Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 5-тармағына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 21 мамырдағы № 83 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік декларацияларды толтыру және кедендік декларациялардың нысандары жөніндегі нұсқаулықтар туралы" 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімінде:
а) атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы";
б) кіріспеде "Кеден одағының Кеден кодексінің 180-бабына" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 105-бабының 5-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 1-тармақта:
"Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулық" деген сөздер "Қоса беріліп отырған Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(бұдан әрі – Нұсқаулық) (1-қосымша)" және "(бұдан әрі – Нысан) (2-қосымша)" деген сөздер алып тасталсын;
г) 2, 3 және 5-тармақтардың күші жойылды деп танылсын;
д) көрсетілген Шешіммен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықта:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі";
мәтін бойынша:
тиісті септіктегі "осы Нұсқаулық" деген сөздер тиісті септіктегі "осы Тәртіп" деген сөздермен ауыстырылсын, "ЕАЭО СЭҚ ТН" деген сөздер "ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын, "Нұсқаулықтың ІІ бөлімі" деген сөздер "осы Тәртіптің ІІ бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сыртқы экономикалық" деген сөздер (2-тармақтың алтыншы абзацынан басқа) және "өзгерістер немесе" деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 105-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және электрондық құжат және қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде тауарларға арналған декларацияны (бұдан әрі – ТД) толтыру қағидасын айқындады.";
2-тармақта:
үшінші абзацта "185" деген цифрлар "110" деген цифрлармен ауыстырылсын, "197" деген цифрлар "120" деген цифрлармен ауыстырылсын;
бесінші абзацта:
"бір шарт" деген сөздерден кейін "(келісімшарт)" деген сөзбен толықтырылсын, "тиісті шарт" деген сөзден кейін "(келісімшарт)" деген сөзбен толықтырылсын;
"197" деген цифрлар "120" деген цифрлармен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. ТД негізгі парағында бір тауар туралы мәліметтер көрсетіледі. Бір қосымша парақта үш тауар туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
Бұл ретте оларға кедендік-тарифтік реттеудің, тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғаудың бірдей шаралар қолданылатын, бір тауар партиясында болатын, ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес бір сыныптау кодына жатқызылатын, бір елден шығарылатын (елдер тобы, кеден одағы елдері, елдің өңірі немесе бөлігі) не шығарылған жері белгісіз бір атаудағы (фирмалық, коммерциялық немесе өзге дәстүрлі атаудағы) тауарлар бір тауар ретінде декларацияланады.
Осы Тәртіпке № 1 қосымшада көрсетілген ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар, егер осы тармақтың екінші абзацында көзделген шарттар сақталған жағдайда тауарлардың тауар белгісі, маркасы, моделі, артикулы, техникалық және (немесе) коммерциялық сипаттамасы бірдей болса, бір тауар ретінде декларацияланады.
Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы 7.1.11) тармақшасында белгіленген тарифтік жеңілдік қолданылатын тауарлар, егер осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көзделген шарттар сақталған жағдайда оларда технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерінің тізбесінде не көрсетілген тармақшада көзделген шикізат пен материалдар тізбесінде көрсетілген тауарды тіркеу нөмірі бірдей болса, бір тауар ретінде декларацияланады.
Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында осы тауарлар кедендік рәсімге орналастырылатын Одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарлар көрсетілген тізілімге (бұдан әрі – зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі) енгізілген зияткерлік меншік объектілерін қамтымайтын тауарлардан бөлек декларацияланады.
Егер тауарлар түптерде болатын болса, осы түптер мәміленің шарттарына сәйкес түптердің құны тауарлардың құнына кіретін шарттар кезенді (соның ішінде, егер түптердің құны жеке көрсетілмеген жағдайда) декларацияланатын тауарлармен бірге мәлімделеді.
Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес тиісінше өмірлік қажетті және маңызды дәрілік құралдарға жатқызылатын дәрілік құралдар, егер олардың атауы, дәрілік нысаны, дозалануы және шығарылу нысаны бірдей болса, бір тауар ретінде декларацияланады.";
7-тармақтың бірінші абзацында "осы Нұсқаулықпен белгіленген тәртіпке" деген сөздер "Осы Тәртіпке" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың күші жойылды деп танылсын;
мынадай мазмұндағы 91-тармақпен толықтырылсын:
"91. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін ТД графасы деп бір белгі бойынша біріктірілген мәліметтер жиынтығы түсіндіріледі.
Осы Тәртіпке сәйкес ТД графаларда көрсетуге жататын мәліметтер:
электрондық құжат түрінде ТД қалыптастыру кезінде – ТД құрылымының тиісті деректемелерінде;
қағаз тасымалдағыштағы құжат түрінде ТД толтыру кезінде – ТД нысанының тиісті графаларында көрсетіледі";
10-тармақтың бірінші абзацының екінші сөйлемінде және оныншы абзацта "электрондық көшірмесінде" деген сөздер "электрондық түрінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. ТД-да мәліметтерді көрсету үшін Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына енгізілген анықтамалықтар мен сыныптауыштар, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын және қолдануға жататын кедендік мақсаттар үшін пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштар қолданылады.";
І бөлім мынадай мазмұндағы 131-тармақпен толықтырылсын:
"131. Электрондық құжат түріндегі ТД ақпараттық жүйе қалыптастыратын және ТД автоматты өңдеу үшін қажетті техникалық сипаттағы мәліметтерді қамтуы мүмкін. Көрсетілген мәліметтердің құрамы ТД құрылымының сипаттамасында белгіленеді.
Техникалық сипаттағы мәліметтер қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да көрсетілмейді.";
14-тармақта:
бірінші абзац "ТД:" деген сөзден кейін "1 – 9, 11, 12 (кедендік қойма кедендік рәсімдерін, жоюды, мемлекеттің пайдасына бас тартуды және арнайы кедендік рәсімді қоспағанда), 14, 15, 15 (a; b), 16, 17, 17 (a; b), 18 – 26, 29 – 44, 45 (кедендік қойма кедендік рәсімдерін, жоюды, мемлекеттің пайдасына бас тартуды және арнайы кедендік рәсімді қоспағанда), 46, 47, "В", 48, 52 (Беларусь Республикасында) және 54." деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 141 – 145-тармақтармен толықтырылсын:
"141. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін салық нөмірі деп:
1) Армения Республикасында – салық төлеушінің есепке алу нөмірі (СЕН);
2) Беларусь Республикасында – төлеушінің есепке алу нөмірі (ТЕН) (жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаны қоспағанда) не жеке тұлғаның сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда);
3) Қазақстан Республикасында – ұйым (филиал және өкілдік) және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) не жеке тұлға үшін, соның ішінде қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН). Егер тауарларды алушы ретінде шетелдік тұлға түссе, шетелдік заңды тұлға үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) не шетелдік жеке тұлға үшін бірегей сәйкестендіру нөмірі (БСН) көрсетіледі;
4) Қырғыз Республикасында – заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер үшін салық төлеушінің сәйкестендіруші салық нөмірі (ССН) не Қырғыз Республикасының аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыратын және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлға үшін дербес сәйкестендіру нөмірі (ДСН);
5) Ресей Федерациясында – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН), ал заңды тұлға үшін – сонымен бірге электрондық құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да – "/" бөлу белгісі арқылы көрсетілетін есепке алу себебінің коды (ЕСК) (заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі үшін оқшауланған бөлімше орналасқан жер бойынша берілген ЕСК қойылады) түсіндіріледі.
142. Тұлғаның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, тауарлардың орналасқан жері туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да – ТД тиісті графаларында үтір арқылы көрсетіледі және мыналарды қамтиды:
1) әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің (өңірдің немесе елдің бөлігінің) қысқаша атауы;
2) әкімшілік-аумақтық бірлік (өңір, облыс, аудан және т.б.) (Қырғыз Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бар және жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға туралы мәліметтерді көрсету кезінде – әкімшілік-аумақтық объектілерді және аумақтық бірліктерді белгілеу жүйесінің мемлекеттік сыныптауышына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің коды (ӘОАБЖ БК));
3) елді мекен;
4) көше (бульвар, проспект және т.б.);
5) үйдің нөмірі;
6) корпус (құрылыс) нөмірі;
7) пәтер (бөлме, кеңсе) нөмірі.
143. Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ТД-да ДТ құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да – ТД тиісті графасында үтір арқылы көрсетіледі және мыналарды қамтиды:
1) жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің сыныптауышына сәйкес құжат түрінің коды;
2) әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес уәкілетті органы жеке басты куәландыратын құжатты берген елдің (өңірдің немесе елдің бөлігінің) коды;
3) құжаттың сериясы (бар болған жағдайда) және нөмірі (бос орын арқылы);
4) кк.аа.жжжж (күні, айы, күнтізбелік жыл) нысанында құжаттың берілген күні.
144. Деларант, тауарды алушы туралы (осы бөлімде көзделген), тауарды жөнелтуші туралы (осы Тәртіптің ІІІ бөлімінде көзделген), сондай-ақ қаржылық реттеуге жауапты тұлға туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да – ТД тиісті графаларының жекелеген жолдарында көрсетіледі және мыналарды қамтиды:
1) Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға (заңды тұлға болып табылмайтын ұйым) үшін:
қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауы;
салық нөмірі (осы Тәртіптің 141-тармағына сәйкес);
кедендік сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру сыныптауышына сәйкес кедендік сәйкестендіру нөмірі (КСН) – Қазақстан Республикасы үшін, Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы республикалық сыныштауышының коды (КҰЖС) – Қырғыз Республикасы үшін, негіззгі мемлекеттік тіркеу нөмірі (НМТН) – Ресей Федерациясы үшін;
байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 145-тармағына сәйкес);
2) шетелдік ұйым үшін:
қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауы;
орналасқан жері (осы Тәртіптің 142-тармағына сәйкес);
салық нөмірі (осы Тәртіптің 141-тармағына сәйкес) (Қазақстан Республикасы үшін);
байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 145-тармағына сәйкес);
3) заңды тұлға болып табылмайтын және заңды тұлғаның (заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның) атынан түсетін оқшауланған бөлімше үшін:
оқшауланған бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның (заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның) қысқаша (қысқартылған) және толық атауы;
оқшауланған бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның (заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның) салық нөмірі (осы Тәртіптің 141-тармағына сәйкес);
оқшауланған бөлімшесі болып табылатын заңды тұлғаның (заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның) орналасқан жері (осы Тәртіптің 142-тармағына сәйкес) (Беларусь Республикасы үшін көрсетілмейді);
оқшауланған бөлімшенің қысқаша (қысқартылған) немесе толық атауы (бар болған жағдайда);
оқшауланған бөлімшенің орналасқан жері (осы Тәртіптің 142-тармағына сәйкес);
оқшауланған бөлімшенің салық нөмірі (осы Тәртіптің 141-тармағына сәйкес);
оқшауланған бөлімшенің байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 145-тармағына сәйкес);
4) Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке түлға (бұдан әрі – жеке кәсіпкер) үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
тұрғылықты жері (осы Тәртіптің 142-тармағына сәйкес);
салық нөмірі (осы Тәртіптің 141-тармағына сәйкес);
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпыреспубликалық сыныштауышының коды (КҰЖС) – Қырғыз Республикасы үшін, жеке кәсіпкердің негізгі мемлекеттік тіркеу нөмірі (ЖКНМТН) – Ресей Федерациясы үшін;
байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 145-тармағына сәйкес);
5) жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
тұрғылықты жері (осы Тәртіптің 142-тармағына сәйкес);
жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер (осы Тәртіптің 143-тармағына сәйкес);
салық нөмірі (бар болған жағдайда) (осы Тәртіптің 141-тармағына сәйкес);
қоғамдық көрсетілетін қызметтердің нөмір белгісі (ҚҚНБ) немесе мұндай белгінің болмауы туралы анықтаманың нөмірі – Армения Республикасы үшін, сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда) – Одаққа мүше өзге мемлекеттер үшін;
байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 145-тармағына сәйкес).
145. Тұлғаның байланыс деректемелері туралы мәліметтер мыналарды қамтиды:
байланыс түрінің атауы (телефон, факс, электрондық пошта және т.б.);
байланыс арнасының сәйкестендіргіші (телефон, факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы және т.б.).
Тұлғаның байланыс деректемелері туралы мәліметтер электрондық құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да ТД тиісті графасында бір жолда байланыс түрінің атауы және бос орын арқылы байланыс арнасының сәйкестендірушісі көрсетіледі. Бұл ретте қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да әрбір байланыс деректемесі туралы мәліметтер үтір арқылы көрсетіледі.";
15-тармақта:
2) тармақшада:
екінші және үшінші абзацтарда (кестеден кейін) "әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің қысқаша атауы және мекенжай" деген сөздер "осы Тәртіптің 142-тармағына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтың (кестеден кейін) қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;
4) тармақшаның екінші абзацының (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;
5) тармақшаның екінші абзацы (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"Декларацияланатын тауарлардың жалпы саны ТД негізгі және қосымша парақтың толтырылатын 31 графасының санына сәйкес келуі тиіс;";
6) тармақшаның үшінші абзацында (кестеден кейін) "кедендік рәсімі бойынша" деген сөздер "кедендік рәсімге сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшаның бірінші – отыз бірінші абзацтары (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"Графада оларға сәйкес тауарларды тасымалдау аяқталған (аяқталатын) осы Тәртіптің 144-тармағына сәйкес көліктік (тасымалдау) құжаттарында тауарларды алушы ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер тауарларды алушы ретінде шетелдік тұлға, сондай-ақ кедендік органына ТД тапсырылатын Одаққа мүше мемлекеттен басқа Одаққа мүше өзге мемлекетте тіркелген тұлға түсетін болса, салық нөмірі туралы мәліметтер көрсетілмейді.
Егер декларацияланатын тауарларға қатысты бұрын мәлімделген кедендік рәсімдердің қолданылуы аяқталған жағдайда халықаралық тасымалдау жүзеге асырылмаған (жүзеге асырылмайтын) болса, графада декларацияланған тауарларға (соның ішінде бұрын кедендік аумақта өзге кедендік рәсімге орналастырылған тауарларға) мүліктік құқықты алған және кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес тауарларды пайдалануға рұқсат алған тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер осы графада мәлімдеуге жататын мәліметтер ТД 14-графасында мәлімдеуге жататын мәліметтерді қайталайтын болса, мұндай мәліметтер осы графаға енгізілмейді, бұл ретте "ТД 14-графасын қараңыз" деген жазба жасалады.
Тауарларды әуе келемелерінің борттарында, сондай-ақ теміржол және өзге де көлік түрлерінде өткізуге байланысты өткізілетін қолма-қол валютаны (түсімді және банкнот және монеталар түріндегі ұсақтау валютасын) декларациялау кезінде графа толтырылмайды;";
9) тармақшада:
екінші абзац (кестеден кейін) "шарт" деген сөзден кейін "(келісімшарт)" деген сөзбен толықтырылсын;
жетінші абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"Графада мәліметтер осы Тәртіптің 144-тармағына сәйкес көрсетіледі.";
сегізінші – жиырма бірінші абзацтардың (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;
10) тармақшада:
бірінші абзац (кестеден кейін) "елдің" деген сөзден кейін "(өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац (кестеден кейін) "шарт" деген сөзден кейін "(келісімшарт)" деген сөзбен толықтырылсын, "елдің" деген сөзден кейін "(өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшаның бесінші абзацы (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер ТД-да декларацияланатын барлық тауарларға қатысты ТД негізгі және қосымша парақшаларының 45-графалары осы Тәртіпке сәйкес толтырылмаған жағдайда графа толтырылмайды;";
12) тармақшаның бірінші – он алтыншы абзацтары (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"Графада осы Тәртіптің 144-тармағына сәйкес декларант туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер декларант уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын болса, электрондық құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да графаның оң жоқ жоғарғы бұрышында "№" белгісінен кейін осы Тәртіптің 144-тармағына сәйкес көрсетілетін мәліметтерге қосымша уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі. Өзге жағдайларда графаның жоғарғы бұрышы толтырылмайды.
Егер декларант ретінде кеден органына ТД тапсырылатын Одаққа мүше мемлекеттен басқа Одаққа мүше өзге мемлекетте тіркелген тұлға түсетін болса, салық нөмірі туралы мәліметтер көрсетілмейді;";
13-тармақтың бірінші абзацы (кестеден кейін) және 14) тармақшаның бірінші абзацы (кестеден кейін) "елдің" деген сөзден кейін "(өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақшада:
бірінші абзац (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"Графада декларацияланатын тауарлар шығарылған елдің (елдер тобының, елдердің кеден одағының, өңірдің немесе елдің бөлігінің) қысқаша атауы көрсетіледі.
Елдің (өңірдің немесе елдің бөлігінің) қысқаша атауы әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес көрсетіледі.";
екінші абзац (кестеден кейін) "елді" деген сөзден кейін "(өңір немесе елдің бөлігі)" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші және төртінші абзацтар (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер бір ТД-да әртүрлі елден (елдер тобынан, елдердің кеден одағынан, өңірлерден немесе елдің бөліктерінен) шығарылатын бірнеше тауар декларацияланатын болса немесе егер кемінде бір тауардың шығарылған жері беллгісіз болса, графада "ӘРТҮРЛІ" деген жазба жасалады.
Егер ТД-да декларацияланатын барлық тауардың шығарылған жері белгісіз болса, графада "БЕЛГІСІЗ" деген жазба жасалады.";
16) тармақшаның бірінші абзацы (кестеден кейін) және 17) тармақшаның бірінші абзацы (кестеден кейін) "елдің" деген сөзден кейін "(өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақшада:
он үшінші абзацта (кестеден кейін) "теңіз (өзен)" деген сөздер "су" деген сөзбен ауыстырылсын;
он жетінші абзац (кестеден кейін) "елдің коды" деген сөздерден кейін және "онда елдің коды" деген сөздерден кейін "(өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
20) тармақшада:
екінші абзацта (кестеден кейін) "жеткізу шарттарының коды" деген сөздер "жеткізу шартының коды (жеткізу базисі)" деген сөздермен ауыстырылсын, "географиялық пункттің атауы" деген сөздер "географиялық пункттің (келісілген жеткізу орнының) атауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер ТД-да декларацияланатын тауарларға қатысты жеткізу шарттарында (жеткізу шарттарының коды (жеткізу базистері) және (немесе) географиялық пункттердің (келісілген жеткізу орындарының) атаулары) айырмашылықтар болса, графаның екінші кіші бөлімінде "ӘРТҮРЛІ" деген жазба жасалады.";
21) тармақшада:
мәтін бойына "елдің коды" деген сөздер "елдің (өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацта (кестеден кейін) "теңіз (өзен)" деген сөздер "су" деген сөзбен ауыстырылсын, "атауы" деген сөз қазақ тіліндегі нұсқада өзгеріссіз қалдырылсын;
22) тармақшада:
бірінші абзац (кестеден кейін) "шарт" деген сөзден кейін "(келісімшарт)" деген сөзбен толықтырылсын;
екінші абзацта (кестеден кейін) "мәміле" деген сөз "келісімшарт" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер кеден органына ТД тапсырылатын Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес валюталық бақылау мақсатында шартқа (келісімшартқа) шартты (келісімшартты) уәкілетті банкте есепке қою туралы, мәміле паспортын рәсімдеу не шартты (келісімшартты) тіркеу туралы талаптар таралатын жағдайда валюта бағасы (төлем (бағалау) валютасы) туралы мәліметтер уәкілетті банкте есепке қойылған шарттың (келісімшарттың), мәміле паспортының не тіркелген шарттың (келісімшарттың) негізінде көрсетіледі.";
төртінші абзацта (кестеден кейін) "мәміле" деген сөз "келісімшарт" деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзацтың (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;
23) тармақшада:
бірінші абзацта (кестеден кейін) "және (немесе) декларацияланатын тауарлардың кедендік төлемдерін есептеу" деген сөздер "декларацияланатын тауарлар және (немесе) кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды есептеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта (кестеден кейін) "орталық (ұлттық)" деген сөздер "ұлттық (орталық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) тармақшада:
бірінші абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"Графада ТД тапсыру сәтінде тауарлар орналасқан орын туралы мынадай мәліметтер (электрондық құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да – жекелеген жолдарда) көрсетіледі:";
төртінші – жиырма төртінші абзацтар (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"егер тауарлар уәкілетті экономикалық оператордың тауарларды уақытша сақтауға арналған уақытша сақтау қоймасында, құрылыстарында, үй-жайларында (үй-жайлардың бөліктерінде), ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) орналасқан болса, уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы куәліктің немесе екінші немесе үшінші типті уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәліктің не еркін (арнайы, айрықша) экономикалық аймақтың резиденті (қатысушысы) ретінде тіркеуді куәландыратын құжаттың нөмірі;
осы Тәртіптің 142-тармағына сәйкес тауарлардың орналасқан жері немесе теміржол стансасының атауы (егер тауарлардың орналасқан жері теміржол стансасының аумағында (кіреберіс жолдарында) болса) немесе теңіз (өзен) портының атауы (егер тауарлардың орналасқан жері теңіз (өзен) портының аумағында болса) немесе әуе өткізу пунктінің атауы (егер тауарлардың орналасқан жері әуе өткізу пунктінің аумағында болса) немесе кедендік бақылау аймағының нөмірі (кедендік бақылау аймағының тіркеу нөмірі) (егер Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік бақылау аймақтарын есепке алу жүргізілетін болса). Бұл ретте осы тармақшаның төртінші абзацында көзделген мәліметтер графада көрсетілмейді.
Қазақстан Республикасында, егер тауарларды уақытша сақтау орны автокөлік немесе теміржол көлігі құралы болып табылатын болса, көлік және тауарларды тасымалдау түрлерінің сыныптауышына сәйкес көлік құралы түрінің коды және көлік құралдарының тіркеу нөмірлері көрсетіледі. Қағаз тасымалдағыштағы ТД-да көлік құралы түрінің коды көрсетілгеннен кейін ":" белгісі қойылады, көлік құралдарының тіркеу нөмірлері бос орынсыз ";" бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі.
Графа Кодекстің 104-бабы 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда толтырылмайды;";
29) тармақшада:
бірінші абзац (кестеден кейін) "кеден органдары," деген сөздерден кейін "ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацта (кестеден кейін):
"сауда" деген сөз "фирмалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"өндіруші" деген сөзден кейін "(әзірлеуші)" деген сөзбен толықтырылсын;
бесінші абзацта (кестеден кейін) "реимпорт кезінде төлеуге жататын баждар, салықтар, сондай-ақ өзге де төлемдер" деген сөздер "және өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге төлемдер, ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацта (кестеден кейін) "жағдайда № 2 – 4 қосымшалар" деген сөздер "жағдайда № 2 және 3-қосымшалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма тоғызыншы абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Армения Республикасында 4-ші нөмірде, егер тауарлар Армения Республикасының салықтар және алымдар саласындағы заңнамасына сәйкес осындай таңбалармен таңбаланған болса, әрбір серия бойынша акциздік және (немесе) арнайы таңбалардың саны көрсетіледі.";
отыз екінші абзацта (кестеден кейін) "(базистер) жеткізу" деген сөздер "жеткізу (жеткізу базистері)" деген сөздермен ауыстырылсын, "жеткізу шарты (базисі)" деген сөздер "жеткізу шарттарының коды (жеткізу базисі)" деген сөздермен ауыстырылсын, "географиялық пункттердің атаулары" деген сөздер "географиялық пункттердің (келісілген жетізу орындарының) атаулары" деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз төртінші абзацтың (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;
қырық бірінші абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"7-ші нөмірде халықаралық шарттарға және Одақтың құқығын құрайтын актілерге немесе Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес тауарларды декларациялау ерекшеліктерін қолдану кезінде (тауарларды кезеңдік, уаөытша декларациялау кезінде және т.б.) мынадай мәліметтер көрсетіледі:";
"10-шы нөмірде көрсетіледі:" деген абзацтан кейін "тұтыну," деген сөзден кейін "сондай-ақ мұндай тауарлар еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылғанға дейін Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;
30) тармақшаның бесінші абзацының (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"31) 33-графа. "Тауар коды"
33 Тауар коды | ||
Графаның бірінші кіші бөлімінде ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың он мәнді коды бос орынсыз көрсетіледі.
Графаның екінші кіші бөлімінде көрсетіледі:
"М" әрпі, егер декларацияланатын тауарлар бақылау белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілген, бірақ 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің 8-бабына сәйкес оларға бақылау (сәйкестендіру) таңбалау туралы талап таралмайтын болса;
"С" әрпі (тыйым салулар мен шектеулерді қолданудан еркін), егер декларацияланатын тауарлар мәлімделген ЕАЭО СЭҚ ТН сыныптау кодына және (немесе) атауына сәйкес халықаралық шарттарға және Одақтың құқығын құрайтын актілерге және (немесе) кеден органына ТД тапсырылатын Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оларды кедендік аумаққа әкелу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді қолдануға түсіп қалса, бірақ өзінің сипаттамалары және (немесе) қолданылу саласы бойынша оларға қатысты мұндай шаралар қолданылатын тауарларға сәйкес келмеген жағдайда;
Қазақстан Республикасында – Қазақстан Республикасында қолданылатын сыныптауышқа сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау коды;
"И" әрпі (зияткерлік меншік), егер декларацияланатын тауарлар зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілерін және (немесе) объектілер белгісін қамтитын болса;
Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында атаулары әртүрлі тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес бір сыныптау кодын көрсете отырып декларациялау кезінде – "О" әрпі.
Егер декларацияланатын тауарлар бір мезгілде көрсетілген бірнеше шарттарға сәйкес келсе, тиісті әріптер бос орынсыз тізбекті көрсетіледі.
Графаның үшінші кіші бөлімінде, егер көрсетілген сыныптауыш графаның бірінші кіші бөлімінде көрсетілген ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауардың сыныптауыш кодын қамтитын болса, Одаққа мүше мемлекеттерде пайдаланылатын қосымша кедендік ақпараттық сыныптауышына сәйкес кодтың төрт белгісі бос орынсыз көрсетіледі.";
32) тармақшада:
бірінші абзац (кестеден кейін) "елдің" деген сөзден кейін "(өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац (кестеден кейін) "елді" деген сөзден кейін "(өңір немесе елдің бөлігі)" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта (кестеден кейін) "тауардың шыққан елі белгісіз" деген сөздер "тауардың шыққан жері белгісіз" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтың (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;
33) тармақшаның алтыншы абзацының (кестеден кейін) және 36) тармақшаның он екінші абзацының (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;
38) тармақшада:
үшінші абзацта (кестеден кейін) "197" деген цифрлар "120" деген цифрлармен ауыстырылсын, "мән-жайлар" деген сөз "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібінің 38-тармағымен белгіленген тәртіпте қалыптастырылатын ТД берілгенге дейін тауарларды шығару туралы мәлімдеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында толық ТД тапсыру кезінде графада уақытша ТД тіркеу нөмірі көрсетіледі.";
алтыншы абзацтың (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;
39) тармақшаның алтыншы абзацының (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;
40) тармақшада:
бірінші абзацта (кестеден кейін) "өтеулі сыртқы экономикалық мәміле (шарт)" деген сөздер "өтеулі мәміле" деген сөздермен ауыстырылсын, "сыртқы экономикалық мәміле (шарт) жасасу" деген сөздер "мәміле жасасу" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацта (кестеден кейін) "(шарт)" деген сөз алып тасталсын;
бесінші абзацтың (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;
41) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Графа Одаққа мүше мемлекеттердің валюталарын, шетел валюталарын (нумизматтық мақсаттар үшін пайдаланылғаннан басқа), айналымға шығарылған бағалы қағаздарды декларациялау кезінде, сондай-ақ тауарларды кедендік қойма кедендік рәсімдеріне орналастырған, жою, мемлекет пайдасына бас тарту, арнайы кедендік рәсім кезінде толтырылмайды.
Қазақстан Республикасында Одаққа мүше мемлекеттердің валюталарын, шетел валюталарын (нумизматтық мақсаттар үшін пайдаланылғаннан басқа), айналымға шығарылған бағалы қағаздарды декларациялау кезінде, сондай-ақ тауарларды кедендік қойма кедендік рәсімдеріне орналастырған, жою, мемлекет пайдасына бас тарту, арнайы кедендік рәсім кезінде графада "7" цифры көрсетіледі;";
42) тармақшада:
тоғызыншы абзацтың бірінші сөйлемінде (кестеден кейін) "183-баптың 4-тармағының екінші бөлігіне" деген сөздер "109-баптың 10-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырмасыншы абзац (кестеден кейін) "бақылау ерекшеліктері" деген сөздер "кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері" деген сөздермен ауыстырылсын, "тауарлардың" деген сөздің алдында "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма жетінші абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"егер халықаралық шарттарға және Одақтың құқығын құрайтын актілерге сәйкес тауардың шығарылған жері туралы сертификат түрінде тауардың шығарылған жері туралы құжатты ұсынуды талап етсе, тауардың шыққан жері туралы сертификаттың нөмірі мен күні, әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес сертификат берілген елдің (өңірдің немесе елдің бөлігінің) коды;";
жиырма жетінші абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"егер халықаралық шарттарға және Одақтың құқығын құрайтын актілерге сәйкес тауардың шыққан жері туралы декларация түрінде тауардың шыққан жері туралы құжатты ұсынуды талап етсе, тауардың шыққан жері туралы декларацияның нөмірі мен күні;";
жиырма сегізінші абзацта (кестеден кейін) "жеңілдіктердің немесе кедендік төлемдерді төлеу бойынша ерекшеліктердің" деген сөздер "кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма тоғызыншы абзацта (кестеден кейін) "егер тауарларды шығару кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз етумен жүргізілетін болса, кедендік төлемдерді төлеуді" деген сөздер "егер тауарлар кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз етумен кедендік рәсімге орналастыруға жататын болса, кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу бойынша міндеттемені орындауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз бірінші абзацта (кестеден кейін) "растайтын құжаттың нөмірі" деген сөздер "растайтын құжаттың (мәліметтердің) нөмірі мен күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз төртінші абзац (кестеден кейін) алып тасталсын;
43) тармақшада:
үшінші абзацта (кестеден кейін) "жалпы" деген сөз алып тасталсын;
бесінші абзацтың (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;
алтыншы абзацта (кестеден кейін) "сондай-ақ айналымға шығарылған бағалы қағаздар" деген сөздер "айналымға шығарылған бағалы қағаздар, сондай-ақ тауарларды кедендік қойма кедендік рәсімдеріне, жоюға, мемлекет пайдасына бас тартуға, арнайы кедендік рәсімге орналастыру кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
44) тармақшада:
екінші абзацта (кестеден кейін) "бесінші және алтыншы" деген сөздер "төртінші және бесінші" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтың (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;
бесінші абзацта (кестеден кейін) "алтыншы" деген сөз "төртінші" деген сөзбен ауыстырылсын, "базиске" деген сөз "шартқа" деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші, сегізінші, он бірінші – он үшінші абзацтарда (кестеден кейін) "базиске" деген сөз "шартқа" деген сөзбен ауыстырылсын;
он жетінші абзацта (кестеден кейін) "келісімшарттың" деген сөз "шарттың (келісімшарттың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
45) тармақшада:
бірінші абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"Графада кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды, өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдерді (бұдан әрі – төлемдер) есептеу туралы, сондай-ақ өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік және өзге де төлемдерді төлеу ерекшеліктерінің сыныптауышына сәйкес төлеу ерекшеліктері туралы мәліметтер көрсетіледі.";
екінші және оныншы абзацтарда (кестеден кейін) "кедендік төлемдердің, өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдердің сомасын" деген сөздер "төлемдерді" деген сөзбен ауыстырылсын;
он бірінші абзацта (кестеден кейін) "кедендік" деген сөз және "өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемнің" деген сөздер алып тасталсын;
он үшінші абзацтың бірінші сөйлемінде (кестеден кейін) "кедендік төлемнің" деген сөздер "төлемнің" деген сөзбен ауыстырылсын, "кедендік төлемдердің сомасын есептеу" деген сөздер "төлемдерді есептеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бесінші абзацта (кестеден кейін) "кедендік" деген сөз және ", өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемнің" деген сөздер алып тасталсын;
он алтыншы абзацта (кестеден кейін) "кедендік" деген сөз және "өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемнің" деген сөздер алып тасталсын;
он жетінші және жиырмасыншы абзацтарда (кестеден кейін) "кедендік" деген сөз және ", өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемнің" деген сөздер алып тасталсын;
жиырма бірінші абзацта (кестеден кейін):
бірінші сөйлемде "дейін" деген сөз алып тасталсын;
үшінші сөйлемде "кедендік не өзге" деген сөздер және "кеден органдары өндіріп алатын" деген сөздер алып тасталсын;
жиырма төртінші абзацтың бірінші сөйлемінде (кестеден кейін) "кедендік" деген сөз және ", өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемнің" деген сөздер алып тасталсын;
жиырма бесінші абзацта (кестеден кейін) "кедендік төлемнің ставкасы" деген сөздер "төлемнің ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын, "кедендік төлемнің сомасы" деген сөздер "төлемді" деген сөзбен ауыстырылсын;
жиырма алтыншы абзацтың бірінші сөйлемінде (кестеден кейін) "кедендік төлемнің, өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемнің сомасы" деген сөздер "төлемнің есептелген мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма жетінші абзац (кестеден кейін) "Армения Республикасында" деген сөздерден кейін "және Қырғыз Республикасында" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма сегізінші абзацта (кестеден кейін) ", Қырғыз Республикасында" деген сөздер алып тасталсын;
жиырма тоғызыншы абзацта (кестеден кейін) "кедендік төлемнің ставкасы" деген сөздер "төлемнің ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын, "кедендік төлемнің сомасын" деген сөздер "төлемді" деген сөзбен ауыстырылсын, "сомасы" деген сөз "мөлшері" деген сөзбен ауыстырылсын;
отыз бірінші абзацта (кестеден кейін) "сонымен бірге тауарларды кедендік декларация тапсырғанға дейін шығарған жағдайда Кеден одағы Кеден кодексінің 197-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін не" деген сөздер "ал шығарылуы ТД тапсырылғанға дейін жүргізілген тауарларға қатысты – Кодекстің 137-бабының 7 және 10-тармақтарында және 198-бабының 11-тармағында көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей, не егер" деген сөздермен ауытырылсын;
отыз екінші абзацта (кестеден кейін):
"декларацияланатын тауарларға қатысты" деген сөздер алып тасталсын;
"төлемнің барлық сомасын кейінге қалдыру" деген сөздер "төлемнің барлық сомасына қатысты төлем төлеуді кейінге қалдыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз төртінші абзацта (кестеден кейін) "таураларды төмен ставка бойынша шығарғанға дейін" деген сөздер "төмен ставка бойынша тауарларды шығарғанға дейін, ал шығарылуы ТД тапсырғанға дейін жүргізілген тауарларға қатысты – Кодекстің 137-бабының 7 және 10-тармақтарында және 198-бабының 11-тармағында көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз бесінші абзацта "кедендік" деген сөз алып тасталсын;
отыз алтыншы абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"баждың ставкасын төмендету түрінде кедендік бажды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдаланған жағдайда, сондай-ақ кедендік баждың ставкасын төмендетуді көздейтін тарифтік преференцияларды қолдану кезінде негізгі жолда (негізгі жолдарда) есептеу жеңілдіктерді және тарифтік преференцияларды есепке алмай төлеуге жататын кедендік баж мөлшерінде жүргізіледі. "СП" бағанында "УН" коды көрсетіледі. Қосымша жолда (қосымша жолдарда) "Есептеу негізі" бағанында төлемді есептеуге арналған база, "Ставка" бағанында – төлемнің төмен ставкасы, "Сомасы" бағанында – төмен ставканы қолданумен есептелген төлемнің мөлшері көрсетіледі. "СП" бағанында қосымша жолда (қосымша жолдарда) төлем ерекшеліктерінің коды (УМ, ОП, ОЧ, РП, УР) көрсетіледі;";
отыз жетінші абзацтың бірінші сөйлемінде (кестеден кейін) "төлемді төлеуден толық босату, негізгі жолда (негізгі жолдарда) есептеу жеңілдіктерді есепке алмай төлеуге жататын кедендік төлемдердің мөлшерінде жүргізіледі" деген сөздер "кедендік бажды төлеуден босату, негізгі жолда (негізгі жолдарда) төлеу жеңілдіктерді және тарифтік преференцияларды есепке алмай төлеуге жататын төлемдер мөлшерінде жүргізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз сегізінші абзацтың бірінші сөйлемінде (кестеден кейін):
"декларацияланатын тауарларға қатысты" деген сөздер алып тасталсын;
"төлем сомасының бөлігін" деген сөздер "төлем сомасының бөлігіне қатысты төлем" деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз тоғызыншы абзацтың екінші сөйлемінде (кестеден кейін) "(өндіріп алу)" және "(өндіріп алынған)" деген сөздер алып тасталсын;
қырқыншы және қырық бірінші абзацтар (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"кедендік баждарды, салықтарды ішінара төлеумен уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастыру үшін тауарларды декларациялау кезінде негізгі жолда (негізгі жолдарда) тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төлеуге жататын сомалар есептеледі. "СП" бағанында "УР" коды көрсетіледі. Қосымша жолда "Есептеу негізі" бағанында толық мөлшерде есептелген төлем сомасы, "Ставка" бағанында – 3 (үш) пайыз мөлшеріндегі ставка және "х" белгісі арқылы кедендік төлемді төлеу жүргізілген кезеңнің күнтізбелік айларының саны (толық немесе толық емес), "Сомасы" бағанында – көрсетілген күнтізбелік айлар саны үшін есепелген төлемнің мөлшері көрсетіледі. "СП" бағанында "ВВ" коды, ал егер тауарға қатысты төлемнің тиісті түрі бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылған болса – "УН" коды көрсетіледі;
кедендік баждарды, салықтарды төлемей уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастыру үшін тауарларды декларациялау кезінде негізгі жолда (негізгі жолдарда) тауарларды төлеу бойынша жеңілдіктер қолданылмай ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төлеуге жататын соммалар есептеледі. "СП" бағанында "УР" коды көрсетіледі. Қосымша жолда "Есептеу негізі" бағанында төлемнің толық мөлшерде есептелген сомасы, "Ставка" бағанында – 3 (үш) пайыз мөлшеріндегі ставка және "х" белгісі арқылы төлем есептелген кезеңнің күнтізбелік айларының саны (толық немесе толық емес), "Сомасы" бағанында – көрсетілген күнтізбелік айлар саны үшін есептелген төлемнің мөлшері, "СП" бағанында – "УН" коды көрсетіледі;";
қырық үшінші абзацтың бірінші сөйлемінде (кестеден кейін) "кедендік баждарды, салықтарды төлеуден ішінара шартты босатумен" деген сөздер "оларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды ішінара төлеу қолданылған" деген сөздермен ауыстырылсын, "төлеуден ішінара шартты босату" деген "ішінара төлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
қырық төртінші абзацта (кестеден кейін) "Қазақстан" деген сөздің алдында "Армения Республикасында," деген сөздермен толықтырылсын, "тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды қайта өңдеу операцияларын" деген сөздер "кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу бойынша операцияларды" деген сөздермен ауыстырылсын, "қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру ерекшеліктерін" деген сөздер "Кодекспен белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу және төлеу ерекшеліктерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
елу бесінші абзацта (кестеден кейін) және алпысыншы абзацтың бірінші сөйлемінде (кестеден кейін) "тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды қайта өңдеу операцияларын" деген сөздер "кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу бойынша операцияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
46) тармақшада:
бірінші абзацта (кестеден кейін) "кедендік төлемдерді, өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдерді" деген сөздер "төленген төлемдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші, төртінші және жетінші абзацтарда (кестеден кейін) "кедендік" және ", өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлем" деген сөздер алып тасталсын;
тоғызыншы абзацта (кестеден кейін) "кедендік" және ", өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлем" деген сөздер алып тасталсын;
оныншы абзац (кестеден кейін) "(Қазақстан Республикасынан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
он бірінші абзацта (кестеден кейін) "кедендік төлемді, өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемді" деген сөздер "төлемді" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында бұл мәліметтер көрсетілмейді;";
он екінші абзацта (кестеден кейін):
", Ресей Федерациясында және Қазақстан Республикасында", "кедендік" және ", өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемді" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында бұл мәліметтер көрсетілмейді;";
он үшінші абзацта (кестеден кейін):
"кедендік" және ", өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемді" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында бұл мәліметтер көрсетілмейді;";
он төртінші абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"7-элемент – Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында төлемдер сомаларын төлеген немесе ақшалай қаражат (ақша) шотынан өндіріп алынған тұлғаның салық нөмірі туралы мәліметтер (осы Тәртіптің 141-тармағына сәйкес көрсетіледі).";
он бесінші және он алтыншы абзацтар (кестеден кейін) алып тасталсын;
он жетінші абзацта (кестеден кейін) "кедендік" және ", өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдер" деген сөздер алып тасталсын;
он сегізінші абзацта (кестеден кейін) "кедендік" және ", өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемді" және ", өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемді" деген сөздер алып тасталсын;
он тоғызыншы абзац (кестеден кейін) алып тасталсын;
47) тармақшада:
бірінші абзац (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"Графада:
салықтар, алымдар және өндіріп алынуы кеден органдарына жүктелген өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес кейінге қалдыру (бөліп төлеу) ұсынылатын төлеу бойынша төлем түрінің коды;
төлем төлеуді кейінге қалдыру ұсынылған мерзімнің соңғы күніне сәйкес келетін күн (кк.аа.жжжж форматында) немесе бөліп төлеу ұсынылған кезде төлеу кестесіне сәйкес төлем төлеудің әрбір кезеңінің соңғы күніне сәйкес келетін күндер (кк.аа.жжжж форматында) көрсетіледі.";
үшінші абзацта (кестеден кейін) "кедендік" және "немесе реимпорт кезіндегі төлем" деген сөздер алып тасталсын;
48) тармақшада:
төртінші абзацта (кестеден кейін) "төлеуді" деген сөз "төлеу бойынша міндеттемені орындауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац (кестеден кейін) "қамтамасыз ету" деген сөздердің алдында "төлеу бойынша міндеттемені орындауды" деген сөздермен толықтырылсын;
49) тармақшаның бірінші – он тоғызыншы абзацтары (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"Графада ТД толтырған тұлға туралы мәліметтер және оның толтырылған күні (кк.аа.жжжж форматында) көрсетіледі.
Егер кедендік операцияларды декларант атынан оның тапсырмасы бойынша кедендік өкіл жүргізетін болса, ондай жағдайда мыналар көрсетіледі:
1-нөмірде:
тұлғаны кедендік өкілдердің тізілімен енгізу туралы куәліктің немесе құжаттар және мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес тұлғаның кедендік өкілдер тізіліміндегі тіркеу нөмірінің коды, сондай-ақ (қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД үшін үтір арқылы) тұлғаны кедендік өкілдердің тізіліміне енгізу туралы куәліктің нөмірі немесе тұлғаның кедендік өкілдердің тізіліміндегі тіркеу нөмірі;
құжаттар мен мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес кедендік өкіл мен декларант арасында жасалған шарттың коды, сондай-ақ (қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД үшін үтір арқылы) кедендік өкіл мен декларант арасында жасалған шарттың нөмірі мен күні (кк.аа.жжжж форматында).
Егер тауарларды декларациялауды ТД 14-графасында көрсетілген тұлға жүргізетін болса, 1-нөмірдегі мәліметтер толтырылмайды;
2-нөмірде:
ТД толтырған тұлға туралы және осы тұлғаның өкілдігін куәландыратын мыналарды қамтитын құжат туралы мәліметтер:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұл мәліметтер қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да үтір арқылы көрсетіледі);
осы Тәртіптің 143-тармағына сәйкес жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер (тауарларға арналған декларация электрондық құжат түрінде тапсырылған жағдайды қоспағанда);
декларанттың немесе кедендік өкілдің штаттық кестесіне сәйкес атқаратын лауазымы (Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында);
байланыс деректемелері (осы Тәртіптің 145-тармағына сәйкес);
егер ТД декларанттың немесе кедендік өкілдің басшысы толтырған болса, құжаттар және мәліметтер түрлерінің сыныптауышына сәйкес декларанттың немесе кедендік өкілдің басшысының өкілеттігін куәландыратын құжаттың не, егер ТД декларанттың немесе кедендік өкілдің қызметкері толтырған болса, декларанттың немесе кедендік өкілдің басшысы атынан іс-қимыл жасауға сенімхаттың коды, сондай-ақ (қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД үшін үтір арқылы) мұндай құжаттың нөмірі, күні (кк.аа.жжжж форматында) және егер мұндай мерзім белгіленген болса, қолданылу мерзімі (кк.аа.жжжж форматында).
Беларусь Республикасында 2-нөмірде көрсетілген мәліметтерге қосымша, егер ТД декларант пен кедендік өкіл арасындағы тапсырыс шарты бойынша осындай маман толтырған болса, кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатының нөмірі, сондай-ақ декларанттың немесе кедендік өкілдің шығыс құжаттарын есепке алу жүйесіне (регламентіне) сәйкес құжаттардың шығыс тіркеу нөмірлері көрсетіледі.
Бұл мәліметтер электрондық құжат түріндегі ТД-да ТД құрылымының тиісті деректемелерінде, ал қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД-да – жеке жолдарда көрсетіледі.
Қағаз тасымалдағыштағы құжат түріндегі ТД тапсыру кезінде негізгі парақтың 54-графасында және қосымша парақтардың графалары астында ТД толтырған тұлға өзінің қолтаңбасын, ТД толтырылған күнді (кк.аа.жжжж форматында) қояды және, егер Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес декларант немесе кедендік өкілдің мөрі болуы тиіс болса, декларанттың немесе кедендік өкілдің мөрін қоя отырып, ТД-да көрсетілген мәліметтерді куәландырады.
Электрондық құжат түріндегі ТД электрондық цифрлық қолтаңбамен (электрондық қолтаңбамен) куәландырылады.";
18-тармақта:
2) тармақшаның бірінші – отыз төртінші абзацтары (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"Графада осы Тәртіптің 144-тармағына сәйкес оларға сәйкес тауарларды тасымалдау басталған (басталатын) көліктік (тасымалдау) құжаттарында тауарды жөнелтуші ретінде көрсетілген тұлға туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер тауарларды жөнелтуші ретінде шетелдік тұлға, сондай-ақ кеден органына ТД тапсырылатын Одаққа мүше мемлекеттен басқа Одаққа мүше өзге мемлекетте тіркелген тұлға түсетін болса, осы Тәртіптің 141-тармағында тізіп берілген мәліметтер көрсетілмейді.
Егер бұрын мәлімделген кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған кезде декларацияланатын тауарлар кедендік шекара арқылы өткізілмеген болса, тауарларды жөнелтуші туралы мәліметтер ол бойынша тауарлар кедендік аумақтан тасып шығарылған алдыңғы ТД-дан көрсетіледі.
Егер осы графада мәлімдеуге жататын мәліметтер ТД 14-графасында мәлімдеуге жататын мәліметтерді қайталайтын болса, мұндай мәліметтер осы графаға енгізілмейді, бұл ретте "ТД 14-графасын қараңыз" жазбасы жасалады.
Тауарларды әуе кемелерінің бортында, сондай-ақ теміржол және өзге де көлік түрлерінде өткізумен байланысты өткізілетін қолма-қол валютаны (түсімді және банкнот және монеталар түріндегі ұсақтау валютасын) декларациялау кезінде графа толтырылмайды;";
3) тармақшада:
екінші және үшінші абзацтарда (кестеден кейін) "жазбаны:" деген сөз "жазбаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзацта (кестеден кейін) "өзгертілген" деген сөз "қолданылуы аяқталған" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацта (кестеден кейін) "әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес елдің қысқаша атауы және мекенжайы" деген сөздер "осы Тәртіптің 142-тармағына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзац (кестеден кейін) "елдің" деген сөзден кейін "(өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
он төртінші абзацта (кестеден кейін) қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;
4) тармақшаның екінші абзацы (кестеден кейін) "шарт" деген сөзден кейін "(келісімшарт)" деген сөзбен толықтырылсын;
5) тармақшаның бірінші абзацы (кестеден кейін) 6) тармақшаның бірінші абзацы (кестеден кейін) "елдің" деген сөзден кейін "(өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада:
бірінші абзацта (кестеден кейін):
"елдің атауы" деген сөздер "елдің (өңірдің немесе елдің бөлігінің) атауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ел" деген сөзден кейін "(өңір немесе елдің бөлігі)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта (кестеден кейін):
"Егер мұндай ел" деген сөздерден кейін "(өңір немесе елдің бөлігі)" деген сөздермен толықтырылсын;
"белгісіз елдің атауы" деген сөздер "белгісіз елдің (өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшада:
бірінші абзац (кестеден кейін) "елдің" және "ел" деген сөздерден кейін "(өңір немесе елдің бөлігі)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац (кестеден кейін) "ел" деген сөзден кейін "(өңір немесе елдің бөлігі)" деген сөздермен толықтырылсын, "елдің" деген сөзден кейін "(өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшада:
он үшінші абзацта (кестеден кейін) "теңіз (өзен)" деген сөздер "су" деген сөзбен ауыстырылсын;
он жетінші абзац (кестеден кейін) "елдің" және "сол елдің" деген сөздерден кейін "(өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма үшінші абзацта (кестеден кейін) "кедендік рәсім өзгертілген" деген сөз "бұрын мәлімделген кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшада:
бірінші абзацта (кестеден кейін) "немесе өзгертілген" деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацта (кестеден кейін) "жеткізу шарттарының коды" деген сөздер "жеткізу шартының коды (жеткізу базисі)" деген сөздермен ауыстырылсын, "географиялық пункттің атауы" деген сөздер "географиялық пункттің (келісілген жеткізу орнының) атауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:
"Егер ТД-да декларацияланатын тауарларға қатысты жеткізу шарттарында (жеткізу шарттарының кодтары (жеткізу базистері) және (немесе) географиялық пункттердің (келісілген жеткізу орындарының) атаулары) айырмашылықтар болса, графаның екінші кіші бөлімінде "ӘРТҮРЛІ" деген жазба жасалады.";
11) тармақшада:
тоғызыншы абзацта (кестеден кейін) "теңіз (өзен)" деген сөздер "су" деген сөзбен ауыстырылсын, "атаулары" деген сөз қазақ тіліндегі нұсқасында өзгеріссіз қалдырылсын;
он үшінші абзац (кестеден кейін) "елдің" және "ел" деген сөздерден кейін "(өңір немесе елдің бөлігі)" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырмасыншы абзацта (кестеден кейін) "кедендік рәсім өзгертілген" деген сөз "бұрын мәлімделген кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшаның бесінші абзацында (кестеден кейін) "кедендік рәсім өзгертілген" деген сөз "бұрын мәлімделген кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталған" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшада:
үшінші абзац (кестеден кейін) "аяқталған" деген сөздің алдында "қолданылуы" деген сөзбен толықтырылсын;
алтыншы абзац (кестеден кейін) мынадай редакцияда жазылсын:
"Кодекстің 115 және 116-баптарында белгіленген тауарларды декларациялау ерекшеліктерін қолдану кезінде, сондай-ақ Кодекстің 104-бабының 8-тармағы 1) тармақшасында көзделген жағдайда Одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес;";
14) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты графаны толтыру кезінде 1-нөмірде, егер осы мәліметтер осы Тәртіптің 15-тармағы 29) тармақшасының төртінші – алтыншы абзацтарына (кестеден кейін) сәйкес көрсетілмеген жағдайда мәліметтер № 4 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша көрсетіледі;";
16) тармақшада:
екінші абзацта (кестеден кейін) "бесінші – жетінші" деген сөздер "төртінші және бесінші (кестеден кейін)" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтың (кестеден кейін) күші жойылды деп танылсын;
алтыншы абзацта (кестеден кейін) "алтыншы" деген сөз "төртінші (кестеден кейін)" деген сөздермен ауыстырылсын, "базиске" деген сөз "шартқа" деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші, он бірінші, он төртінші – он алтыншы абзацтарда (кестеден кейін) "базиске" деген сөз "шартқа" деген сөзбен ауыстырылсын;
жиырмасыншы абзацта (кестеден кейін) "келісімшарттың" деген сөз "шарттың (келісімшарттың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшаның үшінші абзацы (кестеден кейін) "Қазақстан" деген сөздің алдында "Армения Республикасында," деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтың 6) тармақшасында:
үшінші абзацта "базиске" деген сөз "шартқа" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші абзацта "Нұсқаулықтың" деген сөз "осы Тәртіптің" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақта:
1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"ЕКА кедендік рәсіміне немесе еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған, қалыпты тасымалдау (тасымал) және (немесе) сақтау жағдайларында табиғи тозу салдарынан өзгеруден, сондай-ақ табиғи кему салдарынан өзгеруден басқа өзгеріссіз күйде қалған Одақ тауарларын;
ЕКА кедендік рәсіміне орналастырылған Одақ тауарларынан ғана, соның ішінде ЕКА кедендік рәсіміне орналастырылмаған Одақ тауарларын пайдалана отырып әзірленген (алынған) тауарларды;
Одақ тауарларына қатысты еркін қойма кедендік рәсімін қолдану аяқталған кезде еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған Одақ тауарларынан ғана әзірленген (алынған) тауарларды;";
2) тармақшада:
екінші абзацта "2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімнің (бұдан әрі – ЕЭА туралы келісім) 20-бабына" деген сөздер "Кодекстің 206-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта "2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойма кедендік рәсімі туралы келісімнің (бұдан әрі – Еркін қоймалар туралы келісім) 17-бабына" деген сөздер "Кодекстің 214-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацта "ЕАЭ туралы келісімнің 20-бабына немесе Еркін қоймалар туралы келісімнің 17-бабына" деген сөздер "Кодекстің 206 немесе 214-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"егер тауарлар Кодекстің 205-бабының 1-тармағы 4) тармақшасында немесе 213-бабының 1-тармағы 4) тармақшасында белгіленген операцияларға ұшырамаған болса, ЕКА немесе еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды.";
23-тармақта "ЕЭА туралы келісімнің 13-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына немесе Еркін қоймалар туралы келісімнің 11-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына" деген сөздер "Кодекстің 205-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына немесе 213-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақта:
бірінші базацта ", 47" деген цифрлар алып тасталсын;
2) тармақшаның екінші абзацында "тауарлардың межелі елінің (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы)" деген сөздер "Одаққа мүше елдің" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
үшінші абзац алып тасталсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕКА немесе еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған және декларацияланатын тауарды (шикізат, материалдар, жинақтауыштар, қосалқы бөлшектер және т.б.) әзірлеу кезінде пайдаланылған шетелдік тауарлар, егер мұндай тауарларға қатысты Кодекстің 206-бабына немесе 214-бабына сәйкес сәйкестендіру жүзеге асырылған болса, олардың атауларын (фирмалық, коммерциялық немесе өзге дәстүрлі атаулары), декларацияланатын тауарды ішкі тұтыну үшін шығару кезінде төлеуге жататын кедендік баждар мен салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды есептеу үшін қажетті сипаттамаларын және өлшемдерін көрсете отырып.";
4) тармақшада:
үшінші абзацта "ЕЭА туралы келісімнің 20-бабына немесе Еркін қоймалар туралы келісімнің 17-бабына" деген сөздер "Кодекстің 206 немесе 214-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші абзацта "Нұсқаулықтың ІІ бөліміне" деген сөздер "осы Тәртіптің ІІ бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екінші – он төртінші абзацтар мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"Егер мұндай тауарларға қатысты Кодекстің 206-бабына немесе 214-бабына сәйкес жүзеге асырылған сәйкестендіру болмаса, ЕКА немесе еркін қойма кедендік рәсіміне орналастырылған шетелдік тауарларды пайдалана отырып әзірленген (алынған) тауарларды декларациялау кезінде графа толтырылмайды;";
5) тармақшаның үшінші абзацының күші жойылды деп танылсын;
6) тармақшаның екінші абзацында "базиске" деген сөз "шартқа" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақшаның күші жойылды деп танылсын;
281-тармақта төртінші және бесінші абзацтардың күші жойылды деп танылсын;
282-тармақта "ДТ 1-графасы" деген сөздер "ТД 1 және 47-графалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
284-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"284. 9 (әкету кезінде), 12 (әкету кезінде), 15 (әкету кезінде), 15а (әкету кезінде), 15a (при вывозе), 17 (әкету кезінде), 17 ((a; b) (әкету кезінде)), 40 (әкету кезінде), 43 (әкету кезінде), 45 (әкету кезінде), 46 (әкету кезінде), "В" (әкету кезінде) графалары осы Тәртіптің ІІІ бөлімінде көзделген ТД толтыру тәртібіне сәйкес толтырылады.";
285-тармақта:
бірінші абзацта ", 47" деген цифрлар алып тасталсын;
5) тармақшада:
екінші абзацта "жеткізу шарттарының коды" деген сөздер "жеткізу шартының коды (жеткізу базисі)" деген сөздермен ауыстырылсын, "тауарларды беру орны" деген сөздер "географиялық пункттің (келісілген жеткізу орнының) атауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:
"Егер ТД-да декларацияланатын тауарларға қатысты жеткізу шарты (жеткізу шарттарының коды (жеткізу базистері)) және (немесе) географиялық пункттердің (келісілген жеткізу орындарының) атаулары арасында айырмашылықтар болса, графаның екінші кіші бөлімінде "ӘРТҮРЛІ" деген жазба жасалады.";
7) тармақшада:
төртінші абзацта "тауарларды беру орны (орындары)" деген сөздер "географиялық пункттің (географиялық пункттердің) (келісілген жеткізу орнының (келісілген жеткізу орындарының)) атауы" деген сөздермен ауыстырылсын";
бесінші абзацтың күші жойылды деп танылсын;
10) тармақшаның күші жойылды деп танылсын;
ІХ бөлімнің атауында және оның мәтіні бойына:
тиісті түрдегі және септіктегі "сыртқы сауда" деген сөздер алып тасталсын;
тиісті түрдегі және септіктегі "шарт" деген сөзден кейін тиісті түрдегі және септіктегі "(келісімшарт)" деген сөзбен толықтырылсын;
36-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мәміле және оның негізгі шарттары: Ресей Федерациясының валюталық заңнама актілерінде және валюталық реттеу органдарының актілерінде көзделген жағдайларда шарттың (келісімшарттың) нөмірі және күні, жеткізу шарттары, шартты (келісімшартты) есепке қою кезінде уәкілетті банк берген шарттың (келісімшарттың) бірегей нөмірі (мәміле паспортының нөмірі және күні).";
38-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацында "сыртқы сауда шарттарында" деген сөздер "шарттарда (келісімшарттарда)" деген сөздермен ауыстырылсын, "жазба:" деген сөз "жазба" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшаның екінші абзацында "сыртқы экономикалық" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшада:
екінші абзацта "одақтардан немесе қоғамдастықтардан" деген сөздер "елдер тобынан, елдердің кеден одақтарынан, өңірлерден немесе елдің бөліктерінен" деген сөздермен ауыстырылсын, "жазба:" деген сөз "жазба" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацта "шығарылған ел" деген сөздер "шығарылған жері" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның екінші абзацында "декларацияланатын тауарлардың шығарылған елдері әртүрлі" деген сөздер "бір ТД-да әртүрлі елдерде (елдер тобында, елдердің кеден одақтарында, өңірлерде немесе елдің бөліктерінде) шығарылған бірнеше тауар декларацияланады" деген сөздермен ауыстырылсын;
Х бөлімнің күші жойылды деп танылсын;
414-тармақта:
3) тармақшаның екінші абзацында "елдің атауы" деген сөздер "елдің (өңірдің немесе елдің бөлігінің) атауы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның екінші абзацы "елдің" деген сөзден кейін "(өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада:
бесінші абзацта "теңіз (өзен)" деген сөздер "су" деген сөзбен ауыстырылсын;
сегізінші абзац "елдің" деген сөзден кейін "(өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы абзац "елдің" деген сөзден кейін "(өңірдің немесе елдің бөлігінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармашаның үшінші абзацында "сауда" деген сөз "фирмалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақша екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Егер декларацияланатын керек-жарақтар бұрын кедендік қойма кедендік рәсіміне орналастырылған жағдайда, графаның бірінші кіші бөлігінде "0070" көрсетіледі.
Егер декларацияланатын керек-жарақтар бұрын бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастырылған жағдайда, графаның бірінші кіші бөлімінде "0096" көрсетіледі.";
X2, X3 және ХI бөлімдердің мәтіні бойына "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің" деген сөздер "Кодекстің" деген сөзбен ауыстырылсын;
4115-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы "шарттың" деген сөзден кейін "(келісімшарттың)" деген сөзбен толықтырылсын;
43-тармақта:
3) тармақшаның үшінші абзацында "196-баптың 4-" деген сөздер "119-баптың 5-" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
тоғызыншы абзацта "тауарларды жеткізу" деген сөздер "тауарлар жөнелтуші кеден органынан жеткізілетін кеден органына дейін жеткізілуі тиіс" деген сөздермен ауыстырылсын;
он алтыншы абзац алып тасталсын;
он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарда "төлеуді" деген сөз "төлеу бойынша міндеттемені орындауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1" – егер кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету кеден органы тауарлардың шығарылған жері туралы мәліметтерге қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде ұсынылған (кеден органы қабылдаған) болса;
"2" – егер кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету кеден органы тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерге қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде ұсынылған (кеден органы қабылдаған) болса;";
жиырма екінші абзацта "Кодекстің 198-бабына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету" деген сөздер "кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма үшінші абзацта "төлеуді" деген сөз "төлеу бойынша міндеттемені орындауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"5" – егер кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету кеден органы ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың коды туралы мәліметтерге және (немесе) кедендік баждардың, салықтардың ставкалары туралы мәліметтерге қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде ұсынылған (кеден органы қабылдаған) болса;";
жиырма бесінші абзацта "төлеуді қамтамасыз ету сомасы" деген сөздер "ұсынылған төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету мөлшері" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырма алтыншы, жиырма жетінші және отызыншы абзацтарда "төлеуді" деген сөз "төлеу бойынша міндеттемені орындауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз бірінші абзац алып тасталсын;
көрсетілген Нұсқаулыққа № 1 қосымшада:
нөмірленген тақырыпта "тәртібі туралы Нұсқаулыққа № 1 қосымша" деген сөздер "тәртібіне № 1 қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің 3-графасының атауында "бойынша" деген сөз "сәйкес" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген Нұсқаулыққа № 2 қосымшада:
нөмірленген тақырыпта "тәртібі туралы Нұсқаулыққа" деген сөздер "тәртібіне" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-графада ЕАЭО СЭҚ ТН 2204 – 2206 кодтағы позицияда "сауда" деген сөз "фирмалық" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-ескертуде "Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша" деген сөздер "Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Нұсқаулыққа № 3 қосымшада:
нөмірленген тақырыпта "тәртібі туралы Нұсқаулыққа" деген сөздер "тәртібіне" деген сөзбен ауыстырылсын;
ескертуде "Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша" деген сөздер "Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Нұсқаулыққа № 4 қосымшада:
нөмірленген тақырыпта "тәртібі туралы Нұсқаулыққа" деген сөздер "тәртібіне" деген сөзбен ауыстырылсын;
мәтін бойына "келісімшартта" деген сөз "шартта (келісімшартта)" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) көрсетілген Шешіммен бекітілген тауарларға арналған декларация нысанында нөмірленген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден одағы Комиссиясының
2010 жылғы 20 мамырдағы
№ 257 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН".
2. Кеден одағы Комиссиясының "Транзиттік декларацияны толтыру нысаны және тәртібі туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 289 шешімінің 1-тармағының екінші абзацында "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес толытырылған "Кедендік декларацияларды толтыру және кедендік декларациялардың нысандары жөніндегі нұсқаулықтар туралы" деген сөздер "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне сәйкес "Тауарларға арналған декларация нысаны және оны толтыру тәртібі туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу және Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны түзетулерді толтыру тәртібінде:
мәтін бойына "ДТ толтыру жөніндегі нұсқаулыққа" деген сөздер "ДТ толтыру тәртібіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа" деген сөздер "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын, "ДТ толтыру жөніндені нұсқаулық" деген сөздер "ТД толтыру тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарларға арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулық туралы" 2014 жылғы 2 шілдедегі № 98 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібі туралы нұсқаулықтың 5-тармағында "Кедендік декларацияларды толтыру және кедендік декларациялардың нысандары жөніндегі нұсқаулықтар туралы" деген сөздер "Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған шетелдік тауарларды декларациялау және тауарларды өткізу ерекшеліктерінің сыныптауышына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 2 мамырдағы № 43 шешімімен бекітілген 2018 жылғы футбол бойынша FIFA әлем біріншілігін және 2017 жылғы FIFA Конфедерация кубогын ұйымдастыру және өткізу кезінде немесе оларға дайындық бойынша жаттықтыру іс-шараларын өткізу кезінде пайдалануға арналған шетелдік тауарларға қатысты тауарларға арналған декларацияны және транзиттік декларация толтыру тәртібінде:
2-тармақтың бірінші абзацында "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа" деген сөздер "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың "г" тармақшасының екінші абзацында "Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың" деген сөздер "Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету көлемін есептеу туралы" 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 112 шешімімен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлеу бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз ету көлемінің есебін толтыру тәртібінде:
13-тармақтың үшінші абзацында "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа" деген сөздер "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне" деген сөздермен ауыстырылсын, "Нұсқаулық" деген сөз "Тәртібі" деген сөзбен ауыстырылсын;
17-тармақтың екінші абазцында, 18-тармақтың үшінші абзацында және 23-тармақтың үшінші және сегізінші абзацтарында "Нұсқаулыққа" деген сөз "Тәртібіне" деген сөзбен ауыстырылсын.
7. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтініш туралы" 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 178 шешімімен бекітілген Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар болып табылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтінішті толтыру, сондай-ақ мұндай өтінішке өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібінің 19-тармағының екінші абзацында "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа" деген сөздер "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тауарлар шығаруға байланысты кейбір мәселелер туралы" 2017 жылғы 19 желтоқсандағы № 188 шешімінің 2-тармағында "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың" деген сөздер "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы" 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы ереженің 6-тармағының "д" тармақшасында "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа" деген сөздер "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тасымалдаушы тауарларға арналған декларацияны пайдалана отырып экспресс-жүк ретінде жеткізетін тауарларды кедендік декларациялау туралы" 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен бекітілген Экспресс-жектер үшін тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің 34-тармағында "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа" деген сөздер "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік құн декларациясын толтыру жағдайлары, кедендік құн декларациясының нысандарын және кедендік құн декларациясын толтыру тәртібін бекіту туралы" 2018 жылғы 16 қазандағы № 160 шешімімен бекітілген Кедендік құн декларациясын толтыру тәртібінде:
11-тармақтың үшінші абзацында "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа" деген сөздер "бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне" деген сөздермен ауыстырылсын, "Нұсқаулық" деген сөз "Тәртібі" деген сөзбен ауыстырылсын;
12-тармақтың үшінші және бесінші абзацтарында, 42-тармақтың үшінші абзацында және 43-тармақтың үшінші және бесінші абзацтарында "Нұсқаулықтың" деген сөз "Тәртіптің" деген сөзбен ауыстырылсын.