Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Мыналардың:
379
,
380
,
381
,
382
,
383
,
384
,
385-қосымшаларға
сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
379-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Статистика саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 3378737 мың теңге (үш миллиард үш жүз жетпіс сегіз миллион жеті жүз отыз жеті мың теңге).
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.10
N 561
Қаулысымен.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы
Заңы
; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi
Заңы
; "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнің Ақпараттық-есептеу орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 1 шілдедегi N 910
қаулысы
; "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму жағдайы мен үрдiсiн сипаттайтын бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс iстеуi мен жетiлдiруiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: 1) мемлекеттiк саясатты жүргiзу және мемлекеттiк статистиканы басқару;
2) ғылыми әдiснама және халықаралық стандарттар негiзiнде бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс iстеуiн және жетілдiрудi қамтамасыз ету;
3) мемлекеттiк, коммерциялық құпияларды сақтауды және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
4) статистикалық көрсеткiштердің тұтастығын, дұрыстығын және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету;
5) елде болып жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестер мен олардың даму үрдiстерiн жан-жақты және шынайы зерделеу, қорыту және талдау;
6) өзiнің қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiгін жетiлдiру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкес кәсiптiк қызмет саласында бiлiм беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдi, iскерлiктi және кәсiби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Статис-
|
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiру;
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
3 |
|
002 |
Аумақтық
|
Статистикалық
|
Жыл бойы |
Қазақстан Респуб-
|
4 |
|
007 |
Мемле-
|
Мемлекеттiк қызметшілердің бiлiктілігін арттыру бойынша көрсетiлетiн мына бағыттағы қызметтердi сатып алу:
|
Жыл бойы |
Қазақстан Респуб-
|
5 |
|
008 |
Мемле-
|
Қазақстан
|
Жыл
|
Қазақстан
|
6 |
|
009 |
Мемле-
|
Статистика жүйесiнің
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7 |
|
017 |
Ақпарат-
|
Телекоммуникациялық
|
Жыл
|
Қазақстан
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс iстеуi және оның жетiлдiрiлуi; кәсiби деңгейiн арттыру - 1169 адам, мемлекеттiк тiлге оқыту - 938 адам; ағылшын тiлiне оқыту - 30 адам.
Түпкілiктi нәтиже: барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму жағдайы мен үрдiсiн сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
бiр мемлекеттiк қызметшiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға жұмсалатын орташа шығындар - 9,4 мың теңге;
бiр мемлекеттiк қызметшiнi мемлекеттiк тiлге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 12,4 мың теңге;
бiр мемлекеттiк қызметшiнi ағылшын тiлiне оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 10,2 мың теңге.
Уақтылығы: iс-шараларды iске асыру мерзiмдерiне сәйкес жыл бойына.
Сапасы: қызметкерлердi оқыту, олардың еңбек жағдайын жақсарту және халықаралық статистикалық стандарттарды енгiзу негiзiнде статистикалық деректердің сапасын арттыру; қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер бiлiктiлiгiнің кәсiби деңгейiн арттыру, олардың нәтижелерi бойынша: мемлекеттiк тілдi оқығаннан кейiн iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзетiн мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi - 4 пайызға, ағылшын тiлiне оқығаннан кейiн ағылшын тiлiндегi құжаттармен жұмыс iстейтiн мемлекеттiк қызметшілердің үлесi - 4 пайызға, бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өткеннен кейiн жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi - 5 пайызға артады деп жорамалданады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.10
N 561
Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
380-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi
2008 жылға арналған
"Статистикалық ақпаратты өңдеу және тарату"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 1036854 мың теңге (бір миллиард отыз алты миллион сегіз жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы
Заңы
; Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 1 шілдедегi N 910
қаулысы
; "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттігiнің, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгінің Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнің "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552
қаулысы
; "Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1164
қаулысы
; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 71
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: статистикалық ақпаратты сапалы өңдеу және жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi мен үрдiстерiн сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: 1) мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың жиынтық статистикалық деректерге деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру, статистикалық деректердi өңiрлiк және республикалық деңгейлерде енгізу және өңдеудi қамтамасыз ету;
2) мемлекеттiк статистика органдарына ақпарат табыс ететiн жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандардың бланкiлерiмен және оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Статис-
|
Статистикалық
|
Жыл бойы |
Қазақстан
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: статистикалық есептiлiк көрсеткiштерiн 100% енгiзу және өңдеу. Статистикалық нысандар мен нұсқаулықтарды, жарияланымдарды республикалық және өңiрлiк деңгейлерде дайындау. Талдамалы жұмыстар жүргiзу. Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген статистикалық байқаулар жүргiзу.
Түпкi нәтиже: пайдаланушыларды статистикалық және талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйенi пайдаланушылар санын жыл ішінде 10%-ға өсiру.
Уақтылығы: пайдаланушыларды статистикалық және талдамалы ақпаратпен Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімдерде, сондай-ақ iс-шараларды iске асыру мерзiмдерiнде қамтамасыз ету.
Сапасы: статистикалық ақпараттың релеванттығын пайдаланушылардың қажеттiлiгiн есепке алу жолымен көтеру.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
381-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Мемлекеттiк статистика органдарының ақпараттық жүйесiн құру"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 217876 мың теңге (екi жүз он жеті миллион сегіз жүз жетпіс алты мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзі
: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет
кодексi
, "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 71
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: статистикалық өндiрiстің тиiмдiлiгiн арттыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: мемлекеттiк статистика органдарының ақпараттық жүйелерiн құру, статистикалық ақпаратты жинаудың, өңдеудiң және ұсынудың қазiргi заманғы автоматтандырылған әдiстерiн енгiзу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
003 |
|
Мемле-
|
1. "Қазақстан
|
Жыл бойы |
Қазақстан Респуб-
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мен оның аумақтық бөлiмшелерiнің статистикалық және талдамалы ақпаратын бiрыңғай Интернет-портал арқылы тарату", "Әлеуметтiк статистикаға арналған тiркелiм", "Бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау және қамтамасыз ету", "Статистикалық сыныптамалар жүйесінде өзгерістер есебі", "е-mail бойынша статистикалық есептілікті жинау" ақпараттық кіші жүйелерін құруды қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: статистикалық ақпарат пайдаланушыларын электрондық түрде статистикалық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету, деректерді жинау, өңдеу және тарату тәртібін автоматтандыру есебінен статистикалық деректер сапасын арттыру (деректерді жаңартуды толық және өз уақтысында қамтамасыз ету), жиналатын статистикалық ақпараттың түрлерін көбейту, статистикалық ақпараттың жедел өңделуі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық жүйелерді біріктіретін "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің статистикалық және талдамалы ақпаратын бірыңғай Интернет-портал арқылы тарату" ақпараттық кіші жүйені әзірлеу, мемлекеттік органдар сияқты, барлық статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға да тапсырыстарды орындау мен жауаптардың дайындалуын уақытылы жүзеге асырылуына көмектеседі.
"Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім" ақпараттық кіші жүйесін құру үй шаруашылықтары мен олардың тұрғын үй жағдайына тікелей немесе жанама қатысы бар бастапқы деректерді жинау, өңдеу және тарату жөніндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру үй шаруашылықтарын іріктеуді оңтайландыруға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта үй шаруашылықтарын зерттеуге жұмсалатын шығын 155 млн. теңгені құрайды. Желіні 30%-ға қысқарту арқылы жылына 50 млн. теңге үнемдеуге болады. Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдардың шығындары да қысқарады, себебі олар "Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім" ақпараттық кіші жүйесіне кіру мүмкіндігіне ие болады (Қазақстан Республикасы бойынша 17 млн. теңгеге). "Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім" ақпараттық кіші жүйесін кезекті ұлттық халық санағында пайдаланудың нәтижесі 300 млн. теңгені құрайды, өйткені 50 мың есепші 15 мың теңге айлықақымен 4 айдан аз жұмыс істейтін болады.
"Бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау және қамтамасыз ету" ақпараттық кіші жүйесін құру бастапқы статистикалық ақпаратты терең қайта өңдеуді жүзеге асыруға және ақпараттық-талдамалы міндеттердің кең ауқымын шешуге мүмкіндік береді. Қосымша статистикалық байқаулар жүргізуге жұмсалатын шығындардың болжалды жиынтық қысқаруы "Бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау және қамтамасыз ету", ақпараттық кіші жүйесін пайдалану алғашқы үш жылда (2008-2010жж.) 322,4 млн.теңгені құрайды. "Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы" ақпараттық кіші жүйені құруға 211,625 млн. теңге жұмсалатын болса, мемлекеттік бюджет қаражатының қорытынды үнемділігі 110,7 млн. теңгені құрайды.
"Статистикалық сыныптамалар жүйесінде өзгерістер есебі" ақпараттық кіші жүйесін құру келесі міндеттерді шешуге: мемлекеттік статистиканы "электронды үкімет" жүйесіне біріктіруге, барлық мемлекеттік органдарда бар барлық анықтама мен сыныптамалардың республикалық қорын құруға, деректерді өңдеудің статистикалық үдерісінің тиімділігін арттыруға, деректердің салыстырымдылығын қамтамасыз етуге, халықаралық сыныптамаларды жаңа жүйесін енгізуге, тыстағы пайдаланушылар үшін сыныптамаларды таратуға мүмкіндік береді.
"е-mail бойынша статистикалық есептілікті жинау" ақпараттық кіші жүйесін құру келесі міндеттерді шешуге: қазіргі заманғы қағазсыз технологиялар негізінде (электронды тасымалдағыштар, электронды пошта және Интернет арқылы он-лайн тәртібінде деректерді жинау) бастапқы статистикалық деректердің жедел және сапалы жинауын қамтамасыз етуге (жылына 1 200 мың есептерден көп), статистика органдарына Интернет арқылы статистикалық есептіліктің Wed-форма бланкісі арқылы деректерді енгізу мүмкіндігі есебінен немесе байланыс каналдары бойынша электронды түрде статистикалық есептілікті беру арқылы электронды деректерді тез және тиімді ұсыну үшін респонденттердің жағдайын жақсартуға, бастапқы есептілік деректерін енгізу және бақылау бойынша жұмыстарды қолмен жүзеге асыратын статистиктердің санын (50%-ға) қысқарту есебінен, сондай-ақ, бастапқы есептілік қағаз бланкілерінің шығарылуына қаражатты үнемдеу есебінен, деректерді жинау және өңдеуге шығыстарды төмендетуге, ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы сертификациялау қаражаттарының пайдалануымен қабылданатын және берілетін ақпараттың автоматтандырылған қорғауға мүмкіндік береді.
Уақыттылық: Іс-шаралардың белгіленген іске асыру мерзімдеріне сәйкес жыл бойына.
Сапасы: осы жоба Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттардың автоматтандырылған жүйелері талаптарына сай.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
382-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Мемлекеттiк статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 41377 мың теңге (қырық бір миллион үш жүз жетпiс жеті мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы
Заңы
; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi
Заңы
; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 71
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: статистиканың халықаралық ұсынымдар мен стандарттардың ұлттық деңгейге бейiмделген әдiснамасы мен әдiстемесiн әзiрлеу және енгiзу.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: статистиканың әр түрлi салаларында әдiснамалар әзiрлеу бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағдарлама
|
Кіші
|
Бағдарламаның
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
004 |
|
Мемлекеттiк статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер |
Мемлекеттік
|
Жыл бойы |
Қазақстан Респуб-
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: 13 тақырып бойынша мемлекеттік статистиканы жетiлдiру жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жаңа құралдарды енгізуге, статистикалық деректердің сапасын арттыруға және олардың халықаралық деңгейде салыстырымдылығын арттыруға мүмкiндiк туғызатын болады.
Түпкi нәтиже: ғылыми негiзделген, соның iшінде халықаралық статистикалық сыныптамалардың жаңа жүйесiне көшу, салалық статистика мен ұлттық шоттар жүйесінің статистикалық көрсеткiштерiн енгiзу және жетiлдiру бойынша, Мемлекеттік статистикалық тіркелім және статистикалық деректерді тарату үшін әдістемелік деректерді әзірлеу бойынша әдiстемелер жасау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бiр тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 3182,8 мың теңгенi құрайды.
Уақтылығы: орындалған iс-шараларды белгiленген мерзiмдерiне сәйкес жыл бойына.
Сапасы: әдiснамалық әзiрлемелер халықаралық стандарттарды енгiзудi және олардың ұлттық деңгейге бейiмделуiн жеделдетедi, статистикалық деректердің сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi, мемлекеттiк басқару органдарын, сондай-ақ қалың жұртшылықты ақпараттық қамтамасыз етудi жақсартады.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
383-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Ауыл шаруашылығы санағын жүргiзу"
деген 005 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 261320 мың теңге (екі жүз алпыс бір миллион үш жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы
Заңы
; "Агpoөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегi
Заңы
; "Қазақстан Республикасында бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылық санағын жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 463
қаулысы
; "Қазақстан Республикасында бiрінші ұлттық ауыл шаруашылық санағына дайындық, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы N 830
қаулысы
; "Республикалық бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесу комиссиясын құру, Қазақстан Республикасында Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі 2005-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 15 ақпандағы N 247 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 1119
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздері
: pеспубликалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің негiзгi сипаттамалары бойынша жиынтық деректер алу.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: 1) барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер туралы анық қорытынды деректер алу;
2) қазақстандық ауыл шаруашылығы статистикасының халықаралық стандарттармен салыстырымдылығын қамтамасыз ету;
3) ауыл шаруашылығы санақ деректерiнің қоры негiзiнде ауыл шаруашылығы бойынша қолда бар ақпаратты актуализациялау;
4) жиналған статистикалық деректердi сапалы өңдеу мен талдау, оларға барлық ақпарат алушылардың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
005 |
|
Ауыл
|
Ауыл шаруашылығы
|
Жыл
|
Қазақстан Респуб-
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы санағының соңғы деректерін жариялау.
Түпкi нәтиже: "ауыл шаруашылығы" саласын сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер алу:
инфраструктура, жер алаңы, ауыл шаруашылығы дақылдарын егу алаңы, олардың сұрыпты құрамы, ауыл шаруашылығы малдарының саны, олардың жыныс-жас және тұқымдық құрамы, ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын ұстауға арналған қора-жайлар, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, машина-трактор станциялары, жөндеу шеберханалары және басқалары, мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары, ауыл шаруашылығы өнімдері мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар, ғимараттар және тоңазытқыштар, ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кішігірім цехтар;
ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының негізгі сипаттамалары бойынша бастапқы деректерді алу, сондай-ақ кейінгі ауыл шаруашылығының іріктемелі зерттеулерін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен де, сол сияқты өңдеумен және сақтаумен де айналысатын барлық тауар өндірушілердің негізгі жиынтығын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ауыл шаруашылығы санағының дерекқоры ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде және статистикалық тіркелімді, ауыл шаруашылығы құралымдарының тіркелімін актуализациялау үшін пайдаланылатын болады.
Уақтылығы: іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес жыл бойына.
Сапасы: елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастыруда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің әрбір санаттары рөлінің даму жағдайы мен үрдістері туралы ақпарат сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды. Ауыл шаруашылығы саласы туралы толық сандық және сапалық ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
384-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Ұлттық санақ өткізу"
деген 006 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 2634189 мың теңге (екі миллиард алты жүз отыз төрт миллион бір жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы
Заңы
; "2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы" Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1138
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: 2009 жылы кезекті халықтың ұлттық санағына дайындық кезеңі жұмыстары іс-шараларының толық кешенін жүргізу.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: негізгі халық санағын өткізу механизмін егжей-тегжейлі зерделеу және талдау, ұйымдастыру-әдіснамалық жұмыстарда пайда болған кемшіліктерді бағалау және түзетулер жүргізу және 2009 жылғы негізгі халық санағының бағдарламасына барлық қажетті түзетулерді енгізу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
006 |
|
Ұлттық
|
1. Халықтың санағы
|
Жыл бойына |
Қазақстан Респуб-
|
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2008.12.23
N 1227
Қаулысымен.
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: бағдарлама қосымшасын жүзеге асыру нәтижесінде халық санағы материалдарын сынап көру және 2009 жылы болатын халықтың негізгі санағына жұмыстардың дайындық кезеңінің іс-шаралары кешенін жүргізу материалдары, ғалым-демографтардың және басқа да мамандардың ескертулері мен ұсыныстары, халықаралық ұйымдардың тәжірибесі мен ұсыныстары есебімен, 2009 жылғы негізгі санақтың өткізілуіне пайдаланылады. Бұл санақтың барысында барлық аймақтар бойынша деректер алынады, бұлар: жасы мен жынысы, некеге отыру жағдайы, ұлттық құрамы, білім деңгейі, үй шаруашылықтарының мөлшері және саны, тілдерді білу деңгейі, жұмыспен қамтылу және басқа да деректер.
Қорытынды нәтиже: 1) халық санағы материалдарын сынап көру жүргізгенде халықтың негізгі санағын жүргізудің барлық механизмін егжей-тегжейлі зерделеу мен талдау, ғалымдармен, ведомстволар және министрліктер мамандарымен және басқа да ақпаратты пайдаланушылармен талдаудан кейін 2009 жылғы негізгі санақтың өткізілуіне бағдарламаларды пысықтау. 2) картографиялық материалдарды: аудандар мен тұрғылықты жерлердің схемалық жоспарларын дайындау. 3) халықтың толық есебін анықтау үшін бақылау құжаты болып табылатын тұрғын жерлердегі үйлердің тізімін алу; 4) құрылған тұрғын жерлердегі үйлердің тізімі негізінде халық санағын өткізудің ұйымдастыру жоспарын құрастыру, аудандар мен тұрғылықты жерлердің аймақтарын санақ телімдеріне бөлу; санақ бөлімдері; нұсқаушылар тізімі, есеп телімдері. 5) санақ қызметкерлерінің қажетті санын, үй-жай мен автокөлікке қажеттіліктерді анықтау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: кіші бағдарламаларды орындау негізгі халық санағын өткізуге жұмсалатын нақты қаржы шығыстарын анықтау және оның өткізілуіне республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттарды тиімді пайдалану бөлігінде негізгі халық санағы өткізілуінің тиімді ұйымдастырудың маңызды элементі.
Уақытылылық: жыл бойына іс-шараларды жүзеге асыру мерзіміне сәйкес.
Сапа: халық санағы материалдарын сынап көру және 2009 жылы жүргізілетін негізгі санаққа жұмыстардың дайындық кезеңі шаралар кешені материалдарын уақытылы және сапалы алу халықтың негізгі санағының әлемдік стандарттарға сәйкес жоғары сапалы деңгейде өткізілуін қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыру жоспарларын уақытылы және сапалы құру - халықтың негізгі санағын жүргізу кезінде халықтың сапалы және дәл есебін анықтайтын санақ аудандастыруын жүргізуге, сондай-ақ, санақ қызметкерлерінің қажетті санын анықтауға, олардың арасындағы жұмыстарды тең бөлу және оларды санақ учаскелері бойынша дұрыс орналастыру, санақ бөлімдері үшін үй-жай, нұсқаушы учаскелерін және автокөлік қажеттіліктерін анықтауға негіз болады.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
385-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Электрондық үкiмет шеңберiнде адами капиталды дамыту"
деген 116 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 14840 мың теңге (он төрт миллион сегіз жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы
Заңы
; "Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1164
қаулысы
; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетілдiрудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 71
қаулысы
; "Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 995
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: халықтың компьютерлiк сауатсыздығын жою.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: халықтың компьютерлiк сауаттылық деңгейiн және Интернет-ресурстарын пайдалану дәрежесін анықтау.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
116 |
|
Элект-
|
Ақпараттық қоғамның
|
Жыл бойы |
Қазақстан Респуб-
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
: Тiкелей нәтиже: статистиканың жаңа саласын - ақпараттық қоғам статистикасын құру.
Түпкілікті нәтиже: Интернет желісін пайдаланушылардың негізгі көрсеткіштері мониторингін жүргізу: пайдаланушылардың жалпы саны тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша, қала және ауылға бөлінген облыстар бойынша;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізу (компьютерді және Интернетті пайдалану орны және жиілігі);
Интернет пайдаланушыларын жыныс-жас сипаттамасы бойынша бөлу;
пайдаланушыларды білім деңгейі және компьютерлік сауаттылық деңгейі бойынша бөлу;
негізгі қол жеткізу пункттері және желіге қосылу үшін пайдаланылатын жабдық;
Интернет желісін пайдаланудың негізгі мақсаттары және Интернет желісіндегі ең көп талап етілетін қызметтер;
Интернет-коммерция көрсеткіштері (Интернет арқылы тапсырыс берілген қызметтер мен тауарлардың құрылымы);
Интернетті пайдалану кезінде туындайтын негізгі проблемалар.
Қаржы-экономикалық тиімділік: компьютерлік сауаттылық деңгейін анықтау және халықты Интернет қызметімен қамтамасыз ету. Бұл зерттеу алғашқы рет жүргізіліп отыр.
Уақтылығы: жыл бойы шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес.
Сапасы: ұйғарынды ақпарат 21 000 үй шаруашылықтарын зерттеу барысында алынған бастапқы ақпаратты қорытындылау және тарату негізінде қалыптастырылады.