2017 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде көзделген Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерін әзірлеу және қабылдау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 11 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесе отырып:

      № 1 қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген мәселелер бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шарт күшіне енген күннен бастап күшіне енетін Комиссияның шешімдерін № 2 қосымшаға сәйкес осы шешімдерді дайындау кестесіне сәйкес;

      № 3 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қабылдауға жататын Комиссия шешімдерін әзірлеуді, келісуді және қабылдауды қамтамасыз етсін.

      2. Осы Өкімнің 1-тармағының екінші абзацында көзделген Комиссия шешімдерін әзірлеу кезінде осы шешімдер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап, бірақ олар ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен ерте емес күшіне енетінін ескеру орынды деп есептелсін.

      3. Комиссия Алқасы Комиссия Кеңесінің отырыстарында осы Өкімнің 1-тармағының екінші абзацында көзделген Комиссия шешімдері жобаларын әзірлеу барысы туралы баяндасын.

      4. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
В.Габриелян В.Матюшевский А.Мамин О.Панкратов И.Шувалов

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің
2017 жылғы 3 наурыздағы № 11 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап күшіне енетін шешімдерінің ТІЗБЕСІ

Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің жобаларын қабылдау жоспарланатын мәселелер*

Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерін қабылдау негіздемесі (Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің құрылымдық бірлігі)

Жауапты әзірлеуші

1. Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары және (немесе) теңіз арқылы тасымалданатын тауарлар келген және кеткен кезде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырмай жасалатын кедендік операциялар туралы

303-баптың 3-тармағы, 5-тармағының 1-тармақшасы, 6-тармағы

Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия)

2.  Үйіп, бос, құйып тасымалданатын, Одақтың кедендік аумағынан су кемелерімен әкетілетін және Одақтың кедендік аумағынан шыққан кезде оларға қатысты оларды су кемесінің жүк орнына (бөлігіне, ыдысқа) тиеу кезінде осындай тауардардың араласуы нәтижесінде орын алған санының және (немесе) күйінің өзгеруіне жол берілетін Одақ тауарларының тізбесі туралы

94-баптың 4-тармағы

Ресей Федерациясы

3. Кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану туралы

142-баптың 11 және 12-тармақтары,
144-баптың 3 және 4-тармақтары,
145-баптың 7-тармағының төртінші абзацы,
146-баптың 4-тармағының 12-тармақшасы,
148-баптың 3-тармағы,
149-баптың 2-тармағы,
151-баптың 10 және 13-тармақтары,
305-баптың 6-тармағы,
306-баптың 7-тармағы

Комиссия

4. Одақ тауарларына қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану туралы

304-баптың 3 және 16-тармақтары,
307-баптың 5-тармағы

Комиссия

5. Тауарларды шығарумен, тауарды шығаруды жою және тоқтата тұрумен, тауарларды шығарудан бас тартумен байланысты кедендік операциялар туралы

118-баптың 3 және 4-тармақтары,
124-баптың 12 және 15-тармақтары,
125-баптың 4-тармағы

Комиссия

6. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімін қолдану туралы

202-баптың 4-тармағы,
205-баптың 1-тармағының 5-тармақшасы, 4-тармақтың 4 және 5-тармақшалары,
207-баптың 3, 11, 12, 13-тармақтарының екінші абзацы

Беларусь Республикасы

7. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің әрекетін аяқтау үшін қайта өңдеу өнімдерінің экспортын кедендік рәсімге орналастыру жағдайлары, талаптары мен тәртібі, экспорт кедендік рәсіміне орналастырылған осы қайта өңдеу өнімдеріне қатысты кедендік әкету баждарын, салықтарды есептеу және төлеу ерекшеліктері туралы

184-баптың 2-тармағының 3-тармақшасы,
187-баптың 3-тармағы

Қазақстан Республикасы

8. Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік баждарды, салықтарды төлемей және кеден баждарының, салықтардың бірыңғай ставкасынсыз Одақтың кеден аумағына әкелудің құндық, сандық және (немесе) салмақ нормалары туралы

266-баптың 2 және 3-тармақтары

Беларусь Республикасы

9. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуіне қатысты кедендің операцияларды жасауы туралы (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 311 шешіміне өзгерістер енгізу)

259-баптың 4-тармағының бірінші абзацы,
264-баптың 10-тармағы,
302-баптың 9-тармағы

Комиссия

10. Халықаралық тасымалдау көлік құралдарын уақытша әкетуге және уақытша әкетуге қатысты кедендік операцияларды жасау, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 277-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасау туралы өтініштің нысанын бекіту, оны толтыру тәртібі, өтінішке өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібі туралы, сондай-ақ өтінішті беру, тіркеу және тіркеуден бас тартумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы

274-баптың 6-тармағы,
275-баптың 11-тармағы,
277-баптың 4-тармағының бесінші абзацы

Комиссия

11. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 277-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген операцияларды жасау туралы өтініштің құрылымы мен электрондық құжат түріндегі форматы туралы

277-баптың 4-тармағының бесінші абзацы

Комиссия

12. Тауарларды шығарғанға дейін кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы

112-баптың 1-тармағының төртінші абзацы,

2-тармағының екінші абзацы

Комиссия

13. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің нысанын, оны толтыру тәртібін бекіту, сондай-ақ өтініште қамтылуы тиіс мәліметтерді және оны кеден органының тіркеу тәртібін белгілеу туралы

120-баптың 3-тармағының үшінші және төртінші абзацтары, 10-тармағы

Комиссия

14. Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініштің құрылымы мен электрондық құжат түріндегі форматы туралы

120-баптың 3-тармағының төртінші абзацы

Комиссия

15. Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің нысанын және оны толтыру тәртібін бекіту туралы


432-баптың 5-тармағы

Комиссия

16. Аумағында тауарларды уақытша сақтау, кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау жүзеге асырылатын және (немесе) уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғаның көлік құралдары мен жұмыскерлеріне кедендік бақылау жүргізілетін құрылыстарға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдарға (ашық алаңдардың бөліктері) қойылатын талаптарды бекіту туралы

433-баптың 3-тармағының 4-тармақшасы

Комиссия

17. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге үміткер заңды тұлғаның қаржылық тұрақтылығын және қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын және осы тізілімге енгізу үшін қажетті мәндерді айқындау тәртібі туралы

433-баптың 7-тармағы

Комиссия

18. Заңды тұлғаның уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге өтінішінің нысанын, оны толтыру тәртібін және өтініште мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

434-баптың 1-тармағының екінші абзацы

Комиссия

19. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды есептеу нысанын, оны толтыру нысаны мен тәртібін бекіту туралы

52-баптың 4-тармағының екінші абзацы

Комиссия

20. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемдік баждарды есептеу құрылымы және электрондық құжат түріндегі форматы туралы

52-баптың 4-тармағының екінші абзацы

Комиссия

21. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері есептемесінің нысанын және оны толтыру тәртібін бекіту туралы

325-баптың 6-тармағының екінші абзацы

Комиссия

22. Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері есептемесінің құрылымы және электрондық құжат түріндегі нысаны туралы

325-баптың 6-тармағының екінші абзацы

Комиссия

23. Кеден органдарының Одақтың кедендік аумағынан тауарлардың іс жүзінде әкетілуін растау тәртібі туралы

93-бап

Комиссия

24. Кеден өкілі ретінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерді орындауын қамтамасыз ету мөлшері туралы

402-баптың 1-тармағының 2-тармақшасы

Комиссия

25. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

323, 327, 328, 329, 330,
341, 346, 355, 380, 381, 382, 393-баптар

Комиссия

            _________________

            * Комиссияның бір немесе бірнеше шешімдерінде реттелуі мүмкін.

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің
2017 жылғы 3 наурыздағы № 11 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы Шарт күшіне енген күннен бастап күшіне енетін Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерін 2017 жылы дайындау КЕСТЕСІ*

Іс-шараның атауы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдері үшін іс-шараларды іске асыру мерзімі**

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімдері үшін іс-шараларды іске асыру мерзімі**

I. Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) реттеуші ықпалын бағалауды жүргізу үшін жіберу жоспарланатын шешімдерінің жобалары***

1. Комиссия шешімдерінің жобаларын әзірлеу

7 ақпанға дейін****

31 қаңтарға дейін****

2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (одан әрі – мүше мемлекеттер) әзірлеген Комиссия шешімдерінің жобаларын Комиссияға ұсыну

7 ақпанға дейін****

31 қаңтарға дейін****

3. Комиссия шешімдерінің жобаларын келісу үшін мүше мемлекеттерге жіберу, сондай-ақ оларды Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің қарауы

10 ақпанға дейін****

3 ақпанға дейін****

4. Мүше мемлекеттерде Комиссия шешімдерінің жобаларын келісу және келісу нәтижелерін Комиссияға ұсыну

27 ақпанға дейін****

17 ақпанға дейін****

5. Комиссия шешімдері жобаларының реттеушілік ықпалын бағалауды жүргізу

13 ақпан**** – 14 сәуір

6 ақпан**** –
5 сәуір

6. Мүше мемлекеттердің келісуі және Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің қарауы қорытындылары бойынша, сондай-ақ реттеушілік ықпалын бағалау нәтижелері бойынша Комиссия шешімдерінің жобаларын пысықтау

28 ақпан**** –
14 сәуір

20 ақпан**** –
5 сәуір

7. Комиссия Алқасы шешімдерінің жобаларын Комиссия Алқасының қарауына ұсыну

30 сәуірге дейін

8. Комиссия Алқасының Комиссия Кеңесі шешімдерінің жобаларын мақұлдау туралы өкімдері жобаларын Комиссия Алқасының қарауына ұсыну

20 сәуірге дейін

9. Комиссия Алқасының Комиссия Алқасы шешімдерінің жобаларын және Комиссия Алқасының Комиссия Кеңесі шешімдерін мақұлдау туралы өкімдерінің жобаларын қарауы

31 мамырға дейін

10. Комиссия Кеңесінің Комиссия Кеңесі шешімдерінің жобаларын қарауы

мамырдың соңғы онкүндігі

II. Комиссияның қоғамдық талқылау үшін алдын ала жариялауға жіберу жоспарланатын шешімдерінің жобалары***

1. Комиссия шешімдерінің жобаларын әзірлеу 

22 ақпанға дейін****

8 ақпанға дейін****

2. Комиссияға мүше мемлекеттер әзірлеген Комиссия шешімдерінің жобаларын ұсыну 

22 ақпанға дейін****

8 ақпанға дейін****

3. Комиссия шешімдерінің жобаларын келісу үшін мүше мемлекеттерге, сондай-ақ оларды Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің қарауына жіберу

1 наурызға дейін****

13 ақпанға дейін****

4. Мүше мемлекеттерде Комиссия шешімдерінің жобаларын келісу және келісу нәтижелерін Комиссияға ұсыну

17 наурызға дейін

1 наурызға дейін****

5. Мүше мемлекеттердің келісуі және Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің қарауы қорытындылары бойынша Комиссия шешімдерінің жобаларын пысықтау

31 наурызға дейін

17 наурызға дейін

6. Комиссия шешімдерінің жобаларын оларды қоғамдық талқылау үшін Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында алдын ала жариялау 

30 сәуірге дейін

20 наурыз – 20 сәуір

7. Комиссия Алқасы шешімдерінің жобаларын Комиссия Алқасының қарауына ұсыну

30 сәуірге дейін

8. Комиссия Алқасының Комиссия Кеңесі шешімдерінің жобаларын мақұлдау туралы өкімдерінің жобаларын Комиссия Алқасының қарауына ұсыну

20 сәуірге дейін

9. Комиссия Алқасының Комиссия Алқасы шешімдерінің жобаларын және Комиссия Алқасының Комиссия Кеңесінің шешімдерін мақұлдау туралы өкімдерінің жобаларын қарауы

31 мамырға дейін

10. Комиссия Кеңесінің Комиссия Кеңесі шешімдерінің жобаларын қарауы

маусымның бірінші онкүндігі

            _______________

            * Іс-қимыл сәйкесінше Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 11 өкімі № 1 қосымшасының 10, 13, 19 және 21-тармақтарында көзделген шешімдер жобаларының Комиссия Алқасының қарауына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде Комиссия Алқасының қарауына ұсынылатын Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 11 өкімі № 1 қосымшасының 11, 14, 20 және 22-тармақтарында көзделген Комиссия шешімдеріне таралмайды.

            ** Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодекс туралы шарт 2017 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетіндігі ескеріле отырып.

            *** Комиссия шешімінің реттеушілік ықпалын бағалауды жүргізу не оны қоғамдық талқылау үшін алдын ала жариялауға жіберу туралы мәселе Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне сәйкес Комиссияның ірбір шешімі әзірленгеннен кейін шешілетін болады, ал бұл туралы ақпарат шешімнің жобасы мүше мемлекетке келісуге жіберілетін Комиссияның хатында көрсетілетін болады.

            **** Комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы тапсырмасына сәйкес өткізілген іс-шаралардың орындалуының нақты мерзімі көрсетіледі.

  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің
2017 жылғы 3 наурыздағы № 11 шешіміне
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссияның 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қабылдауға жататын шешімдерінің ТІЗБЕСІ

Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің жобаларын қабылдау жоспарланатын мәселелер*

Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерін қабылдау негіздемесі (Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің құрылымдық бірлігі)

Жауапты әзірлеуші

1. Осындай тауарларды уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіммен орналастырылған мүше мемлекетке қарағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа өзге мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет, Одақ) аумағында уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылуының аяқталу жағдайлары, шарттары және тәртібі туралы

224-баптың 6-тармағы

Комиссия

2. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеумен, өзгертумен және сақтаумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы

344-баптың 7-тармағы

Комиссия

3. Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінің нысанын бекіту туралы

431-баптың 1-тармағы

Комиссия

4. Уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімінің нысанын, оны қалыптастыру және жүргізу тәртібін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің кеден органдарының уәкілетті экономикалық операторлары тізілімдерінде қамтылатын деректерді ұсынудың техникалық шарттарын бекіту туралы

431-баптың 2-тармағының екінші абзацы

Комиссия

5.  Жасалуы мүше мемлекеттердің заңнамасымен уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз ретінде айқындалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар немесе қылмыстық құқық бұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықты көздейтін мүше мемлекеттердің әкімшілік және қылмыстық заңнамасы баптарының жалпы тізбесінің форматын анықтау, оны қалыптастыру, жүргізу және оның мәліметтерін пайдалану тәртібі туралы, сондай-ақ осы баптар туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және техникалық шарттары, соның ішінде құрылымы мен форматы туралы

433-баптың 2-тармағының екінші абзацы

Комиссия

6. Тауарларды сәйкестендіру құралдары ретінде танылатын көлік құралдарының жүк тұратын жайларына (бөліктеріне) немесе олардың бөліктеріне уәкілетті экономикалық оператор салған пломбаларға қойылатын талаптар туралы, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлардың кеден органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын қолдану тәртібі және оларға қойылатын талаптар туралы

437-баптың 2-тармағының 6-тармақшасы, 7-тармағы

Комиссия

7. Мүше мемлекеттерде тауарларға қатысты қолданылатын салықтар мөлшерлемелерінің жалпы тізбесінің форматын айқындау, оны қалыптастыру, жүргізу және одан мәліметтерді пайдалану тәртібі, сондай-ақ осындай мөлшерлемелер туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен техникалық шарттары, оның ішінде құрылымы мен форматы туралы

53-баптың 4-тармағының үшінші абзацы

Комиссия

8. Оларға қатысты кеден органдарының Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 117-бабында айқындалған ерекшеліктермен кедендік декларациялауды жүзеге асыруы мақсатында Одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, соның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген тұрінде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылданатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы

21-баптың 3-тармағының екінші абзацы

Комиссия

9. Комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдерін дайындау туралы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 284 шешіміне өзгерістер енгізу)

22-баптың 5-тармағы

Комиссия

10. Комиссияның тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы түсіндірмелерін дайындау тәртібі туралы

22-баптың 6-тармағы

Беларусь Республикасы

11. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің нысанын бекіту, оны толтыру және осындай алдын ала шешімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін айқындау туралы

33-баптың 5-тармағы

Комиссия

12. Жеке пайдалануға арналған тауарларды Одақтың кедендік шекарасынан өткізу және жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды қолдану туралы

256-баптың 5-тармағы, 6-тармағының 2-тармақшасы,
260-баптың 11-тармағы,
266-баптың 6-тармағының бірінші абзацы, 8-тармағының бірінші абзацы

Беларусь Республикасы

13. Жеке пайдалануға арналған көлік құралдары туралы

266-баптың 12-тармағының үшінші абзацы

Комиссия

14. Одақтың кеден аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін анықтау қағидаларын бекіту туралы

28-баптың 2-тармағы

Ресей Федерациясы

15. Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізде өткізілетін (тасымалданатын) Одақтың тауарлары Одақ тауарларының мәртебесін жоғалтатын және Одақтың кедендік аумағына әкелінген кезде шетелдік тауарлар ретінде қарастырылатын жағдайларды айқындау туралы

304-баптың 17-тармағы

Қырғыз Республикасы

16. Жолаушыларға арналған кедендік декларациядағы мәлімделген мәліметтерді растау үшін қолма-қол қаражаттар мен (немесе) ақша құралдарының шығу тегін растайтын құжаттарды ұсыну жағдайларын айқындау туралы

261-баптың 1-тармағының 9-тармақшасы

Ресей Федерациясы

17. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

117-бап

Ресей Федерациясы

18. Комиссия актілерін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес келтіру туралы


Комиссия

            _________________

            * Комиссияның бір немесе бірнеше шешімдерінде реттелуі мүмкін.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады