Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 20 қазандағы № 129 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 11-бабының 8 және 17-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.  Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2021 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының
міндетін уақытша атқарушы
В. Назаренко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2020 жылғы 20 қазандағы
№ 129 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпаратты тіркеу тәртібі туралы" 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 52 шешімінің 1-тармағының "и" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "и) алдын ала ақпарат қайта ұсынылған жағдайда оған жаңа тіркеу нөмірі беріледі. Бұрын берілген тіркеу нөмірі жарамсыз деп танылады және осы тармақтың "е" тармақшасына сәйкес жарияланған мәліметтерден алып тасталады.".

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 214 шешімімен бекітілген Электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпаратты пайдалану тәртібінің 13-тармағының "б" және "в" тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "б) автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарлар үшін – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінің 17-тармағының "б" тармақшасына;

      в) теміржол көлігімен тасымалданатын тауарлар үшін – Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 57 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына теміржол көлігімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну тәртібінің 6-тармағының "а" тармақшасына;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады