Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2007.12.10. N 1207 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне
сыныптық шен, әскери және арнаулы атақтар беру,
әскери қызметшiлердiң және өзге де мемлекеттiк
органдар қызметкерлерінің нысанды киiм киіп жүру
құқығы мәселелері бойынша толықтырулар мен
өзгерiстер енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; 2004 жылғы "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне байланыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңы):
1) 144-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) осы баптың 6) тармақшасына сәйкес бұрын салық салуға жатпайтын, 2004 жылғы 1 мамырдан бастап әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киіп жүру құқығы жойылған адамдарға Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, қылмыстық-атқару жүйесi және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары мен мекемелерiнде қызметтік мiндеттердi орындауға байланысты алынатын төлемдердiң барлық түрлері;";
2) 316-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацы "6)," деген саннан кейiн "6-1)" деген санмен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 жылғы "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне жедел-іздестіру қызметi мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңы):
1) 505-баптың 2-тармағы "заңдарымен" деген сөзден кейiн ", өзге де нормативтік құқықтық актілермен" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 506-баптың 3-тармағында "арнаулы атақ" деген сөздер "сыныптық шен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 510-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"510-бап. Кеден органы лауазымды адамының сыныптық шендерi
1. Кеден органының лауазымды адамына атқаратын қызметiне және еңбек сiңiрген жылдарына сәйкес белгіленген тәртiппен мынадай сыныптық шендер берiледi:
1) кiшi басшы құрам:
кеден қызметiнiң кiшi инспекторы;
2) орта басшы құрам:
кеден қызметiнiң III сыныпты инспекторы;
кеден қызметiнiң II сыныпты инспекторы;
кеден қызметiнiң I сыныпты инспекторы;
3) аға басшы құрам:
кеден қызметiнiң III сыныпты кеңесшiсi;
кеден қызметiнiң II сыныпты кеңесшiсi;
кеден қызметiнiң I сыныпты кеңесшiсi.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiткен тiзбесi бойынша сыныптық шендер кеден органдарына қойылған нeгiзгі мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын кеден органдарының лауазымды адамдарына беріледi.
Кеден органдарының лауазымды адамдарына сыныптық шендер беру (айыру) тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеру туралы ережемен айқындалады.
3. Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киiммен тегін қамтамасыз етіледi. Киiм нысанының үлгілерi мен айырым белгiлерiн, онымен қамтамасыз ету нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Нысанды киiм кию тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Осы баптың ережелерi мамандандырылған кеден мекемелерiнiң басшылары мен мамандарына да қолданылады.";
4) 511, 512, 513, 514-баптар алынып тасталсын;
5) 522-баптың 2-тармағында "арнаулы атақ" деген сөздер "сыныптық шен" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 523-баптың 1-тармағының 7), 8) тармақшаларындағы "арнаулы атақ", "атақ" деген сөздер тиiсiнше "сыныптық шен", "шен" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж. N 16, 140-құжат):
21-баптың 4-тармағында:
"нысанды киім-кешекпен" деген сөздер "нысанды киiммен (погонсыз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Нысанды киiм (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, киiп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын уәкілетті орган бекiтедi.".
4. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 920-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2003 ж., N 15, 135-құжат):
мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
"17-1-бап. Әскери атақ алу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдардың құқығы мен кепiлдiктерi
Әскери атақ алу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдарға олардың Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қызмет атқарған кезеңiнде осы Заңның II бөлiмiнiң күші қолданылады.".
5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 118-құжат; N 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 13-14, 144-құжат):
16-баптың бiрiншi бөлiгінде:
"Республикасының" деген сөзден кейiн "мемлекеттік қызмет туралы және" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., N 11-12, 174-құжат; N 24, 436-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2004 ж., N 1, 2-құжат):
6-баптың 4-тармағы "қызметi" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы және" деген сөздермен толықтырылсын.
7. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 6, 72-құжат; N 17, 155-құжат):
21-баптың 1-тармағында "Республикасының" деген сөзден кейiн "мемлекеттік қызмет туралы және" деген сөздермен толықтырылсын.
8. "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 15, 208-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2001 ж., N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат):
1) 49-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiкте "Прокуратура органдарының" деген сөздерден кейiн "алдына қойылған негiзгi мiндеттер мен функцияларды тікелей орындайтын прокуратура органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлетiн прокуратура органдары қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.";
2) мынадай мазмұндағы 55-1-баппен толықтырылсын:
"55-1-бап. Сыныптық шен немесе әскери атақ алу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған прокуратура органдары қызметкерлерiнiң құқықтық кепiлдiктерi
Сыныптық шен немесе әскери атақ алу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған прокуратура органдарының қызметкерлеріне олардың прокуратура органдарында қызмет атқарған кезеңiнде осы Заңның 52, 53, 55-баптарының күшi қолданылады.".
9. "Өрт қауiпсiздiгі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416 құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; N 24, 177-құжат):
1) 10-5-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "Мемлекеттiк" деген сөздiң алдынан "Осы органдардың алдына қойылған негізгi мiндеттер мен функцияларды тiкелей атқаратын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақ берiлетiн лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.";
2) мынадай мазмұндағы 10-12-баппен толықтырылсын:
"10-12-бап. Арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киіп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдардың құқығы
Арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдарға олардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтерiнiң кезеңiнде еңбек ақы төлеу, медициналық және санаториялық-курорттық, зейнетақымен қамтамасыз ету тәртiбi, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген әлеуметтiк қорғау және кепiлдiк шарттары қолданылады.".
10. "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 10, 109-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 24, 434-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 927-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2004 ж., N 2, 9-құжат):
24-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдарға олардың Қазақстан Республикасының әскери қызметі, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi әскерлерi органдарындағы қызметi кезеңiнде осы баптың 1-тармағының күші қолданылады.".
11. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 154-құжат; 1999 ж., N 8, 239-құжат; N 23, 925-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 1-2, 13-құжат):
11-баптың 3) және 4) тармақшалары, 16-баптың 4-тармағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетінің" деген сөздерден кейiн ", арнайы атақтар берiлген және, Қазақстан Республикасының заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қылмыстық-атқару жүйесi, қаржы полициясы, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының және әскери және арнаулы атақтары болу, нысанды киім-кешек киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын.
12. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1; 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 жылғы "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 11 маусымдағы Заңы):
мынадай мазмұндағы 66-1-баппен толықтырылсын:
"66-1-бап. Әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастан жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру
Әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киіп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдарға, олардың әскери қызмет, iшкi iстер, қаржы полициясында, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесi органдарында атқарған қызметi кезеңiнде осы Заңның 4-бөлiмінің күшi қолданылады.".
13. "Cот приставтары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., 13-14, 201-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат):
1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сот приставтарына үлгiлерiн атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету жөніндегi уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн нысанды киiм (погонсыз), куәлiк және жетон беріледі.".
14. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 215-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 жылғы "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне қоршаған ортаны қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 25 мамырдағы Заңы):
27-2-баптың 3-тармағында:
"инспекторлар" деген сөзден кейiн "нысанды киiммен (погонсыз)," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын уәкілетті орган бекітеді.".
15. "Cот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 21-22, 281-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
"15-1-бап. Сот сарапшыларының бiлiктiлiк санаттары
Сот сарапшыларына бiлiктілiк (бiлiм деңгейi мен мамандығы бойынша жұмыс стажы) талаптары ескерiлiп бекiтілген сот сарапшылары лауазымдарының білiктiлiк сипаттамалары негізiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен білiктiлiк санаттары берiледi.";
2) 24-баптың 2-тармағында "сыныптық шенi, еңбек сіңірген жылдары үшiн қосымша ақыдан" деген сөздер "бiлiктілiк санаты, еңбек жағдайы үшiн қосымша ақыдан" деген сөздермен ауыстырылсын.
16. "Атқарушылық іс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 11, 67-құжат):
83-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сот орындаушысына қызметтiк куәлiк беріледі, ол үлгiлерiн уәкілеттi орган бекiтетiн жетонмен және нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етiледi.".
17. "Өсiмдiктер карантинi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 2-3, 34-құжат; N 23, 931-құжат; 2002 ж., N 4, 30-құжат; 2003 ж., N 15, 121-құжат):
5-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлігіндегі:
"және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нысанды киiммен қамтамасыз етіледі" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттік инспекторлары, облыстық, қалалық, аудандық өсiмдiктер карантинi жөнiндегі уәкілетті органның аумақтық органдарының мемлекеттік инспекторлары, шекара пункттері мен шекарадағы бекеттердiң өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары өсiмдiктер карантинi бойынша бақылауды тiкелей жүзеге асыру кезiнде нысанды киiм (погонсыз) киюге, айырым белгiлердi, жетондарды тағуға құқылы.";
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесін Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды. Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.".
18. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 8, 238-құжат; N 23, 925-құжат; 2000 ж., N 23, 411-құжат; 2001 ж., N 2, 14-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат):
1) 4-баптың 3) тармақшасы "iшкi iстер органдары қызметкерлерінің отбасылары" деген сөздердiң алдынан ", Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетiнiң, қылмыстық-атқару жүйесi, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының және 2004 жылғы 1 мамырдан бастап әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы жойылған адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-баптың 6) тармақшасы "әскери қызметшiлердiң" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, қылмыстық-атқару жүйесi, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының және 2004 жылғы 1 мамырдан бастап әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы жойылған адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын.
19. "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 жылғы "Егемен Қазақстан" және 2004 жылғы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне темiр жол көлігі мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңы):
1) 14-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) нысанды киiм (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар темiр жол көлiгiнде мемлекеттiк бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн бекiту";
2-тармақтың 5) тармақшасындағы "және нысанды киім киіп жүруге құқығы бар темiр жол көлiгі қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 32-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тексеруді жүзеге асыру кезiнде уәкiлетті органның лауазымды адамдары белгiленген үлгiдегi нысанды киiмде (погонсыз) болуы, қызметтік куәлігі болуға тиiс.".
20. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат):
4-бапта:
2-тармақтың 11) тармақшасында:
"нысанды киiм" деген сөздерден кейiн "(погонсыз)" деген сөзбен толықтырылсын;
", нысандар үлгілерi мен айырым белгілерiн, нысанды киiм киiп жүру тәртiбiн және қамтамасыз ету нормаларын" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерi мен айырым белгілерiн, нысанды киiм (погонсыз) киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекiту;".
21. "Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат):
1) 7-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы "атақтар" деген сөзден кейін "және бiлiктiлiк санаттарын" деген сөздермен толықтырылсын.
2) 27-бапта:
1-тармақ "Әдiлет министрлігінiң" деген сөздерден кейiн "осы салада әдiлет органдарының алдына қойылған негізгі мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осындай қызметкерлер лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.".
22. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 145-құжат):
1) 17-баптың 1-тармағында:
"Қаржы полициясы органдарының" деген сөздерден кейiн "алдына қойылған негiзгі міндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын қаржы полициясы органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшаның үшінші абзацы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Арнаулы атақ берілетін қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi лауазымдарының тiзбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
2) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
"22-1-бап. Арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киіп жүру құқығы 2004 жылғы 1 мамырдан бастап жойылған адамдардың құқығы
Арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киіп жүру құқығы 2004 жылғы 1 мамырдан бастап жойылған адамдарға қаржы полициясы органдарындағы қызметi кезеңiнде осы Заңның 18-бабының 4-тармағын қоспағанда, осы Заңның 6-тарауының күші қолданылады.".
23. "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 15, 148-құжат):
20-баптың 6-тармағында:
"ветеринариялық рәміздері бар арнаулы киiм" деген сөздер "нысанды киiм (погонсыз)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Нысанды киiм (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар қызметкерлердің тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын уәкiлеттi орган бекiтедi.".
24. "Автомобиль көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 15, 134-құжат):
1) 12-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын, погонсыз нысанды киiм киiп жүруге құқығы бар уәкілетті органның лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiн бекiтедi;";
2) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілеттi органның лауазымды адамдары автомобиль көлiгі саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде нысанды киiмде (погонсыз), қызметтік куәлiгi болуы тиiс. Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, нөмiрлi кеуде белгiлерiн, қызметтік куәлiктi уәкілеттi орган бекiтедi.".
25. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 321-құжат; N 24, 8-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат):
7-бап мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Азаматтық және эксперименттік авиация қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде үлгілерiн және беру тәртiбiн уәкiлетті орган бекiтетiн айырым белгілерi бар нысанды киiмде (погонсыз) болуы тиiс.
Уәкiлетті органның нысанды киiм (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.".
26. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат):
1) 20-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Iшкi iстер органдарының алдына қойылған негiзгі мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арнаулы атақтар және нысанды киiм кию құқығы берiледi.
Iшкi iстер органдарының арнаулы атақ берiлетiн лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
2) мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:
"32-1-бап. Арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдардың құқығы
Арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылдың 1 мамырынан бастап жойылған адамдарға, олардың iшкi iстер органдарында қызмет атқарған кезеңiнде осы Жарлықтың 26-бабының 4-тармағын қоспағанда, осы Жарлықтың 6-тарауының күші қолданылады.";
2-бап. Кемiнде 20 жыл қызмет еткен, әскери және арнаулы атақтар болу, нысанды киiм киiп жүру құқығы 2004 жылғы 1 мамырдан бастап жойылған адамдар әскери қызметті және аттестацияланған лауазымдардағы iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi, қаржы полициясы, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтi өткерудi аяқтауға құқығы бар.
3-бап. Осы Заң 2004 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi