Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 112-бабының 1, 2 және 6-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1.Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы "Тасымалдаушы кедендік жолаушылар декларациясын пайдалана отырып экспресс-жүк ретінде жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы" № 158 Шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2023 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 189 Шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 Шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кіріспеде "6-тармақтағы" деген сөздер "1, 2 және 6-тармақтардағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Экспресс-жүктер үшін арналған жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі.".
3. Көрсетілген Шешіммен бкітілген экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясын түзету тәртібінің 17-тармағының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЭЖКЖДТ-ні тіркеу нөмірі астында Кеден органының лауазымды адамы қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі тауарлар шығарылғанға дейін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізген кезде ЭЖКЖДТ-ні беру күні мен уақыты, ал тауарлар шығарылғаннан кейін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтінішті тіркеу күні көрсетіледі.".
4. Мынадай мазмұндағы экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібімен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 Шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау ТӘРТІБІ
І. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясында (бұдан әрі – ЭЖКЖД) мәлімделген мәліметтерді тауарларды шығарғанға дейін және шығарғаннан кейін өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын айқындайды.
2. Осы Тәртіптің 31-тармағының екінші абзацында көрсетілген жағдайды қоспағанда, ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) үшін экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясына түзету (бұдан әрі – ЭЖКЖДТ) қолданылады.
ЭЖКЖДТ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 Шешімімен бекітілген Экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясын түзету тәртібіне (бұдан әрі – ЭЖКЖДТ толтыру тәртібі) сәйкес толтырылады.
ЭЖКЖДТ электрондық құжат түрінде ұсынылады.
ЭЖКЖДТ-ні қағаз жеткізгіште құжат түрінде мынадай жағдайларда ұсынуға жол беріледі:
кеден органында электрондық құжат түрінде ЭЖКЖДТ қабылдау үшін техникалық мүмкіндіктің болмағанда;
осы Тәртіптің 47-тармағының бірінші және екінші абзацтарына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ЭЖКЖДТ жасау қажет болғанда.
3. ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) растайтын құжаттар, егер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 80-бабының 2-тармағына сәйкес осындай құжаттар және (немесе) олардан мәліметтер алынбаған жағдайда, кеден органына оның сұрау салуы бойынша ұсынылады.
Құжаттар электрондық құжаттар түрінде немесе қағаз жеткізгіштегі құжаттар түрінде ұсынылады (ЭЖКЖДТ қандай түрде берілгеніне байланысты).
4. ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операциялар кеден органында өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін ЭЖКЖД тіркелген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) аумағында жасалады.
5. Кеден органына ЭЖКЖДТ беруді кеден өкілі жүзеге асырады.
6. ЭЖКЖДТ-ні беруге, тіркеуге, тіркеуден бас тартуды ресімдеуге, тауарлар шығарылғанға дейін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талапты (бұдан әрі – талап) жіберуге, тауарлар шығарылғаннан кейін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешімге байланысты кедендік операциялар туралы мәліметтер кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып тіркеледі.
II. Кеден органының рұқсатымен кеден өкілінің өтініші бойынша тауарлар шығарылғанға дейін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
7. Кеден өкілінің дәлелді өтініші (бұдан әрі – өтініш) бойынша тауарлар шығарылғанға дейін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) (оның ішінде өз сипаты бойынша алдын ала кедендік декларациялау кезінде ЭЖКЖД-ға берген сәтте кеден өкіліне белгісіз болуы мүмкін мәліметтерді ЭЖКЖД-да мәлімдеу немесе ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді нақтылау қажет болған кезде Кодекстің 114-бабының 2-тармағымен) кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
8. ЭЖКЖД-да өтініш бойынша мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) Кодекстің 112-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттар мен осы тармақтың екінші абзацында көзделген шарттар бір мезгілде сақталған кезде жүзеге асырылады.
ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 шешімінің 2-тармағының "а" және "б" тармақшаларының ережелерін сақтамауына әкеп соқтырмайды.
9. Тауарлар шығарылғанға дейін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін кеден өкілі ЭЖКЖД тіркелген кеден органына толтырылған ЭЖКЖДТ түріндегі өтініш береді.
10. Кеден органы ЭЖКЖДТ беру күні мен уақытын белгілейді.
ЭЖКЖДТ-ні электрондық құжат түрінде берген кезде кеден органы кеден өкіліне ЭЖКЖДТ-ні беру күні мен уақыты туралы мәліметтерді электрондық нысанда жібереді.
ЭЖКЖДТ қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген кезде кеден органының лауазымды адамы (бұдан әрі – лауазымды адам) ЭЖКЖДТ-ға оны беру күні мен уақытын ЭЖКЖДТ-ні толтыру тәртібінің 17-тармағының жетінші абзацына сәйкес көрсетеді.
11. Осы Тәртіптің 2 – 5 және 7 – 9-тармақтарының ережелері сақталған кезде кеден органы Кодекстің 119-бабының 3-тармағында (ал тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде-6-тармағында) белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде ЭЖКЖДТ тіркейді.
Осы Тәртіптің 2 – 5 және 7 – 9-тармақтарының ережелері сақталмаған кезде кеден органы кодекстің 119-бабының 3-тармағында (ал тауарларды шығару мерзімі ұзартылған кезде – 6-тармақ) белгіленген тауарлар шығару мерзімі шегінде ЭЖКЖДТ тіркеуден бас тартуды ресімдеу жолымен ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуден (толықтырудан) бас тартады (бас тарту себептерін, кк.аа.жжжж форматындағы күнді (күн, ай, күнтізбелік жыл) және шешім қабылдаудың hh:mm (сағаттар мен минуттар) форматындағы уақытты көрсете отырып).
12. Кеден органының ЭЖКЖДТ-ні тіркеуі оған ЭЖКЖДТ-ні толтыру тәртібінің 17-тармағының екінші-алтыншы абзацтарында айқындалған тәртіппен қалыптастырылатын тіркеу нөмірін беру арқылы жүзеге асырылады.
ЭЖКЖДТ-ні электрондық құжат түрінде берген кезде кеден органы кеден өкіліне тіркеу күні мен уақыты, сондай-ақ осындай ЭЖКЖДТ-тің тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді электрондық нысанда жібереді.
ЭЖКЖДТ-ні қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген кезде кеден органы ЭЖКЖДТ-тің "А" графасына ЭЖКЖДТ-ні толтыру тәртібінің 17-тармағына сәйкес оны тіркеу туралы белгі қояды.
13. Егер ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) есептелген және (немесе) төлеуге жататын кедендік төлемдердің мөлшеріне әсер етсе, кеден органы енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, кедендік декларациялау ЭЖКЖД-ні пайдалана отырып жүзеге асырылатын электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде нысаны мен толтыру тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № 185 Шешімімен бекітілген, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу туралы құжат (бұдан әрі – төлем туралы құжат) қалыптастырылады.
Төлем туралы құжат Кодекстің 119-бабының 3-тармағында (ал тауарларды шығару мерзімі ұзартылған жағдайда-6-тармағында) белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде қалыптастырылады және кеден өкіліне жіберіледі.
Электрондық құжат түріндегі төлем туралы құжат кеден өкіліне электрондық нысанда жіберіледі.
Кеден өкілінің электрондық құжат түріндегі төлем туралы құжатты алған күні мен уақыты туралы мәліметтер оларға электрондық нысанда кеден органының ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Армения Республикасында және Беларусь Республикасында көрсетілген мәліметтерді кеден өкілі жібермейді.
Қағаз жеткізгіштегі төлем туралы құжат кеден өкіліне қол қойғызып тапсырылады не тапсырылғаны туралы хабарламамен тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
14. Электрондық құжат түрінде берілген ЭЖКЖДТ-ні тіркеуден бас тарту электрондық құжат түрінде ресімделеді.
Кеден өкілінің ЭЖКЖДТ тіркеуден бас тартуды алған күні мен уақыты туралы мәліметтерді олар электрондық нысанда кеден органына жібереді. Армения Республикасында және Беларусь Республикасында көрсетілген мәліметтерді кеден өкілі жібермейді.
15. Қағаз жеткізгіште құжат түрінде берілген ЭЖКЖДТ-ні тіркеуден бас тарту ЭЖКЖДТ даналарының соңғы парақтарының сыртқы жағында немесе А4 форматындағы қағаз парақтарында 2 данада ресімделеді (егер ЭЖКЖДТ соңғы парағының артқы жағында орын жеткіліксіз болған жағдайда) және лауазымды адамның қолымен тегі мен аты жөні көрсетіле отырып және жеке нөмірлік мөрдің бедерімен куәландырылады. Беларусь Республикасында ЭЖКЖДТ тіркеуден бас тарту лауазымды адамның жеке нөмірлік мөрінің бедерін қою арқылы ғана расталады.
ЭЖКЖДТ-тің оны тіркеуден бас тартылған бір данасы, сондай-ақ құжаттардың көшірмелері (егер құжаттар осы Тәртіптің 3-тармағына сәйкес кеден органына ұсынылған жағдайда) кеден органында қалады және кедендік мақсаттар үшін пайдаланылады.
Оны тіркеуден бас тарта отырып, ЭЖКЖДТ-тің екінші данасы, сондай-ақ құжаттардың көшірмелері (егер құжаттар осы Тәртіптің 3-тармағына сәйкес кеден органына ұсынылған жағдайда) кеден өкіліне тапсырылады немесе тапсырылғаны туралы хабарламамен тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі (Беларусь Республикасында бұл құжаттар қарапайым пошта арқылы жіберіледі).
ЭЖКЖДТ тіркеуден бас тартуды табыстаған кезде оны алған тұлға кеден органында қалатын ЭЖКЖДТ данасына кк.аа.жжжж (күн, ай, күнтізбелік жыл) форматындағы күнін және hh:mm форматындағы уақытты (сағат және минут) қояды және ЭЖКЖДТ тіркеуден бас тартуды алу және осы жазбаны өз қолымен (тегі мен аты-жөнін көрсете отырып) куәландырады.
III. Кеден органының талабы бойынша тауарлар шығарылғанға дейін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
16. Кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша Кодекстің 112-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда, Кодекстің 119-бабының 3-тармағында (ал тауарларды шығару мерзімі ұзартылған жағдайда – 6-тармақ) белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде кеден органы ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігі анықталған кезде, кеден өкіліне электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі талапты жібереді (тапсырады) (ЭЖКЖД қандай түрде берілгеніне байланысты).
17. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі талап № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша А4 форматындағы қағаз парағында 2 данада ресімделеді.
Электрондық құжат түріндегі талап осы Тәртіпке № 1 қосымшада көзделген мәліметтерді қамтуға тиіс.
18. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі талап кеден өкіліне қол қойғызып тапсырылады не кеден өкіліне электрондық пошта мекенжайына немесе факс нөмірі бойынша жіберіледі, олар ЭЖКЖД-да "ЭЖКЖД толтырған тұлға туралы мәліметтер, күні" графасында көрсетілген.
Талап берілген кезде оны алған адам оған кк.аа.жжжж форматында (күні, айы, күнтізбелік жылы) және оны алған hh:mm (сағаттары мен минуттары) форматындағы уақытты қояды және бұл жазбаны өзінің қолымен (тегі мен аты-жөнін көрсете отырып) куәландырады.
19. Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтердің өзгеруі (толықтырылуы) есептелген және (немесе) төлеуге жататын кедендік төлемдердің мөлшеріне әсер еткен жағдайда, кеден органы енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) ескере отырып, электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі (талап қандай формада жасалғанына байланысты) төлем туралы құжатты қалыптастырады және осы Тәртіптің 13-тармағының үшінші-бесінші абзацтарына сәйкес талаппен бірге оны кеден өкіліне жібереді (тапсырады).
Ресей Федерациясында, егер ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтердің өзгеруі (толықтырылуы) есептелген және (немесе) төленуге жататын кедендік төлемдердің мөлшеріне әсер еткен жағдайда, кеден органы осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес ЭЖКЖДТ кеден өкілі берген тіркеуден кейін электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде (ЭЖКЖД қандай түрде берілгеніне байланысты)төлем туралы құжатты қалыптастырады және осы құжатты осы Тәртіптің 13-тармағына сәйкес кеден өкіліне жібереді (тапсырады).
20. Кеден өкілі Электрондық құжат түріндегі талапты алған кезде талапты алған күні мен уақыты туралы мәліметтер кеден органына электрондық нысанда жіберіледі. Армения Республикасында және Беларусь Республикасында көрсетілген мәліметтерді кеден өкілі жібермейді.
21. Кеден өкілі кодекстің 119 – бабының 3-тармағында (ал тауарларды шығару мерзімі ұзартылған жағдайда-6) белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде кеден органына тиісінше толтырылған ЭЖКЖДТ-ні, ал кедендік төлемдер төленген жағдайда-олардың төленгенін растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынуға міндетті (егер оларды ұсыну мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе).
Кедендік төлемдердің төленгенін растайтын құжаттар және (немесе) мәліметтер (егер оларды ұсыну мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе) электрондық құжаттар немесе қағаз жеткізгіштегі құжаттар түрінде ұсынылады (ЭЖКЖДТ қандай түрде берілгеніне байланысты).
22. Кеден өкілі талапта көрсетілгендерден басқа, егер олар талапқа сәйкес өзгертуге (толықтыруға) жататын мәліметтермен байланысты болса ғана, ЭЖКЖДТ-ға өзге де өзгертілген (толықтырылған) мәліметтерді мәлімдей алады.
Егер өзгертілген (толықтырылған) мәліметтер талапқа сәйкес өзгертуге (толықтыруға) жататын мәліметтермен байланысты болмаса, оларды кеден өкілі жеке ЭЖКЖДТ түрінде береді.
23. Егер кеден өкілі Кодекстің 119-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде ЭЖКЖДТ кеден органына бере алмаған жағдайда, ол мұндай мерзім өткенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей бұл туралы кеден органына электрондық құжат түрінде хабарлама жіберуге міндетті.
Егер талап Кодекстің 119-бабының 3-тармағында белгіленген тауарларды шығару мерзімі аяқталғанға дейін 2 сағаттан аз уақыт бұрын кеден өкіліне жіберілген (тапсырылған) жағдайда көрсетілген хабарлама талап етілмейді.
24. Осы Тәртіптің 23-тармағында көзделген жағдайларда кеден органы кодекстің 119-бабының 3-тармағында белгіленген тауарларды шығару мерзімі өткенге дейін Кодекстің 4-тармағының 2-тармақшасының негізінде және Кодекстің 119-бабының 5-тармағына сәйкес тауарларды шығару мерзімін ұзартады және кеден өкіліне Кодекстің 119-бабының 9-тармағында көзделген мерзімде электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде (электрондық құжат түрінде хабарлама жіберу үшін техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда) тауарларды шығару мерзімін ұзарту туралы хабарлама жібереді.
25. Кеден органы ЭЖКЖДТ беру күні мен уақытын белгілейді.
ЭЖКЖДТ-ні электрондық құжат түрінде берген кезде кеден органы кеден өкіліне ЭЖКЖДТ-ні беру күні мен уақыты туралы мәліметтерді электрондық нысанда жібереді.
ЭЖКЖДТ-ні қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген кезде кеден органы ЭЖКЖДТ-ға ЭЖКЖДТ-ні толтыру тәртібінің 17-тармағының жетінші абзацына сәйкес оны беру күні мен уақыты туралы белгі қояды.
26. органы кодекстің 119-бабының 3-тармағында (ал тауарларды шығару мерзімі ұзартылған жағдайда-6-тармағында) белгіленген тауарларды шығару мерзімі шегінде ЭЖКЖДТ-да мәлімделген мәліметтердің жіберілген талапқа сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
27. Егер ЭЖКЖДТ жіберілген талапқа және ЭЖКЖДТ толтыру тәртібіне сәйкес толтырылған жағдайда, кеден органы ЭЖКЖДТ-ні осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес тіркейді.
ЭЖКЖДТ-ні электрондық құжат түрінде берген кезде кеден органы кеден өкіліне ЭЖКЖДТ-ні тіркеу күні мен уақыты, оның тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді электрондық нысанда жібереді.
ЭЖКЖДТ қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген кезде кеден органы ЭЖКЖДТ-ға "А" графасында ЭЖКЖДТ-ні толтыру тәртібінің 17-тармағына сәйкес оны тіркеу туралы белгі қояды.
28. Егер ЭЖКЖДТ ЭЖКЖДТ-ні толтыру талабына немесе Тәртібіне сәйкес келмеген жағдайда, кеден органы осы Тәртіптің 14 және 15-тармақтарына сәйкес ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуден (толықтырудан) (бас тарту себептерін, кк.аа.жжжж форматындағы күнді (күн, ай, күнтізбелік жыл) және шешім қабылдаудың hh:mm (сағаттар мен минуттар) форматындағы уақытты көрсете отырып) бас тартады.
IV. Тауарлар шығарылғаннан кейін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) жағдайлары
29. Тауарлар шығарылғаннан кейін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) мынадай жағдайларда:
а) Кодекстің 325-бабының 17 және 18-тармақтарында көзделген жағдайларда;
б) кеден органдары өз құзыреті шегінде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын кедендік бақылаудың (оның ішінде кеден өкілінің ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттілігі туралы өтінішіне байланысты жүргізілген кедендік бақылау) немесе мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге де түрінің нәтижелері бойынша:
ЭЖКЖД-да мәлімделген анық емес мәліметтер;
ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтердің ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмеуі;
ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді толықтыру қажеттілігі анықталғанда;
в) кеден органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау нәтижелері бойынша не мүше мемлекеттердің сот органдарының заңды күшіне енген шешімдері негізінде ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттігі анықталғанда;
г) лауазымды адам толтыратын ПТДЭГ графаларындағы жазбаларға (белгілерге) өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттілігі анықталғанда жүзеге асырылады.
V. Кеден органының рұқсатымен өтініш бойынша тауарлар шығарылғаннан кейін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
30. ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) айналыс бойынша тауарлар шығарылғаннан кейін кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
31. ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) үшін тауарлар шығарылғаннан кейін кеден өкілі кеден органына өтініш пен тиісті түрде толтырылған ЭЖКЖДТ-ні береді.
ЭЖКЖДТ лауазымды адам толтыратын ЭЖКЖД графаларындағы жазбаларға (белгілерге) ғана өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажет болған жағдайда берілмейді.
32. Кеден өкілі өтінішті және ЭЖКЖДТ-ні электрондық құжат түрінде береді.
Өтініш пен ЭЖКЖДТ, егер кеден органында өтінішті қабылдау үшін техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде және электрондық құжаттар түрінде ЭЖКЖДТ беріледі.
33. Еркін нысанда жасалған өтініште ЭЖКЖД тіркеу нөмірі, ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге енгізілген өзгерістердің (толықтырулардың) тізбесі және осындай өзгерістердің (толықтырулардың) қажеттігінің негіздемесі көрсетіледі.
34. Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында, егер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кедендік төлемдердің артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) төлеушінің өтініші бойынша жүргізілсе, егер өтініште мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кедендік төлемдердің артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) үшін қажетті мәліметтер болса, ол қайтаруға (есепке жатқызуға) өтініш ретінде қаралады.
35. Өтініш пен ЭЖКЖДТ (не егер ЭЖКЖДТ осы Тәртіптің 31-тармағының екінші абзацына сәйкес берілмесе тек қана өтініш) мәліметтері өзгертілетін (толықтырылатын) ЭЖКЖД тіркелген кеден органына не мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалған өзге кеден органына беріледі.
Кеден органы өтінішті тіркейді.
Өтінішті электрондық құжат түрінде берген кезде кеден органы өтінішті тіркеу күні туралы мәліметтерді электрондық нысанда кеден өкіліне жібереді.
Өтініш қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген кезде кеден органы өтінішпен бірге ұсынылған ЭЖКЖДТ-да ЭЖКЖДТ-ні толтыру тәртібінің 17-тармағының жетінші абзацына сәйкес өтінішті тіркеу күнін көрсетеді.
Кеден органы оны өтінішпен бірге ұсынған кезде ЭЖКЖДТ беру күнін белгілейді.
36. Кеден органының өтінішті қарауы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
37. Өтінішті қарайтын кеден органы Кодексте белгіленген тәртіппен кедендік бақылауды жүргізеді.
38. Кеден органы ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді келесі шарттар сақталған кезде өзгертуге (толықтыруға):
а) өтініш пен ЭЖКЖДТ (не егер ЭЖКЖДТ осы Тәртіптің 31-тармағының екінші абзацына сәйкес берілмесе ғана) Кодекстің 310-бабының 7-тармағына сәйкес айқындалған кедендік бақылауды жүргізу мерзімі шегінде осы Тәртіптің 35-тармағының бірінші абзацында көрсетілген кеден органына келіп түскенде;
б) ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 Шешімінің 2-тармағының "а" және "б" тармақшаларының ережелерін сақтамауға әкеп соқпағанда;
в) осы Тәртіптің 2-тармақтарында (ЭЖКЖДТ-мен бірге өтініш берген кезде), 3-5 және 30-33-тармақтарында көзделген талаптар орындалғанда;
г) кеден органы тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізу кезінде ЭЖКЖД-ға енгізу үшін ұсынылған және өтініште және ЭЖКЖДТ-да (не егер ЭЖКЖДТ осы Тәртіптің 31-тармағының екінші абзацына сәйкес берілмесе ғана өтініште) көрсетілгендерден басқа өзге мәліметтерді анықтамағанда рұқсат береді.
39. ЭЖКЖДТ тіркеу осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
40. Егер ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтердің өзгеруі (толықтырылуы) есептелген және (немесе) төлеуге жататын кедендік төлемдердің мөлшеріне әсер етсе, кеден органы ЭЖКЖДТ тіркелген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілетін өзгерістер (толықтырулар) ескеріле отырып қалыптастырылады және осы Тәртіптің 13-тармағының үшінші-бесінші абзацтарына сәйкес электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде төлеу туралы құжат кеден өкіліне жіберіледі (ЭЖКЖДТ қандай түрде берілгеніне байланысты).
41. Лауазымды адам толтыратын ЭЖКЖД графаларындағы жазбаларға (белгілерге) ғана өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажет болған жағдайда электрондық құжат түрінде мұндай өзгерістерді (толықтыруларды) лауазымды адам кеден органының ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, ЭЖКЖД-ға енгізеді. Енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар электрондық құжат түріндегі ЭЖКЖД не мұндай өзгерістер (толықтырулар) туралы ақпарат осы өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күннен бастап 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық нысанда кеден өкіліне жіберіледі.
Лауазымды адам толтыратын ЭЖКЖД графаларындағы жазбаларға (белгілерге) тек қана өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажет болған жағдайда қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде мұндай өзгерістерді (толықтыруларды) лауазымды адам ЭЖКЖД-ға қолмен енгізеді және өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күнді көрсете отырып, жеке нөмірлік мөрдің (бар болса) қолымен және бедерімен куәландырылады.
Енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі кеден органы куәландырған ЭЖКЖД көшірмесі кеден өкіліне қол қойғызып тапсырылады не тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен осы өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі. Беларусь Республикасында аталған құжат жай пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
42. Осы Тәртіптің 38-тармағында көзделген шарттар сақталмаған кезде кеден органы осы Тәртіптің 14 және 15-тармақтарында көзделген тәртіппен ЭЖКЖДТ тіркеуден бас тартуды ресімдеу жолымен ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуден (толықтырудан) (кк.аа.жжжж форматында (күн, ай, күнтізбелік жыл) бас тарту себептерін және шешім қабылдау күнін көрсете отырып) бас тартады.
Осы Тәртіптің 31-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайда, лауазымды адам толтыратын ЭЖКЖД графаларындағы жазбаларды (белгілерді) өзгертуден (толықтырудан) бас тарту өтінішті қарау нәтижелері бойынша кеден өкіліне жауап жіберу арқылы ресімделеді.
VI. Кеден органының шешімі бойынша тауарлар шығарылғаннан кейін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
43. Кеден органының тауарлар шығарылғаннан кейін ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешімі (бұдан әрі – шешім) электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ресімделеді (ЭЖКЖД қандай түрде берілгеніне байланысты).
44. Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі шешім № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша А4 форматындағы қағаз парағында ресімделеді.
Электрондық құжат түріндегі шешім осы Тәртіпке № 2 қосымшада көзделген мәліметтерді қамтуға тиіс.
45. Электрондық құжат түріндегі шешім қабылданған күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей кеден өкіліне жіберіледі.
Кеден өкілінің электрондық құжат түріндегі шешімді алған күні мен уақыты туралы мәліметтер оларға электрондық нысанда кеден органына жіберіледі. Армения Республикасында және Беларусь Республикасында көрсетілген мәліметтерді кеден өкілі жібермейді.
Қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі шешім кеден өкіліне қол қойғызып тапсырылады не тапсырылғаны туралы хабарламамен ол қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
46. Шешім ретінде кеден органының кедендік бақылау нәтижелері бойынша қабылданған өзге шешімі, егер мұндай шешімде:
ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы талап;
ЭЖКЖД тіркеу нөмірі туралы мәліметтер, ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге енгізілетін өзгерістердің (толықтырулардың) тізбесі;
ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) үшін негіздеме қамтылса.
Беларусь Республикасында мұндай шешім ЭЖКЖДТ-ні кеден органына ұсыну мерзімін қамтуы тиіс.
47. Армения Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында шешіммен бір мезгілде лауазымды адам электрондық құжаттар немесе қағаз жеткізгіштегі құжаттар түрінде ресімделеді (шешімнің қалай ресімделгеніне байланысты) және кеден өкіліне жіберіледі:
ЭЖКЖДТ толтыру тәртібінің 17-тармағының екінші-алтыншы абзацтарында айқындалған тәртіппен қалыптастырылатын тіркеу нөмірін беру жолымен тіркелген ЭЖКЖДТ;
төленгені туралы құжат (егер ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу есептелген және (немесе) төленуге жататын кедендік төлемдердің мөлшеріне әсер еткен жағдайда).
Беларусь Республикасында, егер ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу есептелген және (немесе) төлеуге жататын кедендік төлемдердің мөлшеріне әсер еткен жағдайда, шешіммен бір мезгілде лауазымды адам қалыптастырады және осы Тәртіптің 13-тармағының үшінші-бесінші абзацтарына сәйкес электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде (шешімнің қалай ресімделгеніне байланысты) төлеу туралы құжат кеден өкіліне жіберіледі.
48. Беларусь Республикасында кеден өкілі шешімде кеден органы көрсеткен мәліметтерге сүйене отырып, кеден өкілі шешімді алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде кеден өкілі, мәліметтері өзгертілетін (толықтырылатын), ЭЖКЖДТ, ал кедендік төлемдер төленген жағдайда – сондай-ақ олардың төленгенін растайтын құжаттар және (немесе) мәліметтер мәліметтері өзгертілетін (толықтырылатын) ЭЖКЖД тіркелген кеден органына береді.
Егер ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу кедендік төлемдерді төлеуге әкеп соғатын болса, кеден өкілінің көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді жіберу мерзімі, егер бұл Беларусь Республикасының заңнамасында көзделген болса, осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімнен асып кетуі мүмкін.
Кеден органы осы Тәртіптің 10-тармағына сәйкес ЭЖКЖДТ беру күнін белгілейді.
Егер ЭЖКЖДТ шешімге сәйкес толтырылған жағдайда, лауазымды адам ЭЖКЖДТ кеден органына ұсынылған күннен кейінгі күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Тәртіптің 12-тармағына сәйкес ЭЖКЖДТ-ні тіркейді.
ЭЖКЖДТ-ні электрондық құжат түрінде берген кезде кеден органы кеден өкіліне тіркеу күні мен уақыты, сондай-ақ ЭЖКЖДТ-нің тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді электрондық нысанда жібереді.
ЭЖКЖДТ-ні қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берген кезде кеден органы ЭЖКЖДТ-нің "А" графасына ЭЖКЖДТ-ні толтыру тәртібінің 17-тармағына сәйкес оны тіркеу туралы белгі қояды.
Егер ЭЖКЖДТ шешімге сәйкес келмесе не ЭЖКЖДТ кеден органына осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзім немесе осы тармақтың екінші абзацына сәйкес өзге мерзім шегінде берілмесе, ЭЖКЖДТ лауазымды адаммен толтырылады.
Лауазымды адам осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзім өткен күннен бастап 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ЭЖКЖДТ кеден өкіліне жібереді, осы тармақтың екінші абзацына сәйкес не кеден органына пошта жөнелтілімі келіп түскен күннен бастап, егер ол қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде жіберілсе, адресатқа шешімнің табыс етілмегені туралы белгі қойылып, өзге де мерзімге беріледі.
Егер ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу кедендік төлемдерді төлеуге әкеп соғатын жағдайда, егер мұндай мерзім Беларусь Республикасының заңнамасында көзделген болса, ЭЖКЖДТ-ні кеден өкіліне жіберу мерзімі осы тармақтың сегізінші абзацында белгіленген мерзімнен асып кетуі мүмкін.
49. Лауазымды адам толтыратын ЭЖКЖД графаларындағы жазбаларға (белгілерге) ғана өзгерістер (толықтырулар) енгізу осы Тәртіптің 41-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау Тәртібіне № 1 ҚОСЫМША |
(нысан)
Экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерге тауарлар шығарылғанға дейін өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы ТАЛАП
20___ ж. "___" ____________
Кеден органының коды | Кеден өкілі |
Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 112-бабының 2-тармағына сәйкес, _______________________ тіркеу нөмірі бар экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген тауарлар мен мәліметтерге қатысты кедендік бақылау жүргізу барысында мыналар анықталғанын хабарлаймыз:
"___" ____________ 20___ дейін кеден органына Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 Шешімімен бекітілген экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясын Түзетуді толтыру тәртібіне сәйкес толтырылған экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясын түзетуді ЭЖКЖД-да мәлімделген мынадай мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу қажеттілігіне байланысты ұсыну қажет:
р/с № | Тауардың реттік нөмірі | Графаның/ бағанның графаның/ жолдың нөмірі | ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтер | Өзгертілген (толықтырылған) мәліметтер | ||
1. | ||||||
… | ||||||
___________________________________________________________ | Жеке нөмірлік мөр |
_______________________________ _____ ______________________
(Кеден өкілі қызметкерінің Т. А. Ә. а) (қолы) (талапты алу күні мен уақыты)
_________________________
*Беларусь Республикасында қолданылмайды.
Экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне № 2 ҚОСЫМША |
|
(нысан) |
Тауарлар шығарылғаннан кейін экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы кеден органының ШЕШІМІ
20___ ж. "___" ____________
Кеден органының коды | Кеден өкілі |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы № 158 Шешімімен бекітілген экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібінің 29-тармағының ___тармақшасы негізінде ______________________________________ тіркеу нөмірі бар экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясына келесілерге байланысты
__________________________________________________________________________
(ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін негіздер)
қоса беріліп отырған ЭЖКЖДТ-ға сәйкес өзгерістер (толықтырулар) енгізілді *
мынадай өзгерістер (толықтырулар)енгізу қажет**:
р/с № | ЭЖКЖД-ні тіркеу нөмірі | Тауардың реттік нөмірі | Графаның/ бағанның графаның/ жолдың нөмір | ЭЖКЖД-да мәлімделген мәліметтер | Өзгертілген (толықтырылған) мәліметтер |
1. | |||||
… |
20 ж. " " дейін
____________________________________________________________
(экспресс-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуге (толықтыруға) байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібінің 48-тармағына сәйкес мерзім)
ЭЖКЖДТ, ал кедендік төлемдер төленген жағдайда – олардың төленгенін растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну қажет**.
___________________________________________ ____________
(Кеден органы лауазымды тұлғасының Т. А. Ә.а)* (қолы)*
_________________________________ _______ ___________________
(Кеден өкілі қызметкерінің Т. А. Ә.а) (қолы) (шешімді алған күні)
________________________
* Беларусь Республикасында қолданылмайды.
** Беларусь Республикасы үшін.".