Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен 2024 жылғы 29 шілдеде өткен кеңестің № 16-04/07-1393 хаттамасының 7-тармағының 2) тармақшысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) 2025 жылғы 1 қантардан 31 желтоқсанға дейін енгізілсін.

      2. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны жүргізудің жоспар-кестесі бекітілсін;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өнірлердің Пилоттық жобаға көшу жоспар-кестесі бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (М.Е. Адамова) Пилоттық жобаны әдіснамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін және осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.

      4. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаменті (Н. Нұрлан) Пилоттық жобаны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.

      5. "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы (А.И. Ибраимов) Пилоттық жобаның операторы болып айқындалсын.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне (Н.В. Жумадильдаева) жүктелсін.

      7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр Ғ. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 372 бұйрығына
1-қосымша

Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы пилоттық жобаны жүргізу алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) (бұдан әрі – Пилоттық жоба) Пилоттық жобаны жүргізу кезіндегі оның қатысушыларының іс-қимылдарының реттілігін белгілейді.

      2. Пилоттық жобаның мақсаты мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет көрсететін ұйымға кезекке қою, қабылдау процестерінің және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды автоматтандыру мен оған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін бағытталған бюджет қаражатының нысаналы мақсатын сақтауды қамтамасыз ететін жаңа қатысушыларды тарту арқылы ашықтығын қамтамасыз ету және жетілдіру болып табылады.

      3. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1. ақпараттандыру объектісі – Ұлттық білім беру деректер қорымен (бұдан әрі – ҰБДҚ) интеграцияланған, қызметтерді алу үшін бизнес-үдерістердің автоматтандырылған орындалуын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      2. бос орын – МДҰ-ның атауы мен түрі (бөбекжай-бақша, балабақша, санаториялық бөбекжай-бақша, мектепке дейінгі шағын орталық, арнайы бөбекжай-бақша, арнайы балабақша), жұмыс режимі, тәрбиелеу мен оқыту тілі, жас тобы көрсетілген баланы МДҰ-ға қабылдауға арналған бос орын туралы ақпарат;

      3. білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы (бұдан әрі – оператор) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағында аталған адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      4. ваучерлік қаржыландыру (бұдан әрі – ваучер) – білім беру қызметтерін алушылар үшін бюджет қаражаты көлемін төлеуді көздейтін, төлеу көлемі жан басына шаққандағы қаржыландыру негізінде анықталатын қаржыландыру тетігі;

      5. виртуалды ваучер – бюджет қаражаты арнайы шотты ашусыз МДҰ-ның есепшотына төленетін ваучер түрі;

      6. ерте брондау режиміндегі бос орын – қызмет алушы Алгоритмнің 13-тармағына сәйкес күту парағына қоюға берілген өтінішінің негізінде үміткер бола алатын бос орын және таңдалған МДҰ-ға қабылдау рәсімі орын нақты босатылғаннан кейін басталады;

      7. қаржылық ваучер – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша қызметтердің кейінгі төлемдері үшін бюджеттік қаражат қызмет алушының екінші деңгейлі банктегі және/немесе Ұлттық пошта операторының арнайы шотына орналастырылатын мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметтерін төлеу үшін пайдаланылатын ваучер түрі;

      8. кезектілік нөмірі – кезекте тұрған өтініштің осы кезектегі басқа өтініштерге қатысты орны;

      9. кезектілік – осы Алгоритмге сәйкес бір біріне қатысты реттелген және ақпараттандыру объектісінде сәтті тіркелген, ваучер алу үшін кезекке қойылған өтініштердің тәртібі;

      10. қосылу шарты – ережелерiн тараптардың бiреуi формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгiлеген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт;

      11. қызмет алушы – ваучер алуға үміткер және (немесе) алған бала (ваучер ұстаушы).

      12. мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі – МДҰ) – жалпы білім беретін, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың арнайы оқу бағдарламаларын және жеке дамыту бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымы;

      13. архив – ваучерлер берілген, қызмет алушының өкілі оны алуға мүдделілігі болмауына байланысты ваучер алу мүмкіндігі тоқтатылған, сондай-ақ осы қызмет алушының өкілі тарапынан жіберілген бұзушылықтар немесе осы Алгоритмде көзделген өзге де себептер бойынша кезектен алынып тасталған кезектегі өтініштер ауыстырылатын қойма;

      14. проактивті қызмет – қызмет берушінің бастамасы бойынша қызмет алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      15. уақытша қабылданудың бос орны – санаториялық МДҰ-ға бару үшін уақытша шығарылған тәрбиеленуші үшін сақталатын орын, сондықтан бұл орынға тіркелген жаңа баланың қабылдану мерзімі шектелген болады;

      16. хабарлама – қызмет алудың белгілі бір кезеңдерінен өту туралы хабарландыру мақсатында ақпараттандыру объектісі арқылы қызмет алушының өкіліне жіберілетін электрондық мәтіндік хабарлама;

      17. электрондық шарт – тәрбиеленушінің МДҰ-да болу кезеңіндегі тараптардың құқықтары мен міндеттерін, баланы тәрбиелеу мен оқытудағы өзара жауапкершілік тетігін айқындай отырып, МДҰ мен баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі арасындағы қарым-қатынасты реттейтін заңды күші бар құжат.

      4. Пилоттық жобаның қатысушылары:

      1) келесі функцияларды орындайтын білім беруді басқару органы:

      осы Алгоритмде белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында қызмет көрсететін білім беру ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – Қызмет көрсетушілердің тізбесі) қалыптастырады;

      осы Алгоритмде белгіленген тәртіппен кезектілікті қалыптастырады;

      пилоттық жобаны енгізу сәтінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын қызметті алушылардың тізімін қалыптастырады;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін айқындайды;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекіту туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімін "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16138 болып тіркелген) бұйрығына және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі – Қағида және Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекіту туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімін ұсынады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзге де функцияларды жүзеге асырады;

      2) білім беруді басқару органының тапсырмасы негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын төлеуді және осы алгоритм мен қосылу шартында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын оператор;

      3) қаржылық ваучер шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсеткен білім беру қызметтері үшін МДҰ-ға кейіннен қолма қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатының сақталуына кепілдік беретін екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы;

      4) білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мақсаттары үшін МДҰ-ны дербес таңдайтын және олармен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсету шартын жасасатын көрсетілетін қызметті алушылардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері (бұдан әрі – қызмет алушылардың өкілдері);

      5) Пилоттық жоба шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтерді жеткізушілердің тізбесіне білім беруді басқару органдары енгізген, қосылу шартына қосылған және көрсетілетін қызметті алушының өкілімен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсету шартын жасасқан МДҰ-лар;

      6) электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтер іске қосылған сәттен бастап ҰБДҚ ақпараттық жүйесі арқылы "Есепке алудың, мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің және ваучерлерді берудің бірыңғай базасы" қызметтерді алу үшін бизнес-процестерді автоматтандырылған орындауды іске асыратын "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" акционерлік қоғамы.

2-тарау "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      5. МДҰ-ға жіберу үшін ваучерлер беру мақсатында мектепке дейінгі жастағы балаларды (6 жасқа дейінгі) кезекке қоюды (бұдан әрі – кезекке қою) республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі –қызмет беруші) көрсетеді.

      6. Кезекке қою үшін қызмет алушының өкілі Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен Алгоритмнің 2-қосымшасының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе ақпараттандыру объектілері арқылы жібереді.

      Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес, жұмыс уақытынан кейін, демалыс немесе мереке күндері қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Резидент емес болып табылатын қызмет алушыларға Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес, кезекке қою жөніндегі қызметтер осы Алгоритмде көрсетілген тәртіпке сәйкес көрсетіледі.

      Кезекке қоюдың негізгі талаптары Алгоритмнің 2-қосымшасында берілген.

      Алгоритмге 2-қосымшасының 9-тармағына сәйкес қызмет көрсетуден бас тарту негіздері анықталған жағдайда, қызмет көрсетуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет алушының өкіліне "жеке кабинеті" арқылы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      Алгоритмнің 7-тармағында көзделген кезекке қою кезінде жеңілдікті санатты растамау бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

      7. Қызмет алушы өкілінің өтініші автоматты түрде өтініш жіберу кезінде өңделеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру объектісі арқылы көрсетілетін қызметті алушының өкілімен ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін, оның ішінде жиынтық сұрау салуларды жіберу арқылы растайды.

      Бұл ретте, қызмет алушы өкілінің өтініші мынадай жағдайларда:

      1) санаториялық МДҰ-ға кезекті қоспағанда, қызмет алушының осы немесе басқа өңірде кезекте тұруының анықталуында;

      2) санаториялық МДҰ-ға кезекті қоспағанда, қызмет алушы осы немесе басқа өңірдегі мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілетін МДҰ-ның контингентінде болғанда;

      3) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың агломерациясына жатқызылған елді мекенде тіркелу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсетілетін елді мекенде қызмет алушының тұрақты немесе уақытша тіркелуі болмағанда жойылады.

      Қызмет беруші ақпараттандыру объектісі арқылы, оның ішінде жиынтық сұрау салуларды тиісті саланың уәкілетті органына жіберу арқылы қызмет алушының өкілімен ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестігін растайды.

      Ақпараттандыру объектісінде қызмет берушіден растаманы алғаннан кейін Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес тиісті санатқа кезекке қою жүзеге асырылады, және 5 (бес) жұмыс күні ішінде кезектілік нөмірі беріледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жеңілдікті санат расталмаса, қызмет алушының жасына қарай өтінішке тиісті санат беріледі.

      Кезек нөмірі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерін алу үшін кезекке қоюға өтініш берілген күн мен уақытты негізге ала отырып, әр санат бойынша бөлек тағайындалады.

      8. Көру қабілеті, есту қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілінде ауыр түрде бұзылыстары, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар, зердесі зақымдалған, психикалық дамуы тежелген балалар үшін МДҰ-дағы арнайы топтарға және арнайы МДҰ-ға (арнайы бөбекжай-бақшалары, арнайы балабақшалар) кезек "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымына және оқыту тіліне сәйкес, балалардың туған жылы, бұзушылық түрі бойынша әрбір МДҰ бойынша жеке қалыптастырылады.

      Санаториялық бөбекжай-балабақшалардағы кезек әрбір МДҰ бойынша бөлек және балалардың туған жылына сәйкес қалыптастырылады, сондай-ақ қызмет алушыларды кезекке қоюға мүмкіндік беріледі.

      9. Егер психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарында өзгеше көрсетілмесе, МДҰ-ға кезекке қою өтінішін жолдау үшін баланың жасы ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жастан аспауы тиіс (Алгоритмнің 8-тармағында көрсетілген балаларды қоспағанда).

      Егер психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсыныстарында өзгеше көрсетілмесе, бала нақты 6 жасқа толғанда (Алгоритмнің 8-тармағында көрсетілген балаларды қоспағанда) ағымдағы оқу жылы аяқталғаннан кейін, кезектен шығарылады.

      Өтініштің кезектің жас санатына жатуы күнтізбелік жылдың соңына дейін балалардың толық жасқа толуына сәйкес жүргізіледі.

      10. Кезектер қызмет алушы туралы мәліметтердің және оның жасын жаңарту негізінде кезектің санаттары арасында өтініштерді жылжыту арқылы 31 шілдеде жаңартылады. Өтініштерді кезек санаттары арасында ауыстыру өтінішті беру күні мен уақыты бойынша қатаң түрде санат ішінде түзілетін өтініштердің жаңартылған тәртібіне сәйкес кезек нөмірін жаңартумен қатар жүреді.

      Соңғы санаттан басқа барлық санаттар бойынша кезек толық қанағаттандырылған жағдайда, кезекті 1 қаңтарда қосымша жаңартуға жол беріледі.

      11. Қызмет алушының өкілі:

      1) кезекке қою үшін өтініш береді;

      2) көшіп кету немесе қажеттілік болмау жағдайында өтінішті кезектен алып тастайды;

      3) кезектілік нөмірін тексереді;

      4) ваучердің берілгендігі туралы хабарлама алады;

      5) ваучерді қабылдау немесе одан бас тарту туралы келісім білдіреді;

      6) ваучерді алады;

      7) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген профилактикалық егулерді алуды қамтамасыз етеді;

      8) бос орындар туралы ақпаратқа сәйкес МДҰ-ны таңдайды;

      9) құжаттарды қабылдау және баланы МДҰ-ға қабылдау үшін өтініш береді;

      10) Алгоритмге 6-қосымшаға сәйкес жасалған нысан бойынша электронды шартқа қол қояды.

      11) Ақпараттандыру объектісі Алгоритмнің 3-тарауына сәйкес бірінші кезекте тұрған көрсетілетін қызметті алушының өкіліне Алгоритмге 7-қосымшаға сәйкес ваучер берілгені туралы хабарлама жібереді. Қызмет алушының өкілі 2 (екі) жұмыс күні ішінде ваучерді МДҰ-да пайдалану туралы келісімін растайды немесе одан бас тартады. Егер ваучерден бас тартылса, кезек жойылады. Егер қызмет алушының өкілінен 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауап болмаса, өтініш кезекте белсенді емес болып қалады және ақпараттандыру объектісінде көрсетілген кезеңде жүйеден тыс қалпына келтіру құқығымен 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн ішінде ваучерлер алуға қатыспайды, көрсетілген мерзімде жауап болмаған жағдайда кезек жойылады.

      12) Басқа жерге жаңа қызмет орнына ауыстыру және тұрғылықты жерін ауыстыру кезінде қызмет алушының өкілі өзінің өтінішін кері қайтарып алады және оны жаңа тұрған жері бойынша береді.

      Кезекке қойылғаннан кейін жеңілдік санатын алған жағдайда қызмет алушының өкілі осы Алгоритмде көзделген тәртіппен қайта өтініш береді. Бұл ретте бұрын берілген өтініш қызмет алушының өкілі тарапынан кері қайтарып алуға жатады

      12. Тәулік бойы жұмыс істейтін және қызмет алушылар арасында ваучерлерді тарату үдерісін үздіксіз жүзеге асыратын ақпараттандыру объектісі:

      1) кезекке қоюға өтінішті тіркейді (немесе тіркеуден бас тартады), өтінішті архивке орналастырады, ваучер береді;

      2) МДҰ-дан күн сайын МДҰ-дан балалардың шығуы, сондай-ақ балаларды бір жас тобынан екіншісіне көшіру және жас топтарын жинақтауды ескеріп, бос орындар туралы ақпарат қабылдайды;

      3) бала 6 (алты) жасқа толған кезде өтінішті кезектен шығарады (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсыныстары бар ерекше қажеттіліктері бар балалардан басқа) және баланың максималды жасқа жету себепті оны архивке орналастырады;

      4) кезекті жаңартады.

      Бұл ретте облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың агломерациясына жатқызылған елді мекенде тіркелу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсетілетін елді мекенде қызмет алушының тұрақты немесе уақытша тіркелуі болмаған жағдай бас тартуға негіз болып табылады.

      Алгоритмнің 7-тармағында көзделген кезекке қою кезінде жеңілдікті санатты растамау бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

      13. Ваучерді беру және растау сәтінде қалаған МДҰ-да бос орын болмаған кезде қызмет алушының өкілі бос орындары бар МДҰ-мен қызметтер көрсету туралы шартты таңдайды және шарт жасасады және ақпараттандыру объектісінде қалыптастырылған өтініш негізінде МДҰ-ның күту парағына тұра алады. Қызмет алушының өкілі балалар контингентіне енгізілген бола тұра, берілген ваучер негізінде МДҰ-ның күту парағына өтініш бере алады.

      МДҰ-да бос орындар пайда болса, ақпараттандыру объектісі бірінші болып күту парағында тұрған қызмет алушының өкіліне проактивті тәсілмен хабарлама жібереді. Егер қызмет алушының өкілінен 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауап болмаса, қызмет алушы күту парағынан шығарылады, ал хабарлама күту парағындағы келесі қызмет алушыға жіберіледі.

      14. Қызмет көрсетушінің кезекке қою бойынша қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағым қызмет көрсетушінің басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Қызмет алушының өкілінің кезекке қою қызметін көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетушіге түскен шағымы "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде қызмет алушының өкіліне "жеке кабинеттен" қызмет берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылған (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

      Қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушы өкілінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Кезекке қою бойынша қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда қызмет алушының өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

3-тарау. Мектепке дейін ұйымдарға ваучерлерді бөлу тәртібі

      15. МДҰ-да ваучерлерді бөлу итерациялық әдіспен келесі кезек параметрлерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады:

      1) санат нөмірі – санаттың басымдығын көрсететін реттілік;

      2) санат сипаттамасы – Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес әр санаттың сипаттамасы;

      3) санат салмағы – Алгоритмнің 4-қосымшасына сәйкес санаттың маңыздылығын анықтайтын басымдық салмағы. Бұл ретте, Пилоттық жобаны енгізу кезеңінде салмақты оператор анықтайды және ақпараттандыру объектісінде жариялайды;

      4) ваучерлерді бөлгенге дейінгі кезектегі қызмет алушылардың саны – ваучерлерді бөлу басталғанға дейінгі кезектегі балалар саны;

      5) ваучерлерді бөлу – әдіс қолданылғаннан кейінгі бөлінген орындар саны;

      6) ваучерлерді бөлгеннен кейінгі кезектегі қызмет алушылардың саны – әдіс қолданылғаннан кейінгі кезекте қалған балалар саны;

      7) итерациялардың саны – Пилоттық жоба кезеңінде оператор анықтайтын жалпы итерациялар саны;

      8) әр итерациядағы санаттар саны – Пилоттық жоба кезеңінде оператор анықтайтын әр итерацияда бөлу жүзеге асырылатын санаттар.

      16. Ваучерлерді итерациялар бойынша бөлу үдерісі келесі түрде жүзеге асырылады:

      1) итерация әр санат арқылы оның нөміріне сәйкес өтеді; 

      2) ваучерлерді бөлу санаттың салмағына сәйкес және ваучерлерді келесі формула бойынша бөлуге дейінгі кезекте тұрған қызмет алушылардың санына байланысты келесі формула бойынша жүзеге асырылады: 

      Vi, k = nk, егер nk ≥ ck, онда Vi, k= ck,

      егер nk < ck, онда Vi, k= nk,

       мұнда Vi,k – санат бойынша итерациядағы ваучерлердің саны,

      nk – санаттың салмағы,

      ck – санат бойынша кезектегі қызмет алушылардың саны;

      Бұл ретте, әрбір келесі итерацияда алдыңғы итерацияның нәтижелері бойынша берілген ваучерлер ескеріле отырып, кезек автоматты түрде жаңартылады және ваучерлер өзгерген жағдайлар бойынша бөлінеді.

      17. Итерация бойынша ваучерлерді беру үлестіру үшін бөлінген ваучерлердің жалпы санына жеткенге дейін жалғасады, оған қол жеткізген кезде итерация тоқтатылады.

      18. Келесі ваучерлерді бөлу үдерісі өткен итерация тоқтаған жерден басталады.

      19. Жалпы білім беру кезегіндегі категориялардың саны, түрлері, бір-бірінен кейінгі реттілігі, сипаттамалары мен салмағы әрбір қызмет көрсетуші тарапынан білім беру саласындағы уәкілетті органның операторымен келісілген жағдайда оңтайландырылып, қайта қаралуы мүмкін.

      20. Санаториялық және Алготритмнің  8-тармағында көрсетілген арнайы МДҰ-ға, сондай-ақ МДҰ-дағы арнайы топтарға ваучерлерді бөлу осы МДҰ мен топтардағы орындардың босауына қарай жүзеге асырылады.

      21. Бөлінетін ваучерлердің саны мынадай негізде қалыптастырылады:

      1) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттерден қосымша бюджет қаражатын бөлу; 

      2) осы Алгоритмде көзделген жағдайларда бұрын берілген ваучерлерді жою;

      3) мемлекеттік білім беру тапсырысын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үшін орналастыруға арналған бюджет қаражатын босату, оның ішінде бюджет қаражатын үнемдеу.

4-тарау. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

      22. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" қызметі (бұдан әрі – балаларды қабылдау қызметі) МДҰ-да (бұдан әрі – МДҰ қызмет көрсетуші) көрсетіледі. Бұл ретте қызмет алушының өкілі ваучерді алғанын растағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органы қалыптастырған қызмет көрсетушілер тізімінен МДҰ-ны таңдап, қабылдануды іске асырады.

      23. Балаларды МДҰ-ға қабылдау жөніндегі қызмет ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетіледі.

      Ақпараттандыру объектісі МДҰ-ның қызмет көрсетушісіне МДҰ-ның қызмет көрсетушісінің ресми қызметкері үшін ғана жұмыс орнына қолжетімділікті қамтамасыз етеді, авторизация құралдары арқылы осындай қызметкердің жеке басын дербестендірілген тексеруді қамтамасыз етеді және сол жеке тұлғалардың әртүрлі МДҰ-ның бірнеше жұмыс орындарына қол жеткізуіне мүмкіндік бермейді. Ақпараттандыру объектісі қызмет алушылар өкілдерінің жеке кабинеттеріне тек қызмет алушылар өкілдерінің дербес құрылғыларынан кіруді қамтамасыз етеді, қызмет алушылар өкілдерінің жеке кабинеттеріне МДҰ қызмет көрсетушілерінің құрылғыларынан кіруді бұғаттайды.

      Балаларды қабылдау бойынша қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Алгоритмге 9-қосымшада келтірілген.

      МДҰ-ға қабылдау үшін кезектен қызмет алушыға берілген және қызмет алушының өкілі растаған ваучер немесе ағымдағы МДҰ-дан шығарылғаннан кейін жаңа  МДҰ-ға қабылдау үшін пайдаланылатын қолданыстағы ваучер негіз болып табылады.

      МДҰ таңдау және қабылдану үшін пайдаланылатын 1 (бір) жұмыс күні мерзімін қызмет алушының өкілі қосымша 2 (екі) жұмыс күніне ұзартуы мүмкін.

      Осы тармақта көзделген мерзімде МДҰ-ға қабылдау үшін құжаттар ұсынылмаған жағдайда қызмет алушы өкілінің өтініші осы МДҰ-ға кезектен шығарылады.

      Ақпараттандыру объектісі қызмет алушы өкілінің өтінішін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын МДҰ қызмет көрсетушісінің қарауына жібереді.

      Қызмет алушының өкілі барлық құжаттарды жинап, білім беру қызметтерінің электрондық шартына қол қойғаннан кейін оларды Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес қабылдау үшін портал және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы не қағаз жеткізгіште ұсынады.

      МДҰ қызмет көрсетушісі құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді  1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және ұсынылған құжаттардың Алгоритмге 9-қосымшаның 8-тармағына сәйкестігін тексереді.

      Қызмет алушының өкілі құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда МДҰ қызмет көрсетушісі ақпараттандыру объектісінде есепке алу мерзімін 2 (екі) жұмыс күніне ұзарту қажеттігімен 2 (екі) жұмыс күні ішінде сәйкесіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлайды.

      Ескертпелер осы тармақта көзделген мерзімде жойылмаған жағдайда, МДҰ қызмет көрсетушісі қызмет алушының өкіліне "жеке кабинетке" қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 85-бабының 11-тармағына сәйкес жас тобында жоспарлы профилактикалық егулерді алмаған балалардың үлесі 10%-дан асқан жағдай мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

      Құжаттарды қабылдағаннан кейін қызметті алушы өкілінің "жеке кабинетінде" МДҰ-ға қабылдау бойынша қызмет көрсетуге арналған сұранысты қарау мәртебесі туралы ақпарат көрсетіледі, сондай-ақ қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Қызмет алушының өкілі құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде МДҰ қызмет көрсетушісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін өз тарапынан оған қол қоя отырып, білім беру қызметтерінің электрондық шартын жасасумен аяқтайды. Шарт жасалғаннан кейін қызмет алушының өкіліне "жеке кабинетке" баланың МДҰ-ға қабылдануы туралы хабарлама жіберіледі.

      Тараптардың шартқа қол қоюы ақпараттандыру объектісінің қалауы бойынша қолжетімді тәсілдермен (ЭЦҚ және заңнамаға сәйкес басқа да тәсілдермен) жүзеге асырылады.

      24. МДҰ қызмет көрсетушісі баланы МДҰ-ға қабылдау мынадай себептер бойынша:

      1) қызмет алушының өкілі шарт жасау үшін қажетті құжаттарды ұсынбағанда немесе құжаттардың мерзімі өтіп кеткенде (шарт жасалған күнге қатысты күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей берілген баланың денсаулық паспорты және баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама);

      2) ұсынылған құжаттарға сәйкес баланы МДҰ-ға қабылдауға медициналық қарсы көрсетілімдер болғанда;

      3) топтардағы ұжымдық иммунитет шекті деңгейінен асып кеткен жағдайда (жоспарлы профилактикалық егулер алмаған балалардың саны 10%-дан көп);

      4) қызмет алушының өкілі осы Алгоритмде белгіленген мерзімде МДҰ-ға қабылдануды жүзеге асырмағанда жойылады.

      25. МДҰ-ның қызмет көрсетушісінің балаларды қабылдау бойынша қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағым МДҰ қызмет көрсетушісінің басшысының атына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Қызмет алушының өкілінің МДҰ қызмет көрсетушісіне түсірген шағымы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде қызмет алушының өкіліне "жеке кабинеттен" МДҰ қызмет көрсетушісінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылған өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

      Қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушы өкілінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      МДҰ-ға қабылдау жөніндегі қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда қызмет алушының өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

5-тарау. Пилоттық жоба аясында қызмет алушылар контингентін қалыптастыру

      26. Қызмет алушылар контингентіне кіреді:

      1) виртуалды ваучерлер автоматты түрде берілетін Пилоттық жобаны енгізу сәтінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметін алатын қызметті алушылар;

      2) кезекке қою қызметін көрсету нәтижесінде қаржылық немесе виртуалды ваучер алған қызмет алушылар.

6-тарау. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібі

      27. Білім беруді басқару органдары өздерінің ресми интернет-ресурстарында және ақпараттандыру объектісінде жыл сайын ваучерлік қаржыландыруға көшкеннен кейінгі айдың 10 қаңтарынан кешіктірмей немесе 10 күннен кешіктірмей Қызмет көрсетушілердің тізбесін жариялайды және (немесе) орналастырады.

      Қызмет көрсетушілердің тізбесі МДҰ-ның атауын, жобалық қуатын қамтиды және мынадай МДҰ қатарынан қалыптастырылады:

      1) бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған – автоматты түрде, МДҰ-ның өтініш беруінсіз;

      2) бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылмаған, бірақ Комиссияның Алгоритмнің осы тарауында көзделген талаптарға МДҰ-ның сәйкестігі туралы хаттамасын алған.

      28. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған МДҰ қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізу туралы өтініш береді және қамтамасыз етеді:

      1) "Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес шарттар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар);

      2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы  № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сәйкес шарттар (бұдан әрі – өрт қауіпсіздігі қағидалары);

      3) "Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы  № 117 бұйрығына сәйкес талаптар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) (бұдан әрі – Нұсқаулық);

      4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім берудің арнайы шарттары (бар болса) және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы заң) сәйкес қолжетімді орта;

      5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру;

      6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету;

      7) "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) сәйкес штат санын.

      29. Алгоритмнің 28-тармағында көрсетілген МДҰ ақпараттандыру объектісінде бастапқы түпнұсқаға толық сәйкес келетін анық оқылатын түрде pdf электрондық форматында мынадай құжаттарды бекіту жолымен ұсынады:

      1) Алгоритмге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы басшының қолымен және мөрімен куәландырылған ақпаратты;

      3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымымен шарт (сыйымдылығы үш топқа дейін);

      4) педагогтік немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелері;

      5) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі (бар болса).

      30. Алгоритмнің 29-тармағында көрсетілген құжаттар 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылғаннан кейін:

      1) мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы ақпараттандыру объектісі ("электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz) бар-жоғын және шындығын тексеруді алады және жүзеге асырады:

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламалар;

      сыйымдылығы 3 (үш) және одан да көп топқа арналған медициналық қызметке арналған лицензиялар;

      2) білім беруді басқару органы қабылдайды және бар-жоғын, жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

      "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28566 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық) сәйкес МДҰ-ның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін;

      қызметтерді көрсетушілердің тізбесіне енгізу үшін құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтер.

      31. Ұсынылған құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша білім беруді басқару органы 2 (екі) жұмыс күні ішінде мынадай сәйкессіздіктер анықталған кезде сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарламаны МДҰ-ға жібереді:

      1) МДҰ-ның өтініші Алгоритмге 10-қосымшада белгіленген нысанға сәйкес келмейді және (немесе) толық емес не ішінара толтырылмаған;

      2) Алгоритмнің 29-тармағында көзделген құжаттар толық немесе ішінара жоқ;

      3) электрондық форматта ұсынылған құжаттар Алгоритмнің 29-тармағының екінші бөлігіне сәйкес келмейді;

      4) өтініште көрсетілген МДҰ ҰБДҚ-да тіркелмеген.

      Хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде МДҰ ақпараттандыру объектісінде осы Алгоритмге сәйкес келтірілген өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қайта ұсынады. Белгіленген мерзімде МДҰ өтініші оған қоса берілген құжаттармен бірге берілмеген кезде білім беруді басқару органы МДҰ-ға негізделген және дәлелді бас тартуды жібереді.

      32. Білім беруді басқару органы МДҰ-ның қайта жіберген өтінішімен қоса берілген құжаттарды келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады.

      Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қайта қарау нәтижелері бойынша білім беруді басқару органы мынадай жағдайларда қызметтерді көрсетушілер тізбесіне енгізуден негізді және дәлелді бас тартуды жолдайды:

      1) МДҰ хабарламада көрсетілген сәйкессіздіктерді жоймағанда;

      2) білім беруді басқару органының Aлгоритмнің 31-тармағында көзделген сәйкессіздіктерді анықтағанда.

      Алгоритмнің 31-тармағында және осы тармағында көзделген бас тартуды және хабарламаны МДҰ-ға білім беруді басқару органы ақпараттандыру объектісінде және (немесе) өтініште көрсетілген электрондық поштаға не электрондық пошта болмаған жағдайда өтініште көрсетілген пошта мекенжайына жібереді.

      33. Білім беруді басқару органы өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды осы Алгоритмде көзделген талаптарға сәйкестігін растағаннан кейін келесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Aлгоритмнің талаптарына сәйкестігін айқындау үшін МДҰ-ға шығу жүзеге асырылады.

      Шығуды жүзеге асыру мақсатында білім беруді басқару органы Комиссия құрады.

      Келесі күнтізбелік жылға арналған Комиссияның құрамы білім беруді басқару органының шешімімен күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

      Комиссияның құрамы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың білім беруді басқару органдарының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатарынан олардың тең үлесін қамтамасыз ете отырып қалыптастырылады.

      Комиссия төрағадан және Комиссия мүшелерінің тақ санынан тұрады, бірақ комиссия төрағасын қоса алғанда, кемінде 5 (бес) адамнан тұрады.

      Білім беруді басқару органының басшысы және (немесе) оны алмастыратын тұлға Комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссияның қызметі білім беруді басқару органы Комиссияның жаңа құрамын қалыптастырған және бекіткен кезде тоқтатылады.

      Комиссия төрағасын қоспағанда, Комиссия мүшелері дауыс беруге ауыстыру құқығынсыз қатысады.

      Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауыс берген ұсынысы қабылданды деп есептеледі.

      34. Шығу нәтижелері бойынша Комиссия осы Алгоритмге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талаптарға сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы хаттама жасайды және білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырылады.

      35. Білім беруді басқару органдары Комиссия хаттамасының негізінде күнтізбелік жыл ішінде қызмет көрсетушілердің тізбесін атауын, жобалық қуатын көрсете отырып өзектендіреді, Комиссия хаттамасы жарияланған күні білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      36. МДҰ-ны Қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізуден бас тарту Қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізу үшін оның қайта өтініш беруіне кедергі келтірмейді, бірақ бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес.

      37. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған МДҰ-да 3 (үш) жылда бір рет Алгоритмнің 28-тармағының талаптарын сақтау және қамтамасыз ету бойынша жоспарлы мониторинг жүргізіледі.

      Жоспарлы мониторингті Комиссия жергілікті атқарушы органдардың, білім беруді басқару органдарының, аккредиттелген (салалық) қауымдастықтардың және (немесе) өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып жүзеге асырады.

      МДҰ-ға жоспарлы мониторинг жүргізу мерзімдері көрсетілген хабарламаны білім беруді басқару органы бір ай бұрын жібереді.

      Жоспарлы мониторинг нәтижелері бойынша Комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттама жасайды және МДҰ-ның танысуы үшін білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      38. Осы Aлгоритмнің нормаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда МДҰ Комиссия хаттамасын алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және білім беруді басқару органдарын құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер мен функцияларды іске асыруға арналған құрылымдық бөлімшеге басшы қол қойған растайтын құжаттарды қағаз немесе электрондық форматта ұсынады.

      Анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда Комиссия 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органын МДҰ-ны қызмет көрсетушілер тізбесінен алып тастау қажеттігі туралы хабарлайды.

      39. Білім беруді басқару органы мынадай жағдайларда МДҰ қызметтерін көрсетушілер тізбесінен алып тастайды:

      1) Комиссияның тиісті хабарламасын алғаннан кейін жоспарлы мониторинг шеңберінде анықталған бұзушылықтар МДҰ-мен жойылмаған кезде;

      2) саны 10 (он) асатын МДҰ-дағы көрсетілетін қызмет алушылардың саны бойынша анық емес ақпарат беру бөлігінде тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша бұрмалау фактісі анықталған кезде;

      3) Алгоритмнің 29-тармағында көзделген құжаттарды верификациялау қорытындылары бойынша МДҰ мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде оператордың хабарламасына сәйкес деректердің дұрыс еместігі анықталған кезде;

      4) Алгоритмнің 44-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін орналасқан жері (ғимаратты/үй-жайды ауыстыру) өзгерген, осы Алгоритмнің талаптарына сәйкес келмеген, сондай-ақ МДҰ-ның орналасқан жерінің өзгеруі (ғимаратты/үй-жайды ауыстыру) туралы хабарлама берілмеген кезде.

      40. Білім беруді басқару органдары ақпараттандыру объектісінде қызмет көрсетушілердің тізбесін тұрақты негізде өзектендіреді және операторды хабардар етеді.

      МДҰ-ны қызмет көрсетушілер тізбесінен алып тастау оны Aлгоритмнің 2-тарауына сәйкес Қызмет көрсетушілер тізбесіне қайта енгізуге кедергі келтірмейді, бірақ ол шығарылған күннен бастап 3 (үш) айдан ерте емес.

      Қызмет көрсетушілердің тізбесінен МДҰ-ны алып тастаған кезде қызмет алушының өкілі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қызмет көрсетушілердің тізбесінен басқа МДҰ-мен қызметтер көрсету шартын жасасады.

      41. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың МДҰ қызметіндегі және осы Алгоритм талаптарындағы бұзушылықтар бойынша өтініштері негізінде білім беруді басқару органы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген мерзімдерде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.

      42. Орналасқан жері (ғимараттың/үй-жайдың ауысуы) өзгерген кезде МДҰ білім беруді басқару органына орналасқан жері (ғимараттың/үй-жайдың ауысуы) өзгергенге дейін 1 (бір) ай бұрын хабарлайды.

      Орналасқан жерін өзгерту (ғимаратты/үй-жайды ауыстыру) мерзімдерін көрсете отырып, МДҰ басшысы қол қойған хабарлама білім беруді басқару органының ақпараттандыру объектісі арқылы электрондық форматта жіберіледі.

      Хабарламаны тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтама (талон) МДҰ-ға білім беруді басқару органының ақпараттандыру объектісі арқылы жіберіледі.

      43. Орналасқан жерінің өзгергені (ғимараттың/үй-жайдың ауысуы) туралы хабарлаған МДҰ хабарлама тіркелген күннен бастап 1 (бір) ай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қаржыландырылады.

      44. Білім беруді басқару органын хабарлаған күннен бастап бір ай өткен соң МДҰ мынадай құжаттарды:

      1) Алгоритмге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) МДҰ басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпаратты;

      3) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін (бар болса) ұсынады.

      Көрсетілген құжаттар МДҰ-мен білім беруді басқару органының ақпараттандыру объектісі арқылы электрондық форматта жіберіледі.

      45. Алгоритмнің 44-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркегеннен кейін білім беруді басқару органы ақпараттандыру объектісі және (немесе) мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы алады және мынадай құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:

      1) № 29/қе бұйрыққа сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

      2) медициналық қызметке лицензиялар;

      3) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар.

      46. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия Алгоритмнің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша талаптарға сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы хаттама жасайды және білім беруді басқару органдарының ақпараттандыру объектісінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырады.

      Білім беру басқару органы Комиссия хаттамасының негізінде МДҰ-ның атауын және жобалық қуатын көрсете отырып, Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін өзектендіреді.

7-тарау. Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде Пилоттық жобаның қатысушыларының әрекеттері

      47. Пилоттық жоба аясында мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға орналастыру оның қатысушыларының келесі дәйекті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады:

      Білім беруді басқару органы:

      1) Алгоритмге сәйкес қалыптастырады:

      пилоттық жобаны іске асыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі;

      Қызмет көрсетушілердің тізбесі және қызмет алушылардың тізімін;

      2) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Әдістемесі мен Қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекіту туралы жергілікті атқарушы органның шешімін ұсынады және операторға, оның ішінде өзгерістер енгізу кезінде ұсынады;

      3) операторды Пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, оның ішінде:

      МДҰ тәрбиеленушілерінің қатысу табельдерін МДҰ деректерімен салыстыру мақсатында тиісті ақпараттандыру объектісіне тұрақты қолжетімділік (логин және құпия сөз);

      тиісті қаржы жылына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының білім беруді басқару органы қалыптастырған көлемі шегінде оператор берген қаржыландыруға өтінішке сәйкес көлемде және мерзімдерде бюджет қаражатымен;

      қызмет көрсетушілердің өзекті тізбесін қызмет алушылардың тізімін, оның ішінде ақпараттандыру объектісі арқылы, сондай-ақ оларға барлық өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды уақтылы жіберу;

      4) Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде оператордың қосылу шартына қосылған МДҰ-мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының сомасын азайту және мерзімін қысқарту туралы қосымша келісімдерді мемлекеттік сатып алу веб-порталында бұзу немесе жасасу жөнінде шаралар қабылдайды, білім беруді басқару органы Тапсырыс беруші болып табылатын мемлекеттік сатып алу веб-порталында жоғарыда көрсетілген шарттарға қосымша келісімдердің бұзылуына немесе жасалуына байланысты осындай МДҰ қандай да бір айыппұл санкцияларын қолданбайды;

      5) тәрбиеленушінің қатысу табелінде көрсетілген ақпаратты растау мақсатында қызмет алушылардың өкілдері ұсынған құжаттарды тексереді;

      оператор:

      6) қызмет алушылар тізімінің қызмет берушілер тізбесіне олардағы деректердің мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердің, оның ішінде ҰБДҚ деректерімен сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

      Қызмет көрсетушілердің тізбесінде көрсетілген МДҰ деректерінің (немесе) қызмет алушылардың қызмет алушылар тізімінде көрсетілген деректерінің сәйкессіздігі анықталған жағдайда оператор өзінің тәуекелдерді басқару жүйесінде верификация жүргізеді. Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер, оның ішінде ҰБДҚ арқылы оларды верификациялау қорытындылары бойынша деректердің дұрыс еместігі анықталған кезде оператор білім беруді басқару органын қызмет алушылардың тізімінен тиісті емес қызмет алушыларды және (немесе) қызмет көрсетушілердің тізбесінен сәйкес келмейтін МДҰ-ны алып тастау қажеттігі туралы хабарлайды;

      7) білім беруді басқару органына тиісті қаржы жылына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін білім беруді басқару органы қалыптастырған шекте қаржыландыруға өтініш жібереді;

      8) Пилоттық жобаға қатысушылар арасында Шарт жасасушы тараптардың өзара іс-әрекет жасау талаптарын көздейтін, нысаны оператормен бекітілген қосылу шартын жасасады.

      Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 381-бабына сәйкес Пилоттық жобаға қатысушылар арасында жасалатын қосылу шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 41-тарауына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 25) тармақшасына және 1-баптың 13-1) тармақшасына "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, қосылу шарты, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабының 1-тармағына сәйкес тапсырма шартының элементтерін қамтитын аралас жасалатын шарт.

      Пилоттық жобаға қатысушылардың қосылу шартына қосылу тәртібін оператор айқындайды және қосылу шартының бекітілген нысанында көрсетіледі.

      Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шартқа өзгерістер білім басқармасы органның бекітілген бюджеті шегінде, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін қызмет алушылардың саны өзгерген кезде тараптардың келісімі бойынша енгізіледі;

      9) виртуалды ваучер кезінде – мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ қосылу шартында көзделген талаптарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде МДҰ көрсеткен білім беру қызметтерін қабылдайды не мұндай қызметтерді қабылдаудан дәлелді түрде бас тартады;

      10) қаржылық ваучер кезінде – Екінші деңгейдегі банкте және (немесе) Ұлттық пошта операторында ашылған тиісті қызмет алушылардың шоттарына олар көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен тиісті МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған қаражатты ай сайын аударуды жүргізеді;

      11) тәуекелдерді басқару жүйесін жүргізеді;

      қаржылық ваучер кезінде Пилоттық жобаға қатысатын екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы:

      12) қызмет алушының өкілі екінші деңгейдегі банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының мобильді қосымшасында және (немесе) ақпараттандыру объектісінде тіркеу жөніндегі нұсқаулықты жолдай отырып, қаржылық ваучерді таңдаған кезде қызмет алушының атына банктік шот ашады.

      Банк шоттарын ашу осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген қосылу шартына қосылған екінші деңгейдегі банкте және (немесе) Ұлттық пошта операторында жүзеге асырылады, оның шеңберінде екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы қызмет алушылардың банк шоттарына аударылатын және кейіннен Пилоттық жоба шеңберінде тиісті қызмет алушыларға көрсеткен білім беру қызметтері үшін қызмет көрсетушілердің тізбесіне енгізілген МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатын сақтауға кепілдік береді;

      13) қосылу шартында көзделген мерзімдерде МДҰ тәрбиеленушілерінің расталған келу табеліне сәйкес есептелген мөлшерде ақшалай қаражатты қызмет алушылардың банктік шоттарынан МДҰ банктік шоттарына аударады;

      14) қосылу шартында көзделген мерзімдерде акцептісіз тәртіппен есептен шығарады:

      қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша пайдаланылмаған қалған ақша қызмет алушылардың шоттарынан алынады және операторға аударады;

      Алгоритмнің 51-тармағына сәйкес ваучер жойылған, қызмет алушымен банктік шот шарты бұзылған жағдайда қызмет алушылардың банктік шоттарында қалған ақша операторға аударылады;

      15) қосылу шартында көзделген мерзімдерде операторға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға пайдаланылған қаражат туралы ақпаратты оператормен келісілген нысан бойынша береді;

      16) қаржылық ваучер шеңберінде таңдаған және қатысатын МДҰ тәрбиеленушілерінің келу табелін операторға одан әрі беру үшін ҰБДҚ-ға береді;

      17) тиісті қызмет алушыларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша олар көрсеткен білім беру қызметтері үшін кейіннен МДҰ-ға қолма-қол ақшасыз аударуға арналған бюджет қаражатының нысаналы мақсатының сақталуына, оның ішінде фактілерге жол бермеуге кепілдік береді:

      басқа қызмет алушы немесе өзге үшінші тұлға үшін білім беру қызметтеріне ақы төлеу мақсатында бір қызмет алушының атына ашылған банктік шоттан МДҰ шотына бюджет қаражатын аудару;

      білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде ашылған қызмет алушылардың банктік шоттарынан қолма-қол ақша беру;

      18) өзінің ақпараттандыру объектісінің және (немесе) мобильді қосымшаның үздіксіз жұмысын және тәрбиеленушілердің келу табеліне растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      Қызмет алушының өкілдері:

      19) Қаржылық ваучерді таңдағанда, екінші деңгейдегі банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы тарапынан хабарлама алғаннан кейін мобильді қосымшада тіркеледі және екінші деңгейдегі банктің немесе Ұлттық пошта операторының белгіленген тәртібі мен нысанында банк шоты туралы келісімшартты және қосылу келісіміне қосылу туралы өтінішке қол қояды;

      20) қызмет алушының өкілі мен МДҰ арасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсетудің қолданыстағы электрондық шарты болған жағдайларды қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсетудің электрондық шартын жасасатын тиісті ақпараттандыру объектісі арқылы қолайлы МДҰ-ны таңдайды;

      21) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша білім беру қызметтерін көрсету шартын МДҰ-мен жасаса отырып, осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген қосылу шартына қосылуға келісім білдіреді және көрсетілген шарттардың талаптарын орындауға жауапты болады;

      22) қызмет алушы МДҰ келу табелін есепті айдан кейінгі айдың 1-15 аралығындағы кезеңде растайды.

      МДҰ тәрбиеленушілерінің МДҰ-мен толтырылған келу табелінің деректерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушының өкілдері растайтын құжаттарды (олар болған жағдайда) қоса бере отырып, ақпараттандыру объектісінде келіспеу себебін толтырады.

      МДҰ тәрбиеленушілерінің қатысу табелі жоғарыда көрсетілген мерзімде расталмаған жағдайда, соңғысы қызмет алушы өкілдерінің тарапынан автоматты түрде расталған болып есептеледі;

      МДҰ:

      23) қызмет алушы өкілдерінің Пилоттық жобаға қатысушыларға қызмет алушылардың дербес деректерін беруге, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде Пилоттық жобаға қатысушылар алған дербес деректерді жинауға және өңдеуге көрсетілген келісімді мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөніндегі білім беру қызметтерін көрсету шартына МДҰ мен "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес қызмет алушының өкілі арасында енгізу жолымен келісуін қамтамасыз етеді;

      24) ҰБДҚ және ақпараттандыру объектісінде МДҰ тәрбиеленушілерінің нақты контингенті және объектінің жобалық қуаты туралы ақпаратты уақытылы өзектендіреді;

      25) ақпараттандыру объектісінде күн сайын МДҰ тәрбиеленушілерінің қатысу табелін толтырады және ақпараттандыру объектісінде растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;

      26) қызмет алушы өкілінің тәрбиеленушілердің МДҰ-ға келу табелі деректерімен келіспеу себебін қарастырады және қарау нәтижелері бойынша осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген қосылу шартында көзделген мерзімдерде онымен келіспеуіне байланысты (келіспеу себебін көрсете отырып) МДҰ тәрбиеленушілерінің келу табелін өзгерту туралы қызмет алушы өкілінің талабын қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы тиісті шешім қабылдайды.

      48. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша көрсетілген білім беру қызметтері үшін ақы төлеу Алгоритмнің 47-тармағының 8) тармақшасында көзделген қосылу шартында көрсетілген айлық норматив мөлшерінде қосылу шартында көрсетілген мерзімдерде және шарттарда, есепті кезең (күнтізбелік ай) ішінде болмаған күндері жоқ болса, мынадай жағдайларды қоспағанда:

      1) ауру, емделу, медициналық және өзге де ұйымдарда оңалту, қызмет алушының өкіліне жылына екі айға дейінгі мерзімге еңбек демалысын берген себептері бойынша болмаса (анықтама немесе ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жазбаша өтінішін ұсынған жағдайда);

      2) МДҰ-да ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде 40 (қырық) жиынтық күннен аспайтын мерзім болмаған жағдайда жүргізіледі.

      49. МДҰ-ға қатысты қаржыландыруды тоқтату келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) оператор, тиісті органдар, білім беруді басқару органы бастамашылық жасаған, қызмет алушылардың контингенті бойынша мәліметтерді бұрмалау фактілерін анықтауға байланысты тексерулер жүргізу кезеңінде;

      2) МДҰ-ны Қызмет көрсетушілер тізбесінен шығару.

      50. Қызмет алушыларға қатысты қаржыландыруды тоқтату контингентте басқа елді мекендердің қызмет алушыларының қайталануы, Алгоритмнің 51-тармағында көзделген жағдайларда ваучердің күші жойылғаны, қызмет алушының өкілінен операторға қайта есептеуді жүргізу үшн қажетті ақылға қонымды мерзімге МДҰ-да қызметтерді алмағаны туралы мәліметтер келіп түскен жағдайларда жүзеге асырылады. Оператор МДҰ-ға қаржыландыруды тоқтату себептерін көрсете отырып, талапты жолдайды, МДҰ талапта көрсетілген ескертулерді жойғаннан кейін оператор қаржыландыруды қалыпқа келтіреді.

      51. Қызмет алушыға қатысты ваучер мынадай жағдайларда жойылады:

      1) қызмет алушының басқа елді мекенге көшуі;

      2) қызмет алушы қайтыс болған жағдайда;

      3) қызмет алушының өкілі онда қамтылған деректермен келіспеу себебі бойынша оны растамаған жағдайларды қоспағанда, қатарынан екі ай бойы тәрбиеленушілердің келу табелін растамаған жағдайда. Елді мекенді Пилоттық жобаға қосу кезінде өтпелі кезеңге аталған мерзім қосылу шартының күнінен бастап 3 (үш) айды құрайды.

      Бұл ретте осы тармақшаның талабы туындаған күтпеген жағдайларға байланысты қызметті алушының өкілі келу табелін растамаған жағдайда қолданылмайды, олардың саны осы МДҰ тәрбиеленушілерінің жалпы санының 3%-ынан аспауы керек;

      4) заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, дәлелді себепсіз ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде қызмет алушының 40 (қырық) жиынтық күннен артық келмеуі және білім беру қызметтерін алмауы.

      52. Қызмет алушының өкілі бұрын берілген ваучер негізінде басқа МДҰ-ға ауысуға құқылы.

      53. Пилоттық жоба шеңберінде көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына және (немесе) көлеміне мониторингті Пилоттық жобаға қатысушылар жүргізеді.

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
туралы пилоттық жобаны
жүргізу Алгоритміне
1-қосымша
  Нысан
  Қызмет көрсетушіге
  ________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
  _______________________
  жеке сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі - ЖСН),
  _____________________
  тұратын мекен-жайы

Өтініш

      Сізден ________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      баланы келесі елді мекенде: қала (кент, ауыл)

      ________________________________ ваучер алу үшін кезекке қоюды сұраймын.

      Осы арқылы бала мынадай тұлға болып табылатынын (қажеттісін таңдаңыз) хабарлаймын:

      1) әскери қызметкерлердің, соның ішінде қызмет өткеріп жүргенде қаза тапқан, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалғандардың баласы (құжаттың көшірмесі);

      2) арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің, соның ішінде қызмет өткеріп жүргенде қаза тапқан, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалғандардың баласы (құжаттың көшірмесі);

      3) құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің баласы, соның ішінде қызмет өткеріп жүргенде қаза тапқан, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалғандардың баласы (құжаттың көшірмесі);

      4) мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, соның ішінде қызмет өткеріп жүргенде қаза тапқан, қайтыс болған немесе із-түзсіз жоғалғандардың баласы (құжаттың көшірмесі);

      5) мүмкіндігі шектеулі баласы (құжаттың көшірмесі);

      6) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасы баласы;

      7) ата-анасының бірінде мүгедектігі бар отбасы баласы;

      8) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;

      9) жетім бала;

      10) көп балалы отбасының баласы;

      11) педагогтің баласы;

      12) медициналық қызметкердің баласы;

      13) жоғарыда аталған санаттардың ешқайсына жатпайтын бала.

      (Өмір жағдайлары өзгерген жағдайда өтініштің кезектегі орны өзгеруі мүмкін)

      Мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы хабарламаларды уақтылы алу үшін ақпараттандыру объектісіндегі телефон нөмірі туралы өзекті мәліметтерді қолдауға міндеттенемін.

      Мен, білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды, кезектілік құруды, ваучер алуды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі Пилоттық жобаны жүргізу Алгоритмімен танысқанымды және ақпараттандыру объектісіндегі құпияны құрайтын, заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісетінімді (келісетінімді) растаймын.

      Электрондық мекен-жайы: _____________

      Қолтаңба ____________ Күні ___________

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
туралы пилоттық жобаны
жүргізу Алгоритміне
2-қосымша

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Қызмет берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері

2

Қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "Электронды үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал);
2) ақпараттандыру объектілері;
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі "электронды үкімет" веб-порталында тіркелген жағдайда) арқылы жүзеге асырылады.

3

Қызмет көрсету мерзімі

2 жұмыс күні

4

Қызметті көрсету нысаны

электронды (ішінара автоматтандырылған)/ проактивті

5

Қызмет көрсетудің нәтижесі

кезекке қою туралы хабарлама беру (бекітілген нысанда) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

 
қызмет алушыларға тегін көрсетіледі

7

 
Жұмыс кестесі

1) қызмет көрсетуші: мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызмет көрсетушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін;
2) портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғанда, демалыс және мереке күндері жүгінгенде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) ақпараттандыру объектілері: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғанда, демалыс және мереке күндері жүгінгенде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); Қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары:
1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.

8

 
Қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік қызметтің қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электрондық көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
3) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған педагогтің, медицина қызметкерінің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
4) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (бар болса);
5) санаториялық МДҰ-ға кезекке қою кезінде фтизиатр-дәрігер құжатының электрондық көшірмесі.
Қызмет көрсетушілер жеке басын куәландыратын құжаттарды, баланың туу туралы куәлігі туралы, ваучер алғанын растайтын мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Резидент еместер үшін:
1) Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) қызмет алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (бар болса);
5) фтизиатр-дәрігер құжатының электрондық көшірмесі (санаториялық МДҰ-ға кезекке қою кезінде).

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) қызмет алушы қызмет алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің), дұрыс еместігін, толық болмауын немесе қолданылу мерзімінің аяқталғанын анықтау;
2) қызмет алушының және (немесе) қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Алгоритмде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге қызмет алушының келісімінің болмауы.

10

Қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген www.edu.gov.kz "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде.
Қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.
Қызмет алушының таңдауы бойынша көрсетілетін қызмет "бір өтініш" қағидаты бойынша "Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметімен бірге көрсетіледі.

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
туралы пилоттық жобаны
жүргізу Алгоритміне
3-қосымша
  Нысан

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

      Құрметті _______________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      Сізге Алгоритмде қарастырылған

      ______________________________________________________

      (Алгоритмнің 2-қосымша немесе 9-қосымшаны көрсету)

      1) _________________________________________________________;

      2) _________________________________________________________;

      3) _________________________________________________________.

      негіздерге байланысты

      __________________________________________________________

      (Алгоритмнің 2-қосымшасын немесе 6-қосымшасын көрсету)

      мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылды.

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
туралы пилоттық жобаны
жүргізу Алгоритміне
4-қосымша

Кезектілік санаты

Санат нөмірі

Санаттың сипаттамасы

Санаттың салмағы

1

Әскери қызметкерлердің, арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік қызмет қызметкерлерініңінің балалары, 5 жасқа толған, кезекке қойылған күні бойынша

12

2

Әскери қызметкерлердің, арнайы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік қызмет қызметкерлерініңінің балалары, 2 мен 5 жас аралығында, кезекке қойылған күні бойынша

11

3

Мүмкіндігі шектеулі балалар, 2 жастан жоғары, жалпы білім беретін балабақшаларға, кезекке қойылған күні бойынша

10

4

5 жасқа толған, ата-анасының бірінде мүгедектігі бар балалар, кезекке қойылған күні бойынша

9

5

2 мен 5 жас аралығындағы, ата-анасының бірінде мүгедектігі бар балалар, кезекке қойылған күні бойынша

9

6

5 жасқа толған, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары, кезекке қойылған күні бойынша

8

7

2 мен 5 жас аралығындағы, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары, кезекке қойылған күні бойынша

7

8

5 жасқа толған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар, кезекке қойылған күні бойынша

7

9

2 мен 5 жас аралығындағы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар, кезекке қойылған күні бойынша

6

10

5 жасқа толған, көпбалалы отбасындағы балалар, кезекке қойылған күні бойынша

6

11

2 мен 5 жас аралығындағы, көпбалалы отбасындағы балалар, кезекке қойылған күні бойынша

5

12

5 жасқа толған, педагогтеардің, медициналық қызметкерлердің балалары, кезекке қойылған күні бойынша

3

13

2 мен 5 жас аралығындағы, педагогтеардің, медициналық қызметкерлердің балалары, кезекке қойылған күні бойынша

2

14

кезекте тұрған, жасы бойынша 5 жасқа толған балалар, кезекке қойылған күні бойынша

2

15

кезекте тұрған, жасы бойынша 5 жасқа толған егіз балалар, кезекке қойылған күні бойынша

2

16

2 мен 5 жас аралығындағы егіз балалар, кезекке қойылған күні бойынша

2

17

МДҰ қатарынан кемінде 6 ай қатарынан барған кезде 2 жастан 6 жасқа дейінгі коммерциялық негізде МДҰ-ға баратын балалар кезекке қойылған күні бойынша

2

18

кезекте тұрған, жасы бойынша 4 жасқа толған балалар, кезекке қойылған күні бойынша

1

19

кезекте тұрған, жасы бойынша 3 жасқа толған балалар, кезекке қойылған күні бойынша

1

20

кезекте тұрған, жасы бойынша 2 жасқа толған балалар, кезекке қойылған күні бойынша

1

21

жасы бойынша 1 жасқа толған балалар немесе одан кіші кезекте тұрған балалар

0

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
туралы пилоттық жобаны
жүргізу Алгоритміне
5-қосымша

      Мен, _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      __________________________________________________________________,

      (және баланың жеке деректерін тегі, аты ,әкесінің аты (бар болса)

      "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою"/"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" қызметтерін алу үшін талап етілетін менің жеке дерегімді және баланың жеке деректерін жинауға және өңдеуге, оның ішінде қол жеткізуге келісемін, сондай-ақ келесілерге келісім беремін:

      1) қызмет көрсету мақсатында тұлғаларға дербес деректерді беру;

      2) қызметтер көрсету мақсатында оларды құру процесінде дербес деректерді трансшекаралық беруді қамтиды.

      Қызмет көрсету кезінде ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын растау үшін талап етілетін өзге де мәліметтерді қамтитын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісемін. Осы келісім қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейінгі барлық кезең ішінде қолданылады.

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
туралы пилоттық жобаны
жүргізу Алгоритміне
6-қосымша
  Нысан

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шарты

      Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі

      "мектепке дейінгі ұйым" деп аталатын

      _____________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

      басшысы атынан

      ______________________________________________________________

      (мектепке дейінгі ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты, болған жағдайда)

      бір жағынан және екінші жағынан

      _______________________________________________________________

      (баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бұдан әрі "ата-ана" деп аталатын ата-анасының (баланың заңды тұлғаларының) біреуі

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда) (бұдан әрі – Тараптар)

      арасындағы қарым-қатынасты анықтау және реттеу мақсатында төмендегілер туралы осы шарт жасалды:

      1. Шарттың мәні

      1.1. Осы шарт мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері арасында баланың мектепке дейінгі ұйымда болған кезеңінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ, тәрбиеленушіні тәрбиелеу мен оқытуға өзара жауапкершілік тетігін белгілей отырып, өзара қарым-қатынасты реттейді.

      2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Мектепке дейінгі ұйым:

      1) мектепке дейінгі ұйымның Жарғысын және осы Шартты сақтауға;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 20883 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес тәрбиеленушілерді қабылдауды іске асыруға;

      3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 29031 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 8275 тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14235 болып тіркелді) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етуге;

      4) баланың өмірімен мен денсаулығын сақтауды, физикалық, зияткерлік, тұлғалық дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 14235 тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеруді, сапалы мектепалды даярлықты, теңгерімді тамақтануды, мүлкін сақтауды (киімі, аяқ-киімі) қамтамасыз етуге;

      5) баланың әрекетін оның жасына, жеке ерекшеліктеріне және қабілеттеріне сәйкес ұйымдастыруға;

      6) бес күндік, алты күндік (керегін сызу) – сағ ___ - ___ дейін мектепке дейінгі ұйымға бару кестесін жасауға;

      7) тәрбиеленуші ауырған, денсаулық сақтау және басқа ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда) кезде, сондай-ақ, тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына екі айдан артық емес мерзімде демалысқа немесе емделуге жазбаша өтініш ұсынған жағдайда, елді мекенде төтенше жағдай (әлеуметтік, табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар), карантин енгізілген кезеңде баланың орнын сақтауға;

      8) баланы тәрбиелеу мен оқыту мәселелерінде ата-анаға консультациялық көмек көрсетуге;

      9) тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асыруға;

      10) мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан жыл сайын 1 тамызға дейін шығаруға;

      11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 23469 болып тіркелді) сәйкес бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптарын сақтауға;

      12) тәрбиеленушінің ата-анасына немесе заңды өкілдеріне құрмет көрсетуге;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәрбиеленушілерге психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды көрсету;

      ата-аналардың (немесе заңды өкілі) жазбаша түрдегі келісімімен тәрбиеленушілермен психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) жүргізуге, ата-аналарға консультация беруге және тренингтер жүргізуге (қажет болған жағдайда) міндеттеледі.

      2.2. Мектепке дейінгі ұйым:

      1) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес жұмыс күндері және демалыс күндері тәрбиеленушілер үшін білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетуге;

      2) мектепке дейінгі ұйым мен тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің арасындағы шарттың талаптары бұзылғанда, тәрбиеленуші бір айдан астам дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертпей, мектепке дейінгі ұйымға келмеген, дәрігерлік консультациялық комиссия анықтамасының негізінде тәрбиеленушінің келуiне кедергi болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда шығаруға;

      3) ата-анаға екі тараптың келісімі бойынша мектепке дейінгі ұйымда баланың тамақтануы үшін төлемді кейінге қалдыруға;

      4) баланы алкагольді немесе наркотикті мас күйдегі ата-анасына немесе заңды өкіліне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған жақын туыстарына бермеуге;

      5) ата-ана осы шартта көзделген міндеттерін жүйелі түрде орындамаған кезде бұл туралы ата-ананы күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабардар ете отырып, мерзімінен бұрын шартты бұзуға;

      6) өндірістік қажеттілік болған жағдайда топтарды қосуға құқылы.

      2.3. Ата-ана:

      1) Жарғымен анықталған ережелерді орындауға, осы шарттың талаптарын сақтауға;

      2) баланың тамақтануы үшін _____ теңге мөлшерінде ағымдағы айға әр айдың 5-не дейін ақы төлеуге;

      3) баланы тәрбиешіге жеке тапсыруға және одан алуға;

      4) баланы алкогольді немесе наркотикті мас күйдегі, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған жақын туысқандарына мектепке дейінгі ұйымнан алуды тапсырмауға;

      5) мектепке дейінгі ұйымды баланың бармайтыны туралы алдын ала уақытында хабардар етуге;

      6) тұмау немесе жұқпалы аурулардың белгілері бар баланы басқа тәрбиеленушілер арасында таратпау үшін мектепке дейінгі ұйымға әкелмеуге;

      7) мектепке дейінгі ұйымға себепсіз бармай қалуды болдырмауға. Бала сырқаттанып қалған жағдайда емдеуші дәрігер берген медициналық анықтама әкелуге, сондай-ақ бала үш және одан астам уақыт болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым берген медициналық анықтаманы ұсынуға;

      8) педагогтерге және қызметкерлерге өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауда құрмет көрсетуге;

      9) тәрбие мен оқытудың барлық мәселелері бойынша "Мектепке дейінгі ұйыммен" өзара қарым-қатынас жасауға;

      10) баланың денсаулығына және басқа балаларға байланысты өміріне қауіп келтіретін проблемаларды жасырмауға;

      11) баланы, оның қызығушылықтарын ескере отырып:

      әдептілікке, төзімділікке және ұлтаралық келісімге;

      кибермәдениет пен кибергигиенаға тәрбиелеуге;

      12) баланың қажеттіліктерін ескере отырып, мобильді құрылғыларды қолдануды шектеу мүмкіндіктерін қарастыруға;

      13) баласының мектепке дейінгі ұйымға баруын қатамасыз етуге;

      14) мектепке дейінгі ұйым қалыптастырған және екінші деңгейдегі банктің/Ұлттық пошта операторының ақпараттандыру объектісі арқылы жіберілген баланың келу табелін растауға не келіспеушілік себептерін көрсете отырып, баланың келу табелінде көрсетілген деректермен келіспеушілікті жіберуге міндеттеледі.

      Мектепке дейінгі ұйым қалыптастырған және екінші деңгейдегі банктің/Ұлттық пошта операторының ақпараттандыру объектісі арқылы жіберілген баланың келу табелі қатарынан екі ай бойы расталмаған жағдайда, ондағы деректермен келіспеу себебінен расталмаған жағдайларды қоспағанда, ваучер жойылады.

      2.4. Ата-ана:

      1) балалармен жүргізілетін жұмысты жақсарту бойынша және мектепке дейінгі ұйымда қосымша қызмет түрлерін ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасауға;

      2) баланың мектепке дейінгі ұйымның жағдайына бейімделу кезеңінде белгілі бар уақыт ішінде екі тараптың келісуімен мектепке дейінгі ұйымда болуға;

      3) екі тараптың келісімі бойынша баланың тамақтануы үшін төлемді белгіленген мерзімінен 5 (бес) жұмыс күні ішінде кейінге қалдыруға;

      4) осы шарт талаптарының орындалуын талап етуге;

      5) алдын ала мектепке дейінгі ұйымды 10 (он) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта ескертіп, осы шартты бір жақты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

      2.5. Ата-ана МДҰ-мен осы Шартты жасаса отырып, осы МДҰ-да оның баласы үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды көздейтін қосылу шартына қосылуға келісім білдіреді.

      3. Білім беру қызметін көрсету ақысының мөлшері және төлеу тәртібі:

      Баланың тамақтануы үшін _______ теңге сомасындағы ата-ана төлемі ай сайын ағымдағы айдың 5-не дейін төленеді. Тәрбиеленуші ауырған, денсаулық сақтау және басқа ұйымдарда емделген, сауықтырылған, денсаулығын түзеткен және оңалтылған (көрсетілімі бойынша анықтама және қорытынды ұсынған жағдайда) кезде, сондай-ақ тәрбиеленушінің ата-анасының бірі немесе заңды өкілі тәрбиеленушінің жылына екі айдан артық емес мерзімде демалысқа немесе емделуге жазбаша өтініш ұсынған жағдайда нақты келген күндерінің саны бойынша қайта есептеу келесі айдың басында жүргізіледі және төлем туралы түбіртекке енгізіледі.

      4. Тараптардың жауапкершілігі:

      Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      5. Дауларды шешу тәртібі:

      1) осы шартты орындау процесінде туындаған келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдерге келу мақсатында тікелей тараптардың өздері шешеді;

      2) тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      6. Форс-мажор:

      1) су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және шартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды;

      2) билік пен басқару органдарының Тараптардың тым болмаса біреуінің осы шарт міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін актілерді қабылдауы да Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде танылады;

      3) Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың салдарынының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.

      7. Шарттың әрекет ету мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі:

      1) шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.

      2) шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу оған қосымша түрінде ресімделеді.

      3) шарттың әрекет ету мерзімі ______________ бастап _________ дейін;

      4) Осы шарт әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Тараптардың мекенжайы және қолы:

Мектепке дейінгі ұйым
_____________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
Мекенжайы:__________________
Мектепке дейінгі ұйым басшысы
_____________________
_____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (болған
жағдайда))
Қолы________________________
Мөр (мемлекеттк ұйымдарға),
(жеке меншік ұйымдарға -
болған жағдайда)

Ата-ана:
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда))
Мекенжайы:_____________________
Төлқұжат деректері: ______________
________________________________
Жұмыс орны: ____________________
Лауазымы: ______________________
Байланыс деректері _______________
Қолы___________________________

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
туралы пилоттық жобаны
жүргізу Алгоритміне
7-қосымша
  Нысан

Ваучерді беру туралы хабарлама

      Құрметті:

      ____________________________________________________________

      (қызмет алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Сіздің балаңызға ___________________________________

      (баланың аты-жөні (бар болса))

      ___________________ (елді мекеннің атауы) ваучер берілді.

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
туралы пилоттық жобаны
жүргізу Алгоритміне
8-қосымша
  Нысан

Талаптарға сәйкестік/сәйкессіздік туралы хаттама

      ____________________________________

      (ұйымның/мекеменің атауы)

      Күні: __________

      Құрастыру орны: __________

      1. Комиссия (немесе уәкілетті орган) құрамы:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (лауазымы) — комиссия төрағасы

      2) тегі, аты, әкесінің аты (лауазымы) — комиссия мүшесі

      3) тегі, аты, әкесінің аты (лауазымы) — комиссия мүшесі

      МДҰ-ның келесі параметрлерге сәйкестігін тексерді:

      1) "Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына сәйкес шарттарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген);

      2) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес шарттарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);

      3) "Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес талаптарға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген);

      4) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру үшін арнайы жағдайлар (бар болса) және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолжетімді ортаның болуына;

      5) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген);

      6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету;

      7) "Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және қаулыға сәйкес штат санына сәйкес тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 бұйрығы және қаулыға сәйкес штат санына.

      2. Тексеру қорытындысы бойынша Комиссия келесі қорытындыға келді:

      МДҰ осы Хаттаманың 1-тармағында көрсетілген параметрлерге сәйкес келеді/сәйкес келмейді.

      Комиссия төрағасы______________ (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      Комиссия мүшесі______________ (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

      Комиссия мүшесі______________ (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
туралы пилоттық жобаны
жүргізу Алгоритміне
9-қосымша

"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Талаптар тізбесі)

1

МДҰ қызмет көрсетушінің атауы

Мектепке мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері

2

Қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) "электронды үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-Портал);
2) ақпараттандыру объектілері;
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі "электронды үкімет" веб-порталында тіркелген жағдайда) арқылы жүзеге асады.

3

Қызметті көрсету мерзімі

Өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде

4

Қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

5

Қызметті көрсету нәтижесі

баланы МДҰ-ға қабылдау / Қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Қызметті көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал): жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) ақпараттандыру объектілері: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Қызмет көрсету орындарының мекенжайлары орналастырылған:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;
2) порталда: www.egov.kz.

8

Қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісім;
2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у нысанындағы профилактикалық егу картасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі-бұйрық № ҚР ДСМ-175/2020);
3) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанындағы анықтама;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/у нысанындағы анықтама;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (бар болса).
Резидент еместер үшін:
1) алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) қызмет алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) баланың туу туралы куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/е нысанды профилактикалық егу картасы;
5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Бала денсаулығы паспортының" № 052-2/у нысанындағы анықтама;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/е нысанындағы анықтама;
7) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (бар болса).

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) қызмет алушы көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) қызмет алушының және (немесе) қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы алгоритмде белгіленген талаптар тізбесіне сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алу үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге қызмет алушының келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында көрсетілген www.edu.gov.kz "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  Білім беру қызметтерін
алушылар бойынша ваучерлік
қаржыландыруды ескере
отырып, мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
туралы пилоттық жобаны
жүргізу Алгоритміне
10-қосымша
  Нысан
  Білім беруді басқару
органының басшысына
  ______________________
  (Басшының Т.А.Ә.
(бар болса))

Өтініш

      _______________________________________________________ тізімге

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы, БСН)

      мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін көрсетушілер тізіміне қосуыңызды сұраймын.

      Осы өтінішпен келесіні хабарлаймын:

      1) мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаты: _______________;

      2) өтініш берілген күн бойынша нақты тәрбиеленушілер контингенті :_____, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға _________ бала;

      3) бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

      ____________________________________________;

      (орналастырылған/ орналастырылмаған және қай жылдан бастап орналастырылғанын

      көрсетіңіз)

      4) мектепке дейінгі ұйым Ұлттық білім беру дерекқорының пайдаланушысы болып табылады.

      Осы өтінішпен мектепке дейінгі ұйым келесі талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның нақты қуаты шегінде балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау жөніндегі талаптар;

      2) адамдар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптары;

      3) мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидалары;

      4) Ұлттық білім беру дерекқорында келесі ақпараттар туралы деректерді ай сайын толтыру бойынша: - тәрбиеленушілерге; - тәрбиешілерге, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы;

      5) "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" қызметін көрсету тәртібі" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2024 жылғы "__" _________ № __ бұйрығына сәйкес қызмет көрсету реттілігін;

      6) Қазақстан Республикасының тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі заңнамасын;

      7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы орган белгілеген балалардың тамақтануы үшін ата-ананың ақы төлеу мөлшерін.

      Қосымша: конкурсқа қатысуға арналған құжаттар ____ парақта.

      Басшы_______________________________

      (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

      _____________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні "______" __________ 20____ж.

      Мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 372 бұйрығына
2-қосымша

Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша пилоттық жобаны жүргізудің жоспар-кестесі

№ р/р

Жұмыстардың атауы

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

Орындаушылар

1

"Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығын әзірлеу және бекіту

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің бұйрығы

МДБД, МҚЦжАД,
"Қаржы орталығы" АҚ

2

Өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу

кестеге сәйкес

Көшпелі іс-шаралар

МДБД, ЦжМҚАД, "Қаржы орталығы" АҚ, Екінші деңгейдегі банктер

3

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармасы мен "Қаржы орталығы" АҚ арасында білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қаражатын аудару бойынша қызметтер көрсету шартын жасасу

кестеге сәйкес

Шарт

"Қаржы орталығы" АҚ, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары

4

Пилоттық жобаға қатысушылар үшін қосылу шартын жасасу

кестеге сәйкес

Қосылу шарт

МДБД, ЦжМҚАД, "Қаржы орталығы" АҚ

5

Өткізілген пилоттық жобаның нәтижелері туралы есеп

2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін

 
Өткізілген пилоттық жобаның нәтижелері туралы талдамалық анықтама

 
"Қаржы орталығы" АҚ

      Ескерту: аббревиатуралардың транскрипциясы:

      МДБД - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаменті

      ЦжМҚАД - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті

      "Қаржы орталығы" АҚ - "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 372 бұйрығына
3-қосымша

Өңірлерді мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасына көшу кестесі

Өңірлер

Аяқталу мерзімі

Жауапты тұлғалар

1

Ваучерлік қаржыландыруға кезең-кезеңмен көшу

Астана қ.

2025 жылдың қаңтар айынан

Астана қ. әкімдігі, Білім басқармасы

Семей қ.

2025 жылдың наурыз айынан

Абай облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Семей қаласының білім бөлімі

Өскемен қ.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Өскемен қаласының білім бөлімі

Қарағанды қ.

Қарағанды облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қарағанды қаласының білім бөлімі

Талдыкорган қ.

Жетісу облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Талдықорған қаласының білім бөлімі

Жезказган қ.

Ұлытау облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Жезқазған қаласының білім бөлімі

Қосшы қ.

2025 жылдың мамыр айынан

Ақмола облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қосшы қаласының білім бөлімі

Петропавл қ.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Петропавл қаласының білім бөлімі

Қостанай қ.

Қостанай облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қостанай қаласының білім бөлімі

Павлодар қ.

Павлодар облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Павлодар қаласының білім бөлімі

Қызылорда қ.

Қызылорда облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Қызылорда қаласының білім бөлімі

Алматы қ.

2025 жылдың шілде айынан

Алматы қ. әкімдігі, Білім басқармасы

Қонаев қ.

Ақтөбе қ.

2025 жылдың тамыз айынан

Ақтөбе облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Ақтөбе қаласының білім бөлімі

Атырау қ.

Атырау облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Атырау қаласының білім бөлімі

Актау қ.

Маңғыстау облысының әкімдігі, Білім басқармасы, Маңғыстау қаласының білім бөлімі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады