Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 29 қарашадағы № 160 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22-бабы 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 160 Шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Кеден одағы Комиссиясының "Теңіз суы бар препараттарды жіктеу туралы" 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 787 Шешімінде:

      а) 1-тармақтағы "КО СЭҚ ТН Интерпретациясының негізгі қағидасына сәйкес КО СЭҚ ТН 2501 тауар позициясында сыныпталсын" деген сөздер "Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын интерпретациялаудың негізгі қағидасына сәйкес 1 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2501 00 тауар позициясында сыныпталады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 2-тармақтағы "КО СЭҚ ТН Интерпретациясының негізгі қағидасына сәйкес КО СЭҚ ТН 3307 тауар позициясында сыныпталсын" деген сөздер "Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын интерпретациялаудың негізгі қағидасына сәйкес 1 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 3307 тауар позициясында сыныпталады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 119 "Витаминді-минералды кешенді Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша сыныптау туралы" Шешімінде:

      а) атауындағы "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) кіріспедегі "Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағымен" деген сөздер" Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 1-тармақтағы ЕАЭО СЭҚ ТН "2106 90 920 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "2106 90 930 0" кодымен ауыстырылсын, "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 42 "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес жарықдиодты шамды жіктеу туралы" Шешімінде:

      а) кіріспедегі "Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағымен" деген сөздер" Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацымен"деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 1-тармақтағы ЕАЭО СЭҚ ТН "8539 50 000 3" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8539 52 000 3" кодымен ауыстырылсын;

      в) 11-тармақтағы ЕАЭО СЭҚ ТН "8539 50 000 8" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8539 52 000 9" кодымен ауыстырылсын.

      4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 153 "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша Жарықдиодты лентаны (жарықдиодты планканы) сыныптау туралы" Шешімінде:

      а) атауындағы "бірыңғай Тауар номенклатурасы бойынша" деген сөздер "бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) кіріспедегі "Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағымен" деген сөздер" Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 1-тармақтағы ЕАЭО СЭҚ ТН "8543" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8539" кодымен ауыстырылсын.

      5. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 5 шілдедегі № 78 "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша табиғи көмірсутегі газын және ілеспе мұнай газын тазалауға арналған сепараторларды сыныптау туралы" Шешімінде:

      а) атауындағы "бірыңғай Тауар номенклатурасы бойынша" деген сөздер "бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) кіріспедегі "Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағымен" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 1 және 3-тармақтардағы ЕАЭО СЭҚ ТН "8421 39 800 7" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8421 39 800 6" кодымен ауыстырылсын.

      6. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 86 "Электрлі әйнек көтергіштерді Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы" Шешімінде:

      а) кіріспедегі "Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағымен" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 1-тармақтағы ЕАЭО СЭҚ ТН "8479 89 970 8" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8479 89 970 7" кодымен ауыстырылсын.

      7. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 24 шілдедегі № 120 "Ұшақты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы" Шешімінің 1-тармағы "Ұшақ," деген сөзден кейін "осы ұшақтың бортындағы экипажбен басқарылатын," деген сөздермен толықтырылсын.

      8. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 30 қазандағы № 172 "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес квадрокоптерлерді сыныптау туралы" Шешімінің 1-тармағында ЕАЭО СЭҚ ТН "8802" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "8806" кодымен ауыстырылсын.

      9. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 16 "Балаларға арналған телефон-сағаттарды Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы " Шешімінің 1-тармағында "ЕАЭО СЭҚ ТН" 8517 12 000 0 "ЕАЭО СЭҚ ТН" 8517 14 000 0" кодымен ауыстырылсын.

      10. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 56 " Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тірі сүт қышқылды бактериялар негізіндегі препаратты сыныптау туралы" Шешімінің 1-тармағында "ЕАЭО СЭҚ ТН" 8517 12 000 0 "ЕАЭО СЭҚ ТН" 8517 14 000 0" кодымен ауыстырылсын.

      11. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 167 "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес аккумуляторы және басқару пульті бар жарық диодты шамды сыныптау туралы" Шешімінің 1-тармағында "ЕАЭО СЭҚ ТН" 8539 50 000 3 "ЕАЭО СЭҚ ТН" 8539 52 000 3" кодымен ауыстырылсын.

      12. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 139 "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес омыртқаны және оның жиынтықтауыштарын тіркеудің транспедикулярлық жүйесін сыныптау туралы" Шешімінің 1 және 2-тармақтарында "ЕАЭО СЭҚ ТН" 9021 10 900 0" коды ЕАЭО СЭҚ ТН "9021 10 800" кодымен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады