Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1113 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы N 1201 Қаулысымен, оған 2-тармағын қоспағанда

      ҚОЛДАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
      Осы қаулы ҚР Үкіметінің 08.12.2007 N 1201 қаулысымен, оған 2-тармағын қоспағанда, күшін жойды.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берілiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Табиғатты қорғауды бақылау комитетi құрылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N 134 қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен iске асырылатын Жарлыққа қол қойылған күнге сәйкес келетiн қажеттi материалдық-техникалық құралдарды Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне берудi қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 қарашадағы N 1173 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 39, 398-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi "Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты" еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1240 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 46, 509-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1113 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі (бұдан әрi - Министрлiк) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi басшылықты және салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      Министрлiктiң негiзгi мiндетi қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу болып табылады.
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Министрлiктің ведомствосы - Табиғатты қорғауды бақылау комитетi, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары - облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары бар.
      5. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Министрліктiң, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      7. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрығымен ресiмделедi.
      8. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      9. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
      10. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31.
      11. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Министрлiктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.

  2. Министрлiктiң негізгі функциялары мен құқықтары

      15. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар:
      тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
      өз құзыретi шегінде қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат ету, лицензиялық және экологиялық-сараптама қызметi, нормалау және стандарттар саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн, сондай-ақ ұтымды табиғат пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдiстерi мен тетiктерi жүйесiн ұйымдастыру және жетілдiруi;
      қоршаған орта, климат пен табиғи ресурстар мониторингінің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесін, сондай-ақ гидрометеорологиялық бақылаулар мен метеорологиялық қамтамасыз ету жүйесiн ұйымдастыру және жетілдiру;
      өз құзыретi шегiнде меншiк нысанына қарамастан, мемлекеттiк органдардың, шаруашылық жүргiзуші субъектілердiң табиғат қорғау заңнамасын сақтауын және орындауын қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
      қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы заңнаманы жетiлдiру және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
      қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн қалыптастыру және дамыту, қоғамның экологиялық мәдениетiн арттыру;
      қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы халықаралық конвенциялар мен келiсiмдердi iске асыру аясындағы саясатты әзiрлеу;
      мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды және әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларын келiсу;
      мемлекеттік және салалық (секторалдық) экологиялық бағдарламаларды әзiрлеу және өңiрлiк экологиялық бағдарламаларды қалыптастыруда әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
      өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бойынша талаптарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      экологиялық-сараптама қызметiн үйлестiру;
      экологиялық ayдитті жетiлдiру жөнiндегi әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
      экологиялық сақтандырудың тетiктерiн жетілдiру, қоршаған ортаға келтiрiлген қатер мен зиянды бағалау әдiснамасын айқындау;
      қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық және жергіліктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестіру;
      белгіленген тәртiппен қоршаған ортаға әсер етудi бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөнiндегi, оларды жүргiзу тәртiбiн қоса алғанда, нұсқамалық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу және бекiту;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы бюджетті болжауды және индикативтiк жоспарлауды әзiрлеуге қатысу;
      өз құзыретi шегiнде халық санын дамыту саясатын iске асыруға қатысу;
      қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы ақпаратты түсiндiру, насихаттау және тарату жөнiндегі жұмысты үйлестiру;
      өз құзыретi шегiнде экологиялық талаптарды, шаруашылық және өзге қызметке қойылатын стандарттар мен нормативтердi әзiрлеу және жетілдiру, сондай-ақ келiсу, оның iшiнде:
      қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерiне, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға лимиттер мен квоталарды;
      атмосфераға шекті рұқсат етілетiн шығарындыларды, жер үсті және жер асты суларына төгінділердi, зиянды заттарды көмудiң және жергіліктi жердiң рельефi мен жер қойнауында қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілетiн көлемдерiн қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер етудiң нормативтерiн;
      қоршаған ортаның ластануы үшiн, оның iшiнде, атмосфераға шығарындылар, жер үсті және жер асты суларына төгiнділер, зиянды заттарды көму және жергiлiктi жер рельефi мен жер қойнауында қалдықтарды орналастыру үшiн төлемдер нормативтерiн белгілеу;
      2) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ету функциялары:
      тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруды салааралық үйлестiру;
      қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы халықаралық конвенциялар мен келiсiмдердi iске асыру;
      халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестіктермен өзара iс-қимыл жасау;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияларды беру және тауарлардың экспорты мен импортына, қызметтің өзге де түрлерiне лицензияларды беру туралы шешiмдердi келісу;
      табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларын жүргізу және сүйемелдеу жөніндегi жұмысты қамтамасыз ету;
      табиғат пайдалануға рұқсаттарды берудi, есепке алуды және күшiн жоюды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      мемлекеттік және салалық (секторалдық) экологиялық бағдарламаларды орындауды ұйымдастыру;
      тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету;
      қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы ақпаратты таратуды қамтамасыз ету;
      қоршаған ортаны қорғаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      құпиялылық, құпия iс жүргiзу режимiн қамтамасыз ету және өз қызметi шеңберiнде мемлекеттiк құпияларды техникалық қорғауды ұйымдастыру жөніндегi функцияларды жүзеге асыру;
      жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды өткізудi ұйымдастыру және үйлестiру.
      16. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртіппен негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн:
      1) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану мәселелерi бойынша келiсiмдердi (меморандумдарды, декларацияларды) жасасуға;
      2) өз құзыретi шегiнде табиғи ресурстарды пайдалануға шарттарды (келiсiм-шарттарды) келiсуге;
      3) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нормативтерiн әрi шаруашылық және өзге де қызмет жөнiндегі экологиялық талаптарды бекiтуге немесе келiсуге;
      4) үлгi ережелердi бекiтуге және өндiрiстiк мониторинг пен бақылау бағдарламасын келiсуге;
      5) өз құзыретi шегiнде ғылыми зерттеулер бағдарламаларын бекiтуге, сондай-ақ экологиялық бiлiм беру жөнiндегi бағдарламаларды қалыптастыруға қатысуға;
      6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы сараптау комиссияларының дербес құрамын айқындауға;
      7) мемлекеттiк органдардан, өзге ұйымдар мен жеке тұлғалардан өз құзыретi шегiнде қызметті жүзеге асыру үшін қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      8) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен кәсiпорындардың iшкi аудитiн жүзеге асыруға құқылы.

  3. Mинистрліктің мүлкі

      17. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Министрлiктің мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктің теңгерiмiнде көрсетілген өзге де мүлiктен тұрады.
      18. Министрлiкке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      19. Министрлiктiң оған бекiтіп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Министрлiкке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

      20. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдiң, оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) болады.
       Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.27. N 134 қаулысымен.
      21. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жауап бередi.
      22. Министр осы мақсатта:
      1) өз орынбасарларының (вице-министрлердiң) және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен Министрлiктiң аумақтық органдары басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес комитет төрағасының орынбасарларын, Министрлiк аппаратының қызметкерлерiн, аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгiленген тәртіппен Министрлiк аппаратының қызметкерлерiне, Министрлiктiң ведомстволары мен аумақтық органдарының басшыларына тәртiптік жаза және көтермелеу шараларын қолданады;
      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат санының лимитi шегiнде Министрліктiң және оның аумақтық органдарының құрылымын, Министрлiктің ведомстволары туралы ережелерден басқа, құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдар туралы ережелердi бекiтедi;
      5) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
      6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының бас мемлекеттік экологиялық сарапшыларын және бас мемлекеттiк инспекторларын тағайындайды;
      7) басқа мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Министрлiктi білдiредi;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
      23. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан Министр бекiтедi.
      24. Министрлiк жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи ресурстарды пайдаланудың проблемалық мәселелерiн қарау мақсатында ғылыми-техникалық кеңес, мемлекеттік экологиялық сараптама кеңесiн, басқа да кеңестер мен жұмыс топтарын құрады. Кеңестер туралы ережелер мен олардың дербес құрамын Министр бекiтедi.

  5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1113 қаулысымен  
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.08.2006 N 758 Қаулысымен.

      1. "Қазгидромет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
      2. "Қазаэросервис" акционерлiк қоғамы.
      3. "Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
      4. "Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің  
2004 жылғы 28 қазандағы     
N 1113 қаулысымен       
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерінің
тiзбесi 

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.21. N 1338 қаулысымен.

      Ақмола облысы
      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Ақмола облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Ақтөбе облысы
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Алматы облысы
      3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Атырау облысы
      4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Шығыс Қазақстан облысы
      5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Жамбыл облысы
      6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Жамбыл облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Батыс Қазақстан облысы
      7. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Қарағанды облысы
      8. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қарағанды облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Қостанай облысы
      9. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қостанай облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Қызылорда облысы
      10. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Маңғыстау облысы
      11. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Павлодар облысы
      12. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Павлодар облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Солтүстiк Қазақстан облысы
      13. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Оңтүстік Қазақстан облысы
      14. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      Астана қаласы
      15. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Астана қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
      16. <*>
      Алматы қаласы
      17. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Алматы қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады