Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Мыналардың:
348
,
349
,
350-қосымшаларға
сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
348-ҚОСЫМША
406 - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 313639 мың теңге (үш жүз он үш миллион алты жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі
Заңы
; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы
Заңы
; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы
Заңы
; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29
Жарлығы
; Қазақстан Республикасы Президентінің»"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы Ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 5 тамыздағы N 917
Жарлығы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыру: республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру, олардың атқарылуын, есеп пен есептілікті жүргізуін, бюджет қаражатын, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген займдарды пайдалануын бағалау; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес республикалық бюджеттің мақсатсыз, негізсіз және тиімсіз пайдаланылуын анықтау және жол бермеу бойынша шаралар қабылдау.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: республикалық бюджет қаражаттарының, мемлекет кепілдік берген займдардың, байланысты гранттарына, активтеріне, республикалық бюджеттен мемлекеттің міндеттемелерін өтеуге берілген қаражаттардың мақсатты және тиімді пайдалануын, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен дер кезділігін, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың Бюджет кодексінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қайтарылуын бақылау; өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
001 |
|
Респуб-
|
|
|
|
2 |
|
001 |
Орталық органның аппараты |
Мемлекеттiк қаржылық бақылау мәселелерi бойынша бақылау және талдау iс-шараларын, семинар кеңестер өткiзу. Есеп комитетiнің отырыстарын өткiзу. Есеп комитетiнiң бюджеттің атқарылуы жөнiндегі есебiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
|
Жыл бойы |
Респуб-
|
3 |
|
007 |
Мемле-
|
Мынадай тақырып бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөнiндегi қызметтердi сатып алу:
|
Жыл бойы |
Респуб-
|
4 |
|
009 |
Мемлекет
|
Көшірме аппараттарын,
|
жыл
|
Респуб-
|
5 |
|
017 |
Ақпарат-
|
Есептеу техникасын сатып алу.
|
Жыл бойы |
Респуб-
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
:
Тiкелей нәтиже:
- республикалық бюджетке түскен түсiмдердiң толықтығы мен дер кездiгiн, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың бюджеттік заңнаманың және өзге де нормативтiк құқықтық актілердiң талаптарына сәйкес қайтарылуын, бюджет қаражаттарының, мемлекет кепiлдiк берген займдардың, байланысты гранттарына, активтерiне, республикалық бюджеттен мемлекеттiк мiндеттемелерiн өтеуге берiлетін қаражаттардың мақсатты және тиiмдi пайдалануына бақылау және сараптамалық iс-шараларын жүргiзу;
- халықаралық ұйымдармен және жоғары мемлекеттiк қаржы бақылаудың шетелдiк органдарымен өзара пайдалы ынтымақтастықты жалғастыру, өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруда оң ұсынымдарды пайдалану;
- 17 адамның кәсiби деңгейiн арттыру, 18 адамға мемлекеттiк тiлдi үйрету.
Түпкiлiктi нәтиже:
- республикалық бюджеттi атқару кезiнде жол берiлген бұрмалаушылықтардың жойылуын бақылау;
- республикалық бюджеттің атқарылу мәселесiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiнде, сондай-ақ жол берiлген бұрмалаушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiгi туралы ұсыныстар әзiрлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне, орталық мемлекеттiк органдарға жiберу;
- өзiнің мазмұны жөнiнен Қазақстан Республикасы Үкiметiнің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебiнiң қорытындысы болып табылатын аяқталған қаржы жылының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебiн Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыну және оны Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау;
- сыртқы қаржы бақылаудың әдiснамасын жетiлдiру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- бiр мемлекеттiк қызметшінің бiлiктiлiгiн арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 72,5 мың теңге;
- бiр мемлекеттiк қызметшiге мемлекеттiк тілді үйрету үшiн жұмсалатын орташа шығын - 68,4 мың теңге.
Уақтылығы:
- жоспарланған бақылау және талдау iс-шараларын белгiленген мерзiмде орындау;
- бақылау және талдау iс-шараларының қорытындылары бойынша Есеп комитетiнің қаулысын қабылдау немесе оны белгiленген мерзiмде қабылдау;
- Есеп комитетiнiң республикалық бюджеттi атқару жөнiндегi бюллетенiн тоқсан сайын шығару;
- жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту.
Сапасы:
- Бюджет кодексі мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталу мәселелері бойынша қаржылық бақылау объектілерінің жауапкершілігін және қаржылық тәртібі деңгейін арттыру;
- анықталған бұрмалаушылықтар мен кемшіліктерді жою, сондай-ақ қаржылық бақылау объектілерінің бұрмалаушылықтарды қайталауына жол бермеу;
- есепке алу мен есептілікті, сондай-ақ бюджеттік рәсімдерді жүргізуді жетілдіру;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай, осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес арттыру; мемлекеттік тілге үйрету курсынан өткеннен кейін іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 15%; біліктілікті көтеру курсынан өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі 5%.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
349-ҚОСЫМША
406 - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2008 жылға арналған
"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің ақпараттық деректер базасын дамыту"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 50623 мың теңге (елу миллион алты жүз жиырма үш мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi
: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджеттiк
кодексi
; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы
Заңы
; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы
Заңы
; "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ақпараттық жүйесін дамытудың 2007-2008 жылдар кезеңіне арналған тұжырымдамасы туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 34
қаулысы
.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi
: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты
: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің ақпараттық жүйесін дамыту.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi
: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ақпараттық жүйесінің автоматтандырылатын функциялары моделдерін және бағдарламалық қосымшаларын әзірлеу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
:
N р/с |
Бағ-
|
Кіші
|
Бағдар-
|
Бағдарламаны іске
|
Іске
|
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
002 |
|
Респуб-
|
Республикалық бюджеттің атқарылуын
|
Жыл бойы |
Респуб-
|
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер
:
Тікелей нәтиже: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті қызметінің, бақылау іс-шаралары нәтижелеріне жүргізілген талдаудың сапасын арттыру. Жедел ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, көрсету және пайдалану мақсатында басқа ведомствоаралық ақпараттық жүйелермен кірігу.
Түпкілікті нәтиже:
- республикалық бюджеттің атқарылуына сапалы, үнемді, өнімді, тиімді және уақтылы бақылау жүргізуге ықпал ететін болады.
Қаржы-экономикалық нәтижелер:
- бақылауды жүзеге асыруға дайындық кезінде материалдық-еңбек шығындарын 30%-ға қысқарту.
Уақтылығы:
- жоспарланған және талдау іс-шараларын белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы:
- салық-бюджет саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен ақпарат алмасу және бақылау-талдау жұмысы үшін деректер базасын құру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1224 қаулысына
350-ҚОСЫМША
406 - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
"Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны
: 50000 мың теңге (елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі
:
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет
кодексі
; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 96
қаулысы
; "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 868
қаулысы
.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі
:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты
:
қаржылық бұзушылықтарды туындататын жағдайларды зерттеу және олардың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері
:
қаржылық бұзушылықтарды туындататын жағдайларды зерттеу және олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
:
N
|
Бағ- дар- лама
|
Кіші бағ- дар- лама коды |
Бағдарлама- ның (кіші бағдарла- маның) атауы |
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
004 |
|
Қаржылық бұзушылық-
|
Қаржылық
|
Жыл
|
"Қаржылық
|
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : мемлекеттік қаржылық бақылаудың сапасын арттыру, республикалық бюджеттің атқарылу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар.