Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 128 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 36 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 434-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі "Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне кіргізу жайындағы өтініш туралы" № 128 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2022 жылғы 10 наурыздағы
№ 36 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 128 шешіміне енгізілетінӨЗГЕРІСТЕР

      1. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне кіргізу жайындағы өтініш нысанында:

      бірінші жолдың жоласты мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

      (өтініш берушінің құрылтай құжаттарына сәйкес толық және қысқаша (бар боған кезде) атауы, өтініш берушінің ағылшын тіліндегі атауы, өтініш берушінің тілегі бойынша - орналасқан жері, электрондық пошта мекенжайы, телефонмен байланысу нөмірлері)";

      2-графадағы 10-тармақтағы І бөлімде "өтініш берушінің" деген сөздер "тізілімге кіруден үміткер заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-графадағы 10-тармақтағы ІІІ бөлімде "тізілімге кіруден үміткер заңды тұлға" деген сөздер "өтініш берушінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      VI бөлімде:

      2-графадағы 1-тармақтағы "тізілімге кіруден үміткер заңды тұлға" деген сөздер "өтініш берушінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Кестеден кейін "(өтініш берушінің қойылған қолы)" деген сөздер "(өтініш берушінің басшысының қойылған қолы)" деген сөздермен ауыстырылсын, "(өтініш берушінің Т.А.Ә.)" деген сөздер "(өтініш берушінің басшысының Т.А.Ә.)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Қол қойылған күн көрсетілген жолдан кейін мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Өтініш берушінің тілегі бойынша өтініштің сыртқы жағында өтінішті құраушы адамның аты-жөні, тегі, телефонмен байланысу нөмірі көрсетілуі мүмкін".

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне кіргізу жайындағы өтініш нысанын толтыру тәртібінде:

      а) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне кіргізу жайындағы өтініште (бұдан әрі – тиісінше өтініш, тізілім):

      тізілімге кіруден үміткер заңды тұлғаның (бұдан әрі - өтініш беруші) құрылтай құжаттарына сәйкес толық және қысқаша (бар болған кезде) атауы;

      өтініш берушінің ағылшын тіліндегі атауы;

      орналасқан жері, электрондық пошта мекенжайы, телефонмен байланысу нөмірлері (өтініш берушінің тілегі бойынша);

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі - мүше мемлекет) салық органы (мемлекеттік кірістер органы) берген нөмірі көрсетіледі.

      б) 9-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:

      "Бұл ретте өтініш беруші кестенің 3-графасында:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі №53 шешімімен бекітілген жеке басты куәландыратын құжаттардың түрлерінің сыныптауышына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат түрінің кодын;

      әлем елдерінің сыныптауышына сәйкес (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №378 шешіміне № 22 қосымша) жеке басты куәландыратын құжатты берген уәкілетті орган елінің (өңірдің немесе елдің бір бөлігінің) кодын;

      жеке басты куәландыратын құжаттың сериясын, нөмірі мен берілген күнін, сәйкестендіру нөмірін (бар болған кезде);

      тіркеу мекенжайын (тұрғылықты жерін) және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттарға сәйкес уақытша болу орнын (Ресей Федерациясы үшін) қосымша көрсетеді.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады