Қобда ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 262 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына, "Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 154-ө бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың әдістемелік ұсынымдарын бекіту туралы коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу жөніндегі атқарушы органдарға" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген), Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қобда ауданы бойынша қалдықтарды басқару бағдарламасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қобда аудандық
мәслихатының төрағасы
Ж. Ергалиев

  Қобда аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
"25" желтоқсандағы № 262
шешіміне қосымша

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ 2025-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРЫН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛАМАСЫ

      ӘЗІРЛЕУШІ

      "CSDConsulting" ЖШС

      Кобда ауылы

      2024 ж

      Мазмұны

      Терминдер және анықтамалар...........................................................................................................4

      Бағдарлама паспорты ........................................................................................................................6

      КІРІСПЕ..............................................................................................................................................7

      1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ ҚОБДА АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ......................……..........................................................................................................8

      2.1 ҚОБДА АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ АҒЫМДЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ ...........................................................................................10

      2.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілуінің және қайта өңдеудің сандық көрсеткіштері......10

      2.2 ТҚҚ сапалық құрамы................................................................................................................10

      2.3 Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тарифтер ............2

      2.4 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау..........................2

      2.5 Қалдықтардың жеке түрлерін басқару жүйесін талдау ........................................................2

      2.6 Қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларға бөлінген қаржыларды талдау................................................................................................................................................2

      2.7 2024-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін болжау .......2

      2.8 Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдық жағдайды талдау бойынша қорытындылар .................................................................................................................................2

      2.9 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау..................................................................................2

      3. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ. .............................................................................................19

      3.1 Мақсаты және міндеттері ......................................................................................................19

      3.2 Мақсаттық көрсеткіштер .......................................................................................................19

      4. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СӘЙКЕС ШАРАЛАР ........................................2

      4.1 Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды үнемі шығарып отруды ұйымдастыру . ................................................................................................................................2

      4.2 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету …........................………....22

      4.3 Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі ........................................................................2

      4.4 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін құру ....................30

      4.5 Коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинаудың ұтымды жүйесіне тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату …………….........................................................……………......30

      5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ................................................... Ошибка! Закладка не определена.

      6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ...............2

      7. . БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ .....................................................2

      8. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМ ..........................………….…......36

      1-қосымша. Қобда ауданындағы коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарумен қамтуды жоғарылату үшін қажетті контейнер мен контейнерлік алаңдарды алдын-ала есептеу .......................................................................................................................................................38

      2-қосымша. Қобда ауданының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары ...................................................................................................................................................... 39

      3-қосымша. Қобда ауданындағы қалдықтарға арналған ТҚҚ үйінділерінің, контейнерлік алаңдарының, контейнерлерінің жай-күйін бағалау …....................…………….........…….43

ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

      Биоыдырайтын қалдықтар - анаэробты немесе аэробты ыдырауға қабілетті қалдықтар, соның ішінде бау-бақша және саябақ қалдықтары, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстырылатын тамақ қалдықтары, макулатура.

      Қалдықтарды көму – қалдықтарды алу ниетінсіз, шектеусіз мерзім аралығында қауіпсіз сақтау үшін арнайы бекітілген орындарда жинау.

      Коммуналдық қалдықтар – тұтыну қалдықтары, құрамына кіретіндер:

      1) аралас қалдықтар және қағаз және картон, шыны, металл, пластмасса, органикалық қалдықтар, ағаш, тоқыма, қораптар, пайдаланылған электрлік және электрондық жабдықтар, батареялар мен аккумляторлар секілді үй шаруашылығында бөлек жиналған қалдықтар;

      2) аралас қалдықтар және өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылығындағы қалдықтарға ұқсас болып келетін басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар.

      Контейнерлік алаңдар – коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар, мұнда коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған көлікке арналған жүру жолдары бар коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнатылады;

      Ірі көлемді қалдықтар – шаруашылық әрекет барысында (тұрмыстық техника, жиһаз және басқалары) өзінің тұтынушылық қасиетін жойған және өзінің көлемі бойынша тек мамандандырылған көлік құралдарымен ғана тасымалдау мүмкіндігі бар тұтыну қалдықтары.

      Тұтыну қалдықтары – адамның тіршілігі барысында түзілген қалдықтар, толық немесе ішінара өзінің тұтынушылық қасиетін жойған өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қораптары және басқа заттар немесе олардың қалдықтары, агрегатты күйіне қарамастан, пайдалану мерзімі немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сонымен қатар, меншік иесі өз бетінше немесе құжат арқылы тұтыну қалдығы разрядына өткен қалдықтар.

      Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары – Жарамсыз немесе қолданыстан шыққан, қалдық қатарына жатқызылатын электрондық және электрлік жабдықтар, сонымен қатар, оның тораптары, бөліктері, бөлшектері.

      Тамақ қалдықтары - тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну нәтижесінде пайда болатын, тамақ өнеркәсібінде түзілетін қалдықтармен салыстырылатын қалдықтар.

      Қалдықтарды көму полигондары -. қалдықтарды алу ниетінсіз, арнайы жабдықталған, экологиялық, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін орынға тұрақты орналастыру.

      Қалдықтарды бөлек жинау - ары қарай мамандандырылған басқаруды жеңілдету мақсатында түрлері немесе топтары бойынша бөлек жиналған қалдықтар.

      Қалдықтарды жинау – жеке және заңды тұлғалардан мамандандырылған ұйымдарға ары қарай қайта қалпына келтіруге немесе жоюға бағыттау мақсатында қалдықтарды қабылдауды ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер.

      Мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;

      Құрылыс қалдықтары - ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандарды, жолдарды, инженерлік және басқа коммунакциялардың құрылысы немесе оларды бұзу, сұрыптау, қайта жабдықтау, жөндеу (соның ішінде капиталдық) барысында түзілетін қалдықтар.

      Тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты күйдегі коммуналдық қалдықтар.

      Қалдықтарды тасымалдау – жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою барысында түзілген, жинақталған қалдықтарды мамандандырылған көлік құралдары көмегі арқылы тасымалдаумен байланысты іс-әрекеттер.

      Қалдықтар жою – термиялық, химиялық немесе биологиялық үдерістер нәтижесінде көлемі маңызды түрде төмендейтін және (немесе) қалдықтардың физикалық жай-күйі мен химиялық құрамы өзгеретін, бірақ өнім өндіру немесе энергия алу мақсатында қолданылмайтын қалдықтарды жою тәсілі.

      Қалдықтарды басқару - қалдықтар түзілгеннен бастап, соңғы жойғанға дейінгі жүзеге асырылатын опеарциялар.

      Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі – меншік нысаны және іс-әрекет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде және (немесе) жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) тұратын немесе өзінің іс-әрекетін жүзеге асыратын, сонымен қатар, меншік иелігінде контейнерлік алаңдары мен контейнерлері жоқ, немесе жалпы пайдаланылатын жерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін контейнерлік алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органмен ұйымдастырылатын жүйе.

Бағдарлама паспорты

Атауы

Ақтөбе облысы Қобда ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарлама

Әзірлеуге арналған негіздеме

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі. 2021 жылдың 2-қаңтарындағы № 400-VI ҚРЗ
Жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі Бағдарламаны әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 18.05.2023 ж. № 154б бұйрығы.

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

"Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ

Бағдарлама мақсаты

Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес Қобда ауданының аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру.

Бағдарлама міндеттері

1. Коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыру.
2. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету.
3. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және қалыптастыру.
4. ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту.
5. Коммуналдық қалдықтарды жинау, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесіндегі тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату.

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көлемі 2025-2029 жж Қобда ауданындағы коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы іс-шараларды қаржыландыруға жергілікті атқарушы органмен бөлінген бюджеттік құралдар санынан тәуелсіз есептеледі.

Бағдарламаны орындаушылар

Бегалы ауылдық округі әкімдігінің аппараты, Бестау ауылдық округі әкімдігінің аппараты, Бұлақ а/о әкімдігінің аппараты, Жарсай а/о әкімдігінің аппараты, Қызылжар а/о әкімдігінің аппараты, Өтек а/о әкімдігінің аппараты, И. Құрманов атындағы ауылдық округ әкімдігінің аппараты, Жарық а/о әкімдігінің аппараты, Сөгәлі а/о әкімдігінің аппараты, Ақырап а/о әкімдігінің аппараты, Иманғали Билтабанова атындағы ауылдық округінің аппараты, Жиренқопа а/о әкімдігінің аппараты, Талдысай а/о әкімдігінің аппараты, Терісаққан а/о әкімдігінің аппараты, Сарбұлақ а/о әкімдігінің аппараты, Қобда а/о әкімдігінің аппараты коммуналдық қалдықтарды жинаумен, шығарумен, қалпына келтірумен және көмумен айналысатын субъектілер, мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік нысандар, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, ҮЕҰ, тұрғындар және басқа да мүдделі тараптар.

Кезеңдері

5 жыл: 2025 – 2029 жж.

КІРІСПЕ

      Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы ағымдық жай-күйді талдау және қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттерді жетілдіруге бағытталған іс-шаралар тізбегін қарастыратын стратегиялық құжат болып табылады.

      Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама ұлттық , стратегиялық, бағдарламалық және концептуалдық құжаттарды, сонымен қатар халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің (ары қарай – ҚР ЭК) 365-бабына және "Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік ұсыныстарына" (ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің 18.05.2023 жылғы № 154 бұйрығы) сәйкес әзірленген.

      Бағдарламаны әзірлеу барысында Қобда ауданының коммуналдық қалдықтарын басқарудың ағымдық жай-күйіне талдау жасалынды, мәселелер айқындалды және экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, аудан аумағында коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған іс-шаралар кешені әзірленді.

      Бағдарламаның негізгі бағыттарын тәжірибелік тұрғыдан жүзеге асыру Қобда ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді: қалдықтарды басқару инфрақұрылымы жаңғыртылатын болады, ТҚҚ жинау, тасымалдау, қайта өңдеу жәәне кәдеге жарату жүйесі жетілдіріледі, қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылады, көмуге жіберілетін қалдықтар саны қысқартылады, ТҚҚ жаңа полигонының құрылысы жүргізіледі, қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды басқару жөніндегі тұрғындардың қызығушылықтары мен хабардарлығы жоғарылайды.

      Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі мақсаты Қобда ауданының, жалпы Ақтөбе облысының қоршаған ортасына қалдықтардың теріс әсерін төмендетіп, коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы Қазақстан Республикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу болып табылады.

1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ ҚОБДА АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

      Қобда (Хобда) ауданы Ақтөбе облысының солтүстік-батысында орналасқан. Аудан аумағы 14 мың км кв. Аудан орталығы – Қобда ауылы.

      Аудан батысында Қазақстанның Атырау облысымен және солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысымен шектеседі. Шекараның аз ғана бөлігін Елек өзені алып жатыр. Ауданның басты су артериясы – Үлкен Қобда Елек өзеніне барып құяды. Транспорттық желі автожолдармен көрсетілген. Аудан орталығы Қобда өңірдің маңызды үлкен жолымен қиылысады, атап айтсақ, Атырау-Ақтөбе магистралы және Ойылға қарай автожолмен шектеседі. Қобда ауданынан Ақтөбеге дейінгі қашықтық - 115 км.

      Ауданның шаруашылық жерлерінің үш бөлігін егінді жерлер, ал қалған бөлігі жайылымдық жерлер алып жатыр. Мал шаруашылығы – аудан аумағындағы адамдардың ертеден келе жатқан кәсібі. Қобда ауданы ет және сүтті мал шаруашылығы дамыған аграрлы аудан. Мұнда астық және көкөніс мәдениеті өсіріледі. Аудан Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығының 7,9% жалпы өнімін өндіреді.

      Ауданда ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар жоқ.

      Қобда ауданының төңірегінде көшпенділер тұрағының іздері табылған, оны уақыты шамамен 4,5 мың жыл бұрын деп есептеледі. 19-ғасырдың аяғына дейін жергілікті тұрғындардың тұрмысы аз өзгеріске ұшыраған. Қазақ далаларын шаруашылық игеру басталғаннан кейін қазіргі тұрғын пункттер құрылысы басталған.

      1929 жылы Новоалексеевка ауылы орталығы болып табылатын Қобда ауданы деп аталатын аумақтық бірлік пайда болды.

      Аудан тұрғындары 2024 жылдың 1 қаңтарында 15 074 адамды құрады (Қобда ауданы әкімдігінің мәліметтері бойынша).

      Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасалған, 1486 тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің белсенді түрде 1452 немесе 98% жұмыс жасайды. .

      Қобда ауданы тарихи ескерткіштерге бай аудан. Ауданның туристік ресурстары танымдық, экологиялық, сауықтыру -спорттық бағыттарды қамтиды.

      Қобда ауданының әкімшілік-аумақтық бөлінісі 31 ауылдық тұрғын пункттері бар 16 ауылдық округтен тұрады (кесте 1).

1-кесте -Қобда ауданының әкімшіліктік-аумақтық бөлінісі

Ауылдық округтер

Тұрғын пункттер

Тұрғындар, адам

Ақрап а/о

Ақырап ауылы

689

Бегалы а/о

Бесқұдық ауылы

962

Бестау а/о

Бестау ауылы

440

Бұлақ а/о

Әлия ауылы

1068

Бұлақ ауылы

140

Білтабанов атындағы а/о

Білтабанов атындағы ауылы

452

Косөткел ауылы

146

Байтақ ауылы

82

Жиренқопа а/о

Жиренқопа ауылы

565

Жарық а/о

Жарық ауылы

250

Қанай ауылы

56

Жаманкөл ауылы

58

Ортақ ауылы

26

Жарсай а/о

Жарсай ауылы

535

Ақсай ауылы

237

Қарағанды ауылы

49

Құрманов атындағы а/о

Егіндібұлақ ауылы

328

Бегалы ауылы

306

Қызылжар а/о

Қызылжар ауылы

322

Қаракемер ауылы

131

Қобда а/о

Қобда ауылы

7062

Құрсай ауылы

190

Өтек а/о

Өтек ауылы

481

Жарсай-2 ауылы

46

Сарбұлақ а/о

Сарбұлақ ауылы

521

Сөгәлі а/о

Көк үй ауылы

153

Қоғалы ауылы

181

Сөгәлі ауылы

58

Талдысай а/о

Талдысай ауылы

906

Терісаққан а/о

Жаңаталап ауылы

340

Терісаккан ауылы

646

      Аудан дамуының негізгі құжаттары болып мыналар табылады:

      Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары (облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 14-желтоқсандағы № 161 шешімімен мақұлданған);

      Ақтөбе облысының 2022-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары (Ақтөбе облысының 2022-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 38 Қаулысы);

      Ақтөбе облысының 2024-2026 жылдарға арналған экологиялық мәселелерді кешенді шешу бойынша жол картасы;

      Ақтөбе облысының 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес апатты үйінділердің алдын-алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу жоспарлануда (облыстық мәслихатттың 2022 жылғы 17 тамыздағы № 150 шешімімен бекітілген);

      Қобда ауданының 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары: "Қолайлы экологиялық орта" 2.4 бөлімінде аудан бойынша рұқсат етілмеген үйінділерді жою және қалдықтарды бөлек жинауға арналған 40-тан аса контейнерді алу жоспарланған.

2. ҚОБДА АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ АҒЫМДЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ

      2.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілуінің және қайта өңдеудің сандық көрсеткіштері

      ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің (ары қарай – ҚР ЭТРМ) мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасында жыл сайын 4,5-5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ары қарай - ТҚҚ) түзіледі.

      Ақтөбе облысында 300 мың тонна ТҚҚ түзіледі, оның 18,7% артық емес бөлігі қайта өңделеді (облыс әкімдігінің мәліметтері бойынша).

      Қобда ауданында жылына 255-тен 419 тоннаға дейін тұрмыстық қатты қалдықтар түзіледі ("Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ мәліметтері бойынша). 2-кестеде Қобда ауданы бойынша 2021-2023 жылдардағы ТҚҚ түзілу және қайта өңдеу көлемі туралы мәліметтер ұсынылған).

2-кесте. ҚР, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы бойынша 2021-2023 жылдардағы ТҚҚ түзілу және қайта өңдеу көлемі

Атауы

Өлшем бірлігі

жылдар

2021

2022

2023

1

ТҚҚ түзілу көлемі

1.1

Қазақстан Республикасы*

тонна

4 214 056

4 340 630

4 100 000

1.2

Ақтөбе облысы**

тонна

299 764

300 886

303 741

1.3

Кобда ауданы ***

тонна

255

342

419

2

Түзілген ТҚҚ жалпы көлемінен қайта өңдеу үлесі

2.1

ҚазақстанРеспубликасы*

%

21,1

25,4

24

2.2

Ақтөбеоблысы**

%

10,7

15,0

18,7

2.3

Кобдаауданы ***

%

0

0

0

      *ҚР ЭТРМ мәліметтері

      ** Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметтері

      ***"Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ мәліметтері

      2-кестеде көрсетілгендей, Қобда ауданындағы ТҚҚ түзілуінің орташа жылдық көлемі 339 тоннаны немесе Ақтөбе облысындағы ТҚҚ түзілуінің жалпы көлемінен 0,11% құрайды.

      Қобда ауданында ТҚҚ қайта өңдеу қарастырылмаған.

      2.2 ТҚҚ сапалық құрамы

      ТҚҚ жинау, жою жүйесіне талаптар, сонымен қатар жұмыс істеу бойынша оңтайлы шаралар қалдықтардың морфологиялық құрамын және қалдықтардың сапалық құрамын анықтайды.

      Қалдықтардың морфологиялық құрамы – қасиетімен, пайда болуымен, жалпы массадағы пайызбен көрсетілетін химиялық құрамымен бір-бірінен ерекшеленетін жеке құрамдас (компонент) өндіріс және тұтыну қалдықтарының қатынасы. Шығарылатын және\немесе қайта өңдеуге жатқызылатын қалдықтардың көлемін нақты бағалау үшін ТҚҚ талдау барысында қолданылады.

      Коммуналдық қалдықтардың морфологиялық құрамының 70% пайдалы фракциялардан тұрады. ТҚҚ морфологиялық құрамы – пайда болуы, химиялық құрамы және қасиеті бойынша бір-бірінен маңызды айрықшаланатын жеке компоненттердің құрамы. Негізінде морфологиялық құрамда 10-нан 15-ке дейін компоненттер бар: тағам қалдықтары; қағаз және картон; полимерлер (пластик, пластмасса), шыны; қара металл; түсті металл; мата; ағаш; қауіпті қалдықтар (батарейкалар, құрғақ және электролитті аккумляторлар, еріткіш, бояу ыдыстары; сынапты шамдар; телевизиялық кинескоп және т.б.) сүйек, тері, компоненттері алынғаннан кейінгі коммуналық қалдықтардың қоқыстары, құрылыс қоқыстары, тас, көше қалдықтары және т.б. секілді компоненттерден тұратын күрделі қоспа (Тұрмыстық қатты қалдықтардың морфологиялық құрамын анықтау әдістемесі, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылығы істері бойынша ҚР агенттігінің төрағасының 2012 жылғы 10 ақпандағы № 4 бұйрығы).

      Қазақстанда ТҚҚ морфологиялық құрамының орташа көрсеткіштері келесідей: тағам қалдықтары (37,2), пластик (16,2%), макулатура (11,1%). Қалдықтардың (11%) компоненттері және басқалары алынғаннан кейінгі бөліктері коммуналдық қалдықтарға жатқызылады ("Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы" КЕАҚ 2020 жылы Қазақстан қалаларында жүргізген зерттеу мәліметтері бойынша анықталды).

      Ауылдық жерлердегі қалдықтардың морфологиялық құрамы қаладағы қалдық құрамынан өзгешеленеді. Мұнда органикалық қалдықтар басым және пластмассаның, қораптық материалдардың, қағаз және картонның аз бөлігі кездеседі. Қалдықтардың органикалық бөлігі шындығында үйінділерге немесе полигондарға тасталынбайды, жануарларға жем-қор ретінде беріледі немесе үй жағдайында қордаланады. Ағаш, қағаз және картондар үй пештерінде жағылады. Полигонға келіп түсетін қалдықтардың басым бөлігі қождар, құрылыс материалдары және сынған шынылар.

      Қобда ауданындағы ТҚҚ морфологиялық құрамына зерттеулер жүргізілмеген.

      Қалдықтардың морфологиялық құрамы туралы ақпараттар қалдықтармен жұмыс жасауды тиімді жоспарлау мен басқаруды қамтамасыз етеді: қауіпсіз жинау мен тасымалдау жүйесін ұйымдастыру; пайдалануға немесе зарарсыздандыруға осы немесе басқа технологияларды қолдану негіздемесі; екінші реттік қайта өңдеуге жарамды пайдалы компоненттердің нақты құрамы; кәдеге жаратудың тиімді технологиясын таңдау.

      Қобда ауданында орташа жылдық жобада ТҚҚ морфологиялық құрамына зерттеулер жүргізу қажет.

      2.3 Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тарифтер

      Болашақта коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін жоспарлауда және қалдықтарды басқаруды тиімді ұйымдастыруда ең маңыздысы бір есептік бірлікке шаққандағы жинақталатын коммуналдық қалдықтардың саны туралы ақпараттар, яғни есептік бірліктегі ТҚҚ түзілу нормативтері болуы керек.

      Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу үшін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі № 347 Бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеу ережелері, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген Халыққа тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдауғ сұрыптау және көму тарифтерін есептеу әдістемесі болып табылады.

      Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2022 жылдың 7 қазанында № 228 шешімімен Қобда ауданындағы коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілген (3-кесте).

      Аудандағы 1 тұрғынға коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары 0,78 м3-тен яғни 156 кг (жайлы жабдықталмаған үйлер үшін) келеді.

3-кесте – Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтардың жинақталу нысандарының түрлері

Есептік бірлік

Жылдық норма, 1 есептік бірлікке куб.метр

1

Жайлы жабдықталмаған үйлер

1тұрғынға

0,78

2

Жатақхана, интернаттар, балалар үйі, қарттар үйі және осыған ұқсас үйлер және т.б.

1 орынға

0,54

3

Қонақ үй, шипажай, демалу орындары

1 орынға

0,39

4

Балалар бақшасы, ясли және басқа да мектепке дейінгі ұйымдар.

1 орынға

0,28

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, конторалар, байланыс орталықтары

1 қызметкерге

1,52

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 реттік емделуге

0,0007

7

Аурухана, басқа да емдеу-сауықтыру мекемелері

1 койко-орынға

0,52

8

Мектеп және басқа да білім беру орталықтары

1 білім алушыға

0,17

9

Мейрамхана, кафе, басқа да көңіл көтеретін орындар және қоғамдық тамақтандыру орындары.

1 отыратын орынға

0,91

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерттік залдар, түнгі клубтар, ойын автоматтары, компьютерлік клубтар

1 отыратын орынға

0,11

11

Стадиондар, спорттық алаңдар

жоба бойынша 1 орынға

0,08

12

Спорттық, би және ойын залдары

Жалпы ауданнан 1 м2 

0,03

13

Базар, сауда павильондары, дүңгіршектер, науалар

Сауда алаңдарының 1 м2 

0,31

14

Базар, сауда павильондары, дүңгіршектер, науалар

Сауда алаңдарының 1 м2 

0,26

15

Дәріханалар

Сауда алаңдарының 1 м2 

0,13

16

Автотұрақтар, автожуғыштар, авто-жанармай құю бекеттері

1 машина-орынға

2,35

17

Авто шеберханалар

1 қызметкерге

2,03

18

Шаштараздар, косметикалық орындар

1 жұмыс орынға

1,46

19

Кір жуу, тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу және тігін ательелері.

Жалпы ауданнан 1 м2 

0,085

20

Зергерлік бұйым, аяқ киімді, сағатты жөндеу

Жалпы ауданнан 1 м2 

0,13

21

Монша, сауналар

Жалпы ауданнан 1 м2 

0,59

      Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесіне (ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 Бұйрығы) сәйкес, коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығы 0,2 тонна/м3 құрайды.

      ТҚҚ тығыздық коэффициенті 0.2-0.3 т/м3 "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың шекті нормативтерінің жобасын әзірлеу әдістемесінің" (Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2008 жылғы 18-сәуірдегі № 100-ө Бұйрығына № 16 қосымша және "Тұрмыстық қатты қалдықтар полигонынан атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын есептеу бойынша әдістеме" 9-ө, Қазақстан Республикасы қоршаған орта және су ресурстары Министрінің 2014 жылғы 12-маусымдағы № 221-Ө Бұйрығына № 11 қосымша) 2,44 тармағында келтірілген.

      Коммуналдық қалдықтардың түзілуін есептеу келесі түрде жүргізіледі:

      Қалдық көлемі, м3 = халық саны, адам * коммуналдық қалдықтардың түзілу нормасы, м3.

      Қалдықтардың нақты көлемі, м3 = 15 074адам * 0,78 м3/адамға = 11757,72 м3.

      Қалдық салмағы, тонна = қалдық көлемі, м3 * ТҚҚ орташа тығыздығы, тонн/м3

      Қалдық салмағы = 1175,72 м3 * 0,2 тонн/м3= 2351 тонна қалдық.

      Осылайша, Қобда ауданындағы коммуналдық қалдықтардың түзілуінің жыл сайынғы орташа нормативтік көлемі 11 мың м3 тонна ТҚҚ немесе 2 мың тонна қалдықтарды құрайды. Бұл жылына 330 тонна түзілетін қалдықтардың нақты мөлшеріне сәйкес келмейді.

      ҚР ЭК (3 тармақ, 367 бап) талаптарына сәйкес, тұрғындар жариялық келісім-шарт негізінде ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін пайдалануға және мәслихатпен бекітілген тарифке сәйкес қалдықтарды тасымалдау қызметінің ақысын төлеуге міндетті. Қобда ауданы бойынша тұрғындардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер Ақтөбе облысы Қобда ауданы мәслихатының 2022 жылғы 24 қарашадағы № 236 шешімімен бекітілген (4-кесте).

4-кесте - Қобда ауданы бойынша тұрғындардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жабдықталған үй иелерінен

Айына 1-тұрғынға

-

Жабдықталмаған үй иелерінен

Айына 1-тұрғынға

200

Бірлікке шаққандағы жылдық тариф (көлемі)

1 м3

3080

      2.4 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау

      Қалдықтарды жинау, жинақтау және бөлек жинау

      Қобда ауданы негізінен жеке иеліктегі үйлерден тұратын ауылдық тұрғын пункттер болып табылады. Қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесі жоқ. Әрбір үй шаруашылығы ауласынан қалдықтарды шығару үшін шығару қызметіне тапсырыс береді немесе жеке автокөлігімен шығарады. ТҚҚ-ды өз аулаларында жинақтайды, тағамдық қалдықтарды үй жануарларына береді, қағаз, картон, ағаш секілді қалдықтарды үй пештеріне жағады. Әр үйдің аулаларында апатты үйінділер бар. Қалдықтарды жергілікті үйінділерге шығару жеке өз бетінше жүзеге асырылады, мұндай үйінділер әрбір ауылдық округтерде бар. Жергілікті үйінділер қоршалмаған, экологиялық және санитарлық талаптарға жауап бермейді, адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті.

      Аудан орталығы Қобда ауылында жеке сектордан басқа жайлы жабдықталған сектор – көп қабатты тұрғын үйлер, әкімшіліктік ғимараттар және т. б. бар. Мұнда Алтынсарин көшесі бойындағы жалға берілетін коммуналдық үйлерде контейнерлік алаңдар бар, онда қалдықтарды араластырып жинауға арналған контейнерлер қойылған. Контейнерлік алаңдар мен контейнерлер санитарлық және экологиялық талаптарға жауап бермейді. ТҚҚ бөлек жинауға арналған контейнерлер жоқ. Қобда ауылынан қалдықтарды жинау және шығарумен Қобда ауылындағы полигонның операторы болып табылатын "АБЫз-LTD", ЖШС жүзеге асырады.

      ТҚҚ жинауды талдау нәтижелері бойынша айқындалды:

      - коммуналдық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі тек аудан орталығы Қобда ауылында ғана;

      - контейнерлер сыйымдылығы бойынша шағын, басым көпшілігі ескірген, қанағаттанарлықсыз жай-күйде;

      - қалдықтарды жинау үшін контейнерлер саны жетпейді;

      - контейнерлер қалдықтарды араластырып жинауға арналған;

      - контейнерлік алаңдар бекітілген санитарлық және экологиялық талаптарға жауап бермейді.

      Қалдықтарды бөлек жинау

      Қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылмаған. Қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер жоқ.

      Қалдықтарды тасымалдау

      ТҚҚ шығару тек Қобда ауылында ғана жүзеге асырылады. Қоқыстарды шығару қызметімен "АБЫз-LTD"ЖШС айналысады.

      Қалған тұрғын пункттерде қалдықтарды шығарудың орталықтандырылған жүйесі жоқ. Жергілікті тұрғындар ауылдық үйінділерге ТҚҚ өз бетінше шығарумен айналысады.

      ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес (ҚР Экологиялық Кодексі) (337 бап) қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау бойынша, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және жою бойынша іс-әрекеттерді жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері ҚР ЭТРМ іс-әрекеттің басталғандығы туралы хабарлау керек.

      Қобда ауданында мұндай кәсіпкерлік субъектілері жоқ.

      ҚР ЭК 367 бабына сәйкес, ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесі ТҚҚ нарығына қатысушыларды анықтау бойынша конкурс (тендер) жүргізу көмегімен ұйымдастырылады.

      Қобда ауылында ТҚҚ жинау және шығарумен айналысатын кәсіпкерлік субъектіні анықтау үшін конкурс 2024 жылдың 30 тамызында "Ақтөбе облысы Қобда ауылдық округ әкімдігі аппараты" ММ-мен жүргізілді. Жеңімпаз 2024 жылдың соңында белгілі болады.

      Қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу

      Ауданда екінші шикізатты (пластик, шыны, қағаз және картон қалдықтары) және т.б., қабылдайтын пункттер жоқ.

      Қалдықтарды көму

      Қобда ауылында 2017 жылы ТҚҚ полигонының құрылысына 5 га жер телімі бөлінген болатын. Полигон Қобда ауылының батысында 4,0 км қашықтықта және Ақтөбе-Орал автожолының сол жақ жағалауына 0,45 км қашықтықта орналасқан.

      Полигон аумағы қоршалған, әкімшіліктік ғимарат бар, бірақ қалдықтар қабылданбайды және ТҚҚ полигонының аумағына төгілмейді. ТҚҚ полигонымен қатар, рұқсат етілмеген үйінді бар, Қобда ауылынан шыққан барлық қалдықтар сол рұқсат етілмеген үйіндіге төгіледі.

      Қобда ауданының басқа да барлық ауылдық округтерінде қалдықтарды төгуге арналған жер телімдері бөлінген. Бірақ бұл орындар санитарлық және экологиялық таалптарға жауап бермейді.

      Апатты үйінділер

      Ауданда әрбір тұрғын пункттерде апатты үйінділер түзілген, оның басты себебі, қалдықтарды жинаумен шығарудың орталықтандырылған жүйесінің және қажетті инфрақұрылымның болмауымен сипатталады.

      2.5 Қалдықтардың жеке түрлерін басқару жүйесін талдау

      Құрамында сынабы бар қалдықтар

      Құрамында сынабы бар қалдықтарға (ары қарай ҚСБҚ) тұтынушылық қасиетін жойған құрамында сынабы бар шамдар мен приборлар жатады. ҚР ЭК 351 бабына сәйкес, құрамында сынабы бар шамдар мен приборлар қалдық ретінде танылады және полигондарға көмуге жарамсыз, сондықтан олар қалдықтарды кәдеге жарататын мамандандырылған ұйымдарға берілуі керек. Осыған байланысты ҚСБҚ жинау ұйымдастырылған.

      Республикалық мәндегі қала, астана және аудандық жергілікті атқарушы органдар (облыстық маңызы бар қалалар) тұрғындарда бұрын қолданылған құрамында сынабы бар энергияны үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуды ұйымдастыруға жауапты (ҚР "Энергия үнемдеу және энерготиімділікті арттыру туралы" 13.01.2012 жылдың №541-IV Заңы).

      Қобда ауданында ҚСБҚ тұрғындардан жинайтын контейнерлер жоқ. Тұрғындардан түзілетін қоректік көздер мен ҚСБҚ, ТҚҚ араласып контейнерлерге жинақталады және жалпы ағынмен бірге қоршаған ортаға зиян келтіре отырып, үйінділерге тасталынады.

      Электрлік және электрондық жабдық қалдықтары (ЭЭЖҚ)

      Электрондық және электрлік жабдық қалдықтарға барлық пайдаланылған батареялар немесе электрлік желі арқылы жұмыс істеген заттар (теледидар, компьютер, тоңазытқыш, радиоқабылдағыш, электрлік балалар ойыншықтары, компакт-диск және т.б.) және олардың элементтері (мысалы, батарея) жатады.

      ЭЭЖҚ полигондарға көму үшін қабылдауға тиым салынады. Жеке тұлғалардан электрлік және электрондық жабдық қалдықтарын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды мердігерлік ұйымдар жүзеге асырады (ҚР ЭК 351 б).

      Қобда ауданының тұрғындарынан ЭЭЖҚ бөлек жинау ұйымдастырылмаған, сондықтан олар жалпы ағынмен бірге үйінділерге түседі.

      Ауданда ЭЭЖҚ кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жүйесі жоқ.

      ҚР Экологиялық Кодексінің (365 б) талаптарына сәйкес, ЭЭЖ қалдықтарының қауіпті құрамдары бөлек жиналып, мамандандырылған кәсіпорындарға қайта қалпына келтіру үшін өткізілмейді.

      Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары

      Экологиялық заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалар өз бетінше ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын шығаруға мүмкіндігі бар арнайы ұйымдастырылған алаңдарға жинақталуы керек. Мұндай алаңдар Қобда ауданында жоқ. Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары басқа қалдықтармен бірге полигондарға шығарылады.

      Жергілікті әкімдіктің маңызды міндеті ірі көлемді және құрылыс қалдықтарына арналған арнайы ұйымдастырылған алаңдарды құру және оларды тасымалдау бойынша мамандандырылған компанияларды анықтау болып табылады.

      Тағам қалдықтары

      Ауданда тағам қалдықтарын бөлек жинау ұйымдастырылмаған. Аудан негізінен жеке үй құрылысы бар ауылдық тұрғын пункттерден тұрады, мұнда тағам қалдықтары үй жануарлары мен төрт түлікке жем-қор ретінде пайдаланылады. Қобда ауданында контейнерлік алаңдардағы тағам қалдықтары басқа қалдықтармен бірге контейнерлерге төгіледі, кейіннен полигонға жіберіледі.

      2.6 Қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларға бөлінген қаржыларды талдау

      Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына бөлінген қаржы көлемі 5-кестеде көрсетілген (Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша).

5-кесте – Қобда ауданы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғауға бөлінген ағымдық шығындардың көлемі

жылдар

2020

2021

2022

Шығын көлемі (мың теңге)

3 263

3 265

4 259

      Аудан әкімдігінің мәліметтері бойынша контейнерлерді сатып алу, контейнерлік алаңдарды жөндеу, апатты үйінділерді жою, қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлерді сатып алу мен жөндеу және тағы басқаларына қаржылар бөлінбеген.

      Ауданның барлық өңірінде қалдықтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесін құру үшін жаңа контейнерлерді, қоқыс таситын көліктерді сатып алу, контейнерлік алаңдарды құру, ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды құру, экологиялық, құрылыс және санитарлық талаптарға сәйкес келетін полигондарды құру, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру, ауылдық округтерден қалдықтарды жинау және шығару бойынша компанияларды анықтау, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды қабылдау пункттерін ашу және т.б. керек.

      Мұның барлығы да қосымша шығындарды талап етеді, сол себепті, жергілікті бюджетте қарастырылуы керек.

      2.7 2024-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін болжау

      Ақтөбе облысының даму жоспарына сәйкес, Қобда ауданында тұрғындар санының артуы, жаңа кәсіпорындардың ашылуы, экономикалық көрсеткіштердің өсуі, өмір сапасының жақсаруы, халық табысының артуы, коммуналдық қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесімен қамтылатын тұрғындар санының артуы байқалады деп жоспарлануда. Нәтижесінде кәсіпорындар мен тұрғындардан ТҚҚ түзілген және жиналған санының артуы болжамдануда.

      ЭТРМ ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасында коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсімі 5% құрайды. 6-кестеде 2029 жылға дейінгі Қобда ауданында қалдықтардың түзілу болжамы келтірілген.

6-кесте - 2029 жылға дейінгі Қобда ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілуін болжау

Атауы

Түзілген қалдықтардың нақты саны

ТҚҚ жоспарланған түзілу көлемі

Жылдар

2021

2022

2023

2024

2025

2026

2027

2028

2029

ТҚҚ түзілуі, тонна (ТКШ мәліметтеріне сәйкес)

255

342

419

440

462

485

509

535

561

ТҚҚ түзілуі (түзілудің бекітілген нормасы бойынша) 0,78 м3/адамға

2351 (орташа)

2468

2591

2721

2857

3000

3150

      Есептеулер 2023 жылдан кейін әр 2 жыл сайын қалдықтар санын 5%-ға арттырылып көрсетілген.

      Түзілген қалдықтар санының өсуі болжамданып жатқандықтан, "жасыл экономиканың" мақсаттық индикаторларына қол жеткізу мақсатымен Қобда ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру қажет (Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" өтуі жөніндегі тұжырымдама туралы" ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 568 Жарлығы (7-кесте).

7-кесте - Қалдықтарды басқару жөніндегі "жасыл экономиканың" мақсаттық индикаторлары


2022 ж.

2030 ж.

2040 ж.

2050 ж.

Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару жөніндегі қызметтермен тұрғындарды қамтамасыз ету (%)

82

90

100

100

Жалпы түзілу көлемінен коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі (%)

25,4

40

50

60

      2.8 Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдық жағдайды талдау бойынша қорытындылар

      Қобда ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдық жағдайды талдау көрсеткендей, қалдықтарды жинау мен шығарудың орталықтандырылған жүйесі тек Қобда ауылында құрылған. Ауданның барлық ауыл тұрғындары жергілікті үйінділерге немесе полигондарға ТҚҚ өз бетінше шығарумен айналысады.

      Қобда ауданында экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келетін коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру және келесі өзекті мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды:

      ●ауылдық округтерде қалдықтарды орталықтан жинау мен шығарумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындардың болмауы;

      ●Қобда ауылында орнатылған контейнерлердің тозуы;

      ●Ауылдық округтерде контейнерлік алаңдармен контейнерлердің болмауы;

      ●Қобда контейнерлік алаңдардың бекітілген экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келмеуі;

      ●Тұрғындардан құрамында қауіпті заттары бар қалдықтарды (ҚҚЗҚ, ЭЭЖҚ, медициналық) жинаудың ұйымдастырылмауы;

      ●Апатты үйінділердің үлкен саны;

      ●ТҚҚ бөлек жинауға арналған қоқыс сұрыптайтын желінің болмауы;

      ●ТҚҚ жинауға және тасымалдауға арналған (қоқыс таситын машина) инфрақұрылымның ауылдық тұрғын пункттерде болмауы;

      ●Қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды басқару мәселесі бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетінің төменгі деңгейі.

      2.9 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау

      Қобда ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін талдау үшін SWOT- талдау жүргізілді, бұл талдау арқылы қалдықтарды басқарудың күшті және әлсіз жақтары, маңызды мүмкіндіктері мен қауіптері анықталды (8-кесте).

8-кесте – Күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Қобда ауылында бір контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинау үшін контейнерлер орнатылған.
2. Коммуналдық қалдықтарды басқару инфрақұрылымын жақсартуды жоспарланған.
3. Қаржыландырудың жеке көздерімен потенциалды инвесторларды тартуды жоспарлануда.

1. Ауылдық округтерде коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесінің болмауы.
2. Қалдықтарды бөлек жинаудың болмауы
3. Қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың болмауы.
4. Қалдықтарды басқару мәселелері бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетінің төменгі деңгейі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

1. Коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру. 2. Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін құру.
3. Қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетін жоғарылату.
4. Қалдықтарды басқару бойынша инфрақұрылымды дамыту үшін инвесторларды тарту.
5. Қайталама шикізаттың әртүрлі түрлерімен жұмыс жасауға арналған заманауи ЕҚЖТ бар болуы.

1. Түзілетін қалдықтардың көлемінің артуы.
2. Қалдықтар жинақталған зоналардағы сыни экологиялық жағдайлардың пайда болуы.
3. Үйінді орналасқан зоналардағы атмосфера, топырақ, су ресурстарының ластануы.
4. Рұқсат етілмеген үйінділер санының артуы.

      Қалдықтарды басқару жүйесінің жай-күйінің күшті және әлсіз жақтарын талдау көрсеткендей, Қобда ауданында күшті жақтарына қарағанда әлсіз тұстары басымдау, сол себепті, жақын арада коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру үшін міндеттердің толық кешенін шешу керек.

3. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

      3.1 Мақсаты және міндеттері

      Бағдарлама мақсаты: Ақтөбе облысы Қобда ауданының аумағында заңнама талаптарына сәйкес келетін коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру.

      Бағдарлама міндеттері:

      1. Коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыру.

      2. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету.

      3. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және қалыптастыру.

      4. ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту.

      5. Қалдықтарды бөлек жинау саласындағы, сонымен қатар, қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы тұрғындардың мәдениеті мен қызығушылықтарын жоғарылату.

      3.2 Мақсаттық көрсеткіштер

      Бағдарламаның мақсаттық көрсеткіштері Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға (ҚР стратегиялық құжаты) өту тұжырымдамасының талаптарына, сонымен қатар, Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес айқындалған.

      Мақсаттық көрсеткіштер Қобда ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған (9-кесте).

9-кесте – 2025-2029 жылдарға арналған Қобда ауданындағы қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған мақсаттық көрсеткіштер

р/н

Мақсаттық көрсеткіштер атауы

Мақсаттық көрсеткіштердің мәндері

Ағымдық жағдай (2022-2024

2025

2027

2029

1.

ТҚҚ жинаужәнешығарудың орталықтандырылған жүйесіментұрғындардыңқамтылуы%

30

50

75

90

2.

Коммуналдыққалдықтардыбөлекжинаудыендіру:
- фракцияларбойынша, %
- қалдықтардыңжекеқауіптітүрлерібойынша (медициналықжәнесынабы бар, электрондықжәнетұрмыстық) %

0

20

50

75

3.

ТҚҚ кәдеге жарату және қайта өңдеу үлесі (түзілу көлемінен),

0

15

20

25

4.

Экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келетін жаңа полигон құрылысы, бірлікпен

0

1

0

0

5.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің, соның ішінде бөлек жинауды қоса алғанда ұтымды жүйесі туралы тұрғындардың хабардарлығын жоғарылату %

20

80

100

100

      Орталықтандырылған жүйе шеңберінде тұрғындарды ТҚҚ жинау және шығарумен қамту бойынша мақсаттық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарына сәйкес бекітілген.

4. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СӘЙКЕС ШАРАЛАР

      4.1 Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды үнемі шығарып отруды ұйымдастыру

      Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтар үнемі шығарып отыруды ұйымдастыру үшін қажет:

      - ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығына қатысушыларды анықтау;

      - қалдықтарды тасымалдау бойынша қызметтерге төлем жинау және заңды тұлғалармен жариялық ұсыныс келісіміне отыру;

      - ТҚҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді уақытылы және экономикалық негізделген түрде қайта қарастыру.

      ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығына қатысушыларды анықтау

      ТҚҚ жинау және тасымалдаумен айналысатын компанияны жергілікті атқарушы органдар конкурс (тендер) жүргізу арқылы анықтайды. ЖАО осы компаниялармен біріге отырып, ТҚҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге бекітілген тарифтерге сәйкес, қалдықтарды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге төлем жинауды ендіру қажет. Тарифті уақытылы қайта қарастырып отыру ұсынылады.

      Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес (367б) ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесі жергілікті атқарушы органмен ТҚҚ нарығына қатысушыларды анықтау мақсатында конкурс (тендер) жүргізу арқылы ұйымдастырылады. Конкурс тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алулар "Мемлекеттік сатып алулар" туралы ҚР Заңының 4 бөліміне сәйкес жүзеге асырылады, мұнда ТҚҚ жинау және тасымалдау конкурсына қатысушыларға төменгі талаптар бекітілген:

      - қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркеуде бар болуы (ҚР ЭК 337 бабының талаптарына сәйкес);

      - жеке меншігінде спутниктік навигация жүйелерімен жабдықталған көлік құралдарының бар болуы және /немесе жалға алынуы;

      - жеке меншігінде көліктерді қоюға, сақтауға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған жылытылатын өндірістік орындарының бар болуы және немесе жалға алынуы;

      - коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсететін білікті басқарушы және техникалық мамандардың бар болуы;

      - ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сұрыптау кешеніне сұрыпталған қалдықтарды жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шартқа отыруы керек немесе өз бетінше сұрыптауды жүзеге асыру керек;

      - ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және жоюды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарты болуы керек; сонымен қатар, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды сұрыптау кешеніне жеткізу де келісім-шарт негізінде жүзеге асырылуы керек;

      - ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтарды жеткізу кезінде полигон операторымен "қалдықтарды қабылдауға" арналған шарты болуы тиіс.

      Шалқар ауданының әкімдігі конкурстық (тендерлік) негізде ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компанияларды анықтап, олармен келісім-шартқа отыруы керек, ол келісім-шартта ауданның тұрғын пункттерінен және ауылдық округтерінен коммуналдық қалдықтарды жинау жәнешығару бойынша қызмет көрсету тәртібін, кестесін және шартын бекітуі керек.

      Коммуналдық қалдықтарды басқаруға келісім-шарт ұзақ мерзімді болуы (кемі 5-10 жыл) керек, бұл ТҚҚ жинау және шығарумен айналысатын субъектілерге өз қаржыларын компанияны дамытуға салуға мүмкіндік береді, бұл компания іс-әрекетінің нәтижелеріне мониторинг жүргізу арқылы орындалған жұмыстардың нәтижелерін көріп, бағалауға мүмкіндік береді.

      Конкурстық (тендермен) негізде таңдалған ТҚҚ жинау және шығарумен айналысатын компания тұрғын пункттерден полигонға жеткізгенге дейінгі қалдықтарды тасымалдаудың оңтайлы желісін әзірлеу керек.

      "Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімдігінің аппараты" ММ (тапсырыс беруші) 2024 жылдың 30-тамызында конкурс жүргізді: Лот № 1. Қобда ауданындағы Қобда ауылында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау.

      Келесідей талаптар қойылды:

      - контейнерлерді жуу және дезинфекциялау айына 4 рет жүргізілуі керек;

      - контейнерлермен уақытылы қамтамасыз етіп отыру керек, қажет жағдайда тапсырыс беруші жағынан қосымша шығындарсыз жаңамен алмастыру керек немесе қайта қалпына келтіру керек;

      - ТҚҚ жинау және тасымалдау Қобда ауданының Қобда ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлер мен жеке тұрғын секторларда жүргізілуі керек;

      Қобда ауылынан 5 км қашықтықта орналасқан ТҚҚ полигонын басқарушы компаниямен немесе Қобда ауылындағы коммуналдық қалдықтарды сұрыптауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісімге отырғаны туралы қолданыстағы келісім-шарттың бар болуы;

      -Тапсырыс берушінің талаптары бойынша ТҚҚ күн сайын шығару;

      -ТҚҚ қосымша шығару қажет болған жағдайда орындаушы тапсырыс беруші жағынан қандай да бір қосымша шығындарсыз тапсырыс берушінің алғашқы талабы бойынша жүзеге асыруға тиісті;

      -Орындаушының жиналған ТҚҚ тасымалдайтын арнайы полигонның басқарушысымен келісім-шарты болуы керек;

      -ТҚҚ шығарылатын тапсырыс берушінің аумағынан кіріп шығатын автокөлік тізімін тапсырыс берушіге ұсынады;

      -Тұрғындардан ТҚҚ жинауға төлемдер "Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 24 қарашадағы № 236 шешімі" негізінде тұрғындарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді есептеудің бекітілген әдістемесінен аспауы керек.

      -Тасымалдаушының ТҚҚ шығаруға арналған арнайы техникасы болуы керек.

      Ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары басқа да ауылдық тұрғын пункттерден полигонға ТҚҚ жинаумен және шығарумен айналысатын компанияны анықтау үшін конкурс жүргізуі қажет.

      Заңды тұлғалармен жариялық ұсыныс келісіміне отыру және қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне төлем жинау

      ҚР ЭК 367 бабына сәйкес, тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар жариялық ұсыныс келісім негізінде орталықтандырылған жүйені пайдалануға және жергілікті атқарушы органмен бекітілген тарифке сәйкес қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне төлем төлеуге міндетті.

      Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесін дұрыс ұйымдастыру (орнатылған контейнерлердің қажетті санының бар болуы, тендерді ұтып алған мамандандырылған компаниялармен қалдықтарды уақытылы шығару) қалдықтарды тасымалдау қызметіне төлем жинау жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді. Аудан тұрғындары қалдықтарды жинау және шығарумен айналысатын мамандандырылған компаниялардың қызметіне уақытылы ақы төлеу қажеттілігі туралы ақпараттануы қажет.

      Қобда ауданында ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша субъектілерді анықтағаннан кейін жеке тұлғалармен жариялық ұсыныс келісіміне отыру тәжірибесін ендіру қажет. Жариялық ұсыныс нысанындағы келісім мамандандырылған компаниялардың веб-сайтында, аудан әкімдігінің ресми сайтында және БАҚ құралдарында танысу үшін қолжетімді. Жариялық ұсыныс келісімін пайдалану ТҚҚ шығару бойынша қызметтерге ақы төлеу мен жинау көлемін арттырады және тұрғындар үшін қолайлы болып табылады. Осындай келісімдер негізінде төлем жинау жүзеге асырылады.

      Жеке және заңды тұлғаларға мамандандырылған компаниялар қызмет көрсету үшін абоненттік бөліммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызмет көрсетудегі жедел сұрақтармен тұтынушыларға қызмет көрсету үшін диспетчерлік қызмет жұмысымен қамтамасыз етіледі.

      ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін экономикалық тұрғыдан жүйелі қайта қарау

      Тарифтерді есептеуге негіз болатын "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" құжаты. (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығы).

      Әдістемеге сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді есептеу өзіндік құн арқылы жүргізіледі, мұнда, калькуляция баптары бойынша топтастырылған ТҚҚ жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыратын нарық қатысушыларының нақты және/немесе нормативті шығындары көрсетіледі.

      Қызметтердің толық өзіндік құны ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша жұмыстарды орындау шығындарының қосындысы, сонымен қатар, жалпы пайдалану және пайдаланудан тыс шығындардың қосындысы ретінде анықталады.

      Калькуляциялық бірліктің өзіндік құны ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша толық өзіндік құнды жиналған және шығарылған ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы, ТҚҚ сұрыптау бойынша толық өзіндік құнды сұрыпталған ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы, ТҚҚ көму бойынша толық өзіндік құнды көмілген ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы анықталады.

      Калькуляция баптарынан көріп отырғанымыздай, тариф шамасы жылдан жылға өзгеріп отырады, себебі, жиналған, шығарылған, сұрыпталған, көмілген қалдықтардың көлемдік шамасы да өзгеріп отырады. Сол себепті, уақытылы индексация жүргізіп, тарифтерді қайта есептеу тұру қажет, бұл мамандандырылған компаниялардың экономикалық жай-күйінің төмендеп кетуінің алдын-алады.

      ҚР Экологиялық Кодексінде тарифтерді қайта қарастырудың нақты мерзімі көрсетілмеген, бірақ 2023 жылдың маусым айында ҚР бәсекені қорғау және дамыту Агенттігі мен ҚР ЭГТРМ бірлесе отырып, ТҚҚ басқару саласындағы бәсекені дамыту жөніндегі жол картасын қабылдады. Жол картасында 2 жылда 1 рет ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін қайта қарау қажеттілігі көрсетілген.

      4.2 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету

      Жақын арада шешілуі қажет міндеттердің бірі – қоқыс үйінділері болып саналатын ауылдық жерлердегі қалдықтарды орналастыру орындарын жабу және рекультивациялау және ТҚҚ полигондарын жаңғырту.

      Қобда ауылындағы полигон "АБЫз-LTD" ЖШС сенімді басқаруға берілді және Қобда ауылындағы тұрғындармен мекемелерден тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау және ары қарай көму әрекеттерімен айналысады. Полигонды жаңғырту қарастырылған. Полигонның бас жоспарында екі зона қарастырылған: шаруашылық құрылыс зонасы, полигонның карта зонасы. Қоймалау аумағы қоймалаудың үш кезеңіне бөлінген: әрбір кезең 15 жыл ішінде қалдықтарды қабылдай алатынын көрсетеді. ТҚҚ полигонына тығыз емес күйде қабылданатын қалдық көлемі 119921 м3, нығыздалған күйде – 32412 м3. Полигонның негізгі құрылыстары мен инженерлік байланыстарына контейнерлерді жуу, қоршау, бөгеті бар арық, сыртқы жарықтандыру, суды жіберу және кәріз кіреді.

      Бүгінде Қобда ауданының барлық ауылдық округтерінде қалдықтарды көмуге арналған жер телімдері бөлінген, ТҚҚ алаңдарын пайдалануға және орналастыруға актілері бар.

      Қалдықтарды көмуге арналған осы орындардың барлығы да экологиялық, құрылыстық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Үйінділер ауылдық округ әкімдігі аппараты ММ қарамағында.

      Қазақстан Республикасының маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі полигон санын азайту және қолданыстағы полигондардың немесе құрылысы жаңадан жоспарланып жатқан полигондардың экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкестігін қамтамасыз ету.

      Аудандағы үйінділердің көптеген саны адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіреді, сондықтан жақын арадағы міндеттердің бірі үйінділердің бір бөлігін жабу және рекультивациялау, қалдықтарды көметін бірқатар орындарды жаңғырту.

      Қобда ауданына арналған бағдарлама шеңберінде қалдықтарды көметін 7 орынды қалдыру қажет: Жиренқопа, Ақырап, Қобда, Талдысай, И.Билтабанова атындағы, Әлия және Бесқұдық ауылдарындағы полигондар және оларды экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келтіру керек.

      ТҚҚ полигонына арналған талаптар келесі құжаттарда көрсетілген: ҚР ЭК (25 бөлім), "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығы), ҚР СТ 3696-2020. Тұрмыстық-қатты қалдықтарға арналған аз қуатты полигондар. Талаптар. ҚР СН 1.04-15-2013 Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар.

      Жиренқопа, Ақырап, Қобда, Талдысай, И.Билтабанова атындағы, Әлия және Бесқұдық ауылдарындағы полигон орындарын ТҚҚ қолданыстағы полигондарына/қалдықтарды көму орындарына (ауылдық тұрғындық пункттер) талаптарды бірретік/ біржолғы жеңілдету механизмі бойынша рәсімдеу керек. ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі ауылдық полигондарға талаптарды жеңілдету және заңдастыру бойынша критерийлерді қарастырады.

      Қалдықтарды қоймалаудың басқа орындарын жауып, рекультивация жасау керек.

      Көк үй, Қоғалы, Сөгәлі, Жиренқопа ауылдарынан – Жиренқопа ауылындағы полигонға;

      Ақырап, Қаракемер, Қызылжар, Жарық, Қанай, Ортақ, Жаманкөл ауылдарынан – Ақырап ауылындағы полигонға;

      Қобда, Ақсай, Жарсай, Қарағанды, Жарсай-2, Өтек, Құрсай ауылдарынан – Қобда ауылындағы полигонға;

      Терісаққан, Жаңаталап, Талдысай ауылдарынан – Талдысай ауылындағы полигонға;

      Білтабан, Косөткел , Байтақ, Сарбұлақ – И.Білтабанова атындағы ауылындағы полигонға;

      Әлия, Бұлақ, Бестау ауылдарынан – Әлия ауылындағы полигонға;

      Бесқұдық, Бегалы, Егіндібұлақ ауылдарынан - Бесқұдық ауылындағы полигонға;

      Ай сайын: Қарағанды, Жарсай-2- Қобда полигонына,

      Көк үй, Қоғалы, Сөгәлі– Жиренқопа полигонына.

      Қоқыстарды шығарудың ұсынылатын кестесі 2-қосымшада берілген.

      Шалғай орналасқан және тұрғындары аз ауылдық округтерге арналған қоқыс тиейтін пункттерді құру

      Қобда ауданында шалғай және тұрғындары аз ауылдар бар. Олар: Қарағанды, Жарсай-2, Көк уй, Қоғалы, Сөгәлі.

      Коммуналдық қалдықтарды басқаруды және қажетті полигон санын азайтуды оңтайландыру үшін, сонымен қатар, қалдықтарды кәдеге жаратудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету мақсатында ауданнан алыс орналасқан ауылдық округтерінде қоқыс тиеу пункттерін құру мүмкіндігін қарастыру керек. Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін алаңдарды құру қажет.

      Бұл қоқыс тиеу пункттері келесі қызметтерді орындайтын болады:

      Қалдықтарды уақытша сақтау: алты айға дейін мерзімде коммуналдық қалдықтарды ары қарай қайта өңдеу немесе көму үшін уақытша сақтау мүмкіндігін ұсынады.

      Қалдықтарды сұрыптау: бұл пункттерде қалдықтарды сұрыптау жүзеге асырылады, яғни қайта өңдеуге жатқызылатын материалдар көмуге жіберілетіндерден бөлініп алынады.

      Тасымалдауды оңтайландыру: Қоқыс тиеу пункттері алыс ауылдық округтерден аудандық орталыққа немесе соңғы көму орындарына қалдықтарды тасымалдау үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

      Мұндай шаралар қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетіп, қалдықтарды тиімді басқаруға жағдай жасайды.

      Рекультивациялау жоспарын әзірлеу, кезеңдік рекультивациялау және ауылдық үйінділердің жерлерін қалпына келтіру

      Жер телімдері рәсімделмеген ауылдық үйінділер аумақтарын кезеңмен рекультивациялау керек.

      Рұқсат етілмеген үйінділерді рекультивациялау бойынша техникалық шешімдер рекультивациядан кейінгі аумақты құрылымдық белгілеуден және пайдаланудан тыс қабылданады.

      Апатты үйінділерді жою

      "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" геопорталы – космостық мониторинг бойынша Ақтөбе облысында 250 рұқсат етілмеген қалдық үйінділері анықталған. Олардың бір бөлігі жойылды, бірақ облыста, соның ішінде Қобда ауданында апатты үйінділер қайтадан пайда болуда.

      Апатты үйінділердің түзілуі, оларды жою және болдырмау мәселелерін шешуге жергілікті мемлекеттік органдарды қоса алғанда, барлық мүдделі тараптарды тарту арқылы түбегейлі және шешуші әрекеттерді талап етеді. Қобда ауданының әкімдігі экобелсенділермен және қоғамдық ұйымдармен апатты үйінділерді жедел айқындау және сауатты шешімдер қабылдау үшін тығыз өзара байланысты орнататын болады.

      Үйінділерді зарарсыздандырудың қолданыстағы жалпы қабылданған әдістемесі келесі кезеңдерді іске қосады: үйінділердің қауіптілік деңгейін анықтау; баламалы нұсқаларды таңдау; зарарсыздандыру және рекультивациялау технологияларын әзірлеу.

      Жаңа үйінділердің түзілуінің алдын-алу бойынша негізгі шаралар Қобда ауданының тұрғындарын қалдықтарды жинау мен тасымалдау бойынша қызметтермен қамту және қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша шағын және орта бизнес субъектілерімен сауықтыру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

      4.3 Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі

      Коммуналдық қалдықтарды жинау және ұнемі шығарып отыру қызметіне ауылдық тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету керек:

      -Коммуналдық қалдықтарды жинау және үнемі шығарып отыру үшін мамандандырылған көлікті сатып алу;

      -ТҚҚ бөлек жинауды (құрғақ және ылғалды фракциялар үшін) ендіру үшін контейнерлер сатып алу;

      -ТҚҚ санитарлық-эпидемологиялық талаптарға сәйкес жинау үшін контейнерлік алаңдардың орнын анықтау және сәйкестендіру;

      -Ірікөлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған алаңдарды ұйымдастыру үшін орындарды анықтау;

      -Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау.

      Коммуналдық қалдықтарды шығару үшін мамандандырылған көліктерді сатып алу

      Коммуналдық қалдықтарды шығаруға арналған мамандандырылған көліктерді сатып алу қалдықтарды басқару жүйесін табысты қалыптастыруға бағытталған негіз болып табылады.

      365 бапқа сәйкес (5т) ЖАО коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. ТҚҚ уақытылы шығаруды ұйымдастыру үшін ТҚҚ тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдары – қоқыс таситын көліктерді сатып алу қажет.

      Ауданда бір күнде 1,15 тонна немесе 5,75м3 қалдық жинақталады. Қобда ауылынан конкурстан жеңіп алған компания қоқыстарды шығарумен айналысатын болады, конкурс шарты бойынша компанияның жеке көлігі бар болуы шарт. Ауылдық жерлерде 8 мың адам тұрады. Мұнда аптасына 40,25 м3 ТҚҚ жинақталады. 1 қоқыс шығаратын көліктің сыйымдылығы 20 м3, олай болса, ТҚҚ жинау және шығару үшін 2 қоқыс шығаратын көлік сатып алу керек.

      Ауылдық округтерден апта сайын коммуналдық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыру жоспарлануда. Мамандандырылған көліктің қажетті санының болмауы қалдықтарды шығару кестесінің орындалуына кедергі келтіруі мүмкін және тұрғындар үшін қолайсыз жағдай туғызуы мүмкін. Нәтижесінде рұқсат етілмеген үйінділердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Сатып алынған көлік құралдары ТҚҚ жинау және тасымалдаумен айналысатын және конкурс (тендер) жүргізу арқылы таңдалған компанияға сенімді басқаруға берілетін болады.

      Қобда ауданынан коммуналдық қалдықтарды шығару үшін ұсынылатын кесте:

      1. Қобда, Бестау, Терісаққан, И. Білтабанова атындағы, Ақсай, Әлия, Бұлақ, Талдысай, Бесқұдық, Бегалы, Егіндібұлақ, Ақырап, Жарсай ауылдарынан - күн сайынғы шығару.

      2. Сарыбұлақ, Жарық, Қанай, Ортақ, Қызылжар, Құрсай, Жиренқопа, Жаманкөл, Қаракемер, Өтек, Қосөткел, Жаңаталап, Байтақ ауылдарынан – апта сайынғы шығару.

      3. Қарағанды, Жарсай-2, Көкүй, Қоғалы, Сөгәлі секілді шалғай орналасқан және халқы аз ауылдардан – айына бір рет.

      Полигоннан 24 км қашықтықта орналасқан ауылдардан қоқыстар күн сайын шығарылады.

      Полигоннан 42 км қашықтықта орналасқан ауылдардан қоқыстар апта сайын шығарылады.

      Шалғай орналасқан және халқы аз Қарағанды, Жарсай-2, Көк үй, Қоғалы, Сөгәлі ауылдарында санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға жауап беретін қалдықтарды уақытша сақтау алаңдары мен қоқыс тиеу пункттерін құру қажет.

      Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау шығындарын төмендету үшін бекітілген санитарлық және табиғатты қорғау талаптарына сәйкес қалдықтарды шығарудың төменгі жиілігі қабылданады.

      Бастапқы кезеңдерде ауылдық округтердегі коммуналдық қалдықтарды бекітілген кесте бойынша үйлерді, көшелерді аралау жолымен шығарылатын болады. Контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді орнатқаннан кейін шығару контейнерлік алаңдардан жүзеге асырылады.

      Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау барысында ыдыссыз әдісті қолдану: мамандандырылған көлік келгенге дейін, жергілікті әкімдікпен бекітілген кестеге сәйкес қоқыстарды жинайтын және тасымалдайтын (шығаратын) күндері ғана көше бойына санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес коммуналдық қалдықтарды шығару.

      Қоқыстарды шығару кестесі тұрғындардың көзқарастарын ескере отырып, жергілікті атқарушы органмен бекітілген коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша мамандандырылған ұйымдарды анықтағаннан кейін ғана құрылатын болады.

      Жылына жинақталатын қалдық санын анықтау үшін жиналған және шығарылған қалдық санына (күнсайын) есеп жүргізу керек.

      ТҚҚ бөлек жинауға (құрғақ және ылғалды фракциялар үшін) арналған контейнерлерді сатып алу

      Қалдықтарды бөлек жинау халықаралық тәжірибеде қалдықтарды басқару жүйесін табысты қалыптастырудың негізі және Қазақстанның экологиялық заңнамасының міндетті талабы болып табылады.

      Қалдықтарды бөлек жинау үдерісі "Қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығы ескеріле отырып, міндетті бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарды" бекіту туралы құжатында (техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығын ескере отырып, міндетті бөлек жинауға жатқызылатын қалдықтардың топтарына (түрлер жиынтығы) немесе түрлерін, қалдықтарды бөлек жинауға талаптар. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығы) нақтыланған.

      СТ 3780-2022 Қалдықтар. Алаңдарда қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнер құрамын және коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін контейнерлерді орнату алаңдарына жалпы талаптар бойынша:

      -Электрондық қалдықтарға арналған контейнерлер;

      -ҚСБ қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер;

      -Қағаз және картон қалдықтарына арналған контейнерлер;

      -Батарея қалдықтарына арналған контейнерлер;

      -Тағам қалдықтарына арналған контейнерлер;

      -Шыныға арналған контейнерлер;

      -Пластик қалдықтарына арналған контейнерлер.

      Дегенмен, барлық түрлер үшін контейнерлерді орнату мүмкіндігінің болмауынан ҚСБҚ қоса алғанда қауіпті қалдықтарға арналған контейнерлерді қоспағанда "құрғақ" және "ылғалды" фракциялар үшін контейнерлерді орнатуға рұқсат етіледі.

      Қобда ауданда қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру барысында әрбір контейнерлік алаңдарға қалдықтарды бөлек жинау үшін (құрғақ және ылғалды фракциялар) контейнерлерді сатып алып, 2-ден (ең кемі) орнату керек.

      "Ылғалды" фракция құрамы мен сипаты бойынша үй шаруашылығы қалдықтарына ұқсас араласқан, органикалық, тағамдық қалдықтардан тұрады.

      "Құрғақ" фракция қағаз, картон, металл, пластика жәнешыныдантұрады.

      Контейнерлер саны тұрғындар санына, қалдықтардың жинақталу нормасына, сақтау мерзіміне және басқа да қажетті факторларға сәйкес анықталады.

      Қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер заңнама талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілінде таңбалануы (жазба) керек, онда мыналар көрсетілуі керек:

      -Жиналатын қалдық түрі (фракциясы) туралы ақпараттық жапсырма/жазба;

      -Контейнердің меншік иесі туралы мәліметтер (атауы, телефоны);

      -Контейнер қызмет көрсететін ұйым атауы.

      Егер де таңбалау түрлі-түсті контейнерге жапсырылатын болса, онда контрасты түспен орындалуы керек.

      Сатып алуға қажетті контейнерлер саны 1,1 м3 көлеміндегі бір контейнер жағдайында қалдықтарды түзілу нормаларына (жайлы жабдықталмаған үйлер үшін бір тұрғынға – 0,78 м3) және Қобда ауданның тұрғындар санына (әрбір тұрғын пункттер бойынша) байланысты есептеледі– 1-қосымша.

      Барлығы 182 контейнер орнату керек, оның ішінде қалдықтарды күн сайынғы жинау үшін 56 контейнер және апта сайын немесе ай сайын жинауға 126 контейнер орнату қажет. Қобда ауылында 4 контейнер орнатылған сол себепті, 178 контейнер сатып алу қажет (89- "құрғақ" фракциялар үшін және 89 – "ылғалды" фракциялар үшін). Бір контейнер 90 000 теңге болған жағдайда, қажетті шығындар 16 380 000 теңгені құрайды.

      Бағдарлама шеңберінде (2025-2029 жж) Қобда ауылында контейнерлерді орнату қажет. Контейнерлердің есептік саны – 28. Орнатылды – 4. Сатып алу керек - 24 контейнер (12- "құрғақ" фракция үшін, 12- "ылғалды" фракция үшін).

      ТҚҚ жинауға арналған контейнерлік алаңдарды анықтау және контейнерлерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру

      Контейнерлік алаңдардың есептік саны – 92 бірлік. Қобда ауылындағы 1 КА есепке ала отырып, болашақта 91 КА орнату керек. Бір КА орнату 200 000 теңге. Қажетті шығындар 18 200 000 теңге.

      Жақын арада (Бағдарлама шеңберінде) Қобда ауылында 11 бірліктегі контейнерлік алаңдарды орнату керек.

      Контейнерлерді орнатқаннан кейін және қалдықтарды шығару кестесін бекіткеннен соң қоқыс шығаратын компания контейнерлердің толуы бойынша бақылау жүргізеді, қажет жағдайда контейнер санын толықтырып немесе шығару санын арттырып отыру керек. Қобда ауданының контейнерлік алаңдарын "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық талабына (ары қарай -ережелер) сәйкестендіру керек:

      - тұрғын пункттерде контейнерлік алаңдарды тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар нысандарынан, спорттық алаңдардан және уақытша орналасуды қоспағанда (вахталық кенттер, тұрақты емес нысандар мен құрылыстар) тұрғындардың демалатын орындарынан 25 м кем емес қашықтыққа орналастырады;

      - алаң аумағы алаңға еркін кіретін жағына қарай қалыңдығы 100 м кем емес температуралық өзгеріске тұрақты қатты асфальтталған немесе бетондалған жабыны болуы керек;

      - периметр бойынша алаң үш жағынан жедел климаттық өзгерістерге және коррозияға тұрақты тұтас материалмен қоршалуы керек;

      - алаңның төртінші жағы басқарушы, қызмет көрсетуші ұйымдар мен тұрғындардың контейнерлермен жұмыс істеуге, қалдықтарды жинауға еркін енуіне мүмкіндік береді;

      - шатыр жедел климаттық өзгерістер мен коррозияға тұрақты тұтас материалдан дайындалады.

      Контейнерлердің меншік иесі ары қарай пайдалануға жарамсыз контейнерлерді жөндеп, алмастыруды ұйымдастырады, қоқыс қабылдайтын камераны, алаңдарды және қоқысқа арналған қоймаларды (контейнерлерді), сонымен қатар қалдықтарды жинауыштарды үнемі жуып, залалсыздандырып және дезинсекциялап (шыбын және басқаларға қарсы) отыруды қамтамасыз ететін шараларды қабылдайды.

      Ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған алаңдарды ұйымдастыру үшін орындарды анықтау

      Экологиялық заңнама талаптары бойынша, ірі көлемді қалдықтарды және құрылыс қалдықтарын шығаруды Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес мамандандырылған ұйымдар тұтынушының тапсырысы бойынша немесе тұтынушымен ірі көлемді қалдықтарды жинау алаңдарына өз бетінше жеткізуін қамтамасыз етеді.

      Қалдықтарды бөлек жинау талаптарында (ЭТРМ м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №480 Бұйрығы, 19 тармағы), ЖАО жеке тұлғалардан (тұрғындардан) түзілетін құрылыс және ірі көлемді қалдықтар үшін 12м2 кем емес аумақта арнайы жабындысымен қоршауы бар орынды ұйымдастыруы керек деп айтылған.

      3780-2022 – "Қалдықтар. Контейнерлерді орнату алаңдарына жалпы талаптар" СТ сәйкес, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар тұрғын пункттерде (үй жайларының, мекемелердің, мәдени-жалпы мекемелердің, демалыс орындарының және т.б. аумақтарында) жеке тұлғалардан (тұрғындардан) түзілген құрылыс және ірікөлемді қалдықтарды жинайтын 12 м2 кем емес аумақ орындарып анықтап, қоршауды ұйымдастыруы керек.

      Жылжымайтын нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғалар құрылыс және ірікөлемді қалдықтарды арнайы орындарға өз бетінше шығаруы керек немесе қоқыс шығаратын ұйымдармен келісім-шартқа отыруы керек.

      Ірікөлемді және құрылыс қалдықтарын қалдық түзушілермен келісім-шарты бар мамандандырылған компаниялар оларды орналастыру кезеңінен бастап, үш күннен артық емес мерзімде шығаруды жүзеге асырады.

      Заңнамаға сәйкес ірі көлемді қалдықтарды жинауға арналған арнайы алаңдарда коммуналдық қалдықтардың құрамына кіретін, өзінің тұтынушылық қасиетін жойған, пайдаланылған тұтынушылық тауарлар мен қораптардың қалдықтарын жинау орындарын ұйымдастыруға тиым салынады.

      Қобда ауданының жергілікті атқарушы органдары мұндай қалдықтардың полигонға түсуінің алдын-алу мақсатында тұрғындардан ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды ұйымдастыруы керек.

      Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және кәдеге жарату

      Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтар (электрондық және электрлік жабдықтар, құрамында сынабы бар қалдықтар, батарейкалар, аккумляторлар және басқа да қауіпті компоненттер) бөлек жинақталып, қайта қалпына келтірілуі үшін мамандандырылған кәсіпорындарға берілуі керек (ҚР ЭК 365 бабы).

      ҚР ЭК талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қауіпті қалдықтардың басқа категорияларымен қауіпті қалдықтардың немесе басқа қалдықтармен, заттармен, материалдармен араласуының алдын-алу үшін қажетті шараларды қабылдауы керек және коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша инфрақұрылымды дамытуға жауапты болады.

      Құрамында сынабы бар қалдықтар (ҚСБҚ)

      Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындардан ҚСБҚ жинау жүйесін ұйымдастыруы және мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

      –тұрғындарда пайда болатын құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін орнатылатын арнайы әмбебап контейнерлерді орнатуды және оларға қызмет көрсетуді бақылау;

      – –кондоминиум нысандарын басқару органдарының қызметін бақылау және ұйымдастыру, олар арнайы әмбебап контейнерлерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге, контейнерге қызмет көрсететін мамандандырылған кәсіпорынмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, контейнерге бөгде заттарды сақтауға, контейнерге бөгде жарнамаларды, хабарландыруларды және т. б. жапсыруға жол бермеуге міндетті;

      – тұрғындар үшін үшін демеркуризациялау жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға және ҚСБҚ-ға арналған контейнерлерді жөндеуге (ауыстыруға) мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын сатып алу үшін қаражат бөлу жолымен халық арасында пайдалануда болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды қайта өңдеуді ұйымдастыру.

      ҚСБҚ үшін контейнерлерді жөндеу (алмастыру) және тұрғындар үшін демеркуризация бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруға мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын (қызметтерін) тарту үшін жергілікті атқарушы органдар конкурс (тендер) жүргізу керек (ҚР ЭК, "Мемлекеттік сатып алудар" туралы ҚР Заңы (4 бөлім), (коммуналдық қалдықтарды басқару ережелері. ҚР ЭГТРМ м.к. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 Бұйрығы)).

      Қазіргі уақытта Қобда ауданында ҚСБҚ жинауға арналған арнайы әмбебап контейнерлер жоқ. Әрбір контейнерлік алаңға ҚСБҚ арналған контейнерлерді орнату керек. Одан басқа, жергілікті атқарушы органдар қалдықтарды бөлек жинаудың қажеттілігі мен артықшылығы туралы және осы мақсатта контейнерлердің орнатылғандығы туралы ақпараттық- түсіндірмелік жұмыстарды жүргізуі шарт.

      Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары (ЭЭЖҚ)

      ЭЭЖҚ қауіпті қалдықтарға жатқызылады. Олардың құрамында кадмий, қорғасын, сурьма, сынап секілді уытты заттармен қосылыстар бар, олар адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс ықпал етеді.

      Тұрғындардан ЭЭЖҚ жинау жүйесін ұйымдастыру келесідей шараларды қамтиды:

      - Батареялар, электронды және электр жабдықтары сияқты қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинайтын стационарлық немесе жылжымалы пункттер/пункттер құру. Қабылдау пункті көрсетілген тауарларды таратуды жүзеге асыратын сауда нүктелерінде құрылуы мүмкін.. Қалдық ретінде қабылданатындар: тұрмыстық техника (теледидар, магнитофоны, электрлік ойыншықтар, үтіктер, батарейкалар, фен, тоңазытқышты қоса алғанда, асүй жабдықтары); офистік техника (компьютерлер және жабдықтауыштар, ұялы телефон, планшет, көшірме аппараттары, сканер, тонер).

      - Қалдықтарды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттері туралы халықты хабардар етуді және олармен қауіпсіз жұмыс істеуді насихаттауды қамтамасыз ету.

      - Қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға арналған шығыстардың бір бөлігін жабу мақсатында, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілік операторының функцияларын жүзеге асыратын "Жасыл Даму" АҚ-мен ынтымақтастықты нығайту.

      Жергілікті атқарушы органдар электрондық қалдықтардың әсерінің қауіптілігі туралы және қалдықтарды жинау мен қайта өңдеудің қолданыстағы жүйесі туралы тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізу қажет. ТҚҚ жалпы ағынымен полигондарға түскен электрондық және электрлік жабдық қалдықтарының маңызды салдарын тұрғындар әлі толық түсінбейді. Тұрғындарға пайдаланылған электрондық және электрлік жабдықтарды жинаудың қолданыстағы пункттері туралы ақпараттарды жеткізу керек.

      Заңды тұлғалардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және қайта қалпына келтіру

      Қызметтің түріне қарамастан, заңды тұлғаларда пайда болатын қауіпті коммуналдық қалдықтарды бөлек жинап, мамандандырылған ұйымдарға (кәсіпорындарға) қалпына келтіруге беруі тиіс (ҚР ЭК 365 б).

      Жергілікті атқарушы билік органдары қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шартқа отыру қажеттілігі туралы аудандық заңды тұлғалармен (мемлекеттік мекеме, бюджеттік ұйымдар) түсіндірме жұмыс жүргізуі және осы үдерісті бақылауы қажет.

      Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру және оларды қордаландыру арқылы қайта қалпына келтіру

      Органикалық қалдықтар – өсімдік және жануарлардың биоыдырайтын қалдықтары.

      Жергілікті атқарушы органдар органикалық қалдықтарды бөлек жинауды тұрақтандыру және пайдалану арқылы коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасаудағы экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі керек (ҚР ЭК 365 б).

      Органикалық қалдықтардан компост – энергия ретінде пайдалануға болатын органикалық тыңайтқыш алуға болады. Ол қоршаған ортаны ластамайды және табиғи циклдің құрамдас бөлігі болып табылады.

      Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерінде (19т) аудандық, кенттік, ауылдық, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары тұрғындарға жеке тұрғын құрылысында (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыру жөніндегі ақпараттық кампанияларды (хабарламаларды) жүргізуі қажет.

      Компосты алу технологиясының негізі компостау – қалдықтардың жедел бақыланып ыдырауы, нәтижесінлде биоорганикалық тыңайтқыш алынады. Сырт жағынан қарағанда, компост кәдімгі топыраққа ұқсас және әртүрлі салаларда пайдаланылуы мүмкін.

      Органикалық қалдықтарды қордаландыру үй жағдайында да, орталықтандырылған жүйеде де жүзеге асады. Үй шаруашылығында қордаландыруда қарапайым қордалау шұңқырын немесе арнайы қордаландырғыш аппараттарды пайдалануға болады. Түзілген компостты ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне және егіс алаңдары үшін тыңайтқыш ретінде үй маңындағы учаскелерге және қалдықтарды уақытша көму орындарын рекультивациялауға пайдалануға болады.

      Мектептерде, асханаларда, ресторанда биоыдырайтын қалдықтардың үлкен бөлігі жинақталады және жанында қосалқы шаруашылығы бар болғандықтан, жекелей өз беттерінше қордаландыруды жүргізуге болады.

      Жергілікті атқарушы органдардың міндеттері заңды тұлғалар мен тұрғындар арасында компосты қолдану және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану тәжірибесін насихаттау бойынша ақпараттық -түсіндірмелі жұмыстарды жүргізу болып табылады.

      4.4. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін құру.

      Қобда ауданында коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі жоқ.

      ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі Ақтөбе облысында соның ішінде Ақтөбе қаласында дамыған.

      Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратумен Ақтөбе қаласында мынадай компаниялар айналысады: Комби ЖШС,КазВторКонтракт, ХХІ экологиялық технологиялар,Элит Холдинг, ЭкоВторТехРесурс, Таза Каргала, Актобе Таза Кала ЖШС, Қайталама қағазды қайта өңдеу зауыты, Eko Sin company, "Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу бойынша Ақтөбе зауыты" және т.б.

      Қобда ауданының жергілікті атқарушы органдарының міндеті осындай облыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасау, олармен қалдықтарды шығару, кәдеге жарату немесе қайта өңдеу бойынша келісімдер жасау болып табылады.

      Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және ұйымдастыру мүмкіндіктерін айқындау мақсатында аудан аумағында іс-әрекеттерін жүзеге асыратын барлық кәсіпорындармен және жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдерімен өзара байланысуы керек.

      4.5 Коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинаудың ұтымды жүйесіне тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату

      Қалдықтарды басқару үдерісі, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинауға деген қызығушылық тұрғындардың экологиялық ағартушылық деңгейіне байланысты.

      Мұны экологиялық заңнама да талап етеді. Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі м.а., "Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерін бекіту туралы" (ары қарай – Ереже) 2021 жылғы 28 желтоқсанындағы № 508 Бұйрығына сәйкес ауданның, облыстық және аудандық мәндегі қалалар, республикалық мәндегі қалалар, астана, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары жеке тұрғын құрылыстардағы (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыруды ендіру және коммуналдық қалдық компоненттерін (қағаз, пластика, органикалық қалдықтар және басқалары) рұқсатсыз жағудың алдын-алу, қайталама ресурстарды (шикізатты) бөлек жинауды қоса алғанда коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы тұрғындарға ақпараттық кампанияларды жүргізеді.

      Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары БАҚ, теледидар тарапынан ақпараттық компанияларды, яғни, қалдықтардың теріс әсерінен қоршаған ортаны қорғау мәәселелеріне тұрғындардың қызығушылығын қалыптастыратын, қалдықтарды басқарудың экономикалық және экологиялық аспектілері туралы айтатын видеороликтерді құру, буклеттерді және басқа да ақпараттық материалдарды шығару және таратуды ұйымдастыру болып табылады. Оқу орындары арасында макулатураны жаппай жинау, конкурстарды, акцияларды жүргізу, мамандандырылған ұйымдармен тұрғындардан киімдерді, заттарды, тұрмыстық техниканы, батареяларды қабылдау тиімді болып табылады.

      Одан басқа, Қобда ауданының әкімдігі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" (ары қарай Заң) Заң шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, соның бір бөлігі қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жүргізуі қажет (5 бап).

      Осы Заңға сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасына (6-1б) енгізілген үкіметтік емес ұйымдар (ары қарай – ҮЕҰ) конкурстық таңдау арқылы коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік гранттарды ұсынады.

      Грант алған ҮЕҰ тұрғындардың коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасауы бойынша ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оған келесідей қоғам топтары жатқызылады:

      - білім беру мекемелері: педагогикалық құрам, техникалық мамандар, оқушылар;

      - балабақша: тәрбиешілер мен балалар;

      - заңды тұлға: медициналық мекеме, мәдениет үйі, сауда орталықтары, дүкендер;

      - еріктілер, белсенділер тобы және ҮЕҰ;

      - жергілікті атқарушы орган қызметкерлері;

      - жұмыс істейтіндер.

      Ақпараттық жұмыс жоспары мыналардан тұрады:

      - бекітілген тарифке сәйкес ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша қызметтерге ақы төлеу, жариялық келісімдерге отыру туралы тұрғындарды ақпараттандыру;

      - Қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері туралы жергілікті БАҚ жариялау; Жергілікті газеттер мен журналдарға қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу талаптарымен қалдықтарды басқарумен байланысты мәселелермен жұртшылықты таныстыруға бағытталған мақалаларды жариялау ұсынылады;

      - үйлерде тағамдық қалдықтарды қордаландыру туралы брошюроларды тарату;

      - жеке тұлғаларда (тұрғындар) түзілетін ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық, құрылыстық және ірі көлемді қалдықтарды жинау үшін құрылған арнайы орындар туралы хабарлау;

      - пластик, шыны және макулатура үшін, бөлек жинау және үйдегі қалдықтарды сұрыптау тәртібін түсіндіретін мектептегі экологиялық акциялар;

      - коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз жағудың алдын-алу бойынша ақпараттандыру;

      - тұрғындардың экологиялық сапалы өмір сүруін қанағаттандыру деңгейін жоғарылату мақсатында жыл сайынғы әлеуметтік сауалнаманы жүргізу;

      -мектеп оқушыларын ТҚҚ полигонымен таныстыру;

      - қалдықтарды басқару бойынша іс-әрекеттерді қоғамдық бақылау және насихаттау мақсатында еріктілер клубын құру.

      Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындарымен ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды үйлестіріп, қоғамдық мекемелермен, ҮЕҰ тығыз байланыста жұмыс жасауы керек.

5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

      Қобда ауданының қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламасын қаржыландыру көздері мыналар болуы мүмкін:

      - мемлекеттік және жергілікті бюджет құралдары;

      - тікелей шетелдік және отандық инвестициялар;

      - ӨКЖ операторымен қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін субсидиялау;

      - халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдар мен донор мемлекеттердің гранттары;

      - екінші деңгейлі банк несиелері және Қазақстан Республикасының заңдылығында тиым салынбаған басқа да көздер.

      ҚР ЭК 29 бабына сәйкес ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруға және болжамды табиғатты қорғау шараларын орындауға кеткен қаржылық шығындар бюджеттік құрал есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Мұндай механизм Бағдарламаны әзірлеу және бекіту жылдарында үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер ету төлемдерінен пайдалануға мүмкіндік береді.

      Осы Бағдарламаны жүзеге асыру үшін алдын-ала есептелген қаржылық шығындар 164 млн теңгені құрайды (10-кесте).

10-кесте –Қобда ауданындағы қалдықтарды басқару бағдарламасын жүзеге асыруға қажетті алдын-ала есептелген қаржылық шығындар

№ р/н

Іс-шаралар атауы

Қажетті шығындар, теңге

 
1

Қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын қайта қарастыру

1 500 000

2

ТҚҚ морфологиялық құрамын анықтау

2000 000

3

ТҚҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді есептеу және бекіту. Осы тарифтерді экономикалық негізделген және уақытылы қайта қарау

2 000 000

4

3 бірлік көлемінде коммуналдық қалдықтарды жинауға және шығаруға арналған мамандандырылған көлікті сатып алу

90 000 000

5

ТҚҚ "құрғақ" және "ылғалды" фракцияларын бөлек жинауға арналған контейнерлерді сатып алу және орнату (24бірл.)

2 160 000

6

Қобда ауылындағы контейнерлік алаңдарды талаптарға сәйкестендіру (1 КА)

200 000

7

А/о барлығында жаңа контейнерлік алаңдарды ұйымдастыру (11КА)

2 200 000

8

ІКҚ мен құрылыс қалдықтарына арналған ұсақтағышты сатып алу

10 000 000

9

Шалғайдағы ауылдық округтер үшін қоқыс тиеу пункттерін құру

20 000 000

10

Тұрғындардың коммуналдық қалдықтармен экологиялық қауіпсіз жұмыс жасау хабардарлығын жоғарылату бойынша ҮЕҰ арасында әлеуметтік тапсырыс алуға конкурстар жүргізу

4 000 000


БАРЛЫҒЫ:

134 060 000

      Қобда ауданында қалдықтарды басқару бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шараларға облыстық әкімдікпен үшжылдық жобада қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың типтік тізбегін негізге ала отырып, заңнама талаптарына сай әзірленетін Ақтөбе облысының қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарын қосу керек (ҚР ЭК – 4-қосымша).

      Қалдықтармен жұмыс жасау бойынша іс-шараларға жататындар:

      - кез-келген қалдықтардың, соның ішінде иесіз қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру және қайта өңдеу бойынша технологияларды ендіру;

      - зауыттар, цехтар, өндірістердің құрылысы, қайта жөндеу, қондырғыларды алу және пайдалану;

      - қалдықтардың кез-келген түрлерін жинауға арналған полигондар;

      - қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму;

      - Екінші материалдық ресурстарын жинау және қайта өңдеу;

      қалдықтардан пайдалы компоненттерді алумен байланысты шикізатты немесе дайын өнімді алу бойынша;

      - қалдықтарды орналастыру және түзілу көлемін төмендетуге бағытталған технологиялық үдерістерді және жабдықтарды қайта жөндеу, жаңғырту.

6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

      Осы бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Қобда ауданының қалдықтарын басқарудың тиімді жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылды (2-қосымша).

      Жоспарда қажетті іс-шаралар, оны жүзеге асыру және аяқтауға қажетті уақытша шектеулер, іс-шараны орындауға жауаптылар және талап етілетін ресурстар анықталған. Іс-шаралар міндеттері бойынша топтастырылған және қалдықтарды басқарудың ең тиімді үлгісін құруға бағытталған. Іс-шаралар жоспарында күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен Бағдарламадағы барлық жауапты орындаушылардың жұмыстарын үйлестіру және қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу мәселелері кешенді әдіспен қамтамасыз етілген.

      Мониторинг нәтижесінде қойылған мақсаттарға, мақсаттық көрсеткіштер мен міндеттерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізілуі мүмкін. Осы жағдайда, басқа іс-шаралар анықталады және мәселелік сұрақтарды шешу бойынша іс-шараларды қабылдайды.

      Жоспарды жүзеге асыруға бағдарламаға тапсырыс беруші - "Қобда ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ жауап береді және олар келесі қызметтерді жүзеге асырады:

      1) Бағдарламаның барлық орындаушыларын үйлестіре отырып, Қобда ауданы аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы міндеттерді шешуге бірыңғай орталықтандырылған кешенді әдісті қалыптастырып, қамтамасыз етеді;

      2) Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен субсидияны ұсыну бойынша СҚО атқарушы органдарымен өзара байланысады;

      3) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ауданның ауылдық округтері әкімдіктерімен, жеке тұлғалармен, жеке кәсіпкерлермен өзара байланысады;

      4) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға мониторинг жүргізеді, қоғамдық кеңес мәжілісінде талқылау үшін мониторинг нәтижелерін шығарады;

      5) Бағдарламаға сәйкес өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы негізделген ұсыныстар арқылы бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға қажетті қаржылық құралдарына, мақсаттық көрсеткіштеріне, іс-шараларынаа түзетулерді жүзеге асырады;

      6) Бағдарламаны жүзеге асыру шараларын тексеру барысына қатысады;

      7) Қобда ауданы әкімдігінің ресми сайтына негізгі Бағдарламаны және бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру туралы ақпараттарды тіркейді.

7. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ

      Мониторинг коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаның (ҚББ) жүзеге асырылуын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.

      ҚББ жүзеге асуын бақылау коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты ЖАО бірінші басшысының орынбасарымен тұрақты түрде жүзеге асырылады.

      Мониторинг (бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау) ағымдық жағдайды жоспармен салыстыру үшін үздіксіз жүзеге асырылады. Мониторинг барысында жоспарланған іс-әрекетті және нақты мәліметтердің нәтижелері салыстырылады. Іс-шаралар мониторингі ресурстармен қаржыларды пайдалануды сонымен қатар аралық нәтижелерді қамтамасыз ету мен әрекетті жүзеге асыру қадағаланып отырады. Мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      Мониторинг нәтижелері бағдарламаны жүзеге асыру есебінде көрінеді. Есепте жүзеге асырылған шаралардың сипаттамасы, қол жеткізілген нәтижелер, жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдарының нақты көлемі, сонымен қатар, есепті кезеңдерде жоспарланған нәтижелердің болмауы және шаралардың орындалмау себептері көрінеді.

      Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі бойынша есептер барлық қызығушылық танытқан мүдделі тараптарға ұсынылады және Қобда ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында жарияланады. Аралық есеп- жарты жылда бір рет, яғни ағымдық жылдың 15- маусымына дейін, жылдық есеп келесі жылдың 30-қаңтарына дейін. Жылдық есеп алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша жасалынады.

8. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМ

      ҚББ көрсетілген іс-шаралар Қобда ауданы тұрғындарының денсаулығына және қоршаған ортасына қалдықтардың теріс әсерін төмендетуге жағдайлар жасауға бағытталған.

      Бағдарламада алдын-ала қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру аудандағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мақсаттық көрсеткіштердің орындалуына мүмкіндік береді.

      Бағдарламаны жүзеге асыру үдерісінде келесі міндеттер орындалатын болады:

      - қалдықтарды басқару саласындағы қажетті инфрақұрылым құрылады: ТҚҚ жинау және шығару үшін арнайы көлік сатып алынады, контейнерлер сатып алынады және орнатылды, контейнерлік алаңдар салынады.

      - Қалдықтарды бөлек жинау енгізіледі: бөлек жинауға арналған контейнер орнатылады, қауіпті құрамдас қалдықтарды (ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық) жинау үшін нүктелер анықталады.

      - ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компаниялар анықталады.

      - коммуналдық қалдықтарды 100% жинау және шығаруға қол жеткізеді.

      - коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі құрылады.

      - көмугебағытталғанқалдықтаркөлеміазайтылады.

      - санитарлық, құрылыстық және экологиялық талаптарға жауап беретін ТҚҚ полигондары құрылады;

      - қалдықтарды уақытша сақтауға арналған алаңдар құрылады;

      - апатты үйінділер жойылады;

      - тұрғындардың қалдықтарды бөлек жинауға қызығушылықтары артады және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша хабардарлығы жоғарылайды.

      Бағдарламаның негізгі экономикалық тиімі тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін төмендету мүмкіндігі және экологиялық қауіпті жағдайлардың алдын-алумен қорытындылады.

      Бағдарламаның әлеуметтік тиімі Қобда ауданы тұрғындарының экологиялық жағдайын сақтау және жақсарту болып табылады, бұл денсаулықты сақтауға, қоршаған ортаның ластағыш факторларының әсерінен туындайтын ауру қатерлерін төмендетуге мүмкіндік береді.

  1-қосымша

Қобда ауданындағы коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарумен қамтуды жоғарылату үшін қажетті контейнер мен контейнерлік алаңдарды алдын-ала есептеу

      Қобда ауданы үшін бір адамға қалдықтардың түзілуінің бекітілген нормасы – 0,78м3құрайды.

      Контейнер көлемі - 1.1 м3

      Қалдықтарды шығарудың ұсынылатын кестесі келесідей:

      Көк үй, Қоғалы, Сөгәлі, Жиренқопа ауылдарынан – Жиренқопа ауылындағы полигонға;

      Ақырап, Қаракемер, Қызылжар, Жарық, Қанай, Ортақ, Жаманкөл ауылдарынан – Ақырап ауылындағы полигонға;

      Қобда, Ақсай, Жарсай, Қарағанды, Жарсай-2, Өтек, Құрсай ауылдарынан – Қобда ауылындағы полигонға;

      Терісаққан, Жаңаталап, Талдысай ауылдарынан – Талдысай ауылындағы полигонға;

      Білтабан, Косөткел, Байтақ, Сарбұлақ – И.Білтабанова атындағы ауылындағы полигонға;

      Әлия, Бұлақ, Бестау ауылдарынан – Әлия ауылындағы полигонға;

      Бесқұдық, Бегалы, Егіндібұлақ ауылдарынан - Бесқұдық ауылындағы полигонға;

      Ай сайын: Қарағанды, Жарсай-2- Қобда полигонына,

      Көк үй, Қоғалы, Сөгәлі – Жиренқопа полигонына.

      1. Қобда, Бестау, Терісаққан, И. Білтабанова атындағы, Ақсай, Әлия, Бұлақ, Талдысай, Бесқұдық, Бегалы, Егіндібұлақ, Ақырап, Жарсай ауылдарынан - күн сайынғы шығару.

      2. Сарыбұлақ, Жарық, Қанай, Ортақ, Қызылжар, Құрсай, Жиренқопа, Жаманкөл, Қаракемер, Өтек, Қосөткел, Жаңаталап, Байтақ ауылдарынан – апта сайынғы шығару.

      3. Қарағанды, Жарсай-2, Көкүй, Қоғалы, Сөгәлі секілді шалғай орналасқан және халқы аз ауылдардан – айына бір рет.

Ауыл/қала атауы

тұрғындар

Қала/ауылдағы түзілу, м3/жылына

Қала/ауылдағы түзілу, м3/күніне

Қала/ауылдағы түзілу, м3/аптасына

Апта сайын шығарғандағы контейнерлер саны

Контейнерлік алаңдар саны

Күн сайынғы шығарғандағы контейнерлер саны

Контейнерлік алаңдар саны

Шығаруға арналған полигон

Күн сайын

Қобда

7062

5508,36

15,09

105,64

192

96

28

14

Қобда

Терісаққан

646

503,88

1,38

9,66

18

9

2

1

Талдысай

Бегалы

306

238,68

0,65

4,58

10

5

2

1

Бесқұдық

Бесқұдық

962

750,36

2,06

14,39

26

13

4

2

Бесқұдық

Талдысай

906

706,68

1,94

13,55

24

12

4

2

Талдысай

Бұлақ

140

109,2

0,3

2,09

4

2

2

1

Әлия

Әлия

1068

833,04

2,28

15,98

30

15

4

2

Әлия

Ақсай

237

184,86

0,51

3,55

6

3

2

1

Қобда

Білтабанов

452

352,56

0,97

6,76

12

6

2

1

И.Білтабанова

Бестау

440

343,2

0,94

6,58

12

6

2

1

Әлия

Егіндібұлақ

328

255.84

0,7

4,9

10

5

2

1

Бесқұдық

Жарсай

535

417,3

1,14

8,0

16

8

2

1

Қобда

Ақырап

689

537,42

1,47

10,3

20

10

2

1

Ақырап

Апта сайын

Сарыбұлақ

521

406,38

1,11

7,8

16

8

2

1

И.Білтабанова

Жиренқопа

565

440,7

1,2

8,4

16

8

2

1

Жиренқопа

Жаманкөл

58

45,24

0,12

0,87

2

1

2

1

Ақырап

Қаракемер

131

102,18

0,28

1,96

4

2

2

1

Ақырап

Құрсай

190

148,2

0,4

2,8

4

2

2

1

Қобда

Өтек

481

375,18

1,03

7,2

14

7

2

1

Қобда

Жаңаталап

340

265,2

0,73

5,08

10

5

2

1

Талдысай

Косөткел

146

113,88

0,31

2,18

4

2

2

1

И.Білтабанова

Байтақ

82

63,96

0,18

1,23

2

1

2

1

И.Білтабанова

Жарық

250

195,0

0,53

3,74

7

3

2

1

Ақырап

Қанай

56

43,68

0,12

0,84

2

1

2

1

Ақырап

Ортақ

26

20,28

0,06

0,39

1

1

2

1

Ақырап

Қызылжар

322

215,74

0,59

4,14

8

4

2

1

Ақырап

Айына 1 рет

Коғалы

181

141,18

0,39

2,7

6

3

2

1

Жиренқопа

Жарсай -2

46

35,88

0,1

0,7

2

1

2

1

Қобда

Көк үй

153

119,34

0,33

2,29

4

2

2

1

Жиренқопа

Қарағанды

49

38,22

0,1

0,73

2

1

2

1

Қобда

Сөгәлі

58

45,24

0,12

0,87

2

1

2

1

Жиренқопа

  2-қосымша

Қобда ауданының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары

№ р\н

Іс-шаралар жоспары

Аяқтау нысаны

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

Қажетті шығындар, теңге

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

Мақсаты - Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, Қобда ауданының аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру

1-міндет. Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыру

1.1

Конкурс (тендер) жүргізуарқылыбарлықтұрғынпункттердекоммуналдыққалдықтардыжинаужәнешығарубойыншақызметкөрсетутәртібі, шартыжәнекестесікөрсетілгенкелісім-шартқаотыру арқылы ТҚҚ жинаужәнетасымалдаубойыншакомпаниялардыанықтау

Келісім-шарт

2025-2026

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері

-

Талап етілмейді

1.2

ТҚҚ морфологиялыққұрамынанықтау

Аудан әкімдігіне ақпарат

2025-2026

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері

2 000 000

Жергілікті бюджет

1.3

Қалдықтардыңтүзілужәнежинақталунормаларын қайта қарастыру

Мәслихат шешімі

2025, 2027

Аудан әкімдігі

1 500 000

Жергілікті бюджет

1.4

Тұрғындардың көзқарастарын ескере отырып, тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды шығару кестесін әзірлеу және келісу

кесте

2025-2026

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері мамандандырылған компания

-

Талап етілмейді

1.5

ТҚҚ жинау және тасымалдау қызметтеріне бекітілген тарифтер бойынша ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін пайдаланатын жеке тұлғалардан төлем жинау жүйесін ұйымдастыру

Аудан әкімдігіне ақпарат

2025-2029

ТҚҚ тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған компания

-

Талап етілмейді

1.6

ТҚҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді есептеу және бекіту. Осы тарифтерді экономикалық негіздеу және уақытылы қайта қарастыру.

Аудандық мәслихат шешімі

2025, 2028

Аудан әкімдігі

2 000 000

Жергілікті бюджет

1.7

Аудан әкімдігінің сайтына, интернет-ресурстарға бектіілген бағдарламаны жүктеу

Сайтта ҚББ жүктеу

2025

Аудан әкімдігі

-

Талап етілмейді

1.8

ҚББ жүзеге асыру мониторингі

Мониторинг нәтижелері бойынша есептілік

Жылына 2 рет

Аудан әкімдігі

-

Талап етілмейді

2-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету. ТҚҚ апатты үйінділерін жою.

2.1

Жиренқопа, Ақырап, Қобда, Талдысай, И.Билтабанова атындағы, Әлия және Бесқұдық ауылдарында ТҚҚ/қалдықтарды көму орындарының қолданыстағы полигондарына талаптарды бірреттік/уақытша жеңілдету талаптары бойынша қалдықтарды көму орындарын рәсімдеу

МЭС қорытындысының бар болуы

2025-2026

а/о әкімдіктері

Критерий бекітілгеннен кейін сомасы есептелетін болады

Жергілікті бюджет

2.2

Шалғай орналасқан ауылдық округтер үшін қоқыс тиеу пункттерін құру

Жер учаскесін бөлу

2027-2028

а/о әкімдіктері

20 000 000

Жергілікті бюджет

2.3

Ауылдық үйінділердің жерлерін кезеңдік рекультивациялау және қайта қалпына келтіру.

Қабылдау комиссиясының актісі

2026-2029

а/о әкімдіктері

Рекультивация жоспары әзірленгенненн кейін сомасы есептелетін болады.

Жергілікті бюджет

2.4

Үйінділерді жою және орнын қалпына келтіру

Орындалған жұмыстардың актісі

2025-2027

Аудан әкімдігі

Үйінділер анықталғаннан кейін сомасы есептелетін болады

Жергілікті бюджет

3-міндет. Қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі

3.1

2 дана коммуналдық қалдықтарды жинау және шығаруға арналған мамандандырылған көлікті сатып алу

Қабылдау-өткізу актісі

2025-2027

Аудан әкімдігі

90 000 000

Жергілікті бюджет Облыстық бюджет
ӨКІМ операторы

3.2

Қобда ауылында ТҚҚ "құрғақ" және "ылғалды" фракцияларын бөлек жинауға арналған контейнерлерді сатып алу және орнату (24 бірлік)

Қабылдау-өткізу актісі

2025-2026

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері

2 160 000

Жергілікті бюджет

3.3

Қауіпті құрамдас ТҚҚ бөлек жинауды және қалпына келтіруді ұйымдастыру

Келісім-шарт

2024-2028

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері

-

Жеке инвестициялар

3.4

Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, соның ішінде қордаландыру арқылы қалпына келтіруді ұйымдастыру

Есептілік

2024-2025

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері, ҮЕҰ

-

Бизнес

3.5

Қобда ауылындағы контейнерлік алаңдарды талаптарға сәйкестендіру (1 КА)

Қабылдау-өткізу актісі

2025

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері, мамандандырылған компания

200 000

Жергілікті бюджет

3.6

Қобда ауылында жаңа контейнерлік алаңдарды ұйымдастыру (11 КА)

Қабылдау-өткізу актісі

2025-2026

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері, мамандандырылған компания

2 200 000

Жергілікті бюджет

3.7

Құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды төгуге арналған алаңдарды анықтау

Аудан әкімдігіне ақпарат

2024-2025

Аудан әкімдігі

-

Жергілікті бюджет

4-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін жетілдіру

4.1

Ауданда коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу нысандарын құруға мүмкіндіктер мен қызығушылықтарды айқындау бойынша жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдерімен ЖАО өзара байланысуы

Аудан әкімдігіне ақпарат

2025-2026

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері

-

Талап етілмейді

4.2

Ақтөбе облысында орналасқан қалдықтарды қайта қалпына келтірумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындармен өзара байланысу, қалдықтарды шығару, кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша келісімге отыру

Аудан әкімдігіне ақпарат

2025-2026

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері

-

Талап етілмейді

4.3

ІКҚ мен құрылыс қалдықтарына арналған ұсатқышты сатып алу

Қабылдау және өткізу актісі

2028

Аудан әкімдігі

10 000 000

жергілікті бюджет

5-міндет. Коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинаудың ұтымды жүйесіне халықтың қызығушылықтарын және мәдени деңгейін жоғарылату

5.1

Коммуналдыққалдықтарменэкологиялыққауіпсізжұмысістеудетұрғындардыңхабардарлығынжоғарылатубойынша ҮЕҰ арасынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға конкурс жүргізу

ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы келісім-шарт

2025
2027

Аудан әкімдігі

2 000 000
2 000 000

жергілікті бюджет

5.2

ТҚҚ басқару бойынша тұрғындардың хабардарлығын және экологиялық мәдениетін жоғарылату: ақпараттық кампаниялар, ақпараттық материалдар мен видеороликтер әзірлеу, тұрғындармен кездесу жүргізу, сенбіліктер, мектеп оқушылары арасындағы еріктілік клубтарды құру, жергілікті БАҚ жарияланымдар және т.б.

Орындалғанжұмыстардыңактісі

2025-2029

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері, ҮЕҰ

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ-мен бөлінген бюджет

5.3

Тұрғындардағы киім, зат, тұрмыстық техника, батареяны мамандандырылған кәсіпорындардың қабылдауы, оқу білімдері арасында макулатураны жаппай жинау үшін конкурстар, акциялар жүргізу

Есептілік

1 раз в квартал

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ -мен бөлінген бюджет

      Қажетті шығындар мен қаржыландыру көздері бойынша шығыстардың мөлшерлемелері тиісті қаржы жылына арналған, қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес, республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту мен нақтылауды ескере отырып түзетілетін болады.

  3-қосымша

Қобда ауданындағы қалдықтарға арналған ТҚҚ үйінділерінің, контейнерлік алаңдарының, контейнерлерінің жай-күйін бағалау



 

Қобда ауылындағы контейнерлік алаңдарда қатты жабынды төселмеген, қоршалмаған және екінші шикізатқа арналған торлар/контейнерлер қойылмаған.
Ұсыныстар: контейнерлік алаңдарды "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологилық талаптар" туралы бекітілген санитарлық ережелерге сәйкестендіру керек:
- периметр бойынша алаң үш жағынан жедел климаттық өзгерістерге және коррозияға тұрақты тұтас материалмен қоршалуы керек;
- алаңның төртінші жағы басқарушы, қызмет көрсетуші ұйымдар мен тұрғындардың контейнерлермен жұмыс істеуге, қалдықтарды жинауға еркін енуіне мүмкіндік береді;
- шатыр жедел климаттық өзгерістер мен коррозияға тұрақты тұтас материалдан дайындалады.



 

Ескірген, таттанған, мыжылған, техникалық жарамсыз, аз көлемді контейнерлер пайдаланылады. Екінші шикізатқа, құрғақ фракциялар,а арналған контейнерлер орнатылмаған.
Ұсыныстар: "Құрғақ" және "ылғалды" фракциялар үшін 1,1 м3 көлеміндегі контейнерлерді сатып алу және орнату. СТ 3780-2022 Қалдықтар. Алаңдарда қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнер құрамын және коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін контейнерлерді орнату алаңдарына жалпы талаптар бойынша:
-Электрондық қалдықтарға арналған контейнерлер;
-ҚСБ қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер;
-Қағаз және картон қалдықтарына арналған контейнерлер;
-Батарея қалдықтарына арналған контейнерлер;
-Тағам қалдықтарына арналған контейнерлер;
-Шыныға арналған контейнерлер;
-Пластик қалдықтарына арналған контейнерлер.
Дегенмен, барлық түрлерге арналған контейнерлерді орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда, қауіпті қалдықтарға соның ішінде ҚСБҚ арналған контейнерлерді алып тастағандағы, "құрғақ" және "ылғалды" фракциялар үшін контейнерлер орнатылады.
Қобда ауданда қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін әрбір контейнерлік алаңдарда қалдықтарды бөлек жинауға арналған (құрғақ және ылғалды фракция үшін) 2 контейнерден (кем дегенде) алып орнату керек.



 

Үйінді ТҚҚ полигонымен қатар орналасқан.
Бірнеше км созылған, әртүрлі қалдықтар, соның ішінде қауіпті қалдықтар да тасталынған.
Ұсыныстар: рұқсат етілмеген үйіндіні жою керек. ТҚҚ қолданыстағы полигонын заңдастыру керек және ТҚҚ/қалдықтарды көму орындарының (ауылдық тұрғын пункттердегі) қолданыстағы полигондарына талаптарды жеңілдету туралы бірреттік/біржолғы механизмге сәйкес келтіру.
ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарын орындау қажет, яғни қауіпті құрамдас қалдықтар полигондарға көмуге жатқызылмайды, бөлек жинақталып, мамандандырылған компанияларға қайта өңдеуге және кәдеге жаратылуға берілуі керек.



 

Қобда ауылынынң полигонының жанында апатты үйінді аумағы бар.
Ұсыныс: апатты үйіндіні жойып, үйінді топырағын рекультивациялау керек.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады