Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 994 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 994 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар жоспарының 6.7.3.-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы мақұлдансын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2003 жылғы 27 қарашадағы
N 1190 қаулысымен  
мақұлданған 

Қазақстан Республикасындағы
гендерлік саясат тұжырымдамасы

Астана қаласы, 2003 ж.

Кіріспе

      2000 жылғы қыркүйекте өткен Мыңжылдық саммитiнде әлемнiң көптеген елдерiнiң лидерлepi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық декларациясын қабылдады, оның сегiз мақсатының бiрi гендерлiк теңдiкті қолдау болып айқындалған.
      Бұл мәселеге БҰҰ Бас ассамблеясының "Әйелдер 2000 жылы: әйелдер мен ерлер арасындағы теңдiк, XXI ғасырдағы даму және әлем" (2000 ж., маусым) XXIII арнайы сессиясы арналды. Осы сессияға қатысушы үкiметтерге әйелдердiң өмiрдiң барлық салалары мен барлық деңгейлерiне тең қол жеткiзуiн және толық ауқымда қатысуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды ұсынды. Қазақстан  Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстандағы гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттарын, басымдықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
      Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi.
      Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.
      Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы , Қазақстан Республикасында әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi ұлттық
iс-қимыл жоспары, әйелдерге қатысты кемсiтушіліктiң барлық нысандарын жою туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының конвенциясы, ол конвенцияның Қазақстанда орындалуы жөнiнде БҰҰ-ның ұсыныстары, басқа да бекiтiлген халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң негiзiнде әзiрлендi.
      Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат Тұжырымдамасы халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы тұрақталуының және ел экономикасының орнықты дамуының (2010 жылға дейiн) қазiргi кезеңiне, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi перспективаға (2030 жылға дейiн) есептелген.

Әйелдерге қатысты мемлекеттiк саясаттың негiзгі басымдықтары бойынша Қазақстандағы қазiргі заманғы гендерлiк ахуал

      Қазақстан тәуелсiздiгi жылдары Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануы жөнiнде үлкен жұмыстар атқарылды.
      1998 жылы Қазақстан Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенциясына қосылды. Осы конвенцияға факультативтiк хаттама бекiтiлдi, ал 2001  жылы Қазақстан Республикасы конвенцияның орындалуы туралы БҰҰ-ға есеп бердi, бұл есепке оң баға берiлдi. БҰҰ-ның " Әйелдердiң саяси құқығы туралы", " Тұрмыстағы әйелдiң азаматтығы туралы" конвенциясы, Халықаралық еңбектi ұйымдастырудың алты конвенциясы, оның iшiнде " Бiрдей еңбек еткенi үшiн ерлер мен әйелдердi тең марапаттау туралы" конвенциялар бекiтiлдi.
      Отбасы, әйелдер және балалар проблемасын шешу үшiн 1995 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат проблемалары жөнiндегi кеңестi құрды. Кеңес Қазақстан Республикасындағы әйелдер жағдайын жақсартудың мемлекеттiк саясатының тұжырымдамасын әзiрледi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 наурыздағы N 3395 өкiмiмен   мақұлданды.
      1998 жылы Кеңес Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия (бұдан әрi - Ұлттық комиссия) болып қайта құрылды. 1999 жылы Ұлттық комиссия тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi N 999 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi ұлттық iс-қимыл жоспарын әзiрледi.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылы 19 қыркүйектегi N 947 Жарлығымен Адам құқықтары жөнiндегi өкiл лауазымы енгiзiлдi, онда гендерлiк мәселелер бойынша маман қызмет iстейдi.
      Гендерлiк қатынастарды айшықты бейнелеу үшiн елiмiзде "Қазақстанның әйелдерi мен ерлерi" атты жыл сайынғы арнайы статистикалық жинақ шығарылады. Отбасының, әйелдер мен балалардың мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде заңдылық деңгейiнде "Отбасы" депутаттар тобы құрылды.
      Денсаулық сақтау мәселелерiне үлкен назар аударылуда. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығымен бекiтiлген "Халықтың денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi N 1207 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Спид эпидемиясына қарсы iс-қимыл жөнiндегi бағдарлама, сондай-ақ халық денсаулығын қорғау проблемалары бойынша бiрқатар мақсатты бағдарламалар iске асырылуда.
      Әйелдердi зорлықтан қорғау мәселелерiне айрықша көңiл бөлiнедi. Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер Министрлiгiнiң жүйесiнде әйелдерге қатысты зорлық көрiнiстерiне қарсы күрес жөнiндегi арнайы бөлiмшелер жұмыс iстейдi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 наурыздағы N 346 қаулысымен әйелдерге қатысты зорлық проблемаларымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өзара iс-қимылын ұйымдастыру ережесi бекiтілдi.
      Заңсыз кетуге және кейiннен жыныстық немесе өзге де пайдаланушылық мақсатындағы заңсыз көшi-қонға қарсы күрес мәселелерiне қатысты 2003 жылы "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
      Трафикке қарсы күреске бағытталған Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi. Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерiне iшiнара гендерлiк сараптама жүргiзілдi.
      Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық пен трафикке қарсы күрес жөнiнде ақпараттық-насихат науқаны жүргiзiледi.
      Сонымен бiрге елiмiзде шын мәнiндегi гендерлiк теңдiкке қол жеткiзу үшiн әлi де көп жұмыстарды атқару мiндетi тұр.
      Басшылық лауазымдарындағы әйелдер ерлерге қарағанда елеулi түрде аз. 2003 жылдың IV тоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Парламентiнде небәрi 11 әйел ғана бар, бұл Парламент депутаттарының жалпы санының 9,5 пайызын құрайды.
      Осы кезеңге 16 министрлiктiң тек екеуiнде ғана әйел министр болып табылады. Бұдан басқа бiреуi Қазақстанның шетелдегi елшiсi болып қызмет iстейдi, бipeуi Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясын және бipeуi Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiн басқарады.
      Еңбек рыногында еркектерге қарағанда әйелдерге сұраныс аз. Әйелдер жалақысы ерлер еңбегiне ақы төлеудегi арақатынас тең жалақы ала отырып, әйелдер, әдетте, неғұрлым төмен лауазымдарды иеленедi. Олар кез келген жұмысқа, оның iшiнде зиянды және ауыр еңбек жағдайларына келiсуге мәжбүр. Қазiргi кезде мұндай өндiрiстерде бес жүз мыңға жуық әйелдер жұмыс iстейдi. Әйелдер кәсiпкерлiгiн дамытуда да проблемалар бар. Әйелдерге қатысты қылмыс жоғары деңгейде қалып отыр.

Қазақстан Республикасындағы гендерлiк теңдiкке қол жеткiзу жөнiндегi шаралар

Институционалды-ұйымдастырушылық сипатта

      Мемлекеттiк бюджеттi қалыптастыру, мемлекеттiк жоспарлар мен бағдарламаларды әзiрлеу кезiнде Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық жағдайлары ескерiле отырып әзiрленген гендерлiк индикаторларды пайдалану көзделiп отыр. Әлемдiк тәжiрибеге сәйкес гендерлiк статистиканы жетiлдiру жалғастырылады.
      Халыққа гендерлiк бiлiм берудiң тиiмдi жұмыс iстейтiн жүйесiн құру, мектептер мен колледждер, орта арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарын шығаруды ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғындар үшiн буклеттер мен әр алуан басылымдар шығару жоспарланып отыр.

Саясатта

      Үкiметтiк емес және халықаралық ұйымдардың, гендерлiк бiлiм беру жөнiндегi мамандардың қатысуы кезiнде және сарапшылардың көмегiмен әйелдердiң лидерлiк дағдылары мен қабiлеттерiн дамыту үшiн әйел саясаткерлердi оқыту мен даярлаудың жалпы ұлттық желiсiн ұйымдастыру көзделiп отыр. Елдегi гендерлiк теңдiктi кеңiнен насихаттау үшiн журналистерге арналған гендерлiк бiлiмнiң жалпы бiлiм беру курсын енгiзу ұйғарылды.

Экономика мен еңбек саласында

      Еңбек рыногындағы шиеленiстi төмендету үшiн екi негiзгi бағытты дамыту көзделуде. Еңбек рыногында әйел еңбегiне сұраныстың артуын бiлдiретiн және еңбек рыногында оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету және әйелдердің жұмысқа қамтылуына жәрдемдесу. Бұл үшiн жұмысқа қабылданған және босатқан кезде жүктiлiк және босануы бойынша жұмыс берушiлердiң жәрдемақы төлеуiне кепілдiктер кезiнде әйелдердiң құқығын сақтауды қамтамасыз ету қажет.
      Қазақстанның "Ер және әйел еңбеккерлерге тең қарау мен тең мүмкiндiктер туралы: отбасылық мiндеттемелерi бар еңбеккерлер" атты Халықаралық еңбектi ұйымдастыру конвенциясына қосылуы туралы мәселе қаралады.
      Кейбiр мамандықтар бойынша әйелдердiң жұмысын шектейтiн еңбек заңнамасының нормаларын қайта қарау ұсынылады. Бос орындар хабарланған кезде ерекше жағдайларды қоспағанда, қызметкердiң жынысы көрсетiлмейдi.
      Мынадай:
      еңбек рыногында қолдау консультация - оқытуға, еңбекке орналастыруға көмек жүйесiн қолдана отырып, әйелдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға ықпал ететiн;
      әйелдер арасында кәсiпкерлiктi және өзiн-өзi жұмыспен қамтуды одан әрi дамыту бойынша;
      әйелдердi кәсiби қайта даярлау, әкiмшiлендiруге үйретуге және бизнестi басқару бойынша бағдарламаларды енгiзу ұсынылады. Бұл ретте оқу мынадай: бизнес-менеджмент, өзiне сенiмдi болуға тәрбиелеу және бiлiктiлiктi арттыру сияқты тақырыптарға шоғырландырылады.
      Барлық жерде әйелдердiң экономикалық бiлiм беру орталықтары, оның iшiнде ақылы негiзде де құрылады, әйелдер арасында кәсiпкерлiктi қаржылай қолдау, консультативтiк және маркетингтiк қызметтердi кеңiнен дамыту жолымен шағын және орта бизнестi дамыту жөнiндегi шаралар жетiлдiрiледi.
      Қазақстан Республикасының "Шағын несиелi ұйымдар туралы" Заңына сәйкес халыққа шағын несие беру неғұрлым кеңірек дамиды. Әлеуметтiк-экономикалық дамудың аймақтық жоспарына халыққа шағын несие беру жөнiндегi бағдарламаларды қамту көзделуде.
      Әйелдердiң еңбекке сұранысы экономикадағы әрi қарайғы қайта құруларды жүргiзу кезiнде ескерiлiп және қолдау табуға тиiс. Ауыл шаруашылығында, оның iшiнде ауылшаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу саласында әйелдердiң жұмыспен қамтылуына айрықша көңiл бөлiнедi.
      Әйелдерге қызмет бабында iлгерiлеу және үйдегi мiндеттерi мен балалардың тәрбиесiн табысты мансаппен үйлестiруге жағдай туғызу кезiнде тең жағдайларға қол жеткiзуде кепілдiктер берiледi.
      Қызметтер мен жұмыс орындарын ұсынатын мемлекеттiк және жеке мектепке дейiнгі балалар мекемелерiнiң дамуы ынталандырылады. Балаларды бағып-қағумен және олардың тәрбиесiмен айналысатын әйелдер мен ерлердi қолдау жөнiндегi шаралар белгiленiп отыр.
      Халықты атаулы әлеуметтiк қорғауды жетілдiру жалғастырылады. Балалардың саны мен салық салуды есепке ала отырып ерлi-зайыптылардың кiрiстерiн ескеретiн жәрдемақының саралау жүйесiн енгiзу көзделуде.
      Гендерлiк теңдiк мәселелерiн шешуде әлеуметтiк әрiптестiктiң ролiн арттыру көзделiп отыр. Кәсiподақтар жұмыс берушiлер алдында қызметкерлердің мүдделерiн белсендi түрде қорғайтын болады. Жұмыс орындарында гендерлiк теңдiктi сақтай отырып ахуалды зерттеу үшiн қызметкерлердiң, әкiмшiлiктiң және кәсiподақтардың еркiн білдiрудiң мынадай әр алуан нысандары пайдаланылады: жиналыстар, әйелдер мен ерлердiң тең мүмкiндiктерiн сақтау жөнiндегi ұсыныстарды жинау, өз пiкiрлерi мен ойларын жазбаша білдiру.
      Мекемелер мен кәсiпорындарда әйелдер мен ерлер үшiн олардың физиологиялық және ұрпақ әкелетiн ерекшелiктерiн ескере отырып, мынадай орындар: гигиена, бала емiзетiн аналарға арналған психологиялық арылту бөлмелерiн ашу тәжiрибесi жалғастырылады.

Денсаулығын нығайту жөнiнде

      Негiзгi мiндет - халықтың денсаулығын нығайту және өмiр сүру сапасын арттыру үшiн жағдай жасау. Бұған қабылданған бағдарламаларды iске асыру, сондай-ақ денсаулық сақтау жөнiндегi жаңа бағдарламаларды әзiрлеу мен енгiзу ықпал етедi.
      Әйелдердiң қан аздығы мен сүт бездерiнiң рагына қарсы күрес әйелдер проблемаларымен айналысатын тиiстi органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың қызметтерi басым бағыттар болып қалады.
      Салауатты өмiр салтын кеңiнен насихаттау мен енгiзу жалғастырылады.
      Халықтың ұрпақ қалдыру саулығына айрықша көңiл бөлiнедi. Қазақстан Республикасының "Халықтың репродуктивтi құқығы және оны жүзеге асырудың кепiлдiктерi туралы" Заңын қабылдау, елiмiздiң аймақтық ерекшелiктерiн ескере отырып, жас ерекшелiгiне қарай әйелдердiң ұрпақ әкелетiн бөлiгiнiң денсаулығын қорғаудың ғылыми негiздерiн жетiлдiру жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу жоспарланып отыр.
      Бұдан басқа мынадай:
      отбасы институтын, оны жоспарлау қағидаттарын, жеке денсаулығын қорғау институтын қолдауда қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру;
      медициналық-санитарлық қызмет көрсетудi кеңейту, акушерлiк- гинекологиялық қызметтi дамыту мен оны жаңғыртуға өңiрлiк көзқарас;
      медициналық көмектiң сапасын арттыру;
      ана өлiмiн азайту мақсатында жүктiлiктi үзу үшiн медициналық және әлеуметтiк көрсеткiштердi қайта қарау;
      белсендi өмiр сүру қызметiн ұзарту және жақсарту үшiн егде тартқан адамдардың денсаулығын қорғау жөнiнде шаралар қолданылады.

Әйелдер мен балаларға қарсы зорлықты
түп-тамырымен жою жөнiнде

      Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық, отбасы мен тұрмыстағы зорлық салдарларына баға беру проблемалары бойынша арнайы ғылыми зерттеулер жүргiзілуге тиiс.
      Әйелдер мен балалардың зорлықтан қорғауға арналған құқықтарын iске асырудың тұрақты мониторингiн жүргiзу көзделуде. Бұл ретте халықтың мынадай әлеуметтiк осал топтарына: босқындарға, тұрғылықты мекен-жайлары жоқ адамдарға, мүмкiндiктерi шектелген адамдарға ерекше көңiл бөлiнедi.
      Полицейлердi, соттар мен прокурорларды, медициналық және әлеуметтiк қызметкерлердi, педагогтарды зорлықтың құрбандарына қажеттi жеке қауiпсiздiгі, балаларға қамқорлық және экономикалық қолдауды қамтамасыз ету жағдайларында тиiмдi iс-қимылдарға үнемi кәсiби оқыту ұсынылады.
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жүйесiнiң бiлiм беру мекемелерiнiң, университеттердiң заң және психология факультеттерiнiң оқу бағдарламаларына әйелдер мен балаларға қатысты зорлық проблемалары бойынша тереңдетілген мамандандырылған курстар енгiзу қарастырылып отыр.
      Дағдарыс орталықтары, сенiм телефондары, зорлық құрбандарына арналған баспаналар мен паналау желiлерiн кеңейту көзделуде. 2010 жылға қарай мұндай орталықтарды барлық қалалар мен аудан орталықтарында құру жоспарланып отыр.
      Iшкi iстер министрлiгi бөлiмшелерiнiң, әлеуметтiк қызметтер мен үкiметтiк емес ұйымдардың күшiмен отбасында зорлық жасаған адамдармен алдын-ала жұмыс жүргiзу көзделуде.
      Әйелдер мен балаларға қатысты зорлыққа қарсы күресте ерлердiң ролiн белсендi ету, оларды ақпараттық-ағартушылық, бiлiм беру және алдын алу жұмыстарына тарту ұсынылады.
      Мемлекеттiк органдардың, халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдардың тұрмыстық зорлық жасауға қарсы күрес мәселелерi бойынша iс-қимылдарының өзара әрекет етуi мен үйлестiрудi күшейту жөнінде шаралар қолдану ұйғарылып отыр. Тұрмыстық зорлық жасаудың алдын алу мен жолын кесу туралы заң жобасымен әрi қарай жұмыс iстеу көзделiп отыр.
      Тұрақты ақпараттық, әсiресе шағын қалалар мен ауылдық жерлерде әйелдерге қатысты зорлықтың алдын алу жөнiндегi науқандарды жүргiзу көзделiп отыр.

Гендерлiк саясат тұжырымдамасын іске асыру

      Қазақстан Республикасындағы гендерлiк саясат Тұжырымдамасын iске асыру азаматтардың құқығы оларды iске асырудың нақты мүмкiндiктерiмен бекiтiлген шын мәнiндегi демократиялық мемлекеттің құрылуы жөнiндегi нақты бағдарламаларды әзiрлеуге ықпал етедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады