Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы N 881 қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 26-1027 юр келісім-шарты бойынша қосымшаға сәйкес номенклатура мен санда "Алмалық ТКБК" ашық акционерлік қоғамына (Алмалық қаласы, Өзбекстан Республикасы) "Т.О.Р." жабық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) беретін жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2003 жылғы 27 тамыздағы
N 881 қаулысына  
қосымша      

2003 жылғы 30 сәуірдегі N 26-1027 юр келісім-шарты
бойынша "Алмалық ТКБК" ашық акционерлік қоғамына
(Алмалық қаласы, Өзбекстан Республикасы) "Т.О.Р."
жабық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей
Федерациясы) беретін жарылғыш материалдардың саны

___________________________________________________________________
Р/с| Тауардың атауы | СЭҚ ТН | Өлшем   | Саны | Бірлігі |  АҚШ
N  |                |  коды  | бірлігі |      |  үшін   | доллары.
   |                |        |         |      |  АҚШ    |   мен
   |                |        |         |      | доллары.|   құны
   |                |        |         |      |   мен   |
   |                |        |         |      | бағасы  |
___________________________________________________________________
1   Диаметрі 32 мм. 360200000    тн.    540,0   790,0   426 600,0
    патрондалған
    6 ЖВ аммонит

    Жиыны                                                426 600,0
___________________________________________________________________

      Жөнелту пункті: Чапаевск стансасы (Ресей Федерациясы).
      Баратын пункті: Исфара стансасы, (Өзбекстан Республикасы).
      Шекаралық өту пункттері: Илецк-1 стансасы - Щеңгелді стансасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады