Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актілеріне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында
өкілеттіктердiң аражiгін ажырату мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсiн:
1. "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 ж. 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттap; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; 2005 жылғы сәуiрдегі "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы сәуiрдегi "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мүгедектердi әлеуметтік қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырyлар енгiзу туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) 563-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"563-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды жүзеге асыратын
органдар
Жердi пайдалану мен қорғауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 118, 119, 121, 250-254, 256-258-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкілетті органдардың басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.";
2) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"(облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары (342, 343, 345-352-баптар);".
2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2001 ж. 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 153-құжат):
462-баптың бiрiншi бөлігіндегі "жасаған есептерден" деген сөздер "бекiткен базалық ставкалардан" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 2-баптағы "мемлекеттік органдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергіліктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жердi аймақтарға бөлудi республикалық маңызы бар қала, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейiнде ұйымдастыруды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиiсті атқарушы органдары жүзеге асырады. Жердi аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тиiсті өкiлдi органдары бекiтедi.
Жердiң нысаналы мақсатының жiктемесi жерлердi аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негiзiнде әзiрленедi және оны республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдары бекiтедi.";
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы "осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртiппен бекiтiледi," деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы "жергілікті бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-бапта:
3-тармақтың бiрiнші бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы "жергілiктi атқарушы органның" деген сөздер "жер учаскелерiн беру жөнiндегі құзыретi шегiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілiктi атқарушы органының жер учаскесiн заттай грант ретiнде беру туралы шешiмi олардың жер учаскелерiн беру жөнiндегі құзыретi шегінде инвестициялар саласындағы уәкiлетті органның шешiмi негізiнде қабылданады.";
4) 10-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Нақты жер учаскесiнің кадастрлық (бағалау) құнын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілiктi атқарушы органдарының жер учаскелерiн беру жөнiндегі құзыретi шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілеттi органы мемлекеттiң жеке меншiкке өтеулi негізде беретін жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету (арттыратын немесе кемiтетiн) коэффициенттерiн қолдана отырып белгiлейдi және жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актiсiмен ресiмдейдi.";
5) 11-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Түзету коэффициенттерi мен аймақтардың шекаралары аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен селолық елдi мекендерде - ауданның жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша аудандық өкiлдi органның, ал облыстық маңызы бар қалаларда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiкті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органының шешiмiмен бекітiледі.";
6) 12-бапта:
34) тармақшадағы "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдардың" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"35) жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының жер учаскесiне құқық беру туралы құқықтық актілерi";
мынадай мазмұндағы 40) және 41) тармақшалармен толықтырылсын:
"40) жер ресурстарын басқару жөнiндегі уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiкті атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi - республикалық маңызы бар қаланың) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органы);
41) жер ресурстарын басқару жөнiндегі орталық өкiлеттi орган - жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - орталық уәкілетті орган).";
7) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық
уәкiлетті органның құзыреті
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) жер заңнамасын қолдану және оны жетiлдiру тәжiрибесiн жинақтау;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және Қазақстан Республикасы Үкiметінiң бекiтуiне енгiзу;
3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудiң дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
4) жерге орналастыру және мемлекеттік жер кадастры жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілердi бекiту;
5) жердi пайдалану және қорғау мәселелерiне қатысты қозғайтын республикалық бағдарламаларға, схемаларға және жобаларға сараптама жүргiзу;
6) орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;
7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi паспортының нысанын бекiту;
8) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілеу;
9) жер мониторингiн жүргізудi ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастыру және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер баланстарының мәлiметтерi негізiнде Қазақстан Республикасының жер балансын жасау;
11) өз құзыретiне кiретiн жер учаскелерiн беру және алып қою, жерлердi бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi шешiмдерiнiң жобаларын дайындау жатады.";
8) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар
қалалардың) уәкілетті органдарының құзыреті
1. Облыстың уәкiлеттi органының құзыретiне:
1) жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
2) анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiнде орындалуы мiндеттi нұсқамалар беру;
3) Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;
4) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану, магистральды құбырлар тарту, мұнай және газ өңдеу объектілерiн салу мақсатында жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдер жобаларын дайындау;
5) облыстың жергілiктi атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу, оқу және басқа да ауыл шаруашылығы ғылыми ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру жөнiндегі ұсыныстарын дайындау;
6) аумақта ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшiн жердi резервтеу жөніндегi ұсыныстарды дайындау;
7) мемлекет жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн нақты жер учаскелерiнiң бағалау құнын анықтау, оларды облыстың жергіліктi атқарушы органдарына беру кезiнде жер учаскелерiнiң бөлінетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;
8) облыстың жергіліктi атқарушы органдарының жер учаскелерiн беру кезiнде жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекiту;
9) жердi аймақтарға бөлу жобаларын және республикалық маңызы бар қала мен астананың жерлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегі бағдарламаларды (жобаларды, схемаларды) әзiрлеудi ұйымдастыру;
10) облыстық жер кадастрын ұйымдастыру және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректемелерiнiң негiзiнде облыстың жер балансын құру;
11) жерге орналастыру жұмыстарының өндiрiсiн лицензиялау;
12) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының iздестіру жұмыстарын өткiзу үшін жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi бойынша ұсыныстар дайындау;
13) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншісiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың және оның әкiмшiлік бағынысына берiлген аумақтың уәкілеттi органының құзыретiне:
1) жерге орналастыру жұмыстарының өндiрiсiн лицензиялау;
2) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының iздестіру жұмыстарын өткiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi бойынша ұсыныстар дайындау;
3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екiншісiне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) қала шекарасының (шегі) шебiнде және оның әкiмшiлiк бағыныстылығына берiлген аумақта ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшiн жерлердi резервтеу жөнiнде ұсыныстар дайындау;
5) жер кадастрын жүргізудi ұйымдастыру және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер балансын жасау.
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), ауданның, қала (шебiнде) шекарасы және оның әкiмшiлiк бағынысына берiлген аумақ шегінде уәкiлетті органының құзыретiне:
1) жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;
3) пайдаланылмай жатқан жердi және Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жердi анықтау;
4) анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiнде орындалуы мiндетті нұсқамалар беру;
5) сот органдарына пайдаланылмай жатқан жердi не Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiн алып қою туралы шағым дайындау;
6) иесiз жер учаскелерiн есепке алу;
7) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн беру және олардың нысаналы пайдалануының өзгеруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;
8) мемлекеттік қажеттер үшiн жер учаскелерiн алып қою жөнiнде ұсыныстар дайындау;
9) жер учаскелерiнiң бөлінетіндiгі мен бөлінбейтiндiгін айқындау;
10) мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң бағалау құнын айқындау;
11) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекiтудi ұйымдастыру;
12) жердi аймақтарға бөлу жобаларын және республикалық маңызы бар қала мен астананың жерлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегі бағдарламаларды (жобаларды, схемаларды) әзiрлеудi ұйымдастыру;
13) елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
14) жер сауда-саттығын (аукциондар, конкурстар) жүргiзуiн ұйымдастыру;
15) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн қозғайтын қалалық, аудандық бағдарламалардың, схемалар мен жобалардың сараптамасын жүргiзу;
16) республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер балансын жасау;
17) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқық қатынастарының басқа да субъектiлерiн есепке алуды жүргiзу;
18) жер кадастрын жүргізудi ұйымдастыру және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер балансын жасау;
19) жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлер беру;
20) жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар бepу;
21) жер учаскесiнiң бар немесе жоқтығы туралы анықтамалар беру;
22) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын беру;
23) сауда-саттық шарты мен жалдау немесе жер учаскесiн уақытша өтеусiз пайдалану шартын жасасу;
24) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының iздестіру жұмыстарын өткiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi бойынша ұсыныстар дайындау;
25) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау.";
9) 15-баптың 1-тармағының 3) және 6) тармақшалары алып тасталсын;
10) 16-бапта:
1-тармақта:
5) тармақшадағы ", оқу және басқа да ауыл шаруашылығы ғылыми" деген сөздер алып тасталсын;
11) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жерiн аймақтарға бөлудi ұйымдастыру және жердi аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілетті органдарына бекiтуге ұсыну;
5) жердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізiнде жерлердiң нысаналы мақсатының жiктемесiн бекiту.";
11) 17-бапта:
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) ауданның жерiн аймақтарға бөлудi ұйымдастыру және жердi аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) ауданның өкiлеттi органына бекiтуге ұсыну;
9) жердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жерлердiң нысаналы мақсатының жiктемесiн бекiту.";
12) 18-бапта:
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) облыстық маңызы бар қаланың жерiн аймақтарға бөлуді ұйымдастыру және жердi аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) облыстық маңызы бар қаланың өкiлеттi органына бекiтуге ұсыну;
9) жерлердi аймақтарға бөлудiң жобалары (схемалары) негізiнде жерлердiң нысаналы мақсатының жiктемесiн бекiту.";
13) 19-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
14) 32-бапта:
2-тармақтағы "атқарушы органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілiктi атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздер "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 37-баптың 3-тармағының бiрiншi бөлігіндегі және 38-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі "басқару жөнiндегі аумақтық органға" деген сөздер "жер учаскесi орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 43-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "жергілiктi атқарушы органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "жергіліктi атқарушы органдар" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергіліктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi "жер ресурстарын басқару, сәулет және қала құрылысы аумақтық органдар" деген сөздер "уәкілетті сәулет және қала құрылысы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "жергілiктi атқарушы органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілiктi атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдар атқарушы органның тапсырмасы бойынша" деген сөздер "Жер учаскесi орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергіліктi атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "Жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздер "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілiкті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың екiншi бөлігіндегі "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "жер учаскелерiн беру жөнiндегi құзыретi шегiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацындағы "Жер ресурстарын басқару жөнiндегі аумақтық органдар" деген сөздер "Жер учаскесi орналасқан жердегi мемлекеттік кәсiпорындар" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ алып тасталсын;
17) 44-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "жергiлiктi атқарушы органның" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдар (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып)" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi бөлiктегi "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "жер учаскелерiн беру жөнiндегi құзыретi шегiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екiншi бөлiгіндегi "нақтыланады; берілетiн жер учаскесінің бөлiнетіндiгi және бөлiнбейтiндiгi, сондай-ақ ауыртпалықтары мен сервитуттары анықталады" деген сөздер ", сондай-ақ ауыртпалықтары мен сервитуттары нақтыланады" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдар (елдi мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесе отырып)" деген сөздер "жер учаскелерi орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың), астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бiрiншi абзацындағы "жергiлiктi атқарушы орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бiрiншi бөлігінiң екiншi абзацындағы "жер ресурстарын басқару жөнiндегі аумақтық орган" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 45-бапта:
1-тармақтағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын; "атқарушы органның тапсырмасы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы "туралы" деген сөзден кейiн "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен толықтырылсын; "орган" деген сөз "органы" деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 47-бапта:
2-тармақтағы және 3-тармақтың бiрiншi бөлігіндегі "жергiлiктi атқарушы органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың үшiншi және бесiншi бөлiктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер учаскесi орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органы жер учаскесiн кадастрлық құжаттама бойынша сәйкестендiредi, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын белгiлейдi және жер учаскесiне жеке меншiк құқығын табыстау туралы шешiмнiң жобасын дайындайды.";
"Жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органы сатып алушымен жер учаскесiн сатып алу-сату шартын жасасады және қол қояды.";
20) 69-баптың 6-тармағындағы "жергілiктi" деген сөз алып тасталсын;
21) 71-баптың 3-тармағындағы "жер ресурстарын басқару жөнiндегі аумақтық органмен" деген сөздер "жер учаскесi орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 79-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
23) 94-бапта:
1-тармақтағы "жер ресурстарын басқару жөнiндегі аумақтық органның" деген сөздер "жер учаскесi орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екiншi бөлігіндегі "жер ресурстарын басқару жөнiндегі аумақтық орган" деген сөздер "жер учаскесi орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бap қаланың) уәкiлетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 97-баптың 7-тармағында:
бiрiншi бөлiктегi "республикалық бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Жер учаскесінің паспортын жасау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды және оны берудi жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілеттi органдары жүзеге асырады.";
25) 98-бапта:
3-тармақтағы "жергiлiктi бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
7 және 8-тармақтардағы "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аудандық органға" және "Жер ресурстарын басқару жөнiндегі аудандық орган" деген сөздер "аудандық уәкілеттi органына" және "Облыстың уәкілеттi органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық аумақтық орган" деген сөздер "облыстың уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "жер ресурстарын басқару жөнiндегi аудандық аумақтық орган" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiнші абзацтағы "жер ресурстарын басқару жөнiндегі орталық" деген сөздер алып тасталсын;
26) 99-баптың 2-тармағындағы "жер ресурстарын, ауыл және су шаруашылықтарын басқару жөнiндегi аумақтық органдардың ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган" деген сөздер "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 103-баптың 5-тармағындағы "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган" деген сөздер "жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 105-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлігіндегі "республикалық" деген сөз алып тасталсын;
29) 106-баптың 7-тармағындағы "жер ресурстарын басқару жөнiндегі аумақтық органның" деген сөздер "жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 131-баптың 1-тармағындағы "республикалық" деген сөз алып тасталсын;
31) 145-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.";
32) 146-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақта:
бiрiншi және екiншi бөлiктер алып тасталсын;
үшiншi бөлiктегі "Жер ресурстарын басқару жөнiндегі аумақтық органдардың" деген сөздер "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 150-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жерге орналастыру облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының шешiмi бойынша не жер учаскелерiнiң мүдделi меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өтiнiмi бойынша жүргізiледi.";
екiншi бөлiктегi "жер ресурстарын басқару жөнiндегi тиiстi аумақтық" деген сөздер "тиiсті жергілiкті атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақшадағы "жер ресурстарын басқару жөнiндегі аумақтық органдармен" деген сөздер "жер учаскесi орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "жер ресурстарын басқару жөнiндегі тиiсті аумақтық орган" деген сөздер "жер учаскесi орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 152-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер кадастрын жүргізудi ұйымдастыруды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкiлетті органдары жүзеге acырады.";
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік жер кадастрының мәлiметтерiн түзу топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру, түгендеу бойынша, топырақты зерттеу, геоботаникалық бағалаушылық және өзге де зерттеулер мен iздестiрулер, жер мониторингі бойынша жұмыстар, жердi сандық және сапалық есепке алу жүргiзумен, нақты жер учаскесiне жер-кадастр iсiн жасаумен, жер-кадастр карталары мен жер учаскесiне құқықты растайтын құжат дайындаумен қамтамасыз етіледi.";
35) 153-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"153-бап. Мемлекеттiк жер кадастрын ұстау
Мемлекеттiк жер кадастры:
1) жердiң саны мен сапасын есепке алу;
2) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқықтық қатынастардың басқа да субъектілерiн есепке алу;
3) мемлекеттік тiркеу мақсаттары үшiн жер учаскелерін есепке алу;
4) жер кадастры картасын жүргiзу;
5) жер кадастр кiтабын және жердiң бiрыңғай мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу.";
36) 155-баптың 3-тармағындағы "жер ресурстарын басқару жөніндегi аумақтық органдар" деген сөздер "жер учаскесi орналасқан жердегi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 158-бапта:
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтағы ", мемлекеттік кәсiпорындар" деген сөздер алып тасталсын;
38) 159-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
Жер мониторингi мемлекеттік монополия болып табылады және оны мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар жүргiзедi, оларға қатысты уәкілеттi орган басқару органы болып табылады.";
39) 162-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
40) 163-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "республикалық бюджет қаражаты", "тиiсті жергіліктi бюджет қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
41) 170-баптың 2-тармағының үшiншi бөлігіндегі "жер ресурстарын басқару жөнiндегі аумақтық органдардың" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілеттi органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Қазақстан Республикасының 2003 ж. 9 шiлдедегi Су кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 39-бап мынадай мазмұндағы 11), 12), 13) тармақшалармен толықтырылсын:
11) арнайы су пайдалануды лицензиялайды;
12) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушілерiне су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтер құнын субсидиялау жөнiндегi iс-шараларды iске асырады;
13) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөледi;
2) 76-баптың 1-тармағындағы "cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлетті орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 82-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Су пайдалану лимиттерiн уәкiлетті орган жылдың сулылығын, су объектілерiнiң экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйiн ескере отырып, жыл сайын нақтылайды және олардан асыра алмайды.
Барлық су пайдаланушылар мәлiмдеген су алу және (немесе) су ағызу қажеттіліктерінің негізiнде лимиттердi олар үшiн айлар бойынша бөлудi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органы жүзеге асырады.".
5. Қазақстан Республикасының 2004 ж. 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 11-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар):
1) 48-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) жер учаскелерiн жалдау құқығын сату үшiн төлем.";
2) 49-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасының сегiзiншi абзацы алып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) жер учаскелерiн жалдау құқығын сату үшiн төлем.";
3) 50-баптың 1-тармағында:
8) тармақшаның алтыншы, жиырма бiрiншi, жиырма екiншi абзацтары алып тасталсын;
10) тармақшаның екiнші абзацы "жолдарын" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ онда жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшаның жетіншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"республикалық деңгейде бәсекелестіктi қорғау және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметiн реттеу;";
4) 51-баптың 1-тармағында:
5) тармақшаның үшiнші абзацы "үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедектер балаларды материалдық қамтамасыз етуден басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшада:
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде ауыл шаруашылығы саласындағы қатынастарды peттeу;";
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұқым шаруашылығын, асыл тұқым шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамыту;";
мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес астық өндiрушілерге мемлекеттiк қолдау көрсету";
"ауыл шаруашылығы тауар өндiрушілерiне су жеткiзіп беру және республикалық меншiктегі ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық сумен жабдықтау жүйесiнен ауыз су беру бойынша көрсетілетiн қызметтердiң құнын субсидиялау;";
он үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстық деңгейде жер қатынастарын реттеу;";
10) тармақшаның үшiншi абзацы "жолдарын" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ онда жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшада:
екiншi абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде бәсекелестікті қорғау және табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметiн peттeу;";
5) 52-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшаның тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
8) тармақшада:
мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"республикалық маңызы бар қалада, астанада жер қатынастарын реттеу;";
он бiрiншi абзацтағы "қаладағы аудандар шекарасын белгiлеу кезiнде жүргізiлетiн" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он екiншi абзацпен толықтырылсын:
"ауыл шаруашылығы мақсаттағы жер учаскелерiнiң паспорттарын жасау;";
10) тармақшаның үшiншi абзацындағы "жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын" деген сөздер "қалалар көшелерiн, сондай-ақ онда жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың деңгейде бәсекелестікті қорғау және табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметiн реттеу;";
4-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мектепке дейiнгі тәрбие беру мекемелерiнің қызметiн қамтамасыз ету;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету.";
6) 53-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшаның төртiншi абзацы алып тасталсын;
4) тармақша мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;";
7) тармақшада:
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"өсiмдiк шаруашылығында мiндетті сақтандыруды ұйымдастыру;";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"аудандық (қалалық) деңгейде жер қатынастарын реттеу;";
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
"жерге орналастыру;";
"ауыл шаруашылығы мақсаттағы жер учаскелерiнiң паспорттарын жасау;";
8) тармақшаның екiншi абзацы "сондай-ақ онда жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын сақтау;";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) экономикалық қызметті реттеу;
кәсiпкерлiк қызметтi қолдау;";
4-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) мәдениет мекемелерінің қызметiн қамтамасыз ету.";
мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
"16) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
17) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек.".
6. "Жол жүрiсi қауiпсiздігі туралы" 1996 ж. 15 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат, N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 1-бапта:
жетінші абзацтың бiрiнші сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"жол - жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары, мемлекеттік есепке алуға жататын және көлiк құралдарының қозғалысына арналған инженерлiк құрылыс кешенiн қамтитын шаруашылық автомобиль жолдары, қалалар мен елдi мекендердiң көшелерi.";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдары - жол белгiлерi, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар.";
2) 7-бапта:
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жол жүрiсi қауiпсiздiгiн мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;";
сегізiншi және оныншы абзацтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметті үйлестiру;
жол жүрiсiне механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердiң жекелеген түрлерiн жiберудi жүзеге асыру;
механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мемлекеттiк техникалық байқауды өткiзу тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлеу;
жол жүрiсiн реттеу тәртiбiн айқындау;
автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темiр жол өтпелерін қалалық электр көлігі желілерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысу кiреді.";
3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1-бап. Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік
уәкілеттi органның құзыретi
Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк уәкілетті органның құзыретіне:
халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол қызметiн басқару;
халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрiсiн реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгiзу және ұстау жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету кiреді.";
4) 8-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар
қалалардың) өкілдi және атқарушы органдардың жол
жүрiсi қауiпсiздiгін қамтамасыз ету саласындағы
құзыреті";
1-тармақта:
бiрiншi абзац "аудандардың (қалалардың) жергiлiктi өкiлдi органдарының" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) өкiлдi органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацтағы "жергілікті" деген сөз "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жол жүрiсi қауiпсiздігін қамтамасыз ету саласында облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:";
екiншi және төртiншi абзацтар алып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында, елдi мекендердiң көшелерiнде жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және ұстау жөнiндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;";
сегізiншi, тоғызыншы абзацтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарындағы, елдi мекендердiң көшелерiндегi жол қызметiн басқару.";
5) 15-бапта:
4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген органдар" деген сөздер "уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын; "мемлекеттік комитеттермен" деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақ алып тасталсын;
6) 18-бапта:
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген органдар" деген сөздер "техникалық реттеу, стандарттау, сәйкестiгін растау және аккредиттеу саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бiрiнші бөлiктегi "Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттік берген органдар" деген сөздер "уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiнші бөлiктiң 4) тармақшасы алып тасталсын;
7) 19-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және уәкiлетті органда тiркелген механикалық көлiк құралдары мен олардың тіркемелерi міндетті мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзiлуге тиiс.";
2-тармақ алып тасталсын;
8) 24-баптың 4-тармағындағы "уәкілдiк берiлген органдарға," деген сөздер алып тасталсын.
7. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 ж. 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 17-18, 213-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 13-14, 171-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 10, 57-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 жылғы 28 сәуiрдегi "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 23 сәуiрдегi "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы ):
1) 8-бапта:
4) тармақшадағы "қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемнiң есептік ставкаларын айқындайды" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) қоршаған ортаны ластағаны үшiн базалық төлем ставкаларын бекiтедi.";
2) 10-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "жасаған есептеулерден" деген сөздер "бекiткен базалық ставкалардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асырады;
11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган бекiткен базалық ставкалардан кем болмайтындай етiп негiзінде қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын есептейдi;
12) уәкілетті органға қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлейдi және ұсынады;
13) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi шеңберінде уәкiлеттi органға табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегi ақпаратты ұсынады;
14) жеке және заңды тұлғалардың сұрауы бойынша экологиялық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етедi;
15) табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешiм қабылдайды;
16) уәкiлетті органмен және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау функцияларын жүзеге асыратын өзге де атқарушы органдарымен келiсiм бойынша, қалдықтарды қоймаға жинауға, жоюға және көмуге шешiм бередi;
17) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен және уәкiлетті органмен бiрлесiп, елдi мекендердiң күтiп-ұсталуын бақылауды қамтамасыз етедi.";
3) 77-бапта:
1-тармақтағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдарының өз қызметкерлерi болып табылатын органдардың құзыретi шегінде" деген сөздер "лауазымды адамдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлігіндегі "және облыстардың (республикалық маңызы бap қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" және "өз өкiлеттiгі шегiнде" деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiгіндегi "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздер "уәкiлетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 77-2-бап алып тасталсын.
8. "Энергия үнемдеу туралы" 1997 ж. 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 343-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
8-баптың 2-тармағында:
екiншi абзац "бағдарламасын" деген сөздiң алдынан "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
"әкiмшілік-аумақтық бiрлiк шегінде энергия үнемдеу бағдарламасын әзiрлейдi және iске асырады, олардың орындалуын үйлестiредi;";
үшiншi абзац алып тасталсын.
9. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" 1998 ж. 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат):
1) 4-баптың 1-тармағының мемлекеттік тілдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы
органдарының құзыреті
Аудандардың (қалалардың) жергіліктi атқарушы органдары:
1) шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшiн өздерiне арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден жер учаскелерiне меншiк және (немесе) жер пайдалану құқығы берiлуiне мүдделi азаматтардың өтiнiштерiн және оларға қоса берiлген жер учаскесiне құқық беру бойынша бөлiнетiн жер учаскесiнiң орналасқан жерi туралы келiсiлген материалдарды қарайды;
2) сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндігін айқындайды;
3) жерге орналастыру жобасын және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiне тиiсті құқық беру туралы шешiмiнiң жобасын дайындайды;
4) белгiлi бiр жердегі жер учаскесiнiң шекараларын белгілеудi жүргізедi.";
3) 6-баптың 6-тармағы "атқарушы" деген сөздiң алдынан "аудандардың (қалалардың)" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 8-бапта:
1-тармақтағы "аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) немесе қалалық атқарушы" деген сөздер "аудандардың (қалалардың) жергілiкті атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4, 5, 6, 7, 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік меншiктегі жер учаскелерiн меншікке немесе жер пайдалануға алуға мүдделi тұлғаның өтiнiшi негізiнде аудандардың (қалалардың) жергілікті уәкілетті органы сұратып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындайды және жерге орналастыру жобасы мен Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелеріне тиiсті құқық беру туралы шешiмнiң жобасын дайындайды.
5. Ауданның (қаланың) атқарушы органының жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi тиiсті жерге орналастыру жобасы бекiтiлген күннен бастап бiр айдан кешіктiрілмей қабылданып, жер учаскесiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын беру туралы шешiмнiң көшiрмесi шешiм қабылданған кезден бастап жетi күн мерзiмде өтiнiш берушiге тапсырылады.
Жер учаскесiне құқық беруден бас тарту ауданның (қаланың) атқарушы органының шешiмiмен ресiмделедi және шешiмнiң көшiрмесi ол қабылданғаннан кейiн жетi күн мерзiмде өтiнiш берушiге тапсырылады.
6. Ауданның (қаланың) атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы шешiмi қабылданғаннан кейiн белгiлi бiр жердегі жер учаскесінің шекараларын белгiлеу және жер учаскесiне құқықты куәландыратын тиiстi құжаттарды (жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актісiн, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы актісiн, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы актiсiн) беру жүргізiледi.
7. Жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжат шаруа (фермер) қожалығына ресiмделедi және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес барлық жеке меншiк иелерiн (жер пайдаланушыларды) көрсете отырып, шаруа (фермер) қожалығының басшысына беріледі.
8. Шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесiне құқығы жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелердi мемлекеттік тiркеген күннен бастап пайда болады.";
5) 13-баптың 4-тармағындағы "және медициналық" және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндетті медициналық сақтандыру қорына," деген сөздер алып тасталсын.
10. "Жосықсыз бәсеке туралы" 1998 ж. 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, N 9-10, 84-құжат; 2000 ж., N 21, 397-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 6-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы "органның" деген сөзден кейiн "және жергілікті атқарушы органның" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "орган" деген сөзден кейiн "мен жергілікті атқарушы орган" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "органның" деген сөзден кейiн "және жергiлікті атқарушы органның" деген сөздермен толықтырылсын.
11. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 ж. 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 16, 220-құжат):
1) 1-бапта:
3) тармақшадағы "асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау жөнiнде қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлетті мемлекеттік орган" деген сөздер алып тасталсын;
7) және 17) тармақшалардағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк" деген сөздер "облыстың жергілiктi атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақшадағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілеттi мемлекеттік" деген сөздер "облыстың жергілiктi атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) тармақшада "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлетті мемлекеттiк" деген сөздер "саладағы жергілiкті атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-бапта:
6), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) асыл тұқымды мал зауыттардың аттестаттауын жүргізедi;
7) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңының нормаларын бұзған жағдайда асыл тұқымды мал зауытының қызметiн тоқтата тұрады, қайталап бұзылған жағдайда аттестаттан айыру туралы талап қойып сотқа жүгiнедi;";
9) тармақшадағы ", олардың нысаналы пайдаланылуын бақылайды" деген сөздер алып тасталсын;
11) тармақшадағы "асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiн және" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кiтабы және асыл тұқымды малдың мемлекеттік тiркелiмiн жүргізу ережесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
15) экспорттаушы елдердiң ресми органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген сәйкестiк сертификатын (асыл тұқымдық куәлiктiң) жарамдығын растауды жүзеге асырады;
16) асыл тұқымды өнiмдi (материалды) есептеу нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;
17) асыл тұқымды малдың, соның iшiнде шектеулi тектiк қоры бар тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған iс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
18) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының шеңберiнде ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып, малды асылдандырушы орталықтарындағы тұқымдық малдың тұқым және сан құрамын айқындайды.";
3) 10-1-бапта:
тақырыбындағы және бiрiншi абзацтағы "(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақшадағы "облыстық (аймақтық)" деген сөздер "аймақтық" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
3) аттестат берумен асыл тұқымды мал зауытының, малды асылдандырушы шаруашылықтың, малды асылдандырушы орталық пен дистрибьютерлiк орталықтың және малды өз төлiнен өсiру жөнiнде және асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымды құндылығын айқындау жөніндегi қызмет көрсетумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың аттестаттауын жүргiзедi, аттестат бередi;
4) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңының нормаларын бұзған жағдайда аттестаттың қызметiн тоқтата тұрады, қайталап бұзылған жағдайда аттестаттан айыру туралы талап қойып сотқа жүгінедi;
5) асыл тұқымды малдардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және шығарады;
6) орталық уәкілетті орган белгiлеген нормативтер шеңберiнде бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне субсидияны iске асырады;
7) бекiтілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мәлiметтердi есепке алуды жүргiзедi;
8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiнің әрбiр түрi бойынша және әрбiр субъектіге орай субсидиялануға тиiстi сатылатын асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын аталған мақсаттарға арнап бюджетте көзделген қаражат шегiнде белгiлейдi;
9) бағалау туралы деректердi жинақтап қорытады және жоғары бағалы асыл тұқымды малды тиiмдi пайдалануды ынталандыру мақсатында оның нәтижелерi туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етедi;
4) 11-бапта:
5) тармақшадағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілеттi мемлекеттік" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 12-баптың үшіншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Асыл тұқымды мал зауыты мәртебесiн беру ведомствоаралық сараптама комиссиясының қорытындысы негiзiнде, ал малды асылдандырушы шаруашылыққа, малды асылдандырушы орталыққа, дистрибьютерлік орталыққа, сондай-ақ малды өз төлiнен өсiру бойынша қызмет көрсету жөнiндегi жеке және заңды тұлғаларға жергілікті атқарушы органның шешiмiмен жүргізiледі.";
6) 13-бапта:
төртiншi бөлiктегі "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлетті мемлекеттік органға" деген сөздер "облыстың жергілiктi атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Асыл тұқымды малдың мемлекеттік кiтабын және өндiрiсте пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiркелiмiн жүргізудi және басып шығаруды республикалық уәкiлетті орган жүзеге асырады.";
7) 21-баптағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік" деген сөздер "Жергілiктi атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 22-баптың үшiншi бөлiгiндегі "есептiлiктi" деген сөзден кейiн "облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына" деген сөздермен толықтырылсын.
12. "Неке және отбасы туралы" 1998 ж. 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23, 430-құжат):
1) мәтiндегі "аудандық (қалалық) атқарушы органның", "аудандық (қалалық) атқарушы органнан", "аудандық (қалалық) атқарушы органдар" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергіліктi атқарушы органының", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органынан", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) қорғаншы және қамқоршы орган - қорғаншы және қамқоршы жөніндегі мiндеттердi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы орган.";
3) 106-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергілiктi атқарушы органдары өздерiнiң қорғаншылық және қамқоршылық жөнiндегi мiндеттерiн бiлiм берудiң жергіліктi уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырады, ал аудандық маңызы бap қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың әкiмдерi бұл міндеттердi дербес жүзеге асырады.";
4) 164-бап алып тасталсын.
13. "Өсiмдiктер карантинi туралы" 1999 ж. 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 2-3, 34-құжат; N 23, 931-құжат; 2002 ж., N 4, 30-құжат; N 15, 121-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 7-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
3) тармақшада "және оларды келіседi" деген сөздер ", бекiтедi" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті мемлекеттік басқару
органдарының құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті мемлекеттiк басқару органдары:
1) карантиндi объектiнің есебiн жүргiзедi және уәкілетті орган мен мүдделілік танытқан тұлғаларға ақпарат ұсынады;
2) халық арасында өсiмдiктердi қорғау саласында түсiндiру жұмысын ұйымдастыру мен жүргiзу, сондай-ақ зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргiзу жөнiндегі әдiстемелiк көмек көрсету;
3) уәкілеттi орган бекiткен әдiстемелiк құжаттар негiзiнде мүдделi адамдарға өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актiлер және фитосанитариялық iс-шаралар туралы ақпарат табыс етудi ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
4) темiр жол станцияларындағы, теңiз және өзен порттарындағы (пристаньдарындағы) аэропорттардағы, автовокзалдардағы (автостанциялардағы) базарлардағы, почта байланысы ұйымдарындағы және өзге де объектілердегі карантиндi аймақтарда осы объектілердiң иелерi жеке және тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органдарының карантиндiк iс-шаралар өткiзуiн ұйымдастырады.".
14. "Бiлiм туралы" 1999 ж. 7 маусымдағы N 389 Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат):
1) 23-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
2) 31-бапта:
3-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерiндегi жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептердi және мектепке дейiнге бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарына қолдау көрсетедi және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
21) тармақшада "Қазақстан" деген сөздiң алдынан "мектепке дейiнгі бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
3) тармақшадағы "мектеп жасына дейiнгi және" деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бастауыш кәсiптiк және орта кәсiптiк бiлiм беретiн жалпы және кәсіптік мектептердi, арнайы, мамандандырылған және мектепке дейінгі бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда мемлекеттік бiлім беру ұйымдарына қолдау көрсетедi және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;";
11) тармақшада "Қазақстан" деген сөздiң алдынан "мектепке дейінгі бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың бiрiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкiмi:";
бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы 1), 2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1) мектеп жасына дейінгі балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
2) мектепке дейінгі тәрбие мен бiлiм берудi қамтамасыз етеді.";
3) 35-1-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы, бiлiм берудi басқарудың" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын; "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
4) 36-баптың 10-тармағының бiрiншi бөлiгінде "жергіліктi атқарушы органдардың" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 21, 771-құжат; 2001 ж., N 10, 122-құжат; 2003 ж., N 24, 175-құжат):
1) 1-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"19) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлетті орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлетті орган).";
2) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
"1-1-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы
мемлекеттік реттеу
4-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы
мемлекеттік реттеу
1. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу теледидар және (немесе) радио тарату хабарларын ұйымдастыру жөнiндегі қызметті құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шеңберде уәкiлеттi орган мен басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
4-2-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметінiң бұқаралық ақпарат
құралдары саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
4-3-бап. Уәкілетті органның құзыретi
Уәкілетті орган:
1) бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады;
3) жер үстіндегі радио хабарлар тарату құқығын алу үшiн конкурстарды өткiзу ережесiн бекiтедi;
4) теледидар және (немесе) радио тарату хабарлары үшін радио жиiлiктер номиналын бөлу жөніндегі ашық конкурстарды өткiзудi ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялауын жүргізедi;
6) лицензиардың лицензияда көрсетiлген шарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөнiндегі мемлекеттiк тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және жүзеге асыруын үйлестіредi;
8) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алудың бiрыңғай тiзілiмiн жүргiзедi;
10) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асырады;
11) тарихи немесе мәдени құндылығы бар жазылымдарды сақтау тәртiбiн айқындайды;
12) журналистердi аккредиттеу ережесiн бекiтедi;
13) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тұрғысынан жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестiредi;
14) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мәселелер бойынша орталық және жергілiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестіредi.
4-4-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiкті атқарушы органдары:
1) өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты iске асырады;
2) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында таратылатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады;
3) арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру тәртiбi және онда эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзiмдi баспасөз өнiмiн сату ережесiн бекiтедi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өңiрлiк деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегі мемлекеттiк тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
5) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) уәкiлеттi органға статистикалық деректердi, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу жөнiндегі мәлiметтердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөнiндегі мәлiметтердi ұсынады.";
3) 10-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
4) 13-баптың 5-тармағындағы және 16-баптың 1-тармағындағы "бұқаралық ақпарат құралдары iстерi жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;
5) 22-баптың 5-тармағы алып тасталсын.
16. "Астық туралы" 2001 ж. 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат; 2003 ж., N 19-20, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Уәкiлетті органның құзыретi
Уәкiлеттi органның құзыретіне мыналар кiредi:
1) астық рыногы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен iске асыруды қамтамсыз ету, оған қатысушылардың қызметiн үйлестiру және реттеу;
2) астықты сақтау жөнiндегі лицензияланған қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қызметтiң осы түрi бойынша біліктілiк талаптарын әзiрлеу;
3) астық қабылдау кәсiпорындарының астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегі ережелердi сақтауын бақылау;
мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - уәкiлетті органның облыстық аумақтық органдарының басшылары бекiткен мемлекеттік ресурстар астығының сақ болуын тексеру кестелерi негізiнде тоқсан сайын, сондай-ақ астық рыногы қатысушыларының ресми өтiнiмдерi (шағымдары) болған жағдайда (жасырындыларды қоспағанда);
өзге де иегерлер астығы бойынша - астық рыногы қатысушыларының ресми өтiнiмдерi (шағымдары) болған жағдайда (жасырындыларды қоспағанда);
4) Қазақстан Республикасының астық туралы заңдарын бұзу туралы нұсқамаларды беру, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;
5) астық рыногының мониторингiн жүзеге асыру, оған жататындар:
облыстардың жергіліктi атқарушы органдарының және мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөнiндегi агенттің мәліметтерi негiзiнде, уәкілетті орган бекiткен үлгiлерге сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша мониторинг мәлiметтерiн талдау мен әр он күндiк сайын мәліметтердi Қазақстан Республикасының Үкiметiне және әр ай сайын - Қазақстан Республикасының Президентi Әкімшілігіне беру;
6) астық сапасын мемлекеттік бақылау, оған жататындар:
астық қабылдау кәсiпорнына қабылдау және астық рыногы қатысушыларының ресми өтiнiмдерi (шағымдары) болған жағдайда (жасырындыларды қоспағанда) түсiру кезiнде астықтың сапасы көрсеткiштерiн айқындауды бақылау;
астықтың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау, оның iшiнде:
мемлекеттік ресурстар астығы бойынша - уәкілеттi органның облыстық аумақтық органдарының басшылары бекiткен мемлекеттік ресурстар астығының сақ болуын тексеру кестелерi негiзiнде тоқсан сайын, сондай-ақ астық рыногы қатысушыларының ресми өтінімдерi (шағымдары) болған жағдайда (жасырындыларды қоспағанда);
өзге де иегерлер астығы бойынша - астық рыногы қатысушыларының ресми өтiнiмдерi (шағымдары) болған жағдайда (жасырындыларды қоспағанда);
7) уәкiлеттi орган бекiткен астықтың сапасына сараптама жасау және астықтың сапасына сертификат беру тәртiбiн және Техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесi талаптарын сақтау тұрғысына, техникалық реттеу саласындағы уәкілеттi органмен және оның аумақтық бөлiмшелерiмен бiрлесе отырып астықтың сапасына сараптама жасау жөнiндегi аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылау - жыл сайын техникалық peттeу саласындағы уәкiлетті орган бекiткен кестелер негiзiнде, сондай-ақ астық рыногы қатысушыларының ресми өтiнiмдерi (шағымдары) болған жағдайда (жасырындыларды қоспағанда);
8) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негiздер болған жағдайда астық қабылдау кәсiпорнынан астықты көлiктiң кез келген түрiмен тиеп-жөнелтуге тыйым салу;
9) ауыл шаруашылық техникасының және жабдықтарының лизингiн ұйымдастыру, селекция және тұқым шаруашылығын, дәндi дақылдарды өсiру, топырақ құнарлылығын сақтау, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинінiң технологиясын дамыту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу;
10) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша астықтың сапасына сараптама жасау және астықтың сапасына сертификат беру тәртiбiне талаптар әзiрлеу;
11) астықтың (тұқымның) сапасы бойынша стандарттарды, техникалық жағдайларды жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды, басқа да нормативтiк құжаттарды енгiзу;
12) астықтың сандық-сапалық есепке алынуы, сақталуы жөнiндегі; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу; астық рыногының мониторингін жүргізу; астық қабылдайтын кәсiпорынның уақытша басқаруын жүргiзу жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлердi; астық қабылдау кәсіпорындары есеп беруiнiң үлгі нысандарын, мемлекеттiк астық инспекторы туралы ереженi әзiрлеу және бекiту;
13) астық өндiрушiлердi қорғау жөнiнде демпингке қарсы шаралар әзiрлеу;
14) астық қолхаты жазылатын бланкiлерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау, айналымы, өтеу және жою тәртiбiн, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгiсiне қойылатын талаптарды белгілеу;
15) астық сақтау жөнiндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ астықтың сандық-сапалық есебiн жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды сақтау тұрғысынан астық қолхаттары тiзiлiмiнiң мәлiметтерiне сәйкес астық қабылдау кәсiпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
16) астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілердiң бұзылғаны байқалған, астық қабылдау кәсiпорындарының лауазымды адамдарының сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiне қатер төндiруi мүмкін заңсыз әрекеттерi немесе әрекетсiздігі анықталған жағдайда астық қабылдау кәсiпорнына жауапкершілік түрлерiн қолдану;
17) астық қабылдау кәсiпорнына уақытша басқаруды енгізу, сондай-ақ уақытша басқарудың мерзiмiнен бұрын аяқталуы туралы шешiм қабылдау;
18) Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын өкiлеттiктің шегiнде мемлекеттiк астық ресурстарын басқаруды бақылау;
19) астықтың мемлекеттік ресурстарын тиеудi және тасымалдауды (араластыруды) бақылау.";
2) мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-баптармен толықтырылсын:
"6-1-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті
Облыстың жергілiктi атқарушы органының құзыретiне мыналар кiредi:
1) селекция және тұқым шаруашылығын, дәндi дақылдарды өсiру технологиясын дамыту, топырақтардың өнiмдiлігін қалпына келтiру жөнiндегі бағдарламаларды iске асыру;
2) астықты сақтау жөнiндегi қызметтi лицензиялау:
астықты қабылдау кәсіпорнын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен бiлiктiлiк талаптарына сай келу тұрғысынан лицензиялау алдындағы тексеру;
астықты қабылдау кәсіпорнының бiлiктiлiк талаптарына сай келуi туралы анықтама беру;
уәкілетті орган бекiткен астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегi қызметті лицензиялаудың ережесiнде белгiленген тiзбеге сәйкес өтiнiш берушiден құжаттар қабылдау;
астықты сақтау жөнiндегі қызметтi лицензиялау жөнiндегі үнемi қызмет ететін комиссия құру;
комиссияның құжаттарды қарауы, бас (мерзiмсiз) лицензия беру туралы шешiм қабылдау;
бас (мерзiмсiз) лицензияны рәсiмдеу және беру;
3) уәкілетті орган бекiтетiн ережеге сәйкес астық рыногының мониторингін жүзеге асыру, оған жататындар:
астық рыногына қатысушылардағы астықтың қалдығын ecкe ала отырып, олардың қолда бар астық және оның қозғалысы туралы ақпараттарын әр онкүндiк сайын уәкілетті орган және статистика жөнiндегі уәкiлетті орган бекіткен нысандар бойынша құрастыру арқылы мониторинг мәлiметтерiн жинау;
астық қабылдау кәсіпорындарында жергілікті атқарушы органның жазбаша сұрауы бойынша астық қабылдау кәсіпорындарының уәкілетті орган және статистика жөнiндегі уәкілетті орган бекiткен үлгiдегi ақпараттарды тапсыруы арқылы мониторинг мәліметтерiн жинау;
әр облыс бойынша мониторинг мәлiметтерiн жасауды және әр онкүндiк сайын уәкілеттi органға ақпарат беру;
"Қазақстан темiр жолы" АҚ аумақтық бөлiмшелерiнен - темiр жол бойынша артылған астық мөлшерi жөнiнде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнен дәндi дақылдардың экспорты бойынша, аккредиттелген ұйымдардан - астықтың сапасын сертификациялық сынау жөнiнде, мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөнiндегi агенттен - астықтың мемлекеттік ресурстарының мөлшерi, сапасы және қозғалысы жөнiнде ақысыз келiсiм-шарт негiзiнде алынатын мәлiметтер негiзiнде мониторинг мәлiметтерiн жинау және талдау;
4) астықтың (тұқымның) сапасы бойынша стандарттарды, техникалық жағдайларды жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды, басқа да нормативтiк құжаттарды енгiзедi;
5) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру, астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетiлдiру;
6) астықты өндiру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгiзу;
7) астық қолхаттарының тиiмдi айналысы үшiн жағдай жасау;
8) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағар май материалдарының құнын арзандатуды жүзеге асыру;
9) iшкi рыноктың мұнай өнiмдерiне деген қажеттерiн дер кезiнде қамтамасыз ету жөнiнде қажетті шаралар қолдану;
10) өңiрлерде астық өндiрушiлерге сертификаттық қызмет көрсету жөнiнде бәсекелестік орта құру үшін шаралар қолдану;
11) астық қабылдау кәсiпорындарын бақылау, оған:
астықты қабылдау кәсiпорындарын бiлiктілік талаптарына сай келу және жаңа егіннiң астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан уәкiлетті орган бекiткен, астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегі қызметті лицензиялаудың ережесi негізiндегi белгіленген тiзбеге сәйкес лицензиялаудан кейiнгi жыл сайынғы зерттеу;
уәкiлеттi орган бекiткен, астық қабылдау кәсiпорындарында астықты сақтау жөнiндегі қызметті лицензиялаудың ережесi негізiнде бекiтiлген кестелерге сәйкес астықты қабылдау кәсiпорындарын лицензиядан кейінгі жыл сайынғы зерттеу және жаңа егіннiң астығын қабылдауға дайындығы;
астықты қабылдау кәсiпорындарын зерттеу актiлерiн рәсiмдеу және оларды уәкiлетті органға табыс ету жатады;
12) осы Заңның 27-бабында белгiленген негiздер бойынша астықты сақтау жөнiндегі операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны заңнамада белгiленген тәртiппен қайтып алу;
13) уақытша басқару астық жөнiндегі қолхат мiндеттемесiн орындау қабiлеттiлiгiн қалпына келтiрмеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртiппен лицензияны қайтып алу және астықты қабылдау кәсiпорындарын жою;
14) осы Заңның 26-бабында белгіленген негiздемелер бойынша астық сақтау жөнiндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтас алғанда немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата тұру.
6-2-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөнiндегі
агенттің функциялары
Мемлекеттiк астық ресурстарын басқару жөнiндегі агенттіктiң құзыреті:
1) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнен мемлекеттік астық ресурстарына астықты нарықтық бағамен сатып алуды жүзеге асырады;
2) мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау үшiн белгіленген тәртiппен астық қабылдау кәсiпорнын таңдайды;
3) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушілерiне мемлекеттік тұқым ресурстарынан және жемдiк астықтың мемлекеттiк ресурстарынан тұқымдық және жемдiк астықтық несие бередi.";
3) 10-баптың 12) тармақшасы алып тасталсын;
4) 13-баптың 3-тармағының бiрiншi абзацындағы "Уәкiлетті органның тиiстi" деген сөздер "Тиiстi" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 17-баптың бiрiншi абзацындағы "уәкiлеттi орган" деген сөздер алып тасталсын; "реттеудi" деген сөз "peттeу" деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақшасындағы "жүзеге асырады" деген сөздер "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 24-1-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы "кедергiсiз" деген сөздер алып тасталсын;
3) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Уәкілетті органның мемлекеттік астық инспекторы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) астық қабылдау кәсiпорындарында астық сапасын анықтауды бақылау;
2) астықтың сандық-сапалық жай-күйiн, оның iшiнде мемлекеттік ресурстарының астығын бақылау;
3) бас лицензияларды растау үшiн астықты қабылдау кәсiпорындарын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келу тұрғысынан жыл сайынғы зерттеу жүргiзуге қатысады, жаңа егiннің астығын қабылдауға дайындығы актілерiн сапалы рәсiмдеудi және уәкілетті органның облыстық аумақтық органына уақтылы берудi қамтамасыз етедi;
4) астық сақтау жөнiндегi қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) қайтарып алу туралы облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыныстар енгiзедi;
5) астық қабылдау кәсiпорнында уақытша басқаруды енгiзу жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
6) астық сапасын сараптау жөнiндегi аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару жөнiндегі комиссия құрамына қосу үшiн кандидатураларды ұсыну жөнiнде ескертудi астық қолхаттарын ұстаушыларға жiбередi;
8) Қазақстан Республикасының астық туралы заңын бұзу тәркіленген жағдайда, уәкілетті орган белгiлеген нұсқа бойынша астық қабылдау кәсiпорындарына нұсқама бередi;
9) уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзғаны үшiн айыппұл салу және оны Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өндiрiп алу туралы ұсыныстар енгiзеді.";
7) 25-бапта:
1-тармақтағы "уәкiлетті" деген сөз "жергілікті атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтағы "уәкiлетті" деген сөз "жергiлiктi атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 30-баптың 1-тармағында "астық қабылдау" деген сөздiң алдынан "облыстың жергілiкті атқарушы органының," деген сөздермен толықтырылсын;
9) 33-баптың 3-тармағындағы "қайтарып алады" деген сөздер "қайтарып алу туралы ұсыныс енгiзедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 39-бапта:
3-тармағының 1) тармақшасындағы "уәкiлетті" деген сөздер "жергілiктi атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "уәкiлеттi органға" деген сөздер "және облыстың жергілiктi атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы "уәкiлетті органға" деген сөздер "және облыстың жергілiктi атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын.
17. "Қазақстан Республикасындағы жергілiкті мемлекеттік басқару туралы" 2001 ж. 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 17-құжат):
1) мәтiндегі "орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң", "орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi", "орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң" деген сөздер "орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерiнiң", "орталық мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесi", "орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 11) тармақшасында "атқарушы" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы өңiрлiк бағдарламаларды бекiту;";
4) 27-баптың 1-тармағында:
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;";
16) тармақшадағы "және iске асырады" деген сөздер алып тасталсын;
19-1) тармақшада:
"лимитiн" деген сөзден кейiн "және нормативтерiн" деген сөзбен толықтырылсын;
"бекiткен" деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын;
22) тармақшада "лимитін" деген сөзден кейiн "және нормативтерiн" деген сөзбен толықтырылсын;
22-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22-2) Салық кодексiне сәйкес бiржолғы талондар беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы белгiлеген тәртiппен оларды сатудан алған соммалардың толық жиналуын қамтамасыз етедi.";
1-тармағының 22-3) тармақшасы "жүзеге асырады," деген сөздерден кейiн "мемлекеттік аттестацияны өткiзедi;" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ өзгерiссiз қалдырылсын;
5) 29-баптың 2-тармағы өзгерiссiз қалдырылсын;
6) 30-баптың 3-тармағындағы екiншi сөйлем алып тасталсын;
7) 31-бапта:
1-тармақта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;";
13) тармақшадағы "асыруға қатысады" деген сөздер "iске асыруды ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) халықты әлеуметтік қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешеді, халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;";
20) тармақшасында "органмен" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн нормативтерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ өзгерiссiз қалдырылсын;
8) 33-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның аумақтық бөлiмшесінің" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ өзгерiссiз қалдырылсын;
9) 35-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"12) табысы аз адамдарды анықтайды, еңбекпен қамтуды қамтамасыз етедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсетуi жөнiнде ұсыныс енгізедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;";
1-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"18) мектепке дейінгi ұйымдарды, мәдениет мекемелерiн ұстауды қамтамасыз етедi;";
2-тармақ өзгерiссiз қалдырылсын.
18. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 ж. 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат):
1) мәтiндегі "уәкілетті" деген сөздердiң алдынан "жергілікті", "Жергілікті" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-бапта:
7) тармақшадағы "жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегі уәкiлетті органдардың" деген сөздер "жергілiктi уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшадағы "делдалдығы -" деген сөзден кейiн "жергіліктi" деген сөзбен толықтырылсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;
"халықты жұмыспен қамту саласындағы жергiлiктi атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту мен өңiрлiк деңгейдегi жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергіліктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты (бұдан әрi - жергiлiктi уәкiлеттi орган)";
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) халықты жұмыспен қамту саласындағы орталық уәкiлеттi орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган (бұдан әрi - орталық уәкiлетті орган);";
3) 4-баптың 2-тармағының 12) тармақшасындағы "және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға" деген сөздер алып тасталсын;
4) 5-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгi "Жергiлiкті" деген сөздiң алдынан "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 2-тараудың тақырыбы алып тасталсын;
6) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етеді;
2) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлейдi;
3) квотаны айқындау, жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру шарттары мен тәртiбiн айқындайды;
4) шетелдiк жұмыс күшiн тартумен және Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығарумен байланысты қызметке лицензия беру шарттары мен тәртiбiн айқындайды;
5) халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын бекiтедi;
6) кәсiби даярлық, бiліктілiктi арттыру және жұмыссыздарды қайта даярлау тәртiбiн белгiлейдi;
7) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртiбiн айқындайды.";
7) 6-бапта:
тақырыбындағы "атқарушы" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
2. "Орталық уәкілетті орган:";
1) тармақшадағы "жүзеге асыруға" деген сөздер "жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
"1) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен iске асыруды қамтамасыз етедi;";
1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсiн;
2) тармақшадағы "талдауға, болжауға" және "хабарлап отыруға" деген сөздер "талдайды, болжайды" және "хабарлап отырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "әзiрлеуге" деген сөз "әзiрлейдi" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "қарауға қатысуға" деген сөздер "қарайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "бepугe, оны тоқтата тұруға және керi қайтарып алуға" деген сөздер "бередi, оны тоқтата тұрады және керi қайтарып алады" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "Астана және Алматы қалалары" және "бөлуге" деген сөздер тиiсiнше "республикалық маңызы бар қала, астана" және "бөледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) және 8) тармақшадағы "анықтауға" және "қалыптастыруға міндетті." деген сөздер тиiсiнше "анықтайды" және "қалыптастырады;" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9), 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) дербес есеп карточкасының (компьютерлiк дерекқор) нысанын бекiтедi;
10) жұмыспен қамту саласындағы ақпараттық технологияларды, ақпаратты өңдеу жүйелерiн енгiзедi;";
8) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Жергілiктi атқарушы органдар
1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:
1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін аймақтық бағдарламалар әзiрлеу;
2) тиiсті әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшiн орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бepу, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұру және керi қайтарып алу арқылы қамтамасыз етедi.
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:
1) тиiсті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегі әлеуметтік шараларды жыл сайын анықтап отыру;
2) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау;
3) жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау;
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етедi.";
9) 8-бапта:
тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Жергілiктi уәкiлетті органның құзыреті
1. Жергiлiктi уәкілетті орган";
1-тармақта:
тармақтың мәтiнiндегі "хабарлап отыруға", "жәрдемдесуге", "бepугe", "түзуге", "тіркеуге", "қоюға", "көрсетуге", "жұмыстарға жiберуге", "оқуға жiбepугe", "анықтама беруге", "талдауға, болжауға", "хабарлауға", "iске асыруға мiндетті" деген сөздер тиiсiнше "хабарлап отырады", "жәрдемдеседi", "бередi", "түзедi", "тiркейдi", "қояды", "көрсетедi", "жұмыстарға жiбередi", "оқуға жiбередi", "анықтама бередi", "талдайды, болжайды", "хабарлайды", "iске асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
"1) халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;";
1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсiн;
9) тармақшада "жергіліктi" деген сөзден кейiн "атқарушы" деген сөзбен толықтырылсын; "атқарушы" деген сөз "уәкiлетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Функцияларды жүзеге асырған кезде жергілiктi уәкiлеттi органның:";
2) тармақшадағы "жергiлiктi атқарушы органдарға" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілiктi атқарушы органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 11-бапта:
2-тармақтағы "атқарушы" және "Астана және Алматы қалалары" деген сөздер тиiсiнше "уәкілетті" және "республикалық маңызы бар қала, астана" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-тармақта:
"Жергiлiктi" деген сөз "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"атқарушы" деген сөз "уәкiлетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 12-баптың 2-тармағындағы "республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары" деген сөздер "бюджет қаражаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 13-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "атқарушы" деген сөз "уәкілеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 15-бапта:
4-тармақтағы "атқарушы" деген сөз "уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тiркелген жұмыссыз азаматтар күнтiзбелiк он күн ішінде кемiнде бiр рет жергіліктi уәкілеттi органда, ал селолық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар - айына бiр реттен кем емес кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнде белгiленуге тиiс";
7-тармақтағы "Уәкілеттi" деген сөз "Жергiлiктi уәкiлетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 16-бапта:
1-тармақта:
"Уәкiлетті" деген сөз "Жергілікті уәкiлетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшаның мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
15) 18-баптың 1-тармағындағы "атқарушы орган" деген сөздер "ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 19-бапта:
1-тармақтағы "уәкілеттi" деген сөзде "жергiлiктi уәкiлетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;
17) 20-бапта:
1-тармақта:
"орталық" деген сөзден кейiн "мемлекеттiк" деген сөзбен толықтырылсын; "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң" деген сөздер "бюджет" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Жергілікті" деген сөз "Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ алып тасталсын;
18) 21-бапта:
3-тармақтағы "Уәкiлетті" деген сөз "Жергіліктi уәкілеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"Уәкілетті" деген сөз "Жергіліктi уәкілеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"атқарушы" деген сөз "уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 22-бапта "орталық атқарушы орган және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлетті орган мен олардың қызметтерi" деген сөздер "орталық атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
19. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" 2001 ж. 16 шiлдедегі N 242 Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 19-баптың 5) тармақшасы "республикалық маңызы бар қаланың" деген сөздерден кейiн "облыстардың әкiмшiлiк орталықтары болып табылатын облыстық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 20-бапта:
тақырыбы мен бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Уәкiлетті органның құзыретi
Уәкiлеттi органның құзыретiне:";
1) тармақшадағы "жүргiзу" деген сөз "қалыптастыруды қамтамасыз ету және iске асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша "астананың" деген сөзден кейiн "облыстардың әкiмшiлiк орталықтары болып табылатын облыстық маңызы бар қалалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
14) тармақшадағы "сәулет және қала құрылысының жергілiктi органдарының," деген сөздер алып тасталсын;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) құрылыс салудың аумақтық ережесiн әзiрлеу тәртiбiн айқындайды;";
мынадай мазмұндағы жаңа 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау тәртiбiн белгілейді.";
3) 21-баптың 3) тармақшасында "облыстық" деген сөздiң алдынан "облыстардың әкiмшiлiк орталықтары болып табылатын облыстық маңызы бар қалаларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 24-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшада "xалық саны жүз мың тұрғынға дейiнгі" деген сөздер "облыстардың әкiмшiлiк орталықтар болып табылатын облыс орталықтарын қоспағанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) елдi мекендердiң бекiтiлген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшiн әзiрленiп жатқан қала құрылысы жобаларын iске асыру;
11) құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салу, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, облыстық маңызы бар объектілердi кейiннен кәдеге жарату жөнiндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
12) пайдалануға берiлетін объектілердi (кешендердi) заңдарда белгiленген тәртiппен қабылдау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
13) әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында қала құрылысын игеру кезiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдар нормаларының;
мемлекеттік нормативтердің және белгiленген тәртiппен бекiтiлген сәулет, қала құрылысы, құрылыс құжаттамасы мен өзге де жобалау құжаттамасының сақталуына;
қала құрылысы тәртiбiнiң сақталуына;
бекiтілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының iске асырылуына;
құрылыс салудың аумақтық ережелерiнің сақталуына;
тиiсті аумақтағы құрылыстың сапасына;
сәулет-құрылыс бақылауы жүйесiне басшылыққа мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
14) облыстық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу;
15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн лицензиялауды жүзеге асыру;
16) облыс орталықтарын қоспағанда, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларының кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сәулет, қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары лауазымы бойынша облыстың бас сәулетшісi болып табылады.";
5) 25-бапта:
бiрiншi абзац 1-тармақ болып есептелсiн;
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
"1) ведомстволық бағыныстағы аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу;";
7) және 13) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17), 18), 19) тармақшалармен толықтырылсын:
"17) әкiмшілік-аумақтық бірлік аумағында қала құрылысын игеру кезiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдар нормаларының;
мемлекеттiк нормативтердiң және белгiленген тәртiппен бекiтiлген сәулет, қала құрылысы, құрылыс құжаттамасы мен өзге де жобалау құжаттамасының сақталуына;
қала құрылысы тәртiбiнiң сақталуына; бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының iске асырылуына;
құрылыс салудың аумақтық ережелерiнің сақталуына;
тиiстi аумақтағы құрылыстың сапасына;
сәулет-құрылыс бақылауы жүйесiне басшылыққа мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
18) республикалық маңызы бар қалалық, астаналық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргiзу;
19) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн лицензиялауды жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiкті атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары лауазымы бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас сәулетшiсi болып табылады.";
6) 27-бап алып тасталсын;
7) 31-бапта:
1-тармақта:
1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртiбiн сақтауды, Қазақстан Республикасының аумағындағы құрылыс сапасын бақылау саласындағы қызметті үйлестіру бөлігiндегі уәкiлеттi орган;
2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары;";
мынадай мазмұндағы 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
6) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы өндiрiстік және өндiрiстік емес мақсаттағы объектiлер құрылысының сапасын бақылауды қамтиды.
Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауына:
1) сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақта немесе iске асыру кезiнде арнаулы жобалық шешiмдер мен iс-шараларды талап ететiн өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайларда салынған құрылысты қоспағанда, жеке тұрғын үйлер құрылысы;
2) жеке үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серiктестiктерiнiң учаскелерiнде орналастырылатын уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшiн тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызу;
3) қосымша жер учаскесiн (аумақтың телiмiн) бөлiп берудi талап етпейтiн, тiреу конструкциялары, инженерлiк жүйелер мен коммуникациялар келтiретін өзгерiстерге байланысы жоқ, сәулеттiк-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаны нашарлатпайтын, пайдаланылған кезде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтiн тұрғын және тұрғындық емес үй-жайларды тұрғын ғимараттар (үйлер) етiп реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау);
4) азаматтардың жеке пайдалануына арналған техникалық жағынан күрделi емес басқа да құрылыстардың өзгерiстерi жатпайды.
7. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүргiзген кезде:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге (құрылыстың басталуына) рұқсат беру (рұқсат беруден негiздi бас тарту) және өтпелі құрылыстар бойынша жыл сайын олардың мерзiмiн ұзартып отыру;
2) салынып жатқан (салынбақшы болып белгiленген) объектілердiң мониторингi және Қазақстан Республикасының аумағында салынып (реконструкцияланып, кеңейтiлiп, жаңғыртылып, күрделi жөндеуден өткiзіліп) жатқан объектілер мен кешендердiң барысына және сапасына мемлекеттік бақылау жасау;
3) заңдарда белгiленген тәртiппен құрылыс объектілерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысу;
4) жойылмайтын жолсыздықтарға жол берген не жол берiлген жолсыздықтарды белгiленген нормативтiк мерзiмде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңдарда белгiленген шараларды қолдану жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттiк нормативтердi бұзуға және (немесе) бекiтiлген жобалардан (жобалық шешiмдерден) ауытқуға жол берiлгендiгi анықталған жағдайда:
1) мемлекеттiк стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес келмейтiн құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;
2) жол берiлген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердiгерлiк құрылыс-монтаж ұйымының (кәсіпорнының) белгiленген мерзiмде жоюы туралы;
3) құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдануы (нұсқама берiлу) мүмкiн.
9. Салынып жатқан (салынбақшы болып белгiленген) объектілерге мониторинг енгiзу және құрылыстың барысы мен сапасына мемлекеттiк бақылау жасау тәртiбiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы белгілейдi.
10. Сәулет-құрылыс бақылауы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы тиiсті әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктiң Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып табылады.";
8) 32-баптың 2-тармағында "жергіліктi" деген сөзден кейiн "атқарушы" деген сөзбен толықтырылсын; "сәулет, қала құрылысы және құрылыс жөнiндегi" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 33-бап алып тасталсын;
10) 39-баптың 1-тармағында:
екiншi бөлiкте:
"облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiктерiнiң", "мемлекеттік" деген сөздер алып тасталсын;
"жергілiкті сәулет, қала құрылысы және құрылыс органы" деген сөздер "сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілiкті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 40-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "жергілiктi сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық органдары,", ", сәулет-құрылыс бақылауын" деген сөздер алып тасталсын;
12) 60-баптың 2-тармағында:
бiрiншi абзацтағы "Жергілiктi сәулет және қала құрылысы" деген сөздер "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның екiншi бөлігінде "сәулет және қала құрылысы органдарымен" деген сөздер "атқарушы органдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 62-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасында және 3-тармақта "жергілiкті сәулет және қала құрылысы" және "сәулет және қала құрылысы органымен (қызметiмен)" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы" және "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 63-бапта:
3-тармақтың 3) тармақшасында "жергілiктi сәулет және қала құрылысы" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы сәулет және қала құрылысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта "және техникалық қадағалау" деген сөздер "байқау және тапсырыс берушілердiң өз бақылауын (инженердiң қызмет әрекетiн, құрылыстарды техникалық қатар алып жүруiн)" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 64-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасында және 3-тармақтың бiрiншi абзацында "жергiлiктi сәулет және қала құрылысы" және "сәулет және қала құрылысы органдарының (қызметтерінің)" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы" және "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының (қызметтерінің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Сараптамаға жататын, бiрақ оның оң қорытындысын алмаған жобалар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндiруге (құрылысты бастауға) рұқсат беруге тең құрылысты жүргiзу әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады, ал осы бұзушылықтарға кiнәлi тұлғаларға әкімшілiк құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген шаралар қолданылады.";
10-тармақта "мемлекеттiк" деген сөз алып тасталсын;
16) 68-бапта:
8-тармақтағы "Жергілікті сәулет және қала құрылысы" деген сөздер "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ алып тасталсын;
29) 70-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. сәулет-құрылыс бақылауы, авторлық байқауы мен тапсырыс берушiлердiң өз бақылауы (инженердiң қызмет әрекетi, құрылыстарды техникалық қатар алып жүруi);";
30) 78 және 79-баптарда "қадағалау" деген сөз "бақылау" деген сөзбен ауыстырылсын.
20. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 ж. 17 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 246-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 7-баптың 3-тармағында:
"тиiстi" деген сөзден кейiн "жергiлікті" деген сөзбен толықтырылсын;
"аумақтық" деген сөздер "уәкiлетті" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 4-тармағындағы "тиiстi" деген сөзден кейiн "жергіліктi" деген сөзбен толықтырылсын;
3) 12-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы "жергілікті" деген сөз "облыстық және аудандық" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-бапта:
мынадай мазмұндағы жаңа 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1) Жол қызметi саласындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) жергіліктi атқарушы органының қарауына:
1) тиiстi аумақ шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердегі көшелердi дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
3) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елді мекендердiң көшелерiн басқару;
4) коммуналдық меншiктегi жолдарды, коммуналдық жол кәсiпорындарын басқару жатады;
5) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесiн уәкiлетті органмен келiсе отырып бекiтедi;";
2-тармақта:
"облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және" деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақшада:
"облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер алып тасталсын;
"тиiстi аумақ шегінде" деген сөздер алып тасталсын;
"елдi мекендердегi" деген сөздердiң алдынан "облыстық маңызы бар қалалар мен өзге де" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "облыстық және" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "автомобиль жолдары жөнiндегі уәкiлеттi мемлекеттік органмен өзара iс-әрекет жасай отырып" және "облыстық және" деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) аудандардың (республикалық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсiпорындарын басқару;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту;";
5) 15-баптың 2-тармағының екiншi бөлігіндегі "облыстың, аудандар мен қалалардың" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)" деген сөздермен ауыстырылсын, "авторлық қадағалау" деген сөздер "авторлық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын.
21. "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 ж. 17 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 247-құжат):
1) Заңның барлық мәтiнi бойынша "уәкiлетті" деген сөздiң алдынан "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 1-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жергілікті уәкiлетті орган - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты, облыстық маңызы бар қаланың атқарушы органы;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық уәкiлетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлетті орган);";
3) мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2 және 1-3-баптармен толықтырылсын:
"1-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің халықты
әлеуметтік қорғау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң халықты әлеуметтік қорғау саласындағы құзыретiне:
1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз ету;
2) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережесiн бекiту;
3) жалпы кiрiсті есептеу ережесiн бекiту кiредi.
1-2-бап. Уәкiлетті органның құзыреті
Уәкілеттi органның құзыретіне:
1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен iске асыруды қамтамасыз ету;
2) атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу тәртiбiн әзiрлеу;
3) жиынтық кiрiсті есептеу ережесiн әзiрлеу кiредi.
1-3-бап. Жергiлiктi уәкiлеттi органның құзыреті
1. Жергiлiктi уәкілетті органның құзыретіне:
1) атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау және төлеу;
2) тиiстi органдардан өтiнiш берушінің атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауға құқығын растайтын мәлiметтер сұрау;
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты атаулы әлеуметтік көмек көрсетудiң тәртiбi мен шарттары туралы хабардар ету;
4) үй шаруашылығының материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшін учаскелiк комиссияларға тапсырмалар жiберу кiреді.";
3) 2-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде "жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда" деген сөздер "жергiлiктi уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
5) 4-бапта:
1-тармақта:
"арналған тиiсті бюджетте көзделген сома" деген сөздер "көзделген бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы және 4-тармақтағы "және кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнен", "және учаскелiк комиссиялардың қорытындыларымен" және "және кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ "жағдайда" деген сөзден кейiн "өтiнiш берушіден және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта "мен алушы" деген сөздер алып тасталсын;
6) 5-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақтағы "уәкiлетті" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Учаскелiк комиссиялар жергiлiктi уәкiлетті органның тапсырмасы бойынша адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзедi, қорытындылар әзiрлейдi, оларға қол қойып, жергіліктi уәкілетті органға табыс етедi.
Учаскелiк комиссиялар жергілiктi уәкiлетті органның тапсырмасы бойынша табыс етілген құжаттарды iрiктеп қайта тексеруi мүмкiн.";
7) 6-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі "орталық атқарушы орган" деген сөздер "халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкiлетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 7-бапта:
2-тармақтағы ", ал селолық жерлерде - кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiн" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ алып тасталсын.
22. "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" 2002 ж. 11 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 5, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 7-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдарының атмосфералық ауаны қорғау мәселелерi жөнiндегi қызметін үйлестiру;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) атмосфералық ауаны ластағаны үшiн төлемнiң базалық ставкасын бекiту;";
2) 8-бапта:
1-тармақтың 1-1) тармақшасында "айқындаған eceптік" деген сөздер "бекiткен базалық" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы ", сондай-ақ шығарындылардың аумақтық лимиттерін сақтау" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) экологиялық ақпаратқа жол ашып бередi және атмосфералық ауаның жай-күйі, оның ластануы және атмосфералық ауа сапасын жақсарту бағдарламалары мен тиiстi iс-шаралардың орындалуы туралы халыққа хабарлап отырады;
5) атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
6) көлiк құралдары немесе өзге де жылжымалы құралдарды пайдалану кезiнде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларын азайту жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
7) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарымен, уәкілетті органның аумақтық бөлiмшелерiмен және азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша атмосфералық ауаны ластайтын өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыратын жер бөледi;
8) желдiң бағытын ескерiп қала құрылысында және қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңдерiнде атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарылуын айқындап, реттеп отырады;";
3) 22-баптың 2-тармағындағы "оның аумақтық бөлiмшелерi және" деген сөздер алып тасталсын;
4) 24-бапта:
1-тармақтағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын;
5) 25-баптың бiрiншi абзацындағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының" деген сөздер алып тасталсын;
6) 26-баптың 3-тармағындағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын;
7) 27-баптың 12) тармақшасындағы "және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергіліктi атқарушы органдары" деген сөздер алып тасталсын.
23. "Бал ара шаруашылығы туралы" 2002 ж. 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 5, 55-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 1-баптың 8) тармақшасындағы "асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттiк орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-баптың 3), 5), 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті атқарушы органдарының
құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
1) тиiсті аумақта бал ара шаруашылығын дамыту мен қорғауды бақылауды;
2) селекциялық - асыл тұқымды жұмысты үйлестірудi және асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес бал ара шаруашылығындағы асыл тұқымды iстердi мемлекеттiң қолдауын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
3) бал ара шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлау мен қайта даярлау жөнiндегі қызметтi үйлестірудi жүзеге асырады.".
24. "Өсiмдiктердi қорғау туралы" 2002 ж. 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 140-құжат; 2004 ж., N 17, 98-құжат; N 23, 142-құжат):
1) 6-бапта:
1-тармақта:
10), 13), 19) және 20) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 22), 23), 24) тармақшалармен толықтырылсын:
"22) пестицидтердiң (улы химикаттардың) түрлерi бойынша запастың нормативiн және оларды пайдалану тәртібiн белгілеу;
23) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібiн уәкiлеттi орган мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып айқындау;
24) өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудi ұйымдастырады, үйлестіредi және бақылайды, фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асырудың тәртiбi мен тәсiлдерiн регламенттейтiн зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген әдiстердi, әдiстемелердi, ұсыныстарды бекiту.";
2-тармақ "оларға" деген сөзден кейiн "өзiнiң құзыретi шегінде" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілiктi атқарушы органдарының
өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретiне:
1) мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып, пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
2) халық арасында өсiмдiктердi қорғау саласында түсiндiру жұмысын ұйымдастыру мен жүргiзу, сондай-ақ зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргiзу жөнiнде жеке және заңды тұлғаларға әдiстемелiк көмек көрсету;
3) мүдделi адамдарға өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актiлер және фитосанитариялық iс-шаралар туралы ақпарат табыс етудi ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
4) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салу, тиiстi жағдайда ұстау;
5) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөнiндегi қызметті лицензиялау кiреді.";
3) 16-баптың 4-тармағы, 18-баптың 1-тармағы және 19-бап алып тасталсын.
25. "Ветеринария туралы" 2002 ж. 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 16, 148-құжат):
1) 8-баптың 5), 12) және 15) тармақшалары алып тасталсын;
2) 10-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкілді және жергілікті атқарушы органдарының құзыретi";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
1) денсаулық сақтау органдарымен бiрлесе отырып, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2) жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда тиiсті аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимiн және шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы шешiм қабылдау;
3) ветеринариялық iс-шаралар кешенiн жүргізген жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы шешiм қабылдау кiредi.";
2-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) аса қауiптi аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөнiндегі iс-шараларды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, сонымен қатар мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырлар) салуды ұйымдастыру және ветеринариялық нормативтерге сәйкес оларды күтіп ұстауды қамтамасыз ету";
мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды (жеткiзудi) және пайдалануды ұйымдастыру;
5) жүргiзіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар, белгiленген ветеринариялық ережелер мен нормативтер, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актiлерi туралы мүдделi тұлғаларға ақпарат берудi қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
6) халықтың арасында ветеринариялық ағарту жұмысын ұйымдастыру әрi жүргізу;
7) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою және жою немесе залалсыздандыру (зарарсыздандыру) алып қоюсыз өңдеу;
8) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың иелерiне олардың құнын өтеу;
9) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болғанда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының ұсынысы бойынша карантиндiк режим және шектейтiн iс-шаралар енгiзумен карантиндi аймақтың ветеринарлық режимiн белгілеу туралы шешiм қабылдау;
10) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларын жою жөнiндегі кешендi ветеринарлық iс-шаралар өткiзгеннен кейiн тиістi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринарлық инспекторының ұсынысы бойынша шектейтiн iс-шараларды немесе карантиндi алып тастау туралы шешiм қабылдау;";
3) 27-бап алып тасталсын.
26. "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 ж. 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 16-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
1) 1-бапта:
18) тармақшадағы "уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) тармақшасындағы "тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттi мемлекеттік орган" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағында:
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26), 27) тармақшалармен толықтырылсын:
"26) жергіліктi атқарушы органдардан ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң ауыл шаруашылығы саласындағы қажеттi ақпарат сұратады;
27) республика бойынша тұқымдар балансын жасайды.";
3) мынадай мазмұндағы жаңа 6-1-баппен толықтырылсын:
"6-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының
құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлетті органға тұқым шаруашылығы жөнiндегі жұмыстар жүргiзуде жәрдем етедi;
2) жергіліктi өкiлдi органдарға тиiсті тұқым шаруашылығын дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және оларды бекiтуге бередi, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
3) уәкiлеттi органға элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндiру мен сату көлемi жөнiнде ұсыныстарды қарауға енгiзедi;
4) бiрiншi, екiнші және үшiншi көбейтiлген тұқымдар өндiрушiлердi (тұқым өсiру шаруашылығын) аттестациялауды жүргізедi;
5) жаппай өсiрiп-өндiру тұқым өсiру шаруашылығы арасындағы бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқымдар өндiрiсi мен сату квотасын бөледi;
6) облыстар бойынша тұқымдар балансын жасайды;
7) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етедi;
8) өз құзыретi шегiнде ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерінің тұқымдардың сақтық және ауыспалы қорларын қалыптастыруына жәрдем етедi;
9) тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламаларын iске асырады.";
4) 8-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "уәкілеттi мемлекеттiк органға" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органына" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-баптың 2-тармағының бiрiншi сөйлемi алып тасталсын;
6) 11-баптa:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары;".
27. "Почта туралы" 2003 ж. 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 17-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
8-баптың 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын.
28. "Cу пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы" 2003 жылғы 8 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 6, 35-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) жергiлiктi уәкілетті орган - тиiстi аумақтың су пайдалану саласында реттеудi жүзеге асыратын атқарушы органы.";
2) 5-баптың 2-тармағында:
"Уәкілетті орган мен жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Уәкiлетті органның" деген сөздер "Мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 1) тармақшасындағы "уәкілеттi" деген сөздiң алдынан "жергілікті" деген сөзбен толықтырылсын;
12-баптың 4-тармақшасындағы "уәкiлеттi" деген сөздiң алдынан "жергіліктi" деген сөзбен толықтырылсын.
29. "Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" 2003 жылғы 14 қазандағы N 489 Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 19-20, 149-құжат):
1) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы
мемлекеттік бақылау
Йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкiлетті орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.";
2) 8-бапта:
"Жергiлiктi өкiлдi органдар", "Жергiлiктi атқарушы органдар", "жергілiктi атқарушы органдар" деген сөздер "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi өкілді органдары", "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақта:
"қамтамасыз етуге жәрдемдеседi" деген сөздер "қамтамасыз етудi ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) йодталған тұздың және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң сынамаларын нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес iрiктеудi жүзеге асырады.".
30. "Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру туралы" 2003 ж. 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 24, 179-құжат):
5-баптың 1-тармағындағы "уәкiлетті органға" деген сөздер "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органға" деген сөздермен ауыстырылсын.
31. "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндетті сақтандыру туралы" 2004 ж. 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 5, 26-құжат):
1) мәтiндегі "жергілікті атқарушы орган", "жергілiкті атқарушы органның" деген сөздер "ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органы", "ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 2) және 3) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган:
1) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
2) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асыруға қатысады;
3) Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) өсiмдiк шаруашылығын дамыту үшiн құқықтық және экономикалық жағдайларды жетілдiредi;
5) республикадағы және шетелдердегі өсiмдiк шаруашылығы саласындағы жай-күйi ахуалын зерделейдi;
6) агенттiң қызметiн, оның өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) сақтандырушылардың мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы iстерiн қарайды;
8) Қазақстан Республикасының әкiмшілiк құқық бұзушылық кодексiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және әкiмшiлiк жазаға тартады.
3. Ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы:
1) шаруашылық жүргiзушi субъектілердi мiндеттi сақтандыруды ұйымдастырады;
2) сақтандыру рыногына қатысушылар мен агенттен олардың бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратады және алады.".
32. "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 ж. 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 6, 44-құжат):
1) мәтiндегi "жергілікті атқарушы органдардың", "жергiлiктi атқарушы органдар", "жергiлiктi атқарушы органдармен", "жергілікті атқарушы органдардың" деген сөздер "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергіліктi атқарушы органдарымен", "республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 4) тармақшасы "көрмелер" деген сөздiң алдынан "жергіліктi" деген сөзбен толықтырылсын;
3) 28-баптың 1-тармағындағы "орталық атқарушы органдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің" деген сөздер "уәкілеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Сауда қызметiн жүзеге асыруды бақылау
Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметінің жүзеге асырылуын бақылауды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергіліктi атқарушы органы жүргiзедi.".
2-бап. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 3-тармағын, 9-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi