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады