2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі)

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Мыналардың:
      393 , 394 , 395 , 396 , 397-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына      
393-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 468500 мың теңге (төрт жүз алпыс сегіз миллион бес жүз мың теңге).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12. N 581д Қаулысымен.
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 14, 144 , 145 , 146 , 147 , 148-баптары ; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3 , 21,   22, 23-баптары ; "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 14 қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің орталық аппаратына және оның аумақтық органдарына жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына жету үшін, олардың қызметін қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : жер қатынастарының барлық субъектілерімен жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; кәсіби қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, ептілік пен дағдыларды жаңарту.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001


Жер
ресурстарын
мемлекеттік
басқаруды
қамтамасыз
ету




2


001

Орталық
органның
аппараты

Бекітілген штат
санының лимиті
шегінде Қазақстан
Республикасы Жер
ресурстарын басқа-
ру агенттігінің
орталық аппаратын
ұстау; бекітілген
тиістілік нормати-
віне сәйкес қыз-
меттік автокөлікті
жалға алу; ксерок-
старды ұстау; жер-
ге орналастыру,
топография-геоде-
зиялық және карто-
графиялық жұмыс-
тардың өндірісін
лицензиялау; аэро-
түсіру, геодезия-
лық және картогра-
фиялық жұмыстарды
жүргізуге рұқсат
беру, оларды тір-
кеу және есепке
алу.

Қаңтар-
жел-
тоқсан

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Жер ресур-
старын
басқару
агенттігі

3


005

Аумақтық
органдардың
аппараттары

Бекітілген штат
санының лимит
шегінде Қазақстан
Республикасы Жер
ресурстарын басқа-
ру агенттігінің
аумақтық органда-
рының аппараттарын
ұстау; бекітілген
тиістілік нормати-
віне сәйкес қыз-
меттік және арнайы
автокөлікті ұстау
және жалға алу,
ксерокстарды
ұстау; жерлерді
пайдалану мен қор-
ғауға мемлекеттік
бақылау жүргізу.

Қаңтар-
жел-
тоқсан

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Жер ресур-
старын
басқару
агенттігі

4


007

Мемлекеттік
қызметші-
лердің бі-
ліктілігін
арттыру

Мемлекеттік қыз-
меткерлердің бі-
ліктілігін арттыру
жөніндегі қызмет-
терді 3 бағыт
бойынша сатып алу:
геодезия және кар-
тография саласында
осы заманғы техно-
логиялар; жерлер-
дің пайдаланылуы
мен қорғалуына
мемлекеттік
бақылау жүргізу
бойынша; бюджеттік
ұйымдарда жоспар-
лау және есеп жүр-
гізу. Мемлекеттік
қызметкерлерді
мемлекеттік
тілдерге оқыту.

Сәуір-
жел-
тоқсан

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Жер ресур-
старын
басқару
агенттігі

5


009

Мемлекеттік
органдарды
материалдық
-техникалық
жарақтандыру

Материалдық-техни-
калық базамен қам-
тамасыз ету: кеңсе
жиһазын сатып алу;
кондиционерлер;
жиһаз (үстелдер,
орындықтар).

Ақпан-
жел-
тоқсан

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Жер ресур-
старын
басқару
агенттігі

6


017

Ақпараттық
жүйелердің
жұмыс
істеуін
қамтамасыз
ету және
мемлекеттік
органдарды
ақпараттық-
техникалық
қамтамасыз
ету

Мемлекеттік жер
кадастрының
автоматтандырылған
ақпараттық жүйесін
сүйемелдеу; SАS
бағдарламалық
қамтамасыз етуді
техникалық қолдау;
ArcGis үшін
бағдарламалық
қамтамасыз етуді
техникалық қолдау;
Мемлекеттік
жер кадастрының
автоматтандырылған
ақпараттық жүйесі-
нің әзірленген
кіші жүйелерін
техникалық қолдау;
шығын материалдары
және құрама бөл-
шектер; вирусқа
қарсы бағдарлама-
ларды сатып алу;
"Заң" мәліметтер
базасын сатып алу;
базаны жаңарту.

Ақпан-
жел-
тоқсан

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Жер ресур-
старын
басқару
агенттігі

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: әрбір мемлекеттік қызметкерді жұмыс орнымен 100 пайыздық қамтамасыз ету, материалдық, ақпараттық-техникалық базамен қамтамасыз ету; жерлердің нысаналы пайдаланылуы мен қорғалуы: 59 қызметкердің кәсіби деңгейін арттыру, Агенттіктің 76 қызметкерін мемлекеттік тілге оқыту.
      Соңғы нәтиже: жер учаскелерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен жерлердің ұтымды, нысаналы пайдаланылуы мен қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруда қажеттілікті қамтамасыз ету.
      Қаржылық экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыруға орташа шығындары - 38,8 мың теңге; бір мемлекеттік қызметкерді мемлекеттік тілге оқытуға орташа шығындары - 22,6 мың теңге.
      Уақыттылығы: орталық аппараты мен аумақтық органдар аппараттарының жұмыс жоспарына және нормативтік актілерде белгіленген мерзімдерге сәйкес.
      Сапасы:
      - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге жету үшін белгіленген мерзімдерді ескере отырып, іс-шаралардың толық көлемде 100 пайыздық сапалы орындалуы;
      - осы заманғы экономикалық жағдайларға сай, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес арттыру.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына      
394-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
      Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 1399961 мың теңге (бір миллиард үш жүз тоқсан тоғыз миллион тоғыз жүз алпыс бір мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 163-бабы ; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1149 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 956 қаулысы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі N 958 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі N 286 қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасында жерлерді ұтымды пайдалану.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу, сондай-ақ жер нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002


Жер қаты-
настарын
жүзеге
асыруды
қамтамасыз
ету




2


101

Жер-
кадастрлық
жұмыстар

Жер-кадастрлық
жұмыстар: 12100
мың га ауданында
аэрофототүсірілім;
аэрофотосуреттер
мен фотожоспар-
ларды дешифрлеу -
13874,8 мың га;
соңғы жоспарлы-
картографиялық
өнімді дайындау
және шығару -
10323,5 мың га;
топырақтық зерт-
теу - 968 мың га;
геоботаникалық
зерттеу - 850 мың
га;
ауыл шаруашылық
алқаптарын,
топырақтық және
геоботаникалық
нұсқаларды есептеу
- 2355 мың га; 2,0
мың га ауданында
20 кварталдың -
қалалар жерінде
қалыптасқан есепті
кварталдарының
электрондық жер-
кадастрлық карта-
ларын жасау;
Мемлекеттік жер
кадастрының
автоматтандырылған
ақпараттық жүйесі-
нің базасын акту-
алдандыру - 425
мың учаске 42,4
мың га ауданында;
272,5 млн. га ау-
данында жерлерге
мемлекеттік есеп
жүргізу;
2981 мың га ауда-
нында 1241 ауылдық
елді мекеннің
жер-кадастрлық
карталарын дайын-
дау және басып
шығару;
- 1150 мың га
ауданында ауыл
шаруашылығы мақса-
тындағы жерлердің
топырақ бонитетін
анықтау;
- паспорттау: 4687
мың га ауданында
шаруа қожалықтары
- 21700 паспорт;
жерлерді паспорт-
тау үшін топырақ-
тық материалдарды
жаңарту - 743 мың
га;
паспорттау мақса-
тында топырақ бо-
нитетін анықтау -
1128 мың га;
мемлекеттік жер
кадастрының дерек-
терін ұсыну және
кадастр ақпаратын
республиканың
бүкіл аумағында
пайдалану.

І-ІV
тоқсан
2008 жыл

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Жер ресур-
старын
басқару
агенттігі

3


102

Жер мони-
торингін
жүргізу

11,58 млн. га
ауданында жер мо-
ниторингін жүргізу

І-ІV
тоқсан
2008 жыл

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Жер ресур-
старын
басқару
агенттігі

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: 12100 мың га ауданында аэрофототүсіру, 13874,8 мың га ауданында аэрофотосуреттер мен фотожоспарларды дешифрлеу, 10323,5 мың га ауданында жоспарлы-картографиялық өнімді шығару, 1241 ауылдық елді мекеннің жер-кадастрлық карталарын дайындау және басып шығару, шаруа қожалықтарының жер учаскесіне 21,7 мың паспорт дайындау, 11,58 млн. га ауданында жер мониторингін жүргізу.
      Соңғы нәтиже: ауылдық елді мекендердің 64,8% жер-кадастрлық карталармен қамтамасыз ету. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу процесінде 81,7% жер учаскесі Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасына енгізіледі. Жер учаскесіне паспорттарды 65,7% шаруа қожалығы алады. Жер мониторингі бойынша жұмыстардың жүргізілуі туралы мәліметтердің болуы 45% құрайды.
      Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1000 га жер-кадастрлық жұмыстар көлемінің орташа құны - 24855 теңге, жер мониторингін жүргізу бойынша 1000 га құны - 5510 теңге.
      Уақыттылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шаралар жоспарының белгіленген мерзімде 100 пайыздық орындалуы.
      Сапасы: ауыл шаруашылық алқаптарының жағдайы, пайдаланылуы және сапасы туралы дұрыс ақпарат, жерлердің жағдайына әсер ететін жағымсыз процестерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, сондай-ақ жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау органдарын хабардар ету.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына      
395-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Топография-геодезиялық және картографиялық
өнімдерді және олардың сақталуын қамтамасыз ету"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 1333226 мың теңге (бір миллиард үш жүз отыз үш миллион екі жүз жиырма алты мың теңге).
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 4-бабы ; "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 4-бабы ; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1149 Жарлығы ; "Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1273 қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мөлшерде бәсекеге қабілетті геодезиялық және картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: геодезиялық және картографиялық өнімдерді нормативтік-техникалық актілерге сәйкес жасау және жаңарту, топография-геодезиялық және картографиялық өндірістің материалдары мен құжаттарын мемлекеттік есепке алу, сақтау, қолдану және олардың сақталуын қамтамасыз ету, ірі масштабты топографиялық жоспарларды жасау және жаңарту, бұрынғы полигондардың аумақтарын картографиялау, нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004


Топография-
геодезиялық
және кар-
тографиялық
өнімдерді
және
олардың
сақталуын
қамтамасыз
ету

1. Топографиялық
карталардың мемле-
кеттік масштабтық
қатарын жаңарту
үшін аэротүсірілім
орындау - 42023
шаршы км;
- Ақмола облысының
- 41273 шар. км;
- Астана қаласының
- 750 шаршы км;
2. Топография-гео-
дезиялық жұмыстар:
- мемлекеттік гео-
дезиялық желінің
971 пунктін
зерттеу, қалпына
келтіру, орналас-
тыру, үйлестіру;
- геодезиялық
құралдарды серти-
фикаттау үшін
Атырау (11 пункт)
базисін қалпына
келтіру;
- I, II кл. ниве-
лирлеу, зерттеу,
қайта жөндеу,
орналастыру - 575
текше. км;
- жиынтық каталог-
тарды жасау - 5
каталог;
- мемлекеттік то-
пографиялық карта-
лардың масштабтық
қатарын жаңарту
(далалық және ка-
мералдық жұмыстар)
- 997 парақ
3. Геодинамикалық
зерттеулер (Алма-
ты, Шілік, Жамбыл,
Зайсан полигонда-
ры), оның ішінде
1) бұрыштық және
сызықтық өлшеулер
(пункт/жақ) -
38/146
2) биіктік
өлшеулер - 1508
текше км.
4. Картографиялық
жұмыстар:
1) топографиялық
карталарды баспаға
даярлау - 88 парақ;
2) цифрлеу - 765
парақ;
3) топографиялық
карталарды басып
шығару - 916 парақ;
4) топографиялық
карталарды мемле-
кеттік тілде
жасау, дайындау
және оларды 1024
данада басып шығару;
5) географиялық,
оқу және темати-
калық карталарды,
атластарды құру -
26 парақ.
5. Географиялық
атаулардың мемле-
кеттік каталогын
басып шығару - 4
дана.
6. Геодезия және
картография сала-
сында нормативті-
техникалық құжат-
тарды, нұсқауларды
әзірлеу - 5 бірлік.
7. Топография-
геодезиялық және
картографиялық
жұмыстар өндірісі
нәтижесінде құрас-
тырылған материал-
дар мен құжаттар-
дың сақталуын
қамтамасыз ету,
мемлекеттік есепке
алу, сақтау -
13500 мың дана
құжат.
8. Осы заманғы
технологиялық про-
цестерді және тех-
никалық құралдарды
өндіріске енгізу.
9. Каспий теңізі-
нің Қазақстандық
секторының теңіз
картасын жасау
үшін геодезиялық
және картография-
лық жұмыстарды
жүргізу.

I-IV
тоқсан

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Жер ресур-
старын
басқару
агенттігі

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: 41273 шаршы км. аумағында Ақмола облысы аумағының аэросуреттерін, 575 текше метрді нивелирлеу сызығы нүктелерінің биіктіктерін алу, топографиялық карталардың масштабтық қатарын 997 парақта жаңарту, топографиялық карталардың 916 парағын басып шығару, цифрлық карталардың 765 парағын және тематикалық карталардың 26 парағын жасау, географиялық атаулардың 4 каталогын басып шығару, 5 нормативтік-техникалық құжатты әзірлеу, сондай-ақ топографиялық карталардың мемлекеттік тілдегі 1024 парағын дайындау және басып шығару.
      Соңғы нәтиже: республикамыздың жалпы 2,7 млн. шаршы км аумағының 1,5 % аумағына аэротүсіріс орындау, I және II классты нивелирлеу сызығының 6,3% ұзындығын нивелирлеу, республиканың жалпы территориясының 3% аумағының топографиялық карталарын жаңарту, карталардың қажетті парақ санының 7% құрылған және басып шығарылған.
      Қаржы-экономикалық нәтижесі: Топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісінің ерекшеліктері үздіксіз циклді қажетсінеді. Объектідегі жұмыстар циклінің орташа ұзақтығы 3 жыл.
      1) бір шаршы км аэроғарыштық түсіріс бағасы күрделілік категориясына және масштабқа байланысты - 1953,1 теңге;
      2) нивелирлеу класына байланысты нивелирлеудің бір текше км орташа бағасы - 10220,6 теңге;
      3) масштабқа байланысты топографиялық картаның бір шаршы км жаңартудың орташа бағасы - 1198,8 теңге.
      4) масштабқа байланысты картаның бір парағын басып шығарудың орташа бағасы - 17980 теңге, цифрлеу - 179205 теңге.
      Уақыттылығы: Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар 2008 жылдың 25 желтоқсанында толық көлемде орындалады.
      Сапасы: жергілікті жердің нақты жағдайына сәйкес келетін топографиялық карталардың 6% басып шығару.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына      
396-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 45400 мың теңге (қырық бес миллион төрт жүз мың теңге).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12. N 581д Қаулысымен.
      2 . Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 , 9 , 10, 11, 139 , 152 , 153 , 159 , 160 , 161 , 162-баптары ; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы" 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы" 2006 жылғы 14 қарашадағы N 216 Жарлығы ; "Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 956 қаулысы ; "Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі N 958 қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : жер ресурстары әлеуетін пайдалану тиімділігінің әлемдік деңгейіне жету үшін, аумақтық-кеңістік жоспарлаудың әлемдік өлшемдерін ескере отырып, жер пайдалануды ұйымдастырудың ғылыми, инновациялық-технологиялық және әдістемелік қамтамасыз етілуі.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : Бағдарламаның аталған мақсатына сәйкес мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
      Қазақстан Республикасының жер ресурстары әлеуетін тиімді пайдалану, сақтау және қайта өндіруді ұйымдастырудың тұжырымдамасын әзірлеу;
      Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқарудың ақпараттық-аналитикалық жүйесін құрудың және дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу;
      8 эталондық полигонда ірі масштабты тематикалық карталарды әзірлеу; дешифрлеу каталогтары;
      жерге орналастырудың эксперименттік-өңірлік схемаларын (жобаларын), сондай-ақ өндіргіш күштерді орналастырудың аудандық схемаларын әзірлеу;
      өлшемдерді, стандарттарды әзірлеу, яғни нарықтық жағдайда жер әлеуетін пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері және жылжымайтын мүлік кешенінің құрамында жер үлесінің нормативі;
      жер учаскесінің кадастрлық құнының стандарттарын, жер үшін төлемнің базалық ставкасына түзету коэффициенттерін әзірлеу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006


Жер
ресурстарын
басқару
саласындағы
қолданбалы
ғылыми
зерттеулер

Жер ресурстарын
басқару саласында
қолданбалы ғылыми
зерттеулерді
жүргізу:
жер ресурстары
әлеуетін ұтымды
пайдалануға және
жоспарлауға кешен-
ді, жүйелі тәсіл-
дің әдіснамасын
әзірлеу;
жер ресурстарын
басқару саласында
ғылыми-практикалық
зерттеулердің
экономикалық-
математикалық
қамтамасыз етілуі;
жер кадастрын
және жер ресурста-
рын басқарудың
автоматтандырылған
жүйесін жетілдіру;
шифрі анықталатын
каталогтарды әзір-
леу және аэроға-
рыштық жер мони-
торингін жүргізу;
аумақты жайласты-
рудың ландшафтық-
экологиялық тәсілі
принциптерінде
ландшафтық жоспар-
лаудың нормативтік
базасын әзірлеу;
әлеуметтік-тиімді
жер нарығына және
жер ресурстарын
ұтымды пайдалану-
дың және қорғаудың
экономикалық ын-
таландыруына көшу;
халықаралық талап-
тарға сай келетін
техникалық стан-
дарттарды әзірлеу
және енгізу.

I-IV
тоқсан

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Жер ресур-
старын
басқару
агенттігі








        7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: 7 тақырыпты қамтитын 1-ші бағыттағы жер ресурстары әлеуетін ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулердің инновациялық нәтижелерін пайдалану.
      Соңғы нәтиже: инновациялық технологияларды қолдана отырып, топырақтық-өсімдік қабаттың, жер кадастры мен жерге орналастырудың мониторингін жүргізу және картографиялау жеделдікті, сондай-ақ жердің сандық және сапалы жағдайы туралы деректердің дұрыстығын 8-10%-ға арттырады; өтеулі жер пайдалану жүйесінің ғылыми-әдістемелік базасы жер нарығының трансакциялық шығындарын 3-4%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
      Қаржы-экономикалық нәтиже: қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 6583,7 мың теңге.
      Уақыттылығы: жасалатын шарттарға сәйкес бір жылдың ішінде.
      Сапасы: қолданбалы ғылыми зерттеулердің жүргізілуі еңбек шығындарын және жер туралы ақпараттық ресурсты қалыптастыру бойынша қаражатты 10-13%-ға төмендетуге ықпал етеді, сондай-ақ экономика салаларын дамытуда жер ресурстары әлеуетін пайдалану деңгейін кем дегенде 10-15%-ға арттыруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына      
397-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
              Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

2008 жылға арналған
"Электрондық үкімет құру"
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 556781 мың теңге (бес жүз елу алты миллион жеті жүз сексен бір мың теңге).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.12. N 581д Қаулысымен.
      2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 152 , 153 , 157 , 158 , 159-баптары ; "Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі N 1449 қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : жер ресурстарын басқарудың жүйесі мен әдістерін жетілдіру; Мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің автоматтандырылған жүйесін іске асыру жолымен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырудың мүддесі үшін республикада жерді тиімді пайдалану жөніндегі үйлестірудің және бақылаудың тиімді тетіктерін енгізу; Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйені (МЖК ААЖ) құру саласында мемлекеттік саясатты іске асырудың нормативтік базасын әзірлеу және жетілдіру.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің осы заманғы әдістерін қалыптастыру; жерлерді түгендеу және бағалау бойынша жұмыстардың процесінде меншіктің барлық нысандағы жер учаскелерін және оларға байланысты жылжымайтын мүліктің объектілерін мемлекеттік кадастрлық есепке қою, кадастрлық есептегі объектілер туралы автоматтандырылған мәліметтер базасын құру; мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік жер кадастрын жүргізу бойынша жер учаскелерін қалыптастыру, есепке алу, бағалау процестерінің автоматтандыруын қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық кешендерді, осы заманғы отандық ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды, ақпаратты қорғау құралдарын ұйымдастыру; қалыптастыруға, мемлекеттік есепке, техникалық түгендеуге, бағалауға, құқықтарды тіркеуге, салық салуға, жер мен жылжымайтын мүлікті басқаруға және иеленуге байланысты ақпараттық жүйелердің үйлесімділігін қамтамасыз ету және олар арасындағы электрондық мәліметтер алмасу жүйесін құру; жердің мемлекеттік кадастрлық есебін, жерлердің кадастрлық құнын қамтамасыз ететін кадрларды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу.
      6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :

N
р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдарла-
маның
(кіші бағ-
дарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

112


Электрондық
үкімет құру




2


100

Мемлекеттік
жер
кадастрының
автоматтан-
дырылған
ақпараттық
жүйесін
құру

"Деректерді сақтау
орны" кіші жүйесін
әзірлеу. Тематика-
лық цифрлық карта-
ларды жасау.
Кадастр мамандарын
геоақпараттық
жүйелерге оқыту.
Ағымды сканерлеу-
дің сканерлерін
сатып алу. Элект-
рондық геодезиялық
жабдықты сатып
алу. Цифрлық аэро-
фототүсіру құрал-
дарын сатып алу.
Ең жоғары рұқсаты
бар өзгертілген
ғарыштық суреттер-
ді сатып алу.

2008
жылдың
ішінде

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Жер ресур-
старын
басқару
агенттігі

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Мемлекеттік қызметтерді алушылар: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және оның бөлімшелері, заңды тұлғалар мен республика азаматтары, Электрондық үкімет, Ауыл шаруашылығы министрлігі және оның бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және оның бөлімшелері, Салық комитеті және оның бөлімшелері, қалалардың, аудандардың әкімшіліктері, ипотекалық қызметтер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері, экологиялық ұйымдар, геологиялық ұйымдар.
      Бағдарламаны орындаудың 2008 жылғы нәтижесі: облыстық және Республикалық Орталықтарды техникалық құралдармен қамтамасыздандыру, Мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің негізгі кіші жүйелерін құру ("Мәліметтерді сақтау орны" кіші жүйесі). Тематикалық цифрлық карталарды жасау. Кадастр мамандарын оқыту. Электрондық геодезиялық жабдықты сатып алу. Цифрлық аэрофототүсірудің құралдарын сатып алу. Ғарыштық суреттерді сатып алу.
      Бағдарламаны орындаудың нәтижесі: салықтар және өзге де аударымдар түрінде барлық деңгейдегі бюджеттерге кірістерді арттыру, жобаны іске асырудың жанама экономикалық әсері, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілерінің инвестициялық жағымдылығын жақсарту, азаматтық жер айналымын дамыту және жер нарығындағы мәмілелер мен өзге жылжымайтын мүлікті қарқындату және транзакциялық шығындарды төмендету, жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілері туралы толық статистикалық ақпаратты қолданудың негізінде аймақтардың экономикалық дамуын жоспарлау және болжау, қор құрал-саймандарымен қамтамасыз ету ретінде жер мен жылжымайтын мүлік түрінде нақты қамтамасыз етуі бар ипотекалық міндеттемелерді және өзге де бағалы қағаздарды пайдалану есебінен қаржы-несие жүйесін дамыту, учаскелерді салумен және жақсартумен кейін оларды сату үшін айналысатын салушылардың қызметін қарқындату, кәсіпорындарды және оларға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілерін басқарудың тиімділігін арттыру.
      Қаржы-экономикалық нәтиже: жер төлемдерін 8-10%-ға көбейту.
      Уақыттылығы: кадастрлық қызметтердің басқару-техникалық қызметкерлер құрамын ақпаратты есепке алу, сақтау және өңдеу бойынша қол жұмысынан 80%-ға босатады, ақпаратты есепке алу, сақтау және өңдеудің жедел, сапалы және сенімді процесін қамтамасыз етеді; талап етілетін мерзімде басшылықты және жер-кадастрлық қызметтердің басқару-техникалық қызметкерлер құрамын сапалы ақпаратпен қамтамасыз етеді; жерге байланысты шаруашылық қызметіне уақтылы және сапалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді; жер ресурстарын басқаруға байланысты шешімдерді жылдам және сапалы қабылдауға мүмкіндік береді.
      Сапасы: республика бойынша МЖК ААЖ-нің 220 бағдарламалық-техникалық кешендерін енгізу, жер-кадастрлық қызметтердің 670 маманын оқыту, бүкіл аумақ бойынша электрондық түрдегі кадастрлық деректерді құру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады