Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасына
байланысты Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы" (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 1, 1-бап, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-бап, 1998 ж., N 24, 436-бап) заңына :
1) мәтiнде:
"Шекара әскерлерi", "Шекара әскерлерiмен", "Шекара әскерлерiн", "Шекара әскерлерiне" деген сөздер "Шекара қызметi", "Шекара қызметiмен", "Шекара қызметiн", "Шекара қызметiне" деген сөздермен алмастырылсын;
"Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi", "Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiмен", "Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi", "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен", "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне" деген сөздермен алмастырылсын;
2) 1-баптың бiрiншi абзацындағы "бет қабат" деген сөздер "жазықтық" деген сөзбен алмастырылсын;
3) 3-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
"негiзделенедi. Мемлекеттiк" деген сөздер "негiзделенедi, Мемлекеттiк" деген сөздермен алмастырылсын;
"тәртiбi мен" деген сөздерден кейiн "Мемлекеттiк шекара арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
"заң және нормативтiк" деген сөздер "нормативтiк құқықтық" деген сөздермен алмастырылсын;
4) 4-бапта:
бiрiншi бөлiкте:
бiрiншi абзацта "жедел" деген сөзден кейiн "ақпаратты, ғылыми" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзацқа өзгерiс кiргiзiлмейдi;
екiншi бөлiктегi "әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы күштерiнiң Әуе қорғаныс күштерiне" деген сөздермен айырбасталсын;
үшiншi бөлiктегi "министрлiктер мен ведомствалар" деген сөздер "мемлекеттiк органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 5-бапта:
үшiншi бөлiк мынадай мазмұнда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумақтық суына (теңiзiне) құрғақтан, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қарайтын аралдардан көп қайтатын сулардың жоғарғы деңгейiнен есептегендегi енi 12 теңiз милдi немесе бастапқы тиiстi нүктелерiн қосатын түзу сызықпен халықаралық негізге құқыққа сәйкес анықталған жағалық теңiз сулары жатады. Бұл нүктелердiң жағрафиялық тiзбесiн олардың негізгi бастапқы геодезиялық мәлiметтерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Шектес мемлекеттермен аумақтық теңiз шекаралары олармен келiсiм бойынша анықталады.
Каспий теңiзiнiң аумақтық суларының сыртқы шегiнен оның орта сызығына дейiнгi теңiз түбiнiң асты Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфiне жатады.
Құрлықтық шельфтiң шекаралары оларға сәйкес қарсы жатқан және шектес мемлекеттермен халықаралық шарттар бойынша анықталады";
үшiншi бөлiк келесi мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген Қазақстан Республикасына тарихи қараған шығанақтардың, құйылыстардың, жайылмалардың сулары";
бесiншi бөлiк алынып тасталсын;
6) 8-бапқа өзгерiс енгiзiлмейдi;
7) 10-бап келесi мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстандық және шетелдiк әуе (теңiз) кемелерiн алдын ала болжанбаған орындарға шарасыздықтан қондыру (кiргiзу) кезiнде шекаралық бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдары мен кедендiк бақылауды - кеден органдары әуежайлар (аэродромдар), теңiз және өзен порттарының әкiмшiлiгiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Шекара қызметi шекаралық бақылаудың жақын бөлiмдерi (бөлiмшелерi) мен заң актiлерiне сәйкес басқада уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға хабарлай отырып жүргiзедi.";
8) 11 және 12-баптар мынадай мазмұнда жазылсын:
"11-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан өткендегi бақылау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен кезде адамдар, көлiк құралдары, олар әкелетiн жүктер мен өзгеде мүлiктер шекара, кеден және Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген басқада бақылау түрлерiнен өтуi тиiс.
12-бап. Адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi және басқада мүлiктердi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткiзу
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүк және басқада мүлiктердi өткiзу Қазақстан Республикасы Yкiметi және халықаралық келiсiмдермен белгiленген мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өтушi адамдардың өткiзу жұмыстарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өтуге құқығы бар құжаттар бойынша Шекара қызметiнiң шекара бақылау бөлiмдерi мен бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Көлiк құралдарын, жүктердi және өзгеде мүлiктердi мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу жұмыстарын кеден органдары Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқада өкiлеттi мемлекеттiк органдары бiрлесе отырып жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi, өзгеде мүлiктердi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзудiң басқа тәртiбi белгiленуi мүмкiн.";
9) 16-баптың бiрiншi бөлiгi "реттеу" деген сөзден кейiн "және шекара жағдайы туралы өзара ақпарат алмасу" деген сөздермен толықтырылсын;
10) IV тараудың тақырыбы былай аталсын: "Шекара аймағы мен шекара өңiрiнiң тәртiптерi";
11) 18-бапта:
тақырыбы былай аталсын:
"Шекара аймағы мен шекара өңiрiнiң және аумақтық сулар (теңiз) мен құрлықтық шельфтiң тәртiптерi";
бiрiншi бөлiк "өңiрде" және "суларында" деген сөздерден кейiн "аумақтық сулар (теңiз) мен құрлықтық шельфте" және "аумақтық сулар (теңiз) мен құрлықтық шельфтiң тәртiптерiн" деген тиiстi сөздермен алмастырылсын;
келесi мазмұндағы бөлiктермен қосылсын:
"Қазақстан Республикасының аумақтық сулар (теңiз) мен құрлықтық шельфтегi, Қазақстанға қарайтын шекаралық өзендердегi, көлдердегi және басқа да су қоймаларындағы қызметтердi Қазақстан Республикасының қазiргi заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы баптың үшiншi бөлiгiндегi көрсетiлген аумақтық сулар (теңiз) мен құрлықтық шельфтегi жұмыстар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне хабарлауымен, ал Қазақстан Республикасы iшкi суларында, Қазақстанға қарайтын шекара өзендерiнде, көлдерiнде және басқада су қоймаларында олардың рұқсатымен жүргізiледi.";
12) 19-бапта:
келесi мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Шекара аймағына кiруге басқа тәртiп қойылмаса, бұл аймақтың тұрғындарынан басқаларға iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз кiруiне тыйым салынады.";
екiншi бөлiктегi "және Достастықтың басқа да тәуелсiз мемлекеттерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
13) 20 баптың бiрiншi бөлiгiне өзгерiс енгiзiлмейдi;
14) 22 баптың үшiншi бөлiгiне өзгерiс енгiзiлмейдi;
15) VI тараудың тақырыбы келесi редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және Үкіметiнiң, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзгеде органдарының өкiлеттiгi";
16) 23-бапта:
тақырыбы былай аталсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және Үкiметiнiң, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының өкiлеттiгi";
үшiншi бөлiктiң үшiншi абзацындағы "мемлекеттiк комитеттермен" басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдар деген сөздер "мемлекеттiк органдармен" деген сөздермен алмастырылсын;
төртiншi бөлiктiң бесiншi абзацындағы "әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiне" деген сөздер "Әуе қорғаныс күштерiне" деген сөздермен айырбасталсын;
17) 24-бап мынадай мазмұнда жазылсын:
"24-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын реттеу саласындағы өкiлеттiгi:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi:
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасында мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудiң жалпы жүйесінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң мүддесiн қорғауды қамтамасыз етедi;
халықаралық хабар арналарында саяси, әлеуметтiк-экономикалық және қылмыстық жағдайға, сондай-ақ шектес мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында оның қауiпсiздiгiне қатысы болуы мүмкiн дағдарыстарды, жағдайларды талдап, болжам жасауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын бұзу туралы қылмыстық iстер бойынша алдын-ала тергеу жүргiзедi. Мемлекеттiк шекарада, соның iшiнде әкiмшiлiк тәртiппен ұсталған адамдардың құқық бұзу мән-жайларын анықтап, тексеруге қатысады;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету мен қорғауды тiкелей ұйымдастыратын Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өту құқығына құжаттарды ресiмдейдi;
ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiнiң басшылығына Қазақстан Республикасына қатысты шектес мемлекеттердiң және Қазақстанға шектес мемлекеттерге қатысты үшiншi елдiң шекара және виза саясатын, басқа мемлекеттерде мемлекеттiк шекара арқылы өту тәртiбiнiң өзгерiстерi, шектес мемлекеттермен мемлекеттiк шекараны белгiлеу мен жүргiзудi өткiзу, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша басқада мәселелер туралы хабарлап отырады;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасындағы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiнiң өкiлдерi реттемеген жанжалдарды дипломатиялық ретпен шешедi.
3. Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгi:
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекаралық аймаққа келуiне құқық беретiн рұқсат қағаздарын ресiмдейдi;
шекара аймағының тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының шекаралық аудандардағы құқық тәртiбiнiң жай-күйi, мекен жайынан күдiктi жағдайда жоғалып кеткен адамдар, Мемлекеттiк шекара мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне қатысты құқыққа қарсы ниеттерi бар қылмыстық топтар мен адамдар туралы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне хабарлап отырады;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi шараларын жүргiзуде, Мемлекеттiк шекара мен оның тәртiбiн бұзған адамдарды iздеуде, Мемлекеттiк шекарада азаматтар жасаған құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау мен тексеруде Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне көмек көрсетедi;
дүлей апаттар, шекарада шекара бұзушыларды iздестiруде шектес мемлекеттер азаматтарының Қазақстан Республикасы аумағына қарулы басып кiруiне немесе жаппай өтуiне тойтарыс беру кезiнде Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiнiң ұсынуы бойынша шекаралық аймақта орналасқан жекелеген жер учаскелерi немесе объектiлерге баруын уақытша шектейдi немесе баруына тыйым салады;
ұсталған шет ел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiне әкеледi;
Қазақстан Республикасының шекара аудандарының халқына құқықтық тәрбие беруге ат салысады. Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында және ол арқылы өткiзу пункттерiнде құқық бұзудың алдын алуды жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгiнiң күзетiн және қорғауын жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн тәртiбi бойынша Мемлекеттiк шекара күзетi мен қорғанысына қатысуын қамтамасыз етедi.
5. Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара арқылы өтетiн адамдарға, жүк және басқада мүлiктер таситын көлiк құралдарына бақылау жасайды.
6. Қазақстан Республикасының басқада мемлекеттiк органдары өз құзыреттерi шеңберiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне Мемлекеттiк шекараны күзету мен қорғауды, оның және Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнiң тәртiптерiн аумақтық суларда (теңiздерде), құрлықтық шельфтерде қамтамасыз етуге көмек көрсетедi.";
18) 25-бапта:
тақырып пен мәтiндегi "әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiнiң" мен "әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерi" деген сөздер "Әуе қорғаныс күштерiнiң" мен "Әуе қорғаныс күштерi" деген сөздермен тиiстi алмастырылсын;
үшiншi абзац "күштерi мен" деген сөздерден кейiн "мемлекеттік емес ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
19) 26-бап келесi редакцияда жазылсын:
"26-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету саласындағы заңды тұлғалардың мiндеттерi.
Заңды тұлғалар, олардың лауазым иелерiнiң мiндеттерi:
Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара әскерлерiне, Қарулы күштердiң Әуе қорғау күштерiне, кеден органдарына, заңмен уәкiлдiк берген басқа да органдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзетуге көмек көрсету олардың заңды өкiмдерiн орындау олардың қызметi үшiн қажеттi ақпарат беру;
20) 27-баптың бiрiншi бөлiгi келесi редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оның аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар белгiленген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының, Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнiң, аумақтық сулар (теңiз) мен құрлықтық шельф және шекаралық аймақ пен шекаралық өңiр тәртiптерiн сақтауға, Ұлттық қауiпсiздiк комитетінiң Шекара қызметiнiң және осы тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыратын органдардың талаптарын орындауға және оларға көмек көрсетуге мiндеттi.";
21) 28-баптың орыс тiлiндегi "сфере" деген сөз "области регулирования вопросов" деген сөздермен алмастырылсын;
22) 29-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлер мен әскери" деген сөздермен алмастырылсын;
23) 31-бапта:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi және үшiншi абзацтарындағы "әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерi" және "әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiне" деген сөздер "Әуе қорғаныс күштерi" және "Әуе қорғаныс күштерiне" деген тиiстi сөздермен айырбасталсын;
төртiншi бөлiктегi "басқа түрлерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
24) 33-бапта:
бiрiншi бөлiкке өзгерiс енгiзiлмейдi;
екiншi және үшiншi бөлiктердегi "әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiне" деген сөздер "Әуе қорғаныс күштерiне" деген сөздермен алмастырылсын, екiншi бөлiк "басқа" деген сөзден кейiн "әскерлер мен" деген сөзбен, үшiншi бөлiк "әскерлер мен" деген сөздерден кейін "әскери құрамалардың, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын, "заңмен" деген сөз "заңдармен" деген сөзбен алмастырылсын;
25) 34-баптағы "мекемелердiң ерiктi жарналары, Ұйымдар мен кәсiпорындар, тиесiлiк нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жер қоры" деген сөздер алынып тасталсын;
26) 35-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "Yкiметi" деген сөз "Қорғаныс министрлiгi" деген сөздермен алмастырылсын;
бiрiншi бөлiктегi "және шарттық негiзде" деген сөздер мен екiншi бөлiк алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 13 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi туралы" (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 1, 3-бап, 1995 ж., N 8, 56-бап, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-бап) заңына :
1) Заңның тақырыбы келесi мазмұнда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы"
2) мәтiнде "Шекара әскерлерi", "Шекара әскерлерiнiң", "Шекара әскерлерiне", "Шекара әскерлерiмен", "Шекара әскерлерiнде" деген сөздер "Шекара қызметi", "Шекара қызметiнiң", "Шекара қызметiне", "Шекара қызметiмен", "Шекара қызметiнде" деген сөздермен алмастырылсын;
3) 1 және 2-баптар келесi мазмұнда жазылсын:
"1-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметі (әрі қарай - Шекара қызметі) мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету, құрлықта, теңізде, көлдерде, өзендерде және өзгеде суаттарда Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақтық тұтастығына, қол сұғудан сақтандыру және оған тыйым салу мақсатына арналған.
Шекара қызметiнiң туы, сонымен бiрге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi пайдаланатын әскери-теңiз және танымал белгiлерi, ал бiрлестiктерде, құрамаларда және жауынгерлiк бөлiмдерде белгiленген үлгiдегi жауынгерлiк тулар болады.
2-бап. Шекара қызметi iс-қимылының құқықтық негiзi
Шекара қызметi iс-қимылының құқықтық негiзi Конституция және Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттары және өзгеде нормативтiк құқықтық актiлерi болып табылады.
4) 3-бап "алқалыққа" деген сөз алынып тасталып, "Ұлттық қауiпсiздiк органдары жүйесiнiң бiрлiгiне" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 5-бап келесi мазмұнда жазылсын:
"5-бап. Шекара қызметiнiң басқаруы, қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуi
Шекара қызметiнiң тiкелей басшылығы мен басқаруын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және босататын Шекара қызметiнiң Директоры жүзеге асырады.
Шекара қызметiнiң құрамы: Шекара қызметiнiң Орталық аппараты, арнайы бiрлестiктер (аймақтық басқармалар), құрылымдар (шекара отрядтары, теңiз шекара дивизиясы), бөлiмдер (шекаралық бақылау отрядтары, дербес бақылау-өткiзу пункттерi), бөлiмшелер (шекара комендатуралары, шекара заставалары, бақылау-өткiзу пункттерi), авиациялық, теңiз және арнайы бөлiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiмен белгiленетiн Шекара қызметiнiң штаттық санымен сызықша шеңберiнде Шекара қызметiне жүктелген тапсырмаларды шешу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы құратын қамтамасыз ету бөлiмдерi мен бөлiмшелерi құрайды.
Шекара қызметiнiң Орталық аппараты жөнiндегi Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы бекiтедi.
Шекара қызметi iс-қимылын қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету шектелген қаржымен жүзеге асырылады, тиiстi жылға республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қарауына қарастырылған.";
6) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Шекара қызметiнiң мекемелерi
Шекара қызметiнде бұқаралық ақпарат құралдары, әскери-дәрiгерлiк, мәдени-тәрбие, спорттық және басқада мекемелерi болады.
Мекемелердiң әскери қызметшiлерiнiң, қызметшiлерiнiң және жұмыскерлерiнiң штаттық санын Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штаттық сан лимитi шегiнде Шекара қызметiнiң Директоры белгiлейдi.";
7) 6-бап келесi мазмұнда жазылсын:
"6-бап. Қазақстан Республикасы Шекара қызметiнiң iс-қимылын қадағалау мен бақылау
Шекара қызметiнiң Конституцияны , Қазақстан Республикасы заңдарын дәлме-дәл және бiркелкi орындарын Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оның нұсқауымен оған бағынышты прокурорлар қадағалайды.
Шекара қызметiнiң қызметтiк iс-қимылына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жүзеге асырады.
Шекара қызметiнiң қаржылық iс-қимылына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бақылау жасайды.";
8) 7-бапта:
бiрiншi абзацқа өзгерiс енгiзiлмейдi;
бесiншi абзацтағы "белгiленген пункттерден" деген сөздер "белгiленген тәртiппен" деген сөздермен алмастырылсын;
9) 8-бапта:
бiрiншi абзацтағы "поселке, село, ауыл, аудан, қала, қаладағы аудан" деген сөздер "әкiмшiлiк-аймақтық бiрлiктерi" деген сөздермен алмастырылсын;
бесiншi абзацтағы "мемлекеттiк шекара тәртiбiн бұзушылар, мемлекеттiк шекара мен шекара тәртiбiн бұзушылар жөнiнде" деген сөздер "өз iсiне қарайтын" деген сөздермен алмастырылсын;
жетiншi абзацтағы бiрiншi сөйлем "Шекара қызметiнiң бөлiмшелерiне құқық бұзушы жағдайларды анықтау үшiн, белгiленген заңға байланысты өз iсiне қарайтын тұлғаларды шақыру" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын, екiншi сөйлемдегi "бұзушы" деген сөз "құқық бұзушы " деген сөзбен алмастырылсын.
оныншы абзац мынадай мазмұнда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтетiн адамдардың Қазақстан Республикасына келуiне немесе кетуiне құқық беретiн құжаттарын тексеру, оларға тиiстi белгiлер соғу және қажет болған жағдайда оларды алып қою, шетелде немесе Қазақстан Республикасында болған кезiнде құжаттарын жоғалтып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқада адамдарды өткiзбей, оларды кiм екенi анықталғанға дейiн тәртiп аумағында немесе осы мақсаттар үшiн арнайы жабдықталған орындарда қабылдау.";
он төртiншi абзацтағы "шекаралық" деген сөз "аумақтық және iшкi" деген сөздермен алмастырылсын;
он алтыншы абзац "учаскелерiмен" деген сөзден кейiн "акваторияларымен" деген сөзбен толықтырылсын, "кәсiпорындардың, мекемелер мен" деген сөздер алынып тасталсын;
он жетiншi абзацтағы "кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң", "жұмсалулар" деген сөздер тиiсiнше "меншiлiгiне қарамай бар ұйымдардың", "шығындармен" деген сөздермен алмастырылсын;
екiншi абзацқа өзгерiс енгізiлмейдi;
үшiншi абзацта "қылмыс" деген сөздi "құқықбұзушылық", "қылмыстық" деген сөзден кейiн "немесе әкiмшiлiк" деген сөзбен, "тергеу" деген сөзден кейiн "немесе әкiмшiлiк органдарына беру" деген сөздермен толықтырылсын;
келесi мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Шекара қызметiнiң басқа құқықтары:
iргелес мемлекеттердiң шекара өкiлдерiмен мемлекеттiк шекара тәртiбiн сақтау, шекарадағы қақтығыстарды реттеу ақпарат алмасу мәселелерi бойынша хат алысуды жүргiзу, өзара келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы аумағына iргелес мемлекеттердiң өкiлдерiн шақыру және белгiленген заң тәртiбiмен шекара мәселелерi бойынша келiссөздер жүргізу үшiн iргелес мемлекеттердiң аумағына өту;
мемлекеттiк органдар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында құқық бұзуды жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгiзу;
жеке ақпараттық базаны құру Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен Қазақстан Республикасының Yкiметi анықтаған тәртiптегi басқада мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарымен өтеусiз негiзде ақпарат алмасуды жүзеге асыру.";
10) 9-баптағы "әскерлерiне" деген сөз "Шекара қызметiнiң офицерлерi мен прапорщиктерiне" деген сөздермен алмастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 25-шiлдедегi N 2376 "Мал дәрiгерлiгі туралы" (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 14, 94-бап, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 225-бап, N 24, 443-бап, 1999 ж., N 23, 931-бап) Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына :
18-баптың 3-бөлiгiндегi "шекара әскерлерiмен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiмен" деген сөздермен алмастырылсын.
4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5-желтоқсандағы N 2671 "Республика ұландары туралы" (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-бап, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-бап, 190-бап, 1998 ж., N 11-12, 174-бап, 1998 жыл, N 24, 436-бап) Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына :
7-баптың 1-тармағының 2)-тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекара күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" деген сөздер "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi" деген сөздермен алмастырылсын.
5. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20-желтоқсандағы N 2697 "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-бап):
1-баптың жетiншi бөлiгiндегi "Мемлекеттiк шекара күзету жөнiндегі мемлекеттiк комитетiнiң" деген сөздер "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiнiң" деген сөздермен алмастырылсын;
97-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "шекара әскерлерiне" деген сөздер "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне" деген сөздермен алмастырылсын.
6. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы "Мемлекеттiк құпиялар туралы" (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 жыл, N 4, 102-бап) заңына :
11-баптың 18)-тармақшасындағы, 14-баптың 8) және 9)тармақшаларындағы "шекара әскерлерi" деген сөздер "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi" деген сөздермен айырбасталсын.
7. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы "Қылмыстың жасалынуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртiбi мен шарттары туралы" (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 жыл, N 6, 190-бап) заңына :
1) 7-баптың 1-тармағының 2)-тармақшасындағы, 9-баптың 2-тармағындағы, 11-баптың 1-тармағындағы "Қарулы Күштерiнiң мемлекеттiк шекараны қорғау күштерiнiң" мен "Қарулы Күштерi мемлекеттiк шекараны күзету күштерi" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 9-баптың 3-тармағындағы "және мемлекеттiк шекара қорғау жөнiндегi комитетпен" деген сөздер алынып тасталсын;
3) 3-тармақтың 4)-тармақшасындағы "мемлекеттiк шекараны күзету күштерi" деген сөздер "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi" деген сөздермен алмастырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi